Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 ақпан N 203

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне , "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес, сондай-ақ жерүсті телерадио хабарларын тарату жұмысы үшін бөлінетін шектеулі мемлекеттік ресурстар - радиожиілік спектрін тиімді пайдалануды арттыру, халықтың телерадио бағдарламаларына сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды анықтау жөніндегі шешімдер қабылдау үшін мынадай құрамда Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:

Абдрахманов              - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Сауытбек                   министрi, төраға

Жұмағұлов                - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Тұрсынұлы         Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
                           Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң
                           меңгерушiсi

Өтешев                     "Қазақстан жастары конгресi" заңды
Нұрлан Сүлейменұлы         тұлғалар бiрлестiгiнiң атқарушы
                           директоры (келiсiм бойынша);

Ақпенова                 - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Раушан Төлеқызы            ақпарат және қоғамдық келісім
                           министрлігінің Бұқаралық ақпарат
                           құралдары департаменті Телерадио
                           хабарларын тарату басқармасының бастығы,
                           хатшы    

Бәкір                    - Қазақстан Республикасының Парламенті
Әбдіжәлел Қошқарұлы        Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Сырғабаев                - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Азамат Маратұлы            коммуникациялар министрлiгiнiң
                           Байланыс және ақпараттандыру
                           жөнiндегi комитетi төрағасының
                           мiндетiн атқарушы    

Жұмабаев                 - Қазақстанның телерадио хабарларын
Айдар Әбілмәжінұлы         таратушылар қауымдастығының президенті
                           (келісім бойынша)    

Ключникова               - "Қазтелерадио" жабық акционерлік   
Валентина Ефимовна         қоғамының техникалық директоры
                           (келісім бойынша)    

Мұхамеджанова            - "Internews Network" халықаралық   
Нұржан Жалауқызы           ұйымының Қазақстандағы өкілдігі
                           директорының орынбасары (келісім
                           бойынша)    

Сақыпова                 - Қазақстан Республикасының Әділет
Нұрғайша                   министрлігі Санаткерлік меншік
Нұртайқызы                 жөніндегі комитеттің төрайымы     

Матаев                   - Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Бейсенғазыұлы    (келiсiм бойынша)

Досжан                   - Қазақстан Республикасының Ақпарат вице-
Ардақ Дүкенбайұлы          министрi, төрағаның орынбасары

Жұмағалиев               - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру
Асқар Қуанышұлы            және байланыс жөнiндегi агенттiгi
                           төрағасының орынбасары
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен .
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.17. N 797 қаулысымен .
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.31. N 1083 қаулысымен
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін әзірлесін және бекітсін.
     3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаменті болып белгіленсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі