Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 146 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 тамыздағы № 646 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2023 № 646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.04.2022 № 201 қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды әзірлеуді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекітуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп 2016 жылға дейін қолданыстағы барлық заттай нормаларға тексеру жүргізсін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қосымша заттай нормаларды әзірлеу қажеттігі туралы ақпарат берсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 146 қаулысымен
бекітілген

Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.04.2022 № 201 қаулысымен.

      1. Осы Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды әзірлеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.04.2022 № 201 қаулысымен.

      2. Заттай нормалар қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштерін білдіреді.

2-тарау. Заттай нормаларды әзірлеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.04.2022 № 201 қаулысымен.

      3. Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлейді.

      4. Орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету, оларға жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалу қажеттілігін ескере отырып, материалдық және материалдық емес игіліктерге қажеттілікті сандық мәнде есептеуді:

      1) материалдық және материалдық емес игіліктерді тұтыну немесе пайдаланудың қажеттілігін, негізділігін және орындылығын талдау нәтижелері;

      2) ғылыми негізделген әдістер мен тәсілдерді ескере отырып, салалық ерекшеліктер негізінде жүзеге асырады.

      5. Айқындалған қажеттіліктер негізінде орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды әзірлейді.

      Заттай нормалар мынадай талаптарға сәйкес келуге:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына негізделуге;

      2) нақты және айқын болуға;

      3) әртүрлі түсіндіруді болдырмауға және оларды тәжірибеде еркін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

      4) олардың қолданылу саласын айқындауға;

      5) пайдаланушылар ортасын айқындауға тиіс.

      6. Заттай нормалар кесте түрінде әзірленеді.

      Заттай нормалардың ерекшеліктеріне қарай орталық мемлекеттік органдар онда:

      1) заттай норманың атауын;

      2) заттай норманың өлшем бірлігін;

      3) сандық мәндегі нормасын;

      4) қызмет ету (қолданылу) мерзімін;

      5) пайдаланылу мерзімін;

      6) запаста сақталу мерзімін;

      7) заттай нормалардың қолданылу саласын - заттай нормалар қандай қызмет саласында қолданылады, олар неге арналғаны;

      8) заттай нормалардың таралу саласын - заттай нормалар белгіленетін мемлекеттік органдардың, қажет болған кезде олардың құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелердің, лауазымды тұлғалардың атауын;

      9) заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамасын көрсетеді.

      Қажет болған кезде:

      1) заттай нормаларда пайдаланылған терминдер мен анықтамаларға нақтылау жүргізіледі;

      2) ескертпелерге сілтемелер жасалады.

      7. Әзірленген заттай нормалар:

      1) қаржыландыру көздері (ұсынылып отырған заттай нормаларды енгізуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды жүргізу ұсынылып отырған бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы) және қаржы шығындарының қажеттілігі көрсетілген анықтама;

      2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ұсынылып отырған заттай нормалардың қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат;

      3) ұсынылып отырған заттай нормаларды қабылдау қажеттілігінің негіздемесі, олардың орындылығын растау және оларға есептер қоса беріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге жіберіледі.

      8. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган заттай нормаларды алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде олардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарайды.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның заттай нормалар бойынша ескертулері болған кезде орталық мемлекеттік органдар оларды пысықтайды және оған қайта келісуге енгізеді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның заттай нормаларды қайта келісу мерзімі жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс және олардың осы мемлекеттік органға түскен күнінен бастап есептеледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.04.2022 № 201 қаулысымен.

      9. Заттай нормаларды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеушіге мынадай жауап нұсқаларының бірін ұсынады:

      1) заттай нормалар ескертулерсіз келісілді (актіде бірінші басшының не ол болмаған жағдайда оның міндетін орындаушының бұрыштамасы);

      2) заттай нормаларды келісуден бас тартылды (бірінші басшының орынбасары қол қойған уәжделген бас тартуды қоса бере отырып).

      10. Бекітілген заттай нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қолданыстағы заттай нормаларға ағымдағы қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.04.2022 № 201 қаулысымен.

  Заттай нормаларды әзірлеу
қағидаларына қосымша

Ұсынылып отырған заттай нормалардың қаржылық қамтамасыз етілуі
жөніндегі ақпарат

Р/с №

Заттай норманың атауы

Өлшем бірлігі

Ұсынылатын тиістілік нормасы

Бар-жоғы

Ұсынылып отырған тиістілік нормалары бойынша жалпы қажеттілік

оның ішінде

ағымдағы қаржы жылының 01.01. нақты болуы

сатып алу жылы

қызмет мерзімі (жыл)

Ағымдағы қаржы жылында есептен шығарылуы тиіс

Ағымдағы қаржы жылында сатып алу жоспарланған

Жоспарланып отырған жоспарлы кезеңнің 2-ші жылына сатып алу көзделген

Жоспарланып отырған жоспарлы кезеңнің 3-ші жылына сатып алу көзделген

Келесі жоспарлы кезеңде сатып алу жоспарланады

саны

құны (мың теңге)

саны (11-баған = (4-баған - ((5-баған - 8-баған) + 9-баған)

құны (мың теңге) (12-баған = 14-баған + 16-баған + 18-баған)

саны

құны (мың теңге)

саны

құны (мың теңге)

саны (17-баған = 11-баған- 13-баған - 15-баған)

Құны (мың теңге) (18-баған = 12-баған - 14-баған -16-баған)

1

2

3

4

5

б

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

1




















































2




















































3




















































...




















































Болжанатын шығындар: