Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 32 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13304 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 240 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы Тізбенің 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын 1-тармағының бесінші – он екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Тізбенің 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 32 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер мен ақша
аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. "Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 257 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10210 тіркелген, 2015 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банктің банкаралық ақша аудару жүйесі, банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізген төлемдерінің, электрондық банктік қызметтер нарығындағы (банк желісінде) төлемдерінің, банк пен оның қарсы агенттері арасында ашылған корреспонденттік шоттар, халықаралық ақша аударымы жүйесі арқылы жүргізілген төлемдері мен аударымдары (бұдан әрі – қолма-қол ақшасыз төлемдер) жалпы сомасының банктердің қолма-қол ақшасыз төлемдерінің жиынтық көлеміндегі үлесі (К6);".