Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13078 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9247 тіркелген, 2014 жылғы 1 сәуірде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларында:
      33-тармақ алып тасталсын.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      4. Төлем жүйелерiн дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қантардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                             Д. Ақышев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 259 қаулысына     
қосымша          

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының күші жойылған қаулыларының
тізбесі

      1. «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 711 тіркелген).
      2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы № 266 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 910 тіркелген).
      3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгеріс енгізу жөнінде» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 16 мамырдағы № 216 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1152 тіркелген).
      4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 106 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1538 тіркелген).
      5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі № 362 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1999 тіркелген, 2002 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 29, 635-құжатта жарияланған).
      6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2193 тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 64-65 (23275) жарияланған) 1-тармағының 1) тармақшасы.
      7. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы № 158 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2369 тіркелген).
      8. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 711 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесінде ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 мамырдағы № 74 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2887 тіркелген, 2004 жылғы 12 маусымда «Казахстанская правда» газетінде № 132 (24442) жарияланған).
      9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 тіркелген) Қосымшаның 1-тармағы.
      10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 96 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5422 тіркелген).

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 259 қаулысымен    
бекітілген        

Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң), «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және операторы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) болып табылатын банкаралық ақша аударымдары жүйесінің (бұдан әрі – жүйе) жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
      2. Жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ашылған корреспонденттік шоттардан жүйеге аударылған ақшаны пайдалана отырып, оның қатысушылары (пайдаланушылары) арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған жүйелік-маңызды төлем жүйесі болып табылады.
      3. Жүйеде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру оның пайдаланушысының әрбір нұсқауын жеке орындау арқылы операциялық күн ішінде ақша аударымдарын аяқтай отырып жүргізіледі.
      4. Қағидаларда Төлемдер туралы заңда«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы және  «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аудиторлық із – жүйеде электрондық хабарларды өңдеу жөніндегі оқиғаларды жүйелі тіркеу, жүйе бойынша ақпаратты Орталық және жүйе пайдаланушылары сақтайды;
      2) аутентификация – төлем және ақпараттық хабарлар алмасу кезінде жүйе пайдаланушыларының тұпнұсқалығын растау үшін шаралар кешені;
      3) әлеуметтік бағыттағы төлемдер – мемлекеттік бюджеттен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы төлемдері және (немесе) жәрдемақы төлемдері, әлеуметтік және өзге төлемдер, бюджеттен төленетін тұрғын үй төлемдері және өзге төлемдер;
      4) бағдарламалық-техникалық жүйе кешені – жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін, ақпараттық жүйеден, серверден және жүйе терминалынан, коммуникация құралдарынан (деректерді беруден) тұратын техникалық, бағдарламалық немесе басқа да құралдар;
      5) бағдарламалық-техникалық жүйе кешенінің негізгі орталығы (бұдан әрі – негізгі орталық) – жүйенің әдеттегі (күнделікті) режимдегі жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық жүйе кешені;
      6) бағдарламалық-техникалық жүйе кешенінің резерв орталығы (бұдан әрі – резерв орталығы) – стандарттан тыс жағдайлар туындаған немесе негізгі орталықта жоспарлы тест жұмыстары жүргізілген кезде жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық жүйе кешені;
      7) банкаралық клиринг жүйесі – операторы Орталық болып табылатын, пайдаланушылардың нұсқауларын көпжақты клирингтеу жолымен оның пайдаланушылары арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі;
      8) бейрезидент қаржы ұйымы – Қазақстан Республикасынан тысқары құрылған, тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар, жүйенің пайдаланушысы болып табылмайтын және пайдасына трансшекаралық төлем және (немесе) ақша аударымы жіберілетін не одан алынған жеке немесе заңды тұлғаға қызмет көрсететін қаржы ұйымы (банк);
      9) дебеттік аударым – пайдаланушы-бастама жасаушы пайдаланушы-бенефициар болып табылатын ақша аударымы;
      10) жиынтық төлем хабары – пайдаланушылар клиенттерінің бірнеше төлем құжаттарының (нұсқауларының) негізінде пайдаланушы қалыптастырған төлем хабары;
      11) жүйелік тәуекел – бір немесе бірнеше пайдаланушының міндеттерін орындамауынан туындаған, бір немесе бірнеше ақша аударымы бойынша бір немесе бірнеше пайдаланушы міндеттемелерінің орындалмау тәуекелі;
      12) жүйелік-маңызды төлем жүйесі – үздіксіз жұмысы Қазақстан Республикасының қаржы нарығының тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайтын, жұмысының тоқтап қалуы (іркілісі) Қазақстан Республикасының қаржы нарығында тәуекелдердің туындауына әкелуі мүмкін төлем жүйесі;
      13) жүйенің операциялық күні (бұдан әрі – операциялық күн) – төлем хабарларын қабылдау, өңдеу әрі беру және олар бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін жүйе ашық болатын уақыт кезеңі;
      14) жүйенiң пайдаланушысы (бұдан әрі – пайдаланушы) – Орталықпен жүйеде қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға немесе операторы Орталық болып табылатын басқа төлем жүйесі;
      15) кезек – пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясында ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде төлем хабарлары операциялық күн ішінде пайдаланушының позициясына қажетті ақша сомасы түскеннен кейін есеп айырысу сәтін күтуде кезекке тұратын тәуекелдерді басқару тетігі;
      16) кері қайтарылмайтын төлем – кері қайтарылуға тиіс емес төлем;
      17) кредиттік аударым – пайдаланушы-бастама жасаушы пайдаланушы-ақша жөнелтуші болып табылатын ақша аударымы;
      18) кредиттік тәуекел – қарсы агенттің өз міндеттемелерін толық көлемде уақтылы орындамауының (орындамауының) мүмкін болуымен байланысты тәуекел;
      19) операциялық тәуекел – ақпараттық жүйелердің немесе ішкі процестердің кемшіліктерімен, адамдардың қателіктерімен, жүйені басқарудағы, оның ішінде сыртқы оқиғалардың салдарынан болатын іркілістермен немесе бұзушылықтармен байланысты тәуекел;
      20) Орталықтағы жүйенің позициясы – Орталықта өңделетін және пайдаланушылар Ұлттық Банкте жүйенің шотына аударылған ақшаның және жүйедегі пайдаланушылар аударымдарының жалпы сомасын бақылауға арналған позиция;
      21) өтімділік тәуекелі – пайдаланушы-ақша жөнелтушінің ақша аудару жөніндегі өз міндеттемелерін толық көлемде уақтылы орындамауының (орындамауының) мүмкін болуымен байланысты тәуекелі;
      22) пайдаланушының жүйедегі позициясы (бұдан әрі – пайдаланушының позициясы) – жүйе пайдаланушысының жүйе арқылы төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыру үшін Ұлттық Банкте ашылған теңгедегі корреспонденттік шоттан (бұдан әрі – пайдаланушының корреспонденттік шоты) өзі аударған ақша сомасын есепке алуға арналған позиция;
      23) пайдаланушы-ақша жөнелтуші – позициясынан ақша аударылатын (есептен шығарылатын) пайдаланушы;
      24) пайдаланушы-бастама жасаушы – төлем хабарын жүйеге жіберген пайдаланушы. Пайдаланушы-бастама жасаушы пайдаланушы-ақша жөнелтуші немесе пайдаланушы-бенефициар болып табылады;
      25) пайдаланушы-бенефициар – позициясына ақша аударылатын пайдаланушы;
      26) пайдаланушы-делдал – пайдаланушылар мен бейрезидент қаржы ұйымдарының арасында трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақша аударуды жүзеге асыратын пайдаланушы;
      27) төлем нұсқауы – пайдаланушының корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктегі жүйенің шотына не Ұлттық Банктегі жүйенің шотынан оның корреспонденттік шотына ақша аударуға нұсқауы;
      28) төлем хабарының акцепті – Орталықтың төлем хабарының талаптары негізінде ақша аударымын жүзеге асыруға келісімі;
      29) төлемнің және (немесе) ақша аударымының аяқталуы (түпкіліктілігі) – төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушының міндеттемесі орындалды деп саналатын сәт;
      30) трансшекаралық төлем және (немесе) ақша аударымы – ақша жөнелтуші бастама жасаған немесе оның атынан бастама жасалған, ақша жөнелтушінің және бенефициардың төлем қызметтерін жеткізушілер әртүрлі мемлекеттерде орналасқан төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқау;
      31) Ұлттық Банктегі жүйенің шоты – Ұлттық Банкте ашылған және пайдаланушылар жүйеде ақша аударымын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақшасын есепке алуға және ақшаны жүйеге (жүйеден) аудару бойынша пайдаланушылар позицияларының сальдосын аударуға арналған шот;
      32) электрондық ақпараттық хабар (бұдан әрі – ақпараттық хабар) – электрондық цифрлық қолтаңбасы бар, төлем хабарларына жатпайтын және ақпараттық сипаттағы, оның ішінде үзінді-көшірмелер бар электрондық хабар;
      33) электрондық төлем хабары (бұдан әрі – төлем хабары) – жүйедегі пайдаланушылардың позициялары бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға негіз болатын, электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық хабар;
      34) электрондық хабар – Орталық әзірлеген форматтағы электрондық түрдегі ақпарат жиынтығы.
      Қағидаларда пайдаланылатын тәуекелдер ұғымы Қағидалар шеңберіндегі жүйеге қатысты қолданылады және Халықаралық есеп айырысу банкінің Төлемдер мен нарықтық инфрақұрылымдар жөніндегі комитеті (Базель, Швейцария, 2003 жылғы наурыз) әзірлеген төлем және есеп айырысу жүйелерінде пайдаланылатын Терминдер глоссарийіне сәйкес жазылған.
      5. Ұлттық Банк жүйенің жұмыс істеуін және басқаруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
      6. Операциялық және технологиялық функцияларды, сондай-ақ пайдаланушылармен жүйеде қызмет көрсету және жүйенің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен шарттар жасасуды Орталық жүзеге асырады.
      Операциялық функциялар пайдаланушының әрбір нұсқауын жеке орындай отырып, жүйеде ақша аударуды жүргізуді, пайдаланушылардың (пайдаланушыларға) төлемдік және ақпараттық хабарларын өңдеуді және беруді қамтиды.
      Технологиялық функциялар жүйенің инфрақұрылымының жұмыс істеуін, жүйенің ақпараттық қауіпсіздігі және қызметінің үздіксіздігі шараларының сақталуын қамтамасыз етуді қамтиды.
      7. Жүйеде ақша аудару пайдаланушылардың төлем хабарларын өткізу, Орталықтың пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан есептен шығару және ақшаны пайдаланушы-бенефициардың позициясына есепке алу арқылы оларды өңдеу жолымен жүзеге асырылады.

2. Жүйеге қатысу талаптары

      8. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9247 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысында (бұдан әрі – № 14 қаулы) белгіленген тәртіппен ашылған пайдаланушының корреспонденттік шотының болуы пайдаланушының мәртебе алуы үшін міндетті талап болып табылады.
      9. Қағидалардың 8-тармағында көзделген талаптарды орындау кезінде заңды тұлға Орталықпен жүйеде қызметтер көрсету туралы шарт жасайды.
      10. Жүйеде қызметтер көрсету туралы шарт жасасу үшін заңды тұлға Орталыққа мынадай құжаттар ұсынады:
      1) жүйеге қосуға арналған еркін нысандағы өтініш;
      2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органның лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, банк операцияларын жасауға берілген лицензияның көшірмесі;
      3) пайдаланушының Ұлттық Банкпен теңгедегі корреспонденттік шотты ашуға жасалған корреспонденттік шот шартының (бұдан әрі – корреспонденттік шот шарты) көшірмесі.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы шет мемлекеттің орталық (ұлттық) банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы) Орталықпен жүйеде қызметтер көрсету туралы шартты жасасуы кезінде қолданылмайды.
      11. Заңды тұлғалар Орталықпен жүйеде қызметтер көрсету туралы шарт жасағаннан кейін пайдаланушы мәртебесін иеленеді. Жүйеде қызметтер көрсету туралы шартты бұзу заңды тұлғаның пайдаланушы мәртебесін жоғалтуына әкеп соғады.
      12. Ұлттық Банк Орталықпен жүйеде қызметтер көрсету туралы жасасқан шарт негізінде пайдаланушы мәртебесін алады.

3. Жүйенің жұмыс істеуінің құқықтық негізі

      13. Төлемдер туралы заң, Қағидалар, пайдаланушылар мен Орталық арасында жасалған жүйеде қызметтер көрсету туралы шарттар жүйенің жұмыс істеуінің құқықтық негізін құрайды.
      14. Жүйедегі қызмет көрсету туралы шарт мыналарды қамтиды:
      1) шарттың мәні;
      2) пайдаланушының және Орталықтың құқықтары мен міндеттері;
      3) Орталықтың қызметтеріне ақы төлеу тәртібі;
      4) пайдаланушы мен Орталықтың шарттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілігі;
      5) ақпараттық қауіпсіздік және конфиденциалдылық режімінің сақталуы, банк құпиясының сақталуы және дербес деректерді қорғау;
      6) төлемнің және (немесе) ақша аударымының аяқталуы (түпкіліктілігі) тәртібі мен талаптары;
      7) шарт талаптарын өзгерту және бұзу тәртібі;
      8) дауларды шешу тәртібі;
      9) тараптардың келісуі бойынша басқа талаптар.
      15. Жүйеде қызметтер көрсету туралы шарттың жекелеген ережелерінің қолданылуы № 14 қаулыда және (немесе) корреспонденттік шот шартында көзделген негіздемелер бойынша Ұлттық Банктің пайдаланушының шығыс операцияларын тоқтату туралы хаты негізінде уақытша тоқтатыла тұрады.
      Ұлттық Банктің пайдаланушының шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы хаты заңды тұлғаны пайдаланушы мәртебесінен айырмайды.

4. Орталықтың жүйеде көрсететін қызметтері және
операциялар түрлері

      16. Орталық жүйеде қызметті пайдаланушыға:
      1) төлем хабарларын қабылдау мен өңдеу және олардың негізінде пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан пайдаланушы-бенефициар позициясына ақша аударуды жүзеге асыру бойынша;
      2) жасалған операциялар бойынша пайдаланушыларға ақпараттық хабарларды қабылдау, өңдеу және ұсыну бойынша;
      3) жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде операциялық және технологиялық функцияларды орындау бойынша қызметтер көрсетеді.
      17. Жүйе арқылы кредиттік және дебеттік аударымдар жүзеге асырылады.
      18. Орталық жүйе пайдаланушылары арасында ақша аударымын жүзеге асырады және жүйеде пайдаланушылар ақшасының қалдығын ескере отырып, олардың кезегінде тұрған төлем хабарлары сомаларының өзара есебін орындайды.

5. Жүйедегі электрондық хабарлар

      19. Жүйеде төлемдік және ақпараттық хабарларды беру және қабылдау электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
      20. Пайдаланушылар Орталық әзірлеген және жүйеде қолданылатын алмасу рәсімдеріне және форматтарына (бұдан әрі – Рәсімдер) сәйкес электрондық хабарлармен алмасады.
      21. Рәсімдерді Орталық жүйеде қызметтер көрсету туралы шартта белгіленген мерзімдерде пайдаланушыларға жібереді.
      22. Орталық бір ақша жөнелтуші және бір бенефициар көрсетілген жиынтық төлем хабарларын орындау үшін қабылдайды.
      23. Жүйеде электрондық хабарларды беру фактісін айқындау және оларды беру кезінде қателерді анықтау үшін Орталық белгілеген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері сақталады.
      24. Орталық электрондық хабарларды аутентификациялау тәртібін әзірлейді.
      25. Орталық және пайдаланушылар ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді және жіберілетін және алынатын электрондық хабарларының мониторингін жүзеге асырады. Орталық және пайдаланушылар өңдеген барлық электрондық хабарлардың Орталықтың және пайдаланушылардың ішкі бағдарламалық жүйелерінде аудиторлық ізі қалады.
      26. Орталық төлем хабарларын өңдеген кезде оларды өзгертуге жол бермейді.

6. Операциялық күнді ашу

      27. Жүйедегі ақша аударымы Ұлттық Банк Орталықтың төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау мен өңдеу кестесіне сәйкес (бұдан әрі – кесте) айқындаған операциялық күн ішінде жүргізіледі.
      28. Операциялық күн ішінде кестеде белгіленген уақытта Ұлттық Банк пайдаланушының төлем нұсқауы негізінде пайдаланушының корреспонденттік шотынан ондағы қалдық сомасы шегінде Орталықтың пайдаланушының позициясына бұдан әрі аударуы үшін жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аударуды жүргізеді.
      29. Корреспонденттік шот шарты бойынша пайдаланушының корреспонденттік шотынан жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аударуға төлем нұсқауы Орталықтың пайдаланушының позициясына одан әрі аударуы үшін пайдаланушының корреспонденттік шотынан жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аударуға арналған, Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты қолданылатын нұсқау (бұдан әрі – тұрақты қолданылатын нұсқау) ретінде ұсынылады.
      30. Тұрақты қолданылатын нұсқауда пайдаланушының корреспонденттік шотындағы ақша қалдығы сомасының пайыздық арақатынасы немесе пайдаланушының корреспонденттік шотынан жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аудару үшін қажетті белгіленген сома көрсетіледі.
      31. Тұрақты қолданылатын нұсқау Ұлттық Банктің пайдаланушыдан оны кері қайтарып алу туралы еркін нысанда ұсынылған жазбаша нұсқауын алғанға дейін қолданыста болады.
      32. Тұрақты қолданылатын нұсқау пайдаланушы жаңа тұрақты қолданылатын нұсқауды Ұлттық Банкке берген күннен кейінгі бірінші жұмыс күні күшін жояды.
      33. Ұлттық Банк пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарынан жүйенің шотына ақша аударуды аяқтаған соң Орталыққа:
      1) пайдаланушылардың өз корреспонденттік шоттарынан пайдаланушылардың позициясына бұдан әрі аудару үшін жүйенің Ұлттық Банктегі шотына аударылған ақша сомалары туралы;
      2) пайдаланушының кезегіне қоюға жататын төлем хабарларының барынша рұқсат етілген сомасы туралы ақпарат бар ақпараттық хабарды береді.
      34. Орталық Ұлттық Банктен алынған ақпараттық хабар негізінде тиісті пайдаланушылардың позициялары бойынша жүйенің Орталықтағы позициясынан жазбалар жүргізеді.
      35. Операциялық күннің басында пайдаланушының жүйедегі позициясындағы ақша сомасы тұрақты қолданылатын нұсқауда көрсетілген және жүйе арқылы ақша аударуды жүзеге асыру үшін пайдаланушының өз корреспонденттік шотынан аударған сомасына тең болады.
      36. Операциялық күн ішінде жүйенің Орталықтағы позициясындағы ақша сомасы жүйенің Ұлттық Банктегі шотындағы ақша сомасына тең болады.

7. Жүйенің операциялық күн ішінде жұмыс істеуі

      37. Жүйеде ақша аудару пайдаланушы өзінің корреспонденттік шотынан позицияға аударған және пайдаланушы жіберген және жүйеде басқа пайдаланушылардан алынған төлемдер сальдосы есебінен қалыптастырылған пайдаланушы позициясындағы ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады.
      38. Орталық жүйеде ақша аударуды пайдаланушы-бастама жасаушыдан келіп түскен төлем хабарын акцептеген соң жүзеге асырады.
      39. Орталықтың төлем құжатының акцептін жасау талаптары мыналар болып табылады:
      1) аутентификациядан өту;
      2) пайдаланушы-бастама жасаушыда пайдаланушы мәртебесінің болуы;
      3) бейрезидент қаржы ұйымына трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын жіберу кезінде, алушы-делдалда пайдаланушы мәртебесінің болуы, ол болмаған – болған кезде бенефициар банкте пайдаланушы мәртебесінің болуы;
      4) бейрезидент қаржы ұйымынан трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын алу кезінде, алушы-делдалда пайдаланушы мәртебесінің болуы, ол болмаған – болған кезде алушы банкте пайдаланушы мәртебесінің болуы;
      5) төлем хабарында көрсетілген соманы пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясына есептен шығару мүмкіндігі;
      6) дебет аударымын жүргізу кезінде пайдаланушы-ақша жөнелтушінің алдын ала келісімінің болуы.
      Осы тармақтың бірінші бөлігі 5) тармақшасының талаптары орындалмаған кезде, бірақ 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптары сақталған кезде төлем хабары Қағидалардың 40-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланушы-ақша жөнелтушінің кезегіне жіберіледі. Орталық төлем хабарын кезекке қою кезінде пайдаланушы-бастама жасаушыға төлем хабарын жүргізбегені және оны кезекке қою туралы ақпараттық хабарды жібереді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларының талаптары орындалмаған кезде Орталық төлем хабарын акцептеуден және кезекке тіркеуден бас тартады. Орталық төлем хабарына акцепт жасаудан немесе кезекке тіркеуден бас тартқан жағдайда, пайдаланушы-бастама жасаушыға себептерін көрсете отырып, төлем хабарын жүргізбегені туралы ақпараттық хабарды жібереді.
      40. Пайдаланушы-бастама жасаушы болып табылатын Орталық депозитарийдің төлем хабары, пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясында төлем хабарын орындау үшін жеткілікті ақша сомасының болмау салдарынан Қағидалардың 39-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасының талаптары орындалмаған жағдайда, кезекке тіркелмейді және оны Орталық орындамайды. Орталық осы төлем хабарын және акцептеуді орындаудан бас тартқан кезде Орталық депозитарийге себептерін көрсете отырып, төлем хабарын жүргізбегені туралы ақпараттық хабарды жібереді.
      41. Орталық пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясын түскен төлем хабары негізінде дебеттегенде Орталық төлем хабарын акцептеген деп саналады.
      42. Пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан пайдаланушы-бенефициардың позициясына аудару кезінде Орталық пайдаланушы-бенефициардың позициясы бойынша ақша сомасын көрсетуді және оның позициясын кредиттеу туралы растамамен қоса оған электрондық хабарды жіберуді қамтамасыз етеді.
      43. Төлем хабары оны Орталық акцептегеннен кейін кері қайтарылмайтын төлем деп саналады.
      44. Қағидалардың 15-тармағына сәйкес пайдаланушының шығыс операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктен хабарлама алған кезде Орталық пайдаланушының пайдасына ақша сомасын қабылдау (есептеу) операцияларын қоспағанда, пайдаланушының позициясы бойынша операцияларды тоқтатады.
      45. Орталық операциялық күннің ішінде Орталықтағы жүйенің позициясы бойынша қалдық сомасының жүйе пайдаланушыларының позициялары бойынша қалдықтар сомасына тең болуын жүйелі салыстырып тексеруді жүзеге асырады. Сомалар тең болмаған кезде Орталық Ұлттық Банкке хабарлайды, ақша аударымдарын тоқтатады және сәйкес болмау себептерін анықтайды.
      Орталық пайдаланушылардың позициялары бойынша сомалардың сәйкес болмаулары жойылғаннан кейін жүйедегі операцияларды жаңартады, бұдан кейін операцияларды жаңарту туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.
      46. Жүйеде клиринг нәтижелері бойынша:
      1) төлем карточкаларын пайдалана отырып банкаралық операциялар;
      2) банкаралық клиринг жүйесіндегі ақша аударымдары жүргізіледі.
      47. Қаржы құралдарымен операциялар бойынша ақша аударымдары немесе репо операциялары бойынша өтемақы төлемін жүзеге асыру кезінде Орталық депозитарий депозитарлық қызмет көрсету шарты негізінде олар қабылдаған пайдаланушылардың бұйрықтарына сәйкес пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан жүйедегі Орталық депозитарийдің позициясына дебеттік ақша аударымдарын орындайды.
      Депозитарлық қызмет көрсету шартына сәйкес пайдаланушы Орталық депозитарийге жүйедегі пайдаланушының позициясынан ақша аударуға төлем хабарын жасауды тапсырады.
      Осы тармақта көзделген мақсаттар үшін пайдаланушы Орталыққа орталық депозитарийдің депозитарлық қызмет көрсету шартына сәйкес жүйедегі пайдаланушының позициясынан ақша аударуға төлем хабарын жасауға пайдаланушының ұсынылған алдын ала келісімі туралы растама хатты ұсынады. Пайдаланушы растама хаттың көшірмесін Орталық депозитарийге ұсынады.
      48. Орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында бағалы қағаздарды сатушы мен сатып алушының Орталық депозитарийде ашылған шоттары бойынша бағалы қағаздарды аударуды жүзеге асыру көзделген жағдайларда, жүйедегі ақша пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан Орталық депозитарийдің позициясына аударылғаннан кейін Орталық депозитарий бағалы қағаздарды Орталық депозитарийде ашылған бағалы қағаздарды сатып алушының шотына аударуды және Орталық депозитарийдің позициясынан бағалы қағаздарды сатушы болып табылатын пайдаланушы-бенефициардың позициясына кредиттік ақша аударымын жүзеге асырады.
      Орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында бағалы қағаздарды аудару жүзеге асырылмайтыны көзделген жағдайларда, жүйедегі ақша пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан Орталық депозитарийдің позициясына аударылғаннан кейін Орталық депозитарий Орталық депозитарийдің позициясынан пайдаланушы-бенефициардың позициясына кредиттік ақша аударымын жүзеге асырады.

8. Төлем құжаттарының кезегі

      49. Кезекте тұрған төлем хабарлары басымдық кодтарына сәйкес өңделеді. Басымдық кодтары шеңберінде кезектегі төлем хабарлары олардың жүйеге түсу тәртібі бойынша орындалады.
      50. Басымдық кодтарын Орталық Ұлттық Банкпен келісім бойынша пайдаланушылардың әлеуметтік бағыттағы төлемдерді жүргізуін, пайдаланушылардың бағалы қағаздар нарығындағы және Қазақстан Республикасының валюта нарығындағы есеп айырысуларға қатысуын, төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған банктер арасындағы және банкаралық клиринг жүйесіндегі операциялардың клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымдарының аяқталуын қамтамасыз етуді ескере отырып әзірлейді.
      51. Пайдаланушылар төлем хабарларының орындалу кезектілігін Орталық әзірлеген басымдық кодтарына сәйкес дербес белгілейді.
      52. Кезекте тұрған төлем хабарының басымдығын өзгертуді пайдаланушы-бастама жасаушы төлем құжатын қайтармай басымдықты өзгерту туралы ақпараттық хабарды жүйеге жіберу арқылы жүзеге асырады.
      53. Орталық пайдаланушының позициясы бойынша әрбір кредиттік жазбадан кейін кезекте тұрған төлем хабарларын акцептеу және орындау үшін пайдаланушының позициясына түскен ақша сомасының жеткіліктілігін тексереді.
      54. Пайдаланушы-бастама жасаушының кезекте тұрған төлем хабарларын қайтаруды пайдаланушы-бастама жасаушы Орталыққа төлем хабарын жоюға ақпараттық хабар жіберу арқылы жүзеге асырады.
      Орталық төлем хабарын жоюға алынған ақпараттық хабарды өңдеу нәтижесі оң болған жағдайда Рәсімдерге сәйкес төлемнің жүргізілмегені туралы ақпараттық хабарды пайдаланушы-бастама жасаушыға жібереді.
      55. Орталық операциялық күнді жабу кезінде жүйеде кезекте тұрған пайдаланушының шығыс төлем хабарлары бойынша пайдаланушының жүйеде қарсы төлем хабарлары болған кезде өзара есеп айырысуды (клирингті) жүзеге асырады.

9. Жүйеде төлемдердің және (немесе) ақша
аударымдарының аяқталуы

      56. Осы төлем және (немесе) ақша аударымы пайдасына жүзеге асырылған пайдаланушы-бенефициардың позициясына ақша есепке алынғаннан кейін төлем және (немесе) ақша аударымы жүйеде аяқталды деп есептеледі.
      57. Пайдаланушы-бенефициар растамамен төлем хабарын және оның позициясын кредиттеу туралы ақпараттық хабарды алған кезде ақша сомасын операциялық күн ішінде, бірақ өзінің келесі операциялық күнінен кешіктірмей мақсаты бойынша тиісті шотқа қабылдайды (есепке алады).
      58. Түскен төлем хабарын (төлем және/немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқау) акцептеуден және одан әрі орындаудан Төлемдер туралы заңда көзделген негіздер бойынша бас тартқан кезде пайдаланушы-бенефициар түскен ақша сомасын келесі операциялық күннен кешіктірмей пайдаланушы-жөнелтушіге қайтарады.
      Пайдаланушы-бенефициардың ақшаны пайдаланушы-жөнелтушінің пайдасына қайтару себебін көрсете отырып, төлем хабарын жасауы арқылы ақша сомасы қайтарылады.
      59. Пайдаланушы соттың ақша аударымының бастамашысына қатысты шығарған жеделдетілген оңалту рәсімін, оңалту рәсімін қолдану немесе борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінің көшірмесін алғанға дейін жүйеге бағыттаған төлемдер және ақша аударымдары кері қайтарылмайтын және соңғы болып табылады, орындауға және аяқталуға жатады.

10. Ақшаны жүйеге қабылдау және оны операциялық күн ішінде
жүйеден алып алу тәртібі

      60. Ұлттық Банк операциялық күн ішінде Орталық пайдаланушының ұсынған төлем нұсқауы негізінде пайдаланушының позициясына одан әрі есепке алуы үшін пайдаланушының корреспонденттік шотынан ол бойынша қолда бар ақша қалдығы шегінде ақша аударымын Ұлттық Банктегі жүйе шотына жүзеге асырады.
      61. Пайдаланушыда операциялық күннің соңында (операциялық күн жабылғанға дейінгі 30 (отыз) минут ішінде) төлем құжаттарының кезегі пайда болған және пайдаланушының корреспонденттік шотында жеткілікті ақша сомасы болған кезде Ұлттық Банк корреспонденттік шоттың шарты негізінде пайдаланушының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шотынан Орталықтағы пайдаланушының позициясына ақшаны акцептсіз алып алуды жүзеге асырады.
      62. Ұлттық Банк пайдаланушының ақшасын корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктегі жүйе шотына аударғаннан кейін Орталыққа пайдаланушының аударылған ақша сомасы және оның банктік сәйкестендіру коды туралы ақпараты бар ақпараттық хабарды береді.
      63. Орталық Ұлттық Банктен ақпараттық хабарды алғаннан кейін Орталықтағы пайдаланушының және жүйенің позициялары бойынша жазба жасайды.
      64. Пайдаланушының корреспонденттік шотында оған қолма-қол ақшаны беру, инкассолық өкімдерді орындау, сондай-ақ корреспонденттік шот шартының талаптарына сәйкес басқа да мақсаттар үшін қажетті ақша сомасы болмағаны немесе жетіспейтіндігі анықталған кезде, Ұлттық Банк пайдаланушының төлем нұсқауы негізінде немесе өздігінше Орталыққа жөнелтушінің нұсқауын орындау үшін қажетті сомада жүйеден пайдаланушының ақшасын алып алу жөніндегі ақпараттық хабарды жібереді.
      65. Орталық Ұлттық Банктен алынған ақпараттық хабардың негізінде ақшаның қажетті сомасына пайдаланушының және жүйенің Орталықтағы позициялары бойынша жазба жасайды, бұдан кейін Ұлттық Банкке аударылған ақша сомасын көрсете отырып орындалған операция туралы растамамен ақпараттық хабарды жібереді.
      Орталық пайдаланушының позициясында сұратылған ақша сомасы болмаған кезде Ұлттық Банкке аударылған ақша сомасын көрсете отырып орындалған операция туралы растамамен ақпараттық хабарды жібере отырып, пайдаланушының позициясы бойынша бар сомаға Орталықтағы пайдаланушының және жүйенің позициялары бойынша жазба жасайды.
      Орталық пайдаланушының позициясында ақша болмаған кезде Ұлттық Банкке пайдаланушының позициясында ақша жоқтығы жөніндегі ақпараттық хабарды береді.
      66. Ұлттық Банк Орталықтың растамасы негізінде жөнелтушінің нұсқауына сәйкес кейіннен ақша аудару үшін Ұлттық Банктегі жүйенің шотынан пайдаланушының корреспонденттік шотына ақша аударады.

11. Жүйе арқылы трансшекаралық төлемдерді және (немесе)
ақша аударымдарын жүзеге асыру

      67. Жүйе арқылы трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары пайдаланушы-делдалдар арқылы жүргізіледі.
      68. Жүйе арқылы трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары пайдаланушы-делдалдың төлем сомасын төлем және (немесе) ақша аударымының бастамашысы көрсеткен төлем валютасына одан әрі айырбастаумен Рәсімдерді пайдалана отырып теңгемен жүргізіледі.
      69. Пайдаланушы-делдалдар Орталықпен шарттық қатынастар шегінде трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдауға және өңдеуге келісімдерін береді.
      70. Трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүйе арқылы:
      1) пайдаланушылар қызмет көрсететін ақша жөнелтушілерден бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін бенефициарларға;
      2) бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін ақша жөнелтушілерден пайдаланушылар қызмет көрсететін бенефициарлардың пайдасына;
      3) бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін ақша жөнелтушілерден бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін бенефициарларға жүргізіледі.
      71. Пайдаланушы-делдал Орталыққа Рәсімдерде белгіленген тәртіпте трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу талаптарымен ұсынысын береді (бұдан әрі – ұсыныс).
      72. Орталық пайдаланушы-делдалдардың қолданыстағы ұсыныстарын пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша жібереді.
      73. Пайдаланушы-делдалдың ұсынысын жүйенің операциялық күні аяқталғанға дейін өзгертуге болмайды.
      74. Ақшаны жөнелтуші (бастамашы) трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде:
      1) пайдаланушы пайдаланушы-делдалдардың барлық ұсыныстарымен, ақша жөнелтушіні көрсетудің тиісті талаптарымен танысуы тиіс және өзін қанағаттандыратын нұсқаны таңдайды;
      2) бенефициарға ақша аударылатын төлем валютасын көрсете отырып, ақша пайдаланушы-делдалға бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін бенефициардың пайдасына ақшаны аударуға нұсқау береді.
      75. Пайдаланушы-делдал ақша пайдаланушы-жөнелтушіден бейрезидент қаржы ұйымына жіберілген трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша жүйе арқылы төлем хабарын қабылдағаннан және өңдегеннен кейін:
      1) төлем хабарының форматын пайдаланушы-делдал бейрезидент қаржы ұйымымен хабарлармен алмасу үшін пайдаланатын форматқа қайта өзгертеді;
      2) ақша пайдаланушы-делдалдың төлем хабарында көрсетілген теңгемен төлем сомасын төлем хабарының және ол берген ұсыныстың талаптарына сәйкес шетел валютасындағы төлем сомасына айырбастайды;
      3) трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын бейрезидент қаржы ұйымына жібереді.
      76. Бейрезидент қаржы ұйымынан пайдаланушы-бенефициарға жолданған трансшекаралық төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша пайдаланушы-делдал төлем хабарын алып, оны қараған соң:
      1) бейрезидент қаржы ұйымымен хабарлар алмасу үшін пайдаланушы-делдал пайдаланатын төлем хабарының форматын жүйеде пайдаланылатын форматқа өзгертеді;
      2) төлем хабарының талаптарына және оларға берілген ұсыныстарға сәйкес шетел валютасындағы төлем сомасын теңгедегі төлем сомасына айырбастайды;
      3) трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын жүйе арқылы пайдаланушы-бенефициарға жібереді.
      77. Пайдаланушы-делдал жүйенің операциялық күні ішінде валюталардың айырбастау бағамының өзгеру және оларға берілген ұсыныстардың талаптарына сәйкес трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын аяқтау тәуекелдерін қабылдайды.
      78. Валюталардың айырбастау бағамының өзгеру тәуекелдерін басқару мақсатында және трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын аяқтауды қамтамасыз ету үшін пайдаланушы-делдал оларға берілген ұсыныс бойынша пайдаланушы-делдалдың ішкі құжаттарында айқындалатын және мыналарды:
      1) тәуекелдерді анықтау, өлшеу рәсімдері мен тәуекелдердің мониторингін;
      2) төтенше жағдайлар туындаған кезде пайдаланушы-делдалдың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету рәсімдерін (жоспарын);
      3) өзара алмастырылатын хабарлардың форматтарын өзгерту кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдерін;
      4) берілген ұсыныс бойынша пайдаланушы-делдалдың трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын аяқтауын қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқару әдістерін қамтитын тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады.
      79. Пайдаланушы-делдалдар тәуекелдерді басқарудың пайдаланылатын әдістері туралы ақпаратты Ұлттық Банкіне мәлімет үшін жеткізеді.
      80. Пайдаланушы-делдалдар тәуекелдерді басқарудың пайдаланылатын әдістеріне тұрақты негізде талдау жүргізеді және тәуекелдерді басқарудың мәлімделген әдістері жарамсыз болған кезде оларды қайта қарауды жүзеге асырады.

12. Операциялық күнді жабу

      81. Операциялық күнді жабу кестеде белгіленген уақыт бойынша жүзеге асырылады.
      82. Орталық операциялық күн жабылғанға дейін пайдаланушылардың позициялары бойынша қалдық сомаларын Орталықтағы жүйенің позициясы бойынша қалдық сомасымен салыстырып тексеруді жүзеге асырады және орындалмаған төлем хабарларының болуын тексереді.
      83. Орталық операциялық күн жабылған кезде жүйедегі пайдаланушылар ақшасының қалдығын ескере отырып, кезекте тұрған пайдаланушылардың төлем хабарларының сомаларын өзара есепке алуды орындайды.
      84. Орталық пайдаланушыға өзара есепке алу, ақпараттық хабарларды жөнелту арқылы есептеу мүмкін болмаған оның барлық орындалмаған төлем құжаттары туралы хабарлайды.
      85. Орталық операциялық күн жабылған кезде Ұлттық Банкке пайдаланушылар позицияларының және Орталықтағы жүйе позициясының сальдосы туралы ақпараттық хабар жібереді.
      86. Ұлттық Банк операциялық күн жабылған кезде Орталықтағы жүйенің позициясы, Ұлттық Банктегі жүйенің шоты арасындағы ақша сомаларының және жүйедегі пайдаланушылардың позициялары сальдосының жалпы сомасының тең болуы және пайдаланушылар позицияларының дебеттік және кредиттік айналым сомаларының тең болуы туралы ақпаратты тексереді, содан кейін Орталыққа орындалған тексерудің нәтижелері туралы хабарлайды.
      87. Ұлттық Банктегі позициялар сальдосының сомалары мен жүйе шотының сальдосы сәйкес келмеген кезде Орталық пен Ұлттық Банк алшақтықты жою бойынша бірлескен шаралар қабылдайды.
      Тексерудің оң нәтижесі туралы хабарлама алғаннан кейін Орталық пайдаланушылар позициясының сальдосын олардың позицияларынан Орталықтағы жүйенің позициясына аударады.
      88. Ұлттық Банк деректерді салыстырып тексергеннен кейін пайдаланушы позициясының сальдосы сомасындағы ақшаны Ұлттық Банктегі жүйенің шотынан пайдаланушының корреспонденттік шотына аударады.
      89. Пайдаланушыда операциялық күн ішінде төлем хабарларын қалыптастыру, Орталықпен алмасу және төлем хабарларын өңдеу бойынша проблемалар болған кезде Ұлттық Банк жүйені пайдаланушының операциялық күнді ұзарту туралы өтініші (бұдан әрі – ұзарту туралы өтініш) негізінде операциялық күнді ұзартады.
      90. Операциялық күнді 1 (бір) сағатқа дейін ұзарту туралы шешімді Ұлттық Банктің қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінің (бұдан әрі – қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесі) басшысы қабылдайды. Операциялық күнді 1 (бір) сағаттан көп уақытқа ұзарту туралы шешімді қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесіне жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары (бұдан әрі – Төрағаның орынбасары) қабылдайды.
      91. Ұзарту туралы өтініш жүйені пайдаланушының атауын, жүйенің операциялық күнін ұзартуды пайдаланушының сұрау себептері мен ұзарту уақытын көрсете отырып, еркін нысанда жасалады.
      92. Жүйенің операциялық күнін 1 (бір) сағатқа дейін ұзарту үшін пайдаланушы ұзарту туралы өтінішті қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесіне (алдын ала ауызша келіскеннен кейін), 1 (бір) сағаттан көп уақытқа жүйенің операциялық күнін ұзарту үшін пайдаланушы ұзарту туралы өтінішті Төраға орынбасарының атына ұсынады.
      93. Ұзарту туралы өтініш қағаз тасымалдағышта не электрондық-цифрлық қолтаңба болған кезде факсимильдік байланыс/электрондық тәсіл арқылы беріледі.
      Қағаз тасымалдағышта не факсимильдік байланыс арқылы берілген ұзарту туралы өтінішке пайдаланушының уәкілетті өкілдері қол қояды. Ұзарту туралы өтінішке қол қою құқығына ие уәкілетті тұлғалардың тізімін пайдаланушы атқарушы орган бекіткен ішкі құжат негізінде өз бетінше белгілейді және уәкілетті тұлғалардың қол қою үлгілерімен бірге қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесіне жеткізеді.
      Ұзарту туралы өтініш факсимильдік байланыс арқылы берілген кезде жүйені пайдаланушы Ұлттық Банкке ұзарту туралы өтініштің түпнұсқасын қағаз тасымалдағышта жібереді.
      94. Пайдаланушының ұзарту туралы өтініші негізінде операциялық күн ұзартылған жағдайда және жүйеде аталған пайдаланушы жіберген төлем хабары болмаған кезде пайдаланушы бұрынырақ ұсынылған ұзарту туралы өтініштен бас тарту туралы өтінішті ағымдағы операциялық күнгі сағат 19:00-ге дейін берген жағдайды қоспағанда, пайдаланушыдан Ұлттық Банк белгілеген мөлшерде ақы алынады.

13. Операциялық күн ішінде және соңында
ақпараттық хабарлар беру

      95. Операциялық күн ішінде пайдаланушының сұратуы бойынша Орталық оған мынадай:
      1) пайдаланушы кезегінде тіркелген төлем хабарлары бойынша;
      2) пайдаланушы жіберген есептелген төлем хабарлары бойынша;
      3) пайдаланушы алған есептелген төлем хабарлары бойынша;
      4) жүйедегі пайдаланушының кіріс және ағымдағы ақша қалдығы туралы ақпаратты қамтитын пайдаланушы позициясының жай-күйі туралы үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабарды ұсынады.
      Жүргізілген немесе кезекте тұрған әрбір төлем хабары бойынша төлем құжатының пайдаланушы-бастама жасаушысы, бірегей сәйкестендіргіші, оның басымдығы мен жүйеге келіп түскен уақыты көрсетіледі.
      96. Операциялық күн ішінде Орталық пайдаланушының сұратуы бойынша оған жүргізілмеу себептерін көрсете отырып, пайдаланушының жүргізілмеген төлем хабарлары туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық хабарды жібереді.
      97. Операциялық күнді жабу кезінде Орталық пайдаланушыға пайдаланушының жүйедегі позициясының жағдайы туралы үзінді-көшірме түріндегі түпкілікті ақпараттық хабарлама жібереді.
      98. Егер пайдаланушының жүйедегі позициясының жағдайы туралы үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабарда пайдаланушы Орталыққа жіберген электрондық хабар туралы ақпарат жоқ болса, пайдаланушы ол туралы Орталыққа хабарлайды және Орталықпен бірлесіп келесі операциялық күннен кешіктірмей электрондық хабардың жоғалу себебін анықтайды.
      Электрондық хабарлар уақтылы алынбаған немесе олар болмаған кезде пайдаланушы Орталыққа хабарлайды.
      99. Пайдаланушы күн сайын Орталық орындаған төлем хабарлары нәтижелерінің оның корреспонденттік шотынан үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабар деректерінің жіберілген/келіп түскен төлем хабарларымен салыстырып тексеру арқылы Ұлттық Банк ұсынған үзінді-көшірмеде түріндегі ақпараттық хабарда дұрыс көрсетілуі мониторингін жүзеге асырады. Орталықтан алынған үзінді-көшірмеде түріндегі ақпараттық хабардың сальдосы Ұлттық Банктің Орталық орындаған төлем хабарларының нәтижесін көрсететін үзінді-көшірмеде түріндегі ақпараттық хабарындағы жазбамен сәйкес келмеген кезде, пайдаланушы сәйкессіздіктер анықталғаннан кейін Орталыққа және Ұлттық Банкке жазбаша түрде хабарлайды және келесі операциялық күннің ішінде олармен бірлесе отырып пайдаланушының орындалған төлем хабарларын тексереді.

14. Жүйедегі тәуекелдерді басқару

      100. Өтімділік тәуекелін, кредиттік және жүйелік тәуекелдерді басқару және Ұлттық Банк пен пайдаланушы арасында жасалған шарттың негізінде кері сату талабымен бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәмілелер жасау арқылы Ұлттық Банктің пайдаланушыларға қосымша өтімділік беруі мақсатында Қағидалардың 39495152535455,  60 және 61-тармақтарында көрсетілген әдістер қолданылады.
      101. Операциялық тәуекелді басқару үшін Ұлттық Банк мыналарды:
      1) Ұлттық Банк туралы Заңға сәйкес жүйенің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін;
      2) пайдаланушылардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7950 тіркелген «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 269 қаулысының талаптарын сақтау қызметін тексереді;
      102. Операциялық тәуекелді басқару үшін Орталық мыналарды:
      1) Орталықтың операциялық тәуекелді басқару бойынша құжатында белгіленген әдістерге сәйкес бағдарламалық-техникалық жүйе кешенінің тұрақты мониторингін және үздіксіз жұмысын;
      2) жүйе жұмысының ықтимал тоқтап қалу сценарилерін ескере отырып жүйе жұмысын қалпына келтіру жоспарының болуын және маңызын арттыруды және жүйенің жұмысын негізгі орталықтан резервтік орталыққа ауыстыра отырып осы жоспарды бір жыл ішінде кемінде 2 (екі) рет сынақтан өткізуді;
      3) резервтік орталықтың болуын және жұмыс қабілеттілігін;
      4) бағдарламалық-техникалық жүйе кешенінің жұмысында негізгі орталықта қалпына келтіруге келмейтін іркілістер мен тұрып қалулар орын алған кезде жүйенің жұмысын негізгі орталықтан резервтік орталыққа ауыстыруды қамтамасыз етеді.
      103. Орталық Ұлттық Банкпен келісім бойынша операциялық тәуекелді, оның ішінде пайдаланушылар және басқа мүдделі тараптар жүйе үшін құрайтын тәуекелдерге қатысты бағдарламалық-техникалық жүйе кешенін басқару бойынша құжат әзірлейді.
      104. Ұлттық Банк Орталықпен және пайдаланушылармен бірлесіп тәуекелдерді басқарудың пайдаланылатын әдістеріне 2 (екі) жыл ішінде кемінде 1 (бір) рет талдау жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқару әдістерін сақтау немесе өзгерту туралы шешім қабылданады.

Банкаралық ақша аударымдары
жүйесінің жұмыс істеу  
қағидаларына        
қосымша           

Нысан            

_____________________________________________________________________
                  Ұлттық Банкінің пайдаланушының атауы

Пайдаланушының корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктегі жүйенің
шотына ақша аударуға тұрақты қолданыста болатын нұсқау

№ ____
20__ жылғы «___» ___________

      Осы арқылы № __________________________ корреспонденттік шоттан
_________ мөлшеріндегі ақшаны жүйедегі позицияға одан әрі аудару үшін
Ұлттық Банктегі жүйенің № _________________________ шотына күнделікті
аударуды тапсырамыз.

      Басшы _____________________________________ __________
            тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)   қолы

      Бас бухгалтер _____________________________ __________
             тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)  қолы