1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 г., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат):
19-бабының 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік» деген сөздер «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат, 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
741-баптағы «Кеден кодекстерiнде» деген сөздер «кодексінде, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж. № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж. № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж. № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; 2010 ж., № 7, 28, 32-құжаттар):
1) 209-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан» деген сөздер «Кеден одағының кедендiк шекарасынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 214-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «, лицензия бергенi үшiн алынатын алымдарды» деген сөздер алып тасталсын;
3) 250-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:
«не есірткі заттарды» деген сөздер «тауарларды, атап айтқанда есірткі заттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«декларацияламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттiң кеден шекарасы арқылы өткізу» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу не заңсыз өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; 2010 ж., № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат):
1) 35-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және кеден шекаралары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 45-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы «тоқтата тұру» деген сөздерден кейін «, оның ішінде тізілімнен алып тастау» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 52-бапта:
тақырып «тоқтата тұру» деген сөздерден кейін «, оның ішінде тізілімнен алып тастау» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Тізілімнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
4) 53-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Жеке меншік тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
5) мынадай мазмұндағы 143-1-баппен толықтырылсын:
«143-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым
салу белгіленген адамның осындай қызметпен
айналысуы
Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген адамның осындай қызметпен айналысуы -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары (дивидендтері), ақшасы, бағалы қағаздары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 163-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«163-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру
және (немесе) олардың айналымы саласындағы
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін декларациялау қағидаларын, этил спирті және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы бойынша декларацияларды, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы қағидаларын:
алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген орындарда сақтау және өткізу;
лицензияда көрсетілмеген мекенжай бойынша этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы (экспорттан басқа);
алкоголь өнімін аралас полимер ыдыстармен, оның ішінде полиэтиленмен қапталған картон ораммен және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетімен өткізу, сол сияқты тұрқы бұзылған ыдыспен, анық сынған белгiлерi бар, тығыны бүлінген шөлмектермен бөлшек саудада өткізу;
алкоголь өнімін (шарап материалдарынан, сырадан және күштілігі он екі пайызға жетпейтін градусы төмен ликер-арақ өнімдерінен басқа) қаңылтыр ыдыспен, заттаңбасы жоқ шөлмектермен және пластикалық ыдыстармен сату;
алкоголь өнімінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағадан төмен бағамен айналымда болуы (экспорттан басқа);
екі және одан да көп лицензиаттың бір мекенжай бойынша, сол бір стационарлық үй-жайларда, этил спиртін (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретіндегі денатурацияланған этил спиртін (этанолды) және (немесе) алкоголь өнімін сақтауы және өткізуі;
этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ілеспе жүкқұжаттарынсыз сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде бұзу -
жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының бес жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, лауазымды адамдарға – жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының сегіз жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылық жасау нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, лауазымды тұлғаларға – жүз қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру қағидаларын:
уәкілетті органға этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы мәліметтерді беруден бас тарту немесе дұрыс емес ақпарат беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;
ауыз су қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеген кезде алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) суды кондициялауға арналған жабдықпен жарақтандырмай өндіру;
алкоголь өнімін ақаулы бақылаушы есепке алу аспаптарымен не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын бақылаушы есепке алу аспаптарымен өндіру;
этил спиртін ақаулы, сол сияқты есептегі нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшеуіш аппараттарымен өндіру;
спирт өлшеуіш аппараттарын, бақылаушы есепке алу аспаптарын, фланецтік қосындыларды пломбасыз пайдалану немесе уәкілетті органдар салған пломбаларды алып тастау;
екі және одан да көп лицензиаттың сол бір мекенжай бойынша, бір стационарлық үй-жайларда сол бір жабдықта этил спиртін (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретіндегі денатуратталған этил спиртін (этанолды) және (немесе) алкоголь өнімін өндіру мен сақтау түрінде бұзу -
лауазымды адамдарға – жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға – жүз елу, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің және олардың айналымының шарттарын:
осындай қызмет бойынша лицензия қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру;
тағамдық емес шикізаттан өндірілген этил спиртінен, сол сияқты денатурацияланған этил спиртінен (этанолдан) алкоголь өнімін өндіру түрінде бұзу -
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.
8. Балалар мекемелерiнде, білім беру ұйымдарында және оларға жүз метр радиуста іргелес жатқан аумақтарда алкоголь өнімін өткізу –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.»;
7) 163-4-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
«дара кәсіпкерлерге – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға» деген сөздер «тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацында:
«дара кәсіпкерлерге – отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға» деген сөздер «тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің төртінші абзацында:
«дара кәсіпкерлерге – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға» деген сөздер «тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацында:
«дара кәсіпкерлерге – отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға» деген сөздер «тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 206-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Импорттаушы тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы табыс етуге тиіс өтінішті қоспағанда, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі -»;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Импорттаушының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде салық органына табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) 207-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық төлеушінің кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да салық салу объектiлерiн жасыру деп түсініледі.»;
10) 209-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтың және басқа да міндетті төлемдердің сомасын декларацияда, есепте, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште төмендетіп көрсету - »;
ескерту мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер тұлға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште жанама салықтардың сомаларын төмендеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болған жағдайда, мұндай тұлға импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда жанама салықтардың көрсетілген сомаларын төмендеткені үшін бөлек әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;
11) 210, 213 және 214-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«210-бап. Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және
(немесе) аудару жөнiндегi мiндеттердi
орындамауы
1. Салық агентінің ұстап қалуға және (немесе) бюджетке аударуға жататын салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы -
лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталмаған сомасының отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агентінің бюджетке аударуға жататын ұстап қалған салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Тұлға салық агенті дербес анықтаған және қосымша салық есептілігінде көрсетілген салықтардың ұсталған (ұсталуға тиіс) сомалары бойынша, оларды салық органына қосымша салық есептілігін табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетке аударған жағдайда осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;
«213-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда,
мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың
жекелеген түрлерін өндіру және олардың
айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, акцизделетін тауарларды декларациялау қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарды, сондай-ақ акцизделетін тауарлардың өндірілуі мен айналымы бойынша декларацияларды табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу -
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының темекі бұйымдарының өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын:
уәкілетті органға темекі бұйымдарының өндірілуі мен оның айналымы саласындағы мәліметтерді беруден бас тарту немесе дұрыс емес ақпарат беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;
темекі бұйымдарын лицензияда көрсетілген мекенжайдан басқа орында өндіру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жабдықтарда өндіру;
лицензия берілген күннен бастап бір жыл ішінде темекі бұйымдарын өндіру бойынша қызметті жүзеге асырмау түрінде бұзу -
лауазымды адамдарға – жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға – жүз елу, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және өткізу шарттарын:
этилдендiрiлген бензиннiң айналымы, сондай-ақ кондициялық емес мұнай өнiмдерiн өткiзу және оларды одан әрі өңдемей сақтау;
мұнай өндірушілер мен жеткізушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан, автожанармай құю станцияларынан тыс орындарда өткізу;
мұнай өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарынсыз өткізу және (немесе) тасымалдау;
бақылаушы есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды алып тастау;
темекі бұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағалардан төмен бағаларда айналымда болуы (экспорттан басқа);
мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi жанармай құю станцияларынан дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден тыс орындарда өткізу түрінде бұзу –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
214-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен
және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен
таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзу
1. Өндірушінің немесе импорттаушының акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарларды таңбалау қағидаларын бұзуы -
лауазымды адамдарға – жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларды акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түріндегі айналымы –
жеке тұлғаларға құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының бес жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып,лауазымды адамдарға – жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
12) мынадай мазмұндағы 218-1-баппен толықтырылсын:
«218-1-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен
импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді
көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында
белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ
тұлғалардың Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген талаптарды
орындамауы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген төлеу мерзімінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жанама салықтарды төлемеу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген төлеу мерзімінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң жанама салықтарды төлемеу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушінің салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені, сондай-ақ уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені табыс етпеуі және оларды орындамауы -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген өңдеу мерзімдерін бұзу -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға есептелген салық сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының осындай сауданы өткізу туралы хабарламауы не уақтылы хабарламауы -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ұйымдастырушының көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыру тәртібін бұзуы –
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы белгіленбеген орындардан өткізу –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - екі жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген акцизделетін тауарларды алған күні туралы хабарлама табыс етуге міндетті тұлғалардың орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органдарына осындай хабарламаны табыс етпеуі –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаты үшін, егер тұлға кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамағаны үшін осы Кодекстің 207-бабында көзделген әкімшілік жауапқа тартылуы тиіс болған жағдайда, осы тұлға осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;
13) 335-баптың екінші абзацында:
мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
«айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi» деген сөздер «отыз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) мынадай мазмұндағы 400-1 және 400-2-баптармен толықтырылсын:
«400-1-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру
тәртібін бұзу
Кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, еркін немесе кедендік қойма, баж салынбайтын сауда дүкені иелерінің осындай қызметті «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, еркін немесе кедендік қойманы, баж салынбайтын сауда дүкенін құруға арналған үй-жайдың немесе аумақтың кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
400-2-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру
тәртібін бұзуы
Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралы орналасқан жерді кеден органының анықтауына мүмкіндік беретін, сол көлік құралында техникалық жабдықтың болмауы не оның ақаулы болуы -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
15) 401 және 402-баптар мынадай мазмұнда жазылсын:
«401-бап. Кеден одағының кедендік шекарасынан өткеннен
кейін өткізу пунктіне тауарлар мен көлік
құралдарының келгені туралы Қазақстан
Республикасының кеден органына хабарламау
Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын оңайлатылған немесе жеңілдікті тәртіппен өткізуін қоспағанда, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік аумағына әкелген кезде Қазақстан Республикасының кеден органына кеден одағының кедендік шекарасынан өтетiндiгi туралы хабарламау, оның ішінде кедендік шекарадан өткен кезде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс ету міндетті болып табылатын кеден құжаттарын табыс етпеу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
402-бап. Өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы
кеден органының рұқсатынсыз тауарлар мен көлiк
құралдарының кеден одағының кеден аумағынан
тысқары жерге кетуі
1. Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын оңайлатылған немесе жеңілдікті тәртіппен өткізуін қоспағанда, егер тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болса не тауарлар мен көлік құралдарын әкету оларды кедендік бақылауға орналастыруды көздесе, өткізу пунктінде тауарлар мен көлiк құралдарын кедендік шекара арқылы кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына хабарламау, оның ішінде кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс етілуі міндетті болып табылатын кеден құжаттарын табыс етпеу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
16) 405-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, не онсыз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
17) 406 және 407-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«406-бап. Көлiк құралын тоқтатпау
Мұндай тоқтатпау көлiк құралының техникалық ақаулығынан немесе еңсерілмейтін күштiң әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлейтін орындарда тоқтатпау -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
407-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы кеден
органының рұқсатынсыз жөнелту
Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жөнелту -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
18) 408-бап алып тасталсын;
19) 409-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«409-бап. Тауарларды кедендік рәсімдеуге орналастыруға
байланысты кедендік операцияларды жасау
және тауарларды кедендік тазалау тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау және тауарларды кедендік тазалау тәртiбiн бұзу, яғни кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды кедендiк ресiмдеуге орналастыру, кеден операцияларын жасау орны мен уақыты жөніндегі талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсімдеуге орналастырудың бірінші кезектегі тәртібін қолдану шарттарын сақтамау -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
20) мынадай мазмұндағы 409-1-баппен толықтырылсын:
«409-1-бап. Кеден операцияларын жүргізу тәртібін бұзу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кеден операцияларын жүргізу тәртібін бұзу -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тиісті тізілімнен алып тастай отырып, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
21) 410 және 413-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«410-бап. Кедендiк тазалау аяқталмаған тауарлармен заңсыз
операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту,
пайдалану және (немесе) билiк ету
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, кедендік тазалау аяқталмаған тауарлармен операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«413-бап. Тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша, кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі бойынша кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптарды сақтамауы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
22) мынадай мазмұндағы 413-1 және 413-2-баптармен толықтырылсын:
«413-1-бап. Кеден өкілінің кеден ісі саласындағы қызметті
жүзеге асыру тәртібін бұзуы
1. Кеден өкілінің үшінші тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың қолданылу мерзімі өткен соң немесе ол бұзылғаннан кейін үшінші тұлғаның мүддесі үшін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруы –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кеден өкілі бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекет -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
413-2-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың кеден ісі
саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін
бұзуы
Уәкілетті экономикалық оператордың осындай қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
23) 414, 415 және 417-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«414-бап. Кеден декларациясын, құжаттар мен мәлiметтерді
беру мерзiмдерiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын кедендік декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi Қазақстан Республикасының кеден органына белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуі, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
415-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына
есептілікті табыс етпеу және есеп жүргiзу
тәртiбiн сақтамау
Кедендік тасымалдаушының, кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, кедендік немесе еркін қойма, баж салынбайтын сауда дүкені иелерінің, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кеден аймағы аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, өңделетін, дайындалатын, сатып алынатын және өткізілетін тауарлар туралы есептілікті Қазақстан Республикасының кеден органына кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде табыс етпеуі, сол сияқты мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамауы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«417-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн,
оларды сақтау және олармен операциялар жүргізу
тәртiбiн бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн және оларды сақтау тәртiбiн, кеден қоймасында сақтау мерзімдерін, тауарларды бір қоймадан екінші қоймаға көшіру тәртібін бұзу, сол сияқты кеден қоймаларында, уақытша сақтау қоймаларында және еркін қоймаларда тауарлармен операциялар жүргiзу -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
24) мынадай мазмұндағы 417-1-баппен толықтырылсын:
«417-1-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу, -
жеке тұлғаларға – жиырма бес, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
25) 418-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «лицензия күшiн тоқтата тұрып,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «не тауарларды өңдеуге берілген лицензияның, арнайы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға» деген сөздер алып тасталсын;
26) 421-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«421-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының
кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетпеу не осы
аумаққа қайтармау
1. Бұрын әкелiнген және (немесе) аяқталған кезінде белгiленген мерзiмдерде оларды әкету көзделетін белгілі бір кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ егер мұндай әкету мiндеттi болып табылған жағдайларда кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетпеу, не бұрын әкетiлген және (немесе) аяқталған кезінде белгiленген мерзiмдерде кері әкелу көзделетін белгілі бір кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ егер мұндай әкелу мiндеттi болып табылған жағдайларда, белгіленген мерзімдерде кеден одағының кедендік аумағына қайтармау -
әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының кеден органына тауарлар мен көлiк құралдарының қайта әкетілуін немесе әкелінуін, не аварияның немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiне байланысты олардың иелiктен шығарылуы салдарынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебiнен оның мүмкiн еместігін растау ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды табыс ету -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
27) 422-бап алып тасталсын;
28) 423, 424 және 425-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«423-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсімге орналастырылған
тауарлармен және көлiк құралдарымен заңсыз
операциялар жасау, жай-күйiн өзгерту, пайдалану
және (немесе) билiк ету
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсіміне сай келмейтiн операциялар жасау, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету, сол сияқты есеп жүргізу және есептілікті табыс ету тәртібін және кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген өзге де шектеулердi, талаптарды және кедендік рәсімінің шарттарын сақтамау -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
424-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым
салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн
сақтамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленетiн тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн бұза отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
425-бап. Жеке тұлғалардың оңайлатылған немесе жеңiлдiкті
тәртiпті бұза отырып кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы тауарларды өткiзуi
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын оңайлатылған немесе жеңiлдiкті тәртiпті бұза отырып, жеке тұлғалардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткiзуi, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің кедендік шекара арқылы оңайлатылған немесе жеңілдікпен өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын міндетті жазбаша декларациялау жөніндегі талаптарын, сондай-ақ тауарларды иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізу тәртібін сақтамау, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
29) мынадай мазмұндағы 425-1-баппен толықтырылсын:
«425-1-бап. Тауарларды халықаралық почта
жөнелтілімдерінде өткізу тәртібін бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген халықаралық почта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, дара кәсіпкерлерге - жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
30) 426-бапта:
тақырыптағы «Қазақстан Республикасының кеден шекарасы» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендік бақылауға соқпай кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу, яғни тауарларды Қазақстан Республикасының кеден органдары айқындаған орындардан тыс жерде кеден одағының кедендік шекарасы арқылы немесе көрсетілген орындарда Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -»;
31) 427-бапта:
тақырыбындағы «Қазақстан Республикасының кеден шекарасы» деген сөздер «Кеден одағының кедендік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацта:
«Қазақстан Республикасының кеден шекарасы» деген сөздер «Кеден одағының кедендік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өткізілетін» деген сөзден кейін «не өткізілген» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының кеден шекарасы» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 428-бапта:
тақырыптағы «Қазақстан Республикасының кеден шекарасы» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацта:
«Қазақстан Республикасының кеден шекарасы» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осы Кодекстің 429 және 432-баптарында» деген сөздер «осы тараудың басқа баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 429-бап мынадай редакция жазылсын:
«429-бап. Тауарларды кедендік декларацияламау немесе
жалған декларациялау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендік декларацияламау немесе жалған декларациялау, яғни декларанттың, кеден өкілінің, уәкілетті экономикалық оператордың кеден декларациясында және кеден мақсаттары үшін қажетті өзге де құжаттарда тауарлар туралы, таңдап алынған кедендiк рәсім, тауарлардың кедендік құны не шыққан елі туралы белгiленген нысанда мәлiмдемеуі немесе дұрыс емес мәліметтерді мәлiмдеуі немесе кедендік төлемдер мен салық төлеуден босату үшін немесе олардың мөлшерін төмендету үшін негіз болатын дұрыс емес мәліметтерді мәлімдеуі және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да мәліметтерді мәлімдемеуі -
жеке тұлғаға - қырық, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - жүз, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
34) 430-бапта:
тақырыптағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданылуын тоқтата тұрып,» деген сөздер алып тасталсын;
35) 431-бапта:
тақырыптағы «беріліп,» деген сөз «берілген және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацта:
«беріліп,» деген сөз «берілген және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы кеден органының» деген сөздер «Кеден органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 432-бап алып тасталсын;
37) 433-баптың екінші абзацындағы «лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз,» деген сөздер алып тасталсын;
38) 434-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«434-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды
төлеу мерзімдерін бұзу
Төлеушілердің, оның ішінде кеден өкілі, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар адамдардың белгіленген мерзімдерде кедендік төлемдер мен салықтарды төлемеуі, сол сияқты шартты түрде шығарылған тауарларды негізгі кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды, кеден баждары мен салықтарды төлеуден босатудың берілуі байланысты болған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану кезінде, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды мерзімдік төлеуді көздейтін кеден рәсімдеріне тауарларды мәлімдеу кезінде кедендік декларацияны табыс ету мерзімдері бұзылған жағдайда төлемеу -
кеден өкілдері тізілімінен алып тастала отырып, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға орындалмаған салық міндеттемесі сомасының елу пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
39) мынадай мазмұндағы 434-1-баппен толықтырылсын:
«434-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының
кедендік төлемдердің, салықтар мен
өсімпұлдардың тиесілі сомаларын белгіленген
мерзімдерде төлеу туралы талаптарын орындамау
Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері қолданылған кезде төлеуші кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайларда банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің белгіленген мерзімдерде кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың тиесілі сомаларын төлеу туралы Қазақстан Республикасы кеден органының талаптарын орындамауы –
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
40) 435-бап «төлемдерiн» деген сөзден кейін «, салықтарды және өсімпұлдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
41) 438-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«438-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
талаптарын орындамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік декларациялауды, кедендік тексеріп қарауды, кеден декларацияларын тексеруді жүзеге асыру, тауарлармен және көлік құралдарымен жүк және өзге де операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын, сондай-ақ кедендік бақылау үшін қажетті өзге де талаптарды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың орындамауы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
42) 26-тарау мынадай мазмұндағы 438-1-баппен толықтырылсын:
«438-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының
кедендік тексеру нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды жою туралы
талаптарын орындамау
Тұлғалардың Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарын кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мерзімдерде орындамауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
43) 541-баптың бірінші бөлігінде:
«143,» деген цифрлардан кейін «143-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«163» деген цифрлардан кейін «(үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
«213» деген цифрлардан кейін «(төртінші-алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
«214,» деген цифрлардан кейін «218-1 (жетінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«396 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «400-1, 400-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«413-415» деген цифрлар «413, 413-1, 413-2, 414, 415» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«417,» деген цифрлардан кейін «417-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«424,» деген цифрлардан кейін «425-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«432-434» деген цифрлар «433» деген цифрлармен ауыстырылсын;
44) 555-баптың бірінші бөлігінде:
«400-404,» деген цифрлар «400, 401, 402, 403, 404,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«406-408» деген цифрлар «406, 407, 409-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«422,» деген цифрлар алып тасталсын;
«431,» деген цифрлардан кейін «434, 434-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«438» деген цифрлардан кейін «, 438-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
45) 570-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 88 (үшiншi, төртiншi және бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, үшінші бөліктерінде), 163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде), 166, 205-212, 213 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 215-218, 218-1 (бірінші – алтыншы, сегізінші бөліктерінде), 219, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
46) 576-1-баптың бірінші бөлігі «органдар» деген сөзден кейін «163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде), 213 (бірінші-үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
47) 619-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және кеден шекаралары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 622-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және кеден шекаралары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
49) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзацта:
«143,» деген цифрлардан кейін «143-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«163» деген цифрлардан кейін «(үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма тоғызыншы абзацтағы «163, 213, 214-баптар» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері), 213 (төртінші-алтыншы бөліктері), 214, 218-1 (жетінші бөлігі), 357-1, 357-2-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
отызыншы абзацта:
«143,» деген цифрлардан кейін «143-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«163» деген цифрлардан кейін «(үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;
«213» деген цифрлардан кейін «(бесінші және алтыншы бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;
«217,» деген цифрлардан кейін «218-1 (жетінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
отыз бірінші абзац:
«157,» деген цифрлардан кейін «163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;
«213» деген цифрлардан кейін «(төртінші-алтыншы бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;
«214,» деген цифрлардан кейін «218-1 (жетінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
«357-1,» деген цифрлардан кейін «357-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
отыз екінші абзацта:
«140 (екінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «218-1 (жетінші бөлігі), 400-1, 400-2,» деген сөздермен толықтырылсын;
«413-415, 417» деген цифрлар «413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«424,» деген цифрлардан кейін «425-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«432-434» деген цифрлар «, 433» деген цифрлармен ауыстырылсын.
5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар):
1) 11-баптың 5-тармағындағы «және Кеден кодекстерінде» деген сөздер «кодексінде, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 49-баптың 1-тармағының 26) тармақшасындағы «рәсімдерін» деген сөз «операцияларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 169-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «ресімдерді» деген сөз «декларациялауды» деген сөзбен ауыстырылсын.
6. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы жиырма екінші және екі жүз тоқсан үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«17-1-бап. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде оператор арқылы салықтық қатынастарға қатысу»;
«233-1-бап. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар»;
248-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар»;
250-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«250-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар»;
мынадай мазмұндағы үш жүз отыз сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«271-1-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауының ерекшеліктері»;
мынадай мазмұндағы үш жүз қырық төртінші – үш жүз алпыс жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«37-1-тарау. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салу ерекшеліктері
276-1-бап. Жалпы ережелер
276-2-бап. Кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер
276-3-бап. Салық салу объектілері, салық салынатын айналымды айқындау
276-4-бап. Кеден одағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды және салық салынатын импортты айқындау
276-5-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу орны
276-6-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау, салық салынатын импортты жасау күні
276-7-бап. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау
276-8-бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау
276-9-бап. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау
276-10-бап. Кеден одағындағы тауарлардың экспорты
276-11-бап. Тауарлар экспортын растау
276-12-бап. Кеден одағында халықаралық тасымалдарға салық салу
276-13-бап. Кеден одағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу
276-14-бап. Алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімдері
276-15-бап. Кеден одағында қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт
276-16-бап. Кеден одағында қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі
276-17-бап. Шот-фактура
276-18-бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындау ерекшеліктері
276-19-бап. Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде кеден одағында комиссия, тапсырма шарттары бойынша қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері
276-20-бап. Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі
276-21-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыс ету тәртібі
276-22-бап. Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу
276-23-бап. Тауарлардың импорты кезінде төленген қосылған құн салығының сомаларын түзету тәртібі;»;
мынадай мазмұндағы үш жүз сексен төртінші абзацпен толықтырылсын:
«308-1-бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемесін орындау тәртібі»;
386-баптың тақырыбы «Автотұрақтар» деген сөзден кейін «(паркингтер)» деген сөзбен толықтырылсын;
653-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«653-бап. Өндірілген немесе Қазақстан Республикасына
импортталған акцизделетін тауарларды бақылау»;
2) 12-баптың 1-тармағында:
1) тармақшада:
«ақпараттық массивтерді жинау мен қорытуды» деген сөздер «ақпаратты жинау мен қорытуды, ақпараттық массивтерді (деректерді)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) басқа да міндетті төлемдер – осы Кодексте белгіленген мөлшерде және жағдайларда жүргізілетін кедендік төлемдерін қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түріндегі міндетті ақша аударымдары;»;
39) тармақшаның үшінші абзацындағы «лизингке» деген сөз «қаржы лизингіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 46) және 47) тармақшалармен толықтырылсын:
«46) оператор - өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құратын немесе айқындайтын заңды тұлға;
47) тауарлардың импорты - кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, тауарларды кеден одағының кеден аумағына әкелу, сондай-ақ тауарларды кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу.»;
3) 14-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «беруге міндетті.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) акцизделетін тауарларды (жеңіл автомобильдерді және магистральды құбырлармен өткізілетін акцизделетін тауарларды қоспағанда) кеден одағы шеңберінде Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын өткізу пункттерінде ғана өткізуді қамтамасыз етуге және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осындай акцизделетін тауарларды алдағы уақытта алатыны туралы салық органдарына хабарлауға міндетті.»;
4) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы қатысуға құқылы.
Осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тасталған салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған кезеңде осындай салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс еткен жағдайда осы тармақтың ережесі қолданылмайды.»;
5) 2-тарау мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт)
негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша
операцияларды жүзеге асыру кезінде салық
қатынастарына оператор арқылы қатысу
1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға оператор арқылы қатысуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастардағы оператордың өкілеттігі, осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) сәйкес айқындалады.
3. Осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салық міндеттемелерін орындаған кезде, оператор осы Кодексте салық төлеушiлер (салық агенттерi) үшін көзделген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады, сондай-ақ оған осы Кодексте салық төлеушiлер (салық агенттерi) үшін көзделген салық әкімшілігін жүргізудің тәртібі қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуына байланысты осы жер қойнауын пайдаланушылардың атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша жасалған оператордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) осындай жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың атынан және (немесе) олардың тапсырмасы бойынша әрекет ететін оператордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.»;
6) 19-баптың 1-тармағында:
4) тармақшадағы «(салық агенті)», «(салық агентінен)» деген сөздер тиісінше «(салық агенті, оператор)», «(салық агентінен, оператордан)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
«салық төлеушіден (салық агентінен)» деген сөздер «салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«салық төлеушінің (салық агентінің)» деген сөздер «салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) және 7) тармақшалардағы «(салық агентінен)», «(салық агентінің)» деген сөздер тиісінше «(салық агентінен, оператордан)», «(салық агентінің, оператордың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 20-баптың 1-тармағында:
3) тармақшада:
«салық төлеушінің» деген сөздерден кейін «(оператордың)» деген сөзбен толықтырылсын;
«салық агентінің» деген сөздерден кейін «(оператордың)» деген сөзбен толықтырылсын;
11) тармақшадағы «(салық агентіне)» деген сөздер «(салық агентіне, операторға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12), 14), 25) және 26) тармақшалар «(салық агентінің)», «(салық агентінен)» деген сөздер тиісінше «(салық агентінің, оператордың)», «(салық агентінен, оператордан)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 22-бапта:
«Кодекске және» деген сөздер «кодекске, кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының кеден шекарасы» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 37-бапта:
9-тармақтағы «604» деген цифрлар «603» деген цифрлармен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;»;
10) 40-баптың 5-тармағының төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) кеден органдары алатын кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктің үлесіне барабар түрде қайтарылуға жатады;»;
11) 41-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады.»;
12) 42-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) айыппұлдардың төленген сомалары қызметі тоқтатылатын осы жекеше нотариусқа, адвокатқа осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға тиіс;
5) кеден органдары алатын кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары қызметі тоқтатылатын осы жекеше нотариусқа, адвокатқа Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.»;
13) 43-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.»;
14) 56-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жиынтық салықтық есепке алу – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі осындай қызмет бойынша жиынтық түрінде де және бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының қатысу үлесі бойынша да жүзеге асыратын салықтық есепке алу.»;
3-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды дербес және (немесе) бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушыларды жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі арқылы ұйымдастырады және мыналарды:»;
екінші бөлік алып тасталсын;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес оны жүргізу бойынша міндеттеме жүктелген тұлғалар үшін - бухгалтерлік құжаттаманы;»;
15) 57-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын:
16) 60-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде салықтық есепке алу саясатында осы баптың 1-тармағының талаптарымен қатар жай серіктестік қатысушыларының және (немесе) оператордың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша салық міндеттемесін орындауының осы Кодекстің 308-1-бабының 3-тармағына сәйкес таңдап алынған тәсілін қамтуға тиіс.»;
17) 63-бапта:
2-тармақтың бірінші сөйлемі «есептілікті» деген сөзден кейін «, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:»;
18) 68-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері:
мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша;
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.
Осы тармақтың 3) тармақшасының ережелері қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.»;
7-тармақта:
бірінші бөлік «364» деген цифрлардан кейін «,437» деген цифрлармен толықтырылсын;
үшінші бөлік «сәйкес» деген сөзден кейін «(темекі өнімдерін көтерме сатуды қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 69-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«Салық төлеуші» деген сөздер «Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және (немесе) уәкiлеттi салық органына» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілмеген деп саналатын салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, салық төлеушi (салық агентi) осындай есептілікті табыс ету орны бойынша салық органына салық есептiлiгiн кері қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етедi.»;
екінші бөлік «жағдайда» деген сөзден кейін «, көрсетілген салық кезеңі үшін табыс етілген салық есептiлiгiнің барлық қосымша нысандарын ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
екінші бөлік «Салық есептілігін жою» деген сөздер «Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілмеген деп саналатын салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сомаларға түзету жасауды, осындай салық есептілігін табыс ету орны бойынша салық органы жүзеге асырады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық есептiлiгiн өзгерту әдiсiмен кері қайтарып алу кезiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, оларды кейіннен салық есептiлiгi бойынша жеке шотта көрсетіп, кері қайтарылатын салық есептiлiгiнде көрсетілген сомаларға түзету жасауды жүзеге асырады.»;
4-тармақтағы «2) және 3) тармақшаларында» деген сөздер «2) - 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 70-баптың 3-тармағындағы «айыппұл есепке жазылмай» деген сөздер «салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 72-баптың 1-тармағы «есептілікті» деген сөзден кейін «және тауарлардың кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезiндегi жанама салықтар бойынша салық есептілігін» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 77-бапта:
4-тармақта:
4) тармақшадағы «шот-фактуралары жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздер «шот-фактуралары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын;
«5) көрсетілген тауарларды сауда объектілерінде, оның ішінде сауда нарықтарында өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер сатып алған тауарлар жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың 5) тармақшасының ережелері патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге ғана қолданылады.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық төлеуші (салық агенті) салық тіркелімдерін электрондық түрде жасаған кезде, салықтық тексеру барысында салық қызметі органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық тіркелімдерін электрондық жеткізгіштерде және осындай салық тіркелімдерінің көшірмелерін қағаз жеткізгіште де табыс етуге міндетті, бұл көшірмелер басшының және салық төлеушінің (салық агентінің) осы салық тіркелімдерін жасау үшін жауапты адамдарының (адамының) қолтаңбаларымен, сондай-ақ салық төлеушіде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталуға тиіс.»;
23) 80-бапта:
1-тармақ «Бірлескен» деген сөз «Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, бірлескен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «қатысушы» деген сөзден кейін «, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «қатысушылардың» деген сөзден кейін «, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың төртінші бөлігі «уәкілетті өкілінде» деген сөздерден кейін «, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 100-баптың 12-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы корпоративтік табыс салығын төлеуші болып табылған жағдайда және қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 271-1-бабы 3-тармағына сәйкес операторға жүктелген болса, онда есепке жатқызылмайтын, оператордың қосылған құн салығы жөніндегі декларациясының деректері бойынша аталған жер қойнауын пайдаланушының үлесіне келетін мөлшердегі қосылған құн салығы шегерiмге жатқызылады.»;
25) 135-баптың 4-тармағындағы «және акцизделетін қызмет түрлерінен» деген сөздер алып тасталсын;
26) 155-баптың 3-тармағында:
9) тармақшадағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақша «зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейін «және әлеуметтік аударымдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 197-бапта:
1-тармақта 5) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте құн өсiмi мынадай тәртіппен:
1) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мүлікті өткiзу кезінде - мүлікті өткiзу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде;
2) акцияларды және қатысу үлестерiн өткiзу кезінде - осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады.»;
1-1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«өткiзу күнгi» деген сөздер «өткiзу немесе дивидендтерді төлеу күнгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңды тұлға иеленетін, акциялары (қатысу үлестері) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына өткізілетін Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкінің құны сомасының арақатынасы ретінде айқындалады.» деген сөздер «дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкі құнының (құндарының) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына арақатынасы ретінде айқындалады.» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы «акциялары (қатысу үлестері)» деген сөздердің алдынан «дивидендтер төлейтін немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі «Акциялары (қатысу үлестері)» деген сөздер «Дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлікте:
бірінші абзац «акциялары (қатысу үлестерi)» деген сөздердің алдынан «дивидендтер төлейтін немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «акциялардың (қатысу үлестерiнің)» деген сөздердің алдынан «дивидендтер төлеген немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлікте:
«3) және 4) тармақшаларының» деген сөздер «4) және 5) тармақшаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«акцияларын (қатысу үлестерін)» деген сөздердің алдынан «дивиденд төлейтін немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші бөліктегі «акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу күнгі заңды тұлғаның» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі және 11-тармағындағы «2) - 4)» деген цифрлар «3) - 5)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
28) 224-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы «аспайтын» деген сөз «аз» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мұндай мемлекетте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүліктің, табыстың нақты иесі немесе компанияның нақты иелері, құрылтайшылары, акционерлері туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін заңдар болса, ол салық салуда жеңілдігі бар мемлекет деп танылады. Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасы құзыретті органдар арасында ақпарат алмасу туралы ережелерді көздейтін халықаралық шарттар жасасқан мемлекеттерге қатысты қолданылмайды, уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан аталған халықаралық шартта алмасу көзделген мәліметтерді беруден жазбаша бас тартуды алған немесе шет мемлекеттің құзыретті органы мұндай мәліметтерді уәкілетті орган тиісті сауалды жібергеннен кейін екі жылдан астам уақыт ішінде бермеген жағдайлар бұған кірмейді.»;
екінші бөліктегі «айқындайды» деген сөз «бекітеді» деген сөзбен ауыстырылсын;
29) 228-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес» деген сөздердің алдынан «кеден одағының және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
30) 230-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасында тауарларды өткізу бойынша айналым ретінде қарастырылады» деген сөздер «салық салынатын айналым болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 231-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы «режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
5) тармақшадағы «сыйақы үшін» деген сөздер алып тасталсын;
«беруді білдіреді.» деген сөз «беруді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) кредит (қарыз, микрокредит) беруді білдіреді.»;
3-тармақта:
4) тармақшада:
«Қазақстан Республикасынан тысқары» деген сөздер «кеден одағынан тысқары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкету» деген сөзден кейін «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
«Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу» режимімен» деген сөздер «тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде өңдеу кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) егер мұндай әкету кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімінде ресімделсе, шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін кеден одағынан тысқары жерлерге әкету;»;
32) 232-бапта:
екінші бөліктегі «Тауарларды» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кеден одағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 276-5-бабына сәйкес айқындалады.»;
33) 233-бапта:
1-тармақтағы «тиеп-жөнелтуі» деген сөздер «өткізуі» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақшадағы «тиеп-жөнелтуге» деген сөздер «өткізуге» деген сөзбен ауыстырылсын;
«өткізуі бойынша айналымы болып табылады.» деген сөздер «өткізуі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Кодекстiң 271-1-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша айналымы болып табылады.»;
34) мынадай мазмұндағы 233-1-баппен толықтырылсын:
«233-1-бап. Комиссия шартының талаптарына сай келетін
жағдайларда жүзеге асырылатын өткізу
бойынша айналымдар
1. Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесі Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес комитенттен алған тауарларды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды өткізу комиссионердің өткізуі бойынша айналым болып табылады.»;
35) 234-баптағы «тиеп-жөнелту» деген сөздер «өткізу» деген сөзбен ауыстырылсын;
36) 235-бапта:
1-тармақтағы «(оның ішінде өндірілген пайдалы қазбаларды)» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың ережелері осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуі (сатып алуы) кезінде қолданылмайды.»;
37) 236-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы баптың мақсатында осы тармақшамен жылжымайтын мүлікке жатқызылмаған мүлік жылжымалы мүлік деп танылады.»;
38) 237-баптың 3-тармағында:
бірінші абзацтағы «режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
«Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының шекарасын» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
бірінші абзацтағы «кедендік ресімдеуді», «ресімделген» деген сөздер тиісінше «кедеңдік декларациялауды», «декларацияланған» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтарда:
«режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«декларациялау» деген сөздер «кедендік декларациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 238-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі «айналым мөлшері» деген сөздердің алдынан «салық салынатын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда салық салынатын айналым мөлшері сыйақы негізінде айқындалады.»;
8-тармақтағы «қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген» деген сөздер «олар бойынша сатып алу кезінде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сенім білдірілген адам сенім білдірушінің атынан және соның есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде сенім білдірілген адамның салық салынатын айналымының мөлшері оның сыйақысы негізінде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 19 және 20-тармақтармен толықтырылсын:
«19. Шетелдiк валютамен операция осы бөлімнің мақсатында айналым жасалған күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен – теңгемен қайта есептеледi.
20. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы бөлімнің салық салынатын айналым мөлшерін айқындау (оның ішінде оны түзету) жөніндегі ережелері салық салынбайтын айналым мөлшерін айқындау кезінде де қолданылады.»;
40) 241-баптың 6-тармағының 2) тармақшасындағы «ресімдеу» деген сөз «декларациялау» деген сөзбен ауыстырылсын;
41) 242-баптың екінші бөлігінде:
«Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздердің алдынан «Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының кеден аумағынан» деген сөздер «кеден одағының кеден аумағынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 243-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшада:
«режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының» деген сөздер «кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
бірінші абзацтағы «режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және төртінші абзацтарда:
«режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«декларациялау» деген сөздің алдынан «кедендік» деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақшаның екінші абзацындағы «режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «режимінде Қазақстан Республикасының» деген сөздер «кедендік рәсімінде кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «режимі экспорт режиміне» деген сөздер «рәсімі кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсіміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу режимінде» деген сөз «кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«кеден бақылауымен» деген сөздер «ішкі тұтыну үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жүктің кедендік декларациясының көшірмесіне сәйкес шет мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеудің кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне өзгерту енгізілетін сол декларацияның көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.»;
43) 244-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «кедендік режимінде» деген сөздер «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 245-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
45) 246-бапта:
«Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздердің алдынан «Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының аумағына» деген сөздер «кеден одағының аумағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 247-бап «Қазақстан Республикасының кеден заңдарына» деген сөздер «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 248-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар»;
бірінші абзацтағы «Мынадай» деген сөз «Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «өткізу» деген сөз «тарату» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кеден одағының кеден аумағына кеден аумағында өңдеу кедендік рәсімінде әкелінген тауарларды өңдеу және (немесе) жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді;»;
10) тармақшадағы «244-бабында» деген сөздер «244, 276-12-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақша алып тасталсын;
21) тармақшадағы «дүкенінің кеден режимiне» деген сөздер «кедендік рәсімiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 250-бапта:
тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«250-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық
операциялар
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.»;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «қызмет көрсетулерге» деген сөздер «операцияларға» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы «құқықтарын беру жатады» деген сөздер «құқықтарын беру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) осы баптың 4-тармағында көрсетілген операциялар жатады.»;
49) 255-баптың 1-тармағында:
2) тармақша «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасында акредиттелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;»;
6) тармақшада:
«Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға» деген сөздер «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кеден режимдерiнде» деген сөздер «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 256-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «кеден режимінің» деген сөздер «кедендік рәсімінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
5) тармақшада:
«Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
«кеден режимінің» деген сөздер «кедендік рәсімінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.» деген сөздер «көрсетілген салық сомасы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда көрсетілген және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасына сәйкес келетін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.»;
51) 263-бапта:
5-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы тармақтың 3), 3-1) және 4) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлімшесінің немесе өзі құрылымдық бөлімшесі болып табылатын, қосылған құн салығын төлеуші - заңды тұлғаның деректемелерін көрсетеді;»;
7-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн көрсетудi, коммуналдық қызмет көрсетудi, темiр жол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық қызмет көрсетудi, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызмет көрсетудi, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткiзу кезiнде - оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:
заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен, сондай-ақ басшысы мен бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен;
дара кәсіпкерлер үшін – дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы жазылған мөрімен (ол болған кезде), сондай-ақ дара кәсіпкердің қол таңбасымен куәландырылады.
Шот-фактура салық төлеушінің шешімімен оған уәкілеттік берілген қызметкердің қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі ол жазып берген шот-фактураны заңды тұлғаның атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген, осындай құрылымдық бөлімшесінің мөрімен салық төлеушінің шешімі бойынша куәландыруға құқылы.
Жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жазып берген шот-фактура осы Кодекстің 308-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, уәкілетті өкілдің атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен, сондай-ақ осындай уәкілетті өкіл басшысының және бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен куәландырылады;»;
мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
«21. Оператор осы Кодекстің 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген (сатып алған) кезде шот-фактура оператордың жеткізуші (сатып алушы) ретіндегі деректемелерін көрсете отырып, осы баптың талаптарына сәйкес жазып беріледі.»;
52) 267-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «акцизделетін өнімді» деген сөздер «акцизделетін тауарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 268-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстiң 238-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне қосылған құн салығының:
1) тауар-материалдық қорлар бойынша – тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күні қолданыста болған;
2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша – оларды сатып алған күні қолданыста болған ставкалары қолданылады.»;
54) 270-бапта:
1-тармақта:
«Қосылған» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор жай серіктестіктің (консорциумның) барлық қатысушылары бойынша жиынтық түрде келісімшарт қызметі бойынша қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс етеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Кодекстiң 571-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші, осындай есептен шығару жүргізілген есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салық кезеңінің басынан бастап оны осындай есептен шығарған күнге дейінгі кезең үшін толтырылады.»;
55) 36-тарау мынадай мазмұндағы 271-1-баппен толықтырылсын:
«271-1-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді
бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша
қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушылардың қосылған құн салығы бойынша
салық міндеттемесін орындауының ерекшеліктері
1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметтің шеңберінде қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін:
қосылған құн салығының жай серіктестіктің аталған қатысушысына келетін үлесі бөлігінде қатысушының әрқайсысы;
не өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша, егер өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) талаптарында оператор осындай салық міндеттемесін орындауға уәкілетті болса, оператор орындауға тиіс.
2. Жай серіктестіктің (консорциумға) әрбір қатысушысының қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындауы кезінде:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 235-бабының талаптарына сәйкес жазып беріледі;
қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде осындай қатысушының әрқайсысы тапсырады;
қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомалары жай серіктестіктің аталған қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде қатысушының әрқайсысының дербес шотында көрсетіледі;
қосылған құн салығының асып түскен бөлігін қайтару декларацияны табыс еткен жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысына жүргізіледі;
салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін тапсыру осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысына әрқайсысына қатысты қолданылады.
3. Оператор өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындаған кезде:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 263-бабының талаптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен оператордың деректемелері көрсетіле отырып, жазып беріледі;
қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша оператор тапсырады;
қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомалары оператордың дербес шотында көрсетіледі;
қосылған құн салығының асып түскен бөлігін қайтару операторға жүргізіледі;
салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін тапсыру осы Кодексте салық төлеушілер (салық агенттері) үшін көзделген тәртіпке сәйкес операторға қатысты қолданылады және бұл ретте көрсетілген құжаттар өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша салық төлеуші ретінде жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына тапсырылды деп есептеледі.
4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есепке алу саясатында көрсетілуге және өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) қолданылу кезеңі аяқталғанға дейін өзгермеген күйінде қалуға тиіс.»;
56) 272-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында:
«өкілдіктер» деген сөз «шет мемлекеттердің өкілдіктері, шет мемлекеттердің консулдық мекемелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкімшілік-техникалық персоналға» деген сөздер «осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қоса алғанда,» деген сөздерден кейін «консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер – олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
57) 273-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы «243 – 245-баптарына» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ 276-11 - 276-13-баптарына» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы «243 – 245-баптарына» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ 276-11 - 276-13-баптарына» деген сөздермен толықтырылсын;
58) 276-бапта:
тақырыбындағы «өкілдіктерге» деген сөздер «шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
«өкілдіктерге» деген сөздер ««шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкімшілік-техникалық персоналға» деген сөздер «осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қоса алғанда,» деген сөздерден кейін «консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер – олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
59) 8-бөлім мынадай мазмұндағы 37-1-тараумен толықтырылсын:
«37-1-тарау. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты,
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде
қосылған құн салығын салу ерекшеліктері
276-1-бап. Жалпы ережелер
1. Осы тараудың ережелері кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында жасалған халықаралық шарттардың негізінде белгіленген және тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы бөлігінде салық салуды, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудада оған салықтық әкімшілік етуін реттейді.
Егер осы тарауда тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салу, сондай-ақ оның салықтық әкімшілік ету бөлігінде Кодекстің басқа тарауларындағыдан өзге нормалар белгіленсе, онда осы тараудың нормалары қолданылады.
Осы тарауда тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салуға, сондай-ақ оның салықтық әкімшілік етуіне қатысты реттелмеген мәселелер осы Кодекстің басқа тарауларымен, сондай-ақ осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актімен реттеледі.
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген.
Егер кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар көзделмесе, осы Кодекстің тиісті баптарында, Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да салаларындағы заңнамасында көзделген ұғымдар қолданылады.
Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын өндіріп алуды Қазақстан Республикасының салық органдары салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылатын, осы Кодекстің 268-бабы 1-тармағында белгіленген ставка бойынша жүзеге асырады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудада тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды салық қызметі органдары салық төлеуші табыс еткен салық есептілігінің, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы мемлекеттік органдардан және өзге де тұлғалардан алынған мәліметтердің және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырады.
Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күнгі нарықтық бағам бойынша теңгемен қайта есептеледі.
2. Осы тараудың мақсатында мүлікті лизинг (лизинг нысанасы) шарты бойынша үш жылдан артық мерзімге беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:
1) мүлікті (лизинг нысанасын) лизинг алушының меншігіне тіркелген баға бойынша беру лизинг шартымен анықталса;
2) лизинг мерзімі мүлік лизингі (лизинг нысанасы) бойынша берілетін пайдалы қызмет мерзімінің жетпіс бес пайызынан асса;
3) лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны лизингтің (лизинг нысанасы) бүкіл мерзімінде мүлік лизингі бойынша берілетін құнның тоқсан пайызынан асса, лизинг болып танылады.
Осы тараудың мақсатында мұндай беру лизинг берушінің мүлікті (лизинг нысанасын) сатуы және лизинг алушының осы мүлікті (лизинг нысанасын) сатып алуы ретінде қарастырылады. Бұл ретте, лизинг алушы - лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер тауарлар құнының бір бөлігінің лизинг алушыға ұсынылған кредит бойынша төлемдер ретінде қарастырылады.
Осы тараудың мақсатында лизингтік төлем деп сыйақыны есептегенде лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауар құнының бір бөлігі түсініледі.
Осы тараудың мақсатында жоғарыда көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда немесе олар бойынша лизинг шарты, осындай шарттар жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайда лизингтік мәмілелер лизинг деп танылмайды.
Осы тараудың мақсатында лизинг шарты бойынша сыйақы деп, осындай мүлік (лизинг нысанасы) алынған (берілген) құнды, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, мүлікті (лизинг нысанасын) лизингке беруге байланысты барлық төлемдер түсініледі.
276-2-бап. Кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер
Мыналар:
1) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар;
2) тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаушы тұлғалар:
резидент заңды тұлға;
егер ол шарттың (келісімшарттың) тарапы болып табылған жағдайда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
егер резидент-заңды тұлға мен кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тауарларды алушы болып табылса, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген резидент емес-заңды тұлға;
Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес-заңды тұлға;
қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға;
сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайда пайда алушылармен сенімгерлік басқару шарттары бойынша қызметін жүзеге асыру шеңберінде тауарларын импорттаушы сенімгерлік басқарушылар;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдары; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер;
нотариаттық, адвокаттық қызметтерді жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын жекеше нотариустер, адвокаттар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импорттайтын жеке тұлға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын көлік құралдарын импорттайтын жеке тұлға кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.
276-3-бап. Салық салу объектілері, салық салынатын
айналымды айқындау
Егер осы Кодекстің 276-4-бабында өзгеше белгіленбесе, кеден одағында қосылған құн салығы салынатын объектілер, сондай-ақ салық салынатын айналым осы Кодекстің 229, 230, 241-баптарына сәйкес айқындалады.
276-4-бап. Кеден одағында тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша
айналымды және салық салынатын импортты
айқындау
1. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлар экспорты тауарларды өткізу бойынша айналым болып табылады.
2. Егер осы Кодекстің 276-5-бабының 2-тармағының негізінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылса, осы Кодекстің 231-бабының 2-тармағына сәйкес айналымдар оларды кеден одағында өткізу бойынша айналым болып табылады.
3. Мыналар салық салынатын импорт болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлар (осы Кодекстің 276-15-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығын салудан босатылғандарды қоспағанда).
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын, әкелінген (әкелінетін) көлік құралдарына қатысты да қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдер болып табылатын тауарлар.
276-5-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді өткізу орны
1. Тауарларды өткізу орны осы Кодекстің 236-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалады.
2. Егер:
1) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тікелей Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікпен байланысты болса;
Осы тармақшаның ережелері жылжымайтын мүлікті жалға беру, жалға алу және өзге де негіздермен пайдалануға беру бойынша қызметтер көрсетуге қатысты да қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін жер учаскелері, жер қойнауының учаскелері, оқшауланған су объектілері және жермен тығыз байланыстының барлығы, яғни пайдаланылу мақсатына мөлшерлес емес зиянсыз көшіру мүмкін болмайтын объектілер, оның ішінде ормандар, көпжылдық екпелер, ғимараттар, құрылыстар, құбырлар, электр беру желілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындар және ғарыш объектілері жылжымайтын мүлік деп танылады;
2) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымалы мүлікке, көлік құралдарына тікелей байланысты болса (көлік құралдарын жалға беру, лизинг бойынша және өзге де негіздерде пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерден басқа).
Осы тармақшаның мақсаты үшін осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке, көлік құралдарына жатпайтын заттар жылжымалы мүлік болып танылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін теңіз және әуе кемелері, ішкі жүзу кемелері, «өзен-теңіз» аралас жүзу кемелері; жылжымалы темір жол құрамының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда автомобильдер; жүк контейнерлері көлік құралдары болып танылады;
3) мәдениет, өнер, оқу (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласындағы қызметтер Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілсе;
4) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мыналарды:
консультациялық, заңгерлік, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік қызмет көрсетулерді, ақпаратты өңдеу бойынша қызмет көрсетулерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстарды;
ЭЕМ мен деректер қорлары (есептеу техникасының бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдері) үшін бағдарламаларды әзірлеу, оларды бейімдеу және түрлендіру, осындай бағдарламалар мен деректер қорын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істейтін жағдайда, персонал беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алса, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері сондай-ақ мынадай:
патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты растайтын өзге де құжаттарды, сауда таңбаларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну, басқаға беру;
көлік құралдарын жалға беруді, лизингті және өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті жалға беру, лизингке және өзге де негіздерде пайдалануға беру;
осы тармақшада көзделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін басқа тұлғаны шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан тартатын тұлғаның қызметтер көрсетуі кезінде де қолданылады;
5) егер осы баптың 2-тармағының 1) - 4) тармақшаларында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе қолданылады.
Осы тармақшаның ережелері көлік құралдарын жалға беру, лизингі және өзге негіздерде пайдалануға беру кезінде де қолданылады.
3. Мыналар:
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен кеден одағына мүше-мемлекеттердің салық төлеушісі арасында жасалған жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарт (келісімшарт);
жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орнын растайтын құжаттар болып табылады.
4. Егер салық төлеуші салық салу тәртібі осы тараумен реттелетін қызметтің, жұмыстың бірнеше түрін орындаса, көрсетсе және кейбір жұмысты, көрсетілетін қызметті өткізудің басқа жұмысты, көрсетілетін қызметті өткізуге қатысты қосымша сипаты бар болса, онда негізгі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны қосымша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
276-6-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау,
салық салынатын импортты жасау күні
1. Тауарларды экспортқа өткізу кезінде қосылған құн салығын есептеу мақсатында тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын, тауарларды сатып алушыға (бірінші тасымалдаушыға) ресімделген бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттың жасалу уақыты бойынша алғашқы күн ретінде айқындалатын тиеп-жөнелту күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің импортталған тауарларды (оның ішінде олардың дайындалғаны туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларды), сондай-ақ алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын заттар, тауарлар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша алынған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
Осы тараудың мақсаты үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай тауарларды кiрiске aлу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру міндеті көзделмеген тұлғалар үшін импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды алуды (не иеленуді) растайтын құжат жазып берілген күн бойынша айқындалады. Бұл ретте, тауарлардың жеткізілуін растайтын құжаттар болған кезде, тасымалдаушының тауарларды сатып алушыға берген күні импортталған тауарларды есепке алу күні болып танылады.
3. Лизинг шартында көзделген (төлемнің нақты мөлшері мен жүзеге асырылу күніне қарамастан) тауарлар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігін төлеу күні тауарларға (лизинг нысаналарына) меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша осы тауарларды (лизинг нысаналарын) кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
Егер лизинг шарты бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін күнге дейін белгіленсе, импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасаудың бастапқы күні болып табылады.
Егер лизинг алушы лизинг шартында көзделген лизингтік төлемдерді мерзімінен бұрын өтеуді үш жыл өткеннен кейін жүзеге асырса, түпкілікті есеп айырысу күні осы лизинг шарты бойынша салық салынатын импортты жасаудың соңғы күні болып табылады.
Осы Кодекстiң 276-1-бабының 2-тармағында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген сәттен бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты (келісімшарты) бұзылған жағдайда, импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
Жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжатқа қол қойылған күн жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күн болып танылады.
Егер жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізілетін болса, онда бірінші басталатын күн:
шот-фактура жазылған күн;
әрбір төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алған күн айналым жасау күні болып табылады.
Тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізу жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы олардың нәтижелерін өзінің өндірістік қызметінде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету күнінде пайдалана алатын жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді он екі ай және одан артық мерзімге жасалған ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді білдіреді.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын және кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) болып табылатын резидент еместен сатып алған жағдайда - жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі фактісін растайтын құжаттарға қол қою күні өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күні болып табылады.
276-7-бап. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын
айналымның мөлшерін айқындау
1. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері, егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтер негізге алына отырып, өткізілетін тауарлардың құны негізінде айқындалады.
2. Лизинг шарты бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері лизинг шартында көзделген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде, бірақ іс жүзінде алынған төлем сомасынан аспайтын мөлшерде әрбір лизингтік төлемді алған күні айқындалады.
Бұл ретте тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құны деп сыйақыны есепке алмай, шартта көрсетілген лизинг нысанасының құнын түсіну керек.
3. Зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері - шартта (келісімшартта) көзделген берілетін (ұсынылатын) тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны көрсетілмеген жағдайда – тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шарттарда (келісімшарттарда) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны көрсетілмеген жағдайда бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны ретінде айқындалады.
Бұл ретте осы тараудың мақсаты үшін тауарларға ілеспе құжаттар деп халықаралық автомобиль жүкқұжаты, темір жол көлігінің жүкқұжаты, тауар-көлік жүкқұжаты, бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты, багаж ведомосы, почта ведомосы, багаж түбіртегі, әуе жүкқұжаты, коносамент, сондай-ақ тауарларды құбыр жол көлігі және электр беру желілері арқылы өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өткізу кезінде пайдаланылатын өзге де құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесіп жүретін өзге де құжаттар; шот-фактуралар, арнайы тізбелер, тиеу және буып-түю парақтары, сондай-ақ тауарлар туралы мәліметтер, оның ішінде тауарлардың құнын растайтын және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар түсініледі.
276-8-бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау
1. Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау жөніндегі шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлардың құны негізінде айқындалады.
2. Осы баптың мақсаты үшін тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаларды айқындау принциптері негізінде анықталады.
Салық салу мақсатында баға айқындау принципі шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге тиіс мәміле бағасының негізінде тауарлар құнын, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші шеккен мынадай шығыстарды қоса алғанда, егер олар бұрын енгізілмесе:
1) тауарды әуежайға, портқа немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарды әкелудің өзге де орнына дейін жеткізу бойынша шығыстарды:
тасымалдау құнын (экспедиторлық қызметтер көрсетуді қоса алғанда);
тауарларды тиеу, түсіру, қайта тиеу және ауыстырып тиеу бойынша шығыстар тауарлардың құнын айқындауды білдіреді.
Бұл ретте осы тармақшаның мақсаты үшін тауарларды әкелудің өзге орны мыналар болып табылады:
халықаралық автомобиль қатынасында тауарларды тасу кезінде - келісімшарттың (шарттың) талаптарына сәйкес айқындалған орын, не тауарларға ілеспе құжаттарға сәйкес жеткізу орны, ал жеткізу талаптарын айқындау мүмкін болмаған жағдайда – салық төлеуші көлік шығыстарының есебін табыс ете отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейін; көлік шығыстарының есебін табыс етпеген жағдайда – Қазақстан Республикасының аумағындағы межелі соңғы пунктке дейін;
тауарларды халықаралық және мемлекетаралық темір жол қатынасында тасу кезінде - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген бірінші шекара маңындағы өткізу пункті (стансасы);
тауарларды магистральдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тасымалдаған кезде – тауарларды тапсыру пункті;
2) сақтандыру құнын;
3) сатып алушы шеккен шығыстарды:
контейнерлердің немесе айналымға көп түсетін басқа да ыдыстардың құнын, егер олар бағаланатын тауарлармен біртұтас зат деп қаралса;
буып-түю материалдары мен буып-түю жөніндегі жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-түю құнын қамтиды.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген шығыстар мәміле бағасына енгізілсе, онда әкелінген тауарлардың құны шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы негізінде айқындалады.
3. Тауарлардың салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің сомасы енгізіледі.
Лизинг шарттары бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің есептелген сомалары импортталған акцизделетін тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке алған күні енгізіледі.
4. Тауар алмасу (бартерлік) шарттары (келісімшарттары), сондай-ақ зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша алынған тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері шартта (келісімшартта) көзделген тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны көрсетілмеген жағдайда – тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құны, шартта (келісімшартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны көрсетілмеген жағдайда – егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген шығыстар құнға енгізілмесе, олар ескеріле отырып, бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны негізінде айқындалады.
Тауар алмасу (бартерлік) шарттары (келісімшарттары), сондай-ақ зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша алынған тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау принципін ескере отырып, тауарлар құнының негізінде айқындалады.
Бұл ретте тауарлардың құны шартта (келісімшартта) көзделген тауарлар бағасының, шартта (келісімшартта) тауарлардың бағасы көрсетілмеген кезде - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген бағаның, шартта (келісімшартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда бағасы көрсетілмеген кезде – тауарлардың бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасының негізінде айқындалады.
5. Алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері, осы алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстардың құны негізінде айқындалады.
6. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшері, осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау принципі ескеріле отырып, сыйақы есепке алынбай, осы Кодекстің 276-6-бабы 3-тармағында белгіленген күні көзделген тауар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі мөлшерінде айқындалады.
Егер, осы баптың 2-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген шеккен шығындар тауардың құнына енгізілмеген болса, онда осындай шығыстар тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортын жасаудың алғашқы күнінде тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшеріне енгізілуге жатады.
Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысанасын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күніне дейін белгіленген болса, тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортын жасаудың алғашқы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері, сыйақы есепке алынбай, лизинг шарты (келісімшарты) бойынша барлық лизингтік төлемдер сомасы ретінде айқындалады, оны төлеу мерзімінің басталған күні лизинг шартына (келісімшартына) сәйкес тауарларды (лизинг нысаналарын) лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленеді.
Осы Кодекстің 276-1-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, салық салынатын импортты жасаудың соңғы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері лизинг шарты (келісімшарты) бойынша сыйақы есепке алынбаған барлық лизинг төлемдері мен сыйақы есепке алынбаған өтелген төлемдер сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің 276-1-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген кезден бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты (келісімшарты) бұзылған жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, салық салу мақсатында баға айқындау принципі ескерілген, олар бойынша бұрын жанама салықтар төленген лизинг шарты (келісімшарты) бойынша лизингтік төлемдердің сомасына азайтылған (сыйақы есепке алынбаған) тауарлардың (лизинг нысаналарының) құны негізінде айқындалады. Бұл ретте лизинг шартымен (келісімшартымен) көзделген сыйақы аталған жағдайлар басталғанға дейін салық салынатын импорт мөлшеріне енгізіледі.
7. Салық қызметi органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерінің атқарылуын бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.
Бұл ретте салық төлеуші Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жоғарыда көрсетілген тәртіпті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін дербес түзетеді.
276-9-бап. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу
бойынша салық салынатын айналымның мөлшерін
айқындау
Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымның мөлшері осы Кодекстің 238 және 241-баптарына сәйкес айқындалады.
276-10-бап. Кеден одағындағы тауарлардың экспорты
1. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты кезінде қосылған құн салығының нөлдік ставкасы қолданылады.
Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты кезінде осы Кодекстің 34-тарауына сәйкес қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
2. Осы баптың ережелері оларды дайындау туралы шарттар бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын, оларды дайындау бойынша жұмыстар орындалған Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілетін тауарларға қатысты да қолданылады.
3. Меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша, зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша, тауарларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету кезінде қосылған құн салығының нөлдік ставкасы қолданылады.
276-11-бап. Тауарлар экспортын растау
1. Тауарлар экспортын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) өзгерістер, толықтырулар және оларға қосымшалар ескеріле отырып, солардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі – шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі немесе зат түрінде қарыз берілетін жағдайда – лизинг шарттары (келісімшарттары), зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);
2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені (босатылғаны немесе салық міндеттемелерін орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште) (бұдан әрі - тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш);
3) кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттар.
Тауарлардың магистральдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорты жағдайында тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі табыс етіледі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар.
Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты, зат түрінде қарыз беру жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ олардың көрсетілген операциялар бойынша алған тауарлардың импортын растайтын құжаттардың болуы есепке алынады.
Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарт) бойынша оларды әкеткен жағдайда, қосылған құн салығын төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған өзінің банк шоттарына тауарлардың (лизинг нысаналарының) бастапқы құнын өтеу бөлігінде лизингтік төлемнің түсуін растайтын құжаттарды салық органына табыс етеді;
5) зияткерлік меншік объектісіне құқық туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда - оның құны туралы зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның растамасы.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын өңдеу өнімдерін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттардың:
1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттардың (келісімшарттардың);
2) өңделетін өнімдердің экспорты жүзеге асырылатын шарттардың (келісімшарттардың);
3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындау фактісін растайтын құжаттардың;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикiзатын әкетуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың;
5) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің (аумағына өңделетін өнімдер импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені (босатылғаны немесе салық міндеттемелерін орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште);
6) кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан өңделетін өнімдерді әкетуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Егер өңдеу өнімдері аумағында алыс-берiс шикiзатын өңдеу бойынша жұмыстар орындалған кеден одағына мүше-мемлекеттің салық төлеушісіне өткізілсе, - осындай өңделетін өнімдерді тиеп-жөнелтуді растайтын құжаттардың;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша өңделетін өнімдердің экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортын растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
3. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының өңдеу өнімдерін кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспорттаған жағдайда, өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттардың:
1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттардың (келісімшарттардың);
2) оның негізінде өңдеу өнімдерінің экспорты жүзеге асырылатын шарттардың (келісімшарттардың);
3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындау фактісін растайтын құжаттардың;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикізатын әкетуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың;
5) өңдеу өнімдерінің кеден одағы шегінен тысқары жерлерге әкетілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың;
6) тауарларды экспорт кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар, сондай-ақ осы баптың 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, кеден одағының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар кедендік жүк декларациясының;
7) мынадай жағдайларда:
тауарларды магистральдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
кезең-кезеңдік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
уақытша декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендік декларациялауды жүргізген кеден одағына мүше-мемлекеттің кеден органының белгілері бар толық кедендік жүк декларациясының;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
4. Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортын растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
276-12-бап. Кеден одағында халықаралық тасымалдарға салық
салу
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кеден одағында халықаралық тасымалдарға салық салу осы Кодекстің 244-бабына сәйкес жүргізіледі.
2. Экспортталатын тауарларды кеден одағында магистральдық құбыр жүйесі бойынша тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу кеден одағының аумағындағы сатып алушыға не аталған тауарларды кеден одағының аумағындағы сатып алушыға дейін одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға экспортталатын тауарларды беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған болса, халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
3. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшін сатып алушыға экспортталатын тауарларды беруді растайтын құжаттар мыналар:
1) тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі;
2) орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді қабылдап алу-тапсыру актілері;
3) шот-фактуралар болып табылады.
4. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшін транзиттік жүктерді кеден одағында магистральдық құбыр жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікпен тасымалдауды растайтын құжаттар:
1) орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді қабылдап алу-тапсыру актілері;
2) шот-фактуралар болып табылады.
276-13-бап. Кеден одағында алыс-беріс шикізатын өңдеу
жөніндегі жұмыстарға салық салу
1. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға, осы баптың 7-тармағында және осы Кодекстің 276-14-бабында көзделген, тауарларды өңдеу шарттары мен алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі сақталған жағдайда нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.
2. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін кейіннен сол кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растау мыналар болып табылады:
1) кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
4) өңдеу өнімдерінің Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені орындау);
5) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;
6) осы Кодекстің 635-бабының 4-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
3. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған, өңделген өнімді кейіннен кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін мыналарды ұсынады:
1) кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған алыс-беріс шикізатын өңдеуге, дайын өнімді беруге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) алыс-беріс шикізатын және дайын өнімді қабылдап алу-тапсыру актілері;
4) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
5) Қазақстан Республикасының аумағынан өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);
6) алыс-беріс шикізатының меншік иесінен алынған алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
4. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған, қайта өнімді кейіннен кеден одағына мүше емес мемлекеттік аумағында өткізген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін мыналарды ұсынады:
1) кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
4) Қазақстан Республикасының аумағынан өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);
5) кедендік декларациялауды жүзеге асырған кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы растаған экспорт кедендік рәсімінде кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына тауарларды әкету кезінде ресімделетін кедендік жүк декларациясының көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын, осы Кодекстің 635-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
5. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі өткізу үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкетуді (әкелуді) жүзеге асырған жағдайда, өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені, сондай-ақ оның уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімінде орындалуын ұсынады.
7. Алыс-беріс шикізатын өңдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тауарларды өңдеу шарттарына сәйкес келуге тиіс.
8. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы мынадай мәліметтерді:
1) сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар мен өңделетін өнімдердің атауын, сыныптамасын, олардың санын және құнын;
2) өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) күнін және нөмірін, өңдеу мерзімін;
3) өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын;
4) өңдеу сипаттамасын;
5) өңдеуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
9. Тұлғаның дәлелді сұрау салуы бойынша салық органының рұқсатымен, егер олар өздерінің сипатталуы, саны, құны, сапасы және техникалық сипаттамасы бойынша өңделген өнімдерге сәйкес келетін болса, өңделген өнімдерді өңдеушінің бұрын өндірген тауарларымен ауыстыруға жол беріледі.
276-14-бап. Алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі
1. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және ол алыс-беріс шикізатын есепке қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту күнінен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында салық салынатын импорт деп танылады және Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап оған осы тарауға сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында, өткізу бойынша салық салынатын айналым деп танылады және оған осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкеткен күннен бастап қосылған құн салығы салынуға жатады.
276-15-бап. Кеден одағында қосылған құн салығынан
босатылған айналымдар және импорт
1. Мыналарды:
1) осы Кодекстің 33-тарауында көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса;
2) Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы Кодекстің 276-5-баптың 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілуін растайтын құжаттар болып табылады.
Осы тармақшада аталған қызметтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлардан өндірілген тауарларды осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында өткізген кезде тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
2. Мыналар:
1) осы Кодекстің 255-бабында көзделген тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетілген, кеден одағы шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
2) кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеуге арналған тауарларды, сондай-ақ олардың көмегімен тауарларды өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарларды әкелу қосылған құн салығынан босатылады. Бұл ретте импортталатын тауарлардың тізбесі мен осындай тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесі, сондай-ақ тауарлар мен салық төлеушілерді көрсетілген тізбелерге жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде көзделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде қосылған құн салығын төлеуден босатылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаты үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелу деп, әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемемен тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу түсініледі.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету және оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде орындау туралы міндеттеме ұсынады.
Тауарларды уақытша әкелуді жүзеге асыратын тұлға тауарларды уақытша әкелу мерзімін осындай әкелудің мақсаттары мен мән-жайларына сәйкес айқындайды, бірақ бұл мерзім осы Кодекстің 276-2-бабының 2) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, осындай уақытша әкелінген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені ұсынған күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар аталған тізбеде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелген кезде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауды уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде жүргізеді.
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген, әкелу кезінде олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды әкетпеген жағдайда, тауарларды мұндай әкелу салық салу мақсатында салық салынатын импорт деп танылады және Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап оларға осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға жатады.
4. Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт бойынша қосылған құн салығынан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша қосылған құн салығы тауарды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінде төленуге жатады.
5. Қазақстан Республикасының лизинг алушы-салық төлеушісінің кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг берушісіне лизинг шарты бойынша төлейтін сыйақысы қосылған құн салығынан босатылады.
276-16-бап. Кеден одағында қосылған құн салығының
сомаларын есепке жатқызу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы осы Кодекстің 34-тарауында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылады.
2. Кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Қазақстан Республикасының бюджетіне белгіленген тәртіппен төленген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы есептелген және (немесе) есепке жазылған шегінде есепке жатқызылады.
Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығының сомасы бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы болып табылады, бірақ осы Кодекстің 276-8-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорттың көлеміне салық кезеңі үшін келетін қосылған құн салығының сомасынан артпайды. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңдері үшін есепке жазылған (есептелген), оның ішінде осы Кодекстің 599 және 601-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жолымен төленген қосылған құн салығының сомалары ағымдағы салық кезеңінде есепке жатқызылуға тиіс.
3. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг алушы-салық төлеушісінің алуына жататын тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі лизингке берген кезде, Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі есепке жатқызуға тиіс қосылған құн салығының сомасы сыйақыны есепке алмай, алынған лизингтік төлем бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) құнына келетін бөлігінде айқындалады.
276-17-бап. Шот-фактура
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактураны жазып беру тәртібі, осы Кодекстің 35-тарауына сәйкес айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты жағдайында шот-фактура тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
3. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, басқа мемлекеттің аумағына кейіннен өңдеу өнімдері түрінде әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, шот-фактура әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалуын растайтын құжатқа қол қойылған күні жазып беріледі.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жазып берілетін шот-фактура осы Кодекстің 263-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сай болуға, сондай-ақ мыналар:
1) өткізу бойынша айналым жасалған күн;
2) СТСН/ЕСК - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі/Ресей Федерациясынан сатып алушының есепке қойылу себебінің коды;
3) ТЕН - Беларусь Республикасынан сатып алушының – төлеушінің есепке алу нөмірі көрсетілуге тиіс.
5. Қазақстан Республикасының салық төлеуші - лизинг берушісі кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің салық төлеушісі-лизинг алушысының алуына жататын тауарларды лизингке берген кезде шот-фактура лизинг шартында көрсетілген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде сыйақы есепке алынбай, әрбір лизингтік төлем күніне жазып беріледі.
Қазақстан Республикасының салық төлеуші-лизинг берушісінің сыйақы сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетілуге тиіс.
276-18-бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн
салығын төлеушілерді айқындаудың
ерекшеліктері
1. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың меншік иесі деп тауарларға меншік құқығы бар немесе тауарларға меншік құқығының өтуі шартпен (келісімшартпен) көзделген тұлға түсінілуі керек.
2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса және бұл ретте тауарлар кеден одағына мүше үшінші бір мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі төлейді.
3. Егер кеден одағына мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі тауарларды комиссия шарты, Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне берілген тапсырма негізінде өткізсе және тауарлар кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – комиссионер, сенім білдірілген адам жүзеге асырады.
4. Егер Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының басқа салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды сатып алса, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі не болмаса комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан бұрын Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алса, қосылған құн салығын оларды сатып алу-сатуға резидент емеспен шарттар (келісімшарттар) болған кезде тауарлардың меншік иесі төлейді.
Сатып алу-сатуға арналған шарттар (келісімшарттар) болмаған кезде, мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрмелік-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жүзеге асырады.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осындай сауда өткізілетіні туралы кеден одағына мүше мемлекеттерден саудаға қатысатындардың тізімін қоса бере отырып, оны өткізу басталардан он жұмыс күні бұрын салық органына орналасқан жері бойынша жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
5. Егер тауарлар Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен кеден одағына мүше емес мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт негізінде сатып алынса және бұл ретте тауарлар кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі не сенім білдірілген адам (оператор) төлейді.
276-19-бап. Қазақстан Республикасының аумағына
тауарлардың импорты кезінде кеден одағында
комиссия, тапсырма шарттары бойынша қосылған
құн салығын есептеу ерекшеліктері
1. Комиссионер (сенім білдірілген адам) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына комиссия (тапсырма) шарттары негізінде әкелген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және бюджетке аудару жөніндегі міндет комиссионерге (сенім білдірілген адамға) жүктеледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасын осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация көшірмесінің және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген, салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі негізінде есепке жатқызуға тиіс.
2. Комиссионердің өз атынан және комитент есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
3. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізуі бойынша айналым болып табылмайды.
4. Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - комитент (сенім білдіруші) пен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – комиссионер (сенім білдірілген адам) арасында жасалған комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша шот-фактураларды жазып беруді комиссионер (сенім білдірілген адам) жүзеге асырады. Бұл ретте шот-фактура жеткізушінің «комиссионер» («сенім білдірілген адам») деген мәртебесі көрсетіле отырып жазып беріледі.
Комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушыға жазып берген шот-фактурада осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 1) - 6) тармақшаларында белгіленген деректемелер, қосылған құн салығын есепке алмағанда тауарлардың құны, сондай-ақ шот-фактураға қоса берілетін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмірі мен күні көрсетіледі.
Импортталатын тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетіледі.
Мұндай шот-фактураға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің комиссионерден (сенім білдірілген адамнан) алынған көшірмесі мен тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызуға негіз болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның көшірмесі қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы комиссионердің (сенім білдірілген адамның) есебіне жатқызылмайды.
5. Импортталған тауарларды комиссионер (сенім білдірілген адам) есепке қабылдаған күн комиссия (тапсырма) шарттары негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
Осы тармақтың мақсаты үшін комитенттің (сенім білдірушінің) комиссионердің (сенім білдірілген адамның) атына тауарлардың берілгенін растайтын бастапқы құжатты жасау күні есепке қабылдау күні болып табылады.
6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген адамның) салық салынатын айналымының мөлшері сыйақы негізінде айқындалады.
276-20-бап. Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу
және төлеу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі осы Кодекстің 36-тарауына сәйкес айқындалады.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарлардың экспорты немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық органына осы Кодекстің 276-21-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 270-бабында көзделген қосымша құн салығы жөніндегі декларациямен бір мезгілде мынадай құжаттарды:
1) тауарларды (оның ішінде алыс-беріс шикізаты өнімдерін) импорттаған кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінен алынған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыс етуге міндетті.
Акцизделетін тауарлардың экспорты жағдайында тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі қосымша табыс етіледі;
2) қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде кеден одағына мүше мемлекеттерге өткізілген тауарлар немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жөнінде орындалған жұмыстар бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс етуге міндетті. Кеден одағына мүше мемлекеттерге өткізілген тауарлар немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жөнінде орындалған жұмыстар бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысандарын уәкiлеттi орган белгілейді.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.
Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациясымен бір мезгілде мынадай құжаттарды:
1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт дана) және электронды түрде табыс етеді.
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нысанын, оны толтыру мен табыс етудің қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi;
2) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін, және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесінің орындалуын растайтын, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де төлем құжатын немесе уәкілетті орган берген, салық төлеушіге салық төлеу мерзімін өзгертуге құқық берілгендігін растайтын өзге де құжатты, немесе осы Кодекстің 276-15-бабының талаптарын ескере отырып, қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжаттарды табыс етеді.
Бұл ретте аталған құжаттар қосылған құн салығын төлеудің өзге тәртібінде, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотының есебіне жатқызылуға тиісті импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының жеке шоттарында артық төленген төлемдер болған жағдайда, салық төлеуші салықтар мен төлемдердің басқа түрлері бойынша аталған артық төленген сомаларды есепке жатқызуға немесе есеп айырысу шотына қайтаруға өтініш бермеген болса, табыс етілмейді.
Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар есепті салық кезеңіне келетін, лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизингтік төлемнің мерзімі бойынша, осы тармақта белгіленген мерзімде табыс етіледі;
3) кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарларға ілеспе құжаттарды табыс етеді.
Егер тауарлардың жекелеген түрлері үшін мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, аталған құжаттар табыс етілмейді;
4) егер шот-фактураларды шығару (жазып беру) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды;
5) кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) жағдайында – лизинг шарттары (келісімшарттары), зат түрінде қарыз берілген жағдайда - қарыз шарттары, тауарларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар), алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
6) Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі не кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізетін кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі берген (ұйымның басшысы (жеке кәсіпкер) қол қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған) кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі туралы мынадай мәліметтер:
тұлғаны кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіруші нөмір;
кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның (жеке кәсіпкердің) толық атауы;
кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің орналасқан (тұрғылықты) жері;
келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні;
ерекшелік нөмірі мен күні туралы және импортталған тауарды сатып алу туралы кеден одағына мүше осы үшінші мемлекеттің салық төлеушісімен жасалған шарт (келісімшарт) туралы ақпараттық хабарлама (осы Кодекстің 276-18-бабының 2 – 5-тармақтарында көзделген жағдайларда).
Егер одан тауар сатып алынатын кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізетін тауардың иесі болмаған жағдайда (комиссионер, сенім білдірілген адам болып табылса), онда осы тармақшаның екінші-алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың иесіне қатысты да табыс етіледі.
Ақпараттық хабарлама шет тілінде табыс етілген жағдайда қазақ және орыс тілдеріне аудармасының болуы міндетті.
Егер осы тармақшада көзделген мәліметтер осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылған жағдайда ақпараттық хабарлама табыс етілмейді;
7) комиссия немесе тапсырма шарттары (келісімшарттары) (олар жасалған жағдайда);
8) комиссия немесе тапсырма шарттары бойынша кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарттар) (қосылған құн салығын комиссионер, сенім білдірілген адам төлейтін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 276-18-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда).
Бөлшек саудада сатып алу-сату жағдайында осы тармақтың 3) – 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не сатып алынғанын) растайтын құжаттар (оның ішінде бақылау-касса машинасының чектері, тауар чектері, сатып алу актілері) табыс етіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың 2) – 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) қолтаңбаларымен, сондай-ақ мөрімен куәландырылған көшірмелерде табыс етілуі мүмкін.
Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1) – 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді. Кейіннен салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
Егер лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысанасын) әкелгеннен кейін басталған жағдайда, салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1), 3) - 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді. Бұл ретте салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште қосылған құн салығы бойынша салық базасын көрсетпейді.
Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің күні Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысаналарын) әкелген күнге дейін белгіленген жағдайда салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
Кейіннен салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
Заңды тұлғаның шешімі бойынша осы тармақта көзделген құжаттарды табыс ету, сондай-ақ жанама салықтарды төлеу оның құрылымдық бөлімшесі – импортталған тауарларды алушы орналасқан жер бойынша салық органында жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша төлеуге есептелген жанама салықтардың сомасы тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкес келуі тиіс.
5. Салық төлеушілер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қағаз жеткізгіште және электронды түрде табыс етеді.
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысанын, оны толтыру мен табыс ету қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.
Тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатының өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде жанама салықтарды есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осындай импортталған тауарлар есепке қабылданған (лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі болатын) күнтізбелік ай болып табылады.
Бұл ретте салық кезеңі ішінде салық міндеттемесін орындауға жол беріледі.
6. Салық қызметі органы қабылдаған, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпеген жағдайда салық органдарына табыс етілмеген деп саналады.
7. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін салық органдарының тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан дәлелді бас тартуы уәкiлеттi орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
Бұл ретте салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда есептелген жанама салықтар сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындамаған кезде және осы баптың 4-тармағының шарттарын орындамаған жағдайда көрсетілген белгіні қою жүргізілмейді және дәлелді бас тарту табыс етіледі.
276-21-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты кезінде
тауарларды әкелу және жанама салықтардың
төленгені туралы өтінішті табыс ету тәртібі
1. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі тауарларды (оның ішінде алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімін) импорттаған кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінен алған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарлар экспортын жүзеге асырған немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындаған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осы Кодекстің 276-20-бабының 2-тармағына сәйкес табыс етеді.
Бұл ретте салық төлеуші салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті:
тауарлардың экспорты кезінде тауарларды өткізу бойынша;
алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындаған жағдайда, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде табыс етуге құқылы.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарлар экспортын жүзеге асырған немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындаған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімде қағаз жеткізгіште табыс етпеген кезде, тауарлардың экспорты кезінде тауарларды өткізу бойынша немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстарды орындаған жағдайларда жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға және өткізу бойынша айналым жасау күніне келетін салық кезеңі үшін төлеу мерзімі бойынша бюджетке төлеуге жатады.
Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығы сомаларын есептеуді салық органы уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен жүргізеді.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомаларын уақтылы және толығымен төлемеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 85 және 86-тарауларында айқындалған тәртіппен, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
4. Қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыс еткен жағдайда төленген қосылған құн салығы сомалары осы Кодекстің 599 және 602-баптарына сәйкес есепке жатқызуға және қайтаруға жатады.
Бұл ретте осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды.
276-22-бап. Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде
тауарларды әкелу және жанама салықтардың
төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу
1. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш салық төлеушінің орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына табыс етілген салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде кері қайтаруға жатады.
2. Салық төлеуші осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті мынадай жағдайларда:
1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қате табыс еткен өтінішті кері қайтарған;
2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізген, оның ішінде осы Кодекстің 276-23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда табыс етуге құқылы.
3. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, егер мұндай өтінішті табыс ету міндеттемесі осы Кодексте көзделмеген жағдайда қате табыс етілген деп есептеледі.
4. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші жаңа өтінішті бір мезгілде табыс етіп, бұрын табыс етілген өтінішті кері қайтару жолымен жүргізеді.
5. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарумен бір мезгілде, орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органы салық төлеушiнiң жеке шоттарында есептелген жанама салықтардың сомаларын түзетуді жүзеге асырады.
6. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізумен бір мезгілде салық төлеушi импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияны табыс етуге міндетті.
Осы тараудың мақсатында импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларация салық есептілігі болып табылады, оны импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық төлеуші болып табылатын тұлға осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар жататын кезең үшін бұрын табыс еткен салық есептілігіне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізген кезде табыс етіледі.
Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларация хабарлама бойынша салық есептілігі болып табылады, осы тұлға салық төлеуші болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды салық органы анықтаған кезең үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс етеді.
7. Салық төлеушінің тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке:
1) салықтық тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген қосылған құн салығы және акциздер бойынша кешендi және тақырыпҒтық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде – тексерiлетiн салық кезеңiнде;
2) салық төлеушінің шағымында көрсетілген қосылған құн салығы салығы және акциздер бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салық кезеңiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.
8. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтару тәртібін уәкiлеттi орган белгілейдi.
276-23-бап. Тауарлардың импорты кезінде төленген қосылған
құн салығының сомаларын түзету тәртібі
1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебінен осындай тауарлар әкелінген ай аяқталғанға дейін қайтару жүзеге асырылған жағдайда, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда осындай тауарлар бойынша мәліметтерді көрсету жүргізілмейді.
Тауарлардың қайтарылуын растау осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 1) – 3) тармақшаларында көзделген құжаттар болып табылады. Бұл ретте импорттаушы осы құжаттарды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды, осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін қайтарған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда көрсетілуге тиіс.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жағдайларда салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште әкелінген тауарлар туралы (оның ішінде тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебінен қайтарылған тауарлар туралы) мәліметтерді көрсетуі тиіс.
Салық төлеуші мына құжаттарды табыс еткен кезде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алуға және тауарларды әкелу және нақтылы әкелінген тауарлар бойынша жанама салықтардың төленгені туралы жаңа өтінішті ұсынуға құқылы:
1) экспорттаушы салық төлеушімен және импорттаушы салық төлеушімен саны бойынша келісілген наразылықтар (қабылдап алу актісі);
2) тиісінше сапасыздығын және (немесе) жинақталмағандығын растайтын тәуелсіз сараптаманың қорытындысы (акт);
3) аумағынан тауарлар экспортталған кеден одағына мүше мемлекеттің құзыретті салық органының экспорттаушы-салық төлеушісінің осындай тауарлар экспорты кезінде салық салынатын айналымының мөлшеріне түзету жүргізілгені туралы растауы.
Салық төлеушінің өтініші бойынша салық қызметі органдары көрсетілген растауды беру туралы сұрату жібереді.
4. Қосылған құн салығын салуға мыналар жатпайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи зиян нормалары шегінде салық төлеуші тартқан тауарлар шығыны;
2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған тауарлардың бүлінуі.
Осы баптың мақсаттары үшін тауарлар шығыны деп тауарлардың жойылуы немесе жоғалуы болған оқиға түсініледі. Тауардың бүлінуі тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, оның нәтижесінде осы тауар салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін емес.»;
60) мынадай мазмұндағы 277-1-баппен толықтырылсын:
«277-1-бап. Кеден одағында қолданылатын ұғымдар
Осы бөлімде қолданылатын ұғымдар кеден одағына мүше мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген.
Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар көзделмеген болса, осы Кодекстің тиісті баптарында, Қазақстан Республикасының азаматтық және өзге де салаларындағы заңнамасында көзделген ұғымдар қолданылады.»;
61) 278-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы «кедендік» деген сөз алып тасталсын;
5) тармақшадағы «жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.» деген сөздер «жүзеге асыратын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.»;
62) 279-бапта:
3) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«двигателiнiң көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім.»;
63) 280-бапта:
1-тармақтағы «тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
1) тармақшада:
«7)» деген цифрдан кейін «, 8)» деген цифрмен толықтырылсын;
кестеде:
1-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«80 көлемдiк пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттiк медицина мекемелеріне берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған)»;
2-жолдың 4-бағанындағы «0,1 теңге/литр» деген сөздер «1,0 теңге/литр» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-жолдың 3-бағанында:
«80 көлемдік проценттен төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер» деген сөздер «80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер» деген сөздермен ауыстырылсын;
«спирттен» деген сөз «денатуратталмаған этил спиртінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сатылатын,» деген сөзден кейінгі «сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
4-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті»;
5-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер»;
мынадай мазмұндағы 5-1-жолмен толықтырылсын:
5-1. |
3003,3004-тен |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім |
100 % спирт 500 теңге/литр |
»;
9-жолдың 2-бағанындағы «-ден» деген қосымша алып тасталсын;
13-жолдың 2-бағанындағы «2203 00-ден» деген сөздер «2202 90 100 1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
19-жолдың 3-бағанындағы «табиғи» деген сөз алып тасталсын;
20-жолдың 3-бағанының үшінші абзацы «жүкке арналған» деген сөздердің алдынан «двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын» деген сөздермен, «моторлы көлiк құралдары» деген сөздерден кейін (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)» деген сөздермен толықтырылсын;
64) 281-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы «жоғалуы акциз салынатын объект болып табылады.» деген сөздер «жоғалуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.»;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналар:»;
4) тармақшадағы «0,1 литрден аспайтын тұтыну ыдысына құйылған және» деген сөздер алып тасталып, «акциз салынбайды» деген сөздер «акциз салудан босатылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
65) 282-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Алыс-беріс шикізатынан акцизделетін тауарлар дайындаған кезде дайындалған акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізатын есепке қабылдаған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауы тиіс.
Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзімінен асқан жағдайда осы Кодекстің 280-бабында көзделген ставкалар бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ оның уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысанда және мерзімде орындалуын ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан акцизделетін тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн операция жасалған күн болып табылады.
Бұл ретте осы бөлімнің мақсаттары үшін импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кіріске алған күн болып табылады.»;
66) 283-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«283-бап. Салық базасы
Акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі (саны) ретінде айқындалады.»;
67) 285-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «өндірілген» деген сөз «Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы «сапасының» деген сөзден кейін «(қасиетінің)» деген сөзбен толықтырылсын;
68) 288-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацта:
«Акцизделетін» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«салық органына» деген сөздерден кейін «операция жасалған күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада:
бірінші абзацтағы «экспорт режимiнде» деген сөздер «экспорт кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
«экспорт режимiнде» деген сөздер «экспорт кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кеденді ресiмдеудi» деген сөздер «кедендік декларациялауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
бірінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «экспорт режимiнде» деген сөздер «экспорт кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«қатысушы мемлекеттерге» деген сөздерден кейін «(кеден одағына мүше мемлекеттерді қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
«экспорт режимінде» деген сөздер «экспорт кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Акцизделетін тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған кезде осы Кодекстің 281-бабының 3-тармағына сәйкес акциздер төлеуден босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына акциз жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-11-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Кодекстің 276-11-бабында көзделген құжаттарды табыс етеді.
Бұл ретте салық төлеуші акциз жөніндегі декларацияны қоспағанда, көрсетілген құжаттарды операция жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына табыс етуге құқылы.»;
3-тармақтағы «1 және 2» деген сөздер «1, 2 және 2-1» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін экспортқа акцизделетін тауарларды өткізу расталған жағдайда осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген акциздер сомалары осы Кодекстің 599 және 602-баптарына сәйкес есепке жатқызуға және қайтаруға жатады.
Бұл ретте акцизделетін тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспортқа өткізуді растамауға байланысты есептелген өсімпұлдардың төленген сомасы қайтаруға жатпайды.»;
69) 290-бапта:
бірінші бөліктегі «Салық базасы» деген сөздер «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық базасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кеден одағына мүше мемлекеттерден акцизделетін тауарлар импорты кезінде салық базасының мөлшерін түзету осы Кодекстің 276-23-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.»;
70) 291-бапта:
2-тармақ «тауарлар бойынша» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасында төленген» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «кеден» деген сөз алып тасталсын;
5-тармақта:
2) тармақшадағы «чектері» деген сөз «чектерін қоса бере отырып, кіріс-кассалық ордерге түбіртек» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «актiлерi» деген сөз «парақтары» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтың 2) тармақшасындағы «актiлерi» деген сөз «парақтары» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақта:
бірінші абзац «импорты кезiнде» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасында» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «ресiмдеу» деген сөз «декларациялау» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумағынан акцизделетін шикізат импорты кезінде импортталатын акцизделетін шикізатқа арналған жүктің кедендік декларациясы немесе Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және олардың импорты кезінде жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;»;
4) тармақшадағы «актiлерi» деген сөз «парақтары» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бірінші абзац «шикiзаттан» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының аумағында» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша «арасындағы» деген сөзден кейін «алыс-беріс шикізатын өңдеу туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
71) 292-бапта:
1-тармақтағы «15» деген цифрлар «20» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Салық органдарының тиісті белгіні қою жолымен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін растауы не растаудан дәлелді бас тартуы уәкілетті орган көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
72) 293-бапта:
1-тармақтағы «2-тармағында» деген сөздер «2 және 3-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарлар импортталған жағдайда акцизді төлеу акциз төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша жүргізіледі.»;
73) 296-бапта:
1-тармақтағы «Әрбір салық кезеңі аяқталған соң салық төлеушілер» деген сөздер «Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әрбір салық кезеңі аяқталған соң акциз төлеушілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттаушы салық төлеушілер орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, осы Кодекстің 276-20-бабының 5-тармағында белгіленген нысанда және тәртіппен, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны ұсынуға міндетті. Осындай декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.
Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 276-20-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органына ұсынылмаған болып саналады.»;
74) 297-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«297-бап. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық
базасы
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі, саны ретінде айқындалады.»;
75) 298-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерін төлеу үшін айқындалған күні кеден iсi мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен төленеді.»;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша (таңбаланатын акцизделетін тауарларды қоспағанда) акциздер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.
Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталуы акциздерді төлемей жүзеге асырылған акцизделетін тауарлар, оларға байланысты төлеуден босату немесе төлеудің өзге тәртібі ұсынылғандардан өзге мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, осы акцизделетін тауарларға осы Кодекстің 280 және 297-баптарында белгіленген тәртіппен және акциздердің ставкалары бойынша акциздер салуға жатады.»;
76) 299-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғалар кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциз салынбайды.»;
2-тармақта:
2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рәсімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында босатылатын акцизделетін тауарлар;»;
5) тармақшадағы «сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және» деген сөздер алып тасталсын;
77) 307-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы бөлім жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын есептеу және төлеу тәртiбiн, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау ерекшеліктерін белгiлейдi.»;
78) 308-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«308-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізу жөнiндегi қызметке салық салу
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу осы Кодекстің 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер туындаған кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 198 – 200-баптарына сәйкес қосымша салық салуға жатады.
3. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір келiсiмшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша, сондай-ақ рентабельдiгi төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебетi аз және қазылған кен орындарын (кен орындары тобын, осындай кен орындары тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгiн, бір келiсiмшарт шеңберiндегi кен орындарының бір бөлігін) әзірлеу кезінде, осындай кен орындары (кен орындарының тобы, бір келiсiмшарт шеңберiндегi осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгi) бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдерді осы Кодексте белгіленгендерден ерекшеленетін тәртіппен және ставкалар бойынша есептеген жағдайда, салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін осы Кодекстің 310-бабына сәйкес бөлек салық есебін жүргізуге мiндеттi.
Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдiк балшықты өндіру жөнiндегi келiсiмшарттарға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.
Өндiрiлуi жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың талаптарында көзделмеген және қорларын осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органы бекіткен мұнайды, минералды шикізатты, жерасты суларын, сондай-ақ емдік балшықты коммерциялық өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы олар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейін, осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдерді төлеуге мiндеттi.
4. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келiсiмшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) әрбір қатысушы салық төлеуші болады.
5. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келiсiмшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келiсiмшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылар осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілін айқындауға міндетті.
Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі осы Кодекстің талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге міндетті.
Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүзеге асырылған жағдайда осындай уәкілетті өкіл ретінде оператор танылады.
Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілінің, оның ішінде оператордың өкілеттігі осы Кодекстің 17 немесе 17-1-баптарының талаптарына сәйкес расталуы тиіс.
6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша салық міндеттемелерін орындауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) және (немесе) осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жиынтық салық есебі деректерінің негізінде жүргізеді. Бұл ретте осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық есептілік нысандарын ұсыну бойынша салық міндеттемелерін орындауды жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) дербес жүзеге асырады.»;
79) мынадай мазмұндағы 308-1-баппен толықтырылсын:
«308-1-бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың
салық міндеттемесін орындау тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiмшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта айқындалған салық режимi мұндай келiсiмнiң (келiсiмшарттың) ережелеріне сәйкес оларға қатысты салық режимiнiң тұрақтылығы тiкелей көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер үшiн сақталады, мұндай келiсiмнiң (келiсiмшарттың) белгiленген бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде тек қана оның тараптарына қатысты, сондай-ақ операторларға қатысты қолданылады, мұндай келiсiмнiң (келiсiмшарттың) тараптары болып табылмайтын тұлғаларға немесе операторларға қолданылмайды және тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
Төлем көзiнен ұсталуға жататын, жер қойнауын пайдаланушы салық агентi ретiнде әрекет ететiн салыққа қатысты салық мiндеттемелерiн орындау Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiмшартта) және Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта төлем көзiнен ұсталатын салық салу тәртiбiн реттейтiн ережелердің болуына қарамастан, оларды төлеу жөнiндегi мiндеттемелер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келiсiмнiң (келiсiмшарттың) салық режимiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың салық режимiнде көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiмшартта) және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде, олардың қолданылу мерзiмi аяқталғанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілгенге дейiн оларды бюджетке төлеудi жалғастырады.
2. Егер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келiсiм (келiсiмшарт) ережелерінде операторды айқындау көзделсе және осы келiсiм (келiсiмшарт) бойынша салық мiндеттемесiн орындауды оператор жүзеге асырса, онда мұндай оператор осы баптың 1-тармағына сәйкес осы келiсiмнiң (келiсiмшарттың) тараптарына қатысты қолданылатын салық режимiне сәйкес аталған келiсiмнiң (келiсiмшарттың) салық мiндеттемесiн орындайды.
3. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм (келiсiмшарт) шеңберінде жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың салық міндеттемелерін орындау төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жүзеге асырылуы мүмкін:
1) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауы дербес немесе аталған қатысушының үлесіне қатысты міндеттемелер бөлігінде ғана осындай қатысушының атынан және тапсырмасы бойынша оператор жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарда салық төлеуші ретінде – жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушының деректемелері, уәкілетті өкіл ретінде оператордың деректемелері көрсетіледі;
2) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауды өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша оператор жиынтық түрде жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарды жасау мен табыс етуді (кері қайтаруды) осы Кодекстің 8-тарауында көзделген тәртіппен салық төлеуші ретінде оператордың деректемелерін көрсетіп, оператор жүзеге асырады.
4. Егер жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды орындау барысында операторда салық заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушідегідей (салық агентіндегідей) салық міндеттемелері пайда болса, онда мұндай салық міндеттемелерін оператор дербес орындайды.»;
80) 310-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақ ережелері сол сияқты осы Кодекстің 308-бабының 5-тармағына сәйкес жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкіліне қатысты да қолданылады.»;
4-тармақтың 6) тармақшасындағы «308-бабының 2-тармағында» деген сөздер «308-1-бабының 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
81) 384-баптың 1 және 2-тармақтары «осы баптың 3-тармағында» деген сөздерден кейін «және осы Кодекстің 386-бабында» деген сөздермен толықтырылсын;
82) 386-бапта:
тақырыбы «Автотұрақтар» деген сөзден кейін «(паркингтер)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Елді мекендердің автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 81-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкалары кемітілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Елді мекендердің автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекеннің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген ставкаларды ұлғайту жергілікті өкілді орган белгілейтін автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай жүргізіледі.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкаларын жеке-дара арттыруға тыйым салынады.»;
83) 387-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «автотұраққа» деген сөзден кейін «(паркингке)» деген сөзбен толықтырылсын;
84) 428-баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «акцизделетін өнімді» деген сөздер «акцизделетін тауарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
85) 439-баптың 2-тармағындағы «акцизделетін өнімдерді» деген сөздер «акцизделетін тауарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
86) 448-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «акцизделетін өнімді» деген сөздер «акцизделетін тауарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
87) 556-бапта:
4-тармақтың 5) тармақшасындағы «зерттеп-қарау жүзеге асырылады.» деген сөздер «зерттеп-қарау;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртін есепке алуды бақылау;
7) өтініш берушінің этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау жүзеге асырылады.»;
8-тармақтағы «осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының» деген сөздер «өз құзыреті шегінде осы Кодекске және кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
88) 558-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтық зерттеу – салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында салық қызметі органдары:
тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) іс жүзінде болуын немесе болмауын растау;
осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайда салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсыру;
осы Кодекстің 608-бабының 1-1-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаны тапсыру;
салық төлеушіге (салық агентіне) мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін тапсыру мақсатында жүзеге асыратын салықтық бақылаудың өзге нысаны.
Салықтық зерттеуді жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартылуы мүмкін.
2. Мыналар:
1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісін, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін тапсырудың мүмкін болмауы;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауы себепті салық қызметі органы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберген осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаны почта немесе өзге байланыс ұйымының қайтаруы;
Бұл ретте банк шоты бар салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты осы тармақшада көзделген негіз бойынша зерттеу осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 608-бабының 1-2-тармағында көзделген жағдайда қолданылмайды;
3) салық төлеушіні осы Кодексте белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою салықтық зерттеу жүргізу үшін негіз болып табылады.
Салық органы салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген оның орналасқан жері бойынша салықтық зерттеуді осы тармақшада көзделген негіз бойынша айына бір реттен асырмай жүргізуге құқылы.»;
4-тармақтағы «Салықтық зерттеу» деген сөздер – «Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша жүргізілген салықтық зерттеу» деген сөздермен, «болмау фактісі» деген сөздер «іс жүзінде болмауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органына келу тәртібімен салықтық зерттеу кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсіндірме беруге міндетті.
Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 611-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мұндай салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген салық төлеуші өзінің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына келу тәртібімен салықтық зерттеу кезінде орналасқан жері бойынша болмау себептері туралы жазбаша түсіндірме табыс етуге міндетті.
Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен мұндай салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тастайды.»;
89) 563-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Резидент заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін берілген салықтық өтінішке заңды тұлғаға қатысушылардың (акционерлердің) жалпы жиналысының немесе бір қатысушыдан (акционерден) тұратын заңды тұлғаға бір қатысушының (акционердің) заңды тұлғаның атқарушы органын тағайындау туралы шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін берілген салықтық өтінішке заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы шешімінің не оның өкілеттігін растайтын өзге құжатының нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.»;
4-тармақтағы «құжаттарды қоса бере отырып» деген сөздер «құжаттардың түпнұсқаларын көрсетіп, олардың көшірмелерін қоса бере отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
90) 565-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою үшін табыс еткен салықтық өтінішке түпнұсқасын көрсетіп, мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
жеке басын куәландыратын құжат;
жекеше нотариустық, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия;
жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжат.
Жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан орнын растайтын құжат жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оларды пайдалануға құқықты растайтын құжат болып табылады.»;
91) 568-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.»;
2-тармақтың төртінші бөлігіндегі «236-бабына» деген сөздер «236 немесе 276-5-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
92) 569-баптың 3-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен аталған салық төлеуші салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап екі жыл өтпесе;»;
3) тармақшадағы «тапсырылмаса, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады.» деген сөздер «тапсырылмаса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) заңды тұлғаның құрылтайшысы:
әрекетсіз заңды тұлға;
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе құрылтайшысы;
іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға болып табылса;
5) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер:
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе құрылтайшысы;
іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға болып табылса, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады.»;
93) 571-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;»;
5-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдай анықталған күннен бастап;»;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 558-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;»;
7-тармақта:
1) тармақшадағы «37 – 43» деген цифрлар «37, 41» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда – осы Кодекстің 39-бабында көрсетілген салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап;
3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – осы Кодекстің 40-бабында көрсетілген салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап жүргізіледі.»;
94) 574-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша «көтерме» деген сөзден кейін «және (немесе) бөлшек» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.» деген сөздер «көрсетілетін қызметтерді;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.»;
5-тармақта:
1) тармақшада:
«2) тармақшасында» деген сөздер «2) – 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«станцияларын» деген сөзден кейін «, алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу кезінде қойма (қосалқы, инженерлік-техникалық) үй-жайларды» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша:
«1),» деген цифрдан кейін «3),» деген цифрмен толықтырылсын;
«4),» деген цифрдан кейін «5) (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 6),» деген сөздермен толықтырылсын;
95) 576-баптың 3-тармағында:
2) тармақшадағы «2) тармақшасында» деген сөздер «2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;»;
96) 581-баптың бірінші бөлігінде:
3) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақша ережесі осы Кодекстің 55-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шетелдік және азаматтығы жоқ адам төлеген кезде қолданылмайды;»;
7) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күні аударуға;»;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларда салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;»;
97) 595-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) резидент емес заңды тұлға корпоративтік табыс салығын төлеу және ол бойынша декларация табыс ету тәртібіне осы резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелердің тобы бойынша жинақталып, оның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы ауысқан кезде – осы Кодекстің 200-бабының 1-тармағында көзделген хабарлама негізінде;»;
98) 599-баптың 1-тармағы «төлемдерді,» деген сөзден кейін «кедендік төлемдерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
99) 600-баптағы «Есепке жатқызылатын» деген сөздер «Осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес бюджеттен қайтарылуы тиіс есепке жатқызылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
100) 601-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «төлемдерді,» деген сөзден кейін «кедендік төлемдерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
101) 602-бапта:
1-тармақ «төлемдерді,» деген сөзден кейін «кедендік төлемдерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «599 және 600-баптарында» деген сөздер «599-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
102) 605-баптың 1-тармағының бірінші абзацы «төлемдерді,» деген сөзден кейін «кедендік төлемдерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
103) 608-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Хабарлама» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, хабарлама» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Егер осы баптың 1-2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеу жүргізу күні осындай хабарламаларды тапсыру күні болып табылады.
1-2. Осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағына сәйкес салықтық зерттеу актісінің негізінде салықтық тексеру аяқталған және салық қызметі органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда мына күндердің бірі:
салық төлеушіде (салық агентінде) банк шоты болмаған кезде – осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күн;
салық төлеушіде (салық агентінде) банк шоты болған кезде –егер хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) осы мерзім ішінде қол қою арқылы тапсырылмаса, осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң басталатын күн мұндай хабарламаларды тапсыру күні болып табылады.»;
104) 609-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «төлемдер» деген сөзден кейін «, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелсе, онда мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдері операторға қатысты қолданылады;
осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері бір мезгілде операторға және жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына қатысты қолданылады.»;
105) 611-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда – осы Кодекстің 58-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстің 55-бабында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерін төлеу бойынша операциялардан;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық органы мұндай өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе байланыстың және телекоммуникацияның электронды арналары арқылы электронды түрде жібереді. Салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі электрондық түрде жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.»;
106) 614-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелген жағдайларда жай серіктестік (консорциум) құрамындағы өнімді бөлу туралы келісім бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің салық берешегін өндіріп алған кезде осы тарауда көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары салық төлеушіге және (немесе) операторға қатысты қолданылады. Өндіріп алудың түпкілікті мөлшері салық берешегін өтеу туралы хабарламада көрсетілген сомадан аспауы тиіс.»;
107) 625-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау үшін;»;
108) 627-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттар, ақпарат бар адамдарды, оның ішінде осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серіктестік (консорциум) қатысушыларының уәкілетті өкілін;»;
2-тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацындағы «этил спиртін» деген сөздер «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
2) тармақшада:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесінің орындалуы;»;
жиырмасыншы абзацтағы «этил спиртін» деген сөздер «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің төртінші абзацындағы «этил спиртін» деген сөздер «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарсы тексеру деп:»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрауы бойынша;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі жөнінде және осындай операцияларға байланысты бұзушылықтарды жоймаған не осындай бұзушылықтардың жоқтығын растай алмайтын түсініктеме ұсынған салық төлеушімен (салық агентімен) жасалатын операцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады;»;
9-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы жиырма бірінші абзацтағы «шешімі негізінде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.» деген сөздер «шешімі негізінде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жиырма екінші – жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша;
салық органдарында тіркеу есебіне қою мәселелері бойынша;
бақылау-касса машиналарының болуы мәселелері бойынша;
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша;
бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша;
лицензиялау ережелерін және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау мәселелері бойынша;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.»;
екінші бөліктегі «Осы баптың 9-тармағының» деген сөздер «Осы тармақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша немесе Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның шешімі негізінде жүргізіледі.»;
109) 629-бапта:
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «мәліметтер мен» деген сөздер «мәліметтерді және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органы құқықтық статистика органына хабарлай отырып, салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны қолын қойғызып тапсыруға немесе оған хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберуге міндетті.»;
5-тармақта:
бірінші бөлік 5) тармақшадағы «жүргiзiлетiн тексерудiң салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.» деген сөздер «жүргізілетін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 640-бабына сәйкес салықтық тексерулер жүргізу барысында құжаттарды (мәліметтерді) табыс ету туралы салық қызметі органының талабын қойған жағдайда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.»;
екінші бөліктегі «5)» деген цифр «6)» деген цифрмен ауыстырылсын;
110) 632-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасындағы «салық кезеңін» деген сөздер «кезеңді» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тақырыптық тексерулерді тағайындау туралы нұсқамада мыналар көрсетілуі тиіс:
1) аумақтың тексерілетін учаскесі, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер, сондай-ақ мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді тағайындау кезінде көрсетілген тармақтың 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
бақылау-касса машиналарының болуы;
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;
2) мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді тағайындау кезінде көрсетілген тармақтың 8) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер:
бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау;
лицензиялау қағидаларын және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілмеген мәселелер бойынша тақырыптық тексеру тағайындалған кезде осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 12) тармақшасындағы «растау мәселелері көрсетіледі.» деген сөздер «растау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) – 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесін орындау;
14) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
15) бақылау-касса машиналарының болуы;
16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;
17) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау;
18) лицензиялау қағидаларын және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;
19) касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімнің орындалуы мәселелері көрсетіледі.»;
5-тармақтағы «салық кезеңі» деген сөздер «кезең» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтың төртінші абзацындағы «этил спиртін» деген сөздер «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін» деген сөздермен ауыстырылсын;
111) 633-бапта:
1-тармақ «күн» деген сөзден кейін «немесе салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамаға қол қоюдан бас тартуы туралы акт жасалған күн» деген сөздермен толықтырылсын;
3 және 4-тармақтардағы «этил спиртін» деген сөздер «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін» деген сөздермен ауыстырылсын;
112) 635-бапта:
2-тармақтағы «салық кезеңіне» деген сөздер «кезеңге» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
«мәселелері бойынша» деген сөздер «саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының» деген сөздер «кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«экспорт режимінде» деген сөздер «экспорт кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде» деген сөздер «Кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 276-11-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 276-13-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына өткізіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша және тәртіппен табыс етілген, өңдеу өнімдерін кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.
Өңдеу өнімдерін кеден одағының кеден аумағынан экспорт экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «тәртіпте ашылған төлеушінің» деген сөздер «тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған, зат түрінде қарыз берген жағдайда, қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциясы бойынша шарттың (келісімшарттың), зат түрінде қарыз беру бойынша шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ аталған операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің болуы ескеріледі.
Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша оған меншік құқығының лизинг алушыға көшуін көздейтін Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына тауарларды әкеткен жағдайда лизинг төлемінің нақты түсуін растайтын (тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының өтелуі бөлігінде) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерде ашылған қосылған құн салығын төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі ескеріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына не кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуы тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған қосылған құн салығын төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі жөніндегі мәліметтер ескеріледі.»;
7-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кейіннен оларды сатып алушы экспорттаған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды беруді жүзеге асырған;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) байланыс қызметтерін беруді жүзеге асырған;»;
113) 637-бапта:
1-тармақтың 9) тармақшасындағы «салық кезеңін» деген сөздер «кезеңді» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі тапсырылған күн салықтық тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Салықтық тексеру актісін алған кезде салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарының салықтық тексеру актісінің данасына оны алғаны туралы қол қоюға міндетті.
Салық төлеушіге (салық агентіне) актіні тапсыру салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты мүмкін болмаған жағдайда осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеу жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру мерзімі аяқталатын күн салықтық зерттеу актісін жасаған күн болып табылады.»;
114) 638-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, аудару, әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды есептеу және төлеу, залалдарды азайту, резидент еместердің табысынан төлем көзінен ұсталған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтарудың расталмауы бойынша міндеттемелер сомаларын есептеуге әкеп соқтыратын бұзушылықтар анықталған жағдайда салық қызметі органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 607-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі.»;
9-тармақтың бірінші бөлігінде:
«қосымша тексеруден басқа, кезектен тыс құжаттық тексеру» деген сөздер «осы Кодекстің 627-бабы 5-тармағы 2) тармақшасының он бесінші және он алтыншы абзацтарында көрсетілген тақырыптық тексерулерден басқа, жоспардан тыс құжаттық тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын; «айыппұл санкциясы» деген сөздер «жазалар» деген сөзбен ауыстырылсын;
115) 642-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының кеден органдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің салық органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
116) 653-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«653-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе
оған импортталған акцизделетін тауарларды
бақылау»;
1-тармақ «таңбалау» деген сөзден кейін «, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына өткізу» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) акцизделетін тауарларды әкелу (әкету) уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, осы Кодекстің 279-бабының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарлар - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі бұйымдары акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.»;
4-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелу (жіберу) және уақытша әкету кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан жекелеген даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелінетін;
4) тауарлар транзиті кедендік рәсімінде кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кеден одағына мүше мемлекеттерден транзитпен өткізілетін;»;
5) тармақшадағы «кеден» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалануы тиіс акцизделетін өнімдерді тиісті таңбалаусыз Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізуге тыйым салынады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы бапқа сәйкес:
1) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
2) акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өткізу пункттері арқылы акцизделетін тауарларды өткізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
5) акциздік постының қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жекелеген жағдайларда акциздік постылар алкоголь өнімін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында орнатылады.»;
8-тармақ алып тасталсын;
10-тармақта:
2) тармақшадағы «салық төлеушіде» деген сөздер «сатып алушыда» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) импортталған акцизделетін тауарлардың есепке қабылдануына;»;
3) тармақшада:
«бөлінуіне» деген сөзден кейін «және (немесе) босатылуына» деген сөздермен толықтырылсын;
мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері босатылған кезде оларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу қағидаларын сақтауына;»;
11-тармақтың 3) тармақшасындағы «салық төлеушінің аумағынан шығып бара жатқан» деген сөздер «салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. Есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалануы тиіс акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы, оның ішінде кеден одағы шеңберінде өткізілуіне бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен салық және кеден органдары жүзеге асырады.».
7. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағының 92) тармақшасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-баптың 16) тармақшасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-баптың 1-тармағының 60) тармақшасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 62-баптың 2-тармағы «санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің» деген сөздерден кейін «, кеден органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 80-бапта:
7-тармақтағы «Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде» деген сөздер «кеден одағының шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына өткізген кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы уәкілетті органға дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгені және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілгені туралы мәліметтерді табыс етеді.»;
6) 149-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік құралдарына, халық денсаулығына қауіп төндіретін жүктерге санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін санитариялық-карантиндік пункттер ұйымдастырылады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүргізеді.»;
7) 150-баптың 1-тармағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 2, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«51-бап. Кедендік рәсім
Кедендік рәсім кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
9. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат, № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
22-баптың 4-1-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын.
10. «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 10-баптың 4-тармағындағы «ресімдеуге» деген сөз «декларациялауға» деген сөзбен ауыстырылсын.
2) 17-баптың 3-1-тармағы «Қазақстан Республикасының кеден заңдарына» деген сөздер «кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат, № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат):
1) 1-баптың 15) тармақшасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 10-баптың екінші және үшінші бөліктері және 13-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан тиісінше «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» және «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 654-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; № 3, 22-құжат):
1) 30-баптың 4-тармағындағы «орталық кеден органы белгiлеген» деген сөздер «кеден заңнамасында айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын:
2) 42-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «ресiмдеу», «ресiмдеудегi» деген сөздер тиісінше «декларациялау», «декларациялаудағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 732-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат):
39-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «ресiмдеу», «ресiмдеуiн» деген сөздер тиісінше «декларациялау», «декларациялауды» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат):
1) 1-бапта:
14) тармақшадағы «кедендік режимінде ресімделген» деген сөздер «кедендік рәсімінде декларацияланған» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақша «айналымын» деген сөзден кейін «(экспорттан басқа)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) ілеспе жүкқұжат – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат.»;
2) 4-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Уәкілетті органның құзыреті»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу және тасымалдау кезінде оларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету тәртібін бекітеді.»;
3) 9-баптың 2-тармағында:
бірінші абзацтағы «спиртi мен» деген сөздер «спиртiнің және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алкоголь өнімін (шарап материалы мен сырадан басқа) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз не сәйкестендіруге келмейтін есепке алу-бақылау таңбаларымен алып өтуге және одан әрі өткізу мақсатында сақтауға және өткізуге (экспорттан басқа);»;
7) тармақшадағы «өткізуге тыйым салынады» деген сөздер «өткізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжатсыз этил спиртін немесе алкоголь өнімін алып өтуге тыйым салынады.»;
4) 10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан этил спиртiнiң немесе шарап материалының импорты этил спирті немесе шарап материалы жасап шығаруға пайдаланылатын алкоголь өнімін өндіруге лицензиясы болған кезде этил спиртінің немесе алкоголь өнімінің импортына берілетін лицензия бойынша жүзеге асырылады.
Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы болған кезде алкоголь өнімінің импортына берілетін лицензия бойынша жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан этил спиртiнiң және (немесе) шарап материалының импорты жасап шығаруға этил спиртi немесе шарап материалы пайдаланылатын алкоголь өнiмiн өндiруге лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
1-2. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты мен экспортын Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары ғана жүзеге асыруға құқылы.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Еркін қоймаларда этил спиртi мен шарап материалын өндіруге және өңдеуге, сондай-ақ алкоголь өнiмiн өндiруге тыйым салынады.»;
5) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау
шарттары
Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу (босату) және тасымалдау кезінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.»;
6) 15-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац «айналымы» деген сөзден кейін «(экспорттан басқа)» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша «импортына» деген сөзден кейін «, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге – уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері беретін лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттерден этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты лицензиялауға жатпайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Лицензия әрбір қызмет объектісіне нақты мекенжай бойынша беріледі.
Алкоголь өнімінің импортына лицензия осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген түрлер және сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша беріледі.
Лицензия барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап:
1) отыз жұмыс күнінен кешiктiрілмей – субъектілерге этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге, сондай-ақ орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге;
2) он бес жұмыс күнінен кешiктiрілмей – субъектілерге этил спиртiнің және (немесе) алкоголь өнiмiнің импортына;
3) он жұмыс күнінен кешiктiрмей – шағын бизнес субъектілеріне алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге беріледі.»;
4-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндіруге лицензия өндірушіге:
алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін қойма үй-жайларда, лицензияда көрсетілген алкоголь өнімінің өндірісі орналасқан жерде сақтауға;
өзі өндірген алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген өндіріс орналасқан жерде сақтауға және алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы бар субъектілерге көтерме саудада өткізуге құқық береді.»;
үшінші бөліктегі «және бөлшек» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаған кезде уәкілетті орган қызмет объектісі орналасқан жер бойынша өзінің аумақтық органдарының қызметкерлерін тартуға құқылы.».
15. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат):
2-баптың екінші бөлігіндегі «кеден ісі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органға» деген сөздер «кеден органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат):
25-баптың 2-тармағында:
«Қазақстан Республикасының кеден заңдарында» деген сөздер «Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкетудің кеден тәртібі» деген сөздер «әкету кедендік рәсімі» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
12-3-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
20-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «ресiмдеудi» деген сөз «декларациялауды» деген сөзбен ауыстырылсын.
19. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат:)
бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан тиісінше «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін», «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын.
20. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат, № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) халықаралық почта алмасу орны – почта операторының өндірістік объектісі, онда кіріс және шығыс халықаралық почта жөнелтімдерін өңдеу жүзеге асырылады, сондай-ақ кеден органдары көрсетілген жөнелтімдерді кедендік бақылауды жүргізеді;»;
2) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық почта операторының немесе почта операторларының өтініштері бойынша халықаралық почта алмасу орындарын бекітеді.».
21. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат):
6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «Мемлекеттік шекара» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат):
6-баптың 3-тармағындағы «Мемлекеттік шекара» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16,129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат):
11, 19-4, 19-7-баптардың мәтіні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын.
24. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
«31-1-бап. Сауда объектілерін, сауда объектілерінде, оның
ішінде сауда базарларында сауда орындарын
жалға (пайдалануға) беретін салық төлеуші дара
кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын
талаптар
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын күнтізбелік ай шегінде күнтізбелік үш күннен астам мерзімге жалға (пайдалануға) беру кезінде мыналарды:
1) жалға алушының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;
2) жалға алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күнін;
3) жалға алушының сәйкестендіру нөмірін;
4) жалға алу (пайдалану) шартының нөмірі (болған жағдайда) мен жасасқан күнін;
5) сауда орнының мақсатын, оның сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы орналасқан орнын;
6) жалға алу (пайдалану) мерзімін;
7) жалға алу төлемінің сомасын және (немесе) өтелетін шығыстардың сомасын;
8) жалға беруші мен жалға алушының қолдары мен мөрін (ол болған жағдайда) қамтуы тиіс жазбаша жалға алу (пайдалану) шарттарын жасасуға міндетті.».
25. «Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы» 2005 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 9, 25-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 80-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 18-1-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18-2-бапта:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында көзделген» деген сөздер «кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында көзделген» деген сөздер «кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат):
1) 16-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының кеден аумағында» деген сөздер алып тасталсын;
2) 18-баптың 4-тармағында:
«ресiмдеу» деген сөз «декларациялау» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ресiмдеу тәртiбi» деген сөздерден кейін «кеден одағының және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын.
27. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):
12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне» деген сөздерден кейін «және (немесе) кеден одағының кеден заңнамасына» деген сөздермен толықтырылсын.
28. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 ж., № 23, 98-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
2) 27-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аталған дара кәсіпкерлердің қызметіне мемлекеттік тіркеусіз тыйым салынады.»;
3) 33-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Мемлекеттік» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы «кедендік шекараны» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді жүзеге асыратын субъектінің аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орнатылған акциздік постылар арқылы бақылаумен, сондай-ақ этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртіне бақылау есебінің жүргізілуімен, өтініш берушінің этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сай келуін анықтаумен;»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Заңның күші кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.»;
4) 37-1-баптың 2-тармағы төртінші бөлігінің 3) тармақшасындағы және 3-тармағы үшінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «этил спиртін» деген сөздің алдынан «акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының болуы және түпнұсқалығы, біржолғы талонның болуы,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) көрсетілген Заңға қосымшаның 20-тармағы алып тасталсын.
29. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
36-баптың 4-тармағындағы «кедендік және» деген сөздер алып тасталсын.
30. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23,114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат):
1) 11-баптың 24) тармақшасы алып тасталсын;
2) 35-бап алып тасталсын;
3) 38-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «ресімдеу» деген сөз «декларациялау» деген сөзбен ауыстырылсын.
31. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2007 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 14, 104-құжат):
7-баптың 3-тармағында:
«кеден режимінде» деген сөздер «кедендік рәсіміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шарттары мен тәртібі» деген сөздерден кейін «кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын.
32. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
15-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «тиісті лицензия болған кезде» деген сөздер алып тасталсын.
33. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар):
1-баптың 20-2) тармақшасында:
екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында тізбеленген,» деген сөздер «кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабында белгіленген» деген сөздер «кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
35. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 1-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) импорт – өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;»;
8), 9), 12), 14) және 20) тармақшалардағы «кеден» деген сөз алып тасталсын;
15) тармақшадағы «кеден» деген сөз алып тасталсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) экспорт – өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;»;
2) 3-баптағы, 5-баптың 6) тармақшасындағы және 6-баптың 4), 11) тармақшаларындағы «кеден» деген сөз алып тасталсын;
3) 7-бапта:
1) тармақшадағы «кеден» деген сөз «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «кеден» деген сөз алып тасталсын;
4) 9-бапта:
5-тармақтағы «кеден» деген сөз алып тасталсын;
6-тармақта:
«кеден шекарасы» деген сөздер «Мемлекеттік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кеден» деген сөз алып тасталсын;
7-тармақтағы «Қазақстан Республикасынан әкету» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағынан әкету» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «кеден шекарасы» деген сөздер «Мемлекеттік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 15-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «кеден» деген сөз алып тасталсын.
36. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықаралық іскер операциялармен жүзеге асырылады.
Бұл ретте осы тармақшаның мақсаты үшін:
тауарлар экспорты – кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды әкету;
тауарлар импорты – кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан тауарларды әкелу;»;
2) 9-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 1-баптағы «наурыздан» деген сөз «шілдеден» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3-3-бапта:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кеден одағының кедендік аумағына кедендік аумақта өңдеу кедендік рәсімінде әкелінген тауарларды өңдеу және (немесе) жөндеу жөнiндегi қызметтер көрсетудi;»;
жиырма тоғызыншы абзацтағы «дүкенінің кеден режимiне» деген сөздер «кедендік рәсіміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 3-4-баппен толықтырылсын:
«3-4-бап. Тоқтата тұру кезеңінде бұл тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 87-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын:
«1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекет мұқтажы үшiн сатып алынған активтердi;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша салық төлеушінің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындау есебіне мүлкін мемлекет меншігіне беруді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердi өткiзу. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген салық төлеушілер мен мүліктің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
4) 8, 9 және 10-баптардың бірінші абзацындағы «2011» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-баптармен толықтырылсын:
«11-1-бап. Тоқтата тұру кезеңінде бұл тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 63-бабының 2 және 3-тармақтарының қолданысы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын:
«2. Салық есептілігі:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны импорттаушы ұсынатын салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді;
2) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг жөніндегі есептілікті;
3) біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын адамдарға сауда объектілерін, сауда базарларында сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер табыс ететін жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін қамтиды.
Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстің 65 – 67-баптарының, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабының қағидаларын ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.
3. Салық есептілігі импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді қоспағанда, мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы есептілік – салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша, осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін табыс ету бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;
2) кезекті есептілік – салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша, осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін табыс ету бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда – салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі;
3) қосымша есептілік – осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімінде көрсетілген мәліметтер бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
4) хабарлама бойынша қосымша есептілік – салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімінде көрсетілген мәліметтер бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
5) тарату есептілігі – салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімінде көрсетілген мәліметтер бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.
11-2-бап. Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін
белгілеу ерекшеліктері мен оны табыс ету
мерзімдері
1. Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімі біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын адамдарға сауда объектілерін, сауда базарларында сауда орындарын жалдауға (пайдалануға) беретін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жалға алу (пайдалану) шарттары бойынша мынадай мәліметтерді көрсетуіне арналған:
1) жалдаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
2) жалдаушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні;
3) жалдаушының сәйкестендіру нөмірі;
4) жалға алу (пайдалану) шартының нөмірі (болған жағдайда) мен жасасқан күні;
5) сауда орнының мақсаты, оның сауда объектісінде, оның ішінде сауда базарында орналасқан орны;
6) жалға алу (пайдалану) мерзімі;
7) жалға алу төлемінің сомасы және (немесе) өтелетін шығыстар сомасы.
2. Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімі сауда объектілерін, сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеуші заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің орналасқан орны бойынша салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
Осы баптың мақсаты үшін жалдаушы деп сауда объектілерін, сауда базарларындағы сауда орындарын жалдаушы (пайдалануға алушы) адам танылады.»;
6) 21-бапта:
бірінші абзацтағы «2014» деген цифрлар «2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «2011 жылдың 1 қаңтарына» деген сөздер «2010 жылдың 1 шілдесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:
Р/с |
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды |
Акцизделетін тауарлардың түрлері |
Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен) |
|
Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарларға және кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталатын тауарларға |
Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер-ден импортталатын тауарларға |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
2207-ден |
80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа), этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (ішкі нарықта тұтынылатын денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) (түссіз емес, боялған) басқа) |
500 теңге/литр |
600 теңге/литр |
2. |
2207-ден |
Ішкі нарықта тұтынылатын денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) |
0,1 теңге/литр |
0,1 теңге/литр |
3. |
2208-ден |
80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын денатуратталмаған этил спиртінен басқа) |
600 теңге/литр 100% спирт |
750 теңге/литр 100% спирт |
4. |
2207-ден |
Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын, 80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті |
50 теңге/литр |
60 теңге/литр |
5. |
2208-ден |
Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын, 80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер |
60 теңге/литр 100% спирт |
75 теңге/литр 100% спирт |
6. |
3003, 3004-тен |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім |
250 теңге/литр 100% спирт |
800 теңге/литр 100% спирт |
7. |
2208 |
Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа) |
250 теңге/литр 100% спирт |
800 теңге/литр 100% спирт |
8. |
2208 |
Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа) |
230 теңге/литр 100% спирт |
800 теңге/литр 100% спирт |
9. |
2208 |
Отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди |
130 теңге/литр |
- |
10. |
2204, 2205, 2206 00 |
Шараптар |
20 теңге/литр |
75 теңге/литр |
11. |
2204, 2205, 2206 00-ден |
Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқа) |
100 теңге/литр |
170 теңге/литр |
12. |
2204, 2205, 2206 00-ден |
Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы |
0 теңге/литр |
75 теңге/литр |
13. |
2203 00 |
Сыра |
13 теңге/литр |
60 теңге/литр |
14. |
2202 90 100 1 |
Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра |
0 теңге/литр |
0 теңге/литр |
15. |
2402-ден |
Фильтрлі сигареттер |
800 теңге/1000 дана |
950 теңге/1000 дана |
16. |
2402-ден |
Фильтрсіз сигареттер, папиростар |
500 теңге/1000 дана |
570 теңге/1000 дана |
17. |
2402-ден |
Сигариллдер |
1140 теңге/1000 дана |
1220 теңге/1000 дана |
118. |
2402-ден |
Сигаралар |
85 теңге/дана |
95 теңге/дана |
19. |
2403-тен |
Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімдерді қоспағанда, трубкамен шегетін, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін темекі, кальян және өзге де тұтыну ыдысына салынған және түпкі тұтынуға арналған темекі |
1000 теңге/килограмм |
1220 теңге/килограмм |
»;
3) тармақшадағы кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«
Р/с |
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды |
Акцизделетін тауарлардың түрлері |
Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен) |
|
Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарларға және кеден одағына мүше мемлекеттер-ден импортталатын тауарларға |
Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер-ден импортталатын тауарларға |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
2207-ден |
80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын денатуратталмаған этил спиртінен басқа), этил спирті мен кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге спирттер (ішкі нарықта тұтынылатын денатураттал-ған отындық этил спиртінен (этанолдан) (түссіз емес, боялған) басқа) |
550 теңге/литр |
600 теңге/литр |
2. |
2207-ден |
Ішкі нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, боялған) |
1 теңге/литр |
1 теңге/литр |
3. |
2208-ден |
80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын денатуратталмаған этил спиртінен басқа) |
650 теңге/литр |
750 теңге/литр |
4. |
2207-ден |
Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын 80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті |
55 теңге/литр |
60 теңге/литр |
5. |
2208-ден |
Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын 80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер |
65 теңге/литр |
75 теңге/литр |
6. |
3003, 3004-тен |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар ретінде тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім |
400 теңге/литр |
650 теңге/литр |
7. |
2208 |
Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа) |
400 теңге/литр |
650 теңге/литр |
8. |
2208 |
Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа) |
325 теңге/литр |
800 теңге/литр |
9. |
2208 |
Отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди |
160 теңге/литр |
- |
10. |
2204, 2205, 2206 00-ден |
Шараптар |
20 теңге/литр |
75 теңге/литр |
11. |
2204, 2205, 2206 00 |
Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқа) |
100 теңге/литр |
170 теңге/литр |
12. |
2204, 2205, 2206 00-ден |
Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы |
0 теңге/литр |
75 теңге/литр |
13. |
2203 00 |
Сыра |
25 теңге/литр |
50 теңге/литр |
14. |
2202 90 1001-ден |
Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра |
0 теңге/литр |
0 теңге/литр |
»;
4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
7) 25-бапта:
6-тармақтағы «Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде» деген сөздер «кеден одағының кедендік аумағынан тауарларды экспорт кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бұдан әрі оларды сатып алушы экспорттаған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды жеткізуді жүзеге асырушылар;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) байланыс қызметтерін жеткізуді жүзеге асырушылар;»;
8) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:
«30-1-бап. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде, 5-тармағы 2) тармақшасының бірінші және екінші бөліктерінде және 9-тармағының 2) тармақшасында, 632-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында, 3 және 6-тармақтарында, 633-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген тақырыптық тексерулер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-тарауында көзделген тәртіппен біржолғы талондардың болуы мәселесі бойынша да жүзеге асырылады деп белгіленсін.»;
9) 36-бапта:
бірінші абзацтағы «2011» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацындағы және 2) тармақшасындағы «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтардағы және 10-тармақтың үшінші бөлігіндегі «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
3) тармақшадағы «белгілеген нысан бойынша» деген сөздерден кейін «және тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада:
бірінші абзацтағы «белгілеген нысан бойынша» деген сөздерден кейін «және тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. Қосылған құн салығын төлеушілерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 77-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында белгіленген салық тіркелімін жүргізуге міндетті.»;
10) 37, 39 және 40-баптардағы «2011» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
11) 41-бапта:
«2011» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«жеке тұлғаның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы азаматының немесе оралманның» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 42-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылатын 272-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарының қолданысы 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтатыла тұрсын.
Тоқтата тұру кезеңiнде аталған абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы бірінші абзацының қолданысы 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын:
«қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талаптарды көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етілген салық кезеңінің соңында тауарлар импорты кезінде, пайдалануға енгізілген негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, қолда бар сатып алынған биологиялық активтер бойынша төленген есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомаларын қоспағанда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстің 273, 274-баптарында белгіленген тәртіппен есепті салық кезеңінің аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып түсуі (бұдан әрі – қосылған құн салығының асып түсуі).»;
13) 48-баптың 3) тармақшасында:
бірінші абзацтағы «2011» деген цифрлар «2012» цифрлармен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «2012» деген цифрлар «2013» цифрлармен ауыстырылсын;
14) 49-баптың 1) тармақшасында:
екінші абзацтағы «2011» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 225-баптың 17) тармақшасын:
«17) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өлшемдерге сәйкес келетін, еркін қойманың кедендік рәсімінде еркін қойма аумағында өндірілген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізілетін тауарлар»;»;
жиырма бесінші абзацтағы «қаңтарға» деген сөз «шілдеге» деген сөзбен ауыстырылсын;
отызыншы абзацтағы «жатқызу тәртібі» деген сөзден кейін «кеден одағының және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы отыз бірінші және отыз екінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы отыз екінші абзацпен толықтырылсын:
«3-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту салық заңнамасына сәйкес айқындалатын осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы отыз алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қолданылмайды.»;
отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтардағы «ресімдеуді», «ресімдеу» деген сөздер тиісінше «декларациялауды», «декларациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
алпыс жетінші абзац «қосылған құн салығы» деген сөздерден кейін «кеден одағының және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
жетпіс екінші абзац алып тасталсын;
15) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
«49-1-бап. 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін қосылған құн
салығы
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:
1) жабдықтар;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) темір жол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
8) пестицидтер (улы химикаттар);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар бойынша осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.
Аталған тауарлар тізбесін және оны түзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының мұқтажын жаппайтын тауарлар енгізіледі.
Осы баптың ережелері мүлікті қаржы лизингіне беруден басқа, кейіннен өткізуге арналған тауарларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға қатысты қолданылады.
Қосылған құн салығын төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде салық органына:
1) қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы бапта көрсетілген тауарлар импорты бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын көрсету және көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттемені табыс етеді.
Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада толтырылады;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
Міндеттеме негізінде тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді белгіленген тәртіппен төлеген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есепке жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде көрсетіледі.
Мүлікті қаржы лизингіне беруден басқа, осы бапта көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде осы тармақта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде, тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұлдар есептеле отырып төленуге тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, осы бапта көрсетілген тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша импортталған тауарларға да, сыйақы есептелмей, лизинг шартында көзделген лизинг төлемінің сомасына келетін қосылған құн салығы сомасы бөлігінде қолданылады.»;
16) мынадай мазмұндағы 54, 55 және 56-баптармен толықтырылсын:
«54-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 56-бабы 3-тармағының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«3. Патент негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды дербес және (немесе) жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі арқылы ұйымдастырады және мыналарды:
1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпараттың қалыптастырылуын;
2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;
3) салық есептілігінің дәйекті жасалуын;
4) салықтық бақылау үшін салық қызметі органдарына ақпарат берілуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты салық мақсатында қорыту мен жүйелеудің салық тіркелімдері түріндегі нысандарын айқындайды.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есебін жүргізуді жүзеге асырады.».
55-бап. Тоқтата тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
«386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген не казино орналасқан жер учаскелерiне салынатын салық ставкалары
1. Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, елдi мекендердiң автотұрақтар (паркингтер) мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген жерлерi, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, осы Кодекстiң 381-бабында белгіленген елдi мекендер жерлерiне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, автотұрақтар (паркингтер) мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген басқа санаттағы жерлер, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда,жақын жатқан елдi мекеннің жерлерi үшін осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкасы азайтылуы мүмкін, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
1-1. Жобалау құжаттамасымен ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген елдi мекендердiң жерлерi осы Кодекстiң 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Жобалау құжаттамасымен ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттарға жататын жерлер осы Кодекстiң 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген жақын жатқан елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Осы тармақтың ережелері автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген жерлерге ғана қолданылады, ол бір мезгілде мынадай:
жобалау құжаттамасымен ғимараттың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген;
автотұрақтар (паркингтер) жалпы алаңы ғимараттың жалпы алаңының 50 пайызынан аспайтын шарттарға сәйкес келеді.
2. Казино орналасқан елді мекендер жерлері осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Казино орналасқан басқа санаттағы жерлер, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекеннің жерлерi үшiн осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкалары азайтылуы мүмкін, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.».
56-бап. Тоқтата тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабы 1-тармағының қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрсын:
«387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету
1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын осы Кодекстің 386-бабының 1-1-тармағында көрсетілгеннен басқа, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, осы Кодекстiң 378, 379, 381, 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкаларының 50 пайызынан аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушiлер үшiн жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.».».
38. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат):
3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның күші кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда статистикасын қоспағанда, кедендік статистиканы қалыптастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарға қолданылмайды.».
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 2) тармақшасының сегізінші абзацын, 5) – 7) тармақшаларын, 14) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 15) тармақшасын, 16) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 23), 24), 27) тармақшаларын, 33) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтарын, 36) тармақшасын, 51) тармақшасының екінші, үшінші, он екінші - он төртінші абзацтарын, 54) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 55) тармақшасының екінші - он жетінші абзацтарын, 77) - 80) тармақшаларын, 99) тармақшасын, 104) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтарын, 106), 107) тармақшаларын, 108) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 112) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма бесінші абзацтарын, 37-тармағының 7) тармақшасының үшінші - жетінші абзацтарын, 16) тармақшасының екінші - сегізінші абзацтарын;
2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 9) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтарын, 10) - 13) тармақшаларын, 26) тармақшасының екінші абзацын, 109) тармақшасын, 37-тармағының 3) тармақшасын, 16) тармақшасының тоғызыншы - жиырма бесінші абзацтарын;
3) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 37-тармағының 1) тармақшасын;
4) алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын;
5) 2010 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 116) тармақшасының он төртінші, он бесінші абзацтарын;
6) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 2) тармақшасының алтыншы абзацын, 14) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтарын, 16) тармақшасының екінші абзацын, 18) тармақшасының сегізінші абзацын, 25) тармақшасын, 26) тармақшасының үшінші абзацын, 30) тармақшасын, 31) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтарын, 33) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 34), 35), 37), 39) тармақшаларын, 47) тармақшасының екінші - бесінші, тоғызыншы абзацтарын, 48) тармақшасын, 51) тармақшасының төртінші - он бірінші абзацтарын, 53) тармақшасын, 55) тармақшасының он сегізінші абзацын, 81), 82), 83) тармақшаларын, 91) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 110) тармақшасының екінші, жиырма екінші абзацтарын, 112) тармақшасының екінші абзацын, 113) тармақшасының екінші абзацын, 116) тармақшасының жиырма бірінші, отыз үшінші, отыз төртінші абзацтарын, 14-тармағының 1) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 3) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарын, 5) тармақшасын, 6) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын;
7) 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 3) тармақшасын, 114) тармақшасын, 116) тармақшасының бесінші, алтыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 7-тармағының 1) - 3) тармақшаларын, 5) тармақшасын, 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 7) тармақшасын, 11, 19, 21, 22, 23-тармақтарын;
8) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 22) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 24-тармағының 2) тармақшасын, 37-тармағының 5) тармақшасын, 9) тармақшасының оныншы, он бірінші абзацтарын;
9) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 9-тармағын, 28-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев