Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 06-7/179 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 қаңтарда № 9076 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 № 12 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»
1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 «Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8381 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 98 (28037) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесінде:
      15-18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Тестілеуге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде және екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
      16. Тестілеуге қатысу үшін «Б» корпусына үміткерлер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің халыққа қызмет көрсету орталықтарына (бұдан әрі - қызмет көрсету орталықтары), сондай-ақ уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жүгіну жолымен осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті тапсырады.
      «Б» корпусына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады.
      17. «Б» корпусына үміткер тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.
      18. «Б» корпусына үміткерден тестілеуге қатысу үшін құжаттардың қабылданғаны «электрондық үкімет» веб-порталында қалыптастырылатын осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.»;
      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазым санаттары үшін қарастырылған бағдарлама бойынша тестілеу нәтижелері тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
      21. Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған «Б» корпусына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Тестіленуші адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз немесе электрондық түрдегі ақпараттарды қолдануға, орын-жайды тастап кетуге тыйым салынады. Тестіленуші адамдардың қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылары (оның ішінде қалталық дербес компьютерлер және өзге де электрондық жабдықтар) тестілеуді өткізу уақытында өшіріледі.
      Тестіленуші адам осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзған жағдайда әкімші осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді. Бұл ретте әкімші осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысандағы Тестілеу ережелерін бұзу туралы актіні (бұдан әрі - акт) толтырады.
      Ережені бұзған адамның тестілеу нәтижесі жойылады.
      Акт толтырылған адамдар қайта тестілеуді акт толтырылған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.»;
      27-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Б» корпусының тестілеу бағдарламасы бойынша - 125 минөт (150 сұрақ), 110 минөт (135 сұрақ), 100 минөт (120 сұрақ), 100 минөт (90 сұрақ);»;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Тестілеу аяқталғаннан кейін отыз минөттен кеш емес уақытта адамдарға тестілеу әкімшісінің және оператордың қолы қойылған және мөрмен расталған тестілеу нәтижелері беріледі.
      Шекті мәннен төмен емес тестілеу нәтижесін алған үміткерге осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеу өткендігі туралы сертификат беріледі.
      Осы Ереженің 5-қосымшасында көрсетілген бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әімшілік қызметінің санаттарына жарамды.
      Осы Ереженің 5-қосымшасында көрсетілген екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әімшілік қызметінің санаттарына жарамды.
      Шекті мәннен төмен тестілеу нәтижесін алған «Б» корпусына үміткерге осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес нысанда шекті мәннен төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.».
      2-қосымшаның 2-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2 санаттары үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды;»;
      3-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      4-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      5-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу үш бағдарламадан тұрады:
      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
      мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
      логикалық тест (10 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;
      2) екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
      мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
      логикалық тест (10 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;
      3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
      мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
      логикалық тест (10 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.»;
      6-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      7-қосымша осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8380 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 28 наурыздағы № 94 (28033) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларында:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерден тұрады:
      1) мекен-жайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почта мекен-жайлары, телефондары мен факс нөмiрлерi, электрондық почта мекен-жайлары;
      2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;
      3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
      4) құжаттарды қабылдау мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн);
      5) осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
      6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
      7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат.
      Конкурс белгілі жұмыс істеу мерзімі бар бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу жағдайында, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
      Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін.»;
      19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.»;
      27-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнама, өтініш және өзге де құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
      Конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың өтініштері негізінде оларға осы Қағиданың 27-тармағының 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылады. Көрсетілген құжаттардың көшірмелері алынады және олар персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
      Аталған құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1605 қаулысына сәйкес айқындалады.»;
      2. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы осы бұйрықты іске асыру бойынша техникалық қамтамасыз ету шараларын қабылдасын.
      4. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Төраға                                      А. Байменов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      _________________ А. Жұмағалиев
      2013 жылдың ___________________

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының             
2013 жылғы 11 желтоқсандағы     
№ 06-7/179 бұйрығына        
1-қосымша               

«Мемлекеттік қызметшілерді  
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесіне           
3-қосымша           

нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі
______________________________________
тел.__________________________________
эл. мекен жайы _______________________

Өтініш

      Мені «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ___ санатына орналасуға ____ бағдарлама* бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.
      Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесінің негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
      Тестілеу өту мекен-жайы: ______________.
      Тестілеу өтуді қалаған күні - _________________.
      Тестілеу өтуді қалаған уақыты - _________________.
      *Ескертпе: Тестілеу бағдарламасы үміткердің таңдаған санатын ескере отырып автоматты түрде анықталады.

      «___» ___________________ 20 __ ж.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының            
2013 жылғы 11 желтоқсандағы    
№ 06-7/179 бұйрығына        
2-қосымша             

Мемлекеттік қызметшілерді   
және бос мемлекеттік әкімшілік 
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесіне           
4-қосымша           

нысан

ҚОЛХАТ

      «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға
      үміткердің ____________________________________________________
                  (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

өтініші қабылданды.

      Тестілеу өту күні: ____________________________________________
      Тестілеу өту уақыты: __________________________________________
      Тестілеу өту мекен-жайы: ______________________________________

      Ескертпе: Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған «Б» корпусына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен «электрондық үкімет» порталы арқылы берілді.

      «___» ___________________ 20 __ ж.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының            
2013 жылғы 11 желтоқсандағы    
№ 06-7/179 бұйрығына        
3-қосымша             

Мемлекеттік қызметшілерді   
және бос мемлекеттік әкімшілік 
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесіне           
6-қосымша           

нысан

Тестілеу ережелерін бұзу туралы
АКТ

201_ ж. «___» _____________ сағат ______ мин.
Тестілеу әкімшісі
_____________________________________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Тестілеу операторы __________________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Қызметшінің/үміткердің ______________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ЖСН _______________________ Мемлекеттік қызметшілерді және бос
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды
тестiлеу ұйымдастыру ережесінің 26 тармағының бірінші бөлігін бұзу
фактісі анықталды: __________________________________________________
                          (Ереже бұзудың қысқаша сипаты)
_____________________________________________________________________

Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________
Тестілеу операторының қолы: _________________________________________

Актімен таныстым: ______________________________________________(жоғарыда аталған Ереже
бұзушылыққа жол берген қызметшінің/үміткердің қолы, тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)). Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа
жол берген қызметшінің/үміткердің осы актіге қол қоюдан бас тартқан
жағдайда – тиісті жазба)
_____________________________________________________________________
(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/үміткердің
осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы,
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының            
2013 жылғы 11 желтоқсандағы    
№ 06-7/179 бұйрығына        
4-қосымша             

Мемлекеттік қызметшілерді   
және бос мемлекеттік әкімшілік 
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесіне           
7-қосымша           

нысан

СЕРТИФИКАТ

__________________________________________________ «Б» корпусының
(үміткердің тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)
мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ___________ қаласында
___ бағдарлама бойынша тестілеуден «___» _______________ 20 __ ж. өткенін растайды.

Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Шекті мәні

Дұрыс жауаптардың саны





Сертификаттың қолданылу мерзiмi тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып табылады.
Осы сертификат «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
санаттарына жарамды.

Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________

Тестілеу операторының қолы: _________________________________________
                                   «___» ___________________ 20 __ ж.

     М.О.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының            
2013 жылғы 11 желтоқсандағы    
№ 06-7/179 бұйрығына        
5-қосымша             

Мемлекеттік қызметшілерді   
және бос мемлекеттік әкімшілік 
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесіне           
8-қосымша           

нысан

Шекті мәннен төмен нәтижелерімен
тестілеуден өткені туралы
АНЫҚТАМА

___________________________________ «Б» корпусының мемлекеттік
        (үміткердің аты-жөні)
әкімшілік лауазымына орналасуға ____________ қаласында ____ бағдарлама бойынша тестілеуден шекті мәннен төмен нәтижелерімен «___» ________________ 20__ ж. өткені туралы берілді.

Тест атауы

Тесттегі тапсырмалар сұрақтар саны

Шекті мәні

Дұрыс жауаптардың саны





Осы үміткер қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өте алады.

Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________

Тестілеу операторының қолы:__________________________________________
                                   «___» ___________________ 20 __ ж.

        М.О.