Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 2 қыркүйек N 362. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 9 қазанда тіркелді. Тіркеу N 1999. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 қаулысымен

      Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 12, 77-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      3-тармақтың 3) тармақшасында екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Аталған Қордың негiзгi қызметi кредиттердi шағын бизнес жобалары бойынша дербес түрде беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi Қордың қаражатын конкурстық негiзде шартты орналастыру арқылы беруге бағытталуға тиiс.".

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi бiр ай мерзiмде:
      1) Қазақстан Республикасының бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
      2) Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының кредит саясаты туралы меморандумын әзірлесін.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық ол күшіне енгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті