"Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 509 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 474-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасында:
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Көлік құралының тежеуін басқаруды тексеру көлік құралының санатына байланысты мынадай роликтік тежеуіш стенділерімен жүргізіледі:
      1) N3 және 04 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 16 тоннадан кем емес;
      2) М2, М3, N2, О3 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 10 тоннадан кем емес;
      3) M1, N1, 02 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 2 тоннадан кем емес;
      4) L3, L4, L5 санаттары үшін 1 доңғалаққа түсетін барынша салмақ 0,6 тонна.
      41-тармақта:
      4) тармақшаның он үшінші абзацы алынып тасталсын;
      6) тармақшаның он алтыншы және он жетінші абзацтары алынып тасталсын;
      7) тармақшаның төртінші, жетінші және оныншы абзацтары алынып тасталсын.
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі бастапқы міндетті техникалық байқаудан өту күнінен бастап есептеледі.
      Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігінің 1-тармағының 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы мамыр - қыркүйек аралығында мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен, шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асатын, таксиді қоспағанда, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген M1 санатты механикалық көлік құралдарына қолданылмайды.
      Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігінің 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген механикалық көлік құралдары:
      1) мемлекеттік техникалық байқаудан:
      2011 жылғы мамырда өткендер 2012 жылғы қарашада міндетті техникалық байқаудан өтеді;
      2011 жылғы маусымда өткендер 2012 жылғы желтоқсанда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
      2) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан:
      2011 жылғы шілдеде өткендер 2013 жылғы қаңтарда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
      2011 жылғы тамызда өткендер 2013 жылғы ақпанда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
      2011 жылғы қыркүйекте өткендер 2013 жылғы наурызда міндетті техникалық байқаудан өтеді.".
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 34-тармағы 6) тармақшасының және 44-тармағының қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
      3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін және 2013 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылатын осы қаулының 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 24 сәуірдегі
№ 509 қаулысына   
қосымша      

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен  
бекітілген    

Нысаны

№____ техникалық байқаудың диагностикалық картасы

АКҚ тексеру орыны:                     Бастапқы тексеру
                                        Қайталап тексеру

Мемлекеттік тіркеу белгісі:

Марка, модель:

Шығарылған жылы:

Модель, қозғалтқыш №:

шанақ №:

шасси (рама) №:

Сәйкестендіру нөмірі VIN:



АКҚ меншік иесі:

АКҚ меншік иесінің өкілі:


Тіркеу құжаты:

Серия:

Нөмірі:




100

Тежеу жүйесі

Жұмыстық тежеу жүйесінің үлестік тежегіш күші

101

Тұрақтық тежеу жүйесінің үлестік тежегіш күші

102

Доңғалақтардың тежегіш күшінің салыстырмалы айырмашылығы

103

Пневматикалық тежеу жетегінің герметикалығы

104





Гидравликалық тежеу жетегінің герметикалығы

105

Манометр, сигнал беру жүйесі

106

Сығымдалған ауа қысымы

107

Жұмыстық тежеу жүйесінің іске қосылу уақыты

108

Тежеу кезіндегі желілік ауытқу

109






Қосалқы тежеу жүйесі

110

Тежеу жүйелері элементтерінің жай-күйі

111




200

Рульмен басқару

Жиынтық люфт

201

Бөлшектердің ығысуы, бұрандалық қосылыстардың бекітілуі

202

Рульмен басқаруды күшейткіш

203

Рульмен басқару элементтерінің жай-күйі

204





300

Сыртқы жарық аспаптары

Алыc және жақын жарық фаралары, қосымша фаралар

301

Тұманға қарсы фаралар

302

Тежеу сигналдары

303

Габариттік жарық, артқы, тұманға қарсы жарық

304






Бұрылысты нұсқағыштар, авариялық сигнал беру

305

Тіркеу белгісін жарықтандыру шамы

306

Артқы жүріс жарығы

307

Жарық тойтарғыштар

308

Автопоезд белгісі

309






400

Желқағар әйнектердің әйнек тазалағыштар, әйнек жуғыштары

Әйнек тазалағыштар

401

Әйнек жуғыштар

402


500

Доңғалақтар мен шиналар

Протектордың тозуы

501

Шиналардың зақымдалуы

502

Шиналарды орнату

503

Доңғалақтардың дискілері мен құрсауларының бекітілуі, жай-күйі

504





600

Қозғалтқыш және оның жүйелері

СО және СН құрамы

601

Дизельді қозғалтқыштың түтіндегіштігі

602

Қоректену жүйесі

603

Шығару жүйесі

604





700

Конструкцияның басқа элементтері

Тіркеу белгілері

701

Көлік құралының таңбалануы

702

Артқы көрініс айналары

703

Дыбыстық сигнал

704





Әйнектер (шолу ауқымы, ашықтығы)

705

Спидометр

706

Аспаның, кардан берілісінің элементтері

707

Жүргізушінің отырғышын реттеу тетіктері

708

Есіктердің құлыптары, борттардың, шанның ілмектері

709






Есіктерді басқару жетегі

710

Авариялық шығаберістер

711

Айдап кетуге қарсы құрылғылар

712

Әйнектерді жылыту және желпіту құрылғылары

713

Лайдан қорғағыш алжапқыштар; шашыратқыштар

714






Іліністік құрылғы

715

Медициналық қобдиша, өрт сөндіргіштер, авариялық тоқтау белгісі

716

Жылжуға қарсы тіректер

717

Қауіпсіздік белдіктері

718

Көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгертулер


719






Жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келеді

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейді:

Тексеру жүргізілмеген:

Тексеру барысында анықталған ақаулықтар туралы ескертулер және қосымша ақпарат:


      АКҚ техникалық жай-күйіне тексеру жүргізген:
      Күні: ________________  _______________________________________
                                (Тексеруді жүргізген маманның
                                          аты-жөні,қолы)

      Техникалық байқау орталығының (ТБО) қорытындысы:

      АКҚ ___________________________________________________________
            (ақаусыз/ақаулы) (ТТО маманының лауазымы) (күні, қолы)