РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 152-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мәміленің жазбаша нысаны қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жасалады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі «электрондық құжаттар» деген сөздерден кейін «, электрондық хабарлар» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 397-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жазбаша не электрондық офертада акцептiге арналған мерзiм қамтылмаған кезде, егер оферта жiберген тұлға акцептiні – заңнамада белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн, ал егер ондай мерзiм белгiленбесе, оны ол үшін қажеттi қалыпты уақыт iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.».
2. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат):
1) 49-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға құжаттаманы қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда:»;
2) 72-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін рұқсат беру органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.»;
3) 149-баптың 6-тармағының 2) тармақшасындағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 164-баптың 1-тармағындағы «ақпараттың жалпыға бiрдей қолжетiмдi мемлекеттiк ақпараттық ресурстарына» деген сөздер «ақпаратты қамтитын жалпыға бiрдей қолжетiмдi мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 289-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қауіпті қалдықтар паспорты қалдықтар пайда болған кезден бастап үш ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда берілетін еркін нысандағы өтінім және қауіпті қалдықтар паспорты негізінде тіркелуге жатады.».
3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 167-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерге ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы қоса беріледі.»;
2) 169-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттік ұйымдар – байланысты гранттарды алушылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, ал ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттар бойынша – сонымен қатар ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органға донордың уәкілетті өкілі және өтінімі бойынша байланысты грантты тарту жүзеге асырылған орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдардың бірінші басшысы қол қойған байланысты грантты пайдалану туралы түпкілікті есепті ұсынады.»;
3) 170-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептерді мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынуын көздейді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».
4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша:
«электрондық түрде», «электрондық түрдегі», «электронды түрде», «Электрондық түрде», «электронды түрдегі», «Электронды түрде» және «ақпараттық-коммуникациялық желі» деген сөздер тиісінше «электрондық нысанда», «электрондық нысандағы», «электрондық нысанда», «Электрондық нысанда», «электрондық нысандағы», «Электрондық нысанда» және «телекоммуникациялар желісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«компьютерлiк жүйелер», «Компьютерлік жүйе», «компьютерлік жүйенің», «компьютерлік жүйе», «Компьютерлік жүйелерді», «Компьютерлік жүйелердің», «компьютерлік жүйелерді», «компьютерлік жүйелердің», «компьютерлік жүйенің» деген сөздер тиісінше «аппараттық-бағдарламалық кешендер», «Аппараттық-бағдарламалық кешен», «аппараттық-бағдарламалық кешеннің», «аппараттық-бағдарламалық кешен», «Аппараттық-бағдарламалық кешендерді», «Аппараттық-бағдарламалық кешендердің», «аппараттық-бағдарламалық кешендерді», «аппараттық-бағдарламалық кешендердің», «аппараттық-бағдарламалық кешеннің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 151-4-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 455-баптың 1) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);»;
4) 456-баптың кестесінің 9-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қойғаны үшiн:»;
5) 557-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «орындауы туралы» деген сөздерден кейін «қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 645-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігіндегі «байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып,» деген сөздер «ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерiнiң басқа мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiмен ақпарат алмасу мәселелерi бойынша интеграциясы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 27-баптың 5) тармақшасындағы «ақпараттық ресурстары деректерiнiң» деген сөздер «электрондық ақпараттық ресурстарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 95-баптың 5-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қан мен оның компоненттерінің донорлығына, сондай-ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың психиканың үнемі бұзылуын, алкогольдік, есірткілік тәуелділікті және тәуелділіктің өзге де түрлерін, агрессия мен зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға бейімділікті қоса алғанда, қоғам үшін қауіпті бұзылу мен аурулардан зардап шегетін адамдардың диспансерлік есепте тұрғаны туралы дәрігерлік құпияны құрайтын электрондық құжат нысанындағы ақпаратты беру жөніндегі сұрау салуларына байланысты жағдайлардан басқа, жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi пайдалану кезiнде жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды олардың рұқсатынсыз басқа дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникациялар желiлеріне қосуға жол берiлмейдi.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi заңсыз жинағаны және өңдегені үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.».
6. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық технологиялар», «ақпараттық технологияларды», «ақпараттық технологиялармен» деген сөздер тиісінше «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында 70-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«70-бап. Кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстары»;
3) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 57) тармақшамен толықтырылсын:
«57) электрондық құжат нысанындағы кедендік декларация – кедендік декларациялауға қажетті және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың негізінде декларант кеден органдарының ақпараттық жүйесінде көрсететін мәліметтердің жиынтығы.»;
4) 23-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «ақпараттандыру ресми және өзге де мерзiмдiк баспасөз басылымдарында Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн жариялау жолымен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олар туралы ақпаратты телевизия және радио арқылы жалпы жұрттың назарына жеткiзу жолымен» деген сөздер «ақпарат беру Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтiк құқықтық актiлерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланыла отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 67-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендiру Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
6) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«70-бап. Кеден органдарының электрондық ақпараттық
ресурстары
1. Электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық жеткізгіште, кеден органдарының интернет-ресурсында және (немесе) ақпараттық жүйесінде қамтылған ақпарат кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстары болып табылады.
2. Кедендiк операцияларды жасау кезiнде ұсынылатын құжаттар мен мәлiметтер, сондай-ақ оларды жасау үшiн қажеттi құжаттар негізінде қалыптастырылған кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетiмдiлiк шектеулi болады.
Кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және оларға қол жеткізу тәртiбi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында айқындалады.
3. Кеден органдарының Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады.
Жалпыға бiрдей қолжетiмдi электрондық ақпараттық ресурстар кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында және «электрондық үкіметтің» веб-порталында орналастырылады.»;
7) 162-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттық-коммуникациялық желі», «электрондық түрде» деген сөздер тиісінше «телекоммуникациялар желісі», «электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 165-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттық-коммуникациялық желі», «электрондық түрде» деген сөздер тиісінше «телекоммуникациялар желісі», «электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 192-баптың 2-тармағындағы «технологияларды» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 209-баптың 1-тармағындағы «технологияларды» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 288-баптың 1-1-тармағындағы «құжат түріндегі» деген сөздер «құжат нысанындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша:
«ақпараттық-коммуникациялық желілерді», «ақпараттық-коммуникациялық желі», «ақпараттық-коммуникациялық желіге», «ақпараттық-коммуникациялық желінің», «ақпараттық-коммуникациялық желімен», «ақпараттық-коммуникациялық желіде», «ақпараттық-коммуникациялық желілер» деген сөздер тиісінше «телекоммуникациялар желілерін», «телекоммуникациялар желісі», «телекоммуникациялар желісіне», «телекоммуникациялар желісінің», «телекоммуникациялар желісімен», «телекоммуникациялар желісінде», «телекоммуникациялар желілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға», «ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға», «ұлттық электрондық ақпараттық ресурстардан» және «ұлттық ақпараттық жүйеге», «ұлттық ақпараттық жүйеден» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға», «мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға», «мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан» және «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне», «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 41) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«41) электрондық жеткізгіш – ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ оны техникалық құралдардың көмегімен жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш;»;
3) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«147-бап. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан
Республикасының дербес деректер және оларды
қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Дербес деректердi қорғау жөнiндегi шараларды қолдану мiндетi жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру –
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып не электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу арқылы не өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу мақсатында жасаған іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз тарату не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру –
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармада, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып тарату –
жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
8. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат):
187-баптың бірінші бөлігіндегі «ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға» және «ұлттық ақпараттық жүйелерге» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға» және «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат, № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж.. № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат, № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
31-тараудың тақырыбында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
639 және 692-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«639-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу»;
«692-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган»;
мынадай мазмұндағы 692-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«692-1-бап. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган»;
2) 79-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Меншiк» деген сөз «Егер осы әрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, меншiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Егер осы іс-әрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, дербес деректерді жоғалтуға, заңсыз жинауға және (немесе) өңдеуге әкеп соққан іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 284-баптың жетінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «компьютерлік жүйелердің», «компьютерлік жүйелерді» деген сөздер тиісінше «аппараттық-бағдарламалық кешендердің», «аппараттық-бағдарламалық кешендерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 423-баптың ескертпелерінің 1-тармағындағы «компьютер желiлерiнде» деген сөздер «телекоммуникациялар желілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 451-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «сондай-ақ ақпарат агенттiгінің хабарлары мен материалдарын» деген сөздер «ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын» деген сөздер «ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 456-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi баспасөз басылымын шығару, ақпараттық агенттiктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату, өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен теле-, радиоарналардың эфирге шығуы –»;
7) 637-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан негiзсiз бас тартуы не байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге көрінеу шектеулі жағдайлар белгілеуі;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) радиоэлектрондық құралдардың техникалық өлшемдері Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде радиожиілік спектрін пайдалану;»;
мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5) және 9-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидаларын бұзу;
9-2) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне жалғау қағидаларын бұзу;
9-3) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бұзуы;
9-4) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібін бұзу;
9-5) байланыс операторының соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуы;
9-6) желілік мекенжайларды ауыстырып жіберу;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын сақтамауы;»;
мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беру жөніндегі міндетті орындамауы;
12) байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасаспай, байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс қызметтерін көрсетуі, сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуы түрінде жасалған бұзушылық –»;
екінші абзац «лауазымды» деген сөздің алдынан «жеке тұлғаларға – он,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы «лауазымды» деген сөздің алдынан «жеке тұлғаларға – жиырма,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацы «Абоненттер» деген сөзден кейін «және (немесе) байланыс қызметтерін тұтынушылар» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «жекелеген қызмет түрін немесе белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын үш айға дейін тоқтата тұрып,» деген сөздер алып тасталып, «бір мың» деген сөздер «екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«5. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу бойынша шаралар қолдану жөніндегі міндеттерді орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу бойынша шаралар қолдану жөніндегі міндеттерді орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
байланыс саласында қызметтер ұсынуға арналған лицензияны тоқтата тұруға әкеп соғады.
9. Ұялы байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамауы –
радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
10. Радиожиілік спектрін бір жыл бойы пайдаланбау –
радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
11. Ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір мың, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Жиілік белдеулерін, радиожиiлiктерді (радиожиілік арналарын) беру, радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
радиоэлектрондық құралдар немесе жоғары жиiлiктi құрылғылар тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын:
«Ескертпелер.
1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құрылғылар деп бiр немесе бiрнеше радиотаратушы немесе радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және қосалқы жабдықтан тұратын, радиотолқындарды беруге және қабылдауға арналған техникалық құралдар түсiнiледi.
2. Осы Кодексте жоғары жиiлiктi құрылғылар деп, электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиiлiк энергиясын өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда генерациялауға және жергiлiктi пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсiнiледi.
3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін байланысты ажырату және (немесе) шектеу деп байланыс операторының, еңсерілмейтін күшпен немесе жүргізілетін профилактикалық және (немесе) авариялық қызмет көрсетумен байланысты мән-жайларды қоспағанда, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық, анықтама және басқа да қызметтермен байланысудың мүмкін болмауына әкеп соққан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлардағы әрекеті (әрекетсіздігі) түсініледі.»;
8) 639-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«639-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау
құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу
1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды мемлекеттік техникалық қызметтің бағдарламалық (бағдарламалық-техникалық) құралдарының жұмысына кедергі келтіру немесе оларды бұғаттау, сол сияқты мемлекеттік техникалық қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік техникалық қызметпен өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттандыру объектілерімен жұмысына кедергі келтіру түрінде жасалған бұзушылық –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қайталап жасалған немесе ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасын туындатуға әкеп соқтырған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) 640-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«640-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және
электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын
бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тарту –
лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның сақтаудағы ашық кілттерін жоғалтуды, түрлендіруді және қолдан жасауды болғызбау үшін қажетті шараларды қолданбауы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін иеленушілер туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етпеуі –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тіркеу куәлігін иеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін құқыққа сыйымсыз қол жеткізуден және пайдаланудан қорғау үшін, сондай-ақ ашық кілттерді сақтау бойынша шараларды қолданбауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін басқа тұлғаларға заңсыз беру –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
10) 641-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«641-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы
заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын:
1) дербес деректер қамтылған ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырмауы немесе тиісті түрде жүзеге асырмауы;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бұзу;
3) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияландырылған немесе мемлекеттік органның электрондық ақпараттық ресурстарын қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның интернет-ресурсын және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатынсыз өнеркәсіптік пайдалану;
4) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін ұсынбау;
5) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштегі түпнұсқаларын жоғалту;
6) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке жүргізілген сынақтар бойынша оң нәтижесі бар актісі жоқ мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалану түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін дайындамау –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
11) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде және тоғызыншы бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында)», «637 (төртiншi бөлiгiнде)» деген сөздер тиісінше «452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде)», «637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 692-бапта:
«Байланыс және ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі «637 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерiнде)» деген сөздер «637 (бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он екінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) мынадай мазмұндағы 692-1-баппен толықтырылсын:
«692-1-бап. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган
1. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 452 (бірінші, екінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мыналар:
1) ақпарат саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары;
2) ақпарат саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.»;
14) 701-баптың бірінші бөлігі «621 (бірінші, екінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 637 (он екінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 729-баптың бірінші бөлігіндегі «452 (бірінші, екінші, бесінші, жетінші, сегізінші бөліктерінде, тоғызыншы бөліктің 1), 2), 3) тармақшаларында, оныншы бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
16) 802-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «көрсеткiштерi себептер болып табылады.» деген сөздер «көрсеткiштерi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бақылау-өлшеу аппаратурасының және (немесе) радиотехникалық бақылау құралдарының көрсеткіштері себептер болып табылады.»;
17) 804-бапта:
бірінші бөлікте:
12) тармақшадағы «145-баптар» деген сөздер «145, 509-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) тармақша «476» деген цифрлардан кейін «, 637 (он үшінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын;
23) тармақшада:
«байланыс және ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «ақпараттандыру және байланыс саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«637 (төртінші бөлiгi)» деген сөздер «637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөлiктерi)» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) тармақшада:
«451, 452 (үшінші, төртінші, алтыншы бөліктері және тоғызыншы бөліктің 4), 5) және 6) тармақшалары),» деген сөздер алып тасталсын;
«456,» деген цифрлар алып тасталсын;
62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«62) ақпарат саласындағы уәкілетті органның (451, 452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері), 456-баптар);»;
18) 903-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«903-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары
жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру
туралы қаулыны орындау тәртiбi
1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою арқылы жүргiзiледi.
2. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айырылған тұлға радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қоюды белгiленген тәртiппен жүргізеді.
3. Радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою тәртiбiн ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.».
10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат, № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.»;
2) 8-баптың 9-тармағының 11) тармақшасындағы «саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның» деген сөздер «саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 30-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкі осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын өздерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.»;
4) 38-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда қызметтер көрсеткені үшін төлемақыны қабылдауға және жүргізуге байланысты халыққа көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін өздерінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен тікелей немесе банкаралық ақша аудару жүйесі операторының ақпараттық жүйесі арқылы интеграциялауды жүзеге асырады.»;
5) 50-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша – сұрау салуда көрсетілген тұлғаға банк шотының тиесілілігі және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету кезінде жылжымалы мүліктің кепіл шартының бар-жоғы туралы мәліметтерді электрондық нысанда беруі;
4-2) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалар төлемдерді жүзеге асырған кезде ақша сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жөнелтуші және бенефициар туралы мәліметтерді электрондық нысанда беруі;»;
7-тармақтың б) және г) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: олардың іс жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша, жеке тұлғаның шоттарда немесе банкте сақтаулы жатқан ақшасына және өзге де мүлкiне тыйым салынуы, олардан өндiрiп алу немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларда, анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойған, мөрiмен расталған жазбаша сұрау салу не біріншi басшының немесе тергеушiнің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысандағы сұрау салу, прокурордың санкциясы, оның ішінде электрондық нысанда салынған санкциясы негiзiнде;»;
«г) прокурорға: қарауындағы материал бойынша оның құзыретi шегiнде, қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылған тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде.»;
6) 51-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі «ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша» деген сөздер «телекоммуникациялар желісі бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж, № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 8-2-баппен толықтырылсын:
«8-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де
органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана
отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызмет
1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызметті прокуратура органдары Республиканың Бас Прокуроры бекітетін талдамалық жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін жоспардан тыс ақпараттық-талдамалық қызмет үшін:
1) Республиканың Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының тапсырмалары;
2) Республиканың Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының келісімімен мемлекеттік органдардың негізделген сұрау салулары негіз болып табылады.
3. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызмет мынадай факторларға сүйене отырып жүзеге асырылады:
1) құқық бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған шараларды, оның ішінде заңнамалық шараларды тұжырымдау мақсатында теріс құбылыстарды анықтау;
2) құқықтық қатынастардың әртүрлі салаларында заңдылықты бұзу фактілері туралы сандық және сапалық мәліметтерді анықтау;
3) теріс құқықтық құбылыстардың профилактикасы және жолын кесу бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
4) заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйін, оның ішінде өңірлер бөлінісінде сипаттайтын мәліметтерді зерделеу және қайта өңдеу.
Әрбір негіз бойынша ақпараттық-талдамалық қызметті жүзеге асыру қажеттілігін және олардың тізбесін Республиканың Бас Прокуроры қадағалау қызметі шеңберінде айқындайды.
Осы баптың 3-тармағында көзделген ақпараттық-талдамалық қызмет, әдетте, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған мәліметтерді, жеке тұлғалардың нақты дербес деректерін ашпай, иесіздендірілген түрде пайдалана отырып жүргізіледі.
Айрықша жағдайларда жеке тұлғалардың дербес деректерін пайдалана отырып жүргізілетін мұндай ақпараттық-талдамалық қызмет Республика Бас Прокурорының әрбір жағдай үшін жеке қабылданатын тиісті бұйрығының негізінде жүргізілуі мүмкін.
4. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған талдамалық ақпарат мемлекеттік органдарға тек қана олардың өз функцияларын жүзеге асыруы мақсатында, жеке тұлғалардың нақты дербес деректерін ашпай, ақпараттық-анықтамалық материал түрінде беріледі.
5. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстардың толықтығы мен анықтығы үшін осы электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері және (немесе) иеленушілері жауапты болады.
6. Ақпараттық-талдамалық қызмет, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызмет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
Ақпараттық-талдамалық қызмет кезінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінде электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді және оларды өңдеуді прокуратура органдарының қызметкерлері қорғалған жеткізгіштерде сақталатын электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, сертификатталған компьютерлерде, жеке үй-жайларда жүзеге асырады.
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызметті жүзеге асыру тәртібін, негіздерін және оны жүзеге асыруға құқығы бар прокуратура органдарының лауазымды адамдарының тізбесін (санаттарын) Республиканың Бас Прокуроры айқындайды.
7. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.»;
2) 11-баптың 4-1) тармақшасы үшінші абзацындағы «бойынша нормативтiк құқықтық актiлер;» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою мәселелері бойынша;
құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің деректерін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызметтің негіздерін, тәртібін және оны жүргізген кезде прокуратура органдары қызметкерлерінің жауаптылығын белгілейтін нормативтiк құқықтық актiлер;»;
3) 12-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы «орындалуын» деген сөз «қолданылуын» деген сөзбен ауыстырылып, «практикасына» деген сөзден кейін «, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалана отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 21-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді алуға байланысты жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, көрсетілген әрекеттерге санкция Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы да куәландырылуы мүмкін.»;
5) 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған мәліметтерге Республиканың Бас Прокуроры белгілеген тәртіппен рұқсат алуға;».
12. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат):
1) 12-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, үкіметтік байланысты, шифрланған және құпияландырылған байланысты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүдделерінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін пайдалануға, дамытуға, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;»;
2) 13-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітетін қағидаларға сәйкес радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды жүзеге асыру;»;
11) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарындағы, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарындағы мемлекеттiк құпиялардың, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің және шифрлау жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асыру, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;»;
«19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтандыру құралдарын әзiрлеу, жасау, сатып алу және пайдалану, бұл ретте мемлекеттік шифрлық құралдарды әзірлеу, шығару және жарақтандыруға қабылдау және оларды (барлаудың техникалық құралдарынан) арнайы қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;»;
мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3), 20-4) және 20-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау;
20-2) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, пайдалану, дамытуды, қолдап отыруды, интеграциялауды, пайдалануды тоқтатуды, қорғауды жүргізу;
20-3) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған тәртіппен, мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді және жоюды жүзеге асыру;
20-4) арнайы куәландырушы орталықты Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, аккредиттеу, оның қызметін тоқтату, сондай-ақ оның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту;
20-5) үкіметтік байланыс желілерін, ұлттық қауіпсіздік органдарының шифрланған байланыс желілерін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүддесінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, пайдалануға қабылдау, пайдалану, дамыту және пайдалануды тоқтату;».
13. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
1) 2-бапта:
8-1) тармақша алып тасталсын;
14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалдық немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;»;
2) 9-1-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) ажырату үшін қызмет ететін (арналған) туындылар (тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды, дараландыру құралдары) авторлық құқық объектілері ретінде тіркелмейді.»;
3) 16-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «ақпараттық-коммуникациялық желіде» деген сөздер «телекоммуникациялар желісінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
4-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi;».
15. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1-баптың 13) тармақшасындағы «мемлекеттiк» деген сөз «атқарушы» деген сөзбен ауыстырылсын.
16. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйе – мемлекеттік құпияларды қамтитын ақпаратты жасауға, іздеуге, жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, таратуға, бейнелеуге, пайдалануға және тұтынуға арналған, қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйе;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс – электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық жеткізгіште, мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпарат;»;
2) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау тәртібін айқындайды;
5-2) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау, пайдалануды тоқтату және қорғау тәртібін айқындайды;
5-3) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді мемлекеттік құпияға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу және жою тәртібін айқындайды;
5-4) арнайы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін айқындайды;»;
3) 14-бап мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелер туралы мәліметтер.».
17. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі – бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін жинау және оны Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан талдау процесі;»;
«8-1) желілік басылым – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, уәкілетті органда есепке қою рәсімінен өткен интернет-ресурс;»;
2) 4-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы
мемлекеттік реттеу
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау арқылы жүзеге асырылады.»;
3) 4-3-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қоюды, қайта есепке алуды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттiктер мен желілік басылымдардың тізілімдерін жүргізеді;
2-2) эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізеді;»;
«8-1) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асырады;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асырады;
13-2) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді;
13-3) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;»;
4) 4-4-баптың 2), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
5) 4-5-бапта:
тақырыптағы «Мемлекеттік» деген сөз «Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтар алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды тексерулер нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.»;
6) 5-баптың 1-тармағында:
үшінші бөліктегі «құралдарының», «радиоарнасын», «және (немесе) ақпарат агенттiгiн», «негіздеме» деген сөздер тиісінше «құралының», «радиоарнаны», «, ақпараттық агенттiкті және (немесе) желілік басылымды», «негіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік «талаптар» деген сөзден кейін «, ерікті тәртіппен есепке қойылған желілік басылымдарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық
агенттікті және желілік басылымды есепке қою
немесе қайта есепке алу
1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым міндетті түрде есепке қойылуға жатады.
2. Есепке қою немесе қайта есепке алу үшін мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның меншік иесі не ол уәкілеттік берген тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетін өтініш береді.
3. Мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен алым алынады.
4. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралуға жатады. Өтiнiштi қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiне есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлiк бередi не одан мынадай негiздер бойынша:
1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны немесе қайта есепке алғаны туралы куәлiк берген болса;
2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса;
3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою үшiн алым төленбесе;
4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды қайта есепке алу туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына немесе ақпараттық агенттікке не желілік басылымға меншiк құқықтарын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нөмірі мен күні көрсетілмесе;
5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпараттық агенттік не желілік басылым есепке қоюға мәлiмделген болса не атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпараттық агенттік не желілік басылым мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда бас тартады.
5. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап үш ай ішінде мерзімді баспасөз басылымының өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды.
Ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иелері есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап алты ай ішінде хабарлар мен материалдарды таратуға кірісу құқығын сақтайды.
Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкілетті органның шешімімен мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады.
Егер мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша желілік басылымның меншік иесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқаны анықталса, уәкілетті органның шешімімен желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады.
6. Мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, сондай-ақ басылымның не материалдар мен хабарлардың аты, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға жатады.»;
8) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық
агенттікті және желілік басылымды есепке қою
немесе қайта есепке алу туралы өтініш
1. Мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiште:
1) мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiнiң – жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жерi, мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiнiң – заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi;
2) мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның материалдары мен хабарларының тiлi (тiлдерi);
3) шығарылымның болжамды мерзiмдiлiгi;
4) негiзгi тақырыптық бағыты;
5) таралу аумағы;
6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс.
2. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу кезiнде өзге талаптарды қоюға тыйым салынады.»;
9) 13-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Интернет-ресурсқа қолжетімділікті тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының нұсқамасы бойынша жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, бұқаралық ақпарат құралын не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін шығару соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар, интернет-ресурстардың меншік иелері бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.
7. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, соттың бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру туралы шешімінің заңды күшіне енуі домендік атты дәл сол немесе қайталанатын атаумен пайдалануға үш айдан аспайтын мерзімге тыйым салуға әкеп соғады.
Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, соттың бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы шешімі домендік атты тіркеудің күшін жоюға және тіркелуі сот шешімімен жойылған домендік атты дәл сол немесе қайталайтын атаумен бір жыл ішінде пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.»;
10) 14-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Субъектілер эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.»;
11) 15-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мерзiмдi баспасөз басылымының әрбiр шығарылымында мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс:
1) мерзiмдi баспасөз басылымының атауы;
2) мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi;
3) бас редактордың (редактордың) тегi және инициалдары;
4) есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi және оны берген органның атауы;
5) басылымның мерзiмдiлiгi;
6) мерзiмдi баспасөз басылымының рет нөмiрi мен жарық көрген күні;
7) таралымы;
8) баспахананың атауы, оның мекенжайы және редакцияның мекенжайы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ақпараттық агенттіктер және желілік басылымдар арнайы мақсаттағы бөлімде:
1) ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауын;
2) ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иесінің тегі мен инициалдарын немесе атауын;
3) бас редактордың (редактордың) тегі мен инициалдарын;
4) есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәліктің нөмірі мен берілген күнін және оны берген органның атауын;
5) редакцияның байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефон нөмірін, электрондық поштасының мекенжайын) орналастыруға міндетті.»;
12) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi
даналары және теле-, радиобағдарламалардың
материалдарын сақтау
1. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын, оның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарын не олардың бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысанын олар әзiрленген күнi ұлттық кiтапханаларға және уәкiлеттi органға жiбередi.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының (теле-, радиоарналардың) редакциялары өздерінің эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын алты ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өзiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу журналында тіркеуге және оны осы журналда соңғы жазба жасалған кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға мiндеттi. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар жазбалар Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасында айқындалатын тәртiппен сақталады.
3. Уәкілетті орган мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастырады.».
18. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15,118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 24, 144-құжат):
9-2-баптың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, рұқсат беру құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беруге бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;».
19. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 79-бапта:
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқару жүйесiн пайдалануға беру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды дерекқордың орындауын тексерудi уәкiлеттi органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелерi дерекқорды басқару жүйесiн пайдалануға беру актiсiнде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша көрсетiледi.»;
6-тармақтың 3) тармақшасындағы «ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 82-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы және 3-тармағының 5) тармақшасы «ақпараттық ресурстар» деген сөздердің алдынан «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын.
20. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
27-баптың 1-тармағының 21-3) тармақшасы алып тасталсын.
21. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
20-бап мынадай мазмұндағы 11-10) тармақшамен толықтырылсын:
«11-10) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;».
22. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) арнайы куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының уәкілетті бөлімшесі;
3) архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы – архивтер мен құжаттаманы басқарудың орталық атқарушы органы;
4) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растайтын заңды тұлға;
5) куәландырушы орталықты аккредиттеу – куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ресми тануы;
6) қол қоюшы тұлға – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін құқыққа сыйымды иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
7) құжаттың электрондық көшірмесі – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
8) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
9) тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат;
10) тіркеу куәлігін иеленуші – өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті құқыққа сыйымды иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
11) электрондық архив – архивтік электрондық құжаттардың жиынтығы;
12) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
13) электрондық құжат айналымы – мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында электрондық құжаттар алмасу;
14) электрондық құжат айналымы жүйесі – қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;
15) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы – электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;
16) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
17) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның төлнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
18) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаға қолжетімді және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;
19) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.»;
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
1. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
4) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді;
7) объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;
9) шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекітеді;
10) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекітеді;
11) куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді;
12) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының төлнұсқалығын растау қағидаларын бекітеді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы:
1) электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
2) электрондық құжаттар мен электрондық архивті пайдалана отырып іс қағаздарын жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
4) электрондық құжаттар мен электрондық архивті пайдалана отырып іс қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 6-баптың 2) тармақшасындағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей.»;
2-тармақтағы «ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша» деген сөздер «телекоммуникациялар желісі арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу және жою тәртібін, сондай-ақ арнаулы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.»;
5) 10-бапта:
1-тармақ 3) тармақшасындағы «пайдаланылғанда, бiрдей заңдық салдарларға әкеп соғады.» деген сөздер «пайдаланылғанда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаны жасағанда және тіркеу куәлігін бергенде, бiрдей заңдық салдарға әкеп соғады.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады.
Тұлға әртүрлі ақпараттық жүйелерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттеріне ие бола алады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін басқа тұлғаларға беруге болмайды.
3. Заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін иеленуші – заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам осы заңды тұлғаның жұмыскеріне немесе өзі тағайындаған адамға осы заңды тұлғаның атынан электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға өкілеттік беруге құқылы.»;
6) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңбаны тану
Шетелдiк тiркеу куәлiгi бар шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңба мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес;
2) шетелдік куәландырушы орталықтар Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейін;
3) шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптары Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейiн Қазақстан Республикасының аумағында электрондық цифрлық қолтаңба деп танылады.»;
7) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Тіркеу куәлігін беру
Тіркеу куәлігі он алты жасқа толған адамға ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.»;
8) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Тіркеу куәлігін беруден бас тарту
Куәландырушы орталық:
1) ұсынылған құжаттар толық болмаған;
2) анық емес мәліметтер ұсынылған;
3) соттың заңды күшіне енген шешіміне сәйкес;
4) адам он алты жасқа толмаған жағдайларда, тіркеу куәлігін беруден бас тартады.»;
9) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) тіркеу куәлігін алған кезде анық емес мәліметтер беру фактісі анықталғанда;»;
«2-1) тіркеу куәлігін иеленушінің тегі, аты немесе әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгергенде;
2-2) тіркеу куәлігін иеленуші – заңды тұлғаның атауы ауысқанда, ол қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда;»;
10) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Шетелдiк тiркеу куәлiктерiн тану
Шетелдiк тiркеу куәлiгi мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес;
2) шетелдік куәландырушы орталықтар Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейін;
3) шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптары Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейiн куәландырушы орталық берген, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын тiркеу куәлiгiмен қатар танылады.»;
11) 20-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысушыларға» деген сөздер «ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) мынадай мазмұндағы 20-2-баппен толықтырылсын:
«20-2-бап. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу
1. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарға қатысты жүзеге асырады.
2. Егер куәландырушы орталықтың өтінішінде анағұрлым қысқа мерзім көрсетілмесе, куәландырушы орталықты аккредиттеу үш жыл мерзімге тегін негізде жүзеге асырылады.»;
13) 21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тіркеу куәлігінің әрбір үлгісі үшін тіркеу куәлігін қолдану қағидаларын бекітеді;»;
14) 24-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.».
23. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталы – қылмыстық құқық бұзушылықтар мәселелері бойынша электрондық ақпараттық ресурстарға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-2), 12-3), 12-4) және 12-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-2) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді жариялайды;
12-3) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының:
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалануды, қолдап отыруды, дамытуды, оның мониторингін жүзеге асыру;
құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің іркіліссіз және тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ оны қорғауды қамтамасыз ету;
құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінде электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің анықталған кемшіліктеріне жедел ден қоюды қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырады;
12-4) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуі, оған әкімшілік ету, пайдалану үшін жауапты лауазымды адамдарды айқындайды;
12-5) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;»;
3) 8-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «құпиялары және заңмен қорғалатын құпиялары бар, алынатын мәлiметтердiң» деген сөздер «құпияларды және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын алынатын мәлiметтердiң, сондай-ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды;»;
5) мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2 және 16-3-баптармен толықтырылсын:
«16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де
органдардың ақпарат алмасу жүйесі
1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкерлеріне мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық ақпараттық ресурстарды беруге арналған, электрондық ақпараттық ресурстарды тек қана олардың осы Заңға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру шеңберіндегі сұрау салулары бойынша алуына мүмкіндік беретін, құпия ақпараттық жүйе құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі болып табылады.
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы және ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
16-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де
органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық
ақпараттық ресурстарды алу тәртібі мен негіздері
1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алуды жүйеде тіркелген пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы және байланыстың қорғалған арналары арқылы жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сай келетін электрондық құжат нысанындағы сұрау салу қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей дәрежеде болады.
3. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің, іздестіру істері мен атқарушылық іс жүргізудің шеңберінде ақпарат алу үшін сұрау салуда ақпаратты талап етіп алдыруға негіз болған мән-жайлар көрсетіледі.
Сұрау салудың негізділігі құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының дерекқорларда пайдаланушының іс жүргізуінде сұрау салуға бастама жасау үшін негіз болған материалдардың бар-жоғын салыстырып-тексеру арқылы тексеруіне жатады.
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алу тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.
4. Соттарға ақпарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес және осы баптың 3-тармағының талаптары сақтала отырып, қаралатын қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер шеңберінде беріледі.
16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де
органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған
электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану
бойынша шектеулер
1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдаланушылар сұрау салудың негізділігін, алынған ақпараттың тек қана сұрау салуда мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.
2. Алынған ақпарат өзін сұратуға негіз болған материалдарда сақталады. Мұндай ақпараттың көшірмесін жасауға, оны алып қоюға, кейіннен беруге, таратуға тыйым салынады.
3. Ақпаратты сақтау мерзімдері, шарттары негізгі материалдың мазмұнына сүйене отырып айқындалады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жойылуға жатады.
4. Сұрау салулардың негізділігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстармен жұмысты ұйымдастыруға және оларды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарды осы органдардың басшылары айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.».
24. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 2-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – жеке тұлғалар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін және заңды тұлғалар үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірін қамтитын, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы мәліметтер, биллингтік мәліметтер және оларға көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер, абоненттік құрылғының желіде орналасқан жері, деректер беру желісіндегі мекенжайлары және деректер беру желісінде интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, интернет-ресурсты сәйкестендірушілер, деректер беру желісінің хаттамалары;»;
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) абоненттік нөмірді көшіру – абоненттің басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде оған ұсынылатын, ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді сақтап қалу және пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет;
4-2) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры – абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты қамтитын дерекқорларды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені;
4-3) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы – абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және оның ресурстарына қол жеткізуді ұсынатын ұйым;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) байланыс операторы – Қазақстан Республикасында тіркелген, байланыс қызметтерiн көрсететін заңды тұлға;»;
22) тармақшадағы «бағдарламалық-аппараттық кешен» деген сөздер «аппараттық-бағдарламалық кешен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-1), 30-1), 30-2), 30-3), 32-1), 32-2 және 36-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) желілік трафик (бұдан әрі – трафик) – белгілі бір уақыт кезеңінде телекоммуникациялар желісі арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі;»;
«30-1) жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақтың шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, жылжымалы байланыс желілерінде (ұялы, транкингтік, спутниктік телекоммуникациялар желісінде және басқаларда) жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
30-2) интернет-трафик – белгілі бір уақыт кезеңінде Интернетке жалғау арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі;
30-3) интернет-трафик алмасу нүктесі – Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының интернет-трафигін өткізу (алмасу) жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешен;»;
«32-1) куәландырушы орталық – уәкілетті орган айқындайтын, электронды нысанда қауіпсіздік сертификаттарын беретін заңды тұлға;
32-2) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесі – телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді және байланыс арналарын қамтитын, басқарушы өлшемдерді қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені;»;
«36-1) қауіпсіздік сертификаты – шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;»;
62) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 64-1), 73-1) және 73-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«64-1) тіркелген желінің абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақтың және нөмірлендіру ресурстарының шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері бар, тіркелген байланыс желілерінде (жергілікті телекоммуникациялар желісінде және басқаларда) жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;»;
«73-1) халықаралық трафикті өткізу – Қазақстан Республикасының халықаралық байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясы мен басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станциялары арасында қосылуды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;
73-2) халықаралық түйісу нүктесі – Қазақстан Республикасының халықаралық байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станцияларымен қосуға арналған телекоммуникациялар құралдары;»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 14-10) тармақшамен толықтырылсын:
«14-10) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйе мекемелерінің аумағында арнайы техникалық жабдықты пайдалану кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;»;
3) 8-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6), 6-7), 6-8), 6-9), 8-5), 8-6) және 8-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау қағидаларын бекіту;
6-2) қауіпсіздік сертификатын беру қағидаларын бекіту;
6-3) қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бекіту;
6-4) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдануын мемлекеттік бақылау;
6-5) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау тәртібін мемлекеттік бақылау;
6-6) куәландырушы орталықты айқындау;
6-7) Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізудің қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту;
6-8) байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін бекіту;
6-9) телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту;»;
«8-5) ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту;
8-6) кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту;
8-7) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;»;
мынадай мазмұндағы 19-17) тармақшамен толықтырылсын:
«19-17) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және қабылдау;»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;»;
4) 9-1-баптың 1-тармағында:
2) тармақша «иелікке берудің» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, жұмыс істеуін, қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз етуді және оның ресурстарына қолжетімділік беруді;
5-2) Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және халықаралық байланыс операторларының интернет-трафик алмасу нүктелерін ұйымдастыруды және техникалық қолдап отыруды;
5-3) куәландырушы орталықты ұйымдастыруды және техникалық қолдап отыруды;»;
5) 12-бапта:
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсатта байланыс түрі немесе стандарты, пайдаланудың аумағы, пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың типі мен техникалық өлшемдері, сондай-ақ елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер көрсетіледі.»;
8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсат уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мынадай:
1) радиожиілік спектрі бір жыл бойы пайдаланылмаған;
2) ұялы байланыс операторы Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайларда алып қойылады.»;
6) 15-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің
орталықтандырылған дерекқоры операторының
жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын
органдармен өзара іс-қимылы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер:
1) байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыруға;
3) байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, желілерге және байланыс құралдарына қойылатын талаптарға және тәртіпке сәйкес, жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз етуге;
5) байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес жасалатын байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасалған кезде ғана байланыс қызметтерін көрсетуді, сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
2-тармақтағы «абоненттік құрылғылардың», «абоненттік құрылғы» деген сөздер тиісінше «жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының», «жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы мәліметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынастары осы Заңға және Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.»;
7) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Байланыс операторларының радиосигналды
бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды
санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе)
оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық
жабдықты пайдаланатын мемлекеттік органдармен
өзара іс-қимылы
1. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуді қамтамасыз ету мақсатында олардың аумақтарының шегінде радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты қолданады.
2. Байланыс операторлары:
1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты орнату кезінде ішкі істер органдарына консултациялық-техникалық жәрдемдесуді;
2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қоюды және шаралар қолдануды қоса алғанда, өзінің байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етуге міндетті.
3. Радиосигналды бұғаттауға арналған арнайы техникалық жабдық Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиіс.»;
8) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі
қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы
хабарлама
1. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті бастаған кезден бастап уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті.
Хабарламада:
байланыс операторының атауы;
байланыс операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
байланыс қызметтерінің атауы;
байланыс қызметтерін көрсету аумағы көрсетіледі.
2. Байланыс операторының атауы, оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, байланыс қызметтерінің атауы және байланыс қызметтерін көрсету аумағы өзгерген жағдайда, байланыс операторы осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен хабарлама жіберуге міндетті.
3. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті тоқтатқан кезден бастап уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті.
Хабарламада байланыс операторының атауы және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.»;
9) 21-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мыналарды:
халықаралық түйісу нүктелерін ұйымдастыруды, тіркеу мен пайдалануды;
ұйымдастырушылық-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарушы өлшемдерді қалыптастыруды;
қолданылатын байланыс құралдарына және оларды басқаруға қойылатын талаптарды, байланыс желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, байланыс желілерін пайдалануға беруді және олардың орындалуын бақылауды қамтитын Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желiлерiн орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртiбiн айқындайды;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiне кiретін барлық санаттардағы желiлердің байланыс операторлары өз желiлерiн басқару орталықтарын құруға мiндеттi, олар Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс.
Оператордың техникалық қызметінің басшысы Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс.
Телекоммуникациялар желiлерiн құру кезiнде байланыс операторлары желiлер жабдығының жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуді қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн ұлттық стандарттарға технологиялық тұрғыдан сәйкес болуын қамтамасыз етедi.»;
4-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «көрсетілетін байланыс қызметтерін іске асыру әдісі (бекітілген және жылжымалы) бойынша айқындалатын» деген сөздер «ұсынылатын байланыс қызметтерін іске асыру тәсілі бойынша айқындалатын, тіркелген желінің қосылған абоненттік құрылғысына не жылжымалы желінің абоненттік құрылғысына қарай тіркелген және жылжымалы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ведомстволық телекоммуникациялар желiлері бір-бірімен мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын мемлекеттік шифрлау құралдарын және ақпаратты қорғаудың басқа да құралдарын пайдалана отырып өзара іс-қимыл жасайды.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
7-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникациялар желілері Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге арналған, олар ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілерін негіз ретінде пайдалана алады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шифрланған, құпияландырылған, кодталған байланыс желілерін және арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, басқару, пайдалану, нөмірлеуді бөлу, жұмыс істеуін, ақпараттық қауіпсіздігін, трафик өткізуді, өзара іс-қимыл жасау және пайдалануға қабылдау (пайдаланудан шығару) шарттарын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін осы желілер қажеттіліктерін өтеуге арналған Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.»;
10) 23-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, уәкілетті органдар реттейтін бағалар (тарифтер) бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады.»;
11) 24-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Пошта байланысы операторларының көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында реттеледі.»;
3, 4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
12) 25-бапта:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Халықаралық трафикті өткізу Қазақстан Республикасының шекарасында халықаралық түйісу нүктелерін тіркеу тәртібінің сақталуы ескеріле отырып, халықаралық байланыс операторларының желілері арқылы ғана жүзеге асырылады.»;
13) 26-баптың 2 және 3-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан бас тартуына не байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар белгілеуіне жол берiлмейдi.
Байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар деп байланыстың үстем операторы белгілейтін, жалғанатын байланыс операторының оларды орындауы өзге жалғану жағдайларында жұмсалатын шығындарға мөлшерлес келмейтін немесе жер учаскесі меншік иесінің, жер пайдаланушының, ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің өз аумақтарында және (немесе) ғимараттарында немесе құрылыстарында телекоммуникациялар желісін төсеуден бас тартуына байланысты мүмкін болмайтын жалғануға арналған техникалық шарттар түсініледі.»;
«3-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары:
1) жалғанудың (қосылудың) стандартты нүктелерінің тізбесін жариялауға;
2) өз қаражаты есебінен интернет-трафик алмасу нүктелерінің және Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен интернет-трафик алмасу нүктелеріне және Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне өз желілерінің жалғануын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының аумағында ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары арқылы шифрланған трафикті қоспағанда, трафикті өткізуді қауіпсіздік сертификатын қолдана отырып шифрлауды қолдайтын хаттамаларды пайдаланып жүзеге асыруға міндетті.»;
14) 28-5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бақылау-өлшеу аппаратурасы және радиотехникалық бақылау құралдары деп әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактісін тіркейтін, метрологиялық тексеруден өткен радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың өлшемдері мен сипаттамаларын өлшеудің сертификатталған техникалық құралдарын түсінген жөн.»;
15) 28-8-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «мониторингі» деген сөз «мониторингін уәкілетті орган» деген сөздермен, 6) тармақшасындағы «жүзеге асырылады» деген сөздер «жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 29-бап мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында телекоммуникациялық жабдықтарды орналастыру үшін байланыс операторларына шарт негізінде алаңдарды тең жағдайларда беруге міндетті.»;
17) 36-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
«1-3. Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету кезінде байланыс операторы соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеуге міндетті.»;
4-тармақтағы «абоненттер туралы» деген сөздер алып тасталсын;
18) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын:
«36-1-бап. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді
көшіру
1. Абонент үшін абоненттік нөмірді көшіру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Абонент басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде абоненттік нөмірді сақтауға және пайдалануға құқылы.
2. Ұялы байланыс операторлары Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес абоненттік нөмірлерді ұялы байланыс желілерінде көшіруді қамтамасыз етуге міндетті.
3. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлерді көшіру кезінде тек қана абонеттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры арқылы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
4. Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының жұмыс істеу және оның ресурстарына қолжетімділік беру, сондай-ақ абоненттік нөмірлерді көшіруге қатысушылардың арасындағы ұйымдастырушылық-техникалық өзара іс-қимыл жасасу және өзара есеп айырысу тәртібі ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалады.
5. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалатын мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беруді қамтамасыз етуге міндетті.
6. Байланыс операторлары өз желілерінде абоненттік нөмірді көшіруді және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша барлық шығындарды (желіні, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңғыртуға, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорымен өзара іс-қимылға) өздері көтереді.
7. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын тәртіппен өз ресурстарына қолжетімділік бергені үшін абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
8. Абонент кейіннен шарт жасаса отырып, өзі желісіне ауысатын ұялы байланыс операторына абоненттік нөмірді көшіру туралы өтінім береді.
9. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалатын мерзімде және шарттарда жүзеге асырады.
10. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс абоненттерінің басқа ұялы байланыс операторына ауысуына кедергі келтіруге құқылы емес.»;
19) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
«39-1-бап. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы
электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді
алу кезінде абоненттік нөмірді пайдалану
тәртібі
1. Абонент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алуға құқылы.
2. Абонент жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірді «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосуы қажет.
3. Абонентті сәйкестендіру оның ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін абонент электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланады.»;
20) 40-бапта:
1-1-тармақтағы «абоненттер туралы» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Абоненттер және байланыс қызметтерін пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактілерін жасыру мақсатында жасалған, желілік мекенжайларды ауыстырғаны үшін жауапты болады.»;
21) 41-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының уәкілетті органға заңды бұзушылықтарды жою туралы енгізген нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желісі арқылы таратылған жағдайда, уәкілетті органның нұсқамасы бойынша байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеу бойынша дереу шаралар қолдануға міндетті.
Телекоммуникациялар желісінде ақпаратты орналастырған тұлға уәкілетті органның нұсқамасына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.»;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «1-тармағында» деген сөздер «1 және 1-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 1-баптың 16) тармақшасы «кредиттiк бюроның» деген сөздерден кейін «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 8-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «жүйесін» деген сөзден кейін «өнеркәсіптік» деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «iске қосу» деген сөздер «өнеркәсіптік пайдалануға беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредиттiк тарихтардың деректер базасын басқару жүйесiн өнеркәсіптік пайдалануға беру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды кредиттiк бюроның орындауын тексерудi ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып құрылған уәкiлеттi органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелерi кредиттiк тарихтардың деректер базасын басқару жүйесiн өнеркәсіптік пайдалануға беру актiсiнде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша көрсетiледi.»;
3) 17-баптың 9) тармақшасы және 19-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы «ақпараттық ресурстар» деген сөздердің алдынан «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын.
26. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-баптың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«42) стандарттау жөнiндегi техникалық комитет – бекiтiлген стандарттау объектiлерi немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзiрлеу және мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысу үшiн ерiктi негiзде экономика салаларында ұйымдар базасында құрылатын консультациялық-кеңесшi орган;»;
2) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында ұйымдар базасында құрылады.
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.».
27. «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат):
1) 15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және ақпараттық жүйелердi құруға және дамытуға жәрдемдесу;»;
2) 19-2-баптың 3-тармағы «мемлекеттік» деген сөзден кейін «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын.
28. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) бейнеконференцбайланыс – өзара қашық бірнеше абоненттің нақты уақыт режимінде аудио- және бейнеақпарат алмасу мүмкіндігін ала отырып, интерактивтік өзара іс-қимыл жасасуына арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланылатын байланыс қызметі;
1-2) бейнеөтініш – «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асыратын, өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды адамға жіберілген бейнеформаттағы жеке немесе ұжымдық ұсыныс, арыз, шағым, сұрау салу немесе үн қосу;»;
«3-1) онлайн-қабылдау – «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асыратын, субъектінің, лауазымды адамның жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін бейнеконференцбайланыс арқылы қабылдау жөніндегі әрекеті;»;
4) тармақшадағы «электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат» деген сөздер «электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және
бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар»;
3-тармақ «жазбаша» деген сөзден кейін «не бейнеөтініш арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».
29. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «ақпараттық» деген сөздің алдынан «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 7-баптың 2-тармағы «үшін» деген сөзден кейін «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын;
3) 8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерінде электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
30. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 20-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның екінші абзацындағы «оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен» деген сөздер «электрондық цифрлық қолтаңба арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган көздеген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 21-баптың 2-1-тармағындағы «ақпараттық ресурстар» деген сөздер «электрондық ақпараттық ресурстар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 27-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі «электрондық цифрлық қолтаңбасымен» деген сөздер «электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 31-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «электрондық цифрлық қолтаңбасымен» деген сөздер «электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 34-баптың 1-1-тармағындағы «электрондық цифрлық қолтаңбасымен» деген сөздер «электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
31. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат):
1) 1-бапта:
33) тармақшадағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) тармақшадағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланыла отырып, электрондық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру жағдайларын қамтамасыз етеді.».
32. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат):
8-баптың 13) тармақшасындағы «ақпараттық ресурстарын» деген сөздер «электрондық ақпараттық ресурстарын» деген сөздермен, 9-баптың 11) және 27) тармақшаларындағы «ақпараттық ресурстарды» деген сөздер «электрондық ақпараттық ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 11-баптың 7-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 32-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асыру талабы қызметтiң мынадай түрлерi:
1) бағдарламалық қамтылымды, дерекқорларды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалау, әзірлеу, ендіру, тәжірибелік шығару және шығару, сондай-ақ дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері, электрондық көрсетілетін қызметтер;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болып табылмайды.».
34. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар):
23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті, оның iшiнде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі құрылады және нығайтылады.».
35. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
6) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 6-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;
4) 7-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асырады;
3-2) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекітеді;»;
5) 8-бапта:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы
мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік техникалық қызмет телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкiлеттi органның жиiлiктердi, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) iрiктеу бойынша жұмыстарды жүргiзуiн техникалық қолдап отыруды;
2) телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкiлеттi органның теле-, радиоарналарды халықтың қабылдауының сапасын бақылауды жүргiзуі кезiнде жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді;
3) телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманы сақтау бойынша бақылау жүргiзуді техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.»;
7) 11-бапта:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы «уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 12-баптың 2 және 5-тармақтарындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 13-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Шетелдік теле-, радиоарналардың Қазақстан
Республикасының аумағындағы қызметі
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында тарататын шетелдік теле-, радиоарналар уәкілетті органда міндетті есепке қойылуға жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктерін міндетті есептік тіркетуді жүргізеді.
3. Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (үлестер, пайлар) пакеті, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалары бар шетелдік теле-, радиоарналарды Қазақстан Республикасының аумағында тарату Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (үлестерінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан аспай қатыстырылатын заңды тұлғаны құра отырып жүзеге асырылады.
Мыналар:
1) сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар;
2) тағайындалу кезінде заңда белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы бар азаматтар;
3) шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдар;
4) өздерінің кінәсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған, бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде көрсетілген заңды тұлғаның басшысы және (немесе) теле-, радиоарнаны эфирге дайындауды және оның шығуын жүзеге асыратын адам (редактор) бола алмайды.»;
11) 19-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою олардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптаудан кейін жүзеге асырылады.
Діни бағыттағы шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін дінтану сараптамасынан кейін жүзеге асырылады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
12) 24-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның 19-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның өкілі арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау;»;
13) 27-баптың 4-тармағының екінші сөйлемі «тәртібін» деген сөзден кейін «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 34-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға тек қана телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның өкілі арасында жасалған шарттың негізінде жол беріледі.»;
15) 42-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшкенге дейін атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының және өзімен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан өтініш жасаған бір өтініш берушіге бір жалғама деген есеппен жүргізіледі.
Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады және ол берілгеннен кейін оны алған өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдарға берілмейді.».
36. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 1-баптың 1) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«9) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;»;
2) 9-баптың 8), 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
9) Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің қағидаларын бекітеді;
10) Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;»;
3) 10-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;»;
4) 11-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;»;
5) 18-баптың 3) тармақшасы «веб-порталы» деген сөздерден кейін «және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері электрондық құжат нысанында «электрондық үкімет» веб-парталындағы пайдаланушының кабинетіне, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша қысқа мәтіндік хабар түрінде оның абоненттік нөміріне жіберіледі.
2-2. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасымен реттеледі.
2-3. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушы оларды қағаз жеткізгіште ұсыну қажеттілігінсіз, заңдық мәні бар фактілерді растау үшін пайдаланады.»;
7) 23-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы және 4-тармағындағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай» деген сөздер «Бірыңғай» деген сөзбен ауыстырылсын.
37. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат):
12-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «тұлға» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының аумағында сақталатын» деген сөздермен толықтырылсын.
38. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 9-тараудың тақырыбындағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-қосымшаның 30-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
30. |
Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу |
Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік |
»;
4) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 37 және 38-тармақтармен толықтырылсын:
«37. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
38. Эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарлама.».
39. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат; № 23, 143-құжат):
1-баптың 2) тармақшасындағы және 7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 35-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацын, 10) тармақшасын, 11) тармақшасының төртінші абзацын, 12) және 14) тармақшаларын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев