Порттың мiндетті қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 451 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422  қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-2-жолмен толықтырылсын:
"42-2. Қазақстан          ИСМ  шілде  тамыз  қыркүйек  А.Б.Баталов
       Республикасының
       кейбір заңнамалық
       кесімдеріне тұрғын
       үй-коммуналдық сала
       мәселелері бойынша
       өзгерістер мен
       толықтырулар енгізу
       туралы                                                  ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі