Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 ақпан N 203.

Жаңартылған
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексіне, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Z990382_ Заңына сәйкес, сондай-ақ жерүсті телерадио хабарларын тарату жұмысы үшін бөлінетін шектеулі мемлекеттік ресурстар - радиожиілік спектрін тиімді пайдалануды арттыру, халықтың телерадио бағдарламаларына сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және 
жеңімпаздарды анықтау жөніндегі шешімдер қабылдау үшін мынадай құрамда 
Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын 
алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:
     Мұхамеджанов                - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Бауыржан Әлімұлы              Министрінің орынбасары, Комиссия
                                   төрағасы
     
     Құл-Мұхаммед                - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
     Мұхтар Абрарұлы               ақпарат және қоғамдық келісім министрі,
                                   төрағаның орынбасары
     
     Котлов                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Андрей Николаевич             Министрінің Кеңсесі Басшысының
                                   орынбасары, төрағаның орынбасары
     
     Ақпенова                    - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
     Раушан Төлеқызы               және қоғамдық келісім министрлігінің
                                   Бұқаралық ақпарат құралдары департаменті
                                   Телерадио хабарларын тарату
                                   басқармасының бастығы, хатшы
     
     Бәкір                       - Қазақстан Республикасының Парламенті
     Әбдіжәлел                     Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
     Қошқарұлы
     
     Досжан                      - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
     Ардақ Дүкенбайұлы             ақпарат және қоғамдық келісім
                                   вице-министрі
     
     Сырғабаев                   - Қазақстан Республикасы Көлiк және
     Азамат Маратұлы               коммуникациялар министрлiгiнiң
                                   Байланыс және ақпараттандыру
                                   жөнiндегi комитетi төрағасының
                                   мiндетiн атқарушы
     
     Жұмабаев                    - Қазақстанның телерадио хабарларын
     Айдар Әбілмәжінұлы            таратушылар қауымдастығының президенті
                                   (келісім бойынша)
     
     Ключникова                  - "Қазтелерадио" жабық акционерлік
     Валентина Ефимовна            қоғамының техникалық директоры
                                   (келісім бойынша)
     
     Мұхамеджанова               - "Internews Network" халықаралық
     Нұржан Жалауқызы              ұйымының Қазақстандағы өкілдігі
                                   директорының орынбасары
                                   (келісім бойынша)
     
     Сақыпова                    - Қазақстан Республикасының Әділет
     Нұрғайша                      министрлігі Санаткерлік меншік 
     Нұртайқызы                    жөніндегі комитеттің төрайымы 
     
     Жұмағалиев                  - Қазақстан Республикасының
     Асқар Қуанышұлы               Көлiк және коммуникациялар
                                   министрлiгi Байланыс және
                                   ақпараттандыру жөнiндегi
                                   комитетi төрағасының орынбасары 
     Матаев                      - Қазақстан Журналистер
     Сейiтқазы Бейсенғазыұлы       одағының төрағасы 
                                   (келiсiм бойынша) 
     Сыздықова                   - "Қазақстанның болашағы
     Бақыт Ахметқызы               үшiн" жастар қозғалысының
                                   Астана қаласы бойынша
                                   төрайымы, Қазақстан халықтары
                                   ассамблеясының мүшесi
                                   (келiсiм бойынша) 
     
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен.  
               

P020397_

  
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.17. N 797 қаулысымен.  
               

P020797_

  


      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

министрлігі Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс 
өткізу тәртібін әзірлесін және бекітсін.
     3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат 
және қоғамдық келісім министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары 
департаменті болып белгіленсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.