Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 263 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 қаңтарда № 19845 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2019 жылғы "____"____________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 263 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7542 тіркелген, 2012 жылғы 30 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 360-364 (27438) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларында:

      кіріспе алып тасталсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға арналған өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды және Заңның 62-бабының 4-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, электрондық құжат нысанында "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ұсынады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынады.";

      қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға арналған өтінішхат осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9324 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) лицензия алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш;

      2) жарғының электрондық көшірмесі;

      3) өтініш берушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін төлегендігін растайтын құжаттардын электрондық көшірмелері;

      4) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акционер (қатысушы) туралы мәліметтерді (заңды тұлға үшін) және Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акционер (қатысушы) туралы мәліметтерді (жеке тұлға үшін) электрондық құжат түрінде;

      5) Қазақстан Республикасының резиденті емес өтініш берушінің қатысушысы (акционері) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын және резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелу күні және орны туралы ақпарат қамтылатын, нотариат куәландырған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасы бар сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа заңдастырылған құжаттың электрондық көшірмесі;

      6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14784 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттардын электрондық көшірмелері;

      7) қызметкерлердің тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штат кестесі электрондық құжат түрінде;

      8) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру бойынша міндеттер жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер электрондық құжаттар түрінде;

      9) өтініш берушіде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарының және өзге де жабдықтарының болуын растайтын мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері:

      жабдықты жеткізу шарты;

      жабдықты қабылдау-өткізу актісі;

      лицензиялардың санын көрсете отырып бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шарты;

      бағдарламалық қамтамасыз етудің қабылдау-өткізу актісі;

      қорғауды және қауіпсіздікті ұйымдастыру құжаттары (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаттамасы, деректерге қол жетімділікті бөлу тетігінің сипаттамасы, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау тетіктері).

      Өтініш беруші бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа тұлға бағдарламалық өнімді өтініш берушіге өтеусіз тапсырған жағдайда осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

      Сондай-ақ, ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелер, деректер базасын басқару жүйелері) версиялар, лицензияның болуы туралы мәліметтер.

      Құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің бірінші басшысының қолымен куәландырылады;

      10) өтініш беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік баланс электрондық құжат түрінде;

      11) ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, өтініш беруші атқарушы органының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жылға өтініш берушінің қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі;

      12) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен сауда-саттықты ұйымдастырушының өзара қарым-қатынасын айқындайтын бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларыдың электрондық көшірмесі (бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер өтініш берушілер үшін) электрондық құжат түрінде;

      13) клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларыдың (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер өтініш берушілер үшін) электрондық құжат түрінде.";

      3-тармақ алып тасталсын.

      3. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының (сақтандыру
холдингінің) өз еркімен қайта
ұйымдастырылуына рұқсат беру
не аталған рұқсатты беруден бас
тарту қағидаларына
қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның атауы)
басшысына

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға арналған өтінішхат

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

                              (өтініш берушінің атауы)

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің жалпы жиналысының

      _____ жылғы"____" _____________ № __________шешіміне сәйкес _____

      __________________________________________________________________

                              (өткізілген орны)

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (заңды тұлғаға (тұлғаларға) (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) арқылы (керегінің асты сызылсын) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беруді сұрайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.

      Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің атынан уәкілетті адам

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісім беремін.

      _________________________

                  (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.