РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының банктік шоттарды ашу және жүргізу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы:
1) осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағын, 2-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын, 3-тармағының жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, қырқыншы, қырық бірінші, елу алтыншы және елу жетінші абзацтарын;
2) 2019 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармағының алпыс екінші, алпыс үшінші және алпыс төртінші абзацтарын, 6-тармағын;
3) 2019 жылғы 24 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармағының қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші және елу екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 44 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының банктік шоттарды ашу және жүргізу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында:
Төлемдер белгілеу кодтарының жан-жақты кестесінде:
"Арнайы аударымдар" 1-бөлімінде:
"Білім беруге арналған ақша аударымдары," 112-кодының төртінші жолынан кейін мынадай мазмұндағы 118-кодпен толықтырылсын:
"
118 | Алименттер |
"; |
"Басқа да өтеусіз ақша аударымдары," 119-кодының сегізінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"әр түрлі сипаттағы өтеусіз ақша аударымдары: қайырымдылық, сыйға тарту, сатылған лотерея билеттері және олар бойынша ұтыстар, мұрагерлік тәртібімен өтетін ақша қаражаттарын аудару".
2. "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Банктік шот ашу үшін клиент берген құжаттар банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе жеке-жеке не түпнұсқада клиенттер бойынша құжаттарды бөле отырып жалпы істе сақталады.
Көшірмелері клиент ісінде (жалпы істе) сақталатын жеке басты куәландыратын құжаттар, жарғылар, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) өндіріп алу туралы сот актісі не 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі – Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс) сәйкес жасалған алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) төлеу туралы нотариат куәландырған келісім, сауда тізілімінен үзінді-көшірмелер не ұқсас сипаттағы басқа да құжаттар (оқшауланған бөлімшелер үшін – ережелер), үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің жүзеге асырылу фактісін растайтын құжаттар, заңды тұлғалар-клиенттерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлғалар-клиенттердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар және банкте операциялар жасау құқығына берілген сенімхаттар кірмейді.
Егер банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) электрондық досье қалыптастыру мүмкіндігі болса, клиенттің құжаттарын, оның ішінде түпнұсқалар болып табылмайтын құжаттарын қағаз тасымалдағыштарда қосымша сақтамай-ақ электрондық түрде сақтауға жол беріледі.";
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
"27-1. Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалар –алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушыларға олардың талап етуі бойынша алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотты ашу кезінде клиент банкке:
1) алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
2) ағымдағы шоттың мақсаты қамтылған өтінішті;
3) алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) өндіріп алу туралы сот актісінің немесе Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес жасалған алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) төлеу туралы нотариат куәландырған келісімнің көшірмесін ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 28-2-тармақпен толықтырылсын:
"28-2. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке алу үшін дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға ағымдағы шот ашу кезінде клиент банкке Қағидалардың 26-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттарды, сондай-ақ ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартын және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын ұсынады.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері, сондай-ақ жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар банкке Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде жасалған, мөр бедерінің үлгісі қамтылған, қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермерлік) қожалықтары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар банкке Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде жасалған, қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талап заңды тұлғалардың шығу елінің заңнамасына сәйкес мөрі жоқ, Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларына қолданылады.";
72-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) клиенттің өтініші негізінде, егер банктік қызмет көрсету шартында және (немесе) Банктер және банк қызметі туралы заңда, "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кез келген уақытта жүргізіледі;";
4-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының банктік шоттарды ашу және жүргізу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Бенефициар төлем талабын бенефициардың банкіне не тікелей ақша жөнелтушінің банкіне Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын төлем құжаттарына екінші қол қою құқығына ие адамның тегін, атын және әкесінің атын (ол болған кезде) және қолын көрсетпей ұсынуға рұқсат етіледі.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын банк, ипотекалық ұйым, агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы оған ақша жөнелтушінің банкіне бенефициардың ақша жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақшаны алып қоюға құқығы қамтылған және банктің, ипотекалық ұйымның, агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының уәкілетті адамының төлем талабына қол қою өкілеттігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе көшірмелерін қоса бере отырып, ұсынады. Бас бухгалтердің, сондай-ақ бас бухгалтер ретінде төлем талабына қол қойған адамның өкілеттіктерін тексеру талап етілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың көшірмелері нөмірленеді, оларды банктің, ипотекалық ұйымның, агроөнеркәсіп кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының уәкілетті адамы "Көшірме дұрыс" белгісін қою, лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), куәландыру күнін көрсете отырып қол қою арқылы растайды. "Көшірме дұрыс" деген жазу тырнақшасыз көрсетіледі.
Қағидалардың 139-1-тармағына сәйкес қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы кері қайтарылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың көшірмелері төлем талабымен бірге қайтарылады.
Ақша жөнелтушінің банкінде бұрын ұсынылған, бенефициардың банктік шоттан ақша жөнелтушінің келісімінсіз ақшаны алып қоюға құқығы қамтылған, растайтын құжаттар болған жағдайда, қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын кейіннен ұсынған кезде, бенефициардың ақша жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақшаны алып қоюға құқығы қамтылған құжаттарды оларды алғашқы ұсынған сәттен бастап алты ай ішінде қайтадан ұсыну талап етілмейді.
Ақша жөнелтушінің банкінде бұрын ұсынылған, банктің, ипотекалық ұйымның, агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының уәкілетті адамының төлем құжаттарына қол қою өкілеттігін растайтын құжаттар болған жағдайда, осындай адамды ауыстырған жағдайды қоспағанда, оның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бермей төлем талабын кейіннен ұсынуға рұқсат етіледі.
Төлем талаптарын банктер арасында орнатылған электрондық байланыс арналары арқылы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 56-бабында, сондай-ақ банктер арасындағы шартта белгіленген қорғау әрекеттерін сақтай отырып электрондық нысанда ұсынған кезде не ақша жөнелтушінің банкі клиент-ақша жөнелтушінің банктік шотына төлем талабын ұсынған кезде төлем талабына қол қойған уәкілетті адамның өкілеттіктерін растау талап етілмейді.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Борышкер-ақша жөнелтушінің бір банкте ашылған банктік шоттарына бір қарыз шарты шеңберінде бір мезгілде бірнеше төлем талабын қоюға жол берілмейді.
Қарыз шарты бойынша жаңадан пайда болған мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін кейіннен төлем талабын ұсынуға жол беріледі.";
56-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот орындаушылары инкассолық өкімді Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және атқарушылық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып қағаз жеткізгіште не атқарушылық өндірістің мемлекеттік автоматтандырылған жүйесі арқылы электрондық нысанда ақша жөнелтушінің банкіне ұсынады. Бұл ретте қағаз тасымалдағышта жасалған инкассолық өкімдер, сондай-ақ мемлекеттік сот орындаушысы не жеке сот орындаушысы қағаз жеткізгіште ұсынатын атқарушылық құжаттардың көшірмелері атқарушылық құжаттарды орындау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімінің не жеке сот орындаушысының мөрімен расталады.";
60-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
71-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН) банктің клиентін сәйкестендірсе, мемлекеттік кірістер органы ұсынған инкассолық өкімді, сондай-ақ Қағидалардың 150-тармағының талаптарына сәйкес банктің клиентін сәйкестендіру кезіндегі сот орындаушысының инкассолық өкімін қоспағанда, клиенттің атауы төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің атауына сәйкес келмеген;";
мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"14-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттарға талап ұсынылған жағдайда.
Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша, сондай-ақ жеке әріптестің кредитордың алдындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты және (немесе) концессия шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген міндеттемелерін орындау шеңберінде ұсынылған талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды;
14-2) қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу туралы төлем талабы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған ағымдағы шотқа ұсынылған жағдайларда;";
16) тармақша алып тасталсын;
81-тармақтың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) егер есептелетін ақша сомасы алименттерге (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаға) байланысты емес болған және (немесе) есептеу үшін бөлінген алименттер (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақша) төлем белгілеудің кодтық белгісіне сәйкес келмеген жағдайда, клиент-жеке тұлғаның талап етуі бойынша алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есептеу үшін ашылған ағымдағы шотқа ақшаны есептеген;
4-2) егер есептелетін ақша сомасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған ақшалай талапты беруді қаржыландыру шарты, концессия шарты және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде төленетін инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеуге байланысты емес болған жағдайда, ақшаны инвестициялық шығындардың өтемақыларын есептеуге арналған ағымдағы шотқа есептеген;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қосылған құн салығына салық бойынша есеп айырысулар қозғалысын есепке алу үшін ашылған ағымдағы шотқа ақшаны есептеу, егер есепке алынатын ақша сомасы қосылған құн салығына салық бойынша есеп айырысулар қозғалысымен, оның ішінде:
импортқа салынатын және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосылған құн салығын төлеумен;
тауарларды жеткізушілерге қосылған құн салығын төлеумен;
тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосылған құн салығын төлеуімен;
қосылған құн салығын төлеушінің өзге банктік шотынан ақшаны есептеумен;
Салық кодексінің 101-бабында айқындалған тәртіппен бюджеттен қайтарылған ақшаны есептеумен;
төлем қате болған не бенефициардың жабық банктік шотына ақша аударған жағдайларда қосылған құн салығына салық бойынша есеп айырысулар қозғалысын есепке алуға арналған ағымдағы шоттан бастама болған төлемді қайтаруға байланысты ақшаны есептеумен байланысты болмаса;";
134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"134. Егер клиентке банктік шот мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп бағуға арналған ақша), Қазақстан Республикасының мемлекеттік жеке кәсіпкерлік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындар өтемақыларын, нотариус депозиті талабымен не "эскроу" режиміндегі банктік шотына енгізілген ақшаны, сондай-ақ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңның 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінде банктік шоттардағы ақшаны есепке жатқызу үшін ашылса, бұл жөніндегі мәліметтер сондай-ақ клиенттің банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтамаларда көрсетіледі.";
137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"137. Жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің ағымдағы шотына қарыз шарты бойынша ұсынылған төлем талабын бастапқы орындау ағымдағы шотта республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен (бұдан әрі – ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшері) кем емес соманы қамтамасыз етуді ескере отырып, ағымдағы шоттағы соманың елу пайызы шегінде жүргізіледі.
Жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің ағымдағы шотында ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен кем сома болса, төлем талабын орындау жүргізілмейді.
Жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің ағымдағы шотындағы ақша сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшердегі сомаға ағымдағы шотта ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерін қамтамасыз етуді ескере отырып төлем талабы ұсынылған кезде, бұл төлем талабы онда көрсетілген сомада орындалады.";
мынадай мазмұндағы 137-1-тармақпен толықтырылсын:
"137-1. Жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің ағымдағы шотынан төлем талабын орындау кезінде ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен кем емес соманы банк айына бір рет қамтамасыз етеді егер оны және жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкер пайдаланбаса, жаңа күнтізбелік айға өтеді.";
138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"138. Ішінара орындалған төлем талабын кейіннен орындау ағымдағы шотта ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен кем емес соманы қамтамасыз етуді ескере отырып, жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің ағымдағы шотына әрбір келіп түскен ақша сомасының елу пайызы шегінде ағымдағы шотқа ақшаның келіп түсуіне қарай жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды ескере отырып ағымдағы шотқа келіп түсетін ақша сомасынан елу пайыз мөлшеріндегі сома ішінара орындалған төлем тапсырмасы бойынша қалдық сомасынан асып кеткен жағдайда, жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкер - ақша жөнелтушінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығару осы төлем талабын орындау үшін жеткілікті сома шегінде жүргізіледі.";
139-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кезекті төлем талабын орындау алдыңғы төлем талабы толық орындалғаннан не Қағидаларда белгіленген тәртіппен алдыңғы төлем талабы кері қайтарылған немесе қайтарылған соң ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте оны орындау ағымдағы шоттағы ақша сомасынан (алдыңғы төлем талабын орындаған соң ақша қалдығынан) және ағымдағы шотта ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен кем емес соманы қамтамасыз етуді ескере отырып кейіннен ағымдағы шотына келіп түсетін ақшаның әрбір сомасының елу пайызы шегінде жүргізіледі.";
139-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"139-1. Төлем талабы ұсынылған қарыз шарты бойынша жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, жеке тұлғаның немесе дара кәсіпкердің міндеттемелерінің тоқтатылуына не тоқтатыла тұруына байланысты төлем талабын қайтарып алу жағдайларын қоспағанда, осы жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің ағымдағы шотына ұсынылған ішінара орындалған және картотекаға орналастырылған төлем талабын қайтарып алуға рұқсат етілмейді.
Жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің әртүрлі банктерде ашылған бірнеше банктік шоттарына бір мезгілде қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы ұсынылған жағдайда, басқа банктік шоттарына ұсынылған төлем талаптарын мұндай төлем талабын орындаған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей бенефициар қайтарып алады. Бұл ретте, бенефициар осы төлем талаптарын қайтарып алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей жеке тұлғаға немесе егер жеке тұлға қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкерге қарыз бойынша мерзімі өткен берешектің сомасынан асып түсетін ақша сомасын қайтарады.";
143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"143. Ақша жөнелтушінің банкі Азаматтық кодекстің 741-бабында көзделген жағдайларда инкассолық өкімді орындаудан бас тартады.";
171-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"172. Клиенттің ақшасына тыйым салу құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың және тұлғалардың шешімі тыйым ақша жөнелтушінің банктік шотындағы (банктік шоттарындағы) ақшамен толық немесе ішінара қамтамасыз етілген жағдайда толығымен немесе ішінара орындалған деп есептеледі.
Тыйым ақша жөнелтушінің банктік шотындағы ақшамен қамтамасыз етілмеген жағдайда банктер клиенттің ақшасына тыйым салу құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың және тұлғалардың шешімдерін орындауға қабылдайды.";
177-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"177. Банк борышкердің банктік шоттарындағы ақшасына тыйым салу құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органның және тұлғалардың шешімін алғаннан кейін операциялық үш күннен кешіктірмей, тыйым салынған ақша сомасын көрсете отырып, тыйым салу туралы шешімнің толық немесе ішінара орындалғандығы туралы не көрсетілген шешімнің орындауға қабылданғаны, сондай-ақ бұрын орындауға қабылданған уәкілетті органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тыйым салу туралы шешімдері не шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдері туралы тиісті органдарды хабардар етеді.
Банк сот орындаушысының банктік шоттардың нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны туралы мәліметтерді талап ету және оларға тыйым салу туралы қаулысын алған күннен бастап үш операциялық күннен кешіктірмей сот орындаушысын тыйым салынған ақша сомасын көрсете отырып, оның толық не ішінара орындалғаны не қаулының орындауға қабылданғаны туралы хабардар етеді, қаулы аясында талап етілетін ақпаратты Банктер туралы заңның 50-бабында белгіленген тәртіпте жолдайды және уәкілетті органдардың немесе лауазымды тұлғалардың қолда бар тыйым салу туралы шешімдері не шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдері туралы хабардар етеді.".
4. "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 212 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14337 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"22-3. Қағидалардың 22-2-тармағында көзделген жағдайда, клиенттің оның дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және оның ішінде қажет болған кезде үшінші тұлғаларға ұсынуға алынған, сәйкестендіру құралы арқылы расталған келісімі негізінде банк клиентпен клиентте бар құрылғыларды және (немесе) банктің өзге құрылғыларын пайдалана отырып бейнеконференция сеансын жүргізеді. Банктер бейнеконференцияның мазмұнды бөлігін (бақылау мәселелерінің тізбесі), сондай-ақ клиенттерді қашықтан сәйкестендірген кезде банктер көрсететін қызметтің тізбесі мен көлемін дербес белгілейді.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"СДАО бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бейнеконференция сеансынан алынған фотобейненің және клиенттің қолжетімді дереккөздерінен алынған фотобейнесінің биометрикалық көрсеткіштері бойынша сәйкес болу дәрежесін айқындайды. Клиенттер өтініштерінің бейнежазбасы банкте сақталады.".
5. "Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14339 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларында:
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
"14. Өз қызметінде электрондық терминалдарды пайдаланбайтын төлем ұйымдары 1-11-бағандары толтырылмаған Нысанды жолдайды.";
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Алаяқтық операциялардың көлемі туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Нысанда:
1) осы түсіндірменің 10-тармағында көрсетілген белгілерге сәйкес төлем карточкаларын және (немесе) олардың деректемелерін пайдалана отырып жүргізілген;
2) төлем карточкаларын пайдаланбай электрондық терминалдар мен қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы жүргізілген;
3) ақша аударымдары жүйелері арқылы жіберілген;
4) электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген алаяқтық операциялардың (тоқтатылғандарды қоспағанда) көлемі жөніндегі мәліметтер қамтылады.
Мәліметтер әрбір операция бойынша жеке көрсетіледі және Нысанды ұсынушы көрсетілетін төлем қызметтерін беруші операцияны алаяқтық операция деп анықтаған уақыттың есепті кезеңіне жатқызылады.
5. 1-бағанда мәліметтер ұсынылатын төлем карточкалары жүйесінің, қашықтан қол жеткізу жүйесінің, ақша аударымдары жүйесінің атауы немесе электрондық ақша жүйелері көрсетіледі.
Халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкасын пайдалана отырып, осы төлем жүйесіне хабарлама жібермей операция жүргізілген жағдайда, 1-бағанда төлем карточкасы жүйесі атауының орнына "H2H" байланыс арнасы көрсетіледі.";
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Айналыстағы электрондық ақшаның саны туралы және электрондық ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. 3-бағанда есепті тоқсанның соңғы күнінде айналыстағы электрондық ақшаның сомасы көрсетіледі.
3-баған есепті тоқсанның соңғы күні электрондық ақшаның иесі кім болғанына байланысты электрондық ақша эмитентінің агенттері, электрондық ақша эмитентінің қосалқы агенттері, жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бойынша толтырылады.";
15-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
6. "Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 219 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14340 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабы 6-тармағының д-1) және д-2) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын банктік шоттарда ақшаның болуы туралы мәліметтер өндіріп алынатын соманың шеңберінде көрсетіледі. Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабы 7-тармағының ж) және з) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын банктік шоттарда ақшаның болуы туралы мәліметтер өндіріп алынатын соманың шеңберінде көрсетіледі, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда – атқарушылық іс-жүргізуді қозғаған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер де көрсетіледі.".
7. "Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 221 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14297 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларында:
20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) төлем жүйесінің операторына төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге де төлем жүйесіне жатқызу жөнінде жазбаша нысанда хабарлайды;";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Ұлттық Банк төлем жүйесін тізілімнен:
1) төлем жүйесі операторының қызметін тоқтату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген кезде;
2) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесінің жұмыс істеуі тоқтатылған кезде;
3) Ұлттық Банк жүргізетін талдау қорытындылары бойынша қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының резидент- қатысушылары осы төлем жүйесі арқылы жүргізетін төлемдердің және (немесе) аударымдардың болмауы фактісі анықталған кезде алып тастайды.";
1-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Қол қою үлгілері бар құжат Документ с образцами подписей
Банктің клиенті |
________________________ |
Коды |
Банктің белгілеулері |
Банк клиентінің орналасқан жері | ________________________ | ||
Телефон | ________________________ | ||
Банк (банктің филиалы, бөлімшесі) |
_________________________ | ||
Банктің орналасқан жері (банктің филиалы, бөлімшесі) |
_________________________ | ||
Телефон | _________________________ | ||
Банктік шоттың түрі | _________________________ | ||
Клиенттің сәйкестендіру коды Идентификационный код клиента | __________________________________________________ | ||
Клиенттің келісімін талап ететін банктік шот бойынша барлық операцияларды жүзеге асырған кезде осы құжатта көрсетілген қол қою үлгілеріне сәйкес қол қою міндетті |
Лауызымы |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) |
Қол қою үлгісі |
Бірінші қол | ||
Екінші қол | ||
Сырт жағы
Оборотная сторона
Үлгілердің түпнұсқалығын растайтын тұлғаның Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) |
Үлгілерді растау күні |
Үлгілердің, түпнұсқалылығын растайтын тұлғаның қолы |
"Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Есепті кезең: 20___ жылғы _______________
Индекс: 1-PО
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
Нысан |
Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер ______________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы
Көрсетілетін төлем қызметінің түрі | Төлем түрі | Нұсқауды қабылдау ортасы | Электрондық ақша жүйесінің немесе төлем карточкалары жүйесінің атауы | Электрондық ақша немесе төлем карточкасы эмитентінің атауы | Операциялар саны (бірлігі) | Операциялар сомасы (мың теңге) | Көрсетілетін төлем қызметі бойынша агенттер/ қосалқы агенттер саны | Төлем агенттерінің/ қосалқы агенттерінің жалпы саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)
___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Орындаушы __________ __________________________ ________ ______________
лауазымы тегі, аты, әкесінің аты қолы телефон нөмірі (ол бар болса)
Есепке қол қойылған күні 20 __ жылғы "_____" ____________
"Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру
4. Нысан төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялар бойынша мәліметтерді қамтиды.
5. 1-бағанда көрсетілетін төлем қызметінің түрі көрсетіледі.
6. 2 және 3-бағандар төлемдер қабылданған және өңделген жағдайда, оның ішінде ақша жөнелтушінің банктік шотты ашпай төлемді жүзеге асыру үшін клиенттерден қолма-қол ақшаны қабылдау кезінде, электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді клиенттерден қабылдау және өңдеу кезінде, электрондық нысандағы клиент бастамашы болған төлемдерді өңдеу (бұдан әрі – төлемдерді қабылдау) кезінде толтырылады.
2-бағанда төлемнің түрі көрсетіледі.
3-бағанда нұсқауды қабылдау ортасы көрсетіледі.
7. 4 және 5-бағандар электрондық ақша және төлем карточкалары өткізілген (таратылған) жағдайда толтырылады.
4-бағанда электрондық ақша жүйесінің немесе төлем карточкалары жүйесінің атауы көрсетіледі.
5-бағанда электрондық ақша немесе төлем карточкасы эмитентінің атауы көрсетіледі.
8. 6 және 7-бағандарда операциялар саны және сомасы көрсетіледі:
1) төлемдер қабылданған жағдайда қабылданған және өңделген төлемдердің саны және сомасы көрсетіледі;
2) төлем карточкалары өткізілген (таратылған) жағдайда 6-бағанда өткізілген (таратылған) төлем карточкаларының саны көрсетіледі, 7-бағанда өткізілген төлем карточкаларының сомасы көрсетіледі;
3) электрондық ақша өткізілген (таратылған) жағдайда 6-баған толтырылмайды, 7-бағанда өткізілген (таратылған) электрондық ақша сомасы көрсетіледі.
9. 8-бағанда төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарттар жасаған төлем ұйымының төлем агенттерінің саны, "/" белгісі арқылы төлем агенттерімен төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарттар жасаған төлем ұйымының қосалқы төлем агенттерінің саны көрсетіледі. Төлем ұйымы төлем қызметтерін өз бетінше көрсеткен жағдайда, "0" белгісі көрсетіледі.
8-бағанды толтыру кезінде 1-бағанда көрсетілетін төлем қызметінің түрі көрсетіледі. 8-бағанда әрбір көрсетілетін төлем қызметі бойынша осындай қызмет көрсететін төлем агенттерінің және қосалқы агенттердің саны көрсетіледі. 1-бағанда "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген төлем қызметінің түрі көрсетілген жағдайда 8-бағанда "0" белгісі көрсетіледі.
10. 9-бағанда төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарттар жасаған төлем ұйымының төлем агенттерінің саны, "/" белгісі арқылы төлем агенттерімен төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарттар жасаған төлем ұйымының қосалқы төлем агенттерінің саны көрсетіледі.
Төлем ұйымының төлем агенттері мен қосалқы агенттерінің жалпы саны 1-жолдың 9-бағанында көрсетіледі, 9-бағандағы қалған жолдар толтырылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құру немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмысын бастағаны туралы ақпарат
____________________________________________________________________
(төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
осы арқылы Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құрғаны/
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны
туралы хабарлайды
(қажет емесі сызылып тасталсын)
___________________________________________________________________
(төлем жүйесінің атауы)
___________________________________ бастап (Қазақстан Республикасының
аумағында төлем жүйесі жұмыс істей бастаған күн – банктермен немесе банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен төлем жүйесіне
қатысуға арналған шартты жасасқан күн)
1. Төлем жүйесі операторының орналасқан жері:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(телефон, факс, электрондық поштаның (бар болса) мекенжайы)
2. Төлем жүйесі операторының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы
26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағында көзделген
құжаттар орналасқан интернет-ресурсының домендік аты туралы мәліметтер
______________________________________
(интернет-ресурс)
3. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттардың
тізбесі:
1) ____________________________________________________________________;
2) ____________________________________________________________________.
4. Қазақстан Республикасының резиденттері - төлем жүйесінің қатысушылары туралы
мәліметтер (төлем жүйесіне қатысуға арналған шарттардың көшірмелерін қоса бере
отырып)
Мен қоса беріліп отырған мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық
болып табылатынын растаймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы
(ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам)
___________________________________________ _______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы