"Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар бекітілсін:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім.
2. Экономика және қаржы департаменті (Т.А.Нұрғожаева):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ.Ғалымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі |
А. Сәрінжіпов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2015 жылғы 27 ақпан
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13 ақпан 2015 жылғы № 63 бұйрығына 1-қосымша |
Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт
Астана қаласы "___" __________ 20___ж.
Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын "__________________" (бұдан әрі - "қатысушы банк") атынан ______________________ негізінде әрекет етуші _______________ бір тараптан және азамат (азаматша) _____________ (бұдан әрі - Салымшы) не оның заңды өкілі (бұдан әрі – Заңды өкіл)________________________ екінші тараптан "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы Білім беру жинақтау салымы туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шартта пайдаланылатын ұғымдар
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Шартта мынадай ұғымдар қолданылады:
1) білім беру жинақтау салымы (бұдан әрі – салым) – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, капиталдандырылған қатысушы банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;
2) мемлекет сыйлықақысы - білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына және сақтандыру шарты бойынша есеп сомасына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;
3) білім беру жинақтау салымы туралы шарт - салымшының қатысушы банкпен жасасқан білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;
4) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - бірыңғай тізілім) - оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
5) білім беру қызметтері - білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтерді көрсету жөніндегі қызметі;
6) білім беру ұйымы - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;
7) енгізуші - салымшының пайдасына білім беру жинақтау салымына жарна салуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес;
8) қатысушы банк - Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
9) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі - МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарды) тартуына және оларға тиісінше сыйақыларды, инвестициялық табысты және мемлекет сыйлықақысын есептеуге негізделген білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;
10) МБЖЖ саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;
11) салымшы - салым шартының тарабы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы;
12) банктік шот - клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасының қозғалысын, сондай-ақ клиентке банк қызметін көрсету бойынша клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасындағы шарттық қатынастарды көрсету және есепке алу тәсілі;
13) банктік шотты тікелей дебеттеу - банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақша жөнелтушіден ақшаны алып қоюы және ақша жөнелтушінің осындай алып қою туралы алдын ала рұқсатының негізінде оларды бенефициардың пайдасына беруі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Шарттың мәні және жалпы шарттары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Шарттың мәні қатысушы банктің салымшы ______________________ атына теңгеде білім беру жинақтау салымын ашуы, салымға қатысушы банктің сыйақысын есепке жазуы және бюджеттен алынған мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуы болып табылады.
3. Шарттың мерзімі ____ ай (кемінде отыз алты ай).
4. Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық ___________ % -ды құрайды, Шарт бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (дәйекті жылдық тиімді, салыстырмалы түрде есептелетін сыйақы мөлшерлемесі) ___________ %. Сыйақыны есептеу кезінде күндердің нақты саны ескеріледі (күнтізбе бойынша), бұл ретте жыл үш жүз алпыс бес күн ретінде алынады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Қатысушы банктің сыйақысы Шарттың қолдану мерзімі ішінде ай сайын есепке жазылады және білім беру жинақтау салымының негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).
6. Шартқа қол қоя отырып, салымшы/заңды өкіл операторға банктік құпияны ашуға келісімін береді.
7. Бір салымшының атынан және оның пайдасына бір ғана Шарт жасалады.
8. Салымшы/заңды өкіл салымды басқа қатысушы банкке аудару кезінде ағымдағы шоттан қаражат алуды жүзеге асырмауға міндеттенеді.
9. Салымға енгізілетін минималды бастапқы біржолғы жарна республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерін құрайды.
10. Тараптар қол қойған салым шарты бірыңғай тізілімде тіркелуге жатады. Оператор салымшының салым шартының және Заң талаптарына сай келмеуіне байланысты оны білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне тіркеуден бас тартқан жағдайда салым шарты бұзылады, жинақ шоты жабылады, енгізілген бастапқы жарна сомасы сыйақыны есепке жазбай/төлемей және қатысушы банктің қандай да бір комиссияларын шегерместен, салымшының/заңды өкілдің бірінші талабы бойынша қайтарылады.
11. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес салымшының банктік шотына үшінші тұлғалардан жарналар қабылданады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Салым қаражатын нысаналы мақсатта алу жағдайларын (ақшаны білім беру ұйымына үлестермен аудару) қоспағанда, салымшының банктік шотынан ақшаны ішінара алуға жол берілмейді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Білім беру ұйымына шарттық негізде түскен кезде қатысушы банк салым сомасын салымшының (14 жасқа толмаған салымшының заңды өкілінің) тапсырмасы негізінде үлестермен (әрбір академиялық кезеңге немесе оқу жылына) немесе толық көлемде бір рет (оқудың барлық мерзіміне) аударады.
3-тарау. Мемлекет сыйлықақысы
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген Шарт бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.
15. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу кемінде бір жыл болған салымға жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша ондағы нақты жинақталған қалдық сомаға жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы Шарттың қолданылу мерзімінде есепке жазылады.
16. Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес бір қатысушы банктен екіншісіне аударылған салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу бастапқы салым шартының жасалған күні ескеріле отырып жүргізіледі.
17. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталға айналады).
18. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері Заңмен белгіленеді.
19. Мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы:
1) Шарттың 14-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі аяқталған жағдайда;
2) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда;
3) салымшы қайтыс болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген не оны қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап;
4) Заңның 11-бабының 7-тармағына сәйкес салымдағы қаражат шетелдің білім беру ұйымына аударылған сәттен бастап тоқтатылады.
20. Мемлекеттің есептеген сыйлықақысын қатысушы банк оператордың мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы анықтама-үзіндісі бойынша оператордан көрсетілген анықтаманы алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мына жағдайларда:
1) салымшының бастамасы бойынша Шарт бұзылған немесе мерзімінің аяқталуына байланысты салым Шарты бойынша міндеттемесі нысаналы мақсатын сақтамай тоқтатылғанда;
2) салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткенде;
3) Заңда белгіленген мерзімге жетпей мемлекет сыйлықақысының төлену фактісі анықталғанда;
4) салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқанда;
5) мемлекет сыйлықақысының артық есептелу фактісі анықталғанда бюджетке қайтаруы тиіс.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Үшінші тұлғалардың салымдарынан аудару кезінде салымға түскен мемлекет сыйлықақысы Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайларда бюджетке қайтаруға жатады.
22. Салымшы қаза болғанда, сот оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған не қайтыс болды деп жариялаған немесе денсаулық жағдайына байланысты оның оқуды жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда, білім беру жинақтау салымын:
1) салымшы/заңды өкіл немесе оның мұрагерлері кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру жинақтау салымына жібереді (қайта ресімдеу);
2) мемлекет сыйлықақысы сақтала отырып, салымшыға/заңды өкілге немесе оның мұрагерлеріне Шартты бұзу талаптары бойынша төленеді.
4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Қатысушы банк:
1) Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс мемлекет сыйлықақысының сомасын салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шотынан банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы алып қоюға;
2) салымшыдан/заңды өкілінен Шарт шеңберінде қажетті құжаттарды ұсынуын талап етуге;
3) салымшының банктік шотына қате аударылған ақшалай соманы салымшының келісімінсіз алып қоюға;
4) ұсынылған енгізу кезеңділігін және салымға қосымша жарнаның мөлшерін есептеуге;
5) қатысушы банктің салымшының банктік шоты бойынша операциялар жасаған қызметі үшін комиссиялық сыйақыны қатысушы банктің шот бойынша операция жүргізген күні қолданыста болған тарифтеріне сәйкес, бұл ретте тікелей мемлекеттің сыйлықақы сомасынан ұстамай, өндіріп алуға құқылы.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Салымшы/заңды өкіл:
1) салымға ақша енгізуге, оның ішінде қатысушы банк ұсынған тәртіпте және мерзімдерде;
2) салымның жай-күйі туралы толық ақпарат алуға;
3) салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке толық көлемде бір жылда бір реттен асырмай аударуды жүзеге асыруға;
4) бірыңғай тізілімде тіркелген бір ғана салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын алуға;
5) қатысушы банк Заңның талаптарына сай келмейді деп танылғанда және қатысушы банк пен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бұзылған жағдайда салымда жинақталған қаражат сомасын қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге кез келген басқа қатысушы банкке аударуға;
6) жинақталған қаражат сомасын қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның атындағы бірыңғай тізілімде тіркелген салымға аударуға;
7) шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда есептелген мемлекет сыйлықақысы мен банктің сыйақысын есепке алғандағы жинақталған салым қаражатынан оқу ақысын төлеуді жүзеге асыруға;
8) салымшыға білім беру гранты тағайындалған жағдайда:
қатысушы банктің сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын әрі қарай есептеумен салымда қаражат жинақтауды жалғастыруға;
салымдағы қаражатты Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) салымға аударуға;
салымдағы қаражатты білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударуға;
салымның қаражатын қатысушы банктің капиталға айналған сыйақысымен және есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға;
9) оқудың барлық кезеңдері үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленгеннен кейін салымда қаражат қалған жағдайда салымшы/заңды өкіл аталған соманы қатысушы банктің сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға құқылы.
25. Қатысушы банк:
1) Шарт жасасу кезінде салымшының Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ салымшының атына оператор арқылы ашылған қолданыстағы Шарттың жоқтығын тексереді;
2) салымшының банк шотына ақша қабылдайды;
3) ай сайынғы капиталдандыруды есепке ала отырып, салымшыға ай сайын салым сомасына сыйақы есептейді;
4) мемлекет сыйлықақысы түскен жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес оны салымшының банк шотына есепке жазады;
5) салымшы/заңды өкіл білім беру ұйымына не шетелдік білім беру ұйымына қабылдану туралы растау құжаттарын және ақша аудару туралы тиісті тапсырманы ұсынған жағдайда бір жұмыс күні ішін салымшының тапсырмасына сәйкес мөлшерде салым қаражатын тиісті білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының банктік шотына аударады;
6) салымшының/заңды өкілдің бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда салымның негізгі сомасын және есептелген сыйақыны салымшыға/заңды өкілге қатысушы банктің номиналды мөлшерлемесінен төмен емес мөлшерде төлейді;
7) салым қаражатын басқа қатысушы банкке немесе үшінші тұлғаның салымына аудару процесінде салымшыға/заңды өкілге ақшаны қолма-қол бермейді;
8) салымдар бойынша барлық шығыс операцияларын оператордан растама алғаннан кейін жүзеге асырады;
9) Шарттың және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес салымшының алдында өзге де міндеттерді орындайды.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Салымшы/заңды өкіл:
1) ақшаны ұлттық валюта - теңгемен енгізеді;
2) салым қаражатынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымындағы білім беру қызметтеріне ақы төлейтін жағдайда қатысушы банкке білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың түпнұсқасын не көшірмесін ұсынады;
3) салым қаражатынан шетелдік білім беру ұйымындағы білім беру қызметтеріне ақы төлейтін жағдайда қатысушы банкке оқуға қабылдану туралы растау құжаттарын (инвойс, шақыру хаты/білім беру қызметін көрсету туралы шарт) нотариалды куәландырылған мемлекеттік не орыс тіліндегі аудармасымен бірге ұсынады;
4) білім алу үшін салымшыға білім беру гранты тағайындалуына байланысты салым қаражаты алынатын жағдайда "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4991 болып енгізілді) бекітілген нысанға сәйкес білім беру грантының тағайындалуы туралы куәлікті ұсынады;
5) салымшының қаза болуына, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тануы не қайтыс болды деп жариялауы немесе оның денсаулық жағдайы салдарынан оқуын жалғастыра алмауына байланысты салым қаражатын алу жағдайында растау құжаттарын ұсынады;
6) барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленуіне байланысты салымда қалған қаражатты алу жағдайында білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының растау құжатын ұсынады;
7) салымшының тұрғылықты орны, жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері өзгерген жағдайда өзгеріс енгізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бұл туралы қатысушы банкке еркін нысанда хабарлайды;
8) мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына байланысты әрбір күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке аудармайды;
9) салым қаражатын бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке және үшінші тұлғаның атындағы салымға аудару кезінде салым қаражатын алмайды;
10) Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайлар болғанда салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шоттарынан республикалық бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын қатысушы банктің алуына келісімін береді;
11) Шарттың және Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес қатысушы банктің алдында өзге де міндеттерді орындайды.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Шартты өзгерту шарттары және бұзу тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
27. Салымшының/заңды өкілдің/енгізушінің ақшаны енгізуі Шартқа қосымша келісімге қол қою қажеттілігінсіз, кез келген уақытта жүзеге асырылады.
28. Салымшы Шарт бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда қатысушы банк Шарттың нақты бұзылу күніне дейін күнтізбелік он күн бұрын салымшыны бұл туралы жазбаша ескертіп, Шартты біржақты тәртіппен бұзады. Бұл жағдайда салым салымшыға/заңды өкілге оның бірінші талабы бойынша төленеді, мемлекет сыйлықақысы Заңның 14-бабының 2-тармағына сәйкес оператордың анықтама-үзіндісі бойынша республикалық бюджетке оператор арқылы қайтарылады.
29. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған салымшының заңды өкілдерінің бастамасы бойынша Шарттың мерзімінен бұрын бұзылуына қатысушы банкке кәмелетке толмаған салымшының атынан заңды өкілі болу құқығын куәландыратын құжат (қорғаншылық және қамқоршылық органдары берген құжат және басқалар) ұсынылған кезде жол беріледі.
30. Салым "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналасқан депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерді міндетті кепілдендірудің нысаны болып табылады.
Қатысушы банк _____ жылғы "___"_____ №_____ куәліктің негізінде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгеруіне байланысты депозиттерді кепілдендіру шарттары өзгерген жағдайда Шартқа, Шартты ұзарту жағдайларын қоса алғанда, заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып кепілдендіру шарттары қолданылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
32. Шарттың 25-тармағының 4) тармақшасында көзделген міндеттемелерді орындау кезінде қатысушы банк салымшыға мерзімі өткен әр күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының мөлшерінен 0,01% мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын және салымшының тұрақсыздық айыппұлымен өтелмеген шығынын өтейді.
33. Тараптар Шарт бойынша қабылдаған міндеттерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда айыпты тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке тартылады.
34. Салымшының білім беру кредиті бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін қатысушы банктің алдындағы жауапкершілігі қатысушы банк пен салымшы арасында жасалатын банктік қарыз шартында белгіленеді.
35. Тұрақсыздық айыппұлы (өсімпұл, айыппұл) сомасын төлеу тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
7-тарау. Құпиялылық
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
36. Тараптардың Шарт шеңберінде алынған кез келген ақпаратты (бұдан әрі – Құпия ақпарат):
1) бұған басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімі алынған;
2) бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қажет болған жағдайлардан басқа қандай да бір мақсатта жариялауға немесе пайдалануға құқығы жоқ.
37. Құпия ақпарат:
1) оларды пайдалану немесе жариялау уақытына жалпыға қолжетімді болып табылатын;
2) өзіне заңды жолмен қолжетімді болған және мұндай мәліметтерді таратуға заңды құқығы бар тұлғаның тарапынан ұсынылған мәліметтерді қамтымайды.
8-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
38. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
39. Еңсерілмес күштің төтенше мән-жайлары, атап айтқанда, Шартқа қол қойылғаннан кейін басталған және Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері туындаған жағдайда міндеттемелерді орындау мерзімі мұндай мән-жайлардың әрекет ету уақытына ұзартылады.
40. Шарттың 39-тармағында көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған Тарап осындай мән-жайлар басталған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей бұл туралы басқа тарапқа хабарлауға міндетті. Мұндай хабарламада қамтылатын фактілерді уәкілетті ұйымдар құжаттамалық растауы тиіс.
41. Басталған төтенше жағдайлар туралы ескертпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті тарапты шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін оны жауапкершіліктен босататын негіз ретінде олардың қандай да біріне жүгіну құқығынан айырады.
9-тарау. Дауларды қарау тәртібі
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
42. Шартты жасасу және орындау процесінде туындайтын немесе оған қатысты барлық келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар он күндік мерзімде бірлесіп қарауға міндеттенеді. Туындаған даулы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.
10-тарау. Қорытынды ережелер
Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
43. Шарт қатысушы банкке салымның бастапқы сомасы (минималды бір жолғы жарна) енгізілген сәттен бастап күшіне енеді.
44. Егер шарттың мерзімі аяқталған соң салым салымшының/заңды өкілдің тарапынан талап етілмесе және/немесе тараптардың бірде біреуі оның қолданысын тоқтатуға ниет білдірмесе, онда қатысушы банктің қарастыруы бойынша Шарт мерзімі салымды орналастыру мерзімін ұзарту күніне осы салым түріне қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақыны есептеумен сол мерзімге және сол шарттарда ұзартылады.
45. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша жазбаша келісімдерді жасау және қол қою жолымен жүргізіледі.
46. Шартта көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап басқа тарапты бұл өзгерістер туралы жеті жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
47. Шартпен реттелмейтін бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
48. Шарт бірдей заңды күші бар төрт данада тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
49. Шартқа қоса берілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.
11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары
Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қатысушы банк Салымшы/Заңды өкіл
___________________________ ____________________________
___________________________ ____________________________
___________________________ ____________________________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім
Ескерту. Үлгілік келісім жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 30.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Астана қаласы | "___" ____20___ ж. |
Бұдан әрі "оператор" деп аталатын __________атынан _____________ негізінде
әрекет етуші ________________________ бір тараптан, бұдан әрі "қатысушы банк"
немесе "қатысушы-сақтандыру ұйымы" деп аталатын ________________________ атынан
________________ __________________ негізінде әрекет етуші ______________________
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес
төмендегілер туралы осы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы
ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
1-тарау. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар
1. Келісімде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) білім беру жинақтау сақтандыруы - сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде, оның ішінде білім беру жинақтау сақтандыруы шартында белгіленген кезең өткеннен кейін, қайсысы бірінші басталатынына қарай, сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтау мақсатында жүзеге асырылатын өмірді жинақтау сақтандыруы;
2) білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімі – оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
3) білім беру жинақтау сақтандыруы шарты (бұдан әрі – сақтандыру шарты) – өмірді жинақтау сақтандыруы шарты, оған сәйкес бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (қатысушы-сақтандыру ұйымы) сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде сақтандыру төлемін, оның ішінде есепке жазылған инвестициялық табысты негізге ала отырып есептелген сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді;
4) білім беру жинақтау салымы (бұдан әрі – салым) – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақылары мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;
5) білім беру жинақтау салымы туралы шарт (бұдан әрі - салым шарты) – салымшы қатысушы банкпен жасасқан, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;
6) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі – оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
7) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі;
8) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
9) білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;
10) банктік шот – клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасының қозғалысын, сондай-ақ клиентке банк қызметін көрсету бойынша клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасындағы шарттық қатынастарды көрсету және есепке алу тәсілі;
11) енгізуші – салымшының пайдасына білім беру жинақтау салымына жарна салуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес;
12) кредитор – банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік берген ұйымның кепілдігімен білім беру кредиттерін ұсыну туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
13) кредиттік желі – қарыз алушыға кредитордың білім беру кредиті шартында айқындалған уақыт ішінде келісілген лимит шегінде оған ақша беру жөніндегі заңды түрде ресімделген міндеттемесін ұсыну;
14) қарыз алушы – білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жетіспеген сомаға кредитормен білім беру кредиті шартын жасасқан салымшы;
15) қатысушы банк – Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
16) қатысушы-сақтандыру ұйымы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді жасасқан заңды тұлға;
17) мемлекет сыйлықақысы - білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына және сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;
18) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарды) тартуына және оларға тиісінше сыйақыларды, инвестициялық табысты және мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;
19) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;
20) пайда алушы - сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
21) сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасы - сақтандыру шарты бойынша сыйлықақыны (жарналарды), инвестициялық табысты, өткен кезеңдердегі есепке жазылған мемлекет сыйлықақыларын ескере отырып, сақтандыру шарты бойынша қалыптасқан сақтандыру резервін негізге ала отырып айқындалатын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін мемлекет сыйақысын есептеу үшін қабылданатын сома;
22) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі (бұдан әрі – сақтандыру төлемі) – сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде не сақтандыру шартында айқындалған мерзім басталған кезде, пайдасына сақтандыру шарты жасалған адамның білім алу қызметтеріне (пайда алушыға) ақы төлеу үшін сақтандыру шартында көзделген, оның ішінде сақтандыру сыйлықақысын (жарналарын), инвестициялық табысты, мемлекет сыйлықақысын қамтитын және қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін ақша сомасы;
23) сақтанушы – пайда алушының ата-анасы, қамқоршысы, заңды өкілі болып табылатын және қатысушы-сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасқан адам (Заңға сәйкес сақтанушы сақтандырылушы болып табылады);
24) салымшы – салым шартының тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы;
25) салымшылардың (пайда алушылардың) басым санаты – Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес көтермеленген мемлекет сыйлыақысы есептелетін азаматтар санаты;
26) сатып алу сомасы – сақтанушының сақтандыру шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде алуға құқығы бар, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын ақша сомасы.
2-тарау. Келісімнің мәні
2. Қатысушы банк салымшылардан немесе енгізушілерден жарналарды қабылдайды, салымшылардың банктік шоттарына сыйақыны есепке жазады және мемлекет сыйлықақысын есептеп аударады, қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтанушылардан сақтандыру сыйақысын (бөліп төлеу арқылы сақтандыру сыйақысын төлеу кезінде сақтандыру жарналарын) қабылдайды, сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына инвестициялық табысты есепке жазады және мемлекет сыйлықақысын есептеп аударады, ал оператор білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркелген салымдарға немесе сақтандыру шарттарына есептелуге жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын есептеуді жүзеге асырады және оны қатысушы банкке немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады.
3-тарау. Өзара іс-қимыл шарттары және тәртібі
3. Салым шарты кемінде үш жылға жасалады, ол мерзім аяқталғаннан кейін салым шартының қолданылу мерзімі ұзартылады не қалған ақша аударыла отырып, салымшының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкпен жасалады. Салымдар теңгеде ашылады.
Сақтандыру шарты кемінде үш жылға жасалады. Сақтандыру шартының валютасы теңге болып табылады.
4. Бір салымшының немесе пайда алушының атынан немесе оның пайдасына бір ғана салым шарты немесе сақтандыру шарты жасалады.
5. Салымшының немесе пайда алушының салым шартының немесе сақтандыру шартының және Заңның талаптарына сай келмеуіне байланысты оператор салым шартын немесе сақтандыру шартын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізіліміне тіркеуден бас тартқан жағдайда салым шарты немесе сақтандыру шарты бұзылады, салым шарты бойынша жинақ шоты жабылады, салым бойынша енгізілген бастапқы жарна, сақтандыру жарнасы немесе сақтандыру сыйлықақысының сомасы сыйақыны есепке жазбай және төлемей, салым шарты немесе сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылғаны үшін комиссия ұстамай, салымшыға және (немесе) заңды өкілге немесе сақтанушыға бірінші талабы бойынша төленеді.
6. Оператор жасалған әрбір салым шарты немесе сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қатысушы банкке немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуды жыл сайынғы негізде жүзеге асырады. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркелген салым шартына немесе сақтандыру шартына жүргізіледі.
7. Мемлекет сыйлықақысын алғаннан кейін қатысушы банк екі жұмыс күні ішінде сыйлықақыны салымшылардың банктік шоттарына есепке жазады, қатысушы-сақтандыру ұйымы бес жұмыс күні ішінде мемлекет сыйлықақысын сақтандыру шарттарына есепке жазады. Салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады), ал сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шарты бойынша есеп сомасына қосылады. Қатысушы банк немесе қатысушы-сақтандыру ұйымы мемлекет сыйлықақысын уақтылы есепке жатқызбаған жағдайда қатысушы банк немесе қатысушы-сақтандыру ұйымы салымшыға немесе пайда алушыға мерзімі өткен әрбір күн үшін 0,01 % мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
8. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген салым шарты бойынша салым сомасының нақты жинақталған қалдығына, тіркелген сақтандыру шарты бойынша есеп сомасына, жинақтаудың ең қысқа мерзімі бір жыл болған кезде 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепке жазылады. Мемлекет сыйлықақысы салым шартының, сақтандыру шартының қолданылу мерзіміне, бірақ мемлекет сыйлықақысы есептелген бірінші жылдан бастап жиырма жылға дейін ғана есепке жазылады.
9. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері Заңмен белгіленеді. Заңдағы мемлекет сыйлықақысының мөлшері өзгерген жағдайда оператор қатысушы банктерді немесе қатысушы-сақтандыру ұйымдарын жазбаша түрде хабардар етеді.
10. Салымшылардың немесе пайда алушылардың басым санатына арналған мемлекет сыйлықақысы тиісті жылы салымшының немесе пайда алушының басым санатқа жататыны расталатын айлар үшін есепке жазылады.
11. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:
1) инвестициялық кіріс және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы ескерілген сатып алу сомасының басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты шарт бұзылған жағдайды қоспағанда, салым шарты немесе сақтандыру шарты салымшының немесе сақтанушының бастамасы бойынша бұзылған немесе нысаналы мақсаты сақталмай мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты немесе сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;
2) салымшы немесе пайда алушы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткен, егер осы үш жыл ішінде пайда алушы оқудан шығарылған білім беру ұйымына қайта қабылданбаған не басқа білім беру ұйымына оқуға түспеген;
3) жинақтау мерзімі Заңда белгіленген мерзімге жетпей тұрып салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының төлену фактісі анықталған жағдайларда бюджетке қайтарылуға жатады.
12. Салымшы немесе пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес бюджетке қайтаруға жатады.
13. Мемлекеттің сыйлықақыны артық есептеу фактісі анықталған жағдайда мемлекет сыйлықақысының артық есептелген сомасы бюджетке қайтаруға жатады.
14. Келісімнің 11-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 12, 13-тармақтарында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда оператор үш жұмыс күні ішінде олар туралы қатысушы банкке немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына хабарлайды.
15. Салым қаражаты немесе сақтандыру төлемі барлық оқу кезеңі үшін оқу ақысын төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда салымшы немесе пайда алушы жинақтау мерзімі аяқталған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларына сәйкес білім беру кредиттерін алу үшін қатысушы банкке жүгінуге құқылы.
Білім беру кредиті салымшыға немесе пайда алушыға жинақталған соманың мөлшері оқу ақысын толық көлемде төлеу үшін қажетті соманың кемінде елу пайызын құраған жағдайда мемлекет уәкілеттік берген ұйымның жүз пайыз кепілдігімен беріледі.
4-тарау. Білім беру жинақтау салымын немесе сатып алу сомасын аудару шарттары
16. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі салымның ақшасын бір қатысушы банктен екінші қатысушы банкке толық көлемде жылына бір рет қана аударуды жүзеге асыруға құқылы.
Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі сатып алу сомасын сақтандыру шарты бойынша инвестициялық табыс пен есепке жазылған мемлекет сыйлықақысын есепке ала отырып, бірақ сақтандыру шарты жасалған күннен бастап екі жылдан ерте емес, бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан екінші қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуды жүзеге асыруға құқылы.
Қаражатты бір қатысушы банктен немесе бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушы банкке немесе басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аудару салымшы немесе сақтанушы тарапынан қатысушы банк пен салымшы арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы шарттың немесе қатысушы-сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасындағы сақтандыру шартының талаптарын бұзу болып есептелмейді. Бұл жағдайда мемлекет сыйлықақысы бастапқы салым немесе сақтандыру шарттарының жасалу күндері ескеріле отырып есепке жазылады.
17. Салымшы немесе сақтанушы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі жинақталған қаражат сомасын немесе сатып алу сомасын есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен бірге Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның атындағы білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салымға аударуға құқылы. Үшінші тұлғалардың салымдарынан аудару кезінде түскен мемлекет сыйлықақысы Заңның 14-бабының 1-тармағында және 14-1-бабның 6-тармағында көзделген жағдайларда қайтаруға жатады.
18. Салымды немесе сатып алу сомасын аударуды жүзеге асыру үшін салымшы немесе сақтанушы аударудың тараптары болып табылатын қатысушы банктерге немесе қатысушы-сақтандыру ұйымдарына жүгінеді. Қатысушы банктер немесе қатысушы-сақтандыру ұйымдары оператормен келіскеннен кейін салымды немесе сатып алу сомасын аударуды жүзеге асырады.
19. Бір банктен немесе бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушыға аудару және үшінші тұлғаның атына аудару кезінде салымшыға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкіліне немесе сақтанушыға қаражат берілмейді.
20. Мемлекет сыйлықақысының есептелуіне байланысты әрбір күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында салымды бір қатысушы банктен немесе бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушыға және үшінші тұлғаның атына аударуға жол берілмейді.
5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
21. Қатысушы банк немесе қатысушы-сақтандыру ұйымы:
1) оператордан әрбір жасалған салым шарты немесе сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақыларының мөлшері туралы мәліметтерді ұсынумен мемлекет сыйлықақысының уақтылы есепке жатқызылуын талап етуге;
2) оператордан Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан білім беру ұйымдарының жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберіндегі өзге де ақпаратты талап етуге;
3) салымшылар (банк шоттарының жай-күйі, салымшылар ақшасының қозғалысы) немесе немесе сақтанушылар және (немесе) пайда алушылар туралы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы мен оның сомасы туралы мәліметтерді алмасу жұмысын оңтайландыру мақсатында оператормен тиісті ақпараттық жүйені интеграциялауға;
4) салым шартын немесе сақтандыру шартын жасасу кезінде салым шартының немесе сақтандыру шартының талаптарын, қатысушы банк сыйақысының мөлшері немесе инвестициялық табыстың мөлшері және мемлекет сыйлықақысының төлену және қайтарылу тәртібін түсіндіреді.
22. Оператор:
1) қатысушы банктен, қатысушы-сақтандыру ұйымынан салым шартының, сақтандыру шартының жасалуына, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына, білім беру қызметтерінің құны мен төленуіне, білім алушының мәртебесіне, білім беру ұйымындағы, оның ішінде шетелдік білім беру ұйымдарындағы төлеміне қатысты қажетті мәліметтерді сұратуға;
2) жасалған салым шарттарын, сақтандыру шарттарын тіркеуді және олардың есебін жүргізуді жүзеге асыруға;
3) қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының немесе білім беру ұйымының мемлекет сыйлықақылары сомасының бюджетке толық және уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуге;
4) қатысушы банк Заңның 15-бабының 2-тармағында қойылған талаптарды, қатысушы-сақтандыру ұйымы Заңның 18-1-бабының 2-тармағында қойылған талаптарды орындамаған жағдайда Келісімді орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға, сондай-ақ салымшылардың ақшасын немесе сақтанушылардың сатып алу сомаларын салымшының немесе сақтанушының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкке немесе басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуды талап етуге құқылы.
23. Қатысушы банк немесе қатысушы-сақтандыру ұйымы:
1) қатысушы банк Заңның 15-бабының 2-тармағының талаптарына, ал қатысушы-сақтандыру ұйымы Заңның 18-1-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін растайды;
2) Заңда көрсетілген талаптарды ескере отырып, салым шарттарын немесе сақтандыру шарттарын жасасады;
3) оператор салым шартын немесе сақтандыру шартын тіркеуі үшін салым шарты немесе сақтаyдыру шарты жасалғаннан кейінгі келесі жұмыс күні сағат 17:00-ден (Астана қаласының уақытымен) кешіктірмей операторға электрондық түрде не пошта арқылы мына деректерді жібереді:
салымшының немесе сақтанушының, пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
салым шартының немесе сақтандыру шартының нөмірі;
салым шартының немесе сақтандыру шартының жасалу күні;
салым шарты бойынша жинақ шотының нөмірі;
салым шарты бойынша бастапқы жарнаның, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарнасының немесе сақтандыру сыйлықақысының сомасы;
өңір және банктің бөлімшесі;
4) салыстырып тексеру мақсатында оператордың сұратуы бойынша мына құжаттардың/мәліметтердің көшірмелерін қағаз немесе электронды форматта ұсынуға:
салымшының немесе сақтанушының, пайда алушының жеке куәлігі;
салым шарты, сақтандыру шарты;
салымшының немесе пайда алушының оқитындығын растау;
салым қаражатын немесе сақтандыру төлемін білім беру ұйымының банк шотына аудару негіздемесі;
мемлекет сыйлықақысының төленуімен салымдарды немесе сақтандыру төлемін алуға негіздеме;
5) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың онына дейін операторға салымшылар (банк шоттарының жай-күйі, салымшылар ақшасының қозғалысы) немесе сақтанушылар, пайда алушылар, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы және сомасы туралы мәліметтерді ұсынады;
6) салымдар бойынша сыйақыны немесе сақтандыру шарты бойынша инвестициялық табысты уақтылы және толық көлемде есепке жазады;
7) салым шартын немесе сақтандыру шартын жасасу кезінде салымшының немесе пайда алушының Заңда белгіленген талаптарға сай келетінін, сондай-ақ оператор арқылы салымшының немесе пайда алушының атына ашылған қолданыстағы басқа салым шартының немесе сақтандыру шартының жоқтығын тексереді;
8) Келісімнің 11 және 12-тармақтарында көрсетілген жағдайларда оператордан анықтама-үзінді алған күннен бастап қатысушы банк банктік үш күн ішінде, қатысушы-сақтандыру ұйымы бес жұмыс күні ішінде операторға мемлекет сыйлықақысын қайтаруды жүзеге асырады;
9) оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап қатысушы банк екі жұмыс күні ішінде, қатысушы-сақтандыру ұйымы бес жұмыс күні ішінде оларды салымдарға, сақтандыру шарттарына есепке жатқызады;
10) салымшы, сақтанушы немесе пайда алушы білім беру ұйымына (шетелдік білім беру ұйымына) қабылданғандығын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайға қатысушы банк бір жұмыс күні ішінде салымнан қаражатты тиісті білім беру ұйымының (шетелдік білім беру ұйымының) банктік шотына, қатысушы-сақтандыру ұйымы бес жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін тиісті білім беру ұйымының банктік шотына, ал шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда пайда алушының атына ашылған "эскроу шотқа" аударады;
11) операторға хабарлай отырып, білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына пайда алушның атындағы "эскроу-шот" режиміндегі банктік шотқа қаражат аудару бойынша барлық шығыс операцияларын жүргізеді;
12) салым, сақтандыру төлемі бойынша операцияларды жүзеге асырғаны үшін тікелей мемлекет сыйлықақысынан комиссия ұстамайды;
13) мемлекет сыйлықақысын есепке жазу үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың оныншы қаңтарына дейін операторға ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әрбір салымшының, пайда алушының салымындағы нақты жинақталған қалдық сомасы, сақтандыру шарты бойынша есеп сомасының мөлшерлері туралы ақпарат береді.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтер/ақпарат мемлекеттік деректер қорларында болған жағдайда Оператор мұндай мәліметтерді/ақпаратты өз бетінше алуға құқылы.
24. Оператор:
1) қатысушы банк, қатысушы-сақтандыру ұйымы ұсынған Заң талаптарына сәйкес келетін салым шарттарын, сақтандыру шарттарын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркейді және оларға тіркеу нөмірін береді;
2) қатысушы банкке, қатысушы-сақтандыру ұйымына бір жұмыс күні ішінде салымшының, пайда алушының атында тіркелген салым шартының, сақтандыру шартының бары не жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады;
3) қатысушы банктен, қатысушы-сақтандыру ұйымынан салымның, сақтандыру шартының жабылуы туралы құжаттарды не салымшының, пайда алушының шетелдік білім беру ұйымына қабылдануы туралы растау құжаттарын алғаннан кейін салым шартын, сақтандыру шартын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінен немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінен шығарады;
4) салымға, сақтандыру шартына есепке жатқызуға жататын мемлекет сыйлықақыларының сомаларын есептеуді жүзеге асырады және оны тиісінше қатысушы банкке немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады;
5) қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының мемлекет сыйлықақыларының сомасын салымдарға, сақтандыру шарттарына есепке жазу мерзімдерін сақтауын мониторингілеуді жүзеге асырады;
6) білім беру саласындағы уәкілетті органнан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әрбір жасалған салым шарты, сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, мемлекет сыйлықақысын қатысушы банкке, қатысушы-сақтандыру ұйымына есептеуді жүргізеді;
7) бір жылда екі рет бұқаралық ақпарат құралдарында қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының Заңмен МБЖЖ-ға қатысу үшін қойылатын талаптарды орындауы туралы мәліметті жариялайды;
8) Заңмен және (немесе) ынтымақтастық туралы келісіммен оларға қойылатын талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салымшыны, сақтанушыны, қатысушы банкті, қатысушы-сақтандыру ұйымын, білім беру ұйымын жауапкершілікке тарту үшін шаралар қолданады;
9) бюджетке, салымшыға, қатысушы банкке, сақтанушыға, пайда алушыға, қатысушы-сақтандыру ұйымына қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-көшірмені береді;
10) Заңда белгіленген жағдайларда қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының немесе білім беру ұйымының бюджетке мемлекет сыйлықақыларының сомасын толық және уақытылы қайтаруын қамтамасыз етеді;
11) салымшының немесе пайда алушының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу фактісі анықталған жағдайда салымшымен салым шартын немесе сақтанушымен сақтандыру шартын бұзу қажеттілігі туралы қатысушы банкті немес қатысушы-сақтандыру ұйымын хабардар етеді.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
25. Тараптар Келісім бойынша қабылдаған міндеттерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікті тартады.
26. Өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
27. Егер тараптар келіссөздер арқылы өзара қолайлы келісімге келе алмаса, бұл тараптардың Келісімге байланысты және қатысты туындайтын дауларды (келіспеушіліктерді) Қазақстан Республикасының соттарында қарау туралы келісімге келгенін білдіреді.
7-тарау. Құпиялылық
28. Тараптардың Келісім шеңберінде алынған кез келген ақпаратты (бұдан әрі - Құпия ақпарат):
1) бұған басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімі алынғанда;
2) бұған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қажеттілік бар болған жағдайлардан басқа кезде қандай да бір мақсатта жариялауға немесе пайдалануға құқығы жоқ.
29. Құпия ақпарат:
1) оларды пайдалану немесе жариялау уақытында жалпыға қолжетімді болып табылатын;
2) өзіне заңды жолмен қолжетімді болған және мұндай мәліметтерді таратуға заңды құқығы бар тұлғаның тараптарға ұсынған мәліметтерін қамтымайды.
8-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
30. Еңсерілмес күштің төтенше мән-жайлары, атап айтқанда, Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері туындаған жағдайда міндеттемелерді орындау мерзімі мұндай мән-жайлардың әрекет ету уақытына ұзартылады.
31. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған Тарап осындай мән-жайлар басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа тарапқа хабарлауға міндетті. Мұндай хабарламада қамтылатын фактілер уәкілетті ұйымдар тарапынан құжаттамалық расталуы тиіс.
32. Басталған төтенше жағдайлар туралы ескертпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті тарапты шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін оны жауапкершіліктен босататын негіз ретінде олардың қандай да біріне жүгіну құқығынан айырады.
9-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі
33. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
34. Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Келісімде көзделген шарттарда бұзылуы мүмкін.
35. Келісімді мерзімінен бұрын бұзуға тараптардың Келісімі бойынша не Келісімде және Заңда көзделген шарттарды сақтай отырып, тараптардың бірінің бастамасы бойынша жол беріледі.
36. Тараптар кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын басқа тарапты жазбаша түрде хабардар ете отырып, бір жақты соттан тыс тәртіппен Келісімді бұзу рәсіміне бастамашылық етуге құқылы.
10-тарау. Қорытынды ережелер
37. Тараптар хат-хабарды жөнелту бойынша шығыстарды дербес жүргізеді. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтаған жағдайда тараптар құжат айналымын электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен жүзеге асыра алады.
38. Келісім жасалған жағдайда тараптар екі жақты келісім бойынша нақтылау сипатында, осы қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанына қайшы келмейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
39. Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша жазбаша келісімдерді жасау және оларға қол қою арқылы жүзеге асырылады.
40. Келісімде көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап ақпарат өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде басқа тарапты мұндай өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
41. Келісіммен реттелмеген бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
42. Келісім бірдей заңды күші бар төрт данада тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
43. Келісімге барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.
11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Оператор |
Қатысушы банк немесе қатысушы- сақтандыру ұйымы |