"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 маусымда № 13817 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.02.2017 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларында:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Конкурстық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады. Бұл ретте орталық мемлекеттік органның ішінде құрылатын конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның үштен бірінен кем емес мөлшерінде түрлі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қосылады.";

      43-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) құжаттарды қабылдау мерзімі (ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні);";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.";

      80-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) құжаттарды қабылдау мерзімі (жалпы конкурс үшін - жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні);";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.";

      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.";

      көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Заң департаменті (Алмабаев Н.С.) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Н.М. Ыбырайымға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Мемлекеттік қызмет істері министрі

Т. Донақов


  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2016 жылғы 19 мамырдағы
№ 104 бұйрығына қосымша
  "Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

      __________________________

      (мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

      конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік

      лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын

      қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен

      келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

      _____________________________________________________________________

      ________ ______________________________

       қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      "___"_______________ 20 __ ж.