Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 12 қазандағы № 67-VII ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      56-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацындағы "жеке оңалту" деген сөздер "мүгедекті оңалтудың жеке" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

      1) 16-баптың 27) тармақшасындағы "әйелдердің еңбегін пайдалануға шектеу қойылатын жұмыстардың тізімін," деген сөздер алып тасталсын;

      2) 26-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 76-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы "он алты" деген сөздер "он сегіз" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      73-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Егер 1 немесе 2 топтағы мүгедектік он сегіз жасқа толған, отбасы мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасы ретінде есепте тұрған мүгедек балаға белгіленсе, оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжай беру кезектілігі тұрғынжайды алғанға дейін сақталады.".

      4. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мүгедек балалар мен бала кезінен мүгедектерге қолданылмайды.";

      2) 10-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "еңбекке қабілетті деп танылған күнге дейін" деген сөздер "ол еңбекке қабілетті деп танылған айды қоса алғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 11-баптың 1) тармақшасындағы "он алты", "он алтыдан" деген сөздер тиісінше "жеті", "жетіден" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында аталған мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар мынадай:

      жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;

      жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;

      жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;

      жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға – 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;

      бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;

      бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;

      бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;

      бірінші топтағы мүгедектерге – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;

      екінші топтағы мүгедектерге – 1,53 ең төмен күнкөріс деңгейі;

      үшінші топтағы мүгедектерге – 1,04 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.".

      5. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) күтімді жүзеге асыратын адам – бірінші топтағы мүгедекке онымен туыстық байланысына қарамастан күтімді тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға;";

      2) 3-баптың 4-тармағында:

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      "Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша" деген сөздер "Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген бірнеше негіздемелер бойынша бір мезгілде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-бапта:

      бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы" деген сөздер "1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, жәрдемақы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) және 8-1) тармақшалардағы "он алты", "он алтыдан" деген сөздер тиісінше "жеті", "жетіден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

      "2. Күтімді жүзеге асыратын адамның жәрдемақы алуға құқығы бар.";

      4) 5-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, Мемлекеттік корпорацияға беріледі.

      Бірінші топтағы мүгедек күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін:

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;

      бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне де өтініш жасауға құқылы.";

      2-2-тармақ "күннен бастап" деген сөздерден кейін ", ал осы баптың 9-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда – мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері бірінші топтағы мүгедек туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді растаған күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:

      "2-3. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бірінші топтағы мүгедек өтініш жасаған күннен бастап бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге тағайындалады және төленеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жәрдемақы мөлшерін қайта қарау республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруіне байланысты жүргізіледі.";

      8-тармақта:

      "адамдарға және" деген сөздер "адамдарға," деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға" деген сөздерден кейін ", күтімді жүзеге асыратын адамға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін бірінші топтағы мүгедек туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтердің ақпараттық жүйелерде жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде бірінші топтағы мүгедек туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерде сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы бірінші топтағы мүгедекті хабардар етеді.

      Ақпараттық жүйелер бірінші топтағы мүгедек туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екенін белгіленген тәртіппен растаған кезде бірінші топтағы мүгедектің жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау күні болып есептеледі.";

      5) 6-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бірінші топтағы мүгедек қайтыс болған жағдайда күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы – қайтыс болған айды қоса алғанда, ал бірінші топтағы мүгедек немесе күтімді жүзеге асыратын адам басқа елді мекенге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда, кеткен айды қоса алғанда төленеді.";

      мынадай мазмұндағы 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Отбасында екі және одан да көп бірінші топтағы мүгедек тұратын жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.

      7. Бірінші топтағы мүгедекке күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.

      8. Бірінші топтағы мүгедек және күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.";

      6) 7-бапта:

      бірінші бөліктегі "арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны" деген сөздер "жәрдемақы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөлік "айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің" деген сөздерден кейін "немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлікте:

      15) тармақшадағы "он алты" деген сөздер "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) тармақшада:

      бірінші абзацтағы "он алтыдан" деген сөздер "жетіден" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "0,64" деген цифрлар "0,96" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай редакциядағы 21) тармақшамен толықтырылсын:

      "21) күтімді жүзеге асыратын адамға – 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі.";

      7) 8-бап мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы мынадай:

      1) ол кәмелетке толмаған;

      2) ол заңды күшіне енген сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

      3) ол психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда есепте тұрған;

      4) бірінші топтағы мүгедек толық мемлекеттің қамтамасыз етуінде болған жағдайда тағайындалмайды.

      6. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы төлеуді тоқтату үшін мыналар:

      1) бірінші топтағы мүгедектің немесе күтімді жүзеге асыратын адамның өтініші;

      2) бірінші топтағы мүгедектің немесе күтімді жүзеге асыратын адамның қайтыс болуы;

      3) бірінші топтағы мүгедектің немесе күтімді жүзеге асыратын адамның басқа елді мекенге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кетуі;

      4) мүгедектің мүгедектік тобының өзгеруі;

      5) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың анықталуы негіз болып табылады.

      7. Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру бірінші топтағы мүгедектің өтініші негізінде жүргізіледі. Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтініш осы Заңның 5-бабына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға беріледі.";

      8) 8-1-бапта:

      бірінші бөліктегі "2018 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздер "1. 2018 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "осы баптың" деген сөздер "осы тармақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

      "2. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға осы Заңның 4-бабының 2-тармағында көзделген жәрдемақы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде тағайындалады.".

      6. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына осы Заңға және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпарттандыру объектісін білдіреді;";

      мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-4) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерді және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі;";

      3-2) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      2) 2-бапта:

      6-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) үш жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын ата-ананың біреуіне, мүгедек балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.

      Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адам ретінде отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатындар қатарындағы:

      бір жастан алты жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде;

      алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алатын, он сегіз жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға тиісті оқу жылы ішінде беріледі.

      Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсыну жағдайларын қоспағанда, шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті төлеуді тоқтату отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беруді тоқтатуға негіз болып табылмайды.

      Кепілдік берілген әлеуметтік топтама жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес немесе әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы беріледі.

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану қағидаларын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.";

      3) 4-баптың 1-тармағында:

      төртінші бөліктің үшінші абзацындағы "орта," деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Осы Заңның мақсаттары үшін, отбасында тұратын және отбасының тұрғылықты жері бойынша осындай деңгейдегі білім беру ұйымының болмауына байланысты орта білім беру ұйымдарында оқитын жері бойынша басқа елді мекенде тіркелген балалар отбасы құрамына қосылады.";

      4) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын:

      "4-1-бап. Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың құнын өтеу

      1. Табысы аз отбасы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы сатып алған кезде, жергілікті атқарушы органдарға оның құнын өтетуге, бірақ осы баптың 2-тармағында көзделген кепілдік берілген соманың мөлшерінен асырмай өтетуге құқығы бар.

      Табысы аз отбасы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген сомадан асатын баға бойынша кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы сатып алған кезде кепілдік берілген сома мен кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың нақты құны арасындағы айырманы табысы аз отбасы меншікті қаражаты есебінен өз бетінше төлейді.

      2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген сома өнім берушіге орталық атқарушы орган өзі айқындайтын тәртіпке сәйкес есептейтін мөлшерде өтеледі.

      4-2-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы

      1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы берушілер бола алады.

      2. Мынадай:

      1) салықтық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

      2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;

      4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілмеген;

      5) сәйкестігін міндетті түрде растауға жататын тауарларды беру кезінде сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар;

      6) кепілдік берілген соманы өтеу шарттарымен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған көмектің көлемдері мен түрлеріне сәйкес кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдаған өнім берушілер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеле алады.

      3. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден мынадай:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген;

      2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға қайтыс болған немесе қызметі тоқтатылған, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;

      4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген;

      5) өзіне алған міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда шығарылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару өнім берушіні тіркеуден шығару күні өзіне алған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, алушы өнім берушінің өз міндеттемелерін бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тиісті ақпаратты орналастырады. Жергілікті атқарушы орган құратын, өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болғанын немесе болмағанын айқындайтын комиссия осы ақпаратты орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, тиісті тізілімнен және (немесе) тізбеден ол туралы мәліметтер алынғаннан кейін оны кейіннен тіркеу мүмкін болады.

      Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, тіркеуден шығарылған күнінен бастап кемінде бір жыл өткен соң әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында оны кейіннен тіркеу мүмкін болады.

      4. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару орталық уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы сатып алуға, оның ішінде өнім берушілердің оны қалыптастыру кезінде міндеттемелерді қабылдауына байланысты табысы аз отбасы мен өнім берушілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын, нысанын орталық атқарушы орган бекітетін шартпен реттеледі.

      6. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды қамтамасыз ететін заңды тұлға жүзеге асырады.";

      5) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге әдіснамалық басшылық жасауды орталық атқарушы орган жүзеге асырады.".

      7. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      31-баптың 3-тармағындағы "мамандандырылған балалар ұйымдарында" деген сөздер алып тасталсын.

      8. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедекті бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметтер көрсететін адам;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) медициналық-әлеуметтік сараптама – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) оңалту – мүгедектің тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби және өзге де қызметке қабілетін толық немесе ішінара қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;";

      20) тармақшадағы "арналған, соның iшiнде байланыс құралдары мен ақпарат берудi күшейтетiн техникалық құралдар" деген сөздер "арналған техникалық құралдар, оның iшiнде дауысты күшейтетiн байланыс және ақпарат беру құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) тармақшадағы "және сурдо-тифлотехникалық" деген сөздер ", сурдотехникалық, тифлотехникалық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:

      "25) ымдау тілі маманы – еститін және естімейтін адамдар арасында делдалдық қызмет көрсетуге байланысты мүгедекке әлеуметтік қызметтер көрсететін маман.";

      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды бекітеді;

      5-2) мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектің қажеттіліктерін бағалау тәртібін бекітеді;";

      3) 7-баптың 1-тармағында:

      9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерді көрсетуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 9-2), 9-3), 9-4), 9-5), 9-6), 9-7) және 9-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-2) мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;

      9-3) мүгедектер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      9-4) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-8) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      4) 10-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "ымдау тiлiнiң" деген сөздер "ымдау тілі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы

      1. Куәландырылатын адамның мүгедектiгiн, еңбекке қабiлеттіліктен айырылу дәрежесiн белгiлеуді және әлеуметтік қорғау шараларын айқындауды халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу арқылы жүзеге асырады.

      2. Медициналық-әлеуметтік сараптама денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілетін медициналық құжаттар негізінде дәрігерлік-консультациялық комиссияның жолдамасы бойынша жүргізіледі.

      3. Медициналық-әлеуметтiк сараптама куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiби және психологиялық деректерiн талдау негiзiнде организмнiң жай-күйiн кешендi бағалау негізге алына отырып, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.

      4. Қолданылу мерзімі өткен құжаттар және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады.

      5. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындысы бойынша, тыныс-тіршілік санаттарының біреуінің (өзін-өзі қарап-күту, жүріп-тұру, еңбек қызметі (еңбекке қабілеттілік), оқып-үйрену, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, ойын қызметі және танымдық қызмет, қозғалыс белсенділігіне қабілеті) шектелуіне алып келетін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда, мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді.

      6. Мүгедектiк тобы жеті жастан бастап белгiленедi.

      7. Адамды мүгедек деп тану және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгілеу кезінде оның себептері, мерзімдері, әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктер айқындалады, сондай-ақ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіби бөліктері әзірленеді.

      8. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес, мүгедектің қажеттіліктерін бағалауға сай мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді.

      9. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалту шараларын қамтитын оңалту іс-шараларының кешенін айқындайды.

      Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедек мұқтаж болатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің атауын да қамтиды.

      10. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігін медицина қызметкерлері медициналық құжаттар мен ақпараттық жүйелерде толтырады.

      11. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедекке тегін берілетін оңалту іс-шараларын да, ақысын төлеуге мүгедектің өзі немесе оның жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына кінәлі жұмыс беруші қатысатын оңалту іс-шараларын да қамтиды.";

      6) 14-баптың 5) тармақшасындағы "көлемiн алуға" деген сөздер "көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 16-1-бапта:

      1-тармақта:

      "зейнетақы төлемдері" деген сөздер "жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты" деген сөздер "және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2 және 3-тармақтардағы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің", "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін" деген сөздер тиісінше "алынған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің", "жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 17-баптың 2-тармағында:

      "медициналық-әлеуметтiк сараптама қорытындысы негiзiнде айқындалатын" деген сөздер алып тасталсын;

      "жеке бағдарламасына сәйкес" деген сөздер "жеке бағдарламасы негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 19-бап алып тасталсын;

      10) 20-бапта:

      2-тармақ "iс-шараларды" деген сөздерден кейін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Мүгедектерді медициналық оңалту медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін, оңалтудың түрлері мен жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, оңалту іс-шараларының жоспарын көздейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен медициналық ұйымдар жағдайларында көрсетіледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      4-тармақ "жолдама" деген сөзден кейін "осы баптың 4-1 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Жұмыс берушіге қатысты соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда, жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емделу осы баптың 3-тармағына сәйкес беріледі.";

      11) 21-баптың 1-тармағында:

      4) тармақшада:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуді қамтиды.";

      екінші бөлікте:

      "мүгедек үшін," деген сөздер "мүгедекке жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабында көзделген тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6-баптарында көзделген тәртіппен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуді;";

      7) тармақшадағы "мүгедектердi" деген сөз "мүгедекті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 22-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектер мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі.";

      екінші бөліктегі "осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен" деген сөздер "осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "жеке оңалту" деген сөздер "мүгедекті оңалтудың жеке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      "таратылған" деген сөзден кейін ", сондай-ақ соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жағдайда" деген сөз "жағдайларда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 25-баптың 3-тармағының екінші бөлігі "әзiрлеп," деген сөзден кейін "мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің бірімен келісуге және" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 29-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурстарға қатысу кезінде балдары тең болған жағдайда, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бірінші және екінші топтағы мүгедектердің, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 5-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес артықшылықты құқығы болады.";

      15) 32-1 және 32-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-1-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы

      1. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі болып табылады және халықтың жекелеген санаттарына осы Заңға және "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісін білдіреді.

      Мүгедектердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушіні таңдауы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы іс-шараларының жіберілуі туралы оларды хабардар еткен күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады.

      2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды қамтамасыз ететін заңды тұлға жүзеге асырады.

      3. Мынадай:

      1) мүгедек тұратын елді мекенде сымды интернет болмаған;

      2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркелген сатып алынатын тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші болмаған;

      3) мүгедектің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алудан бас тарту туралы өтініші болған;

      4) мүгедектердің жеке тапсырыстары бойынша дайындалатын және (немесе) жеке іріктеу мен теңшеуді талап ететін протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілетін;

      5) есту аппараттарымен қамтамасыз ете отырып, есту-протездік көмегі көрсетілетін;

      6) кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ауыстыру және теңшеу бойынша қызметтер көрсетілетін жағдайларда, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      32-2-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер

      1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) қызметтерді берушілер болып табылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне қолданылмайды.

      Психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған адам жеке көмекші бола алмайды.

      2. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында оларды тіркеу немесе тіркеуден шығару халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мынадай:

      1) сәйкестігін міндетті түрде растауға жататын тауарларды беру кезінде сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар;

      2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиіс медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігі бар;

      3) салықтық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

      4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;

      6) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілмеген;

      7) тауарларды өткізу және (немесе) қызметтерді көрсету үшін шығарылған жерін, сипаттамаларын және бағасын растайтын құжаттарды ұсынған;

      8) санаторий-курорттық емдеуді және медициналық оңалтуды ұсыну кезінде медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;

      9) ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметін көрсету кезінде біліктілігін растайтын құжаты бар өнім берушілер тіркеледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне қолданылмайды.

      4. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден мынадай:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген;

      2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға қайтыс болған немесе қызметі тоқтатылған, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;

      4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген;

      5) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда шығарылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару өнім берушіні тіркеуден шығару күніне әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, мүгедек өнім берушінің өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына тиісті ақпаратты орналастырады. Жергілікті атқарушы орган құратын, өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болуын немесе болмауын айқындайтын комиссия осы ақпаратты орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, ол туралы мәліметтер тиісті тізілімнен және (немесе) тізбеден алып тасталғаннан кейін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу мүмкін болады.

      Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, тіркеуден шығарылған күннен бастап кемінде бір жылдан кейін оны әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу мүмкін болады.

      5. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес келетін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізеді.

      Өнім берушілердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу фактісі анықталған жағдайда, олардың құны өнім берушілердің қаражаты есебінен өтеледі.";

      16) 3-тарау мынадай мазмұндағы 32-3-баппен толықтырылсын:

      "32-3-бап. Мүгедектерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлармен және (немесе) көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету

      1. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде мүгедектер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырысты жүзеге асырады.

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізілетін тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес келуге тиіс.

      2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алған кезде мүгедектің жергілікті атқарушы органдарға олардың құнын өтетуге, бірақ осы баптың 3-тармағында көзделген кепілдік берілген сома мөлшерінен асырмай өтетуге құқығы бар. Мүгедек кепілдік берілген соманың және сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырманы меншікті қаражаты есебінен өз бетінше төлейді.

      3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген сома мынадай мөлшерлерде:

      санаторий-курорттық емделуге, протездік-ортопедиялық көмекке, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мөлшерде;

      жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне – бір сағатқа, бірақ күніне сегіз сағаттан асырмай, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның жалақысы мөлшерінің есебімен;

      ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне – бір сағатқа, бірақ жылына алпыс сағаттан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің он бес пайызы есебімен төленеді.".

      9. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 1) тармақшасының алтыншы абзацындағы "жәрдемақы)" деген сөз "жәрдемақы) түріндегі ақшалай, оның ішінде электрондық ақшамен төленетін төлемдер" деген сөздермен ауыстырылып, жетінші абзацы алып тасталсын;

      2) 4-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасындағы "жәрдемақы;" деген сөз "жәрдемақы алуға құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылып, 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған адамдардың көпбалалы анаға берілетін жәрдемақыны алуға құқығы бар.";

      3) 5-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, осы Заңның 4-бабында көзделген жәрдемақыға құқығы бар отбасының (адамның) тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға беріледі.";

      екінші бөліктегі "бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы не бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы" деген сөздер "жәрдемақылар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген", "және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақта:

      бірінші бөліктегі "немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы", ", сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 6-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "бірінші бөлігінде" деген сөздер "екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақылар тағайындалған кезде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға өтініш берушінің келісімін алған күн қызмет көрсетуге өтініш жасалған күн және оның Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні болып есептеледі.";

      5-тармақтағы "және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 8-1-баптың 2-тармағындағы "қайтыс болған айды қоса алғанда" деген сөздерден кейін ", ал жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда – кеткен айды қоса алғанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 9-2-бап алып тасталсын;

      7) 10-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктің 5) тармақшасы алып тасталсын;

      екінші бөлікте:

      "бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 3) тармақшаларында" деген сөздер "бірінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "– айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді, бұлар республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленеді" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың екінші бөлігінде:

      ", сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақының" деген сөздер алып тасталсын;

      "басталған кезден бастап, бірақ олар тағайындалған кезден бұрын қайта қаралмайды" деген сөздер "басталған күннен бастап қайта қаралады, бірақ олар тағайындалған күннен ерте емес қайта қаралады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 11-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      1-1) тармақшадағы "осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың кәмелеттік жасқа толуы, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғаннан" деген сөздер ", кәмелеттік жасқа толғанынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) жәрдемақы алушыға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көзделген жәрдемақыны төлеуді тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш берушінің жәрдемақының заңсыз тағайындалуына алып келген, анық емес мәліметтер ұсынуы;

      2) жәрдемақы алушыны "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасынан айыру;

      3) жәрдемақы алушыға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы.";

      2-тармақта:

      бірінші бөліктегі "1-тармағында" деген сөздер "1 және 1-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік "соттың" деген сөзден кейін "заңды күшіне енген" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "1-тармағының 2), 2-1), 3) және 4) тармақшаларында" деген сөздер "1-тармағының 2), 2-1) және 4) тармақшаларында және 3-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) баланың осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны төлеу үшін кәмелетке толуы;

      5) жәрдемақы алушыға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабар-ошарсыз жоғалу фактісі туралы растайтын құжаттың болуы;

      6) жәрдемақы алушы – шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      9) 11-1-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын.

      10. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырады.".

      11. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      84-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен шығарылған прокуратура органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген жыл сайынғы арттырулар ескеріле отырып, қызметтен шығарылған күнге белгіленеді, төлем еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап жүзеге асырылады.".

      12. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері;";

      4) тармақшадағы "16" деген цифрлар "18" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алу кезеңдері;";

      2) 13-баптың 1-тармағында:

      7) тармақшадағы "16" деген цифрлар "18" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) тармақшадағы "соғыс мүгедектерi" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының мүгедектері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 15-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөліктегі "1995" деген цифрлар "1998" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Байқоңыр" кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде алынған кірісті қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін" деген сөздер "Осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын кірісті қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "орташа айлық кірістің мөлшерi жұмыс берушi беретiн кіріс туралы анықтамамен расталатын кіріске сәйкес белгiленедi" деген сөздер ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңі үшін орташа айлық кірістің мөлшерi кірістер туралы анықтамамен расталатын кіріске сәйкес белгіленеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған айлар орташа айлық кірістің мөлшерін айқындаған кезде алып тасталады және олардың тура алдындағы немесе олардан кейінгі басқа айлармен ауыстырылады.";

      5) 20-баптың 1-тармағының 11-1) тармақшасы "қайтару" деген сөзден кейін ", тоқтату" деген сөзбен толықтырылсын;

      6) 30-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында және 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған адамдардың мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі алынған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері мүгедектікті алу туралы мәліметтер алынған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.";

      7) 34-баптың 9-тармағының 4-1) тармақшасы "қайтару" деген сөзден кейін ", тоқтату" деген сөзбен толықтырылсын;

      8) 37-бапта:

      2-тармақ "жарналарын" деген сөзден кейін ", міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақта:

      бірінші бөлік "Мемлекеттік корпорацияға" деген сөздерден кейін "міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "Салымшы" деген сөз "Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, агент және өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 39-баптың 3-тармағында:

      бірінші бөлік алып тасталсын;

      екінші бөлікте:

      "ашуға қайта өтініш" деген сөздер "қайтадан ашу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "берілмейді" деген сөз "жүзеге асырылмайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте, жеке тұлғаның пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген агент бұрын ашылған, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есепке жатқызылған күннен бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.".

      13. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      51-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "жеке оңалту" деген сөздер "мүгедекті оңалтудың жеке" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 11-баптың 1-тармағында:

      6) тармақшадағы "жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жеке өзі барған немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы өтініш жасаған кезде оларды лайықты жұмыстың бар екендігі туралы міндетті түрде хабардар ете отырып," деген сөздер "халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды лайықты жұмыстың бар екендігі туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, оларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-1) тармақша алып тасталсын;

      2) 13-бапта:

      1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.";

      "3. Жұмыс іздеп жүрген және халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен) немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы лайықты жұмыс туралы ұсыныс алған адам – халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекенде тұратын адам – кент, ауыл, ауылдық округ әкімін ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен хабардар етуге тиіс.";

      3) 14-бапта:

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген және халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен) немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы лайықты жұмыс туралы ұсыныс алған жұмыссыздар – халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар – кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiн ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен хабардар етуге тиіс.";

      4) 27-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мүгедектерді;".

      15. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      25) тармақшадағы "; уәкілетті орган;" деген сөздер "; орталық атқарушы орган;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) тармақшада:

      "уәкiлеттi орган" деген сөздер "орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган" деген сөздер "функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:

      "29) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе.";

      2) 10-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi";

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталық атқарушы орган:";

      4) тармақшадағы "және қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 11-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "және уәкілетті" деген сөз "және орталық атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 12-баптың 1-тармағында:

      1), 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қорға еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті:

      жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде МӘС бөлімшесі арқылы;

      өтініш жасаған кезде жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген кезде Мемлекеттік корпорация арқылы беруге;

      2) қорға Мемлекеттік корпорация арқылы асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;

      3) қорға жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті:

      егер адам жұмыссыз ретінде тіркелген болса, Мемлекеттік корпорация арқылы;

      жұмыссыз ретінде тіркеу кезінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы;

      жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;

      "Электрондық еңбек биржасы" порталында жұмыссыз ретінде тіркелген кезде аталған портал арқылы беруге;

      4) қорға Мемлекеттік корпорация арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) қорға бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті:

      Мемлекеттік корпорация арқылы;

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беруге;";

      5) 13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "уәкілетті" деген сөз "орталық атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 15-баптың 6-тармағының 2) тармақшасындағы "белгіленген кірістерден төленбейді." деген сөздер "белгіленген;" деген сөзбен ауыстырылып, екінші бөлігі алып тасталсын;

      7) 18-баптың 1-тармағындағы "уәкілетті" деген сөз "орталық атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 19-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "уәкілетті" деген сөз "орталық атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтың екінші бөлігіндегі "Тағайындалу мерзімі" деген сөздер "Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, тағайындалу мерзімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 20-баптың 4-тармағында:

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне "0" түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған кіріс – төлеуші беретін кірістер туралы анықтама негізінде кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі.

      Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері кірістің орташа айлық мөлшері есебінен алып тасталады және кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.";

      үшінші бөліктегі "төртінші" деген сөз "алтыншы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне "0" түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері есепке жатқызылады.";

      9) 21-бапта:

      7-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте, әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері, кірісті ауыстыру коэффициенті және қатысу өтілінің коэффициенті осы Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.";

      11) 22-баптың 2-тармағында:

      екінші бөлік алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте, кірісті ауыстыру коэффициенті 0,4-ті құрайды, ал әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері мен қатысу өтілінің коэффициенті осы Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.";

      12) 23-баптың 3-тармағында:

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде осы Заңның 20-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген ережелер ескеріледі.";

      үшінші бөліктегі "төртінші" деген сөз "бесінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 24-баптың 4-тармағында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте, кірісті ауыстыру коэффициенті 0,4-ті құрайды, ал әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері осы Заңның 20-бабы 4-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес айқындалады.";

      бесінші бөлік алып тасталсын;

      14) 27-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алғанға дейін алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактілерінің анықталуы туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.";

      15) 33-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тізбесі мен лимиттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыру;";

      16) 34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қор активтерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттеріне сәйкес орналастыруды жүзеге асырады.";

      17) 40-баптың 2-тармағында:

      "20-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші бөліктері" деген сөздер "20-бабы 4-тармағының бесінші және алтыншы бөліктері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "23-бабы 3-тармағының үшінші және төртінші бөліктері" деген сөздер "23-бабы 3-тармағының төртінші және бесінші бөліктері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      7-бапта:

      1) тармақшадағы "үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің" деген сөздер "үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "атағына" деген сөз ", "Халық қаһарманы" атақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын және бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының ордендерімен немесе медальдарымен наградталған не бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған, не Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарымен наградталған, не Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларымен наградталған адамдар.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамдарға осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында және 2-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары қолданылмайды.".

      2-бап. Осы Заң 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3-бап.

      1. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы 4) тармақшасының жиырма жетінші абзацы және 8-тармағы 15) тармақшасының бесінші абзацы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы 4) тармақшасының он екінші және он тоғызыншы абзацтарының, 8-тармағы 15) тармақшасының жиырма төртінші және отыз үшінші абзацтарының қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қоры иеленетін заңды тұлғалардың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілмеген;";

      "4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қоры иеленетін заңды тұлғалардың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген;";

      "6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қоры иеленетін заңды тұлғалардың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілмеген;";

      "4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қоры иеленетін заңды тұлғалардың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне енгізілген;".

      3. Осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 5) тармақшасы оныншы абзацының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "8. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді.".

      4-бап. Жеті жастан он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға тағайындалған мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алған жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын жеті жастан он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға тағайындалған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мүгедектік тобын белгілеу үшін қайта куәландырудан өткенге дейін бұрын тағайындалған мөлшерде сақталады.

      Мүгедектік тобын белгілеу үшін жетіден он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды қайта куәландыру кезінде мүгедектік тобы белгіленген мерзімге – осы Заң қолданысқа енгізілген күннен басталған кезең, осы кезең ішінде мүгедектік тобына әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, есепке жатқызылады, бірақ ол алты айдан аспауға тиіс.

      Мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ белгіленген мүгедектік тобы бойынша Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алған жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген кезеңге қосымша ақы төлене отырып, қайта куәландырылған күннен бастап қайта есептеледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ