Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 Заңы.

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ауыл (село), ауылдық (селолық)", "селолық" деген сөздер тиісінше "ауыл, ауылдық", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "оралман" және "оралмандардың" деген сөздерді тиісінше "қандас" және "қандастардың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мүгедектерді", "мүгедек балаға", "мүгедекке", "мүгедектерге" деген сөздер тиісінше "мүгедектігі бар адамдарды", "мүгедектігі бар балаға", "мүгедектігі бар адамға", "мүгедектігі бар адамдарға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы заң халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ассистент – халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу жөніндегі функцияларды орындайтын жұмыскері;

      1-1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант – халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасыға) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері;

      1-2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не қандас мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

      1-3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына осы Заңға және "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпарттандыру объектісін білдіреді;

      1-4) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі;

      2) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      3) жиынтық табыс – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;

      3-1) кедейлiк шегi – атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгiленетiн, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы;

      3-2) кепілдік берілген әлеуметтік топтама – бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлерде және көлемдерде көрсетілетін көмек;

      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек;

      5) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      5-1) адамға (отбасыға) көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;

      5-2) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);

      6) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

      7) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;

      8) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға.

      9) шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі;

      10) шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 № 444-IV Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы

      1. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

      1-1. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін орталық атқарушы орган мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды.

      1-2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептеп шығарады.

      Бұқаралық ақпарат құралдарында:

      1) алып тасталды - ҚР 20.06.2017 № 76-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);

      2) жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын – кедейлік шегі туралы;

      3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегінен төмен кірістері бар халық үлесі туралы мәліметтерді жариялайды.

      2. Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға:

      1) табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);

      2) осы баптың 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;

      3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;

      4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы;

      5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

      3. Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.

      4. Шартсыз ақшалай көмек:

      1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға:

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;

      бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;

      екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;

      2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.

      5. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындау үшін міндетті шарт болып табылады.

      Шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу:

      1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;

      2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға;

      3) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарға;

      4) үш жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.

      Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адам ретінде отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін;

      5) тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.

      7. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатындар қатарындағы:

      бір жастан алты жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде;

      алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алатын, он сегіз жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға тиісті оқу жылы ішінде беріледі.

      Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсыну жағдайларын қоспағанда, шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті төлеуді тоқтату отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беруді тоқтатуға негіз болып табылмайды.

      Кепілдік берілген әлеуметтік топтама жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес немесе әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы беріледі.

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану қағидаларын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.

      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.01.16. № 121 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.04 № 217-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.06.27 № 444-IV; 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру

      Ескерту. 3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Адам (бұдан әрі – өтініш беруші) өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.

      Өтініш берушілер атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінуге құқылы.

      Орталық атқарушы орган айқындайтын тізбеге сәйкес қажетті құжаттарды жинауды тұрғылықты жері бойынша – жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімі мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырады.

      Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын құжаттардың электрондық көшірмелері негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде құжаттардың электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, өтініш беруші мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады, ал өтініш берушіде мұндай мүмкіндік болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерде – әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.

      2. Алынып тасталды - ҚР 2009.01.16 № 121 Заңымен.

      3. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      4. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен тоқсан сайын расталады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12 № 224 (2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2009.01.16 № 121, 2011.06.27 № 444-IV, 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

      1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сомалар шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.

      Осы Заңның мақсаттары үшін отбасы құрамына:

      1) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі;

      2) мерзімді әскери қызметтегі;

      3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысқан, бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ шын мәнінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын адамдар енгізіледі.

      Бірге тұру фактісі:

      отбасының тұрғылықты жерінен тыс жерде еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне;

      мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерден басқа, интернат ұйымдарында білім алатын, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларға талап етілмейді.

      Ескертпе. Осы Заңның мақсаттары үшін, отбасында тұратын және отбасының тұрғылықты жері бойынша осындай деңгейдегі білім беру ұйымының болмауына байланысты орта білім беру ұйымдарында оқитын жері бойынша басқа елді мекенде тіркелген балалар отбасы құрамына қосылады.

      2. Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтініштің қабылданғаны туралы растама береді.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтінішті қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға береді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттар топтамасын халықты жұмыспен қамту орталығына береді.

      3. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;

      2) жеке жоспар іс-шараларының іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асырады және әлеуметтік келісімшарттың іске асырылу тиімділігін бағалайды;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттер арқылы атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жеке жоспарды іске асыруына және олардың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына жәрдем көрсетеді.

      4. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті қабылдау процесінде өтініш берушімен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен әңгімелесу жүргізіледі, оның барысында мыналар:

      1) шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті алуға негіздер;

      2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына мұқтаждық;

      3) "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларын қамтитын әлеуметтік бейімдеу шаралары, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шаралары айқындалады.

      5. Өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларға мұқтаж болған жағдайда, оны ұсыну туралы шешім уәкілетті органның құзыреті шегінен шықса, халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден, жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар қоса берілген өтінішті халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қарауына жібереді.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың міндеттеріне:

      атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;

      жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларды ұсыну туралы ұсынымдар әзірлеу;

      шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемін ұсыну туралы мәселелерді қарау;

      жасалған әлеуметтік келісімшарттардың іске асырылу барысын мониторингтеу кіреді.

      6. Халықты жұмыспен қамту орталығы учаскелік комиссияның қорытындысын немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен учаскелік комиссияның қорытындысы бар құжаттарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жеке жоспар жасайды, онда отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың тізбесі көрсетіледі және өтініш берушімен әлеуметтік келісімшарт жасасады.

      Әлеуметтік келісімшарттың, жеке жоспардың нысандарын және отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін орталық атқарушы орган бекітеді.

      7. Халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік келісімшартты жасасқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден, жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар қоса берілген өтінішті, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімнің жобасын және тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті органға жібереді.

      8. Уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы – өтініш берушіге, бас тартқан жағдайда оның себептерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды.

      9. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.

      10. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт шартты ақшалай көмек тағайындау кезеңіне жасалады.

      10-1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шарттары және (немесе) әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету шарттары өзгерген жағдайда, әлеуметтік келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар әлеуметтік келісімшартқа қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.

      11. Шартсыз ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

      Шартты ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және әлеуметтік келісімшартта белгіленген кезеңге ай сайын немесе біржолға төленеді.

      Шартты ақшалай көмектің біржолғы төлем сомасы тек қана әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (малды, құсты сатып алу және басқа), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.

      12. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт табысы аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды толық көлемде орындамаған, сондай-ақ, шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге әкеп соққан жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсынған кезде бұзылады.

      Әлеуметтік келісімшартты бұзу адамға (отбасыға) шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтатуға негіз болып табылады.

      13. Өтініш берушінің және алушының кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және уәкілетті орган мен оның лауазымды адамдарының шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.

      14. Уәкілетті органның және халықты жұмыспен қамту орталығының лауазымды адамдары атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуының дұрыстығы және оны төлеуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      15. Уәкілетті орган және халықты жұмыспен қамту орталығы халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен шарттары туралы хабарлап отыруға міндетті.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-1-бап. Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың құнын өтеу

      1. Табысы аз отбасы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы сатып алған кезде, жергілікті атқарушы органдарға оның құнын өтетуге, бірақ осы баптың 2-тармағында көзделген кепілдік берілген соманың мөлшерінен асырмай өтетуге құқығы бар.

      Табысы аз отбасы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген сомадан асатын баға бойынша кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы сатып алған кезде кепілдік берілген сома мен кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың нақты құны арасындағы айырманы табысы аз отбасы меншікті қаражаты есебінен өз бетінше төлейді.

      2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген сома өнім берушіге орталық атқарушы орган өзі айқындайтын тәртіпке сәйкес есептейтін мөлшерде өтеледі.

      Ескерту. 4-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-2-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы

      1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы берушілер бола алады.

      2. Мынадай:

      1) салықтық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

      2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;

      4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілмеген;

      5) сәйкестігін міндетті түрде растауға жататын тауарларды беру кезінде сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар;

      6) кепілдік берілген соманы өтеу шарттарымен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған көмектің көлемдері мен түрлеріне сәйкес кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдаған өнім берушілер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеле алады.

      3. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден мынадай:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген;

      2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға қайтыс болған немесе қызметі тоқтатылған, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;

      4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген;

      5) өзіне алған міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда шығарылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару өнім берушіні тіркеуден шығару күні өзіне алған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, алушы өнім берушінің өз міндеттемелерін бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тиісті ақпаратты орналастырады. Жергілікті атқарушы орган құратын, өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болғанын немесе болмағанын айқындайтын комиссия осы ақпаратты орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, тиісті тізілімнен және (немесе) тізбеден ол туралы мәліметтер алынғаннан кейін оны кейіннен тіркеу мүмкін болады.

      Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, тіркеуден шығарылған күнінен бастап кемінде бір жыл өткен соң әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында оны кейіннен тіркеу мүмкін болады.

      4. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару орталық уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы сатып алуға, оның ішінде өнім берушілердің оны қалыптастыру кезінде міндеттемелерді қабылдауына байланысты табысы аз отбасы мен өнім берушілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын, нысанын орталық атқарушы орган бекітетін шартпен реттеледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақ 01.01.2023 дейін қолданыста болады – ҚР 12.10.2021 № 67-VII Заңымен.

      6. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды қамтамасыз ететін заңды тұлға жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-2-баппен толықтырылды – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Учаскелік комиссиялар

      1. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органдарға және кент, ауыл ауылдық округ әкімдеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметте жәрдемдеседі.

      Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайы туралы қорытынды дайындайды.

      2. Учаскелік комиссиялар жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралуы мүмкін.

      3. Учаскелік комиссиялар өз қызметін жергілікті өкілді органдармен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітетін учаскелік комиссиялар туралы ережелерге, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын орталық атқарушы орган бекітеді.

      4. Учаскелік комиссиялар халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті, құжаттардың электрондық көшірмелерін, олардың мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне береді.

      5. Учаскелік комиссиялардың тексеру жүргізу үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.16 № 121, 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару

      1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылған өтініштің және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсты және жер учаскесін (жер үлесін) табыс бермейді деп айқындауға құқылы.

      Жиынтық табысты есептеу қағидаларын орталық атқарушы орган бекітеді.

      2. Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.01.16 № 121, 2011.06.27 № 444-IV; 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.04.2019 № 243-VI (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау

      1. Адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа кіріс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада отбасының әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді.

      1-1. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде берілетін көмектің түрлері мен көлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      2. Атаулы әлеуметтік көмекті алушы халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық жерлерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкімін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

      3. Өтініш жасау алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа кіріс пен тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері:

      отбасының құрамы өзгерген жағдайда – отбасы құрамы өзгерген күннен бастап;

      өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында жалған мәліметтерді және (немесе) анық емес құжаттарды беруін қоспағанда, отбасының жиынтық кірісін айқындау кезінде ескерілмеген фактілер немесе мәліметтер анықталған жағдайда – өтініш жасалған айдан бастап қайта есептеледі.

      Атаулы әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары – ерікті түрде, ал одан бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      Атаулы әлеуметтік көмекті одан әрі алу кезінде артық төленген сомалар келесі төлемдерден ұсталады.

      4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу, оның ішінде кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы беру орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді қолдау және ақпараттық жүйелер мен дерекқорды пайдалануға қол жеткізу қағидаларын, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттаманың нысандарын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.16 № 121, 2011.06.27 № 444-IV; 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау

      Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылауды орталық атқарушы орган жүзеге асырады, сондай-ақ тиісті бюджеттің атқарылуын бақылау шеңберінде жүзеге асырылады.

      Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге әдіснамалық басшылық жасауды орталық атқарушы орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.04.2019 № 243-VI (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-1-бап. Өтпелі ережелер

      2020 жылға 1 қаңтарға дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған адамдарға (отбасыларға):

      бұрын тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады;

      жасалған әлеуметтік келісімшарт 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қолданысын тоқтатады, атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және төленеді.

      Ескерту. 8-1-баппен толықтырылды – ҚР 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап.

      Ескерту. 9-бап алып тасталды - ҚР 2004.12.20 № 13 Заңымен (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi).

10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті