Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысымен бекiтiлген Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiне өзгерi

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 сәуірде N 106 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1538. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Ақмола қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны ірілендіру және қайта атау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Ақмола қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта атау туралы Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының ұсынысына келісім берілсін.
      2. Кәсіпорынға "Алматы қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат берілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы:
      1) Кәсіпорын Жарғысына тиісті өзгерістерді енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі