Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 1, 17-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсін:
кiрiспедегі "Заңын" деген сөзден кейiн "және "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңын" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудiң ережесiнде:
1-тармақтағы "(бұдан әрi - Заң)" деген сөздер "және "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңының " деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
алтыншы абзацтағы "кеме нөмiрi" деген сөздер "кеменiң сәйкестендiру нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"жалға алынған шетелдiк кемелердің тiзілімi - "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңы 26-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетiн кемелер тiркелетiн құжат;";
38-тармақ "тiзiлiмiнде" деген сөзден кейiн "немесе жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзілімінде" деген сөздермен толықтырылсын;
39-тармақтағы "Мемлекеттік кеме тiзілiмiнде" деген сөздер "жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Кеменi Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне енгiзу кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайтын кеме куәлігін (8-қосымша) берумен куәландырылады.
Кеменi жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiне енгізу шетелдiк кемеге Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк (9-қосымша) берумен куәландырылады.";
42-тармақтың 3) тармақшасында "тiзілiміне" деген сөзден кейiн "немесе жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiне" деген сөздермен толықтырылсын;
43-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдiк мемлекеттiң кемелерi тiзілімінде тiркелген кеменi жалға алу шартында (кеменi экипажсыз жалға алу шарты) пайдаланатын кез келген тұлға жалға алынған шетелдiк кемелердің тiзiлiмiне тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды отыз күннiң iшiнде беруi тиiс.";
мынадай мазмұндағы сегізiншi абзацпен толықтырылсын:
"жолаушылар куәлiгiн (жолаушылар кемесi үшін);";
тоғызыншы абзацтағы "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне" деген сөздер "жалға алынған шетелдiк кемелердің тiзілiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бесiншi абзацтағы "Мемлекеттік кеме тiзілiмiне" деген сөздерден кейiн "және жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiне" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:
"46-1. Кеменің иесi кеме куәлігін жоғалтқан жағдайда аумақтық уәкілетті орган кеме иесiнiң өтiнiшi бойынша оған көрсетiлген куәлiктің телнұсқасын бередi.
Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру мынадай тәртiппен жүргізіледi:
1) осы Ережеге сәйкес кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру үшін қажетті құжаттарды қабылдау, оларды алған кезде аумақтық уәкiлетті органның лауазымды тұлғасы кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Ұсынылатын құжаттар осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген кезде өтiнiш берушiге құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтінiш берушінің талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартудың жазбаша дәлелденген растамасы беріледi;
2) осы кемеге мәлiмделіп отырған құқықтар мен тiркелiп қойған құқықтар арасында қайшылықтардың, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру үшiн негiздеменің жоқтығын анықтау;
3) көрсетiлген қайшылықтар және кеме куәлiгінің телнұсқасын беру үшiн басқа да негiздемелер болмаған кезде кеме куәлiгінің телнұсқасын беруден бас тарту туралы Мемлекеттік кеме тiзілiмiне жазбалар енгiзу.
Кеме куәлігінің телнұсқасын беру туралы өтінiш 43-тармақтың төртiншi-сегiзiншi абзацтарында көрсетiлген құжаттар қоса берiлген кеме тiзілiмiнiң сауалнамасын қамтуы тиiс.";
56-тармақтағы "Мемлекеттiк кеме тiзілiмiн" деген сөздерден кейiн "және жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзілiмiн" деген сөздермен толықтырылсын;
57-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жалға алынған шетелдiк кемелердің тiзiлiмiне енгiзiлген кеменiң тiркеу нөмiрiне "А" әрпi қосылады.";
60-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Шағын өлшемдi кеме оған тіркеу нөмiрi берiле отырып, кеме кiтабында мемлекеттік тiркеуге жатады.";
екiншi абзацтағы "Мемлекеттiк кеме тiзілiмiн" деген сөздер "Кеме кiтабын" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшіншi абзацтағы "Шағын өлшемдi флот үшiн Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн" деген сөздер "Кеме кiтабын" деген сөздермен ауыстырылсын;
62-тармақ алынып тасталсын;
67-тармақтың бiрiншi абзацында:
"мемлекеттік борттық нөмiр", "борттық нөмiр" деген сөздер "тiркеу нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"билетi" деген сөзден кейiн "(12-қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын;
68-тармақтағы "мемлекеттік борттық нөмiрлердi" деген сөздер "тiркеу нөмiрлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
69-тармақта:
"мемлекеттік борттық нөмiр" деген сөздер "тiркеу нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"билеті" деген сөзден кейiн "(13-қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын;
"Мемлекеттік кеме тiзiлiмi" деген сөздер "кеме кiтабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 8-қосымшада:
"Кеме тiзiлiмi" деген сөздер "Мемлекеттік кеме тiзiлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Кеме куәлiгі түпнұсқада кемеде сақталады (өз бетiмен жүзбейтiн экипажсыз кемеде - кеме иесiнде)" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген Ережеге 9-қосымшада:
"және кемеге меншiк құқығын растайды" деген сөздер алынып тасталсын;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 12-13-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 30 наурыздағы
N 278 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
N 49 қаулысымен бекiтiлген
Кемелер мен оларға
құқықтарды мемлекеттiк
тiркеу ережесiне
12-қосымша
Қазақстан Республикасы КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ Шағын өлшемді (өзі жүзетін) |
Сыртқы жағы
Кеме кітабында аталған 2 |
Жалпы сыйымдылығы __________ |
Желкендердің жалпы |
ДАБЫЛ ҚҰРАЛДАРЫ |
ЗӘКІРЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАУ ҚҰТҚАРУ ҚҰРАЛДАРЫ 25 м лині бар құтқару Экипаждың және Кеудеше, жастық __________ |
ӨРТКЕ ҚАРСЫ АВАРИЯЛЫҚ 1,5+1,5 м брезент __________ Өрт сөндіргіш ______________ Су төккіш қол сорғысы |
Сыртқы жағы
Навигациялық және Магнитті компас___________ |
Осы кеме билеті ___________ ____________қ. (обл.) |
ЖҮЗУГЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА |
||||
Күні |
Куәлан- |
Комитет |
Келесі |
Лауазымы, |
10 |
11 |
Сыртқы жағы
ЖҮЗУГЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА |
||||
Күні |
Куәлан- |
Комитет |
Келесі |
Лауазымы, |
12 |
13 |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 30 наурыздағы
N 278 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
N 49 қаулысымен бекiтiлген
Кемелер мен оларға
құқықтарды мемлекеттiк
тiркеу ережесiне
13-қосымша
Қазақстан Республикасы КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ Шағын өлшемді (өзі жүзетін) |
Сыртқы жағы
1. Кеме билеті кемеде Осы кеме билеті кемеге |
000000 КЕМЕ БИЛЕТІ Осымен нөмірі _____________ |
Жүзуге жарамдылығына жыл 2 |
техникалық куәландырудан |
Сыртқы жағы
Жүзуге жарамдылығына жыл __________________________ |
техникалық куәландырудан |