Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 қарашада № 14422 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша күші жойылсын.

      3. Төлем жүйелерi департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрі

      М. Бекетаев_________

      2016 жылғы 3 қазан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      Б. Сұлтанов_________

      2016 жылғы 21 қыркүйек

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 207 қаулысымен
бекітілген

Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының банктерінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда, заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда Азаматтық кодексте, Салық кодексінде және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңды көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғым пайдаланылады:

      серпінді сәйкестендіру – клиенттік банктік шот ашуға арналған өтінішке қол қою және банктік қызмет көрсету шартына қол қою құқығын біржолғы кодты қолдану арқылы бір мағыналы екендігін растау мақсатымен клиенттің жеке басын анықтау рәсімі.

      3. Банктік шоттар ағымдағы, жинақ және корреспонденттік шоттар болып бөлінеді, осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, теңгемен және сол сияқты шетел валютасымен ашылады және жүргізіледі.

      4. Корреспонденттік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 143350 болып тіркелген "Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысымен бекітілген банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды бекіту қағидаларында айқындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Банктік шоттар ашу

1-параграф. Жалпы ережелер

      5. Банктiк шот клиент пен банк арасында банктік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты (бұдан әрі – банктік қызмет көрсету шарты) жасалған кезде банк қағаз тасымалдауышта немесе электрондық түрде ұсынған банк белгілеген нысан бойынша клиенттің өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде ашылады.

      Тұрғын үй төлемдерін есептеуге және "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Тұрғын үй қатынастары туралы заң) сәйкес мақсаттарға арналған төлемдерді жүзеге асыруға арналған банктік шот банк, тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылатын қызметкер - клиент және қызметкері тұрғын үй төлемдерін алушы мемлекеттік мекеме арасында "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысымен (бұдан әрі - № 1727 қағидалар) бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларына 10-қосымшаға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен (бұдан әрі - № 49 қағидалар) бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына сәйкес тұрғын үй төлемдері туралы шарт жасаған кезде ашылады.

      Клиент пен банк Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10610 тіркелген "Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес білім беру жинақтау салымы туралы шарт жасаған кезде "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң) сәйкес білім беру жинақтау салымы үшін арналған банктік шот.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Тұрғын үй қатынастары туралы шартты және білім беру жинақтау салымы туралы шартты қоспағанда банктік қызмет көрсету шартына мыналар кіреді:

      1) қосылу шартын қоспағанда клиенттің сәйкестендіру нөмірі;

      2) қосылу шартын қоспағанда жеке сәйкестендіру коды;

      3) клиенттік банктік шотында тұрған ақшаны басқару тәртібі;

      4) банктің қызмет көрсету талаптары және оларға ақы төлеу тәртібі;

      5) клиенттік банктік шотын жабу туралы өтініші негізінде банктік шотты жабу мерзімі.

      7. Клиенттің ақшасын есепке алу үшін клиентке банктік шот ашу кезінде банк оған банк клиентінің банктік шотының нөмірі болып табылатын жеке сәйкестендіру кодын тағайындайды.

      8. Клиентке банктік шотты ашқан не клиент банкке өтініш жасаған кезде оны ашқаннан кейін банк клиентке еркін жазбаша нысанда немесе электрондық түрде растама береді, онда, банктік шоттың нөмірі банктік қызмет көрсету шартында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттың нөмірі көрсетіледі.

      Клиент Ереженің 27, 27-1 және 28-тармақтарында көзделген тәртіппен ашылған ағымдағы шотты растау үшін банкке жүгінген жағдайда, банк есепке алу үшін осындай шот ашылатын төлемдердің атауын көрсете отырып, "арнайы шот" белгісін қосымша қояды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымына бақылау дәрежесі кіреді.

      Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      Бақылау дәрежесін есептеу және тексеру алгоритмі осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      10. Клиентке банктік шот ашуды банк "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) 5-бабына сәйкес клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылданғаннан кейін жүзеге асырады.

      11. Клиент-жеке тұлға банктік шотты ашқан кезде, егер банк пен клиент арасындағы банктік қызмет көрсету шартында мұндай талаптар көзделмесе, кәсіпкерлік, нотариалдық қызметпен, адвокаттық қызметпен, атқару құжаттарын орындау бойынша қызметпен медиация тәртібімен дауларды реттеу бойынша қызметпен байланысты операциялардың банктік шот бойынша жүргізілмегені туралы мәліметтер көрсетілетін банктік шот ашу туралы өтініш ұсынады.

      12. Клиент банкке электрондық түрде ұсынатын өтініште Қағидалардың 21-тармағында көзделген мәліметтерді қоса алғанда, КЖТҚҚ туралы заңға сәйкес клиенттерді (оның өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру үшін қажетті мәліметтер бар.

      13. Өтінішті клиент банкке электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе серпінді сәйкестендіруді қолдана отырып электрондық түрде ұсынады.

      14. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша банктік қызмет көрсету шартын банктің ішкі құжаттарында көзделген қауіпсіздік рәсімдерін қолдана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе динамикалық сәйкестендіруді пайдаланумен, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10212 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 521 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 235 қаулысымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда көзделген тиісті тексеруге қойылған талаптарды ескере отырып, электрондық түрде жасауға рұқсат беріледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Банктік шотты банктік қызмет көрсету шарты негізінде ашу кезінде мынадай құжаттар клиенттің банктік шоттағы ақшаға иелік етуі мақсатында пайдаланылады:

      1) Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері бар құжат;

      2) Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің банктік шотын жүргізуге (банктік шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жасалған кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

      Банктік шот бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін клиент банкке өтініш білдірген кезде, клиентке банктік шот қашықтан ашу тәсілімен ашылған жағдайларды қоспағанда, банктік қызмет көрсету шарты жасалғаннан кейін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынуға жол беріледі.

      Банктік шот клиентке қашықтан ашу тәсілімен ашылған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжатты ұсыну талап етілмейді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Клиент бір банкте (оның филиалдары мен бөлімшелерінде) екінші және одан кейінгі банктік шоттарды ашқан жағдайда, банк клиенттің банктік шот ашу үшін көзделген құжаттарды (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін - бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсатын және клиент-жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда) мынадай жағдайлардың бірі болса:

      1) егер клиент алғашқы банктік шотты ашқан банкте (банктің филиалында, бөлімшесінде) банктік шот ашатын болса;

      2) егер клиентке алғашқы банктік шот ашылған банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) Қағидаларға сәйкес банктік шот ашу үшін қажетті құжаттардың толық топтамасының бар екені туралы растауы болса, қайтадан тапсыруын талап етпейді.

      Клиентке банктік шот қашықтан ашу тәсілімен ашылған кезде Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаға қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы бір банкте (оның филиалдарында және бөлімшелерінде) екінші және одан кейінгі банктік шоттарды ашу клиенттің банктік шотты ашу үшін көзделген құжаттарды ұсынуынсыз жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Заңды тұлға - клиентке бір банкте (банктің филиалында, бөлімшесінде) қол қою үлгілері бар бір құжаттың негізінде банкте банктік шот ашу үшін қажетті басқа құжаттар болған, сондай-ақ мынадай талаптар орындалған жағдайда бірнеше банктік шотты ашуға жол беріледі:

      1) банкте (банктің филиалында, бөлімшесінде) әрбір клиент бойынша электрондық түрде істі қалыптастыру жөніндегі қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – электрондық досье) және банкте (банктің филиалында, бөлімшесінде) банктік шоттың болуы туралы ақпарат болуға тиіс;

      2) банктік шотты ашу кезінде клиенттің электрондық досьесінде өзгерістер болмауға тиіс.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Клиенттің алғашқы банктік шоты ашылған банктің басқа филиалында (бөлімшесінде) құжаттардың толық топтамасының бар екенін, оның ішінде қолда бар құжаттарды электрондық түрде беру жолымен банктің (филиалдың, бөлімшенің) растау тәртібін банк дербес белгілейді.

      19. Салық кодексінің 24-бабы бірінші бөлігінің 1), 4), 6), 8) 11), 13) және 15) тармақшаларында көзделген талаптардың орындау мақсатында банк Салық кодексінің 24-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасының үшінші бөлігіне сәйкес бюджетке салықтардың және төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жатқызылған, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік кірістер органы) өз құзыретінің шегінде ұсынатын салық төлеушілер туралы ақпаратты пайдаланады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      20. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Банк клиент-жеке тұлғаға банктік шот ашу кезінде КЖТҚҚ туралы заңның 5-бабының 5-тармағына сәйкес банктік шот ашу кезінде клиент-жеке тұлға ұсынған мәліметтер негізінде клиент-жеке тұлғаға салықтық резиденттік белгілейді.

      22. Қағидаларға сәйкес банктік шот ашу үшін клиент ұсынған құжаттар, егер оларды банкке клиент бұған дейін КЖТҚҚ туралы заңда көзделген клиентті (оның өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша шаралар шеңберінде ұсынса, клиент банкке қайтадан ұсынбайды.

      23. Банктік шот ашу үшін клиент берген құжаттар банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе жеке-жеке не түпнұсқада клиенттер бойынша құжаттарды бөле отырып жалпы істе сақталады.

      Көшірмелері клиент ісінде (жалпы істе) сақталатын жеке басты куәландыратын құжаттар, жарғылар, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) өндіріп алу туралы сот актісі не 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі – Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс) сәйкес жасалған алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) төлеу туралы нотариат куәландырған келісім, сауда тізілімінен үзінді-көшірмелер не ұқсас сипаттағы басқа да құжаттар (оқшауланған бөлімшелер үшін – ережелер), үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің жүзеге асырылу фактісін растайтын құжаттар, заңды тұлғалар-клиенттерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлғалар-клиенттердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар және банкте операциялар жасау құқығына берілген сенімхаттар кірмейді.

      Егер банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) электрондық досье қалыптастыру мүмкіндігі болса, клиенттің құжаттарын, оның ішінде түпнұсқалар болып табылмайтын құжаттарын қағаз тасымалдағыштарда қосымша сақтамай-ақ электрондық түрде сақтауға жол беріледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Клиенттің банктік шотын ашу кезінде банк мемлекеттік кірістер органдарына Салық кодексінің 24-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған тәртіпте, жағдайларда және мерзімде хабарлайды.

      Қосылған құн салығы бойынша есеп айырысу қозғалысын есепке алуға арналған ағымдағы шотты (бұдан әрі - ҚҚС бақылау шоты) ашу кезінде банк мемлекеттік кірістер органдарына Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 25-бабының 10-1-тармағында айқындалған тәртіпте ақпарат ұсынады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) қаулысымен.

      25. Банк банктік шоттарды ашудан бас тартуды Салық кодексінің 24-бабы бірінші бөлігінің 15) тармақшасында, КЖТҚҚ туралы заңның 13-бабының 1-тармағында, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 27-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша, Қағидаларда көзделген құжаттар ұсынылмаған не клиент пен банк арасында мәміле жасалмаған жағдайларда жүзеге асырады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Банктік шот шарты бойынша ағымдағы шоттар ашу

      26. Ағымдағы шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғалары және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-жеке тұлғалары:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      2) дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі (жекеше нотариустар үшін) не электрондық лицензияның "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған көшірмесі;

      адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі (адвокаттар үшін) не электрондық лицензияның "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған көшірмесі;

      атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі (жеке сот орындаушылары үшін) не электрондық лицензияның "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған көшірмесі;

      медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (кәсіби медиаторлар үшін);

      3) Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалары және олардың филиалдары мен өкілдіктері, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғалары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

      филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі;

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес бюджетке салықтардың және төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның рұқсаты (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін);

      4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғалары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      сауда тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осындай сипаттағы, бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелген күні және орны туралы ақпарат бар, қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы бар және қажет болған жағдайда заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      5) шаруа (фермерлік) қожалықтары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      6) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, олардың филиалдары, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы сот не акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі;

      Ұлттық Банктің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;

      Ұлттық Банктің банк және өзге де операцияларды жүргізуге не сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесі;

      7) шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктер:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      дипломатиялық және консулдық өкілдіктің тіркелуін растау туралы нотаның көшірмесі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаларына мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер есептеу үшін олардың талап етуі бойынша ағымдағы шот ашылған кезде клиент банкке мыналарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) растайтын құжаттарымен қоса ағымдағы шоттың мақсаты бар өтініш.

      27-1. Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалар –алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушыларға олардың талап етуі бойынша алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотты ашу кезінде клиент банкке:

      1) алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушының жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) ағымдағы шоттың мақсаты қамтылған өтінішті;

      3) алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) өндіріп алу туралы сот актісінің немесе Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес жасалған алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) төлеу туралы нотариат куәландырған келісімнің көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. Қағида 27-1-тармақпен толықтырды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Тұрғын үй төлемдерін есептеуге және Тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес мақсатқа төлемдерді жүзеге асыруға арналған ағымдағы шот ашу үшін:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) ағымдағы шоттың мақсаты бар өтініш;

      3) № 1727 қағидаларға 4-қосымшаға не № 49 қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы (банкке ұсыну үшін) анықтама және (немесе) № 1727 қағидаларға 6-қосымшаға не № 49 қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы (банкке ұсыну үшін) анықтама.

      4) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28-1. ҚҚС бақылау шотын ашу үшін клиент:

      Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент банкке Қағидалардың 26-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынады;

      дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор банкке Қағидалардың 26-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынады.

      Клиенттің осы банкте банктік шоты болған жағдайда және қосымша құн салығының сомасын аудару үшін осы банкте (филиалында және (немесе) өкілдігінде) ҚҚС бақылау шотын ашу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Ескерту. Қағида 28-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28-2. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке алу үшін дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға ағымдағы шот ашу кезінде клиент банкке Қағидалардың 26-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттарды, сондай-ақ ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартын және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын ұсынады.

      Ескерту. Қағида 28-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28-3. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар бойынша ақшаны есепке алу мақсатында ағымдағы шот ашу үшін клиент мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы және Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасы:

      жеке басты куәландыратын құжатты;

      ағымдағы шот белгіленуі қамтылған өтінішті;

      ағымдағы шотты ашуға және (немесе) ондағы ақшаға иелік етуге нотариат куәландырған сенімхатты;

      2) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы банкке ағымдағы шот белгіленуі қамтылған өтінішті және Қағидалардың 26-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. Қағида 28-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Өкіл-жеке тұлғаның (бұдан әрі – өкіл) белгілі бір үшінші тұлғаның (клиент-жеке тұлғаның) атына ағымдағы шотты ашуы үшін өкіл банкке мыналарды ұсынады:

      1) клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;

      2) өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;

      3) Азаматтық кодекске сәйкес уәкілетті тұлғаға (ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдерге) сенімхатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ағымдағы шотты ашу және (немесе) ағымдағы шоттағы ақшаға иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат.

      Ағымдағы шотты ашу және (немесе) ағымдағы шоттағы ақшаға иелік ету құқығына нотариат куәландырған сенімхат ұсынылған жағдайда, клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға жол беріледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29-1. Жеке немесе заңды тұлға эскроу-шот режимінде ағымдағы шотты ашу үшін жеке немесе заңды тұлғаға ағымдағы шот ашу үшін Қағидаларда көзделген құжаттарды, сондай-ақ ағымдағы шотты ашу құқығына сенім беруші ұсынған нотариат куәландырған сенімхатты ұсынады.

      Банк, эскроу-шот ашатын тұлға және атына эскроу-шот ашылатын тұлға арасындағы үш жақты шарт негізінде эскроу-шот режимінде ағымдағы шот ашуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сенімхатты ұсыну қажет етілмейді.

      Ескерту. Қағида 29-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29-2. Клиентке банктік шот қашықтан ашу тәсілімен ашылған кезде Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаға клиенттің жеке басын куәландыратын құжат ұсынбастан ағымдағы шотты ашуға жол беріледі.

      Ескерту. Қағида 29-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-параграф. Банктік салым шарты бойынша жинақ шоттарын ашу

      30. Банктiк салым шарты бойынша жинақ шотын ашқан кезде ақшаны (салымды) салымшының өз атына не белгiлi бiр үшiншi адамның атына салуға болады, олар бұдан былай банктiң клиенттерi болып табылады.

      31. Банктiк салым шарты жасалғаннан кейiн банк салымшының талап етуiмен оған салынған салымды растайтын, банк клиентiнiң атына ресiмделген құжат (салым құжатын) бередi.

      Салым құжаты банкте айқындалған талаптарда берiледi.

      32. Жинақ шотын ашу үшін салымшы-клиент банкке мыналарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғалары және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-жеке тұлғалары:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      2) дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      3) Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалары және олардың филиалдары мен өкілдіктері, қызметін Қазақстан Республикасында филиал және өкілдік арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғалары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

      заңды тұлға филиалдың немесе өкілдіктің (өзге ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғалары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      сауда тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осыған ұқсас сипаттағы, бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелген күні және орны туралы ақпарат бар, белгіленген тәртіппен қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен расталған және қажет болған жағдайда заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32-1. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтау мақсатында жинақ шотын ашу үшін салымшы-клиент банкке мыналарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы және Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасы:

      жеке басты куәландыратын құжатты;

      жинақ шоттың белгіленуі қамтылған өтінішті;

      жинақ шотты ашу және (немесе) ондағы ақшаға иелік етуге берілген нотариат куәландырған сенімхатты;

      2) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы банкке жинақ шот белгіленуі қамтылған өтінішті және Қағидалардың 32-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. Қағида 32-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33. Белгілі бір үшінші адамның-клиенттің атына жинақ шотын ашу үшін салымшы банкке мыналарды ұсынады:

      1) жеке тұлға:

      салымшының жеке басын растайтын құжат;

      жинақ шотын ашу және (немесе) жинақ шотындағы ақшаға иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;

      он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған адамдар-клиенттер

      үшін – туу туралы куәлік;

      2) заңды тұлға, оның филиалдары мен өкілдігі:

      жинақ шотын ашу және (немесе) жинақ шотындағы ақшаға иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      33-1. Жеке немесе заңды тұлға эскроу-шот режимінде жинақ шотын ашуы үшін жеке немесе заңды тұлғаға жинақ шотын ашу үшін Қағидаларда көзделген құжаттарды, сондай-ақ жинақ шотын ашу құқығына сенім беруші ұсынған нотариат куәландырған сенімхатты ұсынады.

      Банк, эскроу-шот ашатын тұлға және атына эскроу-шот ашылатын тұлға арасындағы үш жақты шарт негізінде эскроу-шот режимінде жинақ шотын ашуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сенімхатты ұсыну қажет етілмейді.

      Ескерту. Қағида 33-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Құрылтай құжаттарына сәйкес банктік шот ашуға уәкiлеттiгi бар заңды тұлға өкiлінің сенімхат ұсынуы талап етілмейді.

      Азаматтық кодекске сәйкес банктік шот ашуға уәкiлеттiгi бар жеке тұлғаның (аты-анасының немесе өзге заңды өкiлдерiнiң) сенiмхат ұсынуы талап етілмейді.

      35. Жинақтау жүйесі туралы заңға сәйкес білім беру жинақтау салымы туралы шарт негізінде жинақ шотын ашу кезінде клиент банкке мына құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) ағымдағы шоттың мақсаты бар өтініш.

      35-1. Клиентке банктік шот қашықтан ашу тәсілімен ашылған кезде Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаға клиенттің жеке басын куәландыратын құжат ұсынбастан жинақ шотын ашуға жол беріледі.

      Ескерту. Қағида 35-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-параграф. Жеке нотариус депозитке қабылдайтын ақшаны сақтау үшін банктік шот шарты бойынша жеке нотариусқа ағымдағы шоттар ашу

      36. Азаматтық кодекстің 291-бабында көзделген жағдайларда борышкерден кредиторға (бұдан әрі – депонент) беру үшін жеке нотариус (бұдан әрі – нотариус) қабылдайтын ақшаны сақтау үшін банктік шот шарты негізінде банк нотариусқа ағымдағы шот (бұдан әрі – нотариустың депозиті) ашады.

      37. Осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген банктік шот шартында осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мәліметтерді, сондай-ақ:

      1) депонент-жеке тұлғаға қолма-қол ақша беру немесе нотариустың депозитінен депонент-жеке тұлғаның не заңды тұлғаның банктік шотына ақша аудару көзделетін нотариустың депозитінен ақша берудің талаптары мен тәртібі;

      2) осы тараудың талаптарын сақтау шартымен банктің депонентке нотариустың депозитінен ақша беруі немесе аударуы, сондай-ақ депозитіне ақша енгізілген нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайларда аумақтық әділет органының және нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен айқындалған нотариус өкімін орындау көзделетін, нотариустың депозитіндегі ақшаға иелік ету тәртібі;

      3) нотариустың депозитіне ақша енгізілген кезде нотариустың депозиті ашылған банкке борышкердің сыйақы төлеу тәртібі қамтылады.

      38. Нотариустың депозитін ашу үшін нотариус банкке:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      3) нотариат қызметімен айналысуға құқық беретін лицензияның көшірмесін не электрондық лицензияның "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған көшірмесі;

      4) тиісті нотариаттық округтің аумақтық нотариаттық палатасының нотариустың аумақтық нотариаттық палатаға мүшелігін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Нотариустың депозитіне банкке ақша енгізуді борышкер қолма-қол ақшаны енгізу арқылы не қолма-қол ақшасыз тәртіппен, банкке нотариустың депозитке ақша енгізуге келісімі бар, нотариус қол қойған және нотариустың мөрімен куәландырылған банктің атына жазылған құжат (болған кезде) жүзеге асырады.

5-параграф. Уақытша жинақ шоттары

      40. Жаңадан құрылатын заңды тұлға үшін, оның ішінде жаңадан құрылатын саяси партия үшін банк банктік салым шарты (шартты салым) негізінде уақытша жинақ шотын ашады).

      41. Уақытша жинақ шоттары теңгемен ашылады.

      42. Уақытша жинақ шоты бойынша жаңадан құрылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыруға не саяси партия құруды қаржыландыруға, оның ішінде құрылтай съезін (конференциясын) жүргізуді ұйымдастыруға және оларға банктiк салым шарты бойынша банк көрсететiн қызметке ақы төлеуге байланысты операциялар жасалады, бұл банк салымы шартында көрсетiлуi тиiс.

      43. Уақытша жинақ шотын ашу үшiн клиент мыналарды ұсынады:

      уақытша жинақ шотын ашу туралы өтiнiш;

      құрылатын заңды тұлға құрылтайшыларының уақытша жинақ шотын ашуға және жабуға уәкiлеттiк берiлген жеке тұлғаны тағайындау туралы хаттамасының көшiрмесi және клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес уақытша жинақ шотын жүргізуге байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44. Мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн банк заңды тұлғаға осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен ағымдағы шот ашады.

      45. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өтпеген жағдайда банк уақытша жинақ шотын ашуға және жабуға уәкілеттік берген жеке тұлғаның өтініші бойынша құрылтайшыларға не олардың бастамасы бойынша саяси партия құрылатын жеке тұлғаларға ақшаны қайтарады және уақытша жинақ шотын жабады.

3-тарау. Банктік шоттар жүргізу

1-параграф. Жалпы ережелер

      46. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері, сондай-ақ жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар банкке Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде жасалған, мөр бедерінің үлгісі қамтылған, қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермерлік) қожалықтары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар банкке Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде жасалған, қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талап заңды тұлғалардың шығу елінің заңнамасына сәйкес мөрі жоқ, Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларына қолданылады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      47. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкiлдiктерi ұсынатын қол қою үлгiлерi бар құжаттарда бiрiншi қол қою құқығы басшыда және (немесе) ол уәкiлеттiк берген басқа адамдарда болады. Екiншi қол қою құқығы бас бухгалтерге және (немесе) басқа уәкiлеттi адамдарға берiледi.

      Бұл өкiлеттiктер құрылтай құжаттары негiзiнде не тиiстi заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкiлдiктер басшыларының бұйрықтары не Азаматтық кодекстің 1-бөлімінің 5-тарауында көзделген құжаттар негiзiнде берiледi.

      Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері үшін осы өкілеттіктер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9711 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және өкілеттіктері қағидаларының 2-тармағына сәйкес уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімі негізінде беріледі.

      Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары үшін осы өкілеттіктер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9945 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 190 қаулысымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидаларының және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптардың 16-тармағына сәйкес Ұлттық Банктің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімі негізінде беріледі.

      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      48. Егер заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкiлдiктiң штатында екiншi қол қою құқығын беруге болатын адам болмаса, банк құжатты тек бiрiншi қол қою үлгiсiмен қабылдайды, бұл туралы осы құжатқа тиiстi жазба жазылады.

      49. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      50. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      51. Арнайы мақсаттарға ("кадрлар бөлiмi", "пакет үшін" және басқа) арналған мөрлер бедерінің үлгiлерiн қабылдауға тыйым салынады.

      52. Қол қою үлгілері бар құжаттың "Банктің белгісі" бағанында, Ұлттық Банкті қоспағанда, банктің уәкілетті тұлғасы бірінші не бірінші және екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарының деректерін және банк айқындаған өзге мәліметтерді көрсетеді.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53. Қол қою үлгілері бар құжатқа енгізілген тұлғалар қолдарының түпнұсқалығын банктің уәкілетті тұлғасы осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қол қою үлгілері бар құжатта қол қою үлгілері бар тұлғалар жеке өзінің қатысуымен растайды.

      Заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының және өкілдіктерінің, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, шаруа (фермерлік) қожалықтарының банкке қол қою үлгілері бар, нотариат куәландырған құжатты ұсынуына жол беріледі.

      Ұлттық Банкте банктік шоттарды ашқан кезде нотариат куәландырған, қол қою үлгілері бар құжат ұсынылады.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      54. Клиент қол қою құқығын басқа тұлғаға (тұлғаларға) уақытша берген жағдайда осы параграфта белгіленген тәртіппен тиісті қол қою үлгілері бар уақытша құжат ресімделеді.

      55. Заңды тұлғаның атауы өзгерген, мөрi жоғалған немесе тозған жағдайда клиентке жаңа мөр дайындауға қажеттi мерзiм беруге жол беріледі. Мөрді дайындау кезеңінде банк және клиент төлем құжаттарын клиенттiң мөрiнсiз ресiмдеу тәртібін банктік қызмет көрсету шартына сәйкес белгiлейдi.

      56. Клиент ұсынатын қол қою үлгiлерi бар құжаттардың қажеттi данасының санын банк айқындайды.

      Оның бiр данасы банктiң операция жасайтын қызметкерiнде тұрақты түрде, екiншiсі – банк клиентiнiң iс қағаздарында болуы тиiс. Бұл норма клиенттің ісі банкте электрондық түрде қалыптастырылған және электрондық досье жүргізілетін жағдайларға қолданылмайды.

      Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      57. Қол қою үлгiсiнiң не мөр бедері үлгісінің болмағанда бiреуi өзгерген жағдайда, банкке осы параграфта айқындалған тәртіппен ресімделген, қол қою үлгiлерi бар жаңа құжат ұсынылады.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      58. Әрбір уәкілетті тұлғаға жеке-жеке не бірнеше уәкілетті тұлғаға ресімделген құжаттардан тұратын қол қою үлгілері бар құжатты, клиенттің осындай құжаттарды қол қою үлгілері бар бір құжат ретінде қабылдау туралы жазбаша өтініші банкке ұсынылған жағдайда, ресімдеуге жол беріледі.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      59. Банктiк шоттар бойынша үзінді көшiрмелердi беруді банктер шартқа сәйкес жүргізеді. Банктің клиентке оның шоттары бойынша үзінді көшiрмелердi беру (жеткiзiп беру) қызметiн электрондық тәсiлмен немесе шартта көзделген болса, арнайы адам арқылы көрсетуіне рұқсат беріледі.

      60. Клиенттерге басқа банк берген клиенттердің банктік шоттарын банк жүргізген кезде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Банктер және банк қызметі туралы заң) 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген жағдайларда банк көрсетілген банктік шоттарға жаңа жеке сәйкестендіру кодтарын белгілейді және Салық кодексінің 24-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасыеда айқындалған тәртіппен салық органдарына хабарлайды.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      61. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру немесе банктік шотта тұрған ақшаға тыйым салу Азаматтық кодекстің 740-бабына, "Қазақстан Республикасындағы кедендік бақылау туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабына, 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 161-бабына, 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 156-бабына, Банктер және банк қызметі туралы заңның 51-бабына, КЖТҚҚ туралы заңның 13-бабына, "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабына, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 27-бабының 11-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың клиенттің банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату тұру туралы шешім және (немесе) өкімдер немесе клиенттің банктік шотында тұрған ақшаға тыйым салу туралы акті негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      62. Банкке клиенттің банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқта тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның шешімі және (немесе) өкімі келіп түскен кезде банк банктің және оның клиентінің деректемелері клиенттің банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқта тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның шешімінде және (немесе) өкімінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады, осыдан кейін клиенттің банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      63. Банк уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқта тұру туралы шешімін және (немесе) өкімін тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға төмендегі негіздердің біреуі бойынша кері қайтарады|:

      1) банктің және оның клиентінің деректемелері Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11, және 61-12-баптарында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұрын қабылданған шешімдерде және (немесе) өкімдерінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайларды қоспағанда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) сәйкес банктің және оның клиентінің деректемелері уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімінде және (немесе) өкімінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайда;

      2) егер мемлекеттік кіріс органының клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16533 тіркелген "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 145 бұйрығына сәйкес келмейтін нысанда ресімделсе және ұсынылса;

      3) клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұра туралы уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның шешімі және (немесе) өкімі "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шартқа сәйкес банктік шотқа, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, нотариустың депозиті талаптарымен енгізілген ақшаны, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жиналған тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі ақшаны, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтау зейнетақы қорларының ақшаларын есепке алуға арналған банктік шотына ұсынылған жағдайда, орындамай тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға қайтарады.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-параграф. Нотариустың депозитін жүргізу

      64. Нотариустың депозитінен ақша беру Қағидаларда және (немесе) банктік шот шартында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) жеке тұлғаға – қолма-қол ақшамен не депоненттің банктік шотына ақша аудару арқылы;

      2) заңды тұлғаға – ақшаны депозита нотариустың депозитінен депоненттің банктік шотына аудару арқылы.

      65. Банк нотариустың депозитінен депонентке қолма-қол ақша беруді нотариустың өтініші негізінде жүзеге асырады, өтініште депонент-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), депонетке төлеуге жататын ақша сомасы, нотариустың депозитінің жеке сәйкестендіру коды жазылады.

      66. Нотариустың депозитінен ақша аударуды банк депонентке нотариустың депонент-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе депонент-заңды тұлғаның атауы бар өтініші және банкке Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларда айқындалған тәртіппен ұсынылған оның нұсқауы негізінде жүзеге асырады.

      67. Нотариустың депозитінен ақша беру не аудару үшін депонент банкке нотариустың өтініш және мынадай құжаттар ұсынады:

      1) борышкердің нотариус депозитіне ақша енгізуін растайтын құжаттың көшірмесі;

      2) нотариус депозитінен қолма-қол ақша берген кезде – осы депозитті ашқан нотариус нотариалды куәландыратын қолдың түпнұсқалылығы, депонент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін нотариустың депозитінен ақша алуға депоненттің құқығын растайтын құжаттың атауын және депонент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты көрсете отырып ақша беру туралы депоненттің өтініші;

      3) нотариустың депозитінен ақша аударған кезде –депонент-жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не депонент-заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжат.

      68. Нотариустың атына депозиттің талаптарымен енгізген тұлғаға ақшаны қайтаруды банк соттың заңды күшіне енген шешімі не борышкер-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні немесе борышкер-заңды тұлғаның атауы жазылған өтініш мыналар қоса беріледі:

      1) нотариустің депозитіне борышкердің жарна салғаны туралы түбіртектің көшірмесі;

      2) пайдасына ақша (депонент) енгізілген тұлғаның келісім туралы, олардың депозитке (борышкерге) енгізген тұлғаға ақшаны қайтаруға өтініш, нотариус нотариалды куәландыратын қолдың түпнұсқалылығы;

      3) борышкерге ақша қайтару туралы оның өтініші, нотариус нотариалды куәландыратын қолдың түпнұсқалылығы.

      69. Нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайларда, нотариустың депозитіне орналастырылған ақша аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімі негізінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімінде айқындалған басқа нотариустың депозитіне аударылады, нотариустың депозитін банк жабады.

      70. Кредиторлар алдында борышкердің берешегін белгілейтін құжаттар, сондай-ақ борышкердің нотариустың депозитіне ақша енгізуін растайтын құжаттар аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімінде айқындалған нотариусқа беріледі.

      71. Аумақтық әділет органының және нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен белгіленген нотариус ақшаны аудару үшін банкке төлем тапсырмасын ұсынады және аумақтық әділет органының және нотариаттық палатаның бірлескен шешімін қоса беріп отыр.

4-тарау. Банктік шоттарды жабу

      72. Банктік шотты жабуды:

      1) клиенттің өтініші негізінде, егер банктік қызмет көрсету шартында және (немесе) Банктер және банк қызметі туралы заңда, "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кез келген уақытта жүргізіледі;

      2) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 29-бабында көзделген тәртіппен банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тартқан не күші тоқтатылған жағдайда банк өздігінше жүзеге асырылады.

      Ескерту. 72-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      73. Банктік шот жабылған кезде клиенттің банктік шотында қалған ақша клиентке беріледі не оның нұсқауы бойынша банктік қызмет көрсету шартына сәйкес басқа банктік шотқа аударылады.

      74. Клиенттің банктік шотын жабу кезінде банк жеке сәйкестендіру кодын жояды.

      Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 27-бабының 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда банктік шот шарты жасалмаған кезде банк банктің ішкі қағидаларында белгіленген мерзімде жеке сәйкестендіру кодын жояды.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      75. Клиенттің іс қағазында банктік шотты жабуға негіздеме көрсетіледі.

      76. Банктік шотты мына болған жағдайда жабуға жол берілмейді:

      1) бантік шоттың:

      заңды-тұлға клиенттің таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына;

      жеке және заңды тұлғаның шоттарында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына;

      клиенттің банктік шоты ашылған банктің таратылуына;

      жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда, клиенттің банктік шоты ашылған банктің қайта ұйымдастырылуына;

      Банктер және банк қызметі туралы заңда көзделген тәртіппен банктің ислам банкіне конвертация нысанында ерікті қайта ұйымдастырылуына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың банктік шотына қойылған орындалмаған талаптары, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері, сондай-ақ мыналарға байланысты банктік шот жабылған жағдайды қоспағанда клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға құқығы бар актілер;

      2) банктік шоттың:

      заңды-тұлға клиенттің таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына;

      КЖТҚҚ туралы заңға және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес банктік шот жабылған жағдайда қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес клиент банкке ұсынған экспортты (импортты) көздейтін валюта шарты бойынша орындалмаған талаптар.

      77. Клиенттің банктік шотын жабу кезінде банк Салық кодексінің 24-бабының бірінші бөлігінің 6) тармақшасында айқындалған тәртіппен, жағдайларда және мерзімде мемлекеттік кірістер органдарына хабарлайды.

      ҚҚС-тың бақылау шотын жабу кезінде банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 25-бабының 10-1-тармағында айқындалған тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарына ақпарат ұсынады.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) қаулысымен.

      78. Банк уақытша жинақ шотты осы тарауында белгіленген тәртiппен жабады.

      79. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің банктік шотын жабу бюджеттің орындалуы жөніндегі орталық уәкілетті орган осы мемлекеттік мекемеге банктік шотын ашу үшін берілген рұқсатты қайтарып алған не осындай рұқсатты қолдану мерзімі аяқталған жағдайда жүргізіледі.

  Клиенттердің банктік шоттарын
ашу, жүргізу және жабу
қағидаларына
1-қосымша

Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымының ұзындығы белгіленген жиырма дәрежеден тұратын болады KZССБББХХХХХХХХХХХХХ, мұнда:

      1) бірінші және екінші дәрежелер - Қазақстан Республикасының коды. Халықаралық код - KZ пайдаланылады;

      2) үшінші және төртінші дәрежелер – банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің банктік шот номерінің шынайы болуын және оны банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының төлем және өзге де құжаттарында дұрыс көрсетілуін бақылауға, қамтамасыз етуге арналған бақылау дәрежесі;

      3) бесінші, алтыншы және жетінші дәрежелер – банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының коды. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кодын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындайды;

      4) сегізден жиырмаға дейінгі дәрежелер - банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің банктік шотының банкішілік нөмірі, ол бір банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ақпараттық (операциялық және өзге) жүйесінде айрықша болып табылады және банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің бір мәндегі сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің банктік шотының банкішілік нөмірі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қалауы бойынша пайдаланылады. Еркін белгілер нөлмен белгіленеді және нөмірдің алдында пайдаланылмаған сол дәрежелерге орналастырылады. Банктік шоттарға нөмір берілгенде цифрлық немесе латын әліпбиінің "І", "Q", "O" әріптерін қоспағанда, әріптік-цифрлық символдары қолданылады. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің банктік шотының банкішілік нөмірінде әріптік символдар бар болса, бақылау дәрежесін есептеу осы қосымшада көзделген әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесін пайдалана отырып жүргізіледі.

      2. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің банктік шотының нөмірін көзбен көріп қабылдауды жеңілдету мақсатында төрт мәнді символдан тұратын аралары бөлінген банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің банктік шотының нөмірі қағазға жазылған төлемдік және өзге де құжаттарда мынадай түрде көрсетуге болады:

      KZСС БББХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ.

      3. Электронды түрде ресімделген төлемдік және өзге құжаттарда банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің банктік шотының нөмірі белгілердің үздіксіз ретімен көрсетіледі.

      Әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесі

A=10

G=16

N=23

V=31

B=11

H=17

P=25

W=32

C=12

J=19

R=27

X=33

D=13

K=20

S=28

Y=34

E=14

L=21

T=29

Z=35

F=15

M=22

U=30


  Клиенттердің банктік шоттарын
ашу, жүргізу және жабу
қағидаларына
2-қосымша

Бақылау дәрежесін есептеу және тексеру алгоритмі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Бақылау дәрежесін есептеу кезінде халықаралық стандарт (Modulus 97-10, ІSO-7064) пайдаланылады, ол санның 97-ге бөлінуін болжамдайды, бөлуден алынған қалдық 98-ден шегеріледі. Егер нәтиже бір мәнді сан болып табылатын болса, алдына бір нөл қосылады.

      № 1 мысал.

      Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің банктік шотының бақылау дәрежесі KZ СС 123 1234564567891 болып есептелсін.

      Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдің код белгісі Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесінің негізінде айырбасталады, екінші екі символ нөлмен белгіленеді. Нәтижесі: 123 1234564567891 2035 00.

      Екінші қадам: жоғарыда көрсетілген сан 97-ге бөлінеді және бөлуден 43 қалдық шығады.

      Үшінші қадам: 98-43=55.

      Бақылау дәрежесі 55-ке тең.

      Клиенттің банктік шот нөмірі KZ 55 123 1234564567891.

      № 2 мысал.

      Клиенттің банктік шотының бақылау дәрежесі KZ СС 123 1234565678902 болып есептелсін.

      Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдік код белгісі Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына 1-қосымшаға көзделген әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау негізінде айырбасталады, екінші екі символ нөлмен белгіленеді. Нәтижесі: 123 1234565678902 2035 00.

      Екінші қадам: жоғарыда алынған сан 97-ге бөлінеді және тең бөлуден 90 қалдық шығады.

      Үшінші қадам: 98-90=8.

      Бақылау дәрежесі 8-ге тең, оның алдында "0" қосылады.

      Клиенттің банктік шотының нөмірі KZ 08 123 1234565678902.

      2. Бақылау разрядының дұрыстығын тексеру кезінде санды 97-ге бөлуден болатын қалдықты табуды болжайтын халықаралық стандарт (Modulus 97-10, ІSO-7064) пайдаланылады.

      Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесін қолдана отырып, банктік шоттың нөмірін 97 санына бөлуден болатын қалдық табылады. Банктік шоттың нөмірі дұрыс көрсетілген кезде қалдық 1 (бірге) тең болуы тиіс.

      Мысал:

      Клиенттің банктік шотындағы бақылау разрядын бақылап тексеру KZ 55 1231 2345 6456 7891

      Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдің код белгісі Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесінің негізінде айырбасталады:

      1231 2345 6456 7891 2035 55.

      Екінші қадам: жоғарыда алынған сан 97-ге бөлінеді. Нәтижесі -1231234564567891203555/97=12693139840906094882,010309278351.

      Алынған саннан тұтас бөлік дөңгелектелмей бөлініп көрсетіледі 12693139840906094882.

      Үшінші қадам: екінші қадамнан алынған сан 97-ге көбейтіледі, яғни біздің мысалымызда 12693139840906094882 * 97 = 1231234564567 891203554 аламыз.

      Төртінші қадам: бірінші қадамнан алынған саннан үшінші қадамнан алынған сан шегерілді. Егер нәтиже 1 (бірге) тең болса, бақылау разряды дұрыс есептелген. Осы мысалда 1231234564567891203555-231234564567891203554=1 болады. Бақылау разряды 55 дұрыс.

  Клиенттердің банктік шоттарын
ашу, жүргізу және жабу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қол қою үлгілері бар құжат Документ с образцами подписей

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті
Клиент банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан

_____________________________
Атауы
_____________________________
Наименование

Коды
Коды

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының белгілеулері
Отметки банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан

Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің орналасқан жері
Местонахождение клиента банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан

_____________________________



Телефон
Телефон

_____________________________

Банк (банктің филиалы, бөлімшесі), Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы
Банк (филиал, подразделение банка), филиал банка-нерезидента Республики Казахстан

_____________________________
Атауы
_____________________________
Наименование

Банктің (банктің филиалы, бөлімшесі), Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының орналасқан жері
Местонахождение банка (филиал, подразделение банка), филиала банка-нерезидента Республики Казахстан

_____________________________
_____________________________

Телефон
Телефон

_____________________________

Банктік шоттың түрі
Вид банковского счета

_____________________________

Клиенттің сәйкестендіру коды
Идентификационный код клиента

____________________________________

Осы құжатта көрсетілген қол қою және мөр бедері үлгілеріне сәйкес қол қою және мөр бедері клиенттің келісімін талап ететін банктік шот бойынша барлық операцияларды жүзеге асырған кезде міндетті
Подписи и оттиск печати в соответствии с их образцами, указанными в настоящем документе, обязательны при осуществлении всех операций по банковскому счету, требующих согласия клиента

Лауызымы
Должность

Аты-жөні (ол бар болса)
Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Қол қою үлгісі
Образец подписи

Мөр бедері үлгісі
Образец оттиска печати

Бірінші қол
Первая подпись








Екінші қол
Вторая подпись











      Сырт жағы

      Оборотная сторона

Үлгілердің түпнұсқалығын растайтын тұлғаның аты-жөні (ол бар болса)
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица, подтверждающего подлинность образцов

Үлгілерді растау күні
Дата удостоверения образцов

Үлгілердің, мөрдің түпнұсқалылығын растайтын тұлғаның қолы
Подпись лица, подтверждающего подлинность образцов, печать




  Клиенттердің банктік шоттарын
ашу, жүргізу және жабу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қол қою үлгілері бар құжат Документ с образцами подписей

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті
Клиент банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан

________________________
Атауы
________________________
Наименование

Коды
Коды

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының белгілеулері
Отметки банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан

Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің орналасқан жері
Местонахождение клиента банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан

________________________



Телефоны
Телефон

________________________

Банк (банктің филиалы, бөлімшесі) , Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы
Банк (филиал, подразделение банка), филиал банка-нерезидента Республики Казахстан

_________________________
Атауы
_________________________
Наименование

Банктің (банктің филиалы, бөлімшесі), Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының орналасқан жері
Местонахождение банка (филиал, подразделение банка), филиала банка-нерезидента Республики Казахстан

_________________________
_________________________

Телефон
Телефон

_________________________

Банктік шоттың түрі
Вид банковского счета

_________________________

Клиенттің сәйкестендіру коды
Идентификационный код клиента

__________________________________________________

Осы құжатта көрсетілген қол қою үлгілеріне сәйкес қол қою және бедері клиенттің келісімін талап ететін банктік шот бойынша барлық операцияларды жүзеге асырған кезде міндетті
Подписи в соответствии с их образцами, указанными в настоящем документе, обязательны при осуществлении всех операций по банковскому счету, требующих согласия клиента

Лауызымы
Должность

Аты-жөні (ол бар болса)
Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Қол қою үлгісі
Образец подписи

Бірінші қол
Первая подпись







Екінші қол
Вторая подпись







      Сырт жағы

      Оборотная сторона

Үлгілердің түпнұсқалығын растайтын тұлғаның аты-жөні (ол бар болса)
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица, подтверждающего подлинность образцов

Үлгілерді растау күні
Дата удостоверения образцов

Үлгілердің, түпнұсқалылығын растайтын тұлғаның қолы
Подпись лица, подтверждающего подлинность образцов




     

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 207 қаулысына
қосымша

Күші жойылған деп саналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы

      № 266 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 жылы № 40-41 жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы № 382 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1675 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 жылы № 40-41 жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есеп шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы № 90 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2244 тіркелген, 2003 жылғы 6 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінің № 137-138 (23348) жарияланған).

      4. "Банктiк депозиттiк сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 140 қаулысының 5-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2343 тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4094 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурызда "Заң газеті" газетінің № 42-43 (849) жарияланған).

      6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 2 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4534 тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпанда "Заң газеті" газетінің № 25 (1054) жарияланған).

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі № 76 Қаулысына қосымша болып табылатын өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4880 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте "Заң газеті" газетінің № 135 (1164) жарияланған).

      8. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 қазандағы № 123 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5128 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 25 (1251) жарияланған).

      9. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 23 маусымдағы № 49 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5272 тіркелген, 2008 жылғы 26 тамызда "Заң газеті" газетінің № 129 (1355) жарияланған).

      10. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2009 жылғы 9 шілдедегі № 60 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5754 тіркелген, 2009 жылғы 4 қыркүйекте "Заң газеті" газетінінің № 134 (1557) жарияланған).

      11. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы № 85 Қаулысының қосымшасы болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулылары тізбесінің 5-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5806 тіркелген, 2009 жылғы 30 қазанда "Заң газеті" газетінің № 165 (1589) жарияланған).

      12. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 91 Қаулысына қосымша болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5852 тіркелген, 2009 жылғы 4 желтоқсанда "Заң газеті" газетінің № 186 (1609) жарияланған).

      13. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2010 жылғы 20 тамыздағы № 76 Қаулысына қосымша болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6534 тіркелген, 2010 жылғы 21 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінің № 435 (26278) жарияланған).

      14. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру және банк шоттарын ашу және жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 24 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6946 тіркелген, 2011 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінің № 224-225 (26623) жарияланған).

      15. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 65 Қаулысына 1-қосымша болып табылатын өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7122 тіркелген, 2011 жылғы 15 қыркүйекте "Заң газеті" газетінің № 133 (1949) жарияланған).

      16. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 132 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7333 тіркелген, 2012 жылғы 14 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінің № 152-156 (27229) жарияланған).

      17. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 108 Қаулысына 1-қосымша болып табылатын нормативтік сәйкестендіру нөмірлері мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7625 тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінің № 540-545 (27618) жарияланған).

      18. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 266 Қаулысына 1-қосымша болып табылатын банктік шоттар ашу, жүргізу және жабу, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2 және 4-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7992 тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінің № 802-806 (27877) жарияланған).

      19. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 Қаулысымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінің № 115 (2316) жарияланған).

      20. "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 117 Қаулысына қосымша болып табылатын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8513 тіркелген, 2013 жылғы 23 шілдеде "Заң газеті" газетінің № 107 (2308) жарияланған).

      21. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 62 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9600 тіркелген, 2014 жылғы 12 тамызда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      22. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 150 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша, өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9715 тіркелген, 2014 жылғы 3 қазанда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      23. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы

      № 168 Қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

      № 9796 тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      24. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 200 Қаулысына 1-қосымша болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9943 тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      25. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 28 Қаулысына қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10715 тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      26. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 72 Қаулысына қосымша болып табылатын төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11163 тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      27. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 32 Қаулысына қосымша болып табылатын төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13304 тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).