Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 04-2-4/7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 31 қаңтарда № 9112 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 № 12 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда № 8381 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 98 (28037) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесінде:
      11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) біліктілік деңгейін анықтауға тестілеу;»;
      27-тармақта:
      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      ««А» корпусының тестілеу бағдарламасы бойынша – 80 минөт (100 сұрақ), 70 минөт (80 сұрақ);»;
      2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
      Тестілеу нәтижелерінің шекті мәндерінде:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне тұруға үміткерлерге тестілеу бағдарламасында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасы келесіні қамтиды:
      1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, лауазымдар үшін – Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын,  «Мемлекеттік қызмет туралы»(10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ),  «Нормативтік құқықтық актілер туралы»(10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) заңдарын бiлуге арналған тест;
      2) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелері лауазымдары үшін – Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (10 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) заңдарын бiлуге арналған тест;
      3) облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері лауазымдары үшін – Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) заңдарын бiлуге арналған тест;
      4) логикалық тест;
      5) біліктілік деңгейін анықтауға тест;
      6) ҚАЗТЕСТ.»;
      2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 06-7/43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8396 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 98 (28037) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
      жоғарыда аталған бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      жоғарыда аталған бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      жоғарыда аталған бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      2. Агенттіктің Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Сәрсенов Ж.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                              А. Байменов

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының           
2014 жылғы 22 қаңтардағы     
№ 04-2-4/7 бұйрығына      
1-қосымша             

Қазақстан Республикасы      
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының            
2013 жылғы 1 сәуірдегі      
№ 06-7/43 бұйрығына       
1-қосымша            

Нысан

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің
кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарлайды.
      Іріктеу «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      («А» корпусының санаттары, топтары, топшалары және егер Ұлттық комиссиямен белгіленсе, «А» корпусы лауазымдарының әрбір санаттары, топтары, топшалары бойынша
      «А» корпусының кадр резервіне алынатын тұлғалардың шекті саны көрсетіледі) бойынша алу үшін өткізіледі.

      «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 Жарлығымен бекітілді.
      «А» корпусының кадр резервіне іріктеу 3 кезеңнен тұрады:
      1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігін қарау;
      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасаған кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын, логикалық тест, біліктілік деңгейін анықтауға тест, ҚАЗТЕСТ білуге кандидаттарды тестілеу;
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиялары және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органдары жасаған кестелерге* сәйкес кандидаттармен әңгімелесу.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығымен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларында қажетті құжаттардың тізбесі көрсетілген.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департтаменттері:
      20____ж. «____»________ бастап
      20____ж. «____»________ дейінгі кезеңде құжаттарды қабылдайды.
      Кандидаттардың көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.
      Құжаттар қолма-қол, почтамен немесе электрондық почта арқылы келесі мекен-жайда
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның
аумақтық органдарының почта және электронды почта мекен-жайы көрсетіледі)
қабылданады.
      Құжаттар қабылданғанда кандидатқа олардың тіркелгені туралы қолхат, оның ішінде электрондық түрде беріледі.
      Құжаттар электрондық почта арқылы жіберілген жағдайларда, кандидаттар құжаттардың түпнұсқаларын тестілеу басталғанға дейінгі үш сағаттан кешіктірмей ұсынады.
      Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда кандидат тестілеуге жіберілмейді.

      Толық ақпаратты _______________________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның
аумақтық органдарының қала коды және телефондары мен факс номірлері көрсетіледі)
телефондары бойынша және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында _______________ алуға болады.
                                (интернет-ресурс көрсетіледі)

      Қосымша ақпарат:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қажет болған жағдайда «А» корпусының кадр резервіне іріктеу
өткізумен байланысты қосымша ақпарат көрсетіледі)

      Ескертпе:
      * Орталық атқарушы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріндегі және ведомстволарындағы, жергілікті мемлекеттік органдардағы лауазымдарды атқаратын тұлғаларға алдын ала әңгімелесуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссияларында өткізеді.
      Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын кандидаттар олардың тіркеу орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссияларында әңгімелесу өтеді.
      Ұлттық комиссияда әңгімелесу барысында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссияларының ұсыныстары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының           
2014 жылғы 22 қаңтардағы    
№ бұйрығына 04-2-4/7      
2-қосымша           

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының           
2013 жылғы 1 сәуірдегі     
№ 06-7/43 бұйрығына      
2-қосымша           

Нысан

Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы
кадр саясаты жөніндегі
ұлттық комиссия  

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр
резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш

      Мен, ____________________________________, ЖСН ________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толығымен)
      «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне
_____________________________________________________________________
(келесілердің бірі көрсетіледі: бірінші санаттың бірінші немесе бірінші санаттың екінші тобының бірінші, екінші, үшінші топшасы не екінші санат көрсетіледі)
      мені іріктеуге қатыстыруыңызды сұраймын.

      Мен:
      «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу өткізу қағидаларымен танысқанымды, олармен келісетінімді және оларды орындауға міндеттенетінімді;
      «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарымен танысқанымды;
      мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін, сондай-ақ «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидат ретінде маған кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің жоқ екенін;
      өзім ұсынған құжаттар мен деректердің шынайылығын, ал құжаттарда дәйекті ақпараттардың көрсетілгенін;
      мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидат ретінде мемлекеттік қызметте болуды шектейтін және маған кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шеттетуге, кадр резервінен шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;
      «А» корпусының кадрлық резервінен тағайындалған жағдайда өзімнің көрінеу жалған ақпаратты ұсынуым фактілерінің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шеттетуге, кадр резервінен шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;
      өзімнің жекелеген жеке деректерімнің (тегім, атым, әкемнің аты (бар болған жағдайда), туған күнім, тұратын жерім, ағымдағы жұмыс орным, білімім мен мамандығым, атқарып отырған лауазымым, «А» корпусының лауазымдар тобы, топшасы және санаты, байланыс телефондарым) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланатынына келісетінімді мәлімдеймін;
      атқарып отырған лауазым, ағымдағы жұмыс орны, байланыс телефондары, білім алған жағдайда көрсетілген деректердің өзгерген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктермей хабарлаймын.

      Қоса беріліп отырған құжаттар:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________
6. __________________________________________________________________
7. __________________________________________________________________

Байланыс деректері:
Қаланың коды, телефон _______________________________________________
Ұялы телефон ________________________________________________________
Тұратын жерінің мекенжайы (пошта мекенжайы): ________________________
Тіркелген жерінің мекенжайы: ________________________________________
Электронды адрес: ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
           (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

20__ ж. «____»_______________

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының           
2014 жылғы 22 қаңтардағы    
№ бұйрығына 04-2-4/7      
3-қосымша           

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының           
2013 жылғы 1 сәуірдегі     
№ 06-7/43 бұйрығына      
3-қосымша           

Нысан

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты
жөніндегі ұлттық комиссияның «А» корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен
әңгімелесу парағы

      Ұлттық комиссия мүшесі: _______________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Кандидаттың
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Санаты, тобы, топшасы

Балл, өз қолымен толтырылады

1.



2.



3.



...






_______________________________
            (қолы)

20 __ жылғы «___» ______________