Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 81 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 сәуірде № 13598 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Әбішева Т.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      Министр Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 17 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 81 қаулысымен
бекітілген

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2020 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы металдар мен асыл тастар туралы заң) сәйкес әзірленген және жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу тәртібін айқындайды.

      Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу тәртібі мыналарды:

      жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беруді;

      жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждағаннан кейін аффинирленген алтын құймаларын алу және аффинирленген алтын құймаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бағалы металдардағы активтеріне есепке алуды қамтиды.

2-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2020 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда Бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аффинирленген алтын құймаларының партиясы – ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келетін аффинирленген алтынның стандартты құймаларынан, аффинирленген алтынның стандартты және өлшеуіш құймаларынан немесе аффинирленген алтынның өлшеуіш құймаларынан және партиямен қатар жүретін сынамалардан тұратын өнімнің партиясы;

      2) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары (бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары) – жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған және Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) сақтауға тапсырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары;

      3) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган – функцияларына республикалық меншікке айналдырылған (келіп түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру кіретін орталық атқарушы органның ведомствосы;

      4) өзге аффинирленген бағалы металдар – алтынды қоспағанда, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждағаннан кейін алынған, ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келетін стандартты және өлшеуіш құймалар түріндегі аффинирленген бағалы металдар және олармен қатар жүретін сынамалар;

      5) сынақтар – аффинирленген бағалы металдардың сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу мақсатында өткізілетін жұмыстар кешені.

3-тарау. Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2020 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Ұлттық Банк жыл сайын 20 қарашаға (қоса алғанда) дейін ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бойынша және оның аумақтық бөлімшелері бойынша мыналарды:

      бағалы металдың түрі мен оның сынамасы (құрамы) бойынша бағалы металдар сынықтарының жалпы массасын;

      бағалы металдар қалдықтарының жалпы массасын есептейді.

      4. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бойынша, оның аумақтық бөлімшелері бойынша аффинаждалғаннан кейін салмағы 11 025 граммнан кем емес аффинирленген алтын құймаларының партиясын алу үшін бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының жеткілікті көлемі болған кезде, Ұлттық Банк ағымдағы жылғы 5 желтоқсаннан (қоса алғанда) кешіктірмей мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның, оның тиісті аумақтық бөлімшелерінің атына ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттің меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған бағалы металдар сынықтарының және қалдықтарының көлемі жөніндегі мәліметтер жібереді.

      Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атына жіберілетін бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының көлемі туралы мәліметтер бір мезгілде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік органға да ақпарат ретінде жіберіледі.

      5. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, оның тиісті аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде мәліметтерде көрсетілген бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының көлемімен келіседі немесе келіспейді.

      Ұлттық Банк бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының келісілген көлемін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17374 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына сәйкес айқындалған, бағалы металдарды аффинаждауды жүзеге асыратын бағалы металдарды өндіру субъектісіне аффинаждау жұмыстарын орындау туралы шарттың негізінде аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға тапсырады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2020 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бойынша, оның аумақтық бөлімшелері бойынша аффинаждалғаннан кейін салмағы 11 025 граммнан кем емес аффинирленген алтын құймаларының партиясын алу үшін бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының жеткілікті көлемі болмаған кезде, Ұлттық Банк ағымдағы жылғы 5 желтоқсаннан (қоса алғанда) кешіктірмей мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның, оның тиісті аумақтық бөлімшесінің атына ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша аффинаждауға тапсыру үшін бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының жеткілікті көлемінің жоғы туралы ақпарат жібереді.

4-тарау. Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары аффинаждалғаннан кейін аффинирленген алтынды алу және аффинирленген алтын құймаларын Ұлттық Банктің бағалы металдардағы активтеріне есепке алу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2020 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Ұлттық Банктің бағалы металдарды аффинаждауды жүзеге асыратын бағалы металдарды өндіру субъектісінен бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары аффинаждалғаннан кейін аффинирленген алтын құймаларын алу мерзімдері мен тәртібі аффинаждау жұмыстарын орындау туралы шарттың талаптарында айқындалады.

      8. Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждағаннан кейін алынған аффинирленген алтын құймаларына, өзге аффинирленген бағалы металдарға сынақтар өткізу және аффинирленген алтын құймаларының, өзге аффинирленген бағалы металдардың сапасы бойынша шағым-талапты ұсыну тәртібі аффинаж бойынша жұмысты орындауға арналған шарттың талаптарында айқындалады.

      9. Ұлттық Банк өткізілген сынақтардың нәтижелері бойынша бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждағаннан кейін алынған аффинирленген алтын құймаларының, өзге аффинирленген бағалы металдардың тиісті сапасын анықтаған күннен бастап немесе бағалы металдардың аффинажын жүзеге асыратын бағалы металдарды өндіру субъектілерімен бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждағаннан кейін алынған аффинирленген алтын құймаларының, өзге аффинирленген бағалы металдардың сапасы бойынша шағым-талаптарды реттеген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде:

      1) бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын өндеумен байланысты шығындардың сомасын есептейді және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның, оның тиісті аумақтық бөлімшесінің атына:

      осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген шығындардың есептелген сомасы туралы;

      бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждағаннан кейін алынған аффинирленген алтын құймалардың және өзге аффинирленген бағалы металдардың саны мен жалпы массасы туралы;

      Ұлттық Банктен өзге аффинирленген бағалы металдарды алу қажеттілігі туралы, сондай-ақ өзге аффинирленген бағалы металдарға сынақтарды өткізумен байланысты болған нақты жоғалтулар туралы ақпаратты жібереді;

      2) Ұлттық Банктің бағалы металдардағы активтеріне бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждағаннан кейін алынған аффинирленген алтын құймаларын есепке алады;

      3) аффинирленген алтын құймаларының партиясымен бірге жүретін сынаманы қоса алғанда, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждағаннан кейін алынған аффинирленген алтын құймаларының құнын бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын өндеумен байланысты шығындарды шегере отырып бюджетке аударады.

      Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, оның тиісті аумақтық бөлімшесі осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктен өзге аффинирленген бағалы металдарды Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құндылықтарды беру актісі бойынша алады. Бұл ретте өзге аффинирленген бағалы металдарға сынақтарды жүргізумен байланысты нақты жоғалтулар қайтарылмайды.

      10. Аффинирленген алтын құймаларының партиясымен бірге жүретін сынаманы қоса алғанда, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждағаннан кейін алынған және Ұлттық Банктің бағалы металдардағы активтеріне есепке алынатын аффинирленген алтын құймаларының құны аталған аффинирленген алтын құймаларын Ұлттық Банктің бағалы металдардағы активтеріне есепке алу күніндегі теңгенің Америка Құрама Штаттарының долларына қатысты ресми бағамына және аталған аффинирленген алтын құймаларын Ұлттық Банктің бағалы металдардағы активтеріне есепке алу күніндегі Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) алтынға белгіленген таңғы фиксингке (баға белгілеуге) қарай теңгемен анықталады.

      Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждағаннан кейін алынған аффинирленген алтын құймалары Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және "Лондондық сапалы өнім беру" ("London good delivery") стандарты ретінде осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген халықаралық стандарттарға сай келмеген жағдайда, онда олардың құнын анықтау кезінде сапа үшін жеңілдік (дисконт) қолданылады.

  Жекелеген негіздер бойынша
мемлекет меншігіне айналдырылған
бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын
аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру
және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Мемлекеттің меншігіне жекелеген негіздер бойынша
айналдырылған бағалы металдар сынықтарының және қалдықтарының
көлемі жөніндегі мәліметтер
_____ жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша

      ___________________________________

      (Мәліметтер ұсынылатын мемлекеттік

      органның атауы)

Р/с

Құндылықтардың атауы

Жалпы массасы, грамм

Химиялық таза массасы, грамм (бар болса)

Ескертпе

1.





2.





3.










  Жекелеген негіздер бойынша
мемлекет меншігіне айналдырылған
бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын
аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру
және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы

      (филиалы)

      № ___ дана

      Бекітемін

      <Лауазымы>

      <Аты-жөні>

      ____ жылғы "___" _________

      № ____

      құндылықтарды беру

      актісі

      Құндылықтардың атауы: <Шоттың атауы>

      Иесі: <Иесінің атауы>

      Беру үшін негіздеме: <Құжаттың аты> № <Құжаттың нөмірі> <Күні>

      Нақты берілгені:

Саны, дана/орын:

<Цифрлармен> (<жазумен>)

Жалпы/лигатуралық массасы*, грамм:

< Цифрлармен> (<жазумен>)

Лигатуралық массасы, унция:

< Цифрлармен> (<жазумен>)

Химиялық таза массасы, грамм:

< Цифрлармен> (<жазумен>)

Химиялық таза массасы, унция:

< Цифрлармен> (<жазумен>)


Орам түрі

Саны

Таңбалардың сипаттамасы

Саны






      Иесінің өкілі: <Тегі аты әкесінің аты (ол бар болса)>

      Құндылықтарды алу кезінде <Күні> № <Нөмірі> сенімхат ұсынылды.

      Берілген құндылықтар: иесінің <Иесінің атауы> "<Шоттың атауы>"

      шотынан есептен шығарылды

      Қалдық мынаны құрайды**:

      <Күні> № <Құжаттың нөмірі> <Құжаттың атауы> құжат бойынша:

Саны:

<Цифрлармен>

Жалпы/лигатуралық** массасы, грамм

<Цифрлармен>

Таза химиялық массасы, грамм

<Цифрлармен>


      Бергендер:

<Лауазымы>


_________

<Аты-жөні>

<Лауазымы>


_________

<Аты-жөні>


      Қабылдады:

Иесінің өкілі

_________

<Аты-жөні>


      Құндылықтардың берілгенін растаймыз:

< Лауазымы >

_________

<Аты-жөні>

< Лауазымы >

_________

<Аты-жөні>

< Лауазымы >

_________

<Аты-жөні>


      Акт екі дана етіп жасалды: 1-данасы – іске тігіледі, 2-данасы –

      иесіне, 1-данасының көшірмесі есепке алу бөлімшесіне беріледі.

      Есептік № <Есептік нөмірі> <Күні>

      Орындаушы: <Аты-жөні>

      Ескертпе:

      * - лигатуралық масса құйма және түйіршік түріндегі бағалы металдар,

      сондай-ақ Доре қорытпасы, катод алтыны, сынықтар, қорытпа түріндегі

      техникалық мақсаттағы өнім үшін көрсетіледі, ал жалпы масса

қондырғылары бар бұйымдар үшін көрсетіледі;