Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 31-баптың 1-тармағынан қараңыз.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "биржалық саудаға", "биржалық сауда-саттықты", "биржалық сауда", "биржалық сауданың белгіленген ережелері", "биржалық сауда-саттыққа", "Биржалық сауда", "биржалық сауда-саттықта", "биржалық сауда-саттық", "биржалық саудамен", "биржалық сауда-саттықтың", "биржалық сауданың ережелеріне", "Биржалық саудаға", "Биржалық сауда-саттықта", "Биржалық сауда-саттықтарды", "биржалық сауданы" деген сөздер тиісінше "биржа саудасына", "биржадағы сауда-саттықты", "биржа саудасы", "биржа саудасының белгіленген қағидалары", "биржадағы сауда-саттыққа", "Биржа саудасы", "биржадағы сауда-саттықта", "биржадағы сауда-саттық", "биржа саудасымен", "биржадағы сауда-саттықтың", "биржа саудасы қағидаларына", "Биржа саудасына", "Биржадағы сауда-саттықта", "Биржадағы сауда-саттықты", "биржа саудасын" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Кіріспе алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);1-1) биржадағы сауда-саттық – тауар биржасының биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржа саудасы қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;
1-2) биржалық брокер (бұдан әрi – брокер) – тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;
2) биржалық дилер (бұдан әрi – дилер) – тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебiнен биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;
2-1) биржалық қамтылым – биржа саудасына қатысушылар жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде тауар биржасының клирингтік орталығына биржадағы сауда-саттыққа қатысу үшін қайтарымды негізде енгізетін ақшалай қамтылым;
3) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;4) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) биржалық тауар – биржалық тауарлар тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, оның бірліктері барлық жағынан бір-біріне сәйкес келеді, олардың ұқсас сипаттамалары болады және ұқсас құрамдастардан тұрады, бұл оларға түрлі өндірушілерден шыққан партиялардың бірін-бірі толық алмастыру қасиеті бар сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік береді;
8) биржалық тауарларға баға белгілеу - тауар биржасында белгілі бір уақыт кезінде биржалық тауарлар бойынша жарияланған сұраныстың және (немесе) ұсыныстың бағасы;
8-1) биржа саудасы – тауар биржасында электрондық нысанда биржадағы сауда-саттықты өткізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарлар мен мерзімді келісімшарттарды өткізу (сатып алу) жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
8-2) биржа саудасына қатысушылар – тауар биржасында биржа саудасының белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;
9) бұйрық – клиент тауар биржасында нақты биржалық тауарларға қатысты белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, брокерге ұсынатын құжат;
9-1) кепілдік беру қоры – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа мүшелерінің жарналары есебінен тауар биржасының клирингтік орталығы қалыптастыратын ақша қоры;
9-2) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);10) клиент – осы Заңда белгіленген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға;
11) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);11-1) кросс-мәміле – брокер екі әртүрлі клиенттің тапсырмасы бойынша әрекет ете отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;
11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі – сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер анонимді түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі;
11-3) маркет-мейкер – баға белгілеулерді қою және мерзімді келісімшарттарды сатып алу және сату жөніндегі міндеттемелерді қабылдау арқылы биржалық нарықтың өтімділігін қалыптастыратын және қолдайтын заңды тұлға;
12) мерзімді келісімшарт – орындау мерзімі кейінге қалдырылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады;
13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
14) опциондық мәміле – объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле;
14-1) өзін-өзі реттейтін ұйым – тауар биржаларының, брокерлердің немесе дилерлердің ерікті қатысуына негізделген және тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген, қауымдастық (одақ) нысанындағы коммерциялық емес ұйым;
14-2) резервтік қор – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауар биржасы өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры;
14-3) сауда лоты – биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімде көрсетілген биржалық тауардың саны оған еселенуге тиіс биржалық тауар саны;
15) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) спот-тауар - шұғыл берілетін немесе алдағы уақытта берілетін, қоймада тұрған тауар;
16-1) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;16-2) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16-3) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
17) тауар биржасының мүшелері – осы Заңда айқындалған тәртіппен тауар биржасы аккредиттеген брокерлер, сондай-ақ дилерлер және маркет-мейкерлер;
18) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;19) тауар биржасының ішкі құжаттары - тауар биржасында биржа саудасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызмет көрсетулер, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін реттейтін құжаттар;
19-1) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi – биржадағы сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені;
20) фьючерстiк мәмiле – объектісі фьючерс болып табылатын биржалық мәмiле;
21) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.07.2012 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 № 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-1-бап. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары
1. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2) биржа саудасына қатысушылардың құқықтарын қорғау және адал бәсекелестік;
3) тауар биржасында жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету.
2. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) биржа саудасын жүзеге асыру заңдылығы;
2) биржа саудасына қатысушылардың тең мүмкіндіктерін және жауапкершілігін қамтамасыз ету;
3) ақпараттың ашықтығы және қолжетімділігі.
Ескерту. 1-тарау 2-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржаларының қызметі саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі тауар биржаларының қызметі саласында:
1) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындайды және оларға қойылатын өлшемшарттарды белгілейді;
3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);1-1) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) тауар биржаларының, тауар биржалары клирингтік орталықтарының, брокерлердің, дилерлердің қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
2-1) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша биржа саудасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2-2) биржалық тауарлар тізбесін әзірлейді және бекітеді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2-3) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесін әзірлейді және бекітеді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
3) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3-1) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3-2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді және бекітеді;
3-3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);3-4) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-5) тауар биржаларының, брокерлердің және тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
3-6) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
3-7) тауар биржаларының қызметіне талдау және мониторинг жүргізеді;
4) алып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4-1) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;5) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5-1) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі;
6) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржа саудасы мәселелері жөніндегі ақпаратты жариялайды;
6-1) алып тасталды ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;7) тауар биржалары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7-1) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттығын дамыту үшін жағдайлар жасайды;
8) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.
9) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;10-1) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10-2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
10-3) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;10-4) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10-5) маркет-мейкерлердің тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
10-6) тауар биржасының мүшелері үшін кіру жарналарының, биржадағы сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің және брокерлер комиссияларының ең жоғары мөлшерін белгілейді;
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.4-1-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкілеттіктер
Ескерту. 4-1-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-2-бап. Биржалық тауарлар тізбесіне кірген тауарларды өткізу
Ескерту. 2-тарау 4-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті
Монополияға қарсы орган:
1) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келіседі;
2) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) тауар биржасының монополияға қарсы органға есептер ұсыну қағидаларын бекітеді;
4) тауар биржаларының қызметіне талдау мен мониторинг жүргізеді;
5) коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржа саудасы мәселелері бойынша ақпаратты жариялайды;
6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
7) тауар биржаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 4-3-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау
Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).3-тарау. Тауар биржасы және оның міндеттері
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға тауар биржасы болып табылады.
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен биржадағы сауда-саттықты Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурс негізінде айқындаған тауар биржалары жүзеге асырады.
Тауар биржасы сауда-саттық жүргізуді биржа саудасының белгіленген қағидалары бойынша қамтамасыз етеді.
2. Тауар биржасының атауында "тауар биржасы" деген сөздер болуға тиіс.
3. Күші жойылды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).4. Тауар биржасы жарғылық капиталының ең төмен мөлшері кемінде екі миллиард теңгені құрайды.
Бұл ретте кемінде бір миллиард теңге ақшалай енгізіледі.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.6-1-бап. Тауар биржасының міндеттері
Мыналар тауар биржасының негізгі міндеттері болып табылады:
1) белгіленген қағидалар бойынша биржалық мәмілелер жасаудың барынша ашық жүйесі бар сауда тетігін құру;
2) тауарлардың ұйымдасқан нарығын дамыту;
3) тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуда жәрдемдесу;
4) биржалық тауарларға баға белгілеудің ашықтығы мен түсініктілігін қамтамасыз етуде жәрдемдесу.
Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.7-бап. Тауар биржасының жарғысы
1. Тауар биржасының жарғысы Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітіледі.
2. Тауар биржасының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәліметтерден басқа тауар биржасын мамандандыруға нұсқау болуға тиіс.
8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу
1. Биржалық мәмілелер жасасумен байланысты дауларды шешу үшін тауар биржасы Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрады.
2. Биржалық төреліктің қызметі Қазақстан Республикасының төрелік туралы заңнамасында реттеледі.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы
Мамандануы бойынша тауар биржалары:
1) биржадағы сауда-саттыққа әртүрлі тауарларды қабылдайтын әмбебап;
2) тауардың белгілі бір түрінің айналымына қызмет көрсететін мамандандырылған болуы мүмкін.
10-бап. Биржа саудасы қағидалары
1. Биржа саудасы қағидалары биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезінде биржа саудасына қатысушылар қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Биржа саудасы қағидалары мыналарды қамтиды:
1) брокерлерді, дилерлерді және маркет-мейкерлерді аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібі;
2) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3) маркет-мейкерлер қызметінің шарттары;
4) биржадағы сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану шарттары мен тәртібі;
5) клиенттерді биржадағы сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеу шарттары мен тәртібі;
6) биржадағы сауда-саттықты өткізу тәртібі;
7) биржадағы сауда-саттықты мерзімді келісімшарттармен өткізу тәртібі;
8) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша биржадағы сауда-саттықты өткізу шарттары (биржа саудасына қатысушыларға қойылатын талаптар, бір сауда сессиясындағы сауда лотының ең жоғары және ең төмен мөлшері, баға өтінімдерінің ауқымы, өткізілетін тауардың көлемі, биржалық тауарға ақы төлеу және оны беру (тиеп-жөнелту) фактілерін растайтын құжаттардың болуы және өзге де шарттар);
9) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;10) биржалық қамтылым мөлшерін айқындау тәртібі;
11) биржадағы сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі;
12) өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі;
13) тауар биржасы мүшелерінің биржалық мәміленің заңдылығын қамтамасыз ету тәртібі;
14) тауар биржасындағы биржадағы сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртібі;
15) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасауға байланысты дауларды шешу тетіктері;
16) биржа саудасы бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібі;
17) биржалық және биржадан тыс мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібі;
18) биржалық алым мөлшерін қалыптастыру және өтінімдерді қамтамасыз ету тәртібі;
19) тауар биржасының уәкілетті органға есептер беру тәртібі;
20) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;21) өткізілетін биржадағы сауда-саттық туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсында орналастыру тәртібі;
22) биржа саудасына қатысушыларды санаттау арқылы олардың қаржылық орнықтылығын айқындау шарттары;
23) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3. Тауар биржасы биржа саудасы қағидаларында реттелмеген және қосымша регламенттеуді талап ететін биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұйымдық-техникалық мәселелер бойынша тауар биржасының тиісті ішкі құжаттарын бекітуге құқылы.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.11-бап. Тауар биржасының мүшелері
1. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Тауар биржасының дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар осындай тауар биржасының мүшелері бола алмайды.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының жұмыскерлері болып табылады. Тауар биржасы жұмыскерінің бір мезгілде тауар биржасының мүшелерімен, өзге тауар биржаларымен және өзге тауар биржаларының мүшелерімен еңбек қатынастарында тұруына тыйым салынады.
2. Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салынады.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.4-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
13-бап. Тауар биржасының қызметі
1. Тауар биржасының негізгі қызметінің түрі биржадағы сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
2. Тауар биржасы мынадай функцияларды:
1) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді;
2) тауар биржасында жасалатын мәмілелерді, оның ішінде спот-тауарлармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді және ресімдеуді;
2-1) бағамен айла-шарғы жасау фактілерін анықтауды;
2-2) биржалық баға белгілеуді қалыптастыруды;
2-3) тауар биржасының мүшелеріне аккредиттеу жүргізуді;
2-4) тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің биржа саудасы қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін, олардың көрсетілген қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды;
2-5) клиенттерді биржадағы сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеуді;
3) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
4) тауар биржасында жүргізілген сауда-саттық нәтижесінде тауарға биржалық бағаны тіркеуді;
5) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;6) биржадағы сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына биржа саудасына қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды;
7) биржа саудасымен байланысты ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді;
8) биржалық тауарлар нарығына талдамалық зерттеулер жүргізуді;
9) биржалық қызмет туралы ақпаратқа жататын баспа өнімін шығаруды;
10) биржа саудасына қатысушыларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөнінде оқу курстарын ұйымдастыруды;
11) тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалануды;
12) халықаралық биржадағы сауда-саттықты дамытуды жүзеге асырады.
3. Тауар биржасы өз қызметін брокерлік, дилерлік, маркет-мейкерлік және депозитарлық қызметпен, сондай-ақ бағалы қағаздарды басқару жөніндегі қызметпен қоса атқаруға құқылы емес.
4. Тауар биржасы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен өзіне берілген құқықтар шегінде өз атынан шетелдіктермен және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасуға құқылы.
5. Тауар биржалары және биржа саудасына қатысушылар қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шегіне сәйкес келуге міндетті.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.13-1-бап. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алу
Ескерту. 13-1-бап алып тасталды – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері
1. Тауар биржасының:
1) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;2) биржадағы сауда-саттықты фьючерстермен, опциондармен өткізуге;
3) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Тауар биржасы:
1) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды сақтауға;
1-1) биржа саудасы қағидаларын сақтауға;
2) өз интернет-ресурсын иеленуге;
2-1) өзінің интернет-ресурсында тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің жаңаланған тізбесін орналастыруға міндетті.
Тізбеде тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің атауы, орналасқан жері, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Тауар биржасы мүшелерінің атауы, орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, тауар биржасына тауар биржасының мүшелерінен ақпарат келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде тауар биржасы тізбені жаңартады;
3) коммерциялық құпияны жария етпеуге;
3-1) тауар биржасында жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді, сондай-ақ биржадағы сауда-саттық нәтижелерін лицензияның барлық қолданылу кезеңі барысында өзінің интернет-ресурсында сақтауға;
4) биржадағы сауда-саттықтың нәтижелерін сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
5) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Ескерту. 4-тарау 13-2-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-3-бап. Көміртегі бірліктерімен сауданы жүзеге асыратын тауар биржасы
Ескерту. 13-3-бап алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14-бап. Тауар биржасының кірістері
1. Тауар биржасының кірістері тауар биржасы мүшелерінің кіру жарналары мен жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдаланғаны, биржалық мәмілелерді тіркегені және ресімдегені үшін төлемдер есебінен және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен құралады.
2. Тауар биржасы мыналарды:
1) тауар биржасының мүшелері жарналарының мөлшері мен оларды енгізу тәртібін;
2) биржа саудасы қағидаларына сәйкес сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің мөлшерін белгілеуге құқығы бар.
2-1) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3) алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында сауда-саттықты тоқтата тұру үшін алдыңғы сауда-саттық нәтижесінде қалыптасқан бағаларды ескере отырып, бір сауда күні шеңберінде нақты биржалық тауарға бағалар деңгейлерінің ең аз және ең көп шектерін белгілеуге құқығы бар.
3. Тауар биржасына биржалық мәмілелердегі делдалдық үшін брокерлер алатын сыйақы мөлшерін белгілеуге тыйым салынады.
4. Биржа саудасына қатысушылардан алынатын төлемдердің мөлшері тауар биржасының ішкі құжаттарында айқындалады және биржа саудасына қатысушыларға танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және биржада Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржа саудасы қағидаларына сәйкес ол жүргізетін сауда-саттықтың биржа саудасына қатысушыларымен жасалатын мәміле биржалық мәміле болып танылады.
2. Тауар биржасында жасалған, бірақ осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес емес мәмілелер биржалық болып табылмайды.
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды бұза отырып, тауар биржаларынан тыс жерде жасалған мәмілелер мүдделі тұлғалардың, монополияға қарсы органның не прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылады.
4. Биржалық мәмілелер тауар биржасының атынан және оның есебінен жасалмайды.
5. Биржалық тауарлардың тізбесінде мыналар қамтылады:
1) биржа саудасына жіберілген биржалық тауарлардың қысқаша атаулары және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кодтары;
2) жекелеген биржалық тауарлар бойынша – беру партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасында ғана жүзеге асырылуға жатады;
3) жекелеген биржалық тауарлар бойынша – тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын ең аз үлес, сондай-ақ өздеріне осындай мiндет қолданылатын субъектiлер санаты.
Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тауар биржаларының биржалық тауарлар және әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбелеріне енгізілмеген тауарлармен биржадағы сауда-саттықты ұйымдастыруына тыйым салынады.
6. Биржадағы сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулар ұлттық валютада жүзеге асырылады.
7. Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын биржалық тауарлардың сауда-саттығын мониторингтеуді мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аяларында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді.
8. Тауар биржасында жасалған мәмілелер туралы мәліметтер жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.15-1-бап. Биржадағы сауда-саттықты жүргізу режимі
Ескерту. 15-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Биржадағы сауда-саттық қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізіледі.
2. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Биржадағы сауда-саттық:
1) биржа саудасына қатысушылар туралы ақпараттың құпиялығы;
2) кросс-мәміле жасасуға тыйым салу;
3) сатып алушылар, сатушылар ұсыныстары бәсекелестігі процесінде биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және сатып алушы үшін ең жақсы баға (сатушы ұсынған ең төменгі баға) ретінде немесе сатушы үшін ең жақсы баға (сатып алушы ұсынған ең жоғары баға) ретінде оны айқындау;
4) биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6. Алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 4-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері
Тауар биржасында:
1) халықаралық іскерлік операцияларымен өзара байланысты мәмілелерді қоса алғанда, спот-тауарларға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер;
2) фьючерстік мәмілелер;
3) опциондық мәмілелер;
4) қоймалық құжаттарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер жасалады.
16-1-бап. Тауар биржасының және тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары
Биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауар биржасы резервтік қор құрады, ал тауар биржасының клирингтік орталығы кепілдік беру қорын құрады.
Тауар биржасы резервтік қорының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде жиырма мың еселенген мөлшерін құрайды.
Кепілдік беру қорына жарнаның ең төмен мөлшерін тауар биржасының клирингтік орталығы тауар биржасының тиісті мүшесі қол жеткізе алатын сауда секцияларына қарай тауар биржасымен келісу бойынша белгілейді.
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржалары осындай тауарлармен сауданы бастаған күннен бастап бір жыл ішінде резервтік қор мөлшерін Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Резервтік және кепілдік беру қорларын қалыптастыру мен пайдалану қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 4-тарау 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет
1. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызметті тауар биржасының клирингтік орталығы жүзеге асырады.
2.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тармақтың бірінші абзацы 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII Заңымен (мәтін алып тасталды).
Клирингтік орталықтар бір немесе бірнеше тауар биржасына, электрондық сауда алаңдарына, сондай-ақ биржадан тыс мәмілелерге клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға құқылы.
Тауар биржасына бірнеше клирингтік орталықтың клирингтік қызмет көрсетуіне тыйым салынады.
3. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелер бойынша қызметі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
5. Тауар биржасы клирингтік орталығының өз қызметін жүзеге асыру үшін биржа саудасына қатысушылар енгізген биржалық қамтылым сомасына қарай олардың биржадағы сауда-саттыққа жіберілуін автоматтандырылған бақылауды қоса алғанда, клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін аппараттық-бағдарламалық кешенінің болуы міндетті.
6. Клирингтік қызмет жүзеге асырылатын биржалық мәмілелерге байланысты тауар биржасының клирингтiк орталықтары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жасасқан биржалық мәмілелер бойынша ақпарат жинауды және оны өңдеуді жүзеге асырады;
2) жасасқан биржалық мәмілелер шарттарының есебін және растауын жүргізеді;
3) биржалық мәмiлелер жасау нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебiн жүзеге асырады;
4) биржадағы сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық қамтылымын қабылдайды және оның есебін жүргізеді;
5) тараптардың биржалық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады;
6) биржалық мәмілелердің орындалуына қолдау көрсетеді.
7. Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
7-1. Алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.7-2. Биржалық мәмілелерге клирингтік қызмет көрсету үшін тауар биржасының клирингтік орталығы биржадағы сауда-саттыққа әрбір қатысушыға биржалық қамтылымды және биржалық мәміле бойынша тауарға ақы төлеу үшін енгізілген ақшаны есепке алу жөніндегі бөлек тіркелімдері бар сауда шоттарын ашады.
Биржадағы сауда-саттыққа қатысушылардың ақшасы тауар биржасы клирингтік орталығының жеке банктік шотында сақталуға тиіс.
Тауар биржасының клирингтік орталығы брокердің және оның клиенттерінің ақшасын бөлек есепке алуды жүргізеді.
Тауар биржасының клирингтік орталығы әрбір жасалған мәміле бойынша бұғатталған биржалық қамтылымды есепке алуды жүргізеді.
8. Осы баптың талаптары фьючерстiк және опциондық мәмiлелер жөніндегі клирингтік қызметке қолданылмайды, оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен реттеледі.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 364-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 107-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Тауарға биржалық баға биржалық тауарлардың бағасын белгілеу нәтижесінде қалыптасады.
2. Тауар биржалары биржалық тауарларға баға белгiлеудi өз интернет-ресурстарында орналастырады.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).18-1-бап. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі
1. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі:
1) қойылатын талаптар және (немесе) баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген сатып алушылар;
2) жасалған биржалық мәмілелер бойынша шарттарға қол қою жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған сатушылар мен сатып алушылар;
3) өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған сатушылар мен сатып алушылар тізбесін білдіреді.
2. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді монополияға қарсы орган жүзеге асырады.
3. Тізілімде болу мерзімі монополияға қарсы орган оларды биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт айды құрайды.
Қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы шешімге ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
4. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген сатушылар немесе сатып алушылар биржадағы сауда-саттыққа қатысуға жіберілмейді.
Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, сондай-ақ монополияға қарсы органның қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімінің күші жойылған жағдайда аталған тізілімнен алып тасталады.
Ескерту. 4-тарау 18-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5-тарау. Брокерлердің, дилерлердің және маркет-мейкерлердің қызметі. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-бап. Тауар биржасы мүшелерінің қызметін жүзеге асыру тәртібі
1. Тауар биржасындағы брокердің, дилердің, маркет-мейкердің қызметі тауар биржасында аккредиттеу негізінде жүзеге асырылады.
Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі биржадағы сауда-саттыққа дилер ретінде қатысады.
1-1. Тауар биржасы мынадай жағдайларда:
1) дилердің, маркет-мейкердің қызметі тауар биржасында аккредиттелген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырылмағанда;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржасында брокердің, дилердің, маркет-мейкердің қызметін жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылданғанда;
2-1) брокердің лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғанда, оны лицензиясынан айырғанда (кері қайтарып алғанда) тауар биржасында аккредиттеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
3) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1-2. Тауар биржасы мүшелерінің өтінімдер ұсыну және мәмілелер жасасу үшін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне жүгіну жылдамдығы секундына екі және одан да көп жолданымды құрайтын, деректерді автоматты түрде жеделдетіп өңдеу мен беру технологияларын және сыртқы бағдарламалық-техникалық жүйелерді пайдалануына тыйым салынады.
Осындай технологиялар пайдаланылып жасалған мәмілелер маңызсыз деп танылады және тауар биржасы олардың күшін жоюға тиіс.
Өтінімдерді жинаудың, енгізуге дайындаудың және оларды тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне жіберудің, сондай-ақ сауда жүйесі пайдаланылып жасалатын барлық әрекетті тауар биржасының мүшелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ететін режимде жұмыс істейтін осындай жүйеден ақпаратты алу мен өңдеудің автоматтандырылған бағдарламалық-техникалық құралдары тауар биржасының шешімімен міндетті түрде сертификатталады.
Сауда-саттыққа қатысушылар тауар биржасы сертификаттамаған осындай бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдаланып жасасқан мәмілелер маңызсыз деп танылады және тауар биржасы олардың күшін жоюға тиіс.
Тауар биржасы күшін жойған мәмілелер бойынша биржалық тауарлар осы Заңның талаптары сақтала отырып, келесі және (немесе) қосымша сауда сессиясы шеңберінде сауда-саттыққа қайта шығарылады.
2. Брокер, дилер және маркет-мейкер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде, тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
3. Брокер мен оның клиенттері арасындағы қатынастар брокерлік қызметтер көрсету туралы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормалары қолданылатын шарттың негізінде туындайды.
4. Заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы ең төменгі қатысу үлесін тікелей немесе жанама түрде иеленетін, сондай-ақ өзінде бар азаматтық-құқықтық қатынастар негізінде жеке-дара басқаруды жүзеге асыратын жеке тұлға екі және одан да көп брокердің және (немесе) дилердің басшысы және (немесе) құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алмайды.
5. Тауар биржасы мен маркет-мейкердің өзара іс-қимылы келісім, сондай-ақ тауар биржасының ішкі құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Маркет-мейкер биржадағы сауда-саттыққа қатысады және бағаны, сұранысты, ұсынысты немесе биржалық сауда-саттық көлемін қолдауды жүзеге асырады.
Маркет-мейкердің биржадағы сауда-саттықта дилер ретінде кемінде үш жыл үздіксіз қатысу тәжірибесі болуға тиіс.
Маркет-мейкердің қызметі базалық активі биржалық тауарлар болып табылатын мерзімді келісімшарттармен биржадағы сауда-саттықта ғана жүзеге асырылады.
Маркет-мейкерлер қызметінің шарттары мен шектеулері биржа саудасы қағидаларында белгіленеді.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.05.2025 № 188-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу)
1. Өзін-өзі реттейтін ұйым өз қызметін осы Заңға, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына, стандарты мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) ерікті негізде жүзеге асырылады.
3. Брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады. Тауар биржалары, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін бір ұйымның ғана мүшелері (қатысушылары) бола алады.
4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдау және ондағы мүшелікті (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында, стандарты мен қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдаудан бас тарту, мүшелерінен (қатысушыларынан) шығару туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
5. Өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерінің (қатысушыларының) тізбесін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Тізбеде мүшелердің (қатысушылардың) атауы, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Мүшелердің (қатысушылардың) басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, өзін-өзі реттейтін ұйым үш жұмыс күні ішінде тізбені жаңартады.
6. Өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) тексеруді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның уәкілетті органмен келісілген қағидаларында айқындалады.
7. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) мынадай негіздер бойынша:
1) брокердің, дилердің және маркет-мейкердің өтініші бойынша;
2) мүшесі (қатысушы) осы Заңды, биржа саудасы қағидаларын, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын, стандарттары мен қағидаларын бірнеше рет бұзған жағдайда тоқтатылады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігі (қатысуы) теріс себептермен тоқтатылған мүшелері (қатысушылары), сондай-ақ осы Заңды бұзған басшылар мен қызметкерлер кемінде екі жыл мерзімде биржа саудасына қатыса алмайды.
8. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тарау 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.20-бап. Брокердің және дилердің мәмілелер жасауы
1. Брокер биржалық мәмілелер жасауды – клиенттің бұйрығына сәйкес, дилер өз мүддесі үшін және өз есебінен жүзеге асырады. Клиенттердің бұйрықтарының түрлері, олардың мазмұны мен ресімделуі тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
2. Брокер клиенттің бұйрығын орындауды осы бұйрықта көрсетілген мәмілелерді жасау шарттарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәміле жасау кезінде мәміле шарттарын өзгерту қажеттігі туындаса, брокер өз әрекеттерін клиентпен келісуге міндетті.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).21-бап. Брокер мен дилердің тауар биржасындағы өзара іс-қимылы
1. Тауар биржасы өз өкілеттіктері шегінде брокерлер мен олардың клиенттерінің өзара қатынастарын регламенттейді, биржа саудасын бұзушыларға шаралар қолданады.
2. Тауар биржасы брокерлер мен дилерлер үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі үлгі стандарттар әзірлейді және бекітеді.
Брокерлер мен дилерлер өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды бекітеді және тиісті шаралар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Клиенттермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) клиенттермен үлестес үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде брокерге:
1) биржалық мәміле жасау кезінде клиенттердің нарықтық мінез-құлқын өзгерту мақсатында оларға тікелей немесе жанама қысым көрсетуге;
2) биржадағы сауда-саттықта баға өтінімдерін әдейі жоғарылату (кеміту) мақсатында орындалуы көзделмейтін шарттар жасасуға (өтінімдерді беруге, кері қайтарып алуға);
3) өткізілетін биржалық тауарларға баға белгілеуге әсер ететін бағаларды белгілеу не ұстап тұру мәселелері бойынша екі және одан да көп клиент арасында келісімдер жасасуға (келіссөздер жүргізуге);
4) қандай да бір таңдалған клиенттің басқа клиентке мүліктік және өзге де зиян келтіруге әкеп соғатын артықшылығын беруге;
5) биржадағы сауда-саттыққа қатысу үшін басқа брокерлермен және (немесе) дилерлермен биржадағы сауда-саттықтың бәсекелестігін азайтуға бағытталған үлестес болуды пайдалануға тыйым салынады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.21-1-бап. Маркет-мейкерлердің қызметі
Ескерту. 21-1-бап алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22-бап. Брокерлер мен дилерлердің ішкі құжаттарына және жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге қойылатын талаптар
1. Брокерлер мен дилерлерге арналған тауар биржасының ішкі құжаттары тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін, биржа саудасына қатысушылардың, олардың өкілдерінің немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін пайдалануға жол бермейтін шарттарды қамтуға тиіс.
2. Брокерлер жасалатын биржалық мәмілелердің есебін әрбір клиент бойынша жеке жүргізуге және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтауға міндетті.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия
1. Коммерциялық құпия:
1) тіркелген биржа саудасына қатысушылар туралы мәліметтерді;
2) тауар биржасында жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді қамтиды.
2. Маркет-мейкерлер, брокерлер, дилерлер және тауар биржасының жұмыскерлері табиғи баға белгілеуді бұзуға және тауар нарығының тұрақсыздануына алып келуі мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) жол бермеуге міндетті.
3. Өзінің қызметтік жағдайына байланысты көрсетілген ақпаратты алуға мүмкіндігі бар адам коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие адам болып табылады.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер жария етілуге жатпайды.
2. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер биржа саудасына қатысушыға оның құқықтарына қатысты не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне берілуі мүмкін.
3. Тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олардың іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;
1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажетті ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;
2) соттарға: ұйғарым, қаулы негізінде олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша;
3) прокурорға: оның құзыреті шегінде тексеру ісін жүргізу туралы қаулы негізінде оның қарауындағы материалдар бойынша;
4) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған және прокурор санкциялаған сот орындаушысының қаулысы негiзiнде өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;
5) уәкілетті органға: оның сұрау салуы бойынша өз құзыреті шегінде;
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына;
6) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға: "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;
7) монополияға қарсы органға: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мақсаттарда және тәртіппен, сондай-ақ осы Заңда көзделген құзыреті шеңберінде сұрау салуы бойынша ұсынылуға тиіс.
Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізілді), 2012.06.21 № 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.6-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, жоспардан тыс тексеріс, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
1-1. Тауар биржаларының, брокерлердің, тауар биржалары клирингтік орталықтарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау не Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
3. Жоспардан тыс тексеріс және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.26-бап. Тауар биржаларының қызметіне тексеру жүргізудің тәртібі
Ескерту. 26-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды монополияға қарсы орган олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүзеге асырады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың жолын уақтылы кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға салынатын әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тауар биржалары саласындағы бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімдейді және жібереді.
5. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – тапсырыс хатпен;
3) электрондық тәсілмен – монополияға қарсы орган сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынымды жіберген монополияға қарсы органға қарсылық жіберуге құқылы.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары
Монополияға қарсы органның нұсқамаларын тауар биржалары нұсқамаларда көзделген мерзімде, бірақ оларды алған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнде және күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей орындайды.
Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған тауар биржалары 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын орындамау уәкілетті органның заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап қоюына негіз болып табылады.
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. "Тауар биржалары туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 26-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 143-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |