Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 636 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қазандағы № 927 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 37, 429-құжат).
      2. «Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1144 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 523-құжат).
      3. «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 529-құжат).
      4. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесін, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 594-құжат).
      5. «Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 272 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 15, 142-құжат).
      6. «Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1317 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 47, 536-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 47, 538-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1321 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 47, 539-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы  № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 241 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 95-құжат).
      10. «Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 291 қаулысы.
      11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 және 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 786 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 244-құжат).
      12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 2138 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 60, 532-құжат).
      13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 24-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат).
      14. «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 811-құжат).
      15. «Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1239 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 840-құжат).
      16. «Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1750 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 21, 305-құжат).
      17. «Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 291 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 296 қаулысы.
      18. «Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 496-құжат).
      19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 342 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1234-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 499-құжат).
      20. «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 442 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 42, 564-құжат).
      21. «Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 443 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 42, 565-құжат).
      22. «Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1473 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1185-құжат).
      23. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 391 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6 және  7-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 425-құжат).
      24. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 574 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, 535-құжат).
      25. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1037-құжат).
      26. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1571 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2 және 8-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 86, 1078-құжат).
      27. «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 393 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 30, 258-құжат).
      28. «Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 296-құжат).