"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV Заңы

Қолданыстағы

       1-бап. 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-баптың 2-тармағын қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.

       2-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде асып кеткен қосылған құн салығы:
      1) мыналарға:
      шағын бизнес субъектілеріне;
      шаруа және фермер қожалықтарына;
      ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүргізетін салық төлеушіге;
      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 267-бабының ережелерін қолданатын салық төлеушіге;
      3) қосылған құн салығының асып кеткені тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен аспайтын салық төлеушіге қайтарылмайтыны белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 273-бабы 5-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

       3-бап. Электронды түрде салық есептілігін беру күні тоқтатыла тұру кезеңінде хабарларды кепілдік беріп жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесі серверіне дейін салық есептілігін жеткізу туралы хабарлама күнінен есептеу белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 584-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының және 4-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
      Салық қызметі органдары хабарларды кепілдік беріп жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесінің серверіне дейін салық есептілігі жеткізілген кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

       4-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде корпоративтік табыс салығы ставкасының мынадай мөлшерлері:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін - 20 процент мөлшері;
      2) 2010 жылғы 1 қаңтардан 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін - 17,5 процент мөлшері қолданылатын белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 147-бабы 1-тармағының корпоративтік табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

       5-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде төлем көздерінен 15 процент мөлшерінде ұсталатын корпоративтік табыс салығы ставкасының қолданылатыны белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 147-бабының 3-тармағының төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы ставкаларының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

       6-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде төлем көзінен табыс салығы ставкасының мынадай мөлшерлері:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін - 20 процент мөлшері;
      2) 2010 жылғы 1 қаңтардан 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін - 17,5 процент мөлшері қолданылатыны белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 194-бабы 1) тармақшасының қолданылуы төлем көзінен алынатын табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінде 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

       7-бап. Тоқтатыла тұруы кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың мынадай ставкалары қолданылатыны белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 336-бабының бірінші және екінші бөліктерінің және 339-бабының бірінші бөлігінің қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
      1) газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға мынадай шкала бойынша белгіленген түрде:

Р/с N

Өндірудің жылдық көлемі

Ставкалары %-пен

2009 жылдың 1 қаңтарынан

2010 жылдың 1 қаңтарынан

1

2

3

4

1.

250 000 тоннаға дейін қоса алғанда

5

6

2.

500 000 тоннаға дейін қоса алғанда

7

8

3.

1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

8

9

4.

2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

9

10

5.

3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

10

11

6.

4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

11

12

7.

5 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

12

13

8.

7 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

13

14

9.

10 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

15

16

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

18

19

      Қазақстан Республикасының ішкі нарығында шикі мұнай мен газ конденсатын өткізген жағдайда "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 332-бабы 2-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген тәртіппен белгіленген ставкаларға 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады;
      2) бастапқы өңдеуден өткен (байытылған) минералдық шикізатқа және көмірге мынадай мөлшерде:

р/с
N

Пайдалы қазбалардың атауы

Ставкалар %-пен

2009 жылдың 1 қаңтарынан

2010 жылдың 1 қаңтарынан

1

2

3

4

5

1.

Қара, түсті және радиоактивті металдар кендері

Хром кені (концентрат)

16,2

16,8

Марганец, темір-марганец кені, (концентрат)

2,5

2,8

Темір кен (концентрат, шекемтастар)

2,8

3,2

Уран (өнімді ерітіндісі, шахталық әдіс)

22,0

23,0

2.

Металдар

мыс

5,7

7,0

мырыш

7,0

8,0

қорғасын

8,0

8,25

алтын, күміс, платина, палладий

5,0

5,5

алюминий

0,25

0,28

қалайы, никель

6,0

6,0

3.

Құрамында металл бар минералдық шикізат

Ванадий

4,0

4,0

Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сурьма, сынап, тотыяйын және басқалары

6,0

6,0

4.

Құрамында сирек кездесетін металл бар минералдық шикізат

Ниобий, лантан, церий, цирконий

7,7

7,7

Галлий

1,0

1,0

5.

Құрамында ыдырайтын металл бар минералдық шикізат

Селен, теллур, молибден

7,0

7,0

Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмйй, индий, таллий, гафний, рений, осьмий

6,0

6,0

6.

Құрамында радиоактивті металл бар минералдық шикізат

Радий, торий

5,0

5,0

7.

Құрамында радиоактивті металл еместер бар минералдық шикізат

 

 

 

 

 

 

 

 
Түрлі-түсті тас шикізаттар

Тас көмірі, қоңыр көмір, жанғыш сланецтер

0

0

фосфориттер

4,0

4,0

бор ангидриді

3,5

3,5

барит

4,5

4,5

тальк

2,0

2,0

флюориттер

3,0

3,0

воластонит

3,5

3,5

шунгит

2,0

2,0

графит және басқалары

3,5

3,5

8.

Құрамында асыл тастар бар минералдық шикізат

Алмас, рубин, сапфир, изумруд, гранат, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалары

12,0

12,0

9.

Құрамында жасанды тастар бар минералдық шикізат

Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалары

3,5

3,5

10.

Құрамында техникалық тастар бар

Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, циркон, асбест, слюда және басқалары

2,0

2,0

       8-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 426-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2011 жылы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңінде көрсетілген баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      "1) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі мыналарды:
      біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін;
      патент негізіндегі арнаулы салық режимін;
      оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қамтиды;".

       9-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 428-бабы 1-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде көрсетілген баптың 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      "1. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есебін берудің төменде көрсетілген тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
      1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
      2) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;
      3) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
      4) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
      Осы шарт тауарларын базарларда өткізетін тұлғаларға (жалға алу шарттары бойынша сауданы базар аумағындағы стационарлық үй-жайларда жүзеге асыратындарды қоспағанда) қолданылмайды.".

       10-бап. Көрсетілген баптың 1-тармағының тоқтатыла тұруы кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылатыны белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 645-бабының 1-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Осы баптың ережелері:
      1) жеке нотариаттық қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын;
      2) мыналарға:
      шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін біржолғы талон немесе патент негізінде жүзеге асыратын;
      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);
      3) уәкілетті органмен келісім бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда билеттер беретін қалалық қоғамдық көліктегі тасымалдар бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі ақшалай есеп айырысуға қолданылмайды.

       11-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде баптың мынадай редакцияда:
      "34-бап. Салық берешегін өтеудің тәртібі
      Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен:
      1) бересі сомасы;
      2) есепке жазылған өсімпұлдар;
      3) айыппұлдар сомалары есептеліп жүргізіледі.".
      Қолданылатыны белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 34-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

       12-бап. Осы бапқа сәйкес тоқтатыла тұру кезеңіне қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктерін айқындай отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 66-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
      1. Қосылған құн салығы бойынша декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және мыналар:
      1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;
      2) салық салынатын импорт сомасы;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сатып алудың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетудің сомасы;
      4) есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығының сомасы;
      5) салық сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдісі және оны қолданудың нәтижелері;
      6) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі, оның ішінде салық кезеңінің соңында асып кетуі;
      7) қосылған құн салығы сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
      Қосылған құн салығы бойынша декларация есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуін қайтару жөніндегі талапты қамтуы мүмкін.
      Бұл ретте, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кеткен сомасын қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.
      2. Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалар оларда салық қызметі органдарының салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мыналар бойынша:
      1) нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар;
      2) қосылған құн салығынан босатылған өткізу жөніндегі айналымдар;
      3) қосылған құн салығын төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты;
      4) қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар импорты;
      5) резидент еместен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және осындай резидент емес үшін төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы;
      6) салық салынатын айналым көлемін және қосылған құн салығының есепке жатқызылған салық сомасын түзету;
      7) сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша және өнім берушілер мен сатып алушылар бөлігінде өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар;
      8) сатып алушылар бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жазып берген, мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін.

       13-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 90-бабы 2-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      "2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйым құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түскен, бұрын шегерімге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) сомалары борышкерге талаптар мөлшерін азайтқан кезде:
      1) борышкер заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен таратылуына байланысты Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тасталған;
      2) борышкер заңды тұлға соттың күшіне енген шешімі негізінде хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған I, ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайларда, сондай-ақ борышкер жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
      3) борышкерде және борышкермен бірге ортақ немесе субсидиялық жауапкершілігі бар үшінші тұлғаларда банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымның алдында мүлік, оның ішінде өндіріп алуды жүргізуге болатын ақша, бағалы қағаздар немесе табыстары болмаған жағдайда, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымға орындау құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген, оларға өндіріп алуды жүргізуге болатын және сот орындаушысының Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген оның мүлкін немесе кірістерін анықтау жөнінде қолданған шаралары нәтижесіз болып шыққан;
      4) банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымға борышкердің мүлкін, оның ішінде ақшасын, бағалы қағаздарын және кірістерін өндіріп алудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
      5) екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) оларды одан әрі өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ұйымның кредиті (қарызы) бойынша салық төлеушінің талап ету құқықтары, - салық төлеушінің басқаға берген талап ету құқығы бойынша кредит (қарыз) жөніндегі талап ету құны және аталған салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күніне салық төлеушінің борышкерден алуына жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы теріс айырма бөлігінде талап ету құқығын басқаға берген жағдайларда, талап ету құқығы кіріс деп танылмайды.".

       14-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде 103-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда:
      "3) қаржы ұйымдары үшін шекті коэффициент — 9-ға тең, өзге заңды тұлғалар үшін — 6-ға тең." деп қолданылатыны белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 103-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

       15-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 123-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "123-бап. Инвестициялық салық преференциялары

      1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі - преференциялар) осы бапқа және осы Кодекстің 124, 125-баптарына сәйкес салық төлеушінің таңдауы бойынша қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған кейінгі шығындарды шегерімге жатқызудан тұрады.
      Преференцияларды қолдануға, осы баптың 6-тармағында аталғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құқығы бар.
      2. Преференциялар объектілеріне пайдалануға беру кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:
      1) осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған негізгі құралдар немесе активтер болып табылатын;
      2) преференцияны қолданған салық төлеуші кіріс алуға бағытталған қызметінде пайдаланатын;
      3) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, олардың пайдаланылу ерекшеліктеріне қарай жер қойнауын пайдалануға қызметті келісімшарт (келісімшарттар) бойынша жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмайтын;
      4) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының осы активтер бойынша салықтық есепке алуда шеккен шығындары жер қойнауын келісімшарт (келісімшарттар) бойынша пайдалану қызметі мен келісімшарттан тыс пайдалану қызметі арасында бөлуге жатпайтын, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар жатады.
      3. Мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай талаптарға сай келсе:
      1) салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасы талаптарына сәйкес негізгі құралдар ретінде есепке алынса;
      2) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асырғаннан кейін пайдалануға берілетін салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде кіріс алуға бағытталған қызметінде пайдалануға арналса;
      3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде уақытша пайдаланудан шығарылса;
      4) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, олардың пайдаланылу ерекшеліктеріне қарай жер қойнауын пайдалануға қызметті келісімшарт (келісімшарттар) бойынша жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмаса;
      5) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының осы активтер бойынша салықтық есепке алуда шеккен шығындары жер қойнауын келісімшарт (келісімшарттар) бойынша пайдалану қызметі мен келісімшарттан тыс пайдалану қызметі арасында бөлуге жатпаса, өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға кеткен кейінгі шығыстар нақ сол салық кезеңіндегі шегерімге жатқызылуға тиіс.
      Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін негізгі құралдарды реконструкциялау, жаңғырту — кейінгі шығындардың түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:
      негізгі құрал конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңарту;
      негізгі құрал қызметінің мерзімін үш жылдан аса ұзарту;
      негізгі құралдың техникалық сипаттамаларын осы негізгі құралды реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін уақытша пайдаланудан шығарылған күнтізбелік айдың басындағы оның техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсарту болып табылады.
      4. Мыналардан:
      сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
      мәдени-ойын-сауық мақсаттағы ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
      қонақүйлер, мейрамханалар ғимараттарынан және қысқа мерзімде тұруға, қоғамдық тамақтандыруға арналған басқа да ғимараттардан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
      офистік ғимараттардан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
      автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
      автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен) басқасы өндірістік мақсаттағы ғимараттарға преференцияларды қолдану мақсаттарына тұрғын үй емес ғимараттар (тұрғын үй емес ғимараттардың бір бөлігі) жатады.
      Өндірістік мақсаттағы құрылыстарға преференцияларды қолдану мақсаттары үшін спортқа және демалыс орындарына, мәдени-ойын-сауық, қонақүйлерге, мейрамханаға, әкімшілік мақсаттарына, автомобильдердің тұрақтары мен қойылатын орындарына арналған құрылыстардан басқа құрылыстар жатады.
      5. Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан тұрғызылған ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) бірінші пайдалануға беру:
      құрылыс мердігері шартын жасасу жолымен құрылыс салған кезде — ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) пайдалануға беру актісіне мемлекеттік қабылдау комиссиясы қол қойғаннан кейін құрылыс салушының құрылыс объектісін тапсырыс берушіге тапсыруы;
      қалған жағдайларда — ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) пайдалануға беру актісіне мемлекеттік қабылдау комиссиясының қол қоюы болып табылады.
      6. Мынадай талаптардың біріне немесе одан да көбіне сәйкес келетін салық төлеушілер:
      1) салық төлеушіге салық салу осы Кодекстің 5-бөліміне сәйкес жүзеге асырылса;
      2) салық төлеуші осы Кодекстің 279-бабының 1)-4) тармақшаларына көрсетілген акцизделетін тауарларды өндіруді және (немесе) сатуды жүзеге асырса;
      3) салық төлеуші осы Кодекстің 63-тарауында көзделген арнайы  салық режимін қолданса, салық төлеушілердің преференцияларды қолдануға құқығы жоқ.
      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдаланушыға:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жасалған, олар бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейін өндіру нақ осы кезеңде басталған пайдалы қазбаларды игеруге келісімшарт (келісімшарттар) шеңберінде жүзеге асырылатын қызметте пайдалануға арналған преференциялар объектілері бойынша;
      2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жасалған, пайдалы қазбаларды өндіруге келісімшарт (келісімшарттар) шеңберінде жүзеге асырылатын қызметте пайдалануға арналған (пайдаланылатын) ғимараттар және өндірістік мақсаттағы машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға кейінгі шығыстар бойынша преференцияларды қолдануға рұқсат етуге құқылы.
      Осы тармаққа сәйкес преференцияларды қолдануға рұқсат етілген жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстің 120-бабының 6-тармағын қолдануға құқығы жоқ.".

       16-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 141-бабының 4 және 6-тармақтарының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      "4. Өткен салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең үшін төленуге тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны үшін есепті салық кезеңінің 20 қаңтарынан кешіктірілмей салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.
      Өткен салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең үшін төленуге тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомалары есеп-қисабында есептелген есепті салық кезеңіне белгіленген корпоративтік табыс салығы ставкасы мен өткен салық кезеңіне белгіленген корпоративтік табыс салығы ставкасының, және өткен салық кезеңіне белгіленген корпоративтік табыс салығы ставкасының арақатынасына көбейтілген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бірі мөлшерінде есептеледі.";
      "6. Өткен салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуге тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңі үшін осы Кодекстің 139-бабының 1-тармағына және 199-бабына сәйкес есептелген, есепті салық кезеңіне белгіленген корпоративтік табыс салығы ставкасының және өткен салық кезеңіне белгіленген корпоративтік табыс салығы ставкасының арақатынасына көбейтілген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үші мөлшерінде есептеледі.".

       17-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде төлем көзінен алынатын табыс салығының ставкасын 10 процент көлемінде қолданылады деп белгілей отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 194-бабы 3) тармақшасының қолданылуы төлем көзінен алынатын табыс салығының ставкасы көлемі бөлігінде 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

       18-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 307-бабы 4-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      "4. Су басқан, дебиті аз және бұрын қазылған кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін), көмірсутегі шикізатының өте тұтқыр түрлерін игеретін, сондай-ақ қызметін рентабельділігі төмен келісімшарттар, оның ішінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Қызметін жер қойнауын пайдалануға рентабельдігі төмен келісімшарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкасы тиісті минералдық шикізатқа әлемдік нарықта қолайсыз конъюнктура кезеңінде белгіленеді. Бұл ретте пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкасы жер қойнауын пайдалануға әрбір осындай келісімшарт үшін күнтізбелік жылдағы оның экономикасы және тиісті минералдық шикізатқа әлемдік нарықтың конъюнктурасы ескеріле отырып белгіленеді және жыл ішінде қайта қарауға жатпайды.
      Егер тиісті күнтізбелік жылға пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкасы аталған жыл ішінде белгіленген жағдайда, онда күнтізбелік жыл басынан бері пайдалы қазбаларды өндіруге төленген салық осы тармаққа сәйкес белгіленген ставка бойынша қайта есептеледі.
      Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін), өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе бұрын қазылған санатқа жатқызу тәртібін және осындай келісімшарттардың, кен орындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".

       19-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 557-бабы 3-тармағы 8) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

       20-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі)" 657-бабының 2) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      "2) салық есептілігін электронды түрде табыс ету үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсыну;".

       21-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде мыналар белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 280-бабының 4-тармағы 1) тармақшасы 1-13 жолдарының қолданылуы - 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін, 14-18 жолдарының қолданылуы - 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
      1) 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:

Р/с
N

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен)

өндірілетін тауарларға

импортталатын тауарларға

1

2

3

4

5

1.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті;
этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

450 теңге/литр

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

0,1 теңге/литр

0,1 теңге/литр

3.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті;
спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

550 теңге/литр
100% спирт

750 теңге/литр
100% спирт

4.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын денатуратталған спирттің кез келген конпентрациядағы басқа да түрлері

45 теңге/литр

60 теңге/литр

5.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын басқа да спирт ішімдіктері

55 теңге/литр
100% спирт

75 теңге/литр
100% спирт

6.

2208

Алкоголь өнімдері (коньяктардан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа)

250 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

7.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа)

165 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

8.

2208

Отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди

100 теңге/литр
100% спирт


9.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шараптар

20 теңге/литр

75 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқа)

100 теңге/литр

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

0 теңге/литр

75 теңге/литр

12.

220300

Сыра

10 теңге/литр

60 теңге/литр

13.

2203 00-ден

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра

0 теңге/литр

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

600 теңге/1000 дана

750 теңге/1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

350 теңге/1000 дана

570 теңге/1000 дана

16.

2402-ден

Сигариллдер

1040 теңге/1000 дана

1220 теңге/1000 дана

17.

2402-ден

Сигарлар

85 теңге/дана

95 теңге/дана

18.

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімдерді қоспағанда, трубкамен шегетін және шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін темекі, кальян және өзге де тұтыну ыдысына салынған және түпкі тұтынуға арналған темекі

1000 теңге/килограмм

1220 теңге/килограмм

      2) 2010 жылдың 1 қаңтарынан 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:

Р/с
N

ЕурАзЭҚ  СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен)

өндірілетін тауарларға

импортталатын тауарларға

1

2

3

4

5

1.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлері (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

500 теңге/литр

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) ( түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

0,1 теңге/литр

0,1 теңге/литр

3.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

600 теңге/литр
100% спирт

750 теңге/литр
100% спирт

4.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын денатуратталған кез келген концентрациядағы этил спирті және спирттің басқа да түрлері

50 теңге/литр

60 теңге/литр

5.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

60 теңге/литр
100% спирт

75 теңге/литр
100% спирт

6.

2208

Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа)

250 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

7.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден

230 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

8.

2208

Коньяк, бренди, отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған

130 теңге/литр
100% спирт


9.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шараптар

20 теңге/литр

75 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқасы)

100 теңге/литр

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

0 теңге/литр

75 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра

13 теңге/литр

60 теңге/литр

13.

2203 00-ден

Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын

0 теңге/литр

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Филтрлі сигареттер

800 теңге/1000 дана

950 теңге/1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

500 теңге/1000 дана

570 теңге/1000 дана

16.

2402-ден

Сигариллдер

1140 теңге/1000 дана

1220 теңге/1000 дана

17.

2402-ден

Сигарлар

85 теңге/дана

95 теңге/дана

18.

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімдерді қоспағанда, трубкамен шегетін және шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін темекі, кальян және өзге де тұтыну ыдысына салынған және түпкі тұтынуға арналған темекі

1000 теңге/килограмм

1220 теңге/килограмм

      3) 2011 жылдың 1 қаңтарынан 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:

Р/с
N

ЕурАзЭҚ  СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен)

өндірілетін отандық тауарларға

импортталатын тауарларға

1

2

3

4

5

1.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлері (алкоголь өнімдерін, емдік және фарманевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

550 теңге/литр

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

0,1 теңге/литр

0,1 теңге/литр

3.

2208- ден

80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

650 теңге/литр
100% спирт

750 теңге/литр
100% спирт

4.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын денатуратталған кез келген концентрациядағы этил спирті және спирттің басқа да түрлері

55 теңге/литр

60 теңге/литр

5.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; алкоголь енімдерін өндіру үшін сатылатын спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

625 теңге/литр
100% спирт

75 теңге/литр
100% спирт

6.

2208

Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа)

300 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

7.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқасы)

280 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

8.

2208

Коньяк, бренди, отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған

150 теңге/литр
100% спирт

-

9.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шараптар

20 теңге/литр

75 теңге/литр

10

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқасы)

100 теңге/литр

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

0 теңге/литр

75 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра

20 теңге/литр

60 теңге/литр

13.

2203 00-ден

Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра

0 теңге/литр

0 теңге/литр

      4) 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:

Р/с
N

ЕурАзЭҚ  СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен)

өндірілетін отандық тауарларға

импортталатын тауарларға

1

2

3

4

5

1.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлері (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

550 теңге/литр

600 теңге\литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

0,1 теңге/литр

0,1 теңге/литр

3.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

650 теңге/литр
100% спирт

750 теңге/литр
100% спирт

4.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын денатуратталған кез келген концентрациядағы этил спирті және спирттің басқа да түрлері

55 теңге/литр

60 теңге/литр

5.

2208-ден

80 процент немесе одан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

65 теңге/литр
100% спирт

75 теңге/литр
100% спирт

6.

2208

Алкоголь өнімдері (коньяктардан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа)

350 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

7.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден

325 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

8.

2208

Коньяк, бренди, отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған

160 теңге/литр
100% спирт

-

9.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шараптар

20 теңге/литр

75 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқасы)

100 теңге/литр

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

0 теңге/литр

75 теңге/литр

12.

220300

Сыра

25 теңге/литр

50 теңге/литр

13.

2203 00-ден

Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра

0 теңге/литр

0 теңге/литр

      5) 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:     

Р/с
N

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен)

өндірілетін отандық тауарларға

импортталатын тауарларға

1

2

3

4

5

1.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және кез келген коцентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлері (алкоголь өнімдерін емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

500 теңге/литр

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

0,1 теңге/литр

0,1 теңге/литр

3.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа)

650 теңге/литр
100% спирт

750 теңге/литр
100% спирт

4.

2207-ден

80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын денатуратталған кез келген концентрациядағы этил спирті және спирттің басқа да түрлері

55 теңге/литр

60 теңге/литр

5.

2208-ден

80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

65 теңге/литр
100% спирт

75 теңге/литр
100% спирт

6.

2208

Алкоголь өнімдері (коньяктардан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа)

400 теңге/литр
100% спирт

650 теңге/литр
100% спирт

7.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқасы)

325 теңге/литр
100% спирт

800 теңге/литр
100% спирт

8.

2208

Коньяк, бренди, отандық өндірістен коньяк спиртінен жасалған

160 теңге/литр
100% спирт

-

9.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

20 теңге/литр

75 теңге/литр

10

2204, 2205, 2206 00

Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқасы)

100 теңге/литр

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00

Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

0 теңге/литр

75 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра

25 теңге/литр

50 теңге/литр

13.

2203 00-ден

Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра

0 теңге/литр

0 теңге/литр

      Ескерту. Тауар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.

       22-бап . Тоқтатыла тұру кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктерін осы бапқа сәйкес айқындай отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 65-бабының қолданылуы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
      1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мына санаттарының әрқайсысы үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшаларымен бірге корпоративтік табыс салығы бойынша:
      1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары;
      2) коммерциялық емес ұйымдар;
      3) әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
      4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
      5) осы тармақта көрсетілмеген, декларация толтыру және тапсыру жөніндегі міндет белгіленген өзге де корпоративтік табыс салығын төлеушілер үшін декларацияның нысандарын бекітеді.
      2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация жылдық жиынтық табысқа енгізілген кірістерді, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетулерін, салық салынатын табысты (шығынды), салық салынатын табыс азайтылатын кірістер мен шығыстарды, ауыстырылатын шығындарды, салық кезеңіне есептелген салық сомасын және салық кезеңіне есептелген салықтың сомасын азайтатын салық сомаларын корпоративтік табыс салығын төлеушілердің декларациялауына арналған.
      Корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық қызметі органдары пайдаланатын салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай ақпаратты:
      1) құн өсімінен түсетін кірістер (залалдар) жөніндегі;
      2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша міндеттемелер мен талаптарды есептен шығару бойынша, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бөлігінде, түсетін кірістер мен шығыстар жөніндегі;
      3) сыйақылар бойынша кірістер мен шығыстар жөніндегі. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бөлігінде белгіленуі мүмкін;
      4) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бөлігінде белгіленуі мүмкін;
      5) свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары жөніндегі кірістер (залалдар) бойынша. Осы қосымшаның нысаны контрагенттер бөлігінде белгіленуі мүмкін;
      6) резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;
      7) инвестициялық салықтық преференциялар жөніндегі;
      8) салық салынатын табысты азайтатын кірістер мен шығыстар жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, демеушілік көмекті алушылар бөлігінде белгіленуі мүмкін;
      9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге арналған шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөніндегі;
      10) шетел көздерінен алынған кірістер жөніндегі, оның ішінде салық салу жеңілдігі бар елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар алған пайда сомалары немесе пайда сомасының бір бөлігі жөніндегі, сондай-ақ төленген шетел салығы мен оны есепке жатқызу сомасы жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны олардан осындай кірістер алынған тұлғалар бөлігінде белгіленуі мүмкін;
      11) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемелерін есептеу жөніндегі;
      12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын кірістер жөніндегі;
      13) кірістер мен шығыстар туралы есепті корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен салыстыра тексеруді;
      14) своптар жөніндегі кірістер (залалдар) бойынша. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бөлігінде белгіленуі мүмкін;
      15) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен, салық міндеттемесімен байланысты объектілер туралы мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшылары және (немесе) сенімгерлік басқарудан туындаған өзге де жағдайларда пайда алушылардың бөлігінде;
      16) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан резиденттің тұрақты мекемелерінің шегерімдеріне жатқызылатын резиденттің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары бойынша қамтуы мүмкін.
      3. Салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар нысандары мынадай ақпаратты:
      1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін:
      Кен орындарын өндірудің зардаптарын жою қорына аударымдар жөніндегі;
      таза табысты бөлу және әрбір құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға жіберілген таза табыс жөніндегі;
      салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың әрқайсысы бойынша жеке-жеке корпоративтік табыс салығын есептеу жөніндегі;
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 308-бабында көзделген салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша салық сомасын есептеу ерекшеліктері жөніндегі;
      табиғи ресурстарды геологиялық зерттеу, барлау және дайындау жұмыстары бойынша шығыстар және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары жөніндегі;
      2) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ осындай операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктері шегінде лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшін:
      тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету түрлері бөлінісінде тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар жөніндегі;
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 106-бабына сәйкес жасалған провизиялардың (резервтердің) көлемін азайтудан түсетін табыстар және шегерімге құқығы бар тұлғалар үшін провизиялар (резервтер) жасау бойынша шығыстары жөніндегі;
      жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру жарналары жөніндегі;
      3) коммерциялық емес ұйымдар үшін:
      өтеусіз алынған (берілген) мүліктер бойынша кірістері мен шығыстары жөніндегі, кіру жарналары жөніндегі, мүшелік жарналар жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз мүлік берген және алған немесе кіру жарналарын, мүшелік жарналарды енгізген және алған тұлғалар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;
      коммерциялық емес ұйымды ұстауға арналған шығыстар жөніндегі;
      іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.
      4. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшаның нысандары мынадай:
      1) сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін кірістер жөніндегі;
      2) өзге де қызметтен түсетін кірістер жөніндегі;
      3) туынды қаржы құралдары бар кірістер (залалдар) жөніндегі;
      4) шетел көздерінен алынған кірістер жөніндегі, оның ішінде салық салу жеңілдігі бар елдерден алынған кірістер жөніндегі, сондай-ақ төленген шетел салығы мен оны есептеу сомасы жөніндегі. Бұл қосымша олардан осындай кірістер алынған тұлғалар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;
      5) резиденттер болып табылмайтын тұлғаларға төленетін, Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістер жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.
      5. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығының сомалары есеп айырысудың мынадай нысандарын бекітеді:
      1) декларация тапсыруға дейінгі кезеңге төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасынан есеп айырысуы;
      2) декларация тапсырғаннан кейінгі кезеңге төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасынан есеп айырысуы;
      3) төлем көзінен, резиденттің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасынан есеп айырысуы;
      4) төлем көзінен, резидент еместің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасынан есеп айырысуы;
      5) корпоративтік табыс салығы сомасынан есеп айырысуы.
      6. Осы баптың 5-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген есеп айырысу ағымдағы салық кезеңіне корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу үшін арналған және оларды осы Кодексте өздеріне корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу және төлеу жөнінде міндеттеме белгіленген салық төлеушілер тапсырады.
      7. Осы баптың 5-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген есеп айырысуларды салық агенттері салық бақылауының мақсаттары үшін пайдаланылатын салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпаратты көрсету үшін табыс етеді.
      Төлем көзінен, резиденттің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасының есеп айырысуына қосымшаның нысанында табыстарды алушылар бөлігінде мынадай:
      1) төленетін табыс сомасы туралы;
      2) төленген табыс сомасы туралы;
      3) корпоративтік табыс салығының ставкасы туралы;
      4) төлем көзінен ұсталған салық сомасы туралы;
      5) іс жүзінде төленген салық сомасы туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      Төлем көзінен, резидент еместің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасының есеп айырысуына қосымша нысанында табыстарды алушылар бөлігінде мынадай:
      1) салық төлеуші туралы жалпы сәйкестендіру деректері;
      2) салық салу объектілері туралы, оның ішінде халықаралық шартқа (келісімге) сәйкес салық салудан босатылған объектілер туралы;
      3) салық ставкасы туралы;
      4) халықаралық шарттарды (келісімдерді) қолдану туралы;
      5) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру кезеңі туралы;
      6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа (келісімге) сәйкес есептелген салық сомасы туралы ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген есеп-қисапты:
      жинақтық емес сақтандыру, қайта сақтандыру;
      аннуитеттік сақтандыруды қоспағанда, жинақтық сақтандыру, қайта сақтандыру;
      аннуитеттік сақтандыру;
      аффилиирлендірілген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру;
      өзара сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары түрінде кірістер жөніндегі ақпаратты көрсету үшін сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары табыс етеді.

       23-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде салық салудың осы бапта белгіленген тәртібі қолданылады деп белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 83-бабының , 85-бабы 1-тармағы 7) тармақшасының, 90-бабы 3-тармағының, 106-бабы 2-тармағының,  109-бабы 3-тармағының қолданылуы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін олардың сақтандыру, қайта сақтандыру қызметтерін жүзеге асыруы бөлігінде 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
      1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының өздерінің сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру бөлігінде салық салынатын табысы мынадай тәртіппен айқындалады:
      сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан, қайта сақтанушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақылары,
      қосу
      сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша алынуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылары,
      алу
      сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бұзылған кезде қайтарылған сақтандыру сыйлықақылары,
      алу
      қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйлықақылары,
      алу
      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті жарналар.
      2. Сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінің мынадай кіріс түрлері:
      1) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі сақтандыру төлемдері мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесі;
      2) инвестициялық кірістер;
      3) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының активтерін депозиттерге, бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағамдық айырма бойынша кірістер;
      4) сақтандыру, қайта сақтандыру шартымен байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектерді қайта бағалау бойынша бағамдық айырма;
      5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша үшінші тұлғалардан суброгация (регресс) тәртібімен қойылатын талаптар бойынша кірістер;
      6) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жүзеге асыратын мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының өтемақы төлемдері;
      7) эмитенттің өзі шығарған акцияларын орналастырудан алған ақшаларының сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының салық салу объектілері болып табылмайды.
      3. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының өзге қызметтен алған салық салынатын табыстары осы тармақ ережелері ескеріле отырып "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 83-бабында белгіленген тәртіппен айқындалады.
      Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын бұзған кезде қайтарылған сақтандыру сыйлықақыларын, сондай-ақ қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шығыстардың жалпы сомасындағы өзге қызметтен алынған шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының жалпы кірістер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кірістерінің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен айқындалады.
      4. Сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметін қоса алғанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын кірістері мен шығыстары бойынша және өзге қызметтен алынатын кірістері мен шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
      5. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша корпоративтік табыс салығын мынадай ставкалар бойынша:
      1) жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша - аффилиирленген тұлғалардың сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін қоспағанда, жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 4 процентін;
      2) аннуитеттік сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша - аннуитеттік сақтандыру, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 2 процентін;
      3) аннуитеттік сақтандыру бойынша - аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру қызметін қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 1 процентін;
      4) аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша — аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 8 процентін;
      5) өзара сақтандыру бойынша - өзара сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 1 процентін төлейді.
      Осы тармақтың мақсаты үшін Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын аффилиирленген тұлға аффилиирленген тұлға болып танылады.
      6. Осы баптың 3-тармағында аталған сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын (алған) кірістерге мынадай ставкалар бойынша корпоративтік табыс салығын салуға жатады:
      1) 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 20 процент;
      2) 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 17,5 процент;
      3) 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 15 процент.
      7. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен алынатын кірістері бойынша орналасқан жеріндегі салық органына есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей бір айға есептеп шығарылған корпоративтік табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп айырысуын табыс етеді.
      8. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының қызметінен түсетін салық салынатын кірістері бойынша корпоративтік табыс салығын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін төлейді.
      9. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары орналасқан жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей барлық табыстар жөнінде декларация табыс етуге міндетті.
      10. Корпоративтік табыс салығын төлеу декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.
      11. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде есептеп шығарылған корпоративтік табыс салығының есебіне жатқызылмайды.
      12. Осы баптың мақсатында, сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының қызметі өзге қызмет болып табылады.

       24-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 249-бабының 2) тармақшасын қоспағанда, 2-тармағы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгіленсін.

       25-бап. Осы бапқа сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қалыптасқан қосылған құн салығының есептен шығарылған сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуі бойынша бюджетпен өзара қатынастар тәртібі белгіленсін.
      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, есепті салық кезеңінің соңындағы өсу (бұдан әрі — қосылған құн салығының асып түсуі) қорытындысымен декларация бойынша қалыптасқан есептен шығарылған салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің есебіне жазылады.
      2. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу айналымдары бойынша осы баптың 1-тармағында аталған асып кету сомасы сонымен бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде осы бапта белгіленген тәртіппен қосымша құн салығын төлеушіге қайтарылады:
      қосылған құн салығын төлеуші нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар сатуды, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты жүзеге асырады;
      қосылған құн салығының асып түсуін қайтарып алу туралы салық өтініші берілген салық кезеңі үшін нөлдік ставка бойынша салық салынған, онда нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған, өткізу жөніндегі айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемінде 70 проценті болса, қосылған құн салығы төлеушіге қайтарылады.
     3.  Осы баптың 2-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткені қосылған құн салығын төлеушіге оның өткен салық кезеңдері үшін қосылған құн салығын төлеу бойынша салықтық міндеттемелерін есепке ала отырып, нөлдік ставка бойынша салық салынатын, өткізілетін айналымның мақсаттары үшін пайдаланылған, өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлігінде қайтарылады.
      4. Осы баптың 2-тармағының екінші абзацында көзделген, тұрақты өткізілетін, нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтерге жатқызу критерийлерін және осы баптың 3-тармағына сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының асып түскен сомасын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      5. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының асып түскен сомасын айқындау кезінде қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына валюталық түсім түсірген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.
      Қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайларында, сыртқы сауда тауар айырбасы (бартерлік) операциялар бойынша шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған тауарларды қосылған құн салығын төлеушіге сатып алушы жеткізген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.
      Валюталық түсімнің түскені туралы салық қызметі органдарына қорытындылар табыс етуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.
      Осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары салықтық тексеру басталған күнгі валюта түсімдері туралы тиісті сауал жібереді.
      6. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен нысанда және тәртіппен ұсынылған Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады.
      7. Егер нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу айналымдары бар қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы салық органына салық өтінішін жасамаса, онда мұндай асып кету сомасы қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жазылады.
      8. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу айналымы бойынша қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын төлеуші табыс еткен қосылған құн салығын қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы салық өтінішін салық органы алған күннен бастап, алпыс жұмыс күні ішінде және мыналардың:
      1) қосылған құн салығы бойынша декларация;
      2) нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу айналымдарын растауға қажетті құжаттар;
      3) салық органы жүргізген салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының шынайылығын растау не осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайда, салықтық тексеру актісіне салық органының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
      Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығы сомасын қайтару тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      9. Салықтық тексеру жүргізу барысында салық органы тексерілетін салық төлеушінің тікелей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілеріне қарсы тексеруді тағайындай алады. Егер тексерілетін салық төлеушінің тікелей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілері басқа салық органында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрса, тексеруді тағайындаған салық органы тиісті салық органына осындай өнім берушіге қарсы тексеру жүргізу туралы сұрату жібереді.
      10. Өнім берушімен өзара есеп айырысудың дұрыстығын растау үшін қарсы тексеру жүргізу туралы сұратуға жауап алынбаса және (немесе) егер тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұдан бұрын жіберілген сұрату салу бойынша қарсы тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтарды жоймаған болса, және мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша қосымша құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы бұрын жіберілген сұрату салуға уәкілетті орган алған жауаптар негізінде салықтық тексеру аяқталған күнгі сома шегінде қосылған құнға салынған салық қайтарылмайды.
      Бұл ретте салықтық тексеру актісінде осындай қосылған құн салығының қайтарылмауының негіздемесі көрсетіледі.
      11. Мынадай жағдайларда:
      1) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін келіп түскен тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілеріне қарсы тексеру жүргізуге салынған сұратуға жауаптар алынған кезде;
      2) салық төлеушінің өнім берушісі бұрын жіберілген сауал сұрату бойынша қарсы тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтарды жойған кезде қосылған құн салығының сомасын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысанда салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде жүргізіледі.
      Салықтық тексеру актісіне қорытынды кемінде екі дана мөлшерінде жасалады және оған салық қызметі органының лауазымды адамдары қол қояды. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, бұл туралы салық төлеуші басқа данада белгі соғуға міндетті.
      Салықтық тексеру аяқталғаннан кейін жауаптар келіп түскен жағдайда, салық органы тоқсанның соңғы айының жиырмасыншы күнінен ерте емес және тоқсанның соңғы айының жиырма бесінші күннен кешіктірілмей салықтық тексеру актісінің қорытындысын жасайды.
      Бұл ретте осы қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырмасыншы күніндегі жағдай бойынша қарсы тексерулер өткізуге арналған сауалдарға жауаптар нәтижесі бойынша жасалады.
      12. Оған қатысты салықтық тексеру жүргізіліп жатқан қосылған құн салығын төлеушісінің мынадай өнім берушілері:
      1) электр және жылу энергиясын, суды, газды жеткізуді, байланыс қызметін көрсетуді жүзеге асырушылар;
      2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тауар беруді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асырған және қызметтерін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместер қарсы тексеруге жатпайды.
      13. Қосылған құн салығы сомасын қайтаруды талап еткен салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушісі — мониторингке жататын ірі салық төлеуші арасындағы операциялар бойынша қосылған құн салығы сомасын қайтаруға талап етілген сомалардың шынайылығын растауды салықтық тексеруді тағайындаған салық органы осындай салық органы жіберген сұрату салуға уәкілетті орган берген жауаптың негізінде қосылған құн салығы сомасының шынайылығы туралы мәліметтер негізінде жүргізеді.
      Осы баптың 14-тармағында көзделген тәртіппен сұрау салуды жіберу туралы шешім қабылданған тікелей өнім берушісіне — мониторингке жататын ірі салық төлеушіге қатысты уәкілетті органға жіберіледі.
      Сұрау салуда тексерілетін салық төлеуші туралы, тікелей өнім беруші — мониторингке жататын ірі салық төлеуші туралы деректер, ол берген шот-фактураның нөмірі, күні, өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар сомалары, қосылған құн салығы сомасы, сондай-ақ тексерілетін кезеңі көрсетіледі.
      Уәкілетті орган қосылған құн салығы сомасының шынайылығы туралы, оның ішінде тексерілетін салық төлеушімен тікелей өнім беруші - мониторингке жататын ірі салық төлеуші жасаған тексерілетін кезеңдегі көрсетілмеген операциялар туралы мәліметтер береді. Қосылған құн салығы сомасының шынайылығын растау туралы мәліметтер уәкілетті органда бар мониторинг бойынша есептіліктің деректері негізінде беріледі.
      14. Өнім берушіге міндетті қарсы тексеру жүргізу және (немесе) ірі салық төлеушілер мониторингі бойынша есептілік негізінде қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы уәкілетті органға сұрату жіберу туралы шешім осындай өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша қосымша құн салығын төлеуші есепке жатқызған қосымша құн салығының сомасы қосымша құн салығын төлеуші барлық өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша өнім беруші қосымша құн салығына жатқызған барлық қосымша құн салығының 80 процентін құрағанда қосымша құн салығын төлеушінің тікелей өнім берушілеріне қатысты қабылданады.
      Бұл ретте, барлық өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының жалпы сомасынан импортталған тауарларға арналған қосылған құн салығы сомалары мен осы баптың 13-тармағында көрсетілген өнім берушілер жасаған шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының сомалары алып тасталады.
      Есепке жатқызылған қосылған құн салығының жалпы сомасынан 80 процентті айқындау үшін өнім берушілер берген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы сомасының азаюы тәртібінде қосылған құн салығын төлеуші өнім берушілерінің тізбесі жасалады.
      Осы тізбедегі шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының жалпы сомасы есепке жатқызылған барлық қосылған құн салығының 80 процентін құрайтын алғашқы өнім берушілер қосылған құн салығын төлеушімен барлық өзара есеп айырысулар бойынша міндетті түрде қарсы тексеруге жатады.
      15. Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару:
      1) мыналарға:
      шағын бизнес субъектілеріне;
      шаруа немесе фермер қожалықтарына;
      ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысатын;
      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 267-бабының ережелерін қолданатын;
      3) нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және ол бойынша салық өтініші берілген өткізу айналымдары жасалған салық кезеңінен кейін он екі ай өткен соң қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы өтініш берген қосылған құн салығын төлеушіге қатысты жүргізілмейді.
      16. Салықтық тексеру актісі және салықтық тексеру актісіне қорытынды бойынша қайтарылуға тиісті қосылған құн салығының асып кеткен жалпы сомасы қосымша құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы салық өтінішінде көрсетілген сомадан аспауы тиіс.

       26-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференциялары Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданыс мерзімі өткенге дейін сақталатыны белгіленсін.

       27-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 274-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізу күні деп, сондай-ақ республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған тізбесіне енгізу күні түсінілетіні белгіленсін.

       28-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 623-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін 2009-2010 жылдары мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 99-бабына сәйкес түзетулерді ескерусіз 2007 жылдың деректері бойынша неғұрлым көп жылдық жиынтық табысы бар үш жүз ірі салық төлеуші енгізіледі.
      Аталған тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей бекітеді.

       29-бап. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған, патент, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің қызметі тоқтатылуына байланысты өтініші бойынша салықтық тексерулер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

       30-бап. Резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін қосылған  құн салығы бойынша салық міндеттемелерін дұрыс орындауы мәселесі бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған салықтық тексеру "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде аяқталуға тиіс деп белгіленсін.

       31-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның құралған кезінен бастап бес жылдан астам әрекетсіз салық төлеушінің жеке шоты есебіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары оның салықтық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:
      1) бюджетке артық төленген салық сомасы:
      салықтың осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу есебіне;
      салықтың басқа түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
      2) бюджетке артық төленген басқа да міндетті төлемнің сомасы:
      бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
      салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің түрлері бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
      3) бюджетке артық төленген өсімпұлдың сомасы:
      салықтың осы түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша бересілер мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
      салықтардың басқа түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне есепке алуға жатады деп белгіленсін.
      Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдардың артық төленген сомасы есепке алу жүргізілгеннен кейін соттың шешімі бойынша есептен шығарылады.
      2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша оның құралған күнінен бастап әрекетсіз салық төлеушінің жеке шотында бес жылдан аса уақыт бойы есепте болған, есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есептен шығарылған салық сомасынан артығы соттың шешімімен есептен шығаруға жатқызылады.
      Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, әрекетсіз салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке алудың салық органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуінің, осы бапта көрсетілген сомаларды есептен шығарудың мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.

       32-бап. Кәсіпкерлік, адвокаттық, нотариаттық қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғаны қоспағанда, салық төлеушінің жеке шотындағы есепте бар және 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төленбеген айыппұлдың сомасы салық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген ескіру мерзімінің өтуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органы шешімінің негізінде есептен шығаруға жатқызылады.

       33-бап. 2008 жылы қолданылу мерзімі 2009 жылы бітетін патент алған дара кәсіпкерлер 2009 жылдың келесі айларына патент алу үшін патент есебін ұсынған кезде 2009 жылдың алдыңғы айларында алған табыс сомасын көрсететін болып белгіленсін. Бұл сома 2009 жыл ішіндегі табысты есептеген кезде ескеріледі.

       34-бап. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) бүкіл мәтіні бойынша сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша есепке алынғаны туралы куәлік те қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік болып табылады деп белгіленсін.

       35-бап. 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде қосылған құн салығы бойынша артып кеткен сомасын осы Заңның және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) нормаларын ескере отырып қайтару тәртібін уәкілетті орган айқындайды деп белгіленсін.

       36-бап. Осы бапқа сәйкес 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану тәртібі белгіленсін.
      1. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін:
      1) қызметі дүркін-дүркін сипатта болып, қызметтің мынадай түрлерін:
      газеттер мен журналдар, тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдарын, саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді, қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін, жануарлар мен құстардың жемдерін, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сатуды (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда);
      жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметін;
      үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
      2) базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолданады.
      Бұл ереже жоғарыда аталған салық төлеушілерге олардың жалпы белгіленген тәртіпті не арнаулы салық режимін пайдалануына қарамастан қолданылады.
      2. Салық агенттерімен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, күнтізбелік жылда бәрін қосқанда тоқсан күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылатын қызмет дүркін-дүркін сипатындағы кәсіпкерлік қызмет деп түсініледі.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғалар дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады.
      4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғалар күнтізбелік жылда тоқсан күннен асатын мерзімде қызметін жүзеге асырған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркелуге жатады.
      5. Біржолғы талон арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат болып табылады.
      6. Біржолғы талондардың құны табыс алынатын объектінің орналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық байқау мен зерттеу деректері негізінде жергілікті өкілді органдардың шешімімен белгіленеді.
      7. Біржолғы талондарды жергілікті атқарушы органдар айқындаған органдар қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін береді.
      Салық төлеушінің қалауы бойынша біржолғы талон бір күнге немесе неғұрлым ұзақ мерзімге, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге беріледі.
      Біржолғы талонды бір күннен асатын мерзімге берген жағдайда, оның бағасы жергілікті өкілді органдардың шешімімен белгіленген бағаны біржолғы талонның қолданылатын күнінің санына көбейту жолымен айқындалады.
      Біржолғы талондар беру:
      "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін - салық төлеушінің куәлігін;
      "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін сәйкестендіру нөмірі бар құжатты көрсеткенде жүргізіледі.
      Біржолғы талонның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін қызмет тоқтатылған жағдайда, қызмет уақытша тоқтатыла тұрған немесе оны жүзеге асыру шарттары өзгерген жағдайларда біржолғы талон құнының төленген сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды.
      Біржолғы талон біржолғы талонда көрсетілген қызметті жүзеге асыру орны бойынша жарамды.
      Біржолғы талонның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      8. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүргізеді.
      9. Арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салық төлеушілер кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпы белгіленген тәртіппен немесе біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша қызметтің көрсетілген түрлері бойынша салықты есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.
      Егер осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жалпы белгіленген тәртіппен не ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимімен көзделген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда нарықта тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызмет көрсетуден түскен кірістер мен шығыстар салық салынатын кірісті айқындаған кезде есепке алынады.
      Егер осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимімен көзделген тәртіппен бюджеттен есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда нарықта тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызмет көрсетуден түскен кірістер кірісті айқындаған кезде есепке алынады.
      Көрсетілген жағдайларда жеке немесе корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы біржолғы талон бойынша төленген жеке табыс салығының сомасынан төмен болмауы тиіс.
      10. Базарларда жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың қызметкерлері тауарлар өткізген, жұмыстар орындаған, қызмет көрсеткен жағдайда, біржолғы талон дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға беріледі.
      Көрсетілген жағдайда қызметкер біржолғы талонды алу үшін:
      "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін - дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
      "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткеннен кейін дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесін қоса беріп, біржолғы талонды алу құқығына нотариаттық куәландырылған сенімхатты ұсынуы тиіс.
      Базарда сатуды күнтізбелік жылдың тоқсан күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асыратын жеке тұлғалар осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет жөнінде жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынбайды.
      Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер, егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясын ұсынбайды.
      11. Біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органдар:
      1) біржолғы талондар түбіртектерінің толтырылуының толықтығын, дұрыстығын және сақталуын;
      2) біржолғы талондарды беруден түскен сомалардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бюджетке есепке жатқызылуын;
      3) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша журналда біржолғы талондарды беру есебінің жүргізілуін;
      4) есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ай сайын салық органына:
      кәсіпкерлік қызметі жылына 90 күннен асатын жеке тұлғалар туралы;
      біржолғы талондардың пайдаланылған және бүлінген бланкілері туралы;
      қалған біржолғы талондар туралы;
      біржолғы талондарды беруден бюджетке аударылған сомалар туралы;
      жеке тұлғалар отыз күнге сатып алған талондар мерзімінің біткен күні туралы мәліметтер беріп отыруды;
      5) біржолғы талондардың түбіртектерін, бүлінген және пайдаланылмаған біржолғы талондарды есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей салық органына тапсыруды қамтамасыз етеді.
      12. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер сатып алушының талабы бойынша берілген және тауарлар өткізгені, жұмыстар орындағаны, қызмет көрсеткені фактісін растайтын құжатта базардың атауын, біржолғы талонның сериясы мен нөмірін, берілген күнін көрсетуге міндетті.

       37-бап. Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және осы Заңның 36-бабының 4-тармағына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға қатысты 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 43-бабының ережелері қолданылады деп белгіленсін.

       38-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 7-тарауының ережелері салық салу жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын дара кәсіпкерлерден басқа, осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғаларға қолданылмайды деп белгіленсін.

       39-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 114-бабының мақсаттары үшін салық салынатын табыс осындай шығыстарды шегергеннен кейін нөлден жоғары болған жағдайда, біржолғы талон сатып алу шығыстары 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатады деп белгіленсін.

       40-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 137-бабының мақсаттары үшін, егер осы салық кезеңі ішінде салық төлеуші біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда, салық төлеушінің салық кезеңінде шеккен зияны 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін келесі салық кезеңіне ауыстырылмайды деп белгіленсін.

       41-бап. Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолдана отырып, жеке тұлғаның қызметін жүзеге асыруымен байланысты төлемдер 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге төлем көзінен жеке табыс салығы ұсталатын салық агентінен түсетін жеке тұлғаның табысына жатпайды деп белгіленсін.

       42-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 272-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары және 4-тармағы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

       43-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 332-бабының 5-тармағы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

       44-бап. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды растаудың тәртібі белгіленсін.
      1. 2009 жылғы 30 маусымды қоса алғанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылғанын растау үшін орналасқан жері бойынша салық органына 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейін мынадай құжаттарды:
      1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін;
      2) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті;
      3) салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті. Құжат көшірмесінің нотариаттық куәландырылған күні мен салық органына табыс етілген күні арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауы тиіс. Мыналар:
      азаматтарды тіркеу кітабы;
      жылжымайтын мүлікті жалдау (сатып алу-сату) шарты;
      жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге де құжат дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
      2. Салық органы қосылған құн салығын төлеуші өтініш берген күннен бастап бір ай ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды растау немесе растаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қосылған құн салығын төлеушіде салықтық өтініш беру күніне төмендегі жағдайлардың бірі немесе бірнешеуі болған:
      1) салық есептілігін беру жөніндегі орындалмаған салық міндеттемесі болған;
      2) заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы немесе дара кәсіпкер:
      әрекетсіз дара кәсіпкер;
      әрекетсіз заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы;
      іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен;
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192 , 216 , 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;
      іздеу салынған адам болып табылған ретте, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылуын растаудан бас тарту туралы шешім қабылданады.
      3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны расталған жағдайда салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті беруді жүргізеді.
      Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды растаудан бас тарту туралы шешімді салық органы уәкілетті орган белгілеген нысанда береді.
      4. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылғанын растау үшін 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейін салық органдарына өтініш жасамаған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығын төлеуші болуын тоқтатады.
      Олар жөнінде салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды растаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар салық органы шешім қабылдаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші болуын тоқтатады.
      2009 жылғы 30 маусымды қоса алғанда берілген, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қосылған құн салығы бойынша есепке кою туралы куәлігін қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап жарамсыз деп танылады.
      5. 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған деп танылады. Бұл ретте оларға 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған міндеттемелер жөніндегі қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттемелер қолданылады.
      Резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап жарамсыз деп танылады.
      Резидент заңды тұлғаның қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын құрылымдық бөлімшесі жеке шотының 2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қалыптасқан сальдосы, қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның жеке шотына жіберілуге жатады.

       45-бап. Салық төлеушілерді мәжбүрлеп таратудың мынадай тәртібі белгіленсін:
      1) осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейінгі соңғы бес жыл бойы салық есебін табыс етпеген және 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері мәжбүрлеп таратуға және Мемлекеттік тіркелімнен алып тастауға, әділет органдарында есептік тіркеуден шығаруға және салық органдарында тіркеу есебінен шығаруға жатады;
      2) салық қызметі органдары осы Заң қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде мәжбүрлеп таратылуға тиіс салық төлеушілердің тізімін мынадай мәліметтерді:
      салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе толық атауын;
      басшының тегі, аты, әкесінің атын (болған жағдайда);
      салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
      кредиторлардың немесе салық төлеушінің мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (талап-арыздарын) қабылдау орнының мекен-жайын көрсете отырып, мемлекеттік тілде және орыс тілінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
      3) кредиторлардың немесе салық төлеушінің мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштері (талаптары) қойылатын талаптардың заңдылығын растайтын құжаттармен қоса, мәжбүрлеп таратылуға тиіс салық төлеушілердің тізімдері жарияланған күннен бастап екі ай ішінде қабылданады;
      4) уәкілетті орган осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің тізімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды көрсетілген салық төлеушілердің банк шоттарының болуы мәнінде салыстыру жүргізу және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейінгі соңғы бес жыл ішінде банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы банк шоттарында ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлімет алу үшін банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жібереді;
      5) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың 4) тармақшасында көрсетілген тізімдерді алған күннен бастап екі ай мерзімде уәкілетті органға осы бапқа сәйкес мәжбүрлеп таратылуға тиіс салық төлеушілердің банк шоттарының болуы (болмауы) туралы және банк шоттарындағы ақшаның қалдығы мен оның қозғалысы туралы ақпарат береді;
      6) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейінгі соңғы бес жыл ішінде банк шоттары болмаған және (немесе) жабық банк шоттары бойынша ақшаның қозғалысы болмаған жағдайда салық органдары осы банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтері бойынша бір ай мерзімде:
      әділет органдарына Мемлекеттік тізілімнен алып тастау және есептік тіркеуден шығару үшін мәжбүрлеп таратылуға тиіс заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің тізімін жібереді;
      мәжбүрлеп таратылуға тиіс дара кәсіпкерлерді тіркеу есебінен шығарады;
      7) әділет органдары осы баптың 6) тармақшасында көрсетілген тізімдерді алған кезден бастап бір ай мерзімде:
      мәжбүрлеп таратылуға тиіс заңды тұлғаларды Мемлекеттік тізілімнен шығарады, олардың құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін есептік тіркеуден шығарады;
      салық қызметі органдарына оларды Мемлекеттік тіркелімнен шығару және есептік тіркеуден шығару туралы мәліметтерді жібереді;
      8) салық органдары әділет органдарынан заңды тұлғаларды Мемлекеттік тіркелімнен шығару, олардың құрылымдық бөлімшелерін, резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін есептік тіркеуден шығару, сондай-ақ салық органдарында дара кәсіпкерлерді тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді алғаннан кейін аталған салық төлеушілердің жеке шоттарын жабуды жүргізеді.
      Осы бапта белгіленген мәжбүрлеп таратудың тәртібі:
      өздеріне қатысты салық органдарына кредит берушілер немесе осы баптың 3) тармақшасына сәйкес өзге де тұлғалар талап-арыз берген;
      осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейінгі соңғы бес жыл ішінде банк шоттарында ақша қалдығы және (немесе) олардың қозғалысы бар;
      осы баптың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келмейтін салық төлеушілерге қолданылмайды.

       46-бап. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін:
      1) салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерек қорына енгізу салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру және нысанын уәкілетті орган белгілейтін, қатаң есептілік бланкісі болып табылатын салық төлеушінің куәлігі беріле отырып жүргізіледі;
      2) жеке тұлғаға салық төлеушінің тіркеу нөмірін беруді салық органы мынадай құжаттардың:
      жеке тұлғаның немесе кәмелетке толмаған жеке тұлғаның ата-анасының (заңды өкілінің) салықтық өтініші;
      түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде жүзеге асырады;
      3) таратылатын заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық органына салық төлеушінің куәлігі немесе ол жоғалған немесе бүлінген жағдайда қағаз жеткізгіште түсіндірме табыс етіледі деп белгіленсін.

       47-бап. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін:
      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 561 , 563 , 564 , 580-баптарын , 562-бабының 8, 9-тармақтарын және 581-бабының 3) тармақшасын қоспағанда, бүкіл мәтіні бойынша "сәйкестендіру нөмірі", "сәйкестендіру нөмірлері", "сәйкестендіру нөмірімен", "сәйкестендіру нөмірлерімен" деген сөздер "салық төлеушінің тіркеу нөмірі", "салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері", "салық төлеушінің тіркеу нөмірімен", "салық төлеушілердің тіркеу нөмірлерімен" деген сөздер болып саналсын;
      2) тоқтата тұру кезеңінде банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың төлем құжаттарын қабылдау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірінің құрылымына (қалыптастыру алгоритміне) және уәкілетті органның деректеріне сәйкес салық төлеушінің тіркеу нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті екені белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 581-бабының 3) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрсын.

       48-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) мынадай:
      1) 2009 жылғы 1 шілдеге дейін 273-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының 274-бапта көзделген және (немесе) нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымды жүзеге асырмайтын, қосылған құн салығынан артық төленгенді қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданбайтын салық төлеушілер үшін;
      2) "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін 562-баптың 8-12-тармақтарының;
      3) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін:
      2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жоятын 274-баптың 2-тармағының 2) тармақшасының;
       274-баптың 2-тармағының 3) тармақшасының;
      4) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін:
       657-баптың 3), 5) және 7) тармақшаларының;
       659-баптың 4-тармағының;
       660-баптың ;
       662-баптың ;
       664-баптың ережелерінің қолданылуы тоқтатыла тұрсын.

       49-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізілген күнінен бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің:
      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат: N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N-8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж, N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат; N 18, 144-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 6-7, 25, 27-құжаттар; N 13-14, 58-құжат; N 15-16, 64-құжат), оған мыналарды:
      2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылатын 21-баптың 4-тармағын;
      2010 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 39-баптың 4-тармағын:
      "4. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:
      1) бересіні, өсімпұлдарды және салықтың басқа да түрлері бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;
      2) салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылуға тиіс.";
      2010 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 40-баптың 2-1-тармағын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомасын қайтару бюджетке кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың артық төленген сомасының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төленген жері бойынша жүргізіледі.";
      2002 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 85-бапты :

      "85-бап. Банктер құраған провизиялар (резервтер) көлемінің
               төмендеуінен түскен кірістер

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құраған провизиялар (резервтер) көлемінің төмендеуінен түскен кірістер деп мыналар танылады:
      1) борышкер атқару сомасына барабар мөлшерде талапты орындаған кезде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
      2) басқаға қайта табыстау туралы шарттың, новация шартының негізінде цессия шартын жасау және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде борышкерге қойылған талаптар көлемін азайту кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
      3) талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) азайтылған сомалары.
      2. Есептен шығарылған сенімсіз актив бойынша борышкердің шартты міндеттемесіне қойылатын талаптың азайтылған көлемінде банктің немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бұрын шегерімге жатқызылған құраған провизияларының (резервтерінің) сомалары кіріс болып танылмайды.";
      2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 225-баптың 17) тармақшасын;
      2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 226-баптың 2-тармағын;
      2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 228-баптың 2-тармағын:
      "2. Мынадай шарттар сақталған жағдайда:
      1) осындай беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келсе;
      2) лизинг алушы мүлікті негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестиция биологиялық актив ретінде сатып алса;
      3) берілетін мүлік "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса, мүлікті қаржы лизингіне беру қосылған құн салығынан босатылады.";
      Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 230-1-бапты ;
      Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 234-баптың 1-тармағының 13) тармақшасын;
      2012 жылдың 1 қаңтарына дейін мынадай редакцияда қолданылатын 249-бапты :

      "249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу
                мерзімін өзгерту

      1. Салық органдары, егер:
      1) импортталатын тауарлар өнеркәсіптік өңдеуге арналған;
      2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылатын жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгертуді жүргізеді.
      2. Импортталатын тауарларды өндірістік өңдеу мақсатындағы тауарларға жатқызу тәртібі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
      3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.
      4. Қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту мына құжаттар:
      1) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
      2) тауарлар жеткізіліміне арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
      3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларды импортталатын тауарларға жатқызуды растау туралы кеден органының қорытындысы негізінде жасалады.
      Төлеу мерзімін өзгертуге құқығын растау үшін салық органдары қосылған құн салығын төлеушінің өндірістік қуаттарын және үй-жайларын тексеріп қарауға құқылы.
      5. Уәкілетті орган өнеркәсіптік өңдеу үшін импорттық тауарларды ұдайы алып тұратын қосылған құн салығын төлеушілерге қосылған құн салығын өзгертілген мерзімдер бойынша төлете отырып, тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асыруға күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын рұқсат береді.
      Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзімін кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өзгерте отырып, тауарларды кедендік ресімдеу үшін негіздеме болып табылады.
      Рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ оның өндірістік қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы туралы қосылған құн салығын төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының қорытындысы табыс етіледі.
      6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді қосылған құн салығын төлеушіден салықтық өтініші мен осы бапта белгіленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      7. Төлеу мерзімдері осы бапқа сәйкес өзгертілген салық сомаларын өтеуді салық органдары өткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдісімен үш айлық кезең ішінде жүргізеді.
      Көрсетілген үш айлық кезең аяқталғаннан кейінгі бірінші күннен бастап өтелмеген берешектің сомасына өсімпұл есептеледі.
      8. Тауарларды өнеркәсіптік өңдеусіз өткізген жағдайда, салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы белгіленген тәртіппен өсімпұл есепке жазыла отырып, салық салынатын айналым бойынша есептен шығарылған, қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
      Осы баптың ережелері жеңіл автомобильдерден басқа, акцизделетін тауарларды өндіру үшін импортталатын тауарларға қолданылмайды.";
      2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 250-бапты :

      "250-бап. Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға
                қосылған құн салығын төлеу

      1. Мынадай тауарлардың:
      1) жабдықтардың;
      2) ауыл шаруашылығы техникасының;
      3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамының;
      4) тікұшақтар мен ұшақтардың;
      5) темір жол локомотивтері мен вагондардың;
      6) теңіз кемелерінің;
      7) қосалқы бөлшектердің;
      8) пестицидтердің (улы химикаттардың);
      9) асыл тұқымды малдың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтардың импорты бойынша қосылған құн салығы осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.
      Аталған тауарлар тізбесін және оны түзудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының мұқтажын жаппайтын тауарлар енгізіледі.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелері қосылған құн салығын төлеушінің кейіннен өткізуге арналғандарын қоспағанда, мыналардан:
      1) мүлікті қаржы лизингіне беруден;
      2) бұрын импорт режимінде әкелінген тауарды кері экспорт режимінде қайтарудан басқа әкелінетін тауарларына қатысты қолданылады.
      3. Қосылған күн салығын төлеуші кеден органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың импорты бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын көрсету жөніндегі және көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалану туралы міндеттемені табыс етеді.
      Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысанда үш дана етіп толтырылады.
      Міндеттеме негізінде тауарларды еркін айналысқа шығару белгіленген тәртіппен кеден төлемдерін және акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді де төлеген жағдайда, қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
      4. Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есептемеге жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.
      5. Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді өткізуден басқа, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.
      Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу күнінен бастап талап қоюдың өткен мерзімінің ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде есімпұлдарды есепке жаза отырып, тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап төленуге тиіс.
      6. Тауарлардың импорты кезінде қосымша құн салығы есепке жатқызу жолымен төленген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.";
      2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 465-баптың 5-тармағын:
      "5. Декларация салық органына табыс етілгенге дейін рұқсат ету құжатын беретін органда куәландырылады.";
      2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 533-баптың 5-тармағының 3) тармақшасын;

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 169-құжат; N 15-16, 224-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат; N 6, 73-құжат; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 21-22, 160-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 16, 98-құжат), 5-3-бабын қоспағанда;

      3) "Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнімді болу жөніндегі келісімдер (келісім-шарттар) туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 13, 54-құжат) күші жойылды деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н.НАЗАРБАЕВ