"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жарияланатын мерзімді баспасөз басылымдарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 06-7/92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 шілдеде № 8535 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің әкімінің 20.05.2014 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлiгiнің Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2013 жылғы 5 маусымдағы № 1-26/257 ұсынысының негізінде Ащысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұғалжар ауданының Ащысай ауылдық округінің Ақсу елді мекенінде сарып ауруы ошағының анықталуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимi белгiленсiн.
      2. Осы шешiмнен туындайтын шараларды алу және шешімнің орындалуын бақылау «Ащысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы С. Байдильдинге жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ащысай ауылдық округінің әкімі         М. Изтурганов