"Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 260 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қаңтарда № 16234 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14784 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларында және келісім алу үшін қажетті құжаттардың тізбесінде:

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл жағдайда қаржы ұйымы, холдинг, Қор басшы қызметкердің жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) не оның басқа лауазымға ауысқан күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде осы кандидаттың осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі көрсетілетін ілеспе хатпен, басшы қызметкерді тиісті лауазымға тағайындау (сайлау) туралы осы қаржы ұйымының, осы холдингтің немесе Қордың уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірменің көшірмесін ұсынады. Өзге құжаттарды ұсыну талап етілмейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Банктер туралы заңның 20-бабына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабына, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабына, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабына сәйкес кандидатты тағайындау (сайлау) үшін кандидаттың халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмыс стажына мынадай халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмысы кіреді:

      Азия Даму Банкі;

      Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі;

      Америкааралық Даму Банкі;

      Африка Даму Банкі;

      Дүниежүзілік Банк;

      Дүниежүзілік сауда ұйымы;

      Еуразия даму банкі;

      Еуропа Инвестициялық Банкі;

      Еуропа Қайта құру және Даму Банкі;

      Еуропалық бағалы қағаздар және нарықтар ұйымы;

      Еуропалық банк ұйымы;

      Еуропалық банк федерациясы;

      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі;

      Еуропалық сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру ұйымы;

      Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі;

      Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталық;

      Ислам Даму Банкі;

      Исламдық қаржылық қызметтер кеңесі;

      Сақтандыруды қадағалаудың халықаралық қауымдастығы;

      Солтүстік инвестициялық банк;

      Халықаралық бағалы қағаздар комиссиясы;

      Халықаралық Валюта Қоры;

      Халықаралық Даму Қауымдастығы;

      Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелері қауымдастығы;

      Халықаралық есеп айырысу банкі;

      Халықаралық зейнетақы қадағалау органдары ұйымы;

      Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі;

      Халықаралық Қаржы Корпорациясы;

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы.";

      5-тармақтың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін);

      9) кандидатта азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын, олардың азаматтығы бар елдің (олар тұрғылықты тұратын елдің – азаматтығы жоқ адамдар үшін) не кандидат соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрғылықты тұрған елдің мемлекеттік органы берген құжат. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қаржы ұйымы, холдинг, Қор кандидаттарды келісу үшін уәкілетті органға олар тағайындалған (сайланған) күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмейтін мерзімде құжаттардың толық топтамасын (кандидаттарды, жауапты тұлғаларды, байланыс телефондарын және электрондық пошта мекенжайларын көрсете отырып) ұсынады.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы:

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Қаржы ұйымы, холдинг, Қор Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес кандидатты келісуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Кандидатты келісу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Ұсынылған құжаттарды қарау мерзімі ішінде олардың Қағидалардың осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган қаржы ұйымына, холдингке, Қорға оларды жою және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін ескертулермен хат жібереді. Бұл ретте уәкілетті органның кандидатты келісуге арналған құжаттарды қарау мерзімі үзілмейді.

      Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды кері қайтарып алуға уәкілетті орган кандидаттарды келісу туралы шешім қабылдағанға дейін, ал тестілеуге шақыру арқылы келісу кезінде кандидаттың тестілеуден өту күніне дейін, оларды кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың еркін нысандағы жазбаша өтініш беру жолымен жол беріледі.";

      2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшы қызметкердің лауазымына кандидат туралы мәліметтер осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 260 қаулысына
қосымша
  Қаржы ұйымдарының, банк,
сақтандыру холдингтерінің,
"Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры" акционерлік
қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидаларына және келісімді
алуға қажетті құжаттардың
тізбесіне 2-қосымша
  нысан

фотосуреттің орны

Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса), лауазымы)

      1. Жалпы мәлiметтер:

Туған күні мен жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күнi - аяқтаған күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса - күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5






      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары)

      және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы

      мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5






      4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын

      иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ уәкiлеттi органға мүшелігі),

      оның iшiнде уәкiлеттi органға келісу туралы өтiнiштi берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі,

      Қордағы лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек

      қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең

      көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5

6







      6. Кандидаттың қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуі туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, кандидат аудитор-

      ________________________________________________________________________________

      орындаушы ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету қажет).

      7. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде

      мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5






      8. Қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты болған дербес құрылымдық

      бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиал) басшысы (басшысының орынбасары),

      осы ұйымда және (немесе) басқа ұйымдарда қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты

      мәселелер бойынша жетекшілік жасаған қаржылық және (немесе) басқарушы және (немесе)

      директор лауазымында болғаны туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Жетекшілік жасайтын құрылымдық бөлімшелер және қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелер

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5






      9. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі

      уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу,

      қаржы ұйымын таратуға әкеп соққан оны лицензиядан айыру және (немесе) қаржы нарығында

      қызметін жүзеге асыруды тоқтату туралы шешім қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп

      тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот

      деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне ену дейін кем дегенде 1 (бір) жылдан аспайтын

      кезеңде кандидаттың бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі,

      атқарушы органның (тіркеуші трансфер-агенттің атқару органының функциясын жеке жүзеге

      асыратын адам және оның орынбасары) басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, жеке тұлға – ірі

      қатысушысы (банк немесе сақтандыру холдингінің), қаржы ұйымының заңды тұлғасы – ірі

      қатысушының басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болғандығы

      туралы мәліметтер ______________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      ________________________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс кезеңiн көрсету қажет)

      10. Кандидат бұрын төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы

      қағаздар бойынша купонды сыйақыны төлеуден дефолт жіберген не дефолт жіберген

      шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купонды сыйақыны төлеу бойынша

      берешек сомасы купонды сыйақының төрт еселік және (немесе) және одан астам мөлшерін

      құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу

      жөніндегі дефолт мөлшері төлеу күні республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген

      айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын эмитент басқару органының

      басшысы, мүшесі, атқарушы органның қатарынан басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас

      бухгалтері, жеке тұлға ірі қатысушы (ірі акционер), басқару органының басшысы, мүшесі,

      атқарушы органның қатарынан басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, заңды

      тұлға ірі қатысушы (ірі акционер) болғандығы туралы мәліметтер (Қордың басшы қызметкері

      лауазымына кандидат толтырмайды)________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      ________________________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс кезеңiн көрсету қажет)

      11. Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшысы ретінде қаржы ұйымы, холдинг,

      Қор қызметінің мәселелері бойынша сот талқылауларына жауап беруші ретінде тартылды

      ма______________________________________________________________________________

      (иә/жоқ, күнін,

      ________________________________________________________________________________

      қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атауын, сот

      ________________________________________________________________________________

      талқылауына жауап берушіні, қаралып отырған мәселені және заңды күшіне енген

      (ол шығарылған жағдайда) сот шешімін

      ________________________________________________________________________________

      көрсету қажет)

      12. Кандидат тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық

      қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны

      үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма (Қордың басшы қызметкері лауазымына

      кандидат толтырмайды) _____________

      (иә (жоқ),

      ________________________________________________________________________________

      құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы,

      ________________________________________________________________________________

      жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып, тәртіптік жаза қолдану

      ________________________________________________________________________________

      туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін, мінсіз

      іскери беделі болуын растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді

      жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      (кандидат өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы _______________________

Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:
Мен,
_____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.
Қолы _____________________

      Күні _____________________