Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Аэронавигациялық оқу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов