Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 158 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2369. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Гонконг қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Жоба     

                Қазақстан Республикасы Президентінің
                              Жарлығы

Гонконг қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы

      Қаулы етемін:
      1. Гонконг қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан
Республикасының Бас консулдығы ашылсын.
      2. Гонконг қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан
Республикасының Бас Консулына айына 3500 (үш мың бес жүз) АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютадағы лауазымдық жалақы белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті