Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 203 Қаулысы

Жаңартылған

       Жерүсті телерадио хабарларын тарату жұмысы үшін бөлінетін шектеулі мемлекеттік ресурстар - радиожиілік спектрін тиімді пайдалануды арттыру, халықтың телерадио бағдарламаларына сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1315 Қаулысымен.
      1. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды анықтау жөніндегі шешімдер қабылдау үшін мынадай құрамда Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:

Құл-Мұхаммед             - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы            ақпарат министрі, төраға

Омаров                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Бауыржан Жұмаханұлы        ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат
                           комитетінің төрағасы, төрағаның
                           орынбасары 

Айтқалиев                - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Әшір Қайыржанұлы           ақпарат министрлігі Ақпарат және
                           мұрағат комитеті төрағасының
                           орынбасары, хатшы

Қуанғанов                - Қазақстан Республикасы Білім және
Фархад Шаймұратұлы         ғылым министрлігінің жауапты хатшысы

Есенғараев               - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Асқар Батылханұлы          коммуникациялар министрлiгi
                           Байланыс және ақпараттандыру
                           жөнiндегi комитетiнің төрағасының

Сақыпова                 - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Нұрғайша Нұртайқызы        министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы
                           комитетi төрағасының орынбасары

Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы           Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Нығматулин               - Қазақстан Республикасының Парламентi
Ерлан Зайроллаұлы          Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)

Петров                   - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович         жағдайлар вице-министрi

Қалижанов                - Қазақстан Республикасының
Уәлихан Қалижанұлы         Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты

Якушенко                 - "Қазақстан Республикасы
Владимир Матвеевич         Президентiнiң телерадиокешенi"
                           коммерциялық емес акционерлiк
                           қоғамы бас директорының орынбасары

Соловьева                - Қазақстан Республикасының
Айгүл Сағадыбекқызы        Парламенті Мәжілісінің депутаты,
                           Қазақстан азаматтық альянсының
                           президенті (келісім бойынша)
 
Есім Ғарифолла           - Қазақстан Республикасы Парламенті
                           Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Әріпханов                - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Айдар Әбдіразақұлы         және байланыс агенттігі төрағасының
                           орынбасары

Омашев                   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Намазалы Омашұлы           министрлігінің "Әл-Фараби атындағы
                           Қазақ ұлттық университеті"
                           республикалық мемлекеттік кәсіпорны
                           журналистиканы зерттейтін ЮНЕСКО
                           кафедрасының меңгерушісі

Түсіпбеков               - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Әміржан Нұрышұлы           министрінің орынбасары
 
Жақсыбаева               - Қазақстан телерадио хабарларын
Шолпан Ахметқызы           таратушылардың ұлттық
                           қауымдастығының атқарушы
                           директоры

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03 N 397, 2002.07.17 N 797, 2003.10.31 N 1083, 2003.12.05 N 1238, 2005.02.28 N 173, 2006.06.27 N 588, 2006.12.29 N 1315, 2007.06.12 N 484, 2007.10.04 N 897, 2008.06.11 N 577, 2008.12.31. N 1338, 2009.04.10 N 502, 2009.11.13 N 1834 Қаулыларымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін әзірлесін және бекітсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2003.12.05. N 1238 қаулысымен.
      3. Комиссияның жұмыс органы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетi болып белгіленсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2003.12.05 N 1238, 2005.02.28 N 173, 2008.06.11 N 577 Қаулыларымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі