"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV Заңы

Жаңартылған

      1-бап. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3-баптың 2-тармағын қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.03.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 N 356-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      1-1-бап. Егер заңды тұлға 2009 жылғы 1 тамыздан кешіктірмейтін мерзімде өзі орналасқан жер бойынша және құрылымдық бөлімшелердің тіркелген жері бойынша салық органына жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін оларды дербес төлеушілер ретінде қарауға шешім қабылдау туралы хабарлаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері 2009 жылы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін дербес төлеушілер болып танылады деп белгіленсін.
      Бұл ретте, осы бапқа сәйкес осындай төлемдерді дербес төлеушілер ретінде танылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей салық қызметі органдарына салық есептілігін жасау және табыс ету, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы осындай заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
       Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       2-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде асып кеткен қосылған құн салығы:
      1) мыналарға:
      шағын бизнес субъектілеріне;
      шаруа және фермер қожалықтарына;
      ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүргізетін салық төлеушіге;
      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 267-бабының ережелерін қолданатын салық төлеушіге;
      3) қосылған құн салығының асып кеткені тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен аспайтын салық төлеушіге қайтарылмайтыны белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 273-бабы 5-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

       3-бап. Электронды түрде салық есептілігін беру күні тоқтатыла тұру кезеңінде хабарларды кепілдік беріп жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесі серверіне дейін салық есептілігін жеткізу туралы хабарлама күнінен есептеу белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 584-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының және 4-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
      Салық қызметі органдары хабарларды кепілдік беріп жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесінің серверіне дейін салық есептілігі жеткізілген кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

      3-1-бап. Тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 99-бабы 1-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
      "1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:
      1) тәуекелді инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелді инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтінді қоспағанда, дивидендтер;
      2) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
      3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
      4) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен төленген кепілдікті және өтемақы төлемдері бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
      5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар;
      6) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;
      7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандардағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;
      8) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;
      9) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;
      10) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
      11) астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры астық қабылдау кәсіпорындарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
      12) мақта (астық) қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы;
      13) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаны басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына жіберілген және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;
      14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетін табыстар;
      15) сот бекіткен, банкті қайта құрылымдау жоспарындағы қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелер тізбесіне енгізілген банк міндеттемелерін кредитордың есептен шығаруынан түскен табыстар алып тасталуға жатады.
      Осы тармақшаның ережелері:
      банк кредиторларының мүддесін қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес дауыс беретін акцияларының 50 проценттен астамын ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банкке, және (немесе) Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын осындай банктің еншілес ұйымына, және (немесе) банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дауыс беретін акцияларының 50 проценттен астамын дауыс беру құқығымен ұлттық басқарушы холдинг кепілге қабылдаған банкке қолданылады.
      16) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен алғанды (алуға жататынды) өткізуден түскен табыс алып тасталуға жатады.
      Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      3-2-бап. Тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 133-бабы 2-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
      "2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне:
      1) негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, биологиялық активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыға;
      2) осындай сыйақыны есептеу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыға;
      3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақыларға және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарға;
      4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құнына;
      5) республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құнына;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын (қатысу үлестерін) өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарға салық салынатын табысты азайтуға құқығы бар.
      Егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкін құраған жағдайда, осы тармақша қолданылады;
      7) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарға;
      8) салық төлеушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындау есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке беруі кезіндегі тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыстарға салық салынатын табысты азайтуға құқығы бар. Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушілер мен мүлік тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Ескерту. Заң 3-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-3-бап. Тоқтата тұру кезеңінде аталған бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 248-бабының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
      "248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
      Мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді:
      1) почта төлемақысының мемлекеттік белгілерін;
      2) акциздік маркаларды (осы Кодекстің 653-бабына сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);
      3) уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтер көрсетуді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшін сатып алынған мүлікті;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге немесе мемлекеттік кәсіпорынға өтеусіз негізде берілетін негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді;
      6) жерлеу бюроларының салт-жора қызметтер көрсетуін, зираттар мен крематорийлердің қызметтер көрсетуін;
      7) лотереяларды өткізу жөніндегі қызметтер көрсетуді қоспағанда, лотереялық билеттерді;
      8) төлем қарточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнінде қызметтер көрсетуді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуді;
      9) кеден одағының кедендік аумағына кедендік аумақта өңдеу кедендік рәсімінде әкелінген тауарларды өңдеу және (немесе) жөндеу жөнiндегi қызметтер көрсетудi;
      10) осы Кодекстің 244-бабына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызметтер көрсетуді, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны, тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөніндегі жұмыстарды, қызметтер көрсетуді, сондай-ақ транзиттік жүктерді; техникалық және аэронавигациялық қызметтер көрсетуді, әуежай қызметін, халықаралық рейстерге теңіз айлақтарындағы қызметтер көрсетуді;
      11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөніндегі қызметтер көрсетуді;
      12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
      13) егер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ өндірістік ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:
      осындай өндірістік ұйымдардың қызметкерлері жалпы санының кемінде 51 процентін мүгедектер құраса;
      мүгедектерге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін (есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 процентін) құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарынан және акцизделетін тауарларды өндіру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін;
      14) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жалға берілетін үйдің үй-жайларын жалға беру бойынша қызмет көрсетуді;
      15) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізген тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің сапасына кепілдік беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, олардың қосалқы бөлшектері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, оларды өтеусіз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, қызметтер көрсетуді;
      16) тазартылған қымбат бағалы металдарды - өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтынды, платинаны;
      17) осы Кодекстің 411 және 420-баптарында аталған қызмет түрлері бойынша қызметтер көрсетуді;
      18) осы Кодекстің 249 - 254-баптарында аталғандарды;
      19) нотариаттық іс-әрекеттерді, адвокаттық қызметті жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      20) мыналар:
      ұлттық басқарушы холдинг;
      дауыс беретін акцияларының 100 проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар төлемдік, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операцияларын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Аталған заңды тұлғалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
      21) бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Салық төлеушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындау есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке беруі қосылған құн салығынан босатылады. Осы бөлікте көрсетілген салық төлеушілер мен мүлік тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      22) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен көрсетілетін резидент еместің қызметтер көрсетуі қосылған құн салығынан босатылады.
      Ескерту. Заң 3-3-баппен толықтырылды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      3-4-бап. Тоқтата тұру кезеңінде бұл тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 87-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын:
      «1) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекет мұқтажы үшiн сатып алынған активтердi;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша салық төлеушінің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындау есебіне мүлкін мемлекет меншігіне беруді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердi өткiзу. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген салық төлеушілер мен мүліктің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».
      Ескерту. Заң 3-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4-бап. Алып тасталды - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Алып тасталды - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6-бап. Алып тасталды - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7-бап. Алып тасталды - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       8-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 426-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2013 жылы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңінде көрсетілген баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      "1) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі мыналарды:
      біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін;
      патент негізіндегі арнаулы салық режимін;
      оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қамтиды;".
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       9-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 428-бабы 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде көрсетілген баптың 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      "1. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есебін берудің төменде көрсетілген тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
      1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
      2) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;
      3) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
      4) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
      Осы шарт тауарларын базарларда өткізетін тұлғаларға (жалға алу шарттары бойынша сауданы базар аумағындағы стационарлық үй-жайларда жүзеге асыратындарды қоспағанда) қолданылмайды.".
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       9-1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 448-бабының 3-тармағы 3) және 4) тармақшаларының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
       Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       9-2-бап. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және ауылдық тұтыну кооперативтері үшін 2009 жылы арнаулы салық режимін қолдануға арналған салықтық өтінішті беруді салық төлеуші ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді деп белгіленсін.
      Бұл ретте көрсетілген арнаулы салық режимін қолдану құқығы, осы Заңның 9-1-бабының ережелері ескеріле отырып, салық төлеуші "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 448-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келген айдың 1 күнінен бастап туындайды.
       Ескерту. Заң 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-бап. Көрсетілген баптың 1-тармағының тоқтатыла тұруы кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылатыны белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 645-бабының 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Осы баптың ережелері:
      1) жеке нотариаттық қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалардың;
      2) мыналарға:
      шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін біржолғы талон немесе патент негізінде жүзеге асыратын;
      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) ақшалай есеп айырысуларына;
      3) уәкілетті органмен келісім бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда билеттер беретін қалалық қоғамдық көліктегі тасымалдар бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі ақшалай есеп айырысуға қолданылмайды.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде баптың мынадай редакцияда:
      "34-бап. Салық берешегін өтеудің тәртібі
      Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен:
      1) бересі сомасы;
      2) есепке жазылған өсімпұлдар;
      3) айыппұлдар сомалары есептеліп жүргізіледі.".
      Қолданылатыны белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 34-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Заңды 11-1 және 11-2-баптармен толықтыру көзделген - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12-бап. Осы бапқа сәйкес тоқтатыла тұру кезеңіне қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктерін айқындай отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 66-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
      1. Қосылған құн салығы бойынша декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және мыналар:
      1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;
      2) салық салынатын импорт сомасы;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сатып алудың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетудің сомасы;
      4) есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығының сомасы;
      5) салық сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдісі және оны қолданудың нәтижелері;
      6) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі, оның ішінде салық кезеңінің соңында асып кетуі;
      7) қосылған құн салығы сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
      Қосылған құн салығы бойынша декларация есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуін қайтару жөніндегі талапты қамтуы мүмкін.
      Бұл ретте, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кеткен сомасын қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.
      2. Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалар оларда салық қызметі органдарының салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мыналар бойынша:
      1) нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар;
      2) қосылған құн салығынан босатылған өткізу жөніндегі айналымдар;
      3) қосылған құн салығын төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты;
      4) қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар импорты;
      5) резидент еместен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және осындай резидент емес үшін төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы;
      6) салық салынатын айналым көлемін және қосылған құн салығының есепке жатқызылған салық сомасын түзету;
      7) сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша және өнім берушілер мен сатып алушылар бөлігінде өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар;
      8) сатып алушылар бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жазып берген, мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;
      9) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасы бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін.
      3. Шот-фактураны көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды:
      1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);
      2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.
       Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.04. N 167-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 90-бабы 2-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      "2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйым құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түскен, бұрын шегерімге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) сомалары борышкерге талаптар мөлшерін азайтқан кезде:
      1) борышкер заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен таратылуына байланысты Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тасталған;
      2) борышкер заңды тұлға соттың күшіне енген шешімі негізінде хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған I, ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайларда, сондай-ақ борышкер жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
      3) борышкерде және борышкермен бірге ортақ немесе субсидиялық жауапкершілігі бар үшінші тұлғаларда банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымның алдында мүлік, оның ішінде өндіріп алуды жүргізуге болатын ақша, бағалы қағаздар немесе табыстары болмаған жағдайда, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымға орындау құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген, оларға өндіріп алуды жүргізуге болатын және сот орындаушысының Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген оның мүлкін немесе кірістерін анықтау жөнінде қолданған шаралары нәтижесіз болып шыққан;
      4) банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымға борышкердің мүлкін, оның ішінде ақшасын, бағалы қағаздарын және кірістерін өндіріп алудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
      5) екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) оларды одан әрі өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ұйымның кредиті (қарызы) бойынша салық төлеушінің талап ету құқықтары, - салық төлеушінің басқаға берген талап ету құқығы бойынша кредит (қарыз) жөніндегі талап ету құны және аталған салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күніне салық төлеушінің борышкерден алуына жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы теріс айырма бөлігінде талап ету құқығын басқаға берген;
      6) борышкер дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайларда, талап ету құқығы кіріс деп танылмайды.".
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      13-1-бап. Осы бапта көрсетілген активтер 2009 жылғы 1 қаңтардағы бухгалтерлік есепке сәйкес, көрсетілген күннен кейін жүргізілген құнсыздану мен қайта бағалау есепке алынбай 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті топтардың (кіші топтардың) құндық балансын құрайды немесе оны көрсетілген активтердің баланстық құнына ұлғайтады деп белгіленсін.
      Осы бап бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:
      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 116-бабына сәйкес тіркелген активтер ретінде танылған;
      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген;
      3) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін тиісті топтардың (кіші топтардың) құндық балансына енгізілмеген активтерге қолданылады.
      Ескерту. Заң 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде 103-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда:
      "3) қаржы ұйымдары үшін шекті коэффициент - 9-ға тең, өзге заңды тұлғалар үшін — 6-ға тең." деп қолданылатыны белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 103-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

      15-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 123-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "123-бап. Инвестициялық салық преференциялары

      1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі - преференциялар) осы бапқа және осы Кодекстің 124, 125-баптарына сәйкес салық төлеушінің таңдауы бойынша қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған кейінгі шығындарды шегерімге жатқызудан тұрады.
      Преференцияларды қолдануға, осы баптың 6-тармағында аталғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құқығы бар.
      2. Преференциялар объектілеріне пайдалануға беру кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:
      1) осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған негізгі құралдар немесе активтер болып табылатын;
      2) преференцияны қолданған салық төлеуші кіріс алуға бағытталған қызметінде пайдаланатын;
      3) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, олардың пайдаланылу ерекшеліктеріне қарай жер қойнауын пайдалануға қызметті келісімшарт (келісімшарттар) бойынша жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмайтын;
      4) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының осы активтер бойынша салықтық есепке алуда шеккен шығындары жер қойнауын келісімшарт (келісімшарттар) бойынша пайдалану қызметі мен келісімшарттан тыс пайдалану қызметі арасында бөлуге жатпайтын;
      5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына  сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілетін активтер болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар жатады.
      3. Мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай талаптарға сай келсе:
      1) салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасы талаптарына сәйкес негізгі құралдар ретінде есепке алынса;
      2) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асырғаннан кейін пайдалануға берілетін салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде кіріс алуға бағытталған қызметінде пайдалануға арналса;
      3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде уақытша пайдаланудан шығарылса;
      4) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, олардың пайдаланылу ерекшеліктеріне қарай жер қойнауын пайдалануға қызметті келісімшарт (келісімшарттар) бойынша жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмаса;
      5) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының осы активтер бойынша салықтық есепке алуда шеккен шығындары жер қойнауын келісімшарт (келісімшарттар) бойынша пайдалану қызметі мен келісімшарттан тыс пайдалану қызметі арасында бөлуге жатпаса, өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға кеткен кейінгі шығыстар нақ сол салық кезеңіндегі шегерімге жатқызылуға тиіс.
      Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін негізгі құралдарды реконструкциялау, жаңғырту — кейінгі шығындардың түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:
      негізгі құрал конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңарту;
      негізгі құрал қызметінің мерзімін үш жылдан аса ұзарту;
      негізгі құралдың техникалық сипаттамаларын осы негізгі құралды реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін уақытша пайдаланудан шығарылған күнтізбелік айдың басындағы оның техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсарту болып табылады.
      4. Мыналардан:
      сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
      мәдени-ойын-сауық мақсаттағы ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
      қонақүйлер, мейрамханалар ғимараттарынан және қысқа мерзімде тұруға, қоғамдық тамақтандыруға арналған басқа да ғимараттардан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
      офистік ғимараттардан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
      автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
      автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен) басқасы өндірістік мақсаттағы ғимараттарға преференцияларды қолдану мақсаттарына тұрғын үй емес ғимараттар (тұрғын үй емес ғимараттардың бір бөлігі) жатады.
      Өндірістік мақсаттағы құрылыстарға преференцияларды қолдану мақсаттары үшін спортқа және демалыс орындарына, мәдени-ойын-сауық, қонақүйлерге, мейрамханаға, әкімшілік мақсаттарына, автомобильдердің тұрақтары мен қойылатын орындарына арналған құрылыстардан басқа құрылыстар жатады.
      5. Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан тұрғызылған ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) бірінші пайдалануға беру:
      құрылыс мердігері шартын жасасу жолымен құрылыс салған кезде — ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) пайдалануға беру актісіне мемлекеттік қабылдау комиссиясы қол қойғаннан кейін құрылыс салушының құрылыс объектісін тапсырыс берушіге тапсыруы;
      қалған жағдайларда — ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) пайдалануға беру актісіне мемлекеттік қабылдау комиссиясының қол қоюы болып табылады.
      6. Мынадай талаптардың біріне немесе одан да көбіне сәйкес келетін салық төлеушілер:
      1) салық төлеушіге салық салу осы Кодекстің 5-бөліміне сәйкес жүзеге асырылса;
      2) салық төлеуші осы Кодекстің 279-бабының 1)-4) тармақшаларына көрсетілген акцизделетін тауарларды өндіруді және (немесе) сатуды жүзеге асырса;
      3) салық төлеуші осы Кодекстің 63-тарауында көзделген арнайы  салық режимін қолданса, салық төлеушілердің преференцияларды қолдануға құқығы жоқ.
      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдаланушыға:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жасалған, олар бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейін өндіру нақ осы кезеңде басталған пайдалы қазбаларды игеруге келісімшарт (келісімшарттар) шеңберінде жүзеге асырылатын қызметте пайдалануға арналған преференциялар объектілері бойынша;
      2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жасалған, пайдалы қазбаларды өндіруге келісімшарт (келісімшарттар) шеңберінде жүзеге асырылатын қызметте пайдалануға арналған (пайдаланылатын) ғимараттар және өндірістік мақсаттағы машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға кейінгі шығыстар бойынша преференцияларды қолдануға рұқсат етуге құқылы.
      Осы тармаққа сәйкес преференцияларды қолдануға рұқсат етілген жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстің 120-бабының 6-тармағын қолдануға құқығы жоқ.".
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-1-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабы 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейінгі салық кезеңдерінде туындаған залалдарға қолданылады деп белгіленсін.
      2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдерінде туындаған залалдар 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 124-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерге ауыстырылады.
      Бұл ретте, хеджирлеу операцияларының ерекшеліктері ескеріле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдерінде туындаған залалдар келесі үш жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және туынды қаржы құралдары бойынша түсетін табыстар есебiнен өтеледі.
      Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Алып тасталды - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-1-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 143-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап төленетін, осындай сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлем көзінен салық салуға жатпайды;
      2) сыйақы есептелген күні қор биржасының ресми тізімінде болмаған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы осындай сыйақы төленетін күні белгіленген ставка бойынша төлем көзінен салық салуға жатады деп белгіленсін.
      Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       17-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде төлем көзінен алынатын табыс салығының ставкасын 10 процент көлемінде қолданылады деп белгілей отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 194-бабы 3) тармақшасының қолданылуы төлем көзінен алынатын табыс салығының ставкасы көлемі бөлігінде 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

       18-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 307-бабы 4-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      "4. Су басқан, дебиті аз және бұрын қазылған кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін), көмірсутегі шикізатының өте тұтқыр түрлерін игеретін, сондай-ақ қызметін рентабельділігі төмен келісімшарттар, оның ішінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Қызметін жер қойнауын пайдалануға рентабельдігі төмен келісімшарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкасы тиісті минералдық шикізатқа әлемдік нарықта қолайсыз конъюнктура кезеңінде белгіленеді. Бұл ретте пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкасы жер қойнауын пайдалануға әрбір осындай келісімшарт үшін күнтізбелік жылдағы оның экономикасы және тиісті минералдық шикізатқа әлемдік нарықтың конъюнктурасы ескеріле отырып белгіленеді және жыл ішінде қайта қарауға жатпайды.
      Егер тиісті күнтізбелік жылға пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкасы аталған жыл ішінде белгіленген жағдайда, онда күнтізбелік жыл басынан бері пайдалы қазбаларды өндіруге төленген салық осы тармаққа сәйкес белгіленген ставка бойынша қайта есептеледі.
      Жер қойнауын пайдаланушы бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, өндірген минералды шикізатты (пайдалы қазбаны) кейіннен одан әрі қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық немесе өзге де технологиялық бөлімшеге беретін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкаларын белгілеу мақсатында рентабельділік деңгейі тұтастай заңды тұлға бойынша айқындалады.
      Бұл ретте, рентабельділікті есептеу үшін заңды тұлғаның басқа жеке және (немесе) заңды тұлғадан өңдеу үшін алынған және (немесе) сатып алынған минералды шикізатты қайта өңдеуді қоса алғанда, минералды шикізатты (пайдалы қазбаны) өндіруге және қайта өңдеуге тікелей байланысты кірістері мен шығындары қызметтің өзге түрлері бойынша кірістер мен шығындар ескерілместен, бөлек салықтық есепке алудың деректері негізінде есептеледі.
      Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін), пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкаларын белгілеу тәртібін қоса алғанда, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе бұрын қазылған санатқа жатқызу тәртібін және осындай келісімшарттардың, кен орындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       19-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 557-бабы 3-тармағы 8) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

       20-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі)" 657-бабының 2) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      "2) салық есептілігін электронды түрде табыс ету үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсыну;".

      20-1-бап. Тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 12-бабының 1-тармағы 28) тармақшасының қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
      "28) өзара байланысты тарап - өзара байланыстылығы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын жеке немесе заңды тұлға.
      2009 жылғы 1 қаңтардан кейін туындайтын, ұлттық басқарушы холдингтің ірі акционер ретінде банктің жарғылық капиталына қатысуы және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің лауазымды тұлғаларының осындай банкті басқару органына қатысуы олардың өзара байланыстылығының бірден-бір негізі болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылмайды;".
      Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      21-бапқа өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      21-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде мыналар белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 280-бабының 4-тармағы 1) тармақшасы 1-13 жолдарының қолданылуы - 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін, 14-18 жолдарының қолданылуы - 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
      1) 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:

Р/с
N

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен)

өндірілетін тауарларға

импортталатын тауарларға

1

2

3

4

5

1.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті;
этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

450 теңге/литр

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

0,1 теңге/литр

0,1 теңге/литр

3.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті;
спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

550 теңге/литр
100% спирт

750 теңге/литр
100% спирт

4.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын денатуратталған спирттің кез келген конпентрациядағы басқа да түрлері

45 теңге/литр

60 теңге/литр

5.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын басқа да спирт ішімдіктері

55 теңге/литр
100% спирт

75 теңге/литр
100% спирт

6.

2208

Алкоголь өнімдері (коньяктардан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа)

250 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

7.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа)

165 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

8.

2208

Отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди

100 теңге/литр
100% спирт



9.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шараптар

20 теңге/литр

75 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқа)

100 теңге/литр

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

0 теңге/литр

75 теңге/литр

12.

220300

Сыра

10 теңге/литр

60 теңге/литр

13.

2203 00-ден

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра

0 теңге/литр

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

600 теңге/1000 дана

750 теңге/1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

350 теңге/1000 дана

570 теңге/1000 дана

16.

2402-ден

Сигариллдер

1040 теңге/1000 дана

1220 теңге/1000 дана

17.

2402-ден

Сигарлар

85 теңге/дана

95 теңге/дана

18.

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімдерді қоспағанда, трубкамен шегетін және шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін темекі, кальян және өзге де тұтыну ыдысына салынған және түпкі тұтынуға арналған темекі

1000 теңге/килограмм

1220 теңге/килограмм

      2) 2010 жылдың 1 қаңтарынан 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:

Р/с
N

ЕурАзЭҚ  СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен)

өндірілетін тауарларға

импортталатын тауарларға

1

2

3

4

5

1.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлері (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

500 теңге/литр

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) ( түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

0,1 теңге/литр

0,1 теңге/литр

3.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

600 теңге/литр
100% спирт

750 теңге/литр
100% спирт

4.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын денатуратталған кез келген концентрациядағы этил спирті және спирттің басқа да түрлері

50 теңге/литр

60 теңге/литр

5.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

60 теңге/литр
100% спирт

75 теңге/литр
100% спирт

6.

2208

Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа)

250 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

7.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден

230 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

8.

2208

Коньяк, бренди, отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған

130 теңге/литр
100% спирт



9.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шараптар

20 теңге/литр

75 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқасы)

100 теңге/литр

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

0 теңге/литр

75 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра

13 теңге/литр

60 теңге/литр

13.

2203 00-ден

Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын

0 теңге/литр

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Филтрлі сигареттер

800 теңге/1000 дана

950 теңге/1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

500 теңге/1000 дана

570 теңге/1000 дана

16.

2402-ден

Сигариллдер

1140 теңге/1000 дана

1220 теңге/1000 дана

17.

2402-ден

Сигарлар

85 теңге/дана

95 теңге/дана

18.

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімдерді қоспағанда, трубкамен шегетін және шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін темекі, кальян және өзге де тұтыну ыдысына салынған және түпкі тұтынуға арналған темекі

1000 теңге/килограмм

1220 теңге/килограмм

      2-1) 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:

Р/с

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен)

Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарларға және кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталатын тауарларға

Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер-ден импортталатын тауарларға

1

2

3

4

5

1.

2207-ден



80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа), этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (ішкі нарықта тұтынылатын денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) (түссіз емес, боялған) басқа)

500 теңге/литр

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Ішкі нарықта тұтынылатын денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

0,1 теңге/литр

0,1 теңге/литр

3.

2208-ден

80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

600 теңге/литр 100% спирт

750 теңге/литр 100% спирт

4.

2207-ден

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын, 80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

50 теңге/литр

60 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын, 80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

60 теңге/литр 100% спирт

75 теңге/литр 100% спирт

6.

3003, 3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім

250 теңге/литр 100% спирт

800 теңге/литр 100% спирт

7.

2208

Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа)

250 теңге/литр 100% спирт

800 теңге/литр 100% спирт

8.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа)

230 теңге/литр 100% спирт

800 теңге/литр 100% спирт

9.

2208

Отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди

130 теңге/литр
100 % спирт

-

10.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

20 теңге/литр

75 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқа)

100 теңге/литр

170 теңге/литр

12.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

0 теңге/литр

75 теңге/литр

13.

2203 00

Сыра

13 теңге/литр

60 теңге/литр

14.

2202

90 100 1

Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

0 теңге/литр

15.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер


800 теңге/1000 дана

950 теңге/1000 дана

16.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

500 теңге/1000 дана

570 теңге/1000 дана

17.

2402-ден

Сигариллдер

1140 теңге/1000 дана

1220 теңге/1000 дана

118.

2402-ден

Сигаралар

85 теңге/дана

95 теңге/дана

19.

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімдерді қоспағанда, трубкамен шегетін, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін темекі, кальян және өзге де тұтыну ыдысына салынған және түпкі тұтынуға арналған темекі

1000 теңге/килограмм

1220 теңге/килограмм

      3) 2011 жылдың 1 қаңтарынан 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:

Р/с
N

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен)

Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарларға және кеден одағына мүше мемлекеттер-ден импортталатын тауарларға

Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер-ден импортталатын тауарларға

1

2

3

4

5

1.

2207-ден

80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын денатуратталмаған этил спиртінен басқа), этил спирті мен кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге спирттер (ішкі нарықта тұтынылатын денатураттал-ған отындық этил спиртінен (этанолдан) (түссіз емес, боялған) басқа)

550 теңге/литр

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Ішкі нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, боялған)

1 теңге/литр

1 теңге/литр

3.

2208-ден

80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

650 теңге/литр
100% спирт

750 теңге/литр
100% спирт

4.

2207-ден

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын 80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

55 теңге/литр

60 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын 80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

65 теңге/литр
100% спирт

75 теңге/литр
100% спирт

6.

3003, 3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар ретінде тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім

400 теңге/литр
100% спирт

650 теңге/литр
100% спирт

7.

2208

Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа)

400 теңге/литр
100% спирт

650 теңге/литр
100% спирт

8.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа)

325 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

9.

2208

Отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди

160 теңге/литр
100% спирт

-

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шараптар

20 теңге/литр

75 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00

Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқа)

100 теңге/литр

170 теңге/литр

12.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

0 теңге/литр

75 теңге/литр

13.

2203 00

Сыра

25 теңге/литр

50 теңге/литр

14.

2202 90 1001-ден

Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

0 теңге/литр

      3-1) 2011 жылғы 1 қаңтардан 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай акциз ставкалары қолданылады:

Рет

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен)

1

2

3

4

1.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

1000 теңге/
1000 дана

2.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

600 теңге/
1000 дана

3.

2402-ден

Сигариллдер

1220 теңге/
1000 дана

4.

2402-ден

Сигаралар

95 теңге/
дана

5.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

1220 теңге/
килограмм

      3-2) 2012 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай акциз ставкалары қолданылады:

Рет

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен)

1

2

3

4

1.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

1250 теңге/ 1000 дана

2.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

750 теңге/ 1000 дана

3.

2402-ден

Сигариллдер

1530 теңге/
1000 дана

4.

2402-ден

Сигаралар

120 теңге/ дана

5.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

1550 теңге/ килограмм

      3-3) 2013 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай акциз ставкалары қолданылады: 

Рет

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен)

1

2

3

4

1.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

1550 теңге/
1000 дана

2.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

950 теңге/ 1000 дана

3.

2402-ден

Сигариллдер

1930 теңге/ 1000 дана

4.

2402-ден

Сигаралар

150 теңге/
дана

5.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

1940 теңге/ килограмм

      4) алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. Тауар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      22-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктерін осы бапқа сәйкес айқындай отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 65-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
      1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мына санаттарының әрқайсысы үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшаларымен бірге корпоративтік табыс салығы бойынша:
      1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары;
      2) коммерциялық емес ұйымдар;
      3) әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
      4) ережелерінде салық режимінің тұрақтылығы тікелей көзделетін өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
      4-1) мынадай:
      кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары, емдік балшық бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратындарды;
      осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
      5) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілмеген, декларация толтыру және тапсыру жөніндегі міндет белгіленген өзге де корпоративтік табыс салығын төлеушілер үшін декларацияның нысандарын бекітеді.
      2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация жылдық жиынтық табысқа енгізілген кірістерді, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетулерін, салық салынатын табысты (шығынды), салық салынатын табыс азайтылатын кірістер мен шығыстарды, ауыстырылатын шығындарды, салық кезеңіне есептелген салық сомасын және салық кезеңіне есептелген салықтың сомасын азайтатын салық сомаларын корпоративтік табыс салығын төлеушілердің декларациялауына арналған.
      Корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық қызметі органдары пайдаланатын салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай ақпаратты:
      1) құн өсімінен түсетін кірістер (залалдар) жөніндегі;
      2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша міндеттемелер мен талаптарды есептен шығару бойынша, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бөлігінде, түсетін кірістер мен шығыстар жөніндегі;
      3) сыйақылар бойынша кірістер мен шығыстар жөніндегі. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бөлігінде белгіленуі мүмкін;
      4) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бөлігінде белгіленуі мүмкін;
      5) свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары жөніндегі кірістер (залалдар) бойынша. Осы қосымшаның нысаны контрагенттер бөлігінде белгіленуі мүмкін;
      6) резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;
      7) инвестициялық салықтық преференциялар жөніндегі;
      8) салық салынатын табысты азайтатын кірістер мен шығыстар жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, демеушілік көмекті алушылар бөлігінде белгіленуі мүмкін;
      9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге арналған шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөніндегі;
      10) шетел көздерінен алынған кірістер жөніндегі, оның ішінде салық салу жеңілдігі бар елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар алған пайда сомалары немесе пайда сомасының бір бөлігі жөніндегі, сондай-ақ төленген шетел салығы мен оны есепке жатқызу сомасы жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны олардан осындай кірістер алынған тұлғалар бөлігінде белгіленуі мүмкін;
      11) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемелерін есептеу жөніндегі;
      12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын кірістер жөніндегі;
      13) кірістер мен шығыстар туралы есепті корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен салыстыра тексеруді;
      14) своптар жөніндегі кірістер (залалдар) бойынша. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бөлігінде белгіленуі мүмкін;
      15) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен, салық міндеттемесімен байланысты объектілер туралы мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшылары және (немесе) сенімгерлік басқарудан туындаған өзге де жағдайларда пайда алушылардың бөлігінде;
      16) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан резиденттің тұрақты мекемелерінің шегерімдеріне жатқызылатын резиденттің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары бойынша;
      17) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 58-бабына және (немесе) 448-бабының 4-тармағына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу көзделген қызмет түрлері бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      3. Салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар нысандары мынадай ақпаратты:
      1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін:
      Кен орындарын өндірудің зардаптарын жою қорына аударымдар жөніндегі;
      таза табысты бөлу және әрбір құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға жіберілген таза табыс жөніндегі;
      салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың әрқайсысы бойынша жеке-жеке корпоративтік табыс салығын есептеу жөніндегі;
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 308-бабында көзделген салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша салық сомасын есептеу ерекшеліктері жөніндегі;
      табиғи ресурстарды геологиялық зерттеу, барлау және дайындау жұмыстары бойынша шығыстар және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары жөніндегі;
      2) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ осындай операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктері шегінде лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшін:
      тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету түрлері бөлінісінде тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар жөніндегі;
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 106-бабына сәйкес жасалған провизиялардың (резервтердің) көлемін азайтудан түсетін табыстар және шегерімге құқығы бар тұлғалар үшін провизиялар (резервтер) жасау бойынша шығыстары жөніндегі;
      жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру жарналары жөніндегі;
      3) коммерциялық емес ұйымдар үшін:
      өтеусіз алынған (берілген) мүліктер бойынша кірістері мен шығыстары жөніндегі, кіру жарналары жөніндегі, мүшелік жарналар жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз мүлік берген және алған немесе кіру жарналарын, мүшелік жарналарды енгізген және алған тұлғалар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;
      коммерциялық емес ұйымды ұстауға арналған шығыстар жөніндегі;
      іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.
      4. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшаның нысандары мынадай:
      1) сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін кірістер жөніндегі;
      2) өзге де қызметтен түсетін кірістер жөніндегі;
      3) туынды қаржы құралдары бар кірістер (залалдар) жөніндегі;
      4) шетел көздерінен алынған кірістер жөніндегі, оның ішінде салық салу жеңілдігі бар елдерден алынған кірістер жөніндегі, сондай-ақ төленген шетел салығы мен оны есептеу сомасы жөніндегі. Бұл қосымша олардан осындай кірістер алынған тұлғалар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;
      5) резиденттер болып табылмайтын тұлғаларға төленетін, Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістер жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.
      5. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығының сомалары есеп айырысудың мынадай нысандарын бекітеді:
      1) декларация тапсыруға дейінгі кезеңге төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасынан есеп айырысуы;
      2) декларация тапсырғаннан кейінгі кезеңге төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасынан есеп айырысуы;
      3) төлем көзінен, резиденттің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасынан есеп айырысуы;
      4) төлем көзінен, резидент еместің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасынан есеп айырысуы;
      5) корпоративтік табыс салығы сомасынан есеп айырысуы.
      6. Осы баптың 5-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген есеп айырысу ағымдағы салық кезеңіне корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу үшін арналған және оларды осы Кодексте өздеріне корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу және төлеу жөнінде міндеттеме белгіленген салық төлеушілер тапсырады.
      7. Осы баптың 5-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген есеп айырысуларды салық агенттері салық бақылауының мақсаттары үшін пайдаланылатын салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпаратты көрсету үшін табыс етеді.
      Төлем көзінен, резиденттің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасының есеп айырысуына қосымшаның нысанында табыстарды алушылар бөлігінде мынадай:
      1) төленетін табыс сомасы туралы;
      2) төленген табыс сомасы туралы;
      3) корпоративтік табыс салығының ставкасы туралы;
      4) төлем көзінен ұсталған салық сомасы туралы;
      5) іс жүзінде төленген салық сомасы туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      Төлем көзінен, резидент еместің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасының есеп айырысуына қосымша нысанында табыстарды алушылар бөлігінде мынадай:
      1) салық төлеуші туралы жалпы сәйкестендіру деректері;
      2) салық салу объектілері туралы, оның ішінде халықаралық шартқа (келісімге) сәйкес салық салудан босатылған объектілер туралы;
      3) салық ставкасы туралы;
      4) халықаралық шарттарды (келісімдерді) қолдану туралы;
      5) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру кезеңі туралы;
      6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа (келісімге) сәйкес есептелген салық сомасы туралы ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген есеп-қисапты:
      жинақтық емес сақтандыру, қайта сақтандыру;
      аннуитеттік сақтандыруды қоспағанда, жинақтық сақтандыру, қайта сақтандыру;
      аннуитеттік сақтандыру;
      аффилиирлендірілген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру;
      өзара сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары түрінде кірістер жөніндегі ақпаратты көрсету үшін сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары табыс етеді.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      23-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде салық салудың осы бапта белгіленген тәртібі қолданылады деп белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 83-бабының, 85-бабы 1-тармағы 7) тармақшасының, 90-бабы 3-тармағының, 106-бабы 2-тармағының, 109-бабы 3-тармағының қолданылуы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін олардың сақтандыру, қайта сақтандыру қызметтерін жүзеге асыруы бөлігінде 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
      1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының өздерінің сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру бөлігінде салық салынатын табысы мынадай тәртіппен айқындалады:
      сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан, қайта сақтанушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақылары,
      қосу
      сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша алынуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылары,
      қосу
      өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау мақсатында қолайсыз табиғат құбылыстары нәтижесінде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің елу процентін өтеу түрінде мемлекеттік бюджеттен алуға жататын (алынған) қаражат,
      алу
      сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бұзылған кезде қайтарылған сақтандыру сыйлықақылары,
      алу
      қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйлықақылары,
      алу
      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті жарналар.
      2. Сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінің мынадай кіріс түрлері:
      1) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі сақтандыру төлемдері мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесі;
      2) инвестициялық кірістер;
      3) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының активтерін депозиттерге, бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағамдық айырма бойынша кірістер;
      4) сақтандыру, қайта сақтандыру шартымен байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектерді қайта бағалау бойынша бағамдық айырма;
      5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша үшінші тұлғалардан суброгация (регресс) тәртібімен қойылатын талаптар бойынша кірістер;
      6) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жүзеге асыратын мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының өтемақы төлемдері;
      7) эмитенттің өзі шығарған акцияларын орналастырудан алған ақшаларының сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының салық салу объектілері болып табылмайды.
      3. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының өзге қызметтен алған салық салынатын табыстары осы тармақ ережелері ескеріле отырып "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 83-бабында белгіленген тәртіппен айқындалады.
      Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын бұзған кезде қайтарылған сақтандыру сыйлықақыларын, сондай-ақ қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шығыстардың жалпы сомасындағы өзге қызметтен алынған шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының жалпы кірістер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кірістерінің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен айқындалады.
      4. Сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметін қоса алғанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын кірістері мен шығыстары бойынша және өзге қызметтен алынатын кірістері мен шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
      5. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша корпоративтік табыс салығын мынадай ставкалар бойынша:
      1) жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша - аффилиирленген тұлғалардың сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін қоспағанда, жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 4 процентін;
      2) аннуитеттік сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша - аннуитеттік сақтандыру, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 2 процентін;
      3) аннуитеттік сақтандыру бойынша - аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру қызметін қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 1 процентін;
      4) аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша — аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 8 процентін төлейді;
      5) алып тасталды - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын (алған) табыстарға 20 пайыздық ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынуға тиіс.
      7. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен алынатын кірістері бойынша орналасқан жеріндегі салық органына есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей бір айға есептеп шығарылған корпоративтік табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп айырысуын табыс етеді.
      8. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының қызметінен түсетін салық салынатын кірістері бойынша корпоративтік табыс салығын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін төлейді.
      9. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары орналасқан жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей барлық табыстар жөнінде декларация табыс етуге міндетті.
      10. Корпоративтік табыс салығын төлеу декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.
      11. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде есептеп шығарылған корпоративтік табыс салығының есебіне жатқызылмайды.
      12. Осы баптың мақсатында, сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының қызметі өзге қызмет болып табылады.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі),  2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      24-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 249-бабының 2) тармақшасын қоспағанда, 2-тармағы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгіленсін.

      25-бап. Осы бапқа сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қалыптасқан қосылған құн салығының есептен шығарылған сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуі бойынша бюджетпен өзара қатынастар тәртібі белгіленсін.
      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, есепті салық кезеңінің соңындағы өсу (бұдан әрі — қосылған құн салығының асып түсуі) қорытындысымен декларация бойынша қалыптасқан есептен шығарылған салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің есебіне жазылады.
      2. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу айналымдары бойынша осы баптың 1-тармағында аталған асып кету сомасы сонымен бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде осы бапта белгіленген тәртіппен қосымша құн салығын төлеушіге қайтарылады:
      қосылған құн салығын төлеуші нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар сатуды, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты жүзеге асырады;
      қосылған құн салығының асып түсуін қайтарып алу туралы салық өтініші берілген салық кезеңі үшін нөлдік ставка бойынша салық салынған, онда нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған, өткізу жөніндегі айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемінде 70 проценті болса, қосылған құн салығы төлеушіге қайтарылады.
      3.  Осы баптың 2-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткені қосылған құн салығын төлеушіге оның өткен салық кезеңдері үшін қосылған құн салығын төлеу бойынша салықтық міндеттемелерін есепке ала отырып, нөлдік ставка бойынша салық салынатын, өткізілетін айналымның мақсаттары үшін пайдаланылған, өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлігінде қайтарылады.
      4. Осы баптың 2-тармағының екінші абзацында көзделген, тұрақты өткізілетін, нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтерге жатқызу критерийлерін және осы баптың 3-тармағына сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының асып түскен сомасын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      5. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының асып түскен сомасын айқындау кезінде қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына валюталық түсім түсірген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.
      Қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайларында, сыртқы сауда тауар айырбасы (бартерлік) операциялар бойынша шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған тауарларды қосылған құн салығын төлеушіге сатып алушы жеткізген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.
      Валюталық түсімнің түскені туралы салық қызметі органдарына қорытындылар табыс етуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.
      Осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары салықтық тексеру басталған күнгі валюта түсімдері туралы тиісті сауал жібереді.
      6. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен нысанда және тәртіппен ұсынылған кеден одағының кедендік аумағынан тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.
      Кеден одағының кедендік аумағынан тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады.
      7. Егер нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу айналымдары бар қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы салық органына салық өтінішін жасамаса, онда мұндай асып кету сомасы қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жазылады.
      8. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу айналымы бойынша қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын төлеуші табыс еткен қосылған құн салығын қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы салық өтінішін салық органы алған күннен бастап, алпыс жұмыс күні ішінде және мыналардың:
      1) қосылған құн салығы бойынша декларация;
      2) нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу айналымдарын растауға қажетті құжаттар;
      3) салық органы жүргізген салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының шынайылығын растау не осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайда, салықтық тексеру актісіне салық органының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
      Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығы сомасын қайтару тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      9. Салықтық тексеру жүргізу барысында салық органы тексерілетін салық төлеушінің тікелей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілеріне қарсы тексеруді тағайындай алады. Егер тексерілетін салық төлеушінің тікелей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілері басқа салық органында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрса, тексеруді тағайындаған салық органы тиісті салық органына осындай өнім берушіге қарсы тексеру жүргізу туралы сұрату жібереді.
      10. Өнім берушімен өзара есеп айырысудың дұрыстығын растау үшін қарсы тексеру жүргізу туралы сұратуға жауап алынбаса және (немесе) егер тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұдан бұрын жіберілген сұрату салу бойынша қарсы тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтарды жоймаған болса, бұрын жіберілген сауал салу бойынша уәкілетті орган алған жауаптар негізінде мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы расталмаса, салықтық тексеру аяқталған күнгі сома шегінде қосылған құнға салынған салық қайтарылмайды.
      Бұл ретте салықтық тексеру актісінде осындай қосылған құн салығының қайтарылмауының негіздемесі көрсетіледі.
      11. Мынадай жағдайларда:
      1) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін келіп түскен тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілеріне қарсы тексеру жүргізуге салынған сұратуға жауаптар алынған кезде;
      2) салық төлеушінің өнім берушісі бұрын жіберілген сауал сұрату бойынша қарсы тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтарды жойған кезде немесе мониторингке жататын ірі салық төлеуші болып табылатын тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұрын жіберілген сауал салу бойынша өздерінің өзара есеп айырысулары бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған кезде қосылған құн салығының сомасын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысанда салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде жүргізіледі.
      Салықтық тексеру актісіне қорытынды кемінде екі дана мөлшерінде жасалады және оған салық қызметі органының лауазымды адамдары қол қояды. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, бұл туралы салық төлеуші басқа данада белгі соғуға міндетті.
      Салықтық тексеру аяқталғаннан кейін жауаптар келіп түскен жағдайда, салық органы тоқсанның соңғы айының жиырмасыншы күнінен ерте емес және тоқсанның соңғы айының жиырма бесінші күннен кешіктірілмей салықтық тексеру актісінің қорытындысын жасайды.
      Бұл ретте осы қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырмасыншы күніндегі жағдай бойынша қарсы тексерулер өткізуге арналған сауалдарға жауаптар нәтижесі бойынша жасалады.
      12. Оған қатысты салықтық тексеру жүргізіліп жатқан қосылған құн салығын төлеушісінің мынадай өнім берушілері:
      1) бұдан әрі оларды сатып алушы экспорттаған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды жеткізуді жүзеге асырушылар; (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
      1-1) байланыс қызметтерін жеткізуді жүзеге асырушылар; (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
      2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тауар беруді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асырған және қызметтерін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместер қарсы тексеруге жатпайды.
      13. Қосылған құн салығы сомасын қайтаруды талап еткен салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушісі — мониторингке жататын ірі салық төлеуші арасындағы операциялар бойынша қосылған құн салығы сомасын қайтаруға талап етілген сомалардың шынайылығын растауды салықтық тексеруді тағайындаған салық органы осындай салық органы жіберген сұрату салуға уәкілетті орган берген жауаптың негізінде қосылған құн салығы сомасының шынайылығы туралы мәліметтер негізінде жүргізеді.
      Осы баптың 14-тармағында көзделген тәртіппен сұрау салуды жіберу туралы шешім қабылданған тікелей өнім берушісіне — мониторингке жататын ірі салық төлеушіге қатысты уәкілетті органға жіберіледі.
      Сұрау салуда тексерілетін салық төлеуші туралы, тікелей өнім беруші — мониторингке жататын ірі салық төлеуші туралы деректер, ол берген шот-фактураның нөмірі, күні, өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар сомалары, қосылған құн салығы сомасы, сондай-ақ тексерілетін кезеңі көрсетіледі.
      Уәкілетті орган қосылған құн салығы сомасының шынайылығы туралы, оның ішінде тексерілетін салық төлеушімен тікелей өнім беруші - мониторингке жататын ірі салық төлеуші жасаған тексерілетін кезеңдегі көрсетілмеген операциялар туралы мәліметтер береді. Қосылған құн салығы сомасының шынайылығын растау туралы мәліметтер уәкілетті органда бар мониторинг бойынша есептіліктің деректері негізінде беріледі.
      14. Өнім берушіге міндетті қарсы тексеру жүргізу және (немесе) ірі салық төлеушілер мониторингі бойынша есептілік негізінде қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы уәкілетті органға сұрату жіберу туралы шешім осындай өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша қосымша құн салығын төлеуші есепке жатқызған қосымша құн салығының сомасы қосымша құн салығын төлеуші барлық өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша өнім беруші қосымша құн салығына жатқызған барлық қосымша құн салығының 80 процентін құрағанда қосымша құн салығын төлеушінің тікелей өнім берушілеріне қатысты қабылданады.
      Бұл ретте, барлық өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының жалпы сомасынан импортталған тауарларға арналған қосылған құн салығы сомалары мен осы баптың 12-тармағында көрсетілген өнім берушілер жасаған шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының сомалары алып тасталады.
      Есепке жатқызылған қосылған құн салығының жалпы сомасынан 80 процентті айқындау үшін өнім берушілер жазып берген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы сомасының азаюы тәртібінде қосылған құн салығын төлеуші өнім берушілерінің тізбесі жасалады.
      Осы тізбедегі шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының жалпы сомасы есепке жатқызылған барлық қосылған құн салығының 80 процентін құрайтын алғашқы өнім берушілер қосылған құн салығын төлеушімен барлық өзара есеп айырысулар бойынша міндетті түрде қарсы тексеруге жатады және (немесе) уәкілетті органға ірі салық төлеушілердің мониторингі бойынша есептіліктің негізінде қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растауы туралы сауал жібереді.
      15. Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару:
      1) мыналарға:
      шағын бизнес субъектілеріне;
      шаруа немесе фермер қожалықтарына;
      ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысатын;
      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 267-бабының ережелерін қолданатын;
      3) нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және ол бойынша салық өтініші берілген өткізу айналымдары жасалған салық кезеңінен кейін он екі ай өткен соң қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы өтініш берген қосылған құн салығын төлеушіге қатысты жүргізілмейді.
      16. Салықтық тексеру актісі және салықтық тексеру актісіне қорытынды бойынша қайтарылуға тиісті қосылған құн салығының асып кеткен жалпы сомасы қосымша құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы салық өтінішінде көрсетілген сомадан аспауы тиіс.
      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      26-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференциялары Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданыс мерзімі өткенге дейін сақталатыны белгіленсін.

      27-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 274-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізу күні деп, сондай-ақ республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған тізбесіне енгізу күні түсінілетіні белгіленсін.

      28-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 623-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін 2009-2010 жылдары мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 99-бабына сәйкес түзетулерді ескерусіз 2007 жылдың деректері бойынша неғұрлым көп жылдық жиынтық табысы бар үш жүз ірі салық төлеуші енгізіледі.
      Аталған тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей бекітеді.

      29-бап. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған, патент, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің қызметі тоқтатылуына байланысты өтініші бойынша салықтық тексерулер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      30-бап. Резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін қосылған  құн салығы бойынша салық міндеттемелерін дұрыс орындауы мәселесі бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған салықтық тексеру "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде аяқталуға тиіс деп белгіленсін.

      30-1-бап. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде, 5-тармағы 2) тармақшасының бірінші және екінші бөліктерінде және 9-тармағының 2) тармақшасында, 632-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында, 3 және 6-тармақтарында, 633-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген тақырыптық тексерулер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-тарауында көзделген тәртіппен біржолғы талондардың болуы мәселесі бойынша да жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      Ескерту. Заң 30-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30  N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      31-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның құралған кезінен бастап бес жылдан астам әрекетсіз салық төлеушінің жеке шоты есебіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары оның салықтық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:
      1) бюджетке артық төленген салық сомасы:
      салықтың осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу есебіне;
      салықтың басқа түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
      2) бюджетке артық төленген басқа да міндетті төлемнің сомасы:
      бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
      салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің түрлері бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
      3) бюджетке артық төленген өсімпұлдың сомасы:
      салықтың осы түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша бересілер мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
      салықтардың басқа түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне есепке алуға жатады деп белгіленсін.
      Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдардың артық төленген сомасы есепке алу жүргізілгеннен кейін соттың шешімі бойынша есептен шығарылады.
      2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның құралған күнінен бастап әрекетсіз салық төлеушінің жеке шотында бес жылдан аса уақыт бойы есепте болған, есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есептен шығарылған салық сомасынан артығы соттың шешімімен есептен шығаруға жатқызылады.
      Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, әрекетсіз салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке алудың салық органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуінің, осы бапта көрсетілген сомаларды есептен шығарудың мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.

      32-бап.
      2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша:
      2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салынған салықтық құқық бұзушылықтар;
      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін салық органдары салған, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін төленбеген айыппұл сомасы салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.
      Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен әкімшілік жазаны орындаудан босатылуға жатады.
      Осы баптың ережелері:
      2010 жылғы 1 шілдеге дейін заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар болып танылған;
      осы Заңның 48-1-бабының талаптарына сәйкес келетін;
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;
      мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:
      акцизделетін өнім өндіруді;
      акцизделетін өнімді сақтауды және көтерме саудамен өткізуді;
      бензин, дизель отыны мен мазут өткізуді;
      жер қойнауын пайдалануды;
      түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді;
      құрылысты (тиісті лицензиясы болған кезде);
      қаржы немесе сақтандыру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
      Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (2010.06.19 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      32-1-бап.
      2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасы салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.
      Бұл ретте 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 мамыр аралығы кезеңінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша төленген өсімпұлдар сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін түзілген, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің осындай түрлері бойынша өсімпұлдар сомасын төлеу есебіне бюджетке есепке алынуға жатады.
      Осы баптың ережелері:
      2010 жылғы 1 шілдеге дейін заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар болып танылған;
      осы Заңның 48-1-бабының талаптарына сәйкес келетін;
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;
      олар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған өсімпұлдар сомасы 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде қосымша және (немесе) хабарлау бойынша қосымша салық есептілігін табыс ету нәтижесінде түзілген;
      мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:
      акцизделетін өнім өндіруді;
      акцизделетін өнімді сақтауды және көтерме саудамен өткізуді;
      бензин, дизель отыны мен мазут өткізуді;
      жер қойнауын пайдалануды;
      түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді;
      құрылысты (тиісті лицензиясы болған кезде);
      қаржы немесе сақтандыру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
      Ескерту. Заң 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (2010.06.19 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      33-бап. 2008 жылы қолданылу мерзімі 2009 жылы бітетін патент алған дара кәсіпкерлер 2009 жылдың келесі айларына патент алу үшін патент есебін ұсынған кезде 2009 жылдың алдыңғы айларында алған табыс сомасын көрсететін болып белгіленсін. Бұл сома 2009 жыл ішіндегі табысты есептеген кезде ескеріледі.

      34-бап. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) бүкіл мәтіні бойынша сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша есепке алынғаны туралы куәлік те қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік болып табылады деп белгіленсін.

      34-1-бап. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) және осы Заңды қолдану мақсатында айлық есептік көрсеткіш және жалақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және 2009 жылдың басында қолданыста болған мөлшерлерді негізге ала отырып айқындалатын болып белгіленсін.
       Ескерту. Заң 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      35-бап. 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде қосылған құн салығы бойынша артып кеткен сомасын осы Заңның және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) нормаларын ескере отырып қайтару тәртібін уәкілетті орган айқындайды деп белгіленсін.

      36-бап. Осы бапқа сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану тәртібі белгіленсін.
      1. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін:
      1) қызметі дүркін-дүркін сипатта болып, қызметтің мынадай түрлерін:
      газеттер мен журналдар, тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдарын, саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді, қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін, жануарлар мен құстардың жемдерін, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сатуды (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда);
      жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметін;
      үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар;
      2) базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшаулан