Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.05.2020 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
42) және 43) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 56), 57), 58) және 59) тармақшалармен толықтырылсын:
"56) осы қаулының 56-қосымшасына сәйкес "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
57) осы қаулының 57-қосымшасына сәйкес "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
58) осы қаулының 58-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
59) осы қаулының 59-қосымшасына сәйкес "Исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 56-қосымшамен толықтырылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 57-қосымшамен толықтырылсын;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 58-қосымшамен толықтырылсын;
осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес 59-қосымшамен толықтырылсын.
2. Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау басқармасы (Бәдірленова Ж.Р.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы, осы қаулының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Министрдің міндетін атқарушы
________________М. Құсайынов
2015 жылғы 31 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 213 қаулысына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына 56-қосымша |
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
лицензия бергенде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
лицензия алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтініш;
2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
3) барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалғанын куәландыратын құжаттар;
4) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (олар бар болса) жарғының салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі;
5) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
6) ең аз мөлшері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысымен бекітілген Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулықта белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмалары, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады;
7) мыналарды:
шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;
ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;
техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;
шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі өкілеттіктерін айқындайтын исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары;
8) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп;
9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтер;
10) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі аудит қызметі туралы ереже, онда мынадай мәліметтер қамтылады:
ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;
ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары;
ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;
ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;
өзі жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымдарын ескере отырып, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бүкіл қызметін немесе бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі;
11) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы акционерлер жиналысының исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша кеңесті тағайындау туралы шешімі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды:
өтінішті;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды ұсынады.
Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің негізгі сипаттамалары;
сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің; сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық жерінің) негізгі сипаттамалары;
сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
исламдық қайта сақтандыру саясаты (исламдық қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, исламдық қайта сақтандыру ұйымдарын бағалаудың критерийлері);
инвестициялық саясат қамтылады.
Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:
инвестициялау мақсатын;
инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыруды;
активтердің түріне, сондай-ақ сырттан активтер тартуға қарай инвестициялық шектеулерді;
инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның тұлғаларын ашып көрсету қажет.
Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспар көрсетілетін қызметті берушіге тігілген және нөмірленген бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң жақ бұрышында мынадай айқындама болады: "(исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы) Директорлар кеңесі бекітті. 20__жылғы "__"_____________№______хаттама". Исламдық сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың соңғы бетінің екінші жағы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөрімен (болған кезде) куәландырылады.
Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныптары бойынша бір бизнес-жоспар ұсынылады;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Лицензияның телнұсқасын алу үшін мыналар:
еркін нысанда жазылған өтініш;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылады.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алып тасталған жағдайда, лицензияның түпнұсқасы;
Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);
ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
10. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының:
сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізуді;
сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібін және талаптарын өзгертуді көздейтін заңнамалық актілерін қабылдау жағдайларын қоспағанда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасауы;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) құрамына исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
5) қоғамның органдары сайлағандар ішінен басшы қызметкердің келісілмеуі (жаңадан құрылатын исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
8) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
10) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
сақтандырудың алатын қосымша сыныбын есепке алғанда, пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
өтініш беру күніне дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;
өтініш беру күніне исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми
интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Нысан
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)

(исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы және
БСН)
Лицензия беру туралы өтініш

(сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету
қажет)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері _____________________________________

(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйінің нөмірі)

(телефон, факс)
2. Әділет органдарында исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ____________

(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың
немесе куәліктің күні және нөмірі)
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоты
ашылған банктің атауы және орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру
нөмірі ______________________________________________________________
4. Исламдық сақтандыру қызметін, исламдық қайта сақтандыру
қызметін жүзеге асыру құқығына бірінші рет алған лицензия туралы
деректер: ___________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның
құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың
(ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді _______________________
_____________________________________________________________________
5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы
бойынша парақтар саны: ______________________________________________

Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде), лауазымы______________________________________________

____________
(қолы)
_____________ жылғы "__"_______________
Мөр орны
(болған кезде)
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
Нысан
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында
актуарийдің болуы туралы мәліметтер
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы | Актуарий туралы мәліметтер | ||||
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Уәкілетті орган лицензиясының күні мен нөмірі | Актуарий лауазымына тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні | Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін саласында біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер | Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны туралы ақпарат | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
Нысан
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)
Өтініш

_________________________________________________________ байланысты
(лицензияны қайта ресімдеу себебі көрсетілсін)

(лицензияның атауы көрсетілсін)

(сақтандыру салалары, нысандары, сыныптары, қызмет түрі көрсетілсін)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер
1. Атауы, орналасқан жері _____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй нөмірі)
_____________________________________________________________________
(телефон, факс)
2. Әділет органдарында исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың
немесе куәліктің күні және нөмірі)
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоты
ашылған банктің атауы және орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру
нөмірі ______________________________________________________________
4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру
құқығына бірінші рет алған лицензия туралы деректер:_________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның
құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың
(ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді________________________
_____________________________________________________________________
5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы
бойынша парақтар саны: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде), лауазымы______________________________________________
_____________________________________________________________________
________________
(қолы)
20___ жылғы "____" ______________
Мөр орны
(болған кезде)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 213 қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына 57-қосымша |
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру (қайта
сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
лицензия бергенде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
лицензия алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтініш;
2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
3) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (олар бар болса) жарғының салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі;
4) барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалғанын куәландыратын құжаттар;
5) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
6) ең аз мөлшері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысымен бекітілген Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулықта белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмалары, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады;
7) мыналарды:
шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;
ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;
техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;
шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі өкілеттіктерін айқындайтын исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары;
8) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп;
9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтер;
10) ішкі аудит қызметі туралы ереже, онда мынадай мәліметтер қамтылады:
ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;
ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары;
ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;
ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;
өзі жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымдарын ескере отырып, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бүкіл қызметін немесе бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі;
11) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы акционерлер жиналысының исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша кеңесті тағайындау туралы шешімі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды:
өтінішті;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды ұсынады.
Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің негізгі сипаттамалары;
сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің; сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық жерінің) негізгі сипаттамалары;
сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
исламдық қайта сақтандыру саясаты (исламдық қайта сақтандырудың нысандары мен әдістері, исламдық қайта сақтандыру ұйымдарын бағалаудың критерийлері);
инвестициялық саясат қамтылады.
Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:
инвестициялау мақсатын;
инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыруды;
активтердің түріне, сондай-ақ сырттан активтер тартуға қарай инвестициялық шектеулерді;
инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның тұлғаларын ашып көрсету қажет.
Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспар көрсетілетін қызметті берушіге тігілген және нөмірленген бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң жақ бұрышында мынадай айқындама болады: "(исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы) Директорлар кеңесі бекітті. 20__жылғы "__"_____________№______хаттама". Исламдық сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың соңғы бетінің екінші жағы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөрімен (болған кезде) куәландырылады.
Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныптары бойынша бір бизнес-жоспар ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Лицензияның телнұсқасын алу үшін мыналар:
еркін нысанда жазылған өтініш;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылады.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
лицензияның түпнұсқасы (лицензияланатын қызмет түрінен исламдық сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алып тасталған жағдайда);
Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);
лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
10. Мынлар:
1) Қазақстан Республикасының:
сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізуді;
сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібін және талаптарын өзгертуді көздейтін заңнамалық актілерін қабылдау жағдайларын қоспағанда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасауы;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) құрамына исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
5) қоғамның органдары сайлағандар ішінен басшы қызметкердің келісілмеуі (жаңадан құрылатын исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
8) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
10) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
сақтандырудың алатын қосымша сыныбын есепке алғанда, пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
өтініш беру күніне дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;
өтініш беру күніне исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми
интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Нысан
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы және
БСН)
Лицензия беру туралы өтініш
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету
қажет)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері _____________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйінің нөмірі)
_____________________________________________________________________
(телефон, факс)
2. Әділет органдарында исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың
немесе куәліктің күні және нөмірі)
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоты
ашылған банктің атауы және орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру
нөмірі ______________________________________________________________
4. Исламдық сақтандыру қызметін, исламдық қайта сақтандыру
қызметін жүзеге асыру құқығына бірінші рет алынған лицензия туралы
деректер:____________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның
құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың
(ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді________________________
_____________________________________________________________________
5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы
бойынша парақтар саны:_______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде), лауазымы______________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________
(қолы)
_____________ жылғы "__"_______________
Мөр орны
(болған кезде)
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
Нысан
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында
актуарийдің болуы туралы мәліметтер
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы | Актуарий туралы мәліметтер | ||||
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Уәкілетті орган лицензиясының күні мен нөмірі | Актуарий лауазымына тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні | Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін саласында біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер | Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны туралы ақпарат | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
Нысан
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)
Өтініш
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________ байланысты
(лицензияны қайта ресімдеу себебі көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лицензияның атауы көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сақтандыру салалары, нысандары, сыныптары, қызмет түрі көрсетілсін)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер
1. Атауы, орналасқан жері _____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй нөмірі)
_____________________________________________________________________
(телефон, факс)
2. Әділет органдарында исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың
немесе куәліктің күні және нөмірі)
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоты
ашылған банктің атауы және орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру
нөмірі ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру
құқығына бірінші рет алған лицензия туралы деректер:_________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның
құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың
(ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді _______________________
_____________________________________________________________________
5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы
бойынша парақтар саны: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде), лауазымы______________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________
(қолы)
20___ жылғы "____" ______________
Мөр орны
(болған кезде)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 213 қаулысына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына 58-қосымша |
"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті
сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
лицензия алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтініш;
2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
3) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (олар бар болса) жарғының салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі;
4) барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалғанын куәландыратын құжаттар;
5) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
6) ең аз мөлшері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысымен бекітілген Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулықта белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмалары, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады;
7) мыналарды:
шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;
ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;
техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;
шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі өкілеттіктерін айқындайтын исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары;
айқындалуға тиіс;
8) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп;
9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтер;
10) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі аудит қызметі туралы ереже, онда мынадай мәліметтер қамтылады:
ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;
ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары;
ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;
ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;
өзі жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымдарын ескере отырып, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бүкіл қызметін немесе бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі;
11) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
12) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорына қатысуын растайтын құжаттар;
13) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжат;
14) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы акционерлер жиналысының исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша кеңесті тағайындау туралы шешімі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 13) тармақшасын қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды:
өтінішті;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды ұсынады.
Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің негізгі сипаттамалары;
сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің; сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық жерінің) негізгі сипаттамалары;
сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
исламдық қайта сақтандыру саясаты (исламдық қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, исламдық қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері);
инвестициялық саясат қамтылады.
Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:
инвестициялау мақсатын;
инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыруды;
активтердің түріне, сондай-ақ сырттан активтер тартуға қарай инвестициялық шектеулерді;
инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның тұлғаларын ашып көрсету қажет.
Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспар көрсетілетін қызметті берушіге тігілген және нөмірленген бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң жақ бұрышында мынадай айқындама болады: "(исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы) Директорлар кеңесі бекітті. 20__жылғы "__"_____________№______хаттама". Исламдық сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың соңғы бетінің екінші жағын исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөрімен (болған кезде) куәландырылады.
Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныптары бойынша бір бизнес-жоспар ұсынылады;
егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;
исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушының (ірі қатысушыларының) болуын растайтын құжатты;
Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Қосымша:
көрсетілетін қызметті алушы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды ұсынады;
көрсетілетін қызметті алушы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды ұсынады;
көрсетілетін қызметті алушы жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды ұсынады.
Лицензияның телнұсқасын алу үшін мыналар:
еркін нысанда жазылған өтініш;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылады.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
лицензияның түпнұсқасы (лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алып тасталған жағдайда);
Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);
лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
10. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының:
сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізуді;
сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібін және талаптарын өзгертуді көздейтін заңнамалық актілерін қабылдау жағдайларын қоспағанда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасауы;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) құрамына исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
5) қоғамның органдары сайлағандар ішінен басшы қызметкердің келісілмеуі (жаңадан құрылатын исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
8) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
10) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
сақтандырудың алатын қосымша сыныбын есепке алғанда, пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
өтініш беру күніне дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;
өтініш беру күніне исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Нысан
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы және
БСН)
Лицензия беру туралы өтініш
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету
қажет)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері _____________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйінің нөмірі)
_____________________________________________________________________
(телефон, факс)
2. Әділет органдарында исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың
немесе куәліктің күні және нөмірі)
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоты
ашылған банктің атауы және орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру
нөмірі _____________________________________________________________
4. Исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына бірінші
рет алған лицензия туралы деректер: _________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның
құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың
(ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді _______________________
_____________________________________________________________________
5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы
бойынша парақтар саны: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде), лауазымы______________________________________________
_____________________________________________________________________
____________
(қолы)
_____________ жылғы "__"_______________
Мөр орны
(болған кезде)
Нысан
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында
актуарийдің болуы туралы мәліметтер
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы | Актуарий туралы мәліметтер | ||||
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Уәкілетті орган лицензиясының күні мен нөмірі | Актуарий лауазымына тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні | Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін саласында біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер | Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны туралы ақпарат | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Нысан
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)
Өтініш
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________ байланысты
(лицензияны қайта ресімдеу себебі көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лицензияның атауы көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сақтандыру салалары, нысандары, сыныптары, қызмет түрі көрсетілсін)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер
1. Атауы, орналасқан жері _____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй нөмірі)
_____________________________________________________________________
(телефон, факс)
2. Әділет органдарында исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың
немесе куәліктің күні және нөмірі)
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоты
ашылған банктің атауы және орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру
нөмірі ______________________________________________________________
4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру
құқығына бірінші рет алған лицензия туралы деректер: ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның
құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың
(ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді _______________________
_____________________________________________________________________
5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы
бойынша парақтар саны: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде), лауазымы______________________________________________
_____________________________________________________________________
________________
(қолы)
20___ жылғы "____" ______________
Мөр орны
(болған кезде)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 213 қаулысына 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына 59-қосымша |
"Исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап:
лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 17.30-ға дейін;
Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
лицензия алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтініш;
2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
3) актуарий қол қойған, исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспар.
Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған, жақын арадағы екі жылға арналған исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда мынадай ақпарат болады:
тәуекелдерді исламдық қайта сақтандыруға берген кезде:
сақтандыру сыныптары бойынша исламдық қайта сақтандырудің негізгі нысандары (факультативті, облигаторлық, факультативтік-облигаторлық) және қатысу әдістері/түрлері (барабар, барабар емес), олардың арасындағы арақатынасы;
исламдық қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері (рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органының лицензиясының болуы; исламдық қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: компанияның нарықта жұмыс істеген уақыты мен тәжірибесі, орналасқан жері, ел тәуекелдерінің болуы; исламдық қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлеуеті: қызмет түрлері бойынша талдау жүргізу, қомақты төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қатынасы, баспасөзде теріс немесе оң жарияланымдардың болуы);
исламдық қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау жасау, қайта сақтандыру талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі қалай жүзеге асырылады;
ынтымақтастық жасау болжанатын исламдық қайта сақтандыру ұйымдарының атауы, шетелдік қайта сақтандырушылардың болжамды үлесі;
тәуекелдерді исламдық қайта сақтандыруға қабылдаған кезде;
қайта сақтанушыларды бағалаудың негізгі критерийлері;
қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан тәуекелдерді сақтандыруға қабылдайтын мамандардың кәсібилігі, қомақты төлемдер бойынша талдау жүргізу, баспасөзде теріс немесе оң жарияланымдардың болуы, қайта сақтанушы-ұйымға экономикалық ықпал ету шараларының болуы, бұрын осы ұйыммен жұмыс істеудегі жағымсыз тәжірибе;
ұйымның исламдық қайта сақтандыру бойынша портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әрбір түрінің үлес салмағы, сақтандыру сомаларының лимиттері, исламдық қайта сақтандыруға беру талаптары бойынша);
4) сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашып көрсететін исламдық қайта сақтандыру ұйымының ішкі қағидалары.
Исламдық қайта сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі бекіткен сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау жөніндегі ішкі қағидаларында мыналар айқындалады:
тәуекелдерді қайта сақтандыруға қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшенің құрылымы, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері;
исламдық қайта сақтандыру ұйымының тарифтік саясатына сәйкес сақтандыру тәуекелдерін исламдық қайта сақтандыруға қабылдау кезіндегі осы құрылымдық бөлімшенің басшысы мен қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері;
сақтандыру тәуекелдерін исламдық қайта сақтандыруға қабылдау кезінде бағалау тәртібіне қойылатын талаптар;
бизнес-процестерді сипаттау (құжаттардың өту тәртібі және исламдық қайта сақтандыру жөнінде шешімдер қабылдау бойынша жазылған рәсімдер);
өзге мәселелер (исламдық қайта сақтандыру ұйымының ұйғаруы бойынша);
5) исламдық қайта сақтандыру ұйымы акционерлері жалпы жиналысының исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті тағайындау туралы шешімі.
Лицензияның телнұсқасын алу үшін:
еркін нысанда жазылған өтініш;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
лицензияны қайта ресімдеген кезде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
ішіндегі ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі.
10. Мыналар:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптардың сақталмауы;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы оны мемлекеттік тіркеген күннен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) құрамына исламдық қайта сақтандыру ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
5) қоғам органдары сайлаған адамдардың қатарынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын исламдық қайта сақтандыру ұйымы үшін);
6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
8) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
10) сот орындаушысының ұсынымы негізінде борышкер-көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге соттың уақытша тыйым салуы;
11) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескергенде пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
12) өтініш беру күніне дейінгі соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;
13) өтініш беру күнінде исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
"Исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Нысан
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атау)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(исламдық қайта сақтандыру ұйымының толық атауы және БСН)
Лицензия беру туралы өтініш
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету
қажет)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.
Исламдық қайта сақтандыру ұйымы туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері _____________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйінің нөмірі)
_____________________________________________________________________
(телефон, факс)
2. Әділет органдарында исламдық қайта сақтандыру ұйымын
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ___________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың
немесе куәліктің күні және нөмірі)
3. Исламдық қайта сақтандыру ұйымының банк шоты ашылған банктің
атауы және орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына
бірінші рет алған лицензия туралы деректер: _________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Исламдық қайта сақтандыру ұйымы және олардың құрылтайшылары
(акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)
дәйектілігіне толық жауап береді: ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы
бойынша парақтар саны: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде), лауазымы _____________________________________________
_____________________________________________________________________
______________
(қолы)
20___ жылғы "____" ______________
Мөр орны
(болған кезде)
"Исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
Нысан
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(исламдық қайта сақтандыру ұйымының толық атауы)
Өтініш
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________байланысты
(лицензияны қайта ресімдеу себебі көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лицензияның атауы көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сақтандыру салалары, нысандары, сыныптары, қызмет түрі көрсетілсін)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Исламдық қайта сақтандыру ұйымы туралы мәліметтер
1. Атауы, орналасқан жері _____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй нөмірі)
_____________________________________________________________________
(телефон, факс)
2. Әділет органдарында исламдық қайта сақтандыру ұйымын
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ___________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың
немесе куәліктің күні және нөмірі)
3. Исламдық қайта сақтандыру ұйымының банк шоты ашылған банктің
атауы және орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________
_____________________________________________________________________
4. Исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына
бірінші рет алған лицензия туралы деректер:__________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Исламдық қайта сақтандыру ұйымы және оның құрылтайшылары
(акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)
дәйектілігіне толық жауап береді ____________________________________