Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20248 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы "____"____________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігінің
2020 жылғы 30 наурызы
№ 43 қаулысымен бекітілді

Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы (бұдан әрі - Кепілдік беру қоры туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі (бұдан әрі - Мемлекеттік реттеу туралы заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміттенген немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарий мен бірыңғай оператордың, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындайды.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Банктер туралы заңда, Сақтандыру қызметі туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында, Кепілдік беру туралы қор туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Мемлекеттік реттеу туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда көрсетілген мағынада қолданылады.

      Қағидаларда мынадай қысқартулар пайдаланылады:

      1) жауапты бөлімше - мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қаржы нарының және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесі;

      2) көрсетілетін қызметті алушы - банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміттенген немесе лицензиялары бар заңды тұлғалар, орталық депозитарий және бірыңғай оператор, банк, сақтандыру холдингтері, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы;

      3) қаржы ұйымы - банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміттенген немесе лицензиялары бар заңды тұлғалар, орталық депозитарий және бірыңғай оператор;

      4) Қор - "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы;

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - "Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;

      6) оператор - "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторы;

      7) өтінішхат - қаржы ұйымдарының, холдингтердің және Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру туралы өтінішхат;

      8) портал - "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы;

      9) уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      10) холдинг - банк, сақтандыру холдингтері;

      11) ЭЦҚ - электрондық цифрлық қолтаңба.

      3. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп туралы заң) 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындауға (сайлауға) келісім береді.

      4. Банктер туралы заңның 20-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының мақсаты үшін мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттары:

      1) алынбаған және өтелмеген соттылығының болуы, оның ішінде заңды күшіне енген қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімінің болуы;

      2) кандидат өзіне қабылдаған міндеттемелерді не уәкілетті органның қаржы ұйымын, банк конгломератын, сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру бойынша талабын орындамаған қаржы ұйымының ірі қатысушысы (тікелей немесе ішінара) болғандығы (болатындығы) туралы мәліметтердің болуы;

      3) кандидат Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымының төлемге қабілетсіздігіне дейін жетуіне дейін 1 (бір) жылдан бұрын кезеңде Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымында акционер (қатысушы), лауазымды тұлға, басқарушылық функцияларды орындайтын тұлға болғандығы туралы мәліметтердің болуы;

      4) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 13-5-бабына сәйкес қалыптастырылған уәжді пайымдау негізінде анықталған мінсіз іскерлік беделінің болмауы.

      5. Уәкілетті органмен келісілуге тиіс қаржы ұйымдарының, холдингтердің, Қордың басшы қызметкерлерінің тізбесі Банктер туралы заңның 20-бабының 1 және 14-тармақтарында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1 және 14-тармақтарында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 45-бабының 11-тармағында, 54-бабының 1-тармағында және 79-бабының 1-1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 1-тармағында көзделген.

      6. Қаржы ұйымдары, холдингтер, Қор басшы қызметкерлер тағайындалған (сайланған), басқа лауазымға ауысқан немесе жұмыстан босатылған (өкілеттіліктері тоқтатылған) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде олардың құрамында болған барлық өзгерістер туралы уәкілетті органды хабардар етеді. Басшы қызметкерлер құрамының өзгеруі туралы мәлімет растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қоса берілген растайтын құжаттардың көшірмелерінде басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіліктерін тоқтату) күні болмаса, онда қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың уәкілетті органы шешім (бұйрық) қабылдаған күн не шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиғаның басталған күні басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіліктерін тоқтату) күні болып саналады.

      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг, Қор растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың уәкілетті органының шешімінен үзінді көшірмеде мынадай мәліметтер қамтылады:

      қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың толық атауы және қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атқарушы органының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын (басқару органының отырысын) өткізу күні, уақыты мен орны;

      отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (басқару органының отырысы үшін);

      акционерлердің жалпы жиналысының (басқару органы отырысының) кворумы;

      басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіліктерін тоқтату) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) күн тәртібі;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіліктерін тоқтату) бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіліктерін тоқтату) бөлігінде қабылданған шешімдер.

      Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың уәкілетті органының шешімінен үзінді көшірме осындай құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен расталады және үзінді көшірменің дұрыс екеніне нұсқауды қамтиды.

      7. Осы кандидат уәкілетті органмен осы қаржы ұйымының, осы холдингтің немесе Қордың тиісті лауазымына бұрын келісілген не келісілген лауазымнан осы қаржы ұйымының, холдингтің немесе Қордың бір органы шеңберінде төменгі лауазымға ауысқан жағдайда және осы кандидат Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Бухгалтерлік есеп туралы заңның 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкері келісілуге жатпайды.

      Бұл жағдайда қаржы ұйымы, холдинг, Қор басшы қызметкердің жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) не оның басқа лауазымға ауысқан күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы кандидаттың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі көрсетілетін ілеспе хатпен, басшы қызметкерді тиісті лауазымға тағайындау (сайлау) туралы осы қаржы ұйымының, осы холдингтің немесе Қордың уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірменің көшірмесін ұсынады. Өзге құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Қаржы ұйымының, Қордың басқару органының құрамына кіретін уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері уәкілетті органмен келісуге жатпайды.

      8. Банктер туралы заңның 20-бабына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабына, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабына, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабына сәйкес кандидатты тағайындау (сайлау) үшін кандидаттың халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмыс стажына мынадай халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмысы кіреді:

      Азия Даму Банкі;

      Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі;

      Америкааралық Даму Банкі;

      Африка Даму Банкі;

      Дүниежүзілік Банк;

      Дүниежүзілік сауда ұйымы;

      Еуразия даму банкі;

      Еуропа Инвестициялық Банкі;

      Еуропа Қайта құру және Даму Банкі;

      Еуропалық бағалы қағаздар және нарықтар ұйымы;

      Еуропалық банк ұйымы;

      Еуропалық банк федерациясы;

      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі;

      Еуропалық сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру ұйымы;

      Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі;

      Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталық;

      Ислам Даму Банкі;

      Исламдық қаржылық қызметтер кеңесі;

      Сақтандыруды қадағалаудың халықаралық қауымдастығы;

      Солтүстік инвестициялық банк;

      Халықаралық бағалы қағаздар комиссиясы;

      Халықаралық Валюта Қоры;

      Халықаралық Даму Қауымдастығы;

      Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелері қауымдастығы;

      Халықаралық есеп айырысу банкі;

      Халықаралық зейнетақы қадағалау органдары ұйымы;

      Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі;

      Халықаралық Қаржы Корпорациясы;

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы.

2-тарау. Қаржы ұйымдарының, холдингтердің, Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруге арналған құжаттарды қарау тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсету стандартында (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жасалған өтінішхатты портал арқылы электрондық түрде жібереді.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі қамтылатын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызметті ұсынудың ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Өтініш беруші өтінішхатты "жеке кабинетке" портал арқылы жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұру салуды қабылдау туралы мәртебе автоматты түрде көрінеді

      11. Кандидаттың қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуін растай отырып ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім және кандидат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттамалық жағынан тексергені жөнінде көрсетілген өтінішхат еркін нысанда жасалады, мыналардың:

      атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын адамның), атқарушы органның басшысы болып табылатын басқару органының мүшесі тағайындалған (сайланған) кезде - көрсетілетін қызметті алушының басқару органының басшысының, ал ол болмаған жағдайда басқару органының шешімі бойынша басқару органы мүшелерінің бірінің (басқару органының осы шешімінің көшірмесін бере отырып), басқару органының басшысы және мүшелері болмаған жағдайда осы құжатқа қол қоюға уәкілетті көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің бірінің, қаржы ұйымы, холдинг қатысушыларының бірінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы, холдинг үшін);

      басқа жағдайларда - көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын адам) не оның міндетін атқаратын адамның (міндеттерді атқарудың жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып) ЭЦҚ-мен куәландырылады.

      12. Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы шет тілінде ұсынатын, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - кандидатты келісу үшін құжаттар (кандидаттың жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда) Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес заңдастырылуға немесе апостильдендірілуге тиіс. Көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылуға және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариат куәландыруға тиіс және электрондық көшірмелері нысанында ұсынылады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы кандидаттарды келісу үшін құжаттардың толық топтамасын (кандидаттарды, жауапты тұлғаларды, байланыс телефондарын және электрондық пошта мекенжайларын көрсете отырып) олар тағайындалған (сайланған) күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.

      15. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады

      Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар пакетін тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және құжаттардың қолданылу мерзімін тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған және (немесе) қолданылу мерзімінің аяқталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.

      Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      16. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі және (немесе) қолданылу мерзімі өтпеген жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкестігіне қарайды, тиісті сұрау салуды көрсетілетін қызметті берушінің мүдделі бөлімшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына және шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органдарына (қажет болған кезде) жібереді, сұрау салуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесіне және "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорға жолдау.

      Ұсынылған құжаттарда Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ішінде Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеу анықталған жағдайда, уәкілетті орган портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға оларды жою үшін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, пысықталған (түзетілген) құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы ұсынуы үшін хат жібереді. Бұл ретте уәкілетті органның кандидатты келісу үшін құжаттарды қарау мерзімі үзілмейді.

      Кандидаттың Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын қаржы ұйымдарында жұмыс өтілі болған жағдайда, уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан кандидаттың мінсіз іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы (болмауы) туралы ақпаратты сұратады не шет мемлекеттің қадағалау органының ресми интернет-ресурсынан (бар болса) осы мәліметтерді алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды кері қайтарып алуға уәкілетті орган кандидаттарды келісу туралы шешім қабылдағанға дейін, ал тестілеуге шақыру арқылы келісу кезінде кандидаттың тестілеуден өткен күніне дейін, оларды кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы еркін нысандағы жазбаша өтініш беру жолымен жол беріледі.

3-тарау. Қаржы ұйымдарының, холдингтердің, Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру және оларды тестілеуден өту үшін шақыра отырып немесе шақырмай келісу тәртібі

      17. Кандидатты келісу үшін уәкілетті органда дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін қаржы ұйымдарының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлерінің лауазымдарына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      18. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі бойынша кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақырып не Қағидалардың 21-тармағында көзделген жағдайларда шақырмай-ақ келісуді жүргізеді.

      18-1. Кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақырып келісу жөніндегі талап Ұлттық пошта операторының атқарушы органының басшысы лауазымына кандидатты келісу жағдайларына қолданылмайды.

      Ескерту. 3-тарау 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.09.2020 № 79 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оның орнындағы адамның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі сауалнамалық жолмен де қабылданады.

      20. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе бойынша Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген хаттамада өз пікірін білдіреді.

      21. Ұсынылған құжаттар негізінде тестілеуден өту үшін кандидатты шақырмай-ақ келісу туралы мәселені қарау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) кандидаттың уәкілетті органмен қаржы нарығының осы секторында, Қорда тиісті лауазымдарға бұрын келісілген-келісілмегені;

      2) кандидаттың бұрын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және (немесе) қадағалауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшысының орынбасары, дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың) басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшысының орынбасары) болған-болмағаны;

      3) кандидаттың бұрын мемлекеттік органның басқарма мүшесі, бірінші басшысы немесе бірінші басшысының орынбасары, жауапты хатшысы болған-болмағаны;

      4) атқарушы органның басшысы лауазымына кандидатта (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын адамда) кемінде 3 (үш) жыл мынадай еңбек өтілінің болуы:

      қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығының осы секторында, Қорда және (немесе) Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған атқарушы органның басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтер;

      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы, қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған қаржылық және (немесе) басқарушы директор, атқарушы директор;

      5) басқару органының басшысы лауазымына кандидатта кемінде 2 (екі) жыл мынадай еңбек өтілінің болуы:

      қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығында, Қорда және (немесе) Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған);

      бас бухгалтер;

      6) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы және мүшесі лауазымына кандидатта кемінде 3 (үш) жыл мынадай еңбек өтілінің болуы:

      қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығында және (немесе) Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған);

      бас бухгалтер;

      7) сақтандыру брокерінің басшысы орынбасарының, атқарушы органы мүшесінің лауазымдарына кандидаттың қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың қауіпсіздік мәселелеріне және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша ғана жетекшілік жасауы;

      8) сақтандыру брокері басшысының орынбасары, қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидатта кемінде 2 (екі) жыл мынадай еңбек өтілінің болуы:

      қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығының осы секторында, Қорда және (немесе) Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік жасаған атқарушы органның басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;

      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшысының орынбасары), қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған қаржылық және (немесе) басқарушы, атқарушы директор;

      9) кандидатты бас бухгалтер лауазымына келісу;

      10) кандидатты қаржы нарығының осы секторындағы қаржы ұйымының, Қордың басшы қызметкері лауазымына келісу кезінде уәкілетті органда өткен тестілеудің оң нәтижесінің болуы.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін тестілеудің оң нәтижелері есептелетін мерзім кандидаттың уәкілетті органда тестілеуден өткен күнінен бастап 6 (алты) айдан аспайды;

      11) өзге басшы қызметкер лауазымына кандидатта кемінде 1 (бір) жыл мынадай еңбек өтілінің болуы:

      қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған атқарушы органның басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;

      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы, қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жетекшілік жасаған қаржылық және (немесе) басқарушы, атқарушы директор;

      12) кандидатты басқару органының мүшесі лауазымына келісу.

      22. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған, тестіден өту күні, уақыты және өткізу орны қамтылған хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдау арқылы Комиссия кандидатты тестілеуден өтуге шақыра отырып, оны келісу туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган қаржы ұйымын, холдингті, Қорды тестілеу өткізу күні және уақыты туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

      23. Қаржы ұйымы, холдинг, Қор кандидаттың уәкілетті орган белгілеген күні мен уақытта тестілеуден өту үшін уәкілетті органға келуін қамтамасыз етеді.

      24. Тестілеуден өту үшін шақырылған кандидаттарды келісу 30 сұрақ бойынша 45 минуттың ішінде компьютерлік тестілеу әдісімен қазақ немесе орыс, немесе ағылшын тілдерінде өткізіледі.

      Тестілейтін тұлғамен бірге бір үй-жайда кандидаттарды тестілеу уақытында тек уәкілетті органның қызметкерлері болуына рұқсат беріледі.

      Кандидат тестілеуден өту кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақта баяндалған талаптарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне тең келеді.

      Кандидат тестілеуден өткеннен кейін тез арада қол қою арқылы тест нәтижелерімен танысуға тиіс.

      25. Тестілеудің оң нәтижесін алған кезде (кемінде жетпіс пайыз дұрыс жауап) кандидат тағайындалған (сайланған) лауазымына келісілген болып есептеледі.

      26. Кандидаттарды тестілеу уәкілетті органның интернет-ресурсында онлайн режимде көрсетумен өткізіледі.

      27. Жауапты бөлімшенің қызметкері кандидат тестілеуден өткеннен кейін немесе Комиссия кандидатты тестілеуден өту үшін шақырмай келісу және (немесе) келісуден бас тарту туралы мәселе бойынша шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы мәлімет қамтылған хат жобасын дайындайды.

      28. Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарды келісу нәтижелері туралы мәлімет не Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қамтылған хатқа қол қойған күні көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жібереді.

      29. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

4 тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      30. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті органның басшысына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа жолданады.

      31. Уәкілетті органның басшысына жолданатын шағымда мыналар:

      1) тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы (жеке тұлға үшін);

      2) атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні (заңды тұлға үшін) көрсетіледі.

      Уәкілетті орган басшысының шағымды қабылдауының растауы шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсетумен уәкілетті органның кеңсесінде оны тіркеу болып табылады

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген Бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жіберген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

  Мінсіз іскерлік беделінің
болмауы өлшемшарттарын қоса
алғанда, қаржы ұйымдарының,
банк, сақтандыру
холдингтерінің, "Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры"
акционерлік қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидалары және келісім алу
үшін қажетті
құжаттар тізбесіне
1-қосымша
  Нысан

Басшы қызметкерлер құрамын өзгерту туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атауы)

Басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Лауазымы

Тағайындалған (сайланған), ауысқан, жұмыстан босатылған (өкілеттіктер тоқтатылған) күні

Тағайындау, (сайлау), ауысу, жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) туралы шешім (бұйрық) нөмірі, күні

1

2

3

4

5






      Қосымша (парақ санын көрсете отырып):

      ________________________________________________________________________________

      Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ______________________

      (қолы)

      20 __ жылғы "____"___________________

  Мінсіз іскерлік беделінің
болмауы өлшемшарттарын қоса
алғанда, қаржы ұйымдарының,
банк, сақтандыру
холдингтерінің, "Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры"
акционерлік қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидалары және келісім алу
үшін қажетті
құжаттар тізбесіне
2-қосымша

"Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға құжаттар топтамасын толық берген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттарды бекіту нәтижелері туралы ақпаратты немесе осы мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Алым мөлшерлемесі:
1) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерінің, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім берген кезде - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер немесе лицензиясы бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарийдің және бірыңғай оператордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім берген кезде - қызмет тегін көрсетіледі.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі

1) Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалардың және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - Қағидалар) 11-тармағына сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (алымды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда);
3) акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушының басқару органының кандидаттың өзге ұйымда жұмыс істеуіне келісім беруі туралы шешімінің үзхінді-көшірмесінің электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы мүшелігіне кандидат басқа ұйымда жұмыс істеген жағдайда). Бұл құжат, егер ол Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті органның кандидатты келісу туралы өтінішхаты берілгенге дейін ұсынылған басшы қызметкерлердің құрамының өзгергені туралы хабарламаға қоса берілген жағдайда, ұсынуға жатпайды;
4) қаржы ұйымында, холдингте, Қорда жұмыс істеуге кандидатқа келісім беру туралы акционерлік қоғамның басқару органының шешімінен үзінді-көшірменің электрондық көшірмесі (кандидат акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болған жағдайда);
5) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
6) азаматы болып табылатын елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) азаматы болып табылатын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін - тұрақты тұратын елі) немесе кандидат соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрған елдің мемлекеттік органы берген қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болмауы туралы құжаттың электрондық көшірмесі. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат беру күніне дейінгі 3 (үш) айдан аспайды (көрсетілген құжатта оның қолданылуының өзгеше мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда).
Бұл құжатты азаматы болып табылатын елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) тиісті органы уәкілетті органға жауап жіберу арқылы ұсына алады;
7) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кәсіби бухгалтер сертификатының электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
8) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
9) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін);
10) кандидатты тағайындау (сайлау), басшы лауазымға ауыстыру туралы құжаттың электрондық көшірмесі (Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес басшы қызметкерлер құрамының өзгергені туралы уәкілетті органға хабарлағанға дейін кандидатты келісу туралы өтінішхат берген жағдайда).
Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден құжаттарда көрсетілген ақпаратты "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады:
Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының жеке тұрғынынан алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) басшы қызметкерлердің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-2 және 34-баптарында, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабында, "Бағалы қағаздар нарығы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабында және 63-бабының 5-тармағында, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестілеудің кері нәтижелері;
3) көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе осы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет стандартының 3-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін уәкілетті органның ескертулерімен пысықталған құжаттарды ұсынуы;
4) заңды тұлға сақтандыру және (немесе) банк холдингі мәртебесін алған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) банктің акцияларын сатып алған күннен бастап немесе ол тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткеннен кейін кандидатты келісуге құжаттарды ұсыну;
5) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында аяқталған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтірген мәміле тарабы болғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Бұл талап көрсетілген оқиғалардың неғұрлым ертерек басталған күнінен бастап бір жыл ішінде қолданылады:
уәкілетті органның ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы;
уәкілетті органның аталған мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) келтірілген залалды растайтын фактілерді алуы;
6) уәкілетті органда оған қатысты бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілені жасағаны үшін уәкілетті орган 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген қадағалау шараларын қолданған және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы және (немесе) іс-әрекеттері қаржы ұйымына және (немесе) осы мәмілеге қатысушы үшінші тұлғаға (үшінші тараптарға) залал келтірген қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.
Бұл талап аталған оқиғалардың неғұрлым ертерек басталған күнінен бастап бір жыл ішінде қолданылады:
уәкілетті органның ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы;
уәкілетті органның қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тараптарға) осы мәмілені жасау нәтижесінде келтірілген залалды растайтын фактілерді алуы.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін оның құзыретіне жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша шешім қабылдау кіретін басшы қызметкер не оның міндеттерін атқарған адам және (немесе) биржалық трейдер қаржы ұйымының қызметкері деп түсініледі.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие.
Порталда іркілістер не техникалық қателер анықталған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына (бұдан әрі - оператор) хабарлайды. Мұндай жағдайда оператор аталған мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған уәкілетті органмен бірге қол қояды.
Көрсетілетін қызметті алушының банк ашуға рұқсат алуы шеңберінде көзделген банктің немесе банк холдингінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жиынтықта көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құруға рұқсат алуы шеңберінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жиынтықта көрсету мүмкіндігін көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

  Мінсіз іскерлік беделінің
болмауы өлшемшарттарын қоса
алғанда, қаржы ұйымдарының,
банк, сақтандыру
холдингтерінің, "Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры"
акционерлік қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидалары және келісім алу
үшін қажетті
құжаттар тізбесіне
3-қосымша
  Нысан

     


Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні мен жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5






      3. Зайыбы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (зайыбының (жұбайының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      4. Кандидат оған қатысты ірі акционер болып табылатын не мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)*

1

2

3

4





      Ескертпе: * сенімгерлік басқарудағы кандидаттың акцияларын (үлесін) ескере отырып акцияларды (үлесті), сондай-ақ кандидат өзге адамдармен жиынтықта иелену нәтижесінде ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлес) санын көрсету қажет.

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта кандидаттың (басқару органындағы мүшелілігі), оның ішінде жоғары оқу орнын аяқтаған сәттен бастап еңбек қызметі туралы мәліметтер уәкілетті органға келісу туралы өтінішхатты ұсынған тұлғаның қаржы ұйымындағы, холдингтегі, Қордағы лауазымдары көрсетіле отырып, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жасамаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі*

Жұмыс орны**

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

Өзге мәліметтер***

1

2

3

4

5

6

7








      Ескертпе: * қаржы ұйымдарында (оның ішінде сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру бойынша өкілеттіктері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдары), банк немесе сақтандыру холдингтерінде, Қорда, Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалардың және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының біреуінде, аудиторлық ұйымдарда, қаржы қызметтерін және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдарда және өзге де мемлекеттік органдарда (басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, мемлекеттік органның жауапаты хатшысы лауазымында), сондай-ақ қаржы ұйымдарының басқару органдарындағы (оның ішінде сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру бойынша өкілеттіктері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдары), банк немесе сақтандыру холдингтерінде, Қорда мүшелігі туралы мәліметтер, күні, айы, жылы көрсетіледі. Қалған жағдайларда жылы көрсетіледі.

      ** егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі.

      *** қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары) қаржы, басқарушы және (немесе) атқарушы директорының лауазымына орналасқан жағдайда жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі;

      аудиторлық қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызметті реттеуге қатысты негізгі функционалдық міндеттемелер көрсетіледі.

      6. Кандидаттың салықтар бойынша аудитті қоса алғанда қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге қатысу туралы мәліметтер:

      ________________________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауы, аудит жүргізу мерзімі, сондай-ақ кандидаттың

      ________________________________________________________________________________

      аудит жүргізілген қаржылық есепке орындаушы аудитор ретінде (бар болса) қол қойған күні көрсетіледі)

      7. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5






      8. Кандидат бұрын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банкті төлем жасау қабілеті жоқ банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оны таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген қаржы ұйымының лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейінгі не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде атқарушы органның басшысы, мүшесі (атқарушы органның функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға), қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, қаржы ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының (банктік, сақтандыру холдингінің) басшысы болған-болғандығы туралы мәліметтер _____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      9. Кандидат бұрын қатарынан төрт және одан да ұзақ кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша куподық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолт жіберілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасы төрт есе және (немесе) купондық сыйақының одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері ақы төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен оны мың есе асатын соманы құраған (Қор басшы қызметкерінің лауазымына кандидат толтырмайды) эмитент басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға болып табылатын

      ірі қатысушы (ірі акционер), басқару органының басшысы, мүшесі,

      атқару органының басшысы, мүшесі, заңды тұлға болып

      табылатын ірі қатысушы (ірі акционердің) бас бухгалтері

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      10. Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшысы ретінде қаржы ұйымының, холдингтің, Қор қызметінің мәселелері бойынша сот талқылауларында жауапкер ретінде тартылған-тартылмағандығы

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), күні, ұйымның,

      ________________________________________________________________________________

      сот талқылауындағы жауапкердің атауы, қаралған мәселе заңды күшіне енген

      ________________________________________________________________________________

      сот шешімі көрсетілсін (ол шығарылған жағдайда)

      11. Қаржы ұйымдарында, холдингте, Қорда жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер және құжаттарға қол қоюға өкілетті кандидат туралы мәліметтер, растайтын құжаттарымен қоса беріледі (өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат толтырады)

      ________________________________________________________________________________

      12. Қаржы ұйымдарында, холдингте, Қорда жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер туралы мәліметтер растайтын құжаттарымен қоса беріледі (қаржы ұйымдарының, холдингтің, Қордың тек қауіпсіздік мәселелеріне және (немесе) әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін атқарушы органы мүшесінің лауазымына кандидат толтырады)

      ________________________________________________________________________________

      13. Тағайындалған (сайланған) күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жазаға тартылған-тартылмағаны (Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидат толтырмайды)

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы

      ________________________________________________________________________________

      жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып, тәртіптік жаза қолдану

      _________________________________________________________________________ туралы

      актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге және заңмен қорғалатын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      (кандидат баспа қаріптерімен өз қолымен толтырады)

      Қолы ___________________________________________________________________________

      Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:

      Мен,____________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін "Акционерлік қоғамдар туралы"

      2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға

      сәйкес келетінімді растаймын.

      Қолы ____________________

      Күні _____________________

  Мінсіз іскерлік беделінің
болмауы өлшемшарттарын қоса
алғанда, қаржы ұйымдарының,
банк, сақтандыру
холдингтерінің, "Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры"
акционерлік қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидалары және келісім алу
үшін қажетті
құжаттар тізбесіне
4-қосымша
  нысан

Комиссияның қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидатты

      ________________________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерінің лауазымына кандидаттың тегі,

      аты, әкесінің аты (ол бар болса) қарау бойынша

      № ___ Хаттама ____ жылғы "___"_________

Комиссия Төрағасының және мүшелерінің тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса)

Тестілеуге шақырмай келісу

Тестілеуге жіберу және тестілеу оң нәтижесі болған кезде келісу

Келісуден бас тарту

1

2

3

4

5

1





      Комиссия

      Төрағасы _______________________________________ _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))            (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігінің
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 43 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14784 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. "Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 260 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16234 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банктің, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 26 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16563 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу" туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 246 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17972 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 6-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 263 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19845 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 3-тармағы.