"Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер ен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 208 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 216-бабының 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметшілер және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтарды (бұдан әрі ‒ сыйлықтар);";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды алып қойған (берген) сот орындаушылары немесе органдар (тұлғалар) уәкілетті органды немесе жергілікті атқарушы органды мүлікті беру күні, орны және уақыты туралы олардың орындалуына дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып және өзге де (алып қою актілері, сот сараптамасының актілері, атқару парақтары және басқалары) құжаттар болған кезде жазбаша хабардар етеді.

      Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға беру мүлікті сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілердің қатысуымен, уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тізімдеу актісін жасай отырып, мынадай мерзімде:

      сот орындаушыларынан – "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде;

      мүлікті алып қойған органдардан – заңды күшіне енген тиісті сот актісін алған күннен бастап екі ай ішінде;

      мүлікті беретін тұлғадан (декларант) – кедендік декларация тіркелген күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мүлікті сақтау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

      Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

      Республикалық (коммуналдық) меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдауды уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

      Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

      Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді. Бағалаушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкін мүлікке "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын арнайы комиссия сараптама жасайды.

      Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған мүлiк тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсу бойынша мемлекеттік музейлерге өтеусiз берiлуі мүмкін.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорына қосылады.

      Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен тұрғын үйлерді одан әрі пайдалану тәртібі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мемлекеттік қызметшілер немесе "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтар, егер мұндай әрекеттер көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына орай осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе, не көрсетілген адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне айтылмай келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін табыс етілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып есептеледі және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламамен қоса, тізімдеу актісі бойынша оларды уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі.";

      26-1 және 26-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-1. Сыйлықты уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы.

      26-2. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде уәкілетті орган мен сыйлықты алған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырылады.

      Тапсырылған сыйлықты беру "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған, сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлықтың құнын толық төлегеннен кейін уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) жер учаскелері мемлекеттік жер қорына қосылады.

      Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған жер учаскелерін одан әрі пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен реттеледі.";

      31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тамақ өнiмдерiн, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, сәйкестендіру құрылғыларынсыз өткізілетін темекi бұйымдарын және құрамында шығарылған елі белгісіз темекi бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлiктi Қазақстан Респубикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган құратын комиссия жояды.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 217-бабына сәйкес қажет болған жағдайларда комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өзге де мамандары тартылады.

      32. Мүлікті есепке алуға, бағалауға, сақтауға, тасымалдауға, қайта жіберуге, оны өткізуді ұйымдастыруға және одан әрі пайдалану жөніндегі өзге де шығындарға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізілген жағдайда оның құнын өтеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Залалдар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 9-бабының 4-тармағына сәйкес өтелуге жатады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 208 қаулысына
қосымша
Жекелеген негiздер бойынша
мемлекет меншiгiне
айналдырылған (түскен) мүлiктi
есепке алу, сақтау, бағалау және
одан әрi пайдалану
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі

20__ жылғы "___" ___________
(жасалған күнi)

________________________
(акт жасалған жер)

      Мына құрамдағы комиссия:

      уәкiлеттi орган (жергілікті атқарушы орган)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (уәкiлетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, мекенжайы, жеке

      сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________өкiлi

      (жауапты жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________сот орындаушысы

      (әділет органының атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі, жұмыскердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      өкiлі (мүлікті беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мүлікті алып қойған

      (беретін) органның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________өкiлі

      __________________________________________________________________________

      (мүлiк уақытша жауапты сақтауындағы ұйымның атауы, мекенжайы, жеке

      сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________________________________________өкiлі

      __________________________________________________________________________

      (мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________________________________бағалаушысы

      __________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      лицензияның күнi және нөмiрi)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (мүлiкті бағалауды жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, лицензияның күнi

      және нөмiрi) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833

      қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне

      айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану

      қағидаларының негiзiнде иеленуші___________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (мүлiктiң бұрынғы иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру

      нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру

      нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі) тиесілі, төмендегі мүлікті:_________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (соттың атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, сот

      шешiмiнiң нөмiрi, күнi) сот актілерінің негізінде тіркелген (оның ішінде заттай

      дәлелдемелер)___________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________________________________ немесе иесіз деп таныған

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (соттың атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, сот

      шешiмiнiң нөмiрi, күнi)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе мүлiкті берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі) немесе ________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________ мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен мүлікті

      (ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе

      мүлiкті берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру

      нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі), оның iшiнде

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, тауарларға арналған кедендік декларацияның күнi мен нөмiрi) кедендік

      декларацияға сәйкес "мемлекет пайдасына бас тарту" кедендік рәсімімен орналастырылған

      ________________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру

      нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi) немесе нотариустың куәлiгiне

      сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өткен деп танылған тауарлар мен көлiк

      құралдарын, сыйлықтарды

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе

      мүлікті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру

      нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі) сондай-ақ құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекет

      меншiгі құқығының туындағанын куәландыратын басқа да құжаттардың негiзінде өзге де

      мүлiкті тізімдеуді және қабылдауды жүргізді

Мүлiктi тiзімдеу және бағалау

Р/с №

Әрбiр зат толық сипатталған мүлiктiң атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Мүлiктi қабылдау кезiнде бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге*

Барлық сомасы, теңге

Есепке қабылдау үшін негіз болып табылатын құжатта көрсетілген

Қайта есептеу (қайта өлшеу) қорытындылары бойынша нақтысы

1

2

3

4

5

6

7

      Жиыны (жазумен):

      __________ ________________________________________________________________

      __________ _______________________________________________________________

      Бюджетке аударуға жататын жиыны

      ____________ ______________________________________________________________

      ____________ _____________________________________________________________

      Осы акт ____ данада жасалды.

      Комиссия мүшелерi: ___________

      ____________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________

      ____________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________ _____________________________________________________________

      ((бағалаушы сарапшының қолы және мөрi (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______ жылғы "___" __________

      Иеленушінiң қолы____________

      Осы актіде көрсетiлген мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым. Сақтауға

      қабылданған мүлiктiң жойылғаны, жасырылғаны, жоғалғаны, ауыстырылғаны немесе

      бүлiнгенi үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша

      қылмыстық және материалдық жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.

      _______ жылғы "___" ___________ ___________ (қолы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы немесе

      мүлiкті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      * Бұл баған мүлiкті уәкiлетті органға (жергілікті атқарушы органға) берушi ұйым алдын

      ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.