"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.02.2017 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2), 5), 11) тармақшаларына, 17-бабының 4-тармағына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;

      3) күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 13.12.2016 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 13.12.2016 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызмет департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Мемлекеттік қызмет істері министрі

Т.Донақов


  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 12 бұйрығына 1-қосымша

"Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабына сәйкес "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізудің тәртiбiн айқындайды.

      2. Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.

      3. Конкурс "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік органмен өткiзіледi.

      4. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар кезде мемлекеттік орган конкурсты өткізбей тұрып, сәйкес келетін лауазым санаты бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервінде тұрған азаматтардың тізімін қарастырады.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне қабылданған азаматтың мемлекеттік орган белгілеген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, мемлекеттік орган оны Заңның 68-бабына сәйкес "Б" корпусының кадрлық резервінде болудың жылдық мерзімі өткенге дейін "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс өткізбей тағайындай алады.

      Осы тармақ 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

      5. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыру үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.

      6. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға қабылдау немесе мұндай лауазымға қабылдаудан бас тарту үшін негiз болып табылады.

      7. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оны өткізудің кез келген кезеңінде тоқтатылуға тиіс.

2. Конкурс өткiзудiң тәртiбi

      8. "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:

      1) ішкі конкурс;

      2) жалпы конкурс.

      9. Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;

      2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;

      3) мемлекеттік органның конкурс комиссиясын немесе бірыңғай конкурс комиссиясын құру;

      4) конкурсқа қатысушылар құжаттарының "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарау;

      5) кандидаттармен мемлекеттік органның конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;

      6) мемлекеттік органның конкурс комиссиясының қорытындысы.

      10. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

      11. Конкурсқа Заңның 16-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

      12. Конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін мемлекеттік органға құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары конкурс қатысушылары болып табылады.

      13. Конкурс комиссиясы шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.

      14. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарап, кандидаттармен әңгiмелесу өткiзедi және бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асырады.

3. Конкурс комиссиясын қалыптастыру

      15. Конкурс комиссиясы осы Қағидалармен айқындалған тәртiппен тиiстi лауазымға тағайындауға құқығы бар тиiстi мемлекеттiк органның басшысымен, ал жауапты хатшы (аппарат басшысы) лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшымен (аппарат басшысымен) қалыптастырылады.

      16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның шешімі бойынша конкурс комиссиясының төрағасы болып персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы, ал ол болмаған жағдайда – өзге тұлға тағайындалады.

      17. Аудандарда, қалаларда, облыстарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың бірыңғай конкурс комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар тұлғаның шешімімен құрылады.

      18. Орталық мемлекеттік органның аудандық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшелерінде бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Аудандық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурс комиссиясы орталық мемлекеттік органның өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.

      19. Конкурстық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады. Бұл ретте орталық мемлекеттік органның ішінде құрылатын конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның үштен бірінен кем емес мөлшерінде түрлі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қосылады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       20. Конкурс комиссиясының құрамына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкерлері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндетін атқару жүктелген тұлғалар, орналасуға конкурс өткізілетін бос лауазымдары бар құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері енгізіледі.

      21. Бірыңғай конкурс комиссиясының құрамына орналасуға конкурс өткізілетін бос лауазымдары бар мемлекеттік органдардың не мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енгізіледі.

      22. Конкурс комиссиясының құрамына мемлекеттік органның басшысы және басшы орынбасары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметші кіре алмайды.

      23. Конкурс комиссиясының құрамына конкурс қатысушысы кірмейді.

      24. Конкурс комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

      25. Конкурс комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

      26. Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту осы Қағидалардың

      15-тармағында көрсетілген тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      27. Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін сол бір лауазымға үміткер кандидаттарға тең көлемде қойылатын сұрақтар тізбесін қалыптастырады.

      28. Конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 60 және 101-тармақтарында көзделген жағдайларда әр бос лауазымға эссе тақырыптарының тізбесін бекітеді.

      29. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      30. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

      31. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

      32. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

      33. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

      34. Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

      35. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

      36. Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

      37. Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді және Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген басқа да жағдайларды қоспағанда мемлекеттік органның қызметкерлеріне конкурс комиссияларының құрамы, конкурсқа қатысушылар туралы және олардың жеке деректерін жариялауға жол берілмейді.

      38. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің кандидаттармен әңгімелесуіне және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол беріледі.

4. Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

      39. Заңның 29-бабы 1-тармағына сәйкес "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс (бұдан әрі – ішкі конкурс) өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері,

      сондай-ақ Заңда және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

      Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.

      40. "Б" корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс өткізілмейді.

1-параграф. Ішкі конкурс туралы хабарландыру

      41. Ішкі конкурс өткізу кезінде хабарландыру конкурс жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландыру құрылымында тұратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланады.

      42. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 15-бабы 3-тармағы, 29-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.

      43. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді қамтиды:

      1) мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық почта мекенжайлары;

      2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар;

      3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;

      4) құжаттарды қабылдау мерзімі (ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні);

      5) осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;

      6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;

      7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       44. Егер конкурс "Б" корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      45. Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қосуға рұқсат етіледі.

2-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын тұлғалардың
құжаттарын қабылдау

      46. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

      47. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       48. Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

      Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      49. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

3-параграф. Ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру

      50. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

      51. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

      52. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды..

      53. Шешім хаттама түрiнде ресiмделеді және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды.

      54. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

      55. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

      56. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

4-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу

      57. Әңгiмелесудің мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.

      58. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       59. Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

      Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресiмделедi не техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

      Кандидатпен әңгімелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелері, кандидат, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.

      Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады.

      Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға рұқсат беріледі.

      Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен үш айдан кем емес мерзім бойы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

      60. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

5-параграф. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы

      61. Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

      62. Кандидаттарды бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандағы бағалау парағына енгізіледі.

      63. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

      64. Конкурс комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

      65. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда кандидат оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

      66. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.

      67. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн бес жұмыс күн iшiнде хабарлайды.

      68. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

5. Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік
қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

      69. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған ішкі конкурсқа қатысушылар болмаған кезде барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізіледі.

      70. Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсті өткізу тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 4-тарауында көрсетілген ішкі конкурстың тәртібі мен мерзімдеріне ұқсас.

6. Жалпы конкурс

      71. Заңның 28-бабына сәйкес жалпы конкурс "Б" корпусының бос немесе уақытша бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ осы Заңның 29-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда төменгі лауазым болып табылмайтын өзге де бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі.

      72. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында жалпы конкурс өткізіледі.

      73. "Б" корпусының төменгі болып табылмайтын өзге де бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс орталық атқарушы органда не оның ведомствосында уәкілетті органмен келісу бойынша, ал орталық мемлекеттік органның немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесінде не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша өткізіледі.

      74. "Б" корпусының бос және (немесе) уақытша бос болып табылатын төменгі лауазымға орналасу үшін өткізілетін жалпы конкурс уәкілетті органмен не оның аумақтық бөлімшесімен келісуге жатпайды.

      75. Төменгі болып табылмайтын лауазымға орналасуға арналған жалпы конкурс өткізуді келісу үшін, бос орын бар мемлекеттік орган уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшесіне сұрау жіберіп, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауды растайтын мәліметті қамтитын;

      2) ішкі конкурстардың конкурс комиссияларының қорытынды отырыстарының хаттамалары.

      Мемлекеттік органдар осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етпеген немесе толық табыс етпеген жағдайда, олар уәкілетті органмен не оның аумақтық бөлімшесімен қарастырусыз қайтарылады.

      76. Уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі табыс етiлген материалдарды олар келіп түскен сәттен бес жұмыс күнi iшiнде қарастырып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

      1) жалпы конкурс өткізуге келіседі;

      2) келiсуден бас тартады.

      77. Осы Қағидалардың талаптарын сақтамау, жалпы конкурс өткізуге келiсiм беруден бас тарту үшін негiз болып табылады.

1-параграф. Жалпы конкурс туралы хабарландыру

      78. Жалпы конкурс өткізу кезінде хабарландыру конкурс жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.

      79. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 15-бабы 3-тармағы, 29-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.

      80. Жалпы конкурсты өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді қамтиды:

      1) мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық почта мекенжайлары;

      2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар;

      3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;

      4) құжаттарды қабылдау мерзімі (жалпы конкурс үшін - жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні);

      5) осы Қағидалардың 85-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;

      6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;

      7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат.

      Ескерту. 80-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       81. Егер конкурс "Б" корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      82. Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қосуға рұқсат етіледі.

2-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын тұлғалардың
құжаттарын қабылдау

      83. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

      84. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       85. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

      86. Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

      87. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

      88. Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнама, өтініш және өзге де құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

      89. Конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың өтініштері негізінде оларға осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылады. Көрсетілген құжаттардың көшірмелері алынады және олар персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

      90. Осы Қағидалардың 85-тармағында көрсетілген құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10345 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес айқындалады.

3-параграф. Жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру

      91. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

      92. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

      93. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды..

      94. Шешім хаттама түрiнде ресiмделеді және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды.

      95. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

      96. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

      97. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

4-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу

      98. Әңгiмелесудің мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.

      99. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       100. Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

      Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресiмделедi не техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

      Кандидатпен әңгімелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелері, кандидат, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.

      Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады.

      Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға рұқсат беріледі.

      Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен үш айдан кем емес мерзім бойы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

      101. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

5-параграф. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы

      102. Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

      103. Кандидаттарды бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандағы бағалау парағына енгізіледі.

      104. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

      105. Конкурс комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

      106. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда кандидат оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

      107. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.

      108. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, ол аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күн iшiнде хабарлайды.

      109. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

7. Кандидаттың лауазымға орналасуы

      110. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы (аппарат басшысы) лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы (аппарат басшысы) конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жауапты хатшы (аппарат басшысы) кандидатты жоғары тұрған лауазымды тұлғаның келісімі бойынша лауазымға қабылдайды.

8. Шағым жасау тәртiбi

      111. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

      112. Осы Қағидалардың 110-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

      113. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.

      114. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.

      115. Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында қаралады.

      Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап он жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.

      116. Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздерiне қатысты бөлiгiнде, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.

  "Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 1-қосымша

Байқаушыға жадынама

      Байқаушының:

      конкурс қатысушысы туралы ақпаратпен танысуға;

      олармен әңгімелесуге қатысуға;

      әңгімелесу өткізу рәсімі туралы ол аяқталғаннан кейін өз пікірін білдіруге;

      әңгімелесу өткізу барысы туралы жалпы баға беруге;

      конкурс комиссиясы отырысының хаттамаларымен танысуға;

      конкурс комиссиясының жұмысы туралы мемлекеттік органның басшылығына және мемлекеттік қызметтік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге мүмкіндігі бар.

      Байқаушы:

      конкурс қатысушыларының жеке басы деректерін жариялай алмайды;

      әңгімелесу өткізу процесіне араласуға, конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі жасай алмайды;

      конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдемдесе алмайды;

      конкурс комиссиясының мүшелеріне олардың шешім қабылдауында әсер ете алмайды;

      нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттері туралы жария бағалай алмайды немесе пікірін білдіре алмайды.

  "Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

      __________________________

      (мемлекеттік орган)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өтініш

      Мені___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

      конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік

      лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын

      қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен

      келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

      _____________________________________________________________________

      ________ ______________________________

       қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      "___"_______________ 20 __ ж.


________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені______________________

_______________________________

_______________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________

_______________________________

_______ __________________

(қолы) (Т.А.Ә. (болған

жағдайда)

"___"_____________ 20 _ ж.

_______________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_____________________

______________________________

______________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны______________________

_______ _________________

(қолы) (Т.А.Ә. (болған

жағдайда)

"___"_____________ 20 _ ж.

  "Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 3-қосымша

Фотосурет орны

(4х6)

 

      САУАЛНАМА

      (Өз қолымен толтырылады)

      1. Тегі________________________________________________________

      Аты ___________________________________________________________

      Әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________________

      2. Азаматтығы__________________________________________________

      Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз____________________________

      3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн ______________

      4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз _______________

      Болған елiңiз _________________________________________________

      Болған уақытыңыз ______________________________________________

      Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз ___________________________

      5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе

      шектелген деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін _____________________

      6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан

      айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн __________________________________

      7. Сіз мынадай:

      1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;

      2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысындағы лауазымдарды

      атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы,

      бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және

      ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі,

      немересі, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба _________________.

      8. Тілдерді білуі: ____________________________________________

      9. Мекенжайы және байланыс телефоны ___________________________

      _______________________________________________________________

       _____________(жеке қолы)

      "___"_____________ 20 ж.

       (толтыру күні)

  "Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 4-қосымша

      Кандидатты бағалау парағы

      (басқарушы лауазымдар үшін)

      Кандидаттың Т.А.Ә (болған жағдайда) _________________________________

      Лауазымы ____________________________________________________________

      1-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі)_______________________

      2-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ______________________

      3-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ______________________


Өлшем

Үлес салмағы

Балл *


1-сұраққа жауап (бейінді)




2-сұраққа жауап (ситуациялық)




3-сұраққа жауап (уәждемелік)




Кәсіби тәжірибе




Білім деңгейі




Басқару дағдылары




Коммуникативтік дағдылар



**




**




Барлығы




      Ескертпе:

      * 0-ден 5 баллға дейін қойылады

      ** критерий мемлекеттік органмен дербес айқындалады

      1-сұраққа жауап (бейінді):

      0 балл – кандидат сұраққа жауап бермеді

      1 – 2 балл – кандидаттың қойылған сұрақ тақырыбы бойынша жалпы түсінігі бар

      3 – 4 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы біледі

      5 баллов – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген

      2-сұраққа жауап (ситуациялық):

      0 балл – кандидат жауап бермеді

      1 – 2 балл – кандидат жағдайға тиімсіз тәсілді сипаттады

      3 – 4 балл – кандидат жалпы дұрыс тәсілді сипаттады, бірақ әрекет етудің толық алгоритмін ұсына алмады

      5 балл – кандидат дұрыс тәсілді сипаттап, әрекет етудің дәлелді алгоритмін ұсынды

      3-сұраққа жауап (уәждемелік):

      0 балл – кандидат жауап ұсынбады

      1 – 2 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі әлсіз дәлелденген, үйлесімсіз, кандидаттың одан әрі жоспарлары туралы анық түсінігі жоқ

      3 – 4 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары жалпы дәлелденген, бірақ анық мақсаттары көрсетілмеген

      5 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары үйлесімді, дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты жетуге бағытталған

      Кәсіби тәжірибе:

      0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибесі жоқ

      1 балл – бір жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе

      2 балл – бір жылдан екі жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе

      3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе

      4 балл – үш жылдан төрт жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе

      5 балл – тиісті кәсіби тәжірибесі 5 жылдан астам

      Білім деңгейі:

      1 балл – білімі сәйкес келеді

      2 балл – тиісті саладағы магистр

      3 балл – тиісті саладағы PhD доктор

      4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар

      5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар

      Басқару дағдылары:

      1 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі талап етілетінге тең

      2 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан астам

      3 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 4 жылдан астам

      4 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан астам

      5 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам

      Коммуникативтік дағдылар:

      0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді

      1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді

      2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді

      4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені жеңіл жүргізеді, бірақ ситуациялық және уәждемелік сұрақтар кезінде ой қисынын жоғалтады

      5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені еркін жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.

      Кандидатты бағалау парағы

      (атқарушы лауазымдар үшін)

      Кандидаттың Т.А.Ә (болған жағдайда) _________________________________

      Лауазымы ____________________________________________________________

      1-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі)_______________________

      2-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ______________________

      3-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ______________________


Критерий

Үлес салмағы

Балл *


1-сұраққа жауап (бейінді)




2-сұраққа жауап (ситуациялық)




3-сұраққа жауап (уәждемелік)




Кәсіби тәжірибе




Білім деңгейі




Коммуникативтік дағдылар



**




**




Барлығы




      Ескертпе:

      * 0-ден 5 баллға дейін қойылады

      ** критерий мемлекеттік органмен дербес айқындалады

      1-сұраққа жауап (бейінді):

      0 балл – кандидат сұраққа жауап бермеді

      1 – 2 балл – кандидаттың қойылған сұрақ тақырыбы бойынша жалпы түсінігі бар

      3 – 4 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы біледі

      5 баллов – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген

      2-сұраққа жауап (ситуациялық):

      0 балл – кандидат жауап бермеді

      1 – 2 балл – кандидат жағдайға тиімсіз тәсілді сипаттады

      3 – 4 балл – кандидат жалпы дұрыс тәсілді сипаттады, бірақ әрекет етудің толық алгоритмін ұсына алмады

      5 балл – кандидат дұрыс тәсілді сипаттап, әрекет етудің дәлелді алгоритмін ұсынды

      3-сұраққа жауап (уәждемелік):

      0 балл – кандидат жауап ұсынбады

      1 – 2 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі әлсіз дәлелденген, үйлесімсіз, кандидаттың одан әрі жоспарлары туралы анық түсінігі жоқ

      3 – 4 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары жалпы дәлелденген, бірақ анық мақсаттары көрсетілмеген

      5 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары үйлесімді, дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты жетуге бағытталған

      Кәсіби тәжірибе:

      0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибесі жоқ

      1 балл – бір жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе

      2 балл – бір жылдан екі жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе

      3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе

      4 балл – үш жылдан төрт жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе

      5 балл – тиісті кәсіби тәжірибесі 5 жылдан астам

      Білім деңгейі:

      1 балл – білімі сәйкес келеді

      2 балл – тиісті саладағы магистр

      3 балл – тиісті саладағы PhD доктор

      4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар

      5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар

      Коммуникативтік дағдылар:

      0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді

      1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді

      2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді

      4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені жеңіл жүргізеді, бірақ ситуациялық және уәждемелік сұрақтар кезінде ой қисынын жоғалтады

      5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені еркін жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 12 бұйрығына 2-қосымша

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес әзірленді.

      2. Тестілеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшісі болып табылатын тестілеу әкімшісімен (бұдан әрі - әкімші) өткізіледі.

      3. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкімшілердің сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.

      4. Тестілеу рәсімдерін, тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды техникалық қамтамасыз ету "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" Акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырылады.

2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің
кадр резервіне алуға үміткерлерді тестілеу

      5. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерді (бұдан әрі – "А" корпусының резервіне үміткерлер) тестілеу келесі кезеңдерден тұрады:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу;

      2) логикалық тест;

      3) біліктілік деңгейін анықтауға тестілеу;

      4) мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеу.

      6. Тестілеу өткізудің кезеңі үш жұмыс күнінен аспайды.

      7. "А" корпусының резервіне кандидат осы Қағидалардың

      1-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтінішінде көрсетілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің санаты, тобы және кіші тобы бойынша өтеді.

      8. Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеудің осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтижелерді алған "А" корпусының резервіне үміткерлер, тестілеудің келесі кезеңіне жіберілмейді.

      9. "А" корпусының резервіне үміткерлерді мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеу ҚАЗТЕСТ – қазақ тілінің деңгейін бағалау жүйесінің стандарттарына сәйкес өткізіледі.

      Бұл ретте, мемлекеттік тілді білуге арналған, сондай-ақ құзыреттер деңгейін анықтауға тестілеудің шекті мәні жоқ.

      10. "А" корпусының кадр резервіне бір конкурстық іріктеу аясында "А" корпусының резервіне үміткерлер өтініште көрсетілген тиісті санат, топ және кіші топ үшін әр тестілеу бағдарламасы бойынша бір рет тестілеуден өтеді.

3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына
орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу

      11. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – Б" корпусының лауазымына кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.

      12. "Б" корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгіну арқылы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) тапсырады.

      "Б" корпусының лауазымына кандидат Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

      "Б" корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін құжаттарды "электрондық үкімет" веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Мемлекеттік корпорацияда, уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады.

      13. "Б" корпусының лауазымына кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.

      Тестілеуге жазылу "электрондық үкімет" веб-порталында қалыптастырылатын осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.

      14. "Б" корпусының лауазымына кандидат осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді.

      15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді.

      16. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеудің осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен емес нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерге осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеу өткендігі туралы сертификат (бұдан әрі – Сертификат) беріледі.

      Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.

      Екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.

      17. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.

      18. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлерге осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.

      Бұл жағдайда, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.

      19. Сертификат оның қолданылу мерзімі ішінде жоғалған немесе бүлінген жағдайда "Б" корпусының лауазымына үміткерлер осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы сертификаттың телнұсқасын электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы ала алады.

4. Б" корпусының лауазымына үміткерлердің
жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі

      20. "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеу нысанында жүргізіледі.

      21. "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін 20 минуттан кешіктірілмей жүргізіледі.

      Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған адамлар жіберілмейді.

      22. Осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен емес нәтиже алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 20-тармағының бірінші абзацында белгіленген уақытта келмеген адамлар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарымен белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.

      23. "Б" корпусының лауазымына кандидат осы Қағидалардың

      8-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді.

      24. "Б" корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды беріледі.

      "Б" корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша берілген қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.

      25. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша сертификат алған адамлар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге қатысуға жіберіледі.

      Жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге қатысу үшін, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамлар тестілеу күнінен бір күнтізбелік күн бұрын "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну жолымен осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті тапсырады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, "Б" корпусының лауазымына үміткер оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамлар тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.

      Осы тармақ 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

5. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі

      26. Тестілеуге Заңның 16-бабының 1-тармағының екінші абзацында және 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

      27. Тестілеуге ЖСН бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамлар жіберіледі.

      28. Тестілеу басталғанға дейін әкімші тестіленуші адамларды тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда тестілеу рәсімдеріне қатысты туындаған сұрақтарға жауап береді.

      29. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген адамлар ол туралы әкімшіге тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамларды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.

      30. Тестілеу кестесі уәкiлеттi органның келiсiмі бойынша Орталықпен айқындалады.

      31. Тестілеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, сонымен қатар "Б" корпусы лауазымына кандидатты сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен жабдықталады.

      32. Әрбір жұмыс станциясы кандидатты суретке түсіру және тестілеу процесіне бейне жазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.

      33. Тестілеуден өтетін адамлар басқа адамлармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді.

      Тестілеуден өту барысында қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) қолданылмайды. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында өшірілуге жатады.

      34. Тестіленуші адам осы Қағидалардың 31-тармағының талаптарын бұзған жағдайда әкімші осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді.

      Бұл ретте әкімші бір жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысандағы Қағиданы бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.

      Акт толтырылған адамлар қайта тестілеуді бұзу болған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді. Осы Қағидалардың 31-тармағының талаптарын бұзған адамлардың тестілеу нәтижелері жойылады.

      35. Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар және т.б.), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады.

      Мұндай жағдайда осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады, ал тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.

      36. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.

      37. Тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк тестілеу бағдарламасының көмегiмен автоматты түрде жүзеге асырылады.

      38. Тестілеу аяқталғаннан кейін жиырма минуттан кеш емес уақытта адамларға тестілеу әкімшісінің және оператордың қолы қойылған, мөрмен расталған тестілеу нәтижелері беріледі.

6. Тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі

      39. Үміткерлердың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдарын қарастыру және олардың құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде апелляциялық комиссиялар құрылады.

      40. Апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы уәкілетті орган басшысының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің бұйрығымен бекітіледі.

      Апелляциялық комиссияның құрамына бақылаушы ретінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қосылуы мүмкін.

      41. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, немесе апелляциялық комиссияның төрағасы болмағанда төрағаның орынбасары басқарады.

      Апелляциялық комиссияның іс-қағаздарын жүргізу уәкілетті орган басшысының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің бұйрығымен тағайындалатын хатшымен жүзеге асыралады.

      42. Аумақтық бөлімшелердің апелляциялық комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу сұрақтарының жалпы санында мәндерден 2 балға төмен нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлердан апелляцияға шағымдарын қабылдайды және қарастырады.

      Уәкілетті органның апелляциялық комиссиясы осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден бір тест бойынша 1 балға төмен нәтиже алған "А" корпусының резервіне үміткерлердан апелляцияға шағымдарын қабылдайды және қарастырады.

      43. Осы Қағидалардың 1 және 4-қосымшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған үміткерлердан 12-қосымшаға сәйкес нысандағы апелляцияға шағым апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке беріледі. Апелляцияға шағым тестілеуден өткен күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қабылданады және апелляциялық комиссияның отырысында апелляциялық комиссиямен айқындалған кестеге сәйкес қарастыралады.

      Апелляциялық комиссияның отырысы түскен шағымдардың санына байланысты кемінде 3 (үш) айда бір рет өткізіледі.

      44. Апелляциялық комиссияның отырысында апелляцияға шағым берген үміткерлердың тестілеудің толық нәтижелері қарастырылады.

      Тестілеудің толық нәтижелері өзіне үміткердің дұрыс жауап бермеген тест тапсырмалары және оның жауап нұсқасы қосады.

      45. Апелляцияға шағым берген үміткерлердың тестілеудің толық нәтижелері апелляциялық комиссияға Орталықпен сұрау бойынша ұсынылады.

      Бұл ретте, тестілеудің толық нәтижелері "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен ресімделеді және үміткерлерға тек танысу үшін беріледі.

      46. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімдері екі данада жасалуы және осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылуға тиіс хаттамалармен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның отырысы хаттамасының екінші данасы Орталыққа жіберіледі және бір жыл ішінде сақталады.

      Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының кемiнде 2/3 (үштен екiсi) қатысқан жағдайда құқылы болады.

      47. Апелляциялық комиссия апелляцияға берілген шағымды қарастыру нәтижесі бойынша екі шешімнің бірін қабылдайды:

      1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;

      2) үміткердің апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу.

      Бұл ретте, үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді қайта тапсыруға бір рет қана жіберіледі.

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді
ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларына 1-қосымша

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне
алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге
арналған тестілеу бағдарламалары

      1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама, осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдарына (бұдан әрі – "А" корпусының лауазымдары) арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"(10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"(10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (10 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестерді қамтиды.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

      2) екінші бағдарлама "А" корпусы лауазымдарының екінші санатына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы"(10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (10 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестерді қамтиды.

      Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

      3) үшінші бағдарлама "А" корпусы лауазымдарының бірінші санатының екінші тобының үшінші кіші тобына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестерді қамтиды.

      Үшінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 70 минутті құрайды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 19.04.2016 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлер үшін тестілеуді өту мәні әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауапты құрайды.

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді
ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларына 2-қосымша

      нысан

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері министрлігі

      _____________________________________

      тел._________________________________

      эл. мекенжайы _______________________

Өтініш

      Мені "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ___ санатына орналасуға ____ бағдарлама* бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Тестілеу өту мекенжайы: ______________.

      Тестілеу өтуді қалаған күні: _________.

      Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _______.

      *Ескертпе: Тестілеу бағдарламасы үміткердің таңдаған санатын ескере отырып автоматты түрде анықталады.

      "___" ___________________ 20 __ ж..

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді
ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларына 3-қосымша

      нысан

ҚОЛХАТ

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

      үміткердің _____________________________________ өтініші қабылданды.

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Тестілеу өту күні: ____________________________________________

      Тестілеу өту уақыты: __________________________________________

      Тестілеу өту мекенжайы: _______________________________________

      Ескертпе: Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған "Б" корпусына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.

      "___" ___________________ 20 __ ж.

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді
ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларына 4-қосымша

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға
үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен
заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 19.04.2016 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.

      2) екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

      3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

      Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді
ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларына 5-қосымша

      нысан

СЕРТИФИКАТ

_______________________________________"Б" корпусының

(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен

заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _____________

қаласында _____ бағдарлама бойынша "___"______________

20 __ ж. өткенін растайды.


Сурет




Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестілеуді өту мәні

Дұрыс жауаптардың саны





ҚОРЫТЫНДЫ





      Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл

      болып табылады.

      Осы сертификат "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      санаттарына жарамды.

      Тестілеу әкімшісінің қолы: _________________________

      Тестілеу операторының қолы: ________________________

      "___" ___________________ 20 __ ж.

      М.О.

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді
ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларына 6-қосымша

      нысан

Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден
өткені туралы
АНЫҚТАМА

______________________________________________________

(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен

заңнамаларын білуге арналған тестілеуден

_________________ қаласында "___" __________ 20____ж.

_____ бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндерінен

төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы берілді.


Сурет




Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестілеуді өту мәні

Дұрыс жауаптардың саны





ҚОРЫТЫНДЫ





      Осы үміткер қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап үш

      айдан кем емес мерзімнен кейін өте алады.

      Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________

      Тестілеу операторының қолы: _________________________________________

      М.О. "___" ___________________ 20 __ ж.

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді
ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларына 7-қосымша

      нысан

СЕРТИФИКАТ

_______________________________________"Б" корпусының

(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен

заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _____________

қаласында _____ бағдарлама бойынша "___" _____________

20__ ж. өткенін растайды.


Сурет




Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестілеуді өту мәні

Дұрыс жауаптардың саны





ҚОРЫТЫНДЫ





      Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл

      болып табылады.

      Осы сертификат "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      санаттарына жарамды.

      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның

      автоматтандырылған сертификат телнұсқасын беру жүйесімен "электрондық

      үкімет" порталы арқылы берілді.

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді
ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларына 8-қосымша

"Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін
бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары

      "Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

      Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

      Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 2 балл, сараптамалық – 2,5 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, стратегиялық ойлану – 1,5 балл, көшбасшылық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1,5 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

      2) екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

      Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

      Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді
ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларына 9-қосымша

      нысан

"Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін
бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым

Тестіленушінің ТАӘ (ол болған жағдайда):


Тестілеу күні мен уақыты:


"Б" корпусы лауазымының санаты




Сурет






      Қатерлі аймақ - бұл үміттенген лауазымда қызмет ету үшін жеке

      қасиеттерін көрсету деңгейінің жеткіліксіздігінің сипаттамасы.

      Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________

      Тестілеу операторының қолы: _________________________________________

      М.О.

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді
ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларына 10-қосымша

      нысан

Тестілеу ережелерін бұзу туралы
АКТ

      201_ ж. "___" _____________ сағат ______ мин.

      Тестілеу әкімшісі

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Тестілеу операторы

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Қызметшінің/үміткердің ________________________ ЖСН _________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға

      орналасуға үміткерлерды тестiлеу ұйымдастыру ережесінің 33-тармағын

      бұзу фактісі анықталды:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Ереже бұзудың қысқаша сипаты)

      Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________

      Тестілеу операторының қолы:__________________________________________

      Актімен таныстым:

      _____________________________________________________________________

      (жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/үміткердің

      қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)). Жоғарыда аталған

      Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/үміткердің осы актіге қол

      қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба)

      _____________________________________________________________________

      (жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/үміткердің

       осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы,

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді
ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларына 11-қосымша

      нысан

Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акті

      Күні ___________ж.

      Біз, төменде қол қойғандар, тестілеу рәсімін тоқтату туралы осы

      актті 20__ жылдың "___" __________ ___ сағ. ___мин.

      - байланыс ақауының

      - компьютерлік техника ақауының

      - тоқ қуаты ақауының

      - өзге себептің

      салдарынан жасадық.

      Тестілеуді тоқтату себебі бойынша қосымша ақпарат:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тестілеу келесі адамларға қатысты тоқтатылды:

1.

Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ЖСН


      Тестілеу залы әкімшісінің

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) мен қолы:

      Тестілеу залы операторның

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) мен қолы:

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді
ұйымдастыру, бағдарламалары мен
қағидаларына 12-қосымша

      нысан

      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi

      уәкiлеттi органның

      ____________________________ бойынша

      аумақтық бөлімшесі апелляциялық

      комиссиясының Төрағасына

      ____________________________________

      (тестіленуші адамның Т.А.Ә.

      (ол болған жағдайда))

      ____________________________________

      (тестіленуші адамның ЖСН)

      Тел.________________________________

      Эл. мекенжайы_______________________

Өтініш

      Мені, 20__ жылдың ____________________ _____________________ қ.

      (тестілеу күнін көрсету)

      өткен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу

      нәтижелері бойынша шағымдануға рұқсат беруді сұраймын.

      Тестілеу нәтижелеріне шағым беру талабымның мәні:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік

      лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру,

      бағдарламалары мен қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым,

      келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      "___" _______________ 20__ж.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 12 бұйрығына 3-қосымша

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына
үлгілік біліктілік талаптары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 13.12.2016 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 12 бұйрығына 4-қосымша

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының
ТІЗБЕСІ

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығы (Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 8380 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жарияланатын мерзімді баспасөз басылымдарын анықтау туралы" 2013 жылғы 26 маусымдағы № 06-7/92 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 8535 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 17 шілдеде № 172 (28111) жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 06-7/179 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 9076 тіркелген, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 04 ақпанда жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 04-2-4/7 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 9112 тіркелген, "Егемен Қазақстан" 05.02.2014 ж. № 24 (28248); Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 03.03.2014 ж. жарияланған)

      5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 10080 тіркелген, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 ақпанда жарияланған).

      6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 22 маусымдағы № 189 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 11756 тіркелген, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 тамызда жарияланған).