Қосылған құн салығын төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюды растаудан бас тарту жөніндегі шешім нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 7 тамыздағы N 336 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 12 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5746 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 284 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының  лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде :
      реттік нөмірі 3-жолдың "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:" деген абзацындағы "18256" деген сандар "18918" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов