"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына дип

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 976 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Құл-Мұхаммед       - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы      ақпарат министрі, төраға

Күзеков            - Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының
Асхат Сәйпиұлы       депутаты (келісім бойынша)

Бекхожин           - «Қазақстан Республикасы Президентінің
Ерлан Қалижанұлы     телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік
                     қоғамының бас директоры (келісім бойынша)

Құдайбергенов      - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық
Нұрлан Баязитұлы     палатасының мүшесі (келісім бойынша);

       көрсетілген құрамнан Дархан Қамзабекұлы Мыңбай, Төлеген Мұхамеджанұлы Мұхамеджанов, Владимир Матвеевич Якушенко шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов