Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткiзу жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы N 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 52-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
кiрiспедегi "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақта:
Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Садықов - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Махат Кәбiрұлы және ақпарат министрлiгінiң Ақпарат
және мұрағат комитетi төрағасының
орынбасары
Қалижанов - Қазақстан Республикасының
Уәлихан Қалижанұлы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты
Қозыбаев - Қазақстан Республикасы Журналистер
Сағымбай Қабашұлы академиясының президентi
Якушенко - "Қазақстан Республикасы
Владимир Матвеевич Президентiнiң телерадиокешенi"
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы бас директорының орынбасары
Соловьева - Қазақстан Азаматтық альянсiнiң
Айгүл Сағадыбекқызы президентi
мына:
"Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Фархад Шаймұратұлы Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-
мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Фархад Шаймұратұлы Министрiнiң Кеңсесi Басшысының
орынбасары";
көрсетiлген құрамнан Ақпенова Раушан Төлеуқызы, Ключникова Валентина Ефимовна, Матаев Сейiтқазы Бейсенғазыұлы, Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызы, Танысбай Ләззат Мұратқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы