Мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 624 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
      «Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету» деген 1-кіші бөлімнің реттік нөмірі 2-жолы алынып тасталсын;
      «Ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету» деген 4-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 7-жолдың 2-бағанында «қорғау» деген сөзден кейін «, ипотекалық кредит беру және тұрғын үй құрылысы, салық заңнамасы, бірыңғай кеден одағын құру аясындағы кеден ісі» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37-жолдармен толықтырылсын:

14.

Республикалық газеттердің (Юридическая газета, Заң газеті) көлемін ұлғайта отырып, оларды оның ішінде заңнаманы түсіндіруге бағытталған арнайы апталық газет ретінде айқындау мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, БАМ, Қаржымині, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2011 жыл

Талaп етілмейді


15.

Республикалық «Қазақ радиосында» және республиканың барлық өңірлерінің радиосында «Сұрақ-жауап» құқықтық тақырыбы бойынша тұрақты бағдарлама жасау мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, БАМ, Қаржымині, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), Атырау, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері

2011 жыл

Талaп етілмейді


16.

Республикалық телеарнада құқықтық тақырып бойынша жаңа телебағдарлама жасау мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, БАМ, Қаржымині, ЖС, орталық атқарушы органдар, БП (келісім бойынша)

2011 жыл

Талaп етілмейді


17.

Құқықтық саладағы білімді арттыруға бағытталған, мамандандырылған интернет- сайтты құру және қолдау мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, Қаржымині, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2011 жыл

Талaп етілмейді


18.

Интернет- ресурстарда құқықтық насихат мәселелеріне арналған интернет- жарнаманы жасау және орналастыру мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, Қаржымині, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2011 жыл

Талaп етілмейді


19.

Құқықтық тақырыпты жария ету жөніндегі жарнама науқанының медиа- жоспарын жасау және іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БАМ, Әділетмині, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2011 жыл

Талaп етілмейді


20.

Азаматтардың құқықтық мәдениеті деңгейін жоғарылатуға бағытталған полиграфия және сыртқы жарнама үшін дизайн әзірлеу мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, Қаржымині

2011 жыл

Талaп етілмейді


21.

Азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылатуға бағытталған сыртқы жарнаманы (билбордтар, жарнамалық парақшалар сериясы және тағы басқа) жасау және орналастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Ақмола, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері

2011 жыл

51,617

Жергілікті бюджет қаражаты

22.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ойын нысанындағы құқықтық сауаттылық элементтерін енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ

2011 жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша

Талaп етілмейді


23.

Жалпы білім беретін мектептің 1 және 9 - сыныптарында жүргізілетін негізгі жалпы білім беру пәндерінің бірінің мазмұнына құқықтық жалпыға бірдей оқытуды кіріктіру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ

2011 жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша

Талaп етілмейді


24.

Жоғары оқу орындарындағы «Құқық негіздері» пәнінің бағдарламасына құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі мәселелер мен тақырыптарды енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ

2011 жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша

Талaп етілмейді


25.

Әділет органдарының, «Нұр Отан» ХДП қызметкерлерінің, адвокаттардың, нотариустардың және басқалардың қатысуымен «Әділет органдары кеңес береді» республикалық акциясын өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, «Нұр Отан» ХДП, жергілікті атқарушы органдар

2011 жыл

Талaп етілмейді


26.

Журналистер конкурсын өткізу мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, Қаржымині

2011 жыл

Талaп етілмейді


27.

Прокурорлық тексерулер нәтижесін БАҚ-та жариялау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚР БП

Үнемі

Талaп етілмейді


28.

Заң тақырыбы бойынша маманданатын журналистер үшін олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тақырыпты игеруге көмек көрсету мақсатында арнайы оқыту семинарларын ұйымдастыру мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

Үнемі

Талaп етілмейді


29.

Заңнама ережелерін түсіндіру бойынша әңгімелесу нысанында, соның ішінде «сұрақ-жауап», дәріс, тұрғындармен және БАҚ журналистері мен, оқушы жастармен, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесу нысанында құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2011 жыл

Талaп етілмейді


30.

Оқушылар үшін құқықтық ақпарат берудің пайдаланылатын нысандарының түрін дамыта отырып және балаларды құқықтық тәрбиелеу әдістемесін жетілдіре отырып, соның ішінде алдыңғы қатарлы әдістерді қолдану арқылы кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеуді жандандыру мәселесін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2011 жыл

Талaп етілмейді


31.

Ауыл тұрғындарына көшпелі консультация беруді тұрақты негізде ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, орталық атқарушы органдар, ЖС келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2011 жыл

Талaп етілмейді


32.

Құқықтық насихат және заңнаманы түсіндіру бойынша бірыңғай есептілікті қалыптастыру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, СА, орталық атқарушы органдар

2011 жылғы 3-тоқсан

Талaп етілмейді


33.

Қазақстан Республикасындағы заңи білім беруді одан әрі реформалау және жетілдіру мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша

Талaп етілмейді


34.

Адвокаттар алқасының, нотариаттық палатаның азаматтарға Ашық есік күндерін өткізу және тегін заң кеңесін беру практикасын енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2011 жыл

Талaп етілмейді


35.

Құқықтық ақпараттық қызмет құру және оның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, Қаржымині, орталық атқарушы органдар

2011 жыл

Талaп етілмейді


36.

Мемлекеттік органдардың ведомстволық оқу орындарының, оның ішінде ЖОО-ның жоғарғы курс студенттерін құқықтық насихатты жүргізуге оқу орындарында, еңбек ұжымдарында, қарттар үйінде, және басқа кездесулер ұйымдастыруға тарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша

Талaп етілмейді


37.

Жалпы білім беру мектептерінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен тоқсанына бір рет құқықтық тақырыпта дәрістер, әнгімелесулер, деректі фильмдер көрсетуді өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, БП (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), ІІМ (келісім бойынша)

2011 жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша

Талaп етілмейді


«Ескертпе:» мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«БАМ                - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
                      министрлігі
СА                  - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
«Нұр Отан» ХДП      - «Нұр Отан» Халықаралық демократиялық партиясы».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                                К. Мәсімов