Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 327-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін:
      1. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж, № 5, 23-құжат):
      13-бапта:
      1-тармақтағы "ол қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң" деген сөздер "2012 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      бірінші бөліктегі "осы баптың 2-тармағында көзделген мерзім өткен кезден бастап үш жыл өткен соң" деген сөздер "2012 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін" деген сөздер "2012 жылғы 1 қаңтарға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 20, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      2-баптағы "ол қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң" деген сөздер "2012 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 13-14, 58-құжат):
      2-баптың бірінші бөлігіндегі "2010 жылғы 13 тамыздан" деген сөздер "2012 жылғы 1 қаңтардан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат, № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      1) 36-бапта:
      7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Біржолғы талондар беру:
      2012 жылғы 1 қаңтарға дейін — салық төлеушінің куәлігін;
      2012 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкестендіру нөмірі бар құжатты көрсеткенде жүргізіледі.";
      10-тармақтың екінші бөлігінде:
      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2012 жылғы 1 қаңтарға дейін — дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
      2012 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесін қоса беріп, біржолғы талонды алу құқығына нотариат куәландырған сенімхатты ұсынуға тиіс";

      2) 46-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "46-бап. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін:";

      3) 47-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "47-бап. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін:";

      4) 48-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін 562-баптың 8 - 12-тармақтарының;".

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 2-құжат):
      2-баптың 2-тармағындағы "2010 жылғы 13 тамызға" деген сөздер "2012 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев