Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20248 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда– ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы "____"____________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігінің
2020 жылғы 30 наурызы
№ 43 қаулысымен бекітілді

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда– ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - Қағидалар), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы (бұдан әрі - Кепілдік беру қоры туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі (бұдан әрі - Мемлекеттік реттеу туралы заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру брокерлері филиалдарының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміттенген немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарийдің және бірыңғай оператордың, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда– ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Банктер туралы заңда, Сақтандыру қызметі туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында, Кепілдік беру қоры туралы заңда, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда, Мемлекеттік реттеу туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      Қағидаларда мынадай қысқартулар қолданылады:

      1) жауапты бөлімше – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшесі;

      2) көрсетілетін қызметті алушы - банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміттенген немесе лицензиялары бар заңды тұлғалар, орталық депозитарий және бірыңғай оператор, банк, сақтандыру холдингтері, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы;

      3) қаржы ұйымы - банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміттенген немесе лицензиялары бар заңды тұлғалар, орталық депозитарий және бірыңғай оператор;";

      4) Қор – "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы";

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – "Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, акционерлік қоғамның басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі";

      6) оператор – "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы";

      7) өтінішхат – қаржы ұйымдарының, холдингтердің және Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру туралы өтінішхат;

      8) портал – www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы;

      9) уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      10) холдинг – банктік, сақтандыру холдингтері;

      11) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда– ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп туралы заң) 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындауға (сайлауға) келісім береді.

      4. Банктер туралы заңның 20-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының және Қағидалардың 4-1-тармағының 3) тармақшасының мақсаты үшін мыналар мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттары болып табылады:

      1) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы, оның ішінде қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы және өмір бойы қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылуы;

      2) кандидаттың қаржы ұйымын, банк конгломератын, сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру бойынша уәкілетті органның қабылдаған міндеттемелерін не талаптарын орындамаған қаржы ұйымының ірі қатысушысы (тікелей немесе жанама) екендігі туралы мәліметтердің болуы;

      3) кандидаттың Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының төлем қабілетсіздігіне жеткізгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымында акционер (қатысушы), лауазымды адам, басқару функцияларын орындайтын адам болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы;

      4) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 13-5-бабына сәйкес құрылған дәлелді пайымдау негізінде анықталған мінсіз іскерлік беделдің болмауы.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4-1. Мыналар:

      1) жоғары білімі бар;

      2) тізбесі Қағидалардың 8-тармағанда белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарында еңбек өтілі және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу саласындағы еңбек өтілі бар:

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру брокері филиалының басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы басшысының орынбасары, бас бухгалтері және , Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру брокері филиалы басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіретін және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операциялары жүргізілетін құдаттарға қол қою құқығы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басқа басшыларының лауазымдарына кандидаттар үшін сақтандыру қызметінде кем дегенде бір жыл;

      3) мінсіз іскерлік беделі бар;

      4) бұрын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшысының орынбасары және бас бухгалтері, ірі қатысушы-жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғаның (сақтандыру холдингінің) басшысы болмаған – уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде не Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде не қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды таратуға және (немесе) тоқтатуға әкеліп соққан бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлері болып тағайындала алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енсе, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда қолданылады;

      5) қаржы ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынбаған. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.

      6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамаған не тағайындау күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған;

      7) бұрын қаржы ұйымының басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, басшысы, басқарма мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен төрт және одан да көп кезең ішінде дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға-эмитенттің бас бухгалтері болмаған

      Ескерту. Тізбе 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Уәкілетті органмен келісілуге тиіс қаржы ұйымдарының, холдингтердің, Қордың басшы қызметкерлерінің тізбесі Банктер туралы заңның 20-бабының 1, 1-1 және 14-тармақтарында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1, 1-1 және 14-тармақтарында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 45-бабының 11-тармағында, 54-бабының 1-тармағында және 79-бабының 1-1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 1-тармағында көзделген.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қаржы ұйымдары, холдингтер, Қор басшы қызметкерлер құрамында болған өзгерістер туралы оларды тағайындаған (сайлаған), басқа лауазымға ауыстырған немесе жұмыстан босатылған (өкілеттігін тоқтатқан) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді. Басшы қызметкерлер құрамының өзгеруі туралы мәліметтер растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қоса берілетін растаушы құжаттардың көшірмелерінде басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні болмаса, онда басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың, бейрезидент-банктің, бейрезидент -сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бейрезидент-сақтандыру брокерінің уәкілетті органының шешім (бұйрық) қабылдау немесе шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған күн болып саналады.";

      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг, Қор растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме мынадай мәліметтерді қамтиды:

      қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың толық атауы және қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атқарушы органының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын (басқару органының отырысын) өткізу күні, уақыты және орны);

      отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер (басқару органының отырысы үшін);

      акционерлердің жалпы жиналысының кворумы (басқару органының отырысы);

      басқарушы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттіктерін тоқтату) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) күн тәртібі;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттіктерін тоқтату) бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) бөлігінде қабылданған шешімдер.

      Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен расталады және үзіндінің дұрыстығы көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Осы кандидат уәкілетті органмен осы қаржы ұйымының, осы холдингтің немесе Қордың тиісті лауазымына бұрын келісілген не келісілген лауазымнан осы қаржы ұйымының, холдингтің немесе Қордың бір органы шеңберінде төменгі лауазымға ауысқан жағдайда және осы кандидат Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкері келісілуге жатпайды.

      Бұл жағдайда қаржы ұйымы, холдинг, Қор басшы қызметкердің жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) не оның басқа лауазымға ауысқан күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы кандидаттың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі көрсетілетін ілеспе хатпен, басшы қызметкерді тиісті лауазымға тағайындау (сайлау) туралы осы қаржы ұйымының, осы холдингтің немесе Қордың уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірменің көшірмесін ұсынады. Өзге құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Қаржы ұйымының, Қордың басқару органының құрамына кіретін уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері уәкілетті органмен келісуге жатпайды.

      8. Банктер туралы заңның 20-бабына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабына, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабына, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабына сәйкес кандидатты тағайындау (сайлау) үшін кандидаттың халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмыс стажына мынадай халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмысы кіреді:

      Азия Даму Банкі;

      Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі;

      Америкааралық Даму Банкі;

      Африка Даму Банкі;

      Дүниежүзілік Банк;

      Дүниежүзілік сауда ұйымы;

      Еуразия даму банкі;

      Еуропа Инвестициялық Банкі;

      Еуропа Қайта құру және Даму Банкі;

      Еуропалық бағалы қағаздар және нарықтар ұйымы;

      Еуропалық банк ұйымы;

      Еуропалық банк федерациясы;

      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі;

      Еуропалық сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру ұйымы;

      Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі;

      Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталық;

      Ислам Даму Банкі;

      Исламдық қаржылық қызметтер кеңесі;

      Сақтандыруды қадағалаудың халықаралық қауымдастығы;

      Солтүстік инвестициялық банк;

      Халықаралық бағалы қағаздар комиссиясы;

      Халықаралық Валюта Қоры;

      Халықаралық Даму Қауымдастығы;

      Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелері қауымдастығы;

      Халықаралық есеп айырысу банкі;

      Халықаралық зейнетақы қадағалау органдары ұйымы;

      Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі;

      Халықаралық Қаржы Корпорациясы;

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы.

2-тарау. Қаржы ұйымдарының, холдингтердің, Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруге арналған құжаттарды қарау тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсету стандартында (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жасалған өтінішхатты портал арқылы электрондық түрде жібереді.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі қамтылатын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызметті ұсынудың ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Өтініш беруші өтінішхатты "жеке кабинетке" портал арқылы жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұру салуды қабылдау туралы мәртебе автоматты түрде көрінеді

      11. Қолдаухат еркін нысанда, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімді көрсетумен, кандидаттың қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін растай отырып және кандидат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушының құжатпен тексергені туралы:

      көрсетілетін қызметті алушының басқару органы басшының, ал ол болмаған жағдайда басқару органының шешімі бойынша (басқару органының осы шешімінің көшірмесін ұсына отырып) басқару органы мүшелерінің бірінің, басқару органының басшысы мен мүшелері болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің бірінің, атқарушы органның басшысын (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны), атқарушы органның басшысы болып табылатын басқару органының мүшесін тағайындаған (сайлаған) кезде — осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қаржы ұйымына, холдингке (қаржы ұйымы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған Холдинг үшін) қатысушылардың бірінің;

      басқа жағдайларда — көрсетілетін қызметті алушының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) не оның міндетін атқарушы тұлғаның (міндеттерді орындауды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін ұсына отырып) атқарушы органның;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі филиалының не оның міндетін атқарушы тұлғаның (міндеттерді орындауды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін ұсына отырып) ЭЦҚ-мен куәландырылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі филиалының басшысына қатысты қолдаухатқа Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі осы құжатқа қол қоюға уәкілеттік берген тұлға қол қояды (растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып).

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      13. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды адамдары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес заңдастырылуға немесе апостильденуге жатады (Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда).

      Шет тілде ұсынылған құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариалды куәландырылуға жатады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы кандидаттарды келісу үшін құжаттардың толық топтамасын (кандидаттарды, жауапты тұлғаларды, байланыс телефондарын және электрондық пошта мекенжайларын көрсете отырып) олар тағайындалған (сайланған) күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.

      15. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады

      Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар пакетін тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және құжаттардың қолданылу мерзімін тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған және (немесе) қолданылу мерзімінің аяқталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.

      Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      16. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі және (немесе) қолданылу мерзімі өтпеген жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкестігіне қарайды, тиісті сұрау салуды көрсетілетін қызметті берушінің мүдделі бөлімшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына және шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органдарына (қажет болған кезде) жібереді, сұрау салуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесіне және "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорға жолдау.

      Ұсынылған құжаттарда Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ішінде Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеу анықталған жағдайда, уәкілетті орган портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға оларды жою үшін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, пысықталған (түзетілген) құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы ұсынуы үшін хат жібереді. Бұл ретте уәкілетті органның кандидатты келісу үшін құжаттарды қарау мерзімі үзілмейді.

      Кандидаттың Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын қаржы ұйымдарында жұмыс өтілі болған жағдайда, уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан кандидаттың мінсіз іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы (болмауы) туралы ақпаратты сұратады не шет мемлекеттің қадағалау органының ресми интернет-ресурсынан (бар болса) осы мәліметтерді алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды кері қайтарып алуға уәкілетті орган кандидаттарды келісу туралы шешім қабылдағанға дейін, ал тестілеуге шақыру арқылы келісу кезінде кандидаттың тестілеуден өткен күніне дейін, оларды кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы еркін нысандағы жазбаша өтініш беру жолымен жол беріледі.

3-тарау. Қаржы ұйымдарының, холдингтердің, Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру және оларды тестілеуден өту үшін шақыра отырып немесе шақырмай келісу тәртібі

      17. Кандидатты келісу үшін уәкілетті органда дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін қаржы ұйымдарының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлерінің лауазымдарына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      18. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі бойынша кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақырып не Қағидалардың 21-тармағында көзделген жағдайларда шақырмай-ақ келісуді жүргізеді.

      18-1. Кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақырып келісу жөніндегі талап Ұлттық пошта операторының атқарушы органының басшысы лауазымына кандидатты келісу жағдайларына қолданылмайды.

      Ескерту. 3-тарау 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.09.2020 № 79 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оның орнындағы адамның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі сауалнамалық жолмен де қабылданады.

      20. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе бойынша Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген хаттамада өз пікірін білдіреді.

      21. Кандидатты тестілеуден өту үшін шақырусыз келісу туралы мәселені қарау кезінде ұсынылған құжаттардың негізінде мыналар ескеріледі:

      1) кандидат бұрын қаржы нарығының осы секторында, Қорда тиісті лауазымдарға уәкілетті органмен келісілген бе;

      2) кандидат бұрын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және (немесе) қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаментінің, басқармасының) басқарма мүшесі, бірінші басшысы немесе бірінші басшының орынбасары, басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының орынбасары) болған ба;

      3) кандидат бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, мемлекеттік органның жауапты хатшысы болған ба;

      4) атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға), Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының басшысы лауазымына кандидатта кемінде 3 (үш) жыл:

      қаржы институттарын тікелей тексерген аудитор;

      қаржы нарығының сол саласында, Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген Қор және (немесе) халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      қаржы қызметтерін көрсетуге байланысты мәселелерге жауапты атқарушы органның басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтері;

      қызметі қаржы қызметтерін көрсетумен байланысты болатын тәуелсіз құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы еңбек өтілінің болуы;

      5) басқару органы басшысының лауазымына кандидатта кемінде 2 (екі) жыл:

      қаржы ұйымдарын тікелей тексерген аудитор;

      қаржы нарығында, Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген Қор және (немесе) халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржы қызметтерін көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік ететін);

      бас бухгалтері еңбек өтілінің болуы;

      6) басқару органының басшысы және бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының мүшесі лауазымына кандидатта кемінде үш (3) жыл:

      қаржы ұйымдарын тікелей тексерген аудитор;

      қаржы нарығында, Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген Қор және (немесе) халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржы қызметтерін көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік ететін);

      бас бухгалтері еңбек өтілінің болуы;

      7) сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокерінің филиалы басшысының орынбасары, атқарушы орган мүшесі лауазымдарына кандидаттың қаржы ұйымындағы, холдингтегі, Қордағы тек қана қауіпсіздік мәселелеріне және әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік етуі;

      8) сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокерінің филиалы басшысының орынбасары, атқарушы орган мүшесі лауазымдарына кандидатта кемінде 2 (екі) жыл:

      қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығының осы секторында, Қорда және (немесе) Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      қаржы қызметтерін көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен атқарушы органның басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;

      қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары), қаржылық көрсетілетін қызметтермен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен қаржылық және (немесе) басқарушы директор, атқарушы директор еңбек өтілінің болу;

      9) бас бухгалтердің лауазымына кандидатты келісу;

      10) қаржы нарығының осы секторында, Қорда қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына кандидатты келісу кезінде уәкілетті органда тестілеудің оң нәтижелерінің болуы.

      Осы тармақшаның мақсаты үшін тестілеудің оң нәтижелері есептелетін мерзім кандидат уәкілетті органда тестілеуден өткен күннен бастап 6 (алты) айды құрайды;

      11) басқа басшы қызметкердің лауазымына кандидатта кемінде 1 (бір) жыл:

      қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      қаржы қызметтерін көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен атқарушы органның басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;

      қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары), қаржылық көрсетілетін қызметтермен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен қаржылық және (немесе) басқарушы директор, атқарушы директор еңбек өтілінің болуы;

      12) басқару органы мүшесінің лауазымына кандидатты келісу.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған, тестіден өту күні, уақыты және өткізу орны қамтылған хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдау арқылы Комиссия кандидатты тестілеуден өтуге шақыра отырып, оны келісу туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган қаржы ұйымын, холдингті, Қорды тестілеу өткізу күні және уақыты туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

      23. Қаржы ұйымы, холдинг, Қор кандидаттың уәкілетті орган белгілеген күні мен уақытта тестілеуден өту үшін уәкілетті органға келуін қамтамасыз етеді.

      24. Тестілеуден өту үшін шақырылған кандидаттарды келісу 30 сұрақ бойынша 45 минуттың ішінде компьютерлік тестілеу әдісімен қазақ немесе орыс, немесе ағылшын тілдерінде өткізіледі.

      Тестілейтін тұлғамен бірге бір үй-жайда кандидаттарды тестілеу уақытында тек уәкілетті органның қызметкерлері болуына рұқсат беріледі.

      Кандидат тестілеуден өту кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақта баяндалған талаптарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне тең келеді.

      Кандидат тестілеуден өткеннен кейін тез арада қол қою арқылы тест нәтижелерімен танысуға тиіс.

      25. Тестілеудің оң нәтижесін алған кезде (кемінде жетпіс пайыз дұрыс жауап) кандидат тағайындалған (сайланған) лауазымына келісілген болып есептеледі.

      26. Кандидаттарды тестілеу уәкілетті органның интернет-ресурсында онлайн режимде көрсетумен өткізіледі.

      27. Жауапты бөлімшенің қызметкері кандидат тестілеуден өткеннен кейін немесе Комиссия кандидатты тестілеуден өту үшін шақырмай келісу және (немесе) келісуден бас тарту туралы мәселе бойынша шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы мәлімет қамтылған хат жобасын дайындайды.

      28. Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарды келісу нәтижелері туралы мәлімет не Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қамтылған хатқа қол қойған күні көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жібереді.

      29. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

4 тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      30. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті органның басшысына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа жолданады.

      31. Уәкілетті органның басшысына жолданатын шағымда мыналар:

      1) тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы (жеке тұлға үшін);

      2) атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні (заңды тұлға үшін) көрсетіледі.

      Уәкілетті орган басшысының шағымды қабылдауының растауы шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсетумен уәкілетті органның кеңсесінде оны тіркеу болып табылады

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген Бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жіберген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

  Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
брокерлері филиалдарының
басшы қызметкерлеріне
қойылатын талаптарды, мінсіз
іскерлік беделінің болмауы
өлшемшарттарын және келісім
алу үшін қажетті құжаттар
тізбесін қоса алғанда, қаржы
ұйымдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент- сақтандыру
брокерлері филиалдарының,
банктік, сақтандыру
холдингтерінің, "Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры"
акционерлік қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Басшы қызметкерлер құрамын өзгерту туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атауы)

Басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Лауазымы

Тағайындалған (сайланған), ауысқан, жұмыстан босатылған (өкілеттіктер тоқтатылған) күні

Тағайындау, (сайлау), ауысу, жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) туралы шешім (бұйрық) нөмірі, күні

1

2

3

4

5






      Қосымша (парақ санын көрсете отырып):

      ________________________________________________________________________________

      Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ______________________

      (қолы)

      20 __ жылғы "____"___________________

  Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
брокерлері филиалдарының
басшы қызметкерлеріне
қойылатын талаптарды, мінсіз
іскерлік беделінің болмауы
өлшемшарттарын және келісім
алу үшін қажетті құжаттар
тізбесін қоса алғанда, қаржы
ұйымдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент- сақтандыру
брокерлері филиалдарының,
банктік, сақтандыру
холдингтерінің, "Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры"
акционерлік қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидаларына
2-қосымша

"Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банктік, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға құжаттар топтамасын толық берген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген.

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттарды келісу нәтижелері туралы мәлімет бар хат не осы мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Алым мөлшерлемесі:
1) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы березидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім берген кезде - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер немесе лицензиясы бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарийдің және бірыңғай оператордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім берген кезде - қызмет тегін көрсетіледі.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс работы

1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі

1) Қағидалардың 11-тармағын сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанындағы өтінішхат;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (алымды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда);
3) акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушының басқару органының кандидаттың өзге ұйымда жұмыс істеуіне келісім беруі туралы шешімінің үзінді көшірмесінің электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы мүшелігіне кандидат басқа ұйымда жұмыс істеген жағдайда). Бұл құжат, егер ол Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті органның кандидатты келісу туралы өтінішхаты берілгенге дейін ұсынылған басшы қызметкерлердің құрамының өзгергені туралы хабарламаға қоса берілген жағдайда, ұсынуға жатпайды;
4) қаржы ұйымында, холдингте, Қорда жұмыс істеуге кандидатқа келісім беру туралы акционерлік қоғамның басқару органының шешімінен үзінді-көшірменің электрондық көшірмесі (кандидат акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болған жағдайда);
5) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
6) азаматы болып табылатын елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) азаматы болып табылатын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін - тұрақты тұратын елі) немесе кандидат соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрған елдің мемлекеттік органы берген қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болмауы туралы құжаттың электрондық көшірмесі. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат беру күніне дейінгі 3 (үш) айдан аспайды (көрсетілген құжатта оның қолданылуының өзгеше мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда).
Егер алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті мемлекеттік орган елінің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға қатысты растау құжаттарын беру көзделмеген болса, онда тиісті растама азаматы болып табылатын елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі;
7) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кәсіби бухгалтер сертификатының электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
8) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
9) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін);
10) кандидатты тағайындау (сайлау), басшы лауазымға ауыстыру туралы құжаттың электрондық көшірмесі (Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес басшы қызметкерлер құрамының өзгергені туралы уәкілетті органға хабарлағанға дейін кандидатты келісу туралы өтінішхат берген жағдайда).
Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден құжаттарда көрсетілген ақпаратты "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады:
Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғасынан алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) басшы қызметкерлердің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-2 және 34-баптарында, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабында, "Бағалы қағаздар нарығы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабында және 63-бабының 5-тармағында, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабында немесе осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижелері;
3) көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе осы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет стандартының 3-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін уәкілетті органның ескертулерімен пысықталған құжаттарды ұсынуы;
4) заңды тұлға сақтандыру және (немесе) банк холдингі мәртебесін алған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) банктің акцияларын сатып алған күннен бастап немесе ол тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткеннен кейін кандидатты келісуге құжаттарды ұсыну;
5) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында аяқталған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (тұлғаларға) залал келтірген мәміле тарабы болғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Бұл талап көрсетілген оқиғалардың неғұрлым ертерек басталған күнінен бастап бір жыл ішінде қолданылады:
уәкілетті органның ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы;
уәкілетті органның аталған мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (тұлғаларға) келтірілген залалды растайтын фактілерді алуы;
6) уәкілетті органда оған қатысты бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілені жасағаны үшін уәкілетті орган 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген қадағалау шараларын қолданған және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы және (немесе) іс-әрекеттері қаржы ұйымына және (немесе) осы мәмілеге қатысушы үшінші тұлғаға (тұлғаларға) залал келтірген қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.
Бұл талап аталған оқиғалардың неғұрлым ертерек басталған күнінен бастап бір жыл ішінде қолданылады:
уәкілетті органның ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы;
уәкілетті органның қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (тұлғаларға) осы мәмілені жасау нәтижесінде келтірілген залалды растайтын фактілерді алуы.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін оның құзыретіне жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша шешім қабылдау кіретін басшы қызметкер не оның міндеттерін атқарған адам және (немесе) биржалық трейдер қаржы ұйымының қызметкері деп түсініледі.
Осы тармақтың 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге, оның ішінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттік қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер жатады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың “жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие.
Порталда іркілістер не техникалық қателер анықталған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына (бұдан әрі - оператор) хабарлайды. Мұндай жағдайда оператор аталған мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған уәкілетті органмен бірге қол қояды.
Көрсетілетін қызметті алушының банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат алуы шеңберінде көзделген банктің немесе банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жиынтықта көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құруға рұқсат алуы шеңберінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жиынтықта көрсету мүмкіндігін көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент- сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
брокерлері филиалдарының
басшы қызметкерлеріне
қойылатын талаптарды, мінсіз
іскерлік беделінің болмауы
өлшемшарттарын және келісім
алу үшін қажетті құжаттар
тізбесін қоса алғанда, қаржы
ұйымдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент- сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент- сақтандыру
брокерлері филиалдарының,
банктік, сақтандыру
холдингтерінің, "Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру
қоры" акционерлік қоғамының
басшы қызметкерлерін
тағайындауға (сайлауға)
келісім беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан



Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _______________________________________________________________

      (қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атауы)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні мен жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5






      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5






      4. Кандидат оған қатысты ірі акционер болып табылатын не мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)*

1

2

3

4





      Ескертпе: * 4-бағанда сенімгерлік басқарудағы кандидаттың акцияларын (үлесін) ескере отырып акцияларды (үлесті), сондай-ақ кандидат өзге адамдармен жиынтықта иелену нәтижесінде ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлес) санын көрсету қажет.

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органында мүшелігі), оның ішінде уәкілетті органға келісу туралы өтінішхатты берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі, Қордағы лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең де көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі*

Жұмыс орны**

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

Өзге мәліметтер***

1

2

3

4

5

6

7








      Ескертпе: * қаржы ұйымдарында (оның ішінде сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру бойынша өкілеттіктері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдары), банк немесе сақтандыру холдингтерінде, Қорда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банктік, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларының 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының біреуінде, аудиторлық ұйымдарда, қаржы қызметтерін және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдарда және өзге де мемлекеттік органдарда (басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, мемлекеттік органның жауапты хатшысы лауазымында), сондай-ақ қаржы ұйымдарының басқару органдарындағы (оның ішінде сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру бойынша өкілеттіктері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдары), банк немесе сақтандыру холдингтерінде, Қорда мүшелігі туралы мәліметтер, күні, айы, жылы көрсетіледі. Қалған жағдайларда жылы көрсетіледі

      ** егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі.

      *** қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары) қаржы, басқарушы және (немесе) атқарушы директорының лауазымына орналасқан жағдайда жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі;

      аудиторлық қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызметті реттеуге қатысты негізгі функционалдық міндеттемелер көрсетіледі.

      6. Кандидаттың салықтар бойынша аудитті қоса алғанда, қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге қатысу туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауы, аудит жүргізу мерзімі, сондай-ақ кандидаттың

      ____________________________________________________________________

      аудит жүргізілген қаржылық есепке орындаушы аудитор ретінде (бар болса) қол қойған күні көрсетіледі.

      7. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5






      8. Кандидат бұрын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банкті төлем жасау қабілеті жоқ банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оны таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейінгі не Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде атқарушы органның басшысы, мүшесі (атқарушы органның функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, қаржы ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының (банктік, сақтандыру холдингінің) басшысы болған-болғандығы туралы мәліметтер.

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      9. Кандидат бұрын қатарынан төрт және одан да ұзақ кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолт жіберілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасы төрт есе және (немесе) купондық сыйақының одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері ақы төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен оны мың есе асатын соманы құраған (Қор басшы қызметкерінің лауазымына кандидат толтырмайды) эмитент басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушы (ірі акционер), басқару органының басшысы, мүшесі, атқару органының басшысы, мүшесі, заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы (ірі акционердің) бас бухгалтері

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      10. Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшысы ретінде қаржы ұйымының, холдингтің, Қор қызметінің мәселелері бойынша сот талқылауларында жауапкер ретінде тартылған-тартылмағандығы

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), күні, ұйымның атауы,

      ____________________________________________________________________

      сот талқылауындағы жауапкердің атауы, қаралған мәселе заңды күшіне енген

      ____________________________________________________________________

      сот шешімі көрсетілсін (ол шығарылған жағдайда)

      11. Қаржы ұйымдарында, холдингте, Қорда жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер және құжаттарға қол қоюға өкілетті кандидат туралы мәліметтер, растайтын құжаттарымен қоса беріледі (өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат толтырады)

      ______________________________

      12. Қаржы ұйымдарында, холдингте, Қорда жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер туралы мәліметтер растайтын құжаттарымен қоса беріледі (қаржы ұйымдарының, холдингтің, Қордың тек қауіпсіздік мәселелеріне және (немесе) әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін атқарушы органы мүшесінің лауазымына кандидат толтырады)

      ____________________________________________________________________

      13. Тағайындалған (сайланған) күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жазаға тартылған-тартылмағаны (Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидат толтырмайды)

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы

      ____________________________________________________________________

      жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып, тәртіптік жаза қолдану

      ____________________________________________________________________

      туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге және заңмен қорғалатын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ______________________________________________________________

      (кандидат баспа қаріптерімен өз қолымен толтырады)

      Қолы ______________________________________________________

      Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:

      Мен, __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.

      Қолы _________________

      Күні _____________________

  Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент- сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
брокерлері филиалдарының
басшы қызметкерлеріне
қойылатын талаптарды, мінсіз
іскерлік беделінің болмауы
өлшемшарттарын және келісім
алу үшін қажетті құжаттар
тізбесін қоса алғанда, қаржы
ұйымдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент- сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент- сақтандыру
брокерлері филиалдарының,
банктік, сақтандыру
холдингтерінің, "Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры"
акционерлік қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Комиссияның қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидатты

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

_______________________________________________________________ (қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерінің лауазымына кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қарау бойынша)

      № ___ Хаттама ____ жылғы "__"_________

Комиссия Төрағасының тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса)

Тестілеуге шақырмай келісу

Тестілеуге жіберу және тестілеу оң нәтижесі болған кезде келісу

Келісуден бас тарту







Комиссия мүшелерінің тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса)









  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігінің
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 43 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14784 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. "Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 260 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16234 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 26 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16563 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу" туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 246 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17972 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 6-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 263 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19845 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 3-тармағы.