Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 сәуірде № 10813 тіркелді

Жаңартылған

      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 75-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейінгі он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі
      ___________ Б. Имашев
      «___»_____________ 2015 жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ___________Е. Досаев
      «___»____________ 2015 жыл

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 227 бұйрығымен   
бекітілді      

Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 249 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 75-бабына сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ағымдағы баға – сату барысында қалыптасатын мүліктің бағасы;
      2) алғашқы баға – тәуелсіз бағалаушының есебі негізінде комиссия белгілейтін баға;
      3) аукцион – тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;
      4) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
      5) аукцион нөмірі – қатысушыға электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
      6) әлеуметтік қызметтердің субъектілері – мемлекеттік заңды тұлға нысанында тіркелген, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру, мектепке дейінгі және орта білім беру, уақытша болу ұйымдары, медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар);
      7) бастапқы баға – мүлік бойынша сауда-саттық басталатын баға;
      8) ең төменгі баға – мүлікті одан төменге сатуға болмайтын баға;
      9) жеңiмпаз – мүлік үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған және аукцион қорытындылары туралы электрондық хаттамаға қол қойған аукционға қатысушы;
      10) жергілікті атқарушы органдар - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
      11) кепілдік жарна – сауда-саттыққа қатысу үшін мүліктің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде, бірақ 30000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;
      12) комиссия – «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдалану ережесіне сәйкес құрылған комиссия;
      13) комиссиялық тапсырма – мүлік және тиісті бюджетке аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;
      14) сауда-саттыққа қатысушы – аукционға қатысу үшiн осы Қағидада белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
      15) мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;
      16) Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен айқындалған заңды тұлға;
      17) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес электрондық сандық қолтаңбалармен расталған тапсырысшылар мен жеткізушілер арасындағы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
      18) мүлік – жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік;
      19) сату бағасы – мүлікті өткізудің түпкілікті бағасы;
      20) сатушы – уәкілетті орган не болмаса жергілікті атқарушы органдар;
      21) сатып алушы – өткізу процесінде мүлікті сатып алатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
      22) сауда-саттық – аукцион нысанында мүлікті сату тәсілі;
      23) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын сауда-саттық әдiсi;
      24) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн сауда-саттық әдiсi;
      25) сауда ұйымдары – мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде және сыйақы үшін бір немесе бірнеше мәміле жасау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен айқындалған тәртіппен тартылатын мүлікті дайындауды және сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе мемлекеттік емес заңды тұлға не болмаса олардың бірлестіктері;
      26) тиісті саланың уәкілетті органы – «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын және республикалық мүлікке қатысты құқықтарға ие Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;
      27) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, Мүлікті есепке алу және сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – тізілім);
      28) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық бөлімшелері;
      29) ұйымдастырушы – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен тартылатын, сауда-саттыққа мүлікті дайындауды және және сатуды ұйымдастыратын сатушы не болмаса заңды немесе жеке тұлға;
      30) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      31) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
      3. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесiнде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
      Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке қабылдағаннан кейін мүлікке бағалау жүргізеді.
      Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті бағалау туралы есептерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мүлік жөніндегі деректерді тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

2-тарау. Мүлікті одан әрі пайдалану

      4. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді комиссия қабылдайды.
      Жойылуға жататын мүлікті қоспағанда тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызметтердің субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуы тиіс.
      Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мынадай құжаттардың:
      1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;
      2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.
      5. Мүлікті беру және оны мемлекеттік заңды тұлғалар теңгерімінде бекіту экономикалық орындылығы жағдайында жүзеге асырылады.
      Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға бекіту кезінде экономикалық орындылығының және оны нысаналы пайдалану мүмкіндігінің негізгі өлшемдері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүліктің тиесілігінің белгіленген нормативтері мен лимиттері (автокөлік құралдары мен жылжымайтын мүлік үшін) шегінде мемлекеттік органдардағы берілетін мүлікке қажеттілікті айқындау;
      2) мүліктің нысаналы пайдаланылуы және мемлекеттік заңды тұлғаларда өндірістік қажеттіліктің болуы;
      3) қабылданатын мүлікті ұстау және пайдалану бойынша қаржылық қамтамасыз етілуі болып табылады.
      6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы не болмаса оны алмастырушы тұлға қол қойған мүлікті беру қажеттілігі туралы тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесін қоса бере отырып, мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.
      Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысында осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген экономикалық орындылығы өлшемдері және мүлікті нысаналы пайдалану қажеттілігі, сондай-ақ көрсетілген мүліктің бекітілуі болжамдалған мемлекеттік заңды тұлға көрсетіледі.
      7. Мүлікті беру және оны мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында мемлекеттік заңды тұлғаларға беру үшін ұсынылатын мүлік туралы, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты туралы хабарламаны жариялайды. Хабарлама өтініштерді ашу күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн ішінде жарияланады;
      2) мемлекеттік заңды тұлғалар тізілімнің веб-порталында хабарламаны орналастыру күнінен бастап тізілімнің веб-порталында өтінішті тіркейді;
      3) Өтініштерді ашу хабарламада көрсетілген өтініштерді қабылдау күні және аяқталу уақыты басталғаннан кейін автоматты түрде тізілімнің веб-порталы арқылы жүргізіледі;
      4) өтініштерді және оған қоса берілетін құжаттарды осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігіне өтініштерді ашу күнінде комиссия қарайды;
      5) комиссияның өтініштерді қарау нәтижелері бойынша комиссия хатшысы тізілімнің веб-порталында өтініштерді қарау нәтижелері туралы хаттаманы қалыптастырады және комиссия мүшелері дауыс беру рәсімінен кейін оған қол қояды. Комиссия мүшесінің дауыс беру мүмкіндігі болмаған жағдайда комиссия хатшысы осы хаттамаға тиісті белгіні қояды;
      6) өтініштерді қарау нәтижелері туралы комиссия шешімі әрбір өтініш бойынша дауыс беру арқылы өтініштерді ашу күнінде қабылданады және өтініштер берген барлық мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық почтасына автоматты хабарлаумен комиссия хатшысы ЭЦҚ пайдалана отырып, хаттамаға қол қою уақытынан бастап тізілімнің веб-порталында жарияланады.
      Мүлікті алуға ниет білдірген мемлекеттік заңды тұлғалардан бірнеше өтінім болған жағдайда бірінші өтініш берген мемлекеттік заңды тұлға басымдыққа ие болады.
      Егер өтінішті бірінші болып берген мемлекеттік заңды тұлға қажеттіліктері қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік артық болып қалса, онда мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган оларды келесі өтініш берушілерге ұсынады.
      7) қабылдаушы тарап мүлікті қабылдап алу-беру актісіне өтініштерді қарау нәтижелері турады хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қол қояды.
      Қабылдаушы тарап мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қоймаған жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті береді және келесі өтініш иелерінің теңгеріміне бекітеді, ал ондайлар болмаған жағдайда мүлікті сауда-саттыққа шығарады;
      8) мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мүлікті республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына беру туралы мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.
      8. Мемлекеттік заңды тұлғалар өтініштерді бермеген жағдайда не болмаса мүлікті мемлекеттік меншікке берудің экономикалық орынсыздығы жағдайында мүлік сауда-саттыққа қойылады.

3-тарау. Мүлікті мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссия) негiзiнде сауда ұйымдары арқылы және сауда-саттықта өткізу

      9. Мүлікті сату мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде сауда ұйымдары арқылы:
      жарамдылық (сақтау) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;
      бұрын пайдалануда болған өнеркәсiп тауарлары (көлiк құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі;
      2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.
      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сату «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.
      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылардың бірі қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатқан кезде оны сатып алуда үшінші тұлғалардың алдында артықшылық құқықты пайдаланады.
      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы (қатысушылар) үлесті сатып алуда артықшылық құқықтан бас тартқан жағдайда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі үлес аукционда сатылады.
      10. Сауда ұйымымен мемлекеттік сатып алу туралы шартты (комиссияны) жасау үшін оны анықтауды сатушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      11. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) бойынша мүлікті сатуды оны белгісіз тұлғалар тобының сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, мүлікті ашық сатуға қою арқылы сауда ұйымы жүзеге асырады.
      12. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссия) сәйкес сауда ұйымы арқылы мүлікті сату үшін беру комиссиялық тапсырма, қабылдап алу-беру актісі және мүлікті сату үшін алынған құннан он бес пайыз мөлшеріндегі комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді растайтын құжат (төлем тапсырмасы немесе банктік кепілдік) негізінде жүзеге асырылады.
      Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.
      13. Комиссиялық тапсырмада көрсетілген мүлікті өткізуден алынған қаражатты комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап үш ай ішінде сауда ұйымы тиісті бюджет кірісіне аударуы тиіс.
      Ақшаны аудару үшін деректемелер мемлекеттік сатып алу туралы шартта (комиссия) көрсетіледі.
      14. Егер үш ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.
      Қалған мүлікті сатуды сауда ұйымы үш ай ішінде жүзеге асырады, ол аяқталғаннан кейін оны нақты сатқанына қарамастан сауда ұйымы тиісті бюджетке соманы аударады.
      Сауда ұйымы сатушыдан қабылдап алу-беру актісі бойынша қабылдаған мүлік қайтарылмайды.
      Сауда ұйымының бастамасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) бұзылған жағдайда комиссиялық тапсырмаларда көрсетілген мүлікті сатуға алынған сома сатушыға төленуі тиіс.
      15. Сатушы мен сауда ұйымы арасында осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссиялық тапсырмалар шеңберінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
      16. Мүлікті сауда-саттықта сату үшін:
      1) мүлік бойынша материалдарды жинау жүргiзiледi;
      2) бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде мүліктің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағалары айқындалады;
      3) сауда-саттық әдiстерi айқындалады;
      4) сауда-саттықты өткізу мерзiмі белгiленедi;
      5) сауда-саттықты өткiзу туралы хабарлама жарияланады;
      6) кепiлдiк жарналар қабылданады;
      7) қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi;
      8) сатып алу-сату шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады.
      17. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi;
      2) мемлекеттік заңды тұлғалардың өтініштері мен оларға қоса берілген құжаттарды қарайды және тиісті шешім қабылдайды;
      3) әрбір мүлік бойынша сауда-саттық шарты, нысаны мен әдістері туралы шешім қабылдайды;
      4) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы шешім қабылдайды;
      5) бағалаушы ұсынған мүлік құнын бағалау туралы есеп негізінде мүліктің алғашқы бағасын белгілеу туралы шешім қабылдайды;
      6) мүлікті сауда-саттыққа одан әрі қою орындылығы туралы шешім қабылдайды;
      7) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі мен ұзақтығы, сатудың шекті мерзімі мен биржалық сауда-саттықтан алу күні туралы шешім қабылдайды.
      18. Сатушының функциялары:
      1) тәуелсіз бағалаушыларды тарта отырып, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес мүліктің құнына бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;
      2) мүлікті сауда-саттыққа дайындауды жүзеге асыру;
      3) сауда-саттық өткізу мерзiмiн белгiлеу;
      4) сауда-саттық өткізуді қамтамасыз ету;
      5) мүліктің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағаларын, кепілдік жарна сомасын айқындау;
      6) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында (бұдан әрі – қор биржалары) мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сатуды қамтамасыз ету;
      7) сауда-саттық әдісін анықтау, оның ішінде қор биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сату кезінде брокерлік компанияның ұсынымдары бойынша биржалық сауда-саттықты жүргізу;
      8) комиссия шешімінің негізінде биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі мен ұзақтығын, сатудың шекті мерзімдері мен биржалық сауда-саттықтан алу күнін анықтау;
      9) мүлікті сауда-саттықтан алу туралы шешім қабылдау;
      10) сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу барысына бақылауды жүзеге асыру;
      11) аукцион жеңімпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу;
      12) сатып алушылармен, ұйымдастырушылармен, сауда ұйымдарымен есептесуді жүзеге асыру;
      13) сауда ұйымдары үшін талаптарды белгілеу;
      14) мүлікті сату үшін қажетті басқа да іс-шараларды жүргізу болып табылады.
      19. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама ол өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын қазақ және орыс тiлдерiнде тізілімнің веб-порталында жарияланады.
      Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:
      1) сауда-саттықтың өткiзiлетiн күнiн және уақытын;
      2) сауда-саттықтың әдiсiн;
      3) мүлік туралы мәлiметтерді (оның саны мен негізгі сипаттамалары);
      4) шектеулер мен ауыртпалықтардың (сот орындаушылары және басқалар салған мүлікке тыйым салулар) жоқ екендігі туралы мәліметтерді;
      5) бастапқы, ал бағаны төмендету әдiсiн қолдана отырып аукцион өткiзiлген кезде аукционға қойылатын мүліктің ең төменгі бағасын;
      6) кепiлдiк жарнаның сомасын аудару үшін кепiлдiк жарнаның мөлшерi мен банктiк деректемелердi;
      7) өтiнiмдердi қабылдау мерзімін;
      8) сауда-саттықты өткiзу, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу, сауда-саттық жеңімпазын анықтау шарттары туралы тәртіпті;
      9) сауда-саттықты ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн;
      10) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс.
      20. Қор биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сату туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:
      1) биржалық сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақытын;
      2) биржалық сауда-саттықтың өткізілетін орнын;
      3) бағалы қағаздар эмитентінің атауын;
      4) эмитент туралы мәліметтерді;
      5) сатылатын бағалы қағаздардың санын;
      6) биржалық сауда-саттықты ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн;
      7) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтиды.
      21. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:
      1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;
      2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.
      22. Бірыңғай оператор осы Қағиданың 19 және 21-тармақтарында көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың деректер қорына сатушы енгізген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына хабарламаны қатесіз және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес жариялауды қамтамасыз етеді.
      Бірыңғай оператор тізілімнің веб-порталын пайдаланушыларға, оның ішінде облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан аумақтық бөлімшелер арқылы консультациялық көмек көрсетеді.
      23. Хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы тізілімнің веб-порталы арқылы сатып алуға ниет бiлдiрушiлердің мүлікті көруге, сондай-ақ мүлік туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      24. Сауда-саттықтан объектіні алып тастау туралы хабарлама қазақ және орыс тілдерінде тізілімнің веб-порталында оны өткізгенге дейін кемінде үш жұмыс күні ішінде жарияланады.
      Мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды қор биржаларындағы сауда-саттықтан алып тастау туралы хабарлама оны өткізуге дейін кемінде үш жұмыс күні ішінде мерзімді баспа басылымдарында және тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
      25. Сауда-саттыққа қатысуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру үшін қатысушылар кепiлдiк жарнаны бірыңғай оператордың деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізеді. Кепiлдiк жарнаны қатысушы не оның атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.
      26. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.
      27. Сатушы мынадай жағдайларда:
      1) жеңiмпазға – ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда;
      2) сатып алушыға – ол сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.
      Қалған барлық жағдайларда кепiлдiк жарналар қатысушы бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзiмде қайтарылады.
      Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсеткен деректемелерге қайтарылады.
      28. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берген өтінімдер кері қайтарылмайды.
      29. Сауда-саттыққа қатысу үшін мыналарды:
      1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
      4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
      30. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
      31. Сауда-саттықтың жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:
      1) жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
      2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;
      заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
      32. Сатушыға және бірыңғай операторға Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықты дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңінің ішінде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға жол берілмейді.
      33. Қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген мүлік бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.
      Қатысушының осы Қағиданың 29 және 30-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінім қабылдауды және қатысушыны сауда-саттыққа жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.
      Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
      Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
      34. Тізілімнің веб-порталы сауда-саттықты өткізу басталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын аукционға қатысу үшін электрондық өтінімді кері қайтарған қатысушының аукциондық нөмірін жояды.
      35. Аукцион екі әдіспен өткізіледі: бағаны көтеру және бағаны төмендету арқылы.
      Аукционды өткiзу кезiнде бастапқы баға мүліктің алғашқы бағасына тең болады.
      Мүліктің алғашқы бағасы нарықтық құнның негізінде айқындалады және оны комиссия белгілейді.
      Бірінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады.
      Екінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.
      Егер мүлік екінші сауда-саттықта өткізілмеген болса, сауда ұйымдарының қызметтерін жеткізушілер болған жағдайда сауда ұйымына сатуға беріледі.
      36. Үшінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алдыңғы сауда-саттықтың ең төменгі бағасының елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.
      Төртінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, бір теңге ең төмен баға белгіленіп шығарылады.
      Кейінгі әрбір сауда-саттық күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
      37. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион мүліктің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
      Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі - жұма аралығында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.
      38. Егер бағаны көтеру әдісін қолдана отырып өткізілген аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда мүлікті сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
      Егер бағаны төмендету тәсілін қолдана отырып жүргізілген аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы мүлік бойынша аукцион өтпеді деп танылады.
      39. Егер аукцион басталған сәтте мүлік бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса, онда жалғыз қатысушыға мүлікті сатуға жол берілетін аукцион бойынша үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда, осы мүлік бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады.
      40. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:
      1) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 10 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
      2) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгенінен бастап 50 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 7 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде;
      3) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000 еселенгенінен бастап 100 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
      4) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгенінен бастап 250 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 2,5 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
      5) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгенінен бастап 500 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 1 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
      6) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 0,5 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Аукцион төменде сипатталған екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі.
      41. Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион:
      1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға бастапқы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы мүлік бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;
      2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға бастапқы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;
      3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, онда мүлікті сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
      Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.
      Мүліктің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.
      42. Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион:
      1) егер аукцион басталған сәттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, мүліктің бастапқы бағасы осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
      2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, мүліктің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.
      Жарияланған баға бойынша мүлікті сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион жеңімпазы болып танылады және осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
      3) егер мүліктің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.
      Осы Қағиданың 38-тармағының екінші бөлігінде, 39-тармағында, 41-тармағының 1) тармақшасында және 42-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
      43. Әрбір сатылған мүлік бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
      44. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының мүлікті сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.
      45. Сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы мен жеңімпаз қол қояды. Шартта сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға шартты жасасу негіздемесі ретінде сілтеме көрсетіледі.
      46. Егер жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 43 және 45-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілім веб-порталы қалыптастыратын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы мүлік сауда-саттыққа тағы да шығарылады.
      47. Бірыңғай оператор:
      1) тізілім веб-порталының қызмет етуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды;
      2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтінім негізінде сатушының шотына сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады;
      3) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып қатысушылар қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтінім негізінде сауда-саттықтың басқа қатысушыларына кепілдік жарналарын қайтарады.
      48. Сауда-саттық барысында сауда-саттыққа қатысуға кедергі болатын техникалық ақаулықтар туындаған кезде қатысушы:
      1) тізілім веб-порталымен орнықты байланыс жоғалған кезден бастап 30 секунд ішінде сауда-саттыққа қатысушының мониторында бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарламаны шығару жолымен хабардар етеді;
      2) бұл туралы бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы дереу хабардар етеді.
      49. Бірыңғай оператор техникалық ақаулықтардың болу фактісін тіркейді және олар тізілім веб-порталы жағында болған кезде ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру жолымен сауда-саттыққа қатысушылардың барлығын хабардар етеді.
      50. Қатысушының компьютерлік және/немесе телекоммуникация жабдығының техникалық ақаулықтары болғанда аукцион жалғаса береді.
      51. Сауда-саттықты жүргізуге немесе сауда-саттық жүргізу рәсіміне кедергі болатын осы Қағиданың 49-тармағында көрсетілген тізілім веб-порталының техникалық ақаулықтары фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы сатушыға жазбаша түрде хабарлайды және сатушы осы сауда-саттықтың жалғастырылатын күні мен уақыты туралы ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы сауда-саттыққа қатысқан қатысушыларды алдын ала міндетті түрде хабардар ете отырып, аукционды бірыңғай оператор техникалық ақаулықты жойған күннен кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырады.
       52. Аукционды ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 101-бабының 6-тармағына сәйкес өзі енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалын өтейді.
      53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл орайда сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:
      1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрмей енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;
      2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей енгiзiледі.
      54. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушы тиісінше хабарламадан кейін шартты бiр жақты тәртiппен бұзады.
      55. Мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды қоспағанда, сатып алушыға мүлікті беру сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын сатып алушы толық төлегеннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі бойынша жүргізіледі.
      Қабылдап алу-беру актісі мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада (еркін нысанда) жасалады, қол қойылғаннан кейін сатушы екі жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді, оның біреуі сатушыда сақталады, ал екіншісі сатып алушыға беріледі.
      56. Қор биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сатуды сатушы брокерлік компанияны тарта отырып жүзеге асырады.
      57. Мемлекет меншігіне айналдырылған акцияларды сату кезінде сатып алушы – акционерлік қоғам, егер соңғысы сатып алушының акцияларына Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес иелік етсе, акционерлік қоғам акцияларының жиырма бес пайызынан астамын сатып ала алмайды.
      58. Бағалы қағаздарды сатуға құқылы брокерлік компанияны айқындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатушы жүзеге асырады.
      59. Мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сату кезінде қор биржасында оларды сатуға байланысты сатушы мен брокерлік компания арасында туындайтын қарым-қатынастар тиісті шартпен реттеледі.
      60. Қор биржасының сауда-саттық жүйелерінде бағалы қағаздарды сату тиісті қор биржасының биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      61. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша есеп айырысулар сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүргізілуі тиіс.
      62. Бағалы қағаздар үшін төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушыға тиісінше хабарламадан кейін шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға және сатып алушыдан нақты жұмсалған шығындарды өтеу туралы талап етуге жол беріледі.
      63. Бағалы қағаздарды беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын толық төленгеннен кейiн бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою жолымен жүргiзiледi.
      64. Жылжымайтын мүлікті сату кезінде 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді.
      65. Бөлшектелген көлiк құралдары, өнеркәсiптiк және өзге де жабдық, құрылысы аяқталмаған объектiлер не мәнi жағынан ұқсас басқа да мүлiк қосалқы бөлшектер немесе қара және түсті металдардың сынықтары ретiнде бағаланады және сатылады.

4-тарау. Мүлікті сатудан алынған қаражат

      66. Мүлікті сатудан алынған қаражат, сондай-ақ осы Қағиданың 27-тармағында көрсетілген негіздер бойынша қайтарылмаған кепілдік жарналар сомасын уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар тиісті бюджетке жібереді және қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінен алынған олар туралы мәліметтерді сатушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын төлеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді.
      67. Мүлікті сату бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      68. Бірыңғай оператордың қызметтеріне ақы төлеу сатушының мүлікті сату бойынша сауда-саттықты дайындауға және өткізуге жұмсайтын шығыстарына қосылады.

5-тарау. Ең төменгі баға бойынша сатылмаған мүлікті пайдалану және жою

      69. Пайдалануға жарамды, ең төменгі баға бойынша сатылмаған мүлік әлеуметтік қызметтердің субъектілеріне өтеусіз қайта ұсынылады.
      Әлеуметтік қызметтердің субъектілеріне мүлікті беру осы Қағиданың 7-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

6-тарау. Мүлікті жою тәртібі

      70. Ең төменгі бағамен сатылмаған және әлеуметтік қызмет субъектілері талап етпеген мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен жойылады.
      71. Нормативтiк құжаттардағы сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзаты, тамақ өнiмдерi, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, шығарған елі белгісіз алкоголь өнімдері, акциздiк таңбаларсыз өткізілетін темекi бұйымдары және шығарылған елi белгісіз құрамында темекi бар басқа да бұйымдар комиссия шешімінің негізінде жойылады.
      72. Республикалық меншікке айналдырылған мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.
      Коммуналдық меншікке айналдырылған мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
      Мүлікті жою жөніндегі көрсетілетін қызмет берушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мүлікті тәркілеу бөлігінде   
қылмыстық іс бойынша сот үкімі 
негізінде не мүлікті мемлекетке 
беру туралы шешім негізінде   
тыйым салынған мүлікті өткізу   
немесе пайдалану қағидасына    
1-қосымша             

Нысан               

      Мүлікті сату бойынша _________________________________ қатысуға
                              (аукцион әдісі көрсетіледі)

ӨТІНІМ

      1. Мүліктің (тердің) сатылуы туралы жарияланған хабарламаны
қарап және Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі
негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым
салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасымен танысып,
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан
әрі - Т.А.Ә.) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның
басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін
өкілінің Т.А.Ә.)
___________ 20 ___ жылғы «___» _______ ____________ мына мекенжай
бойынша ________________________ болатын аукционға қатысуға ниет
білдіреді.
      2. Мен (біз) аукционға қатысу үшін
____________________________________________ мемлекеттік мүлікті
есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына
жалпы сомасы ______________________________________ көрсетіледі
(______________________________) теңге _____
(цифрмен)   (сомасы таратып жазылады) (саны)
кепілдік жарнасын енгіздім (к).
      Кепілдік жарнасы енгізілген сатылатын мүлік туралы мәлімет:

р/б

Мүліктің атауы

Аударуға жататын кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1



2




Жиыны


      Енгізілген кепілдік жарналары туралы мәлімет:

р/б

Кепілдік жарнасының тағайындау және аукционға қатысу үшін кепілдік жарнасы енгізілген мүліктің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1





2






Жиыны




      3. Қатысушыға қойылатын талаптарға мен (біз) сәйкес емес
екенім(із) анықталған жағдайда мен (біз) аукционға қатысу құқығынан
айырылатынымен, мен (біз) қол қойған аукцион нәтижелері туралы
хаттама және сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынымен
келісемін(з).
      4. Егер мен (біз) аукцион жеңімпаз(дар)ы деп танылған жағдайда
өзімізге сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға өткізілген күні қол
қоюды және ол өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып
алу-сату шартына қол қоюды міндетім(ізг)е аламын(з).
      5. Мынадай:
      1) сауда-саттық өткізілетін күні оның нәтижелері туралы
хаттамаға қол қоймаған;
      2) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаған;
      3) сатып алу-сату шарты бойынша мен (біз) міндеттемелерді
орындамаған және тиісінше орындамаған жағдайларда мен (біз) енгізген
кепілдік жарнасының сомасы қайтарылмайтынымен және сатушыда
қалатынымен келісемін (з).
      6. Осы өтінім сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге
сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күшіне ие.
      7. Өзім(із) туралы мынадай:
      Заңды тұлғалар үшін:
      Атауы _________________________________________________________
      БСН ___________________________________________________________
      Басшының Т.А.Ә. _______________________________________________
      Мекенжайы:_____________________________________________________
      Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________
      Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:
      ЖСК ___________________________________________________________
      Банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) __________________
      Банктің атауы _________________________________________________
      Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) _____________________________
      Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН: ___________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде
толтырылмайды):
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) ____________________________________________________________

      Жеке тұлға үшін:
      Т.А.Ә. ________________________________________________________
      ЖСН ___________________________________________________________
      Паспорт деректері _____________________________________________
      Мекенжайы: ____________________________________________________
      Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________
      Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:
      Жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК) _____________________
      БСК ___________________________________________________________
      Банктің атауы _________________________________________________
      Кбе ___________________________________________________________
      Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН: ___________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде
толтырылмайды):
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) ____________________________________________________________

      (қолы) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және
заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде
әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.)
      20 __ жылғы «___» ____________

      Мөр орны

      Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы 20__ жылғы «___»
____________ сағат «___» минутта қабылдады.

      Қатысушының аукцион нөмірі ______________

Мүлікті тәркілеу бөлігінде   
қылмыстық іс бойынша сот үкімі 
негізінде не мүлікті мемлекетке 
беру туралы шешім негізінде   
тыйым салынған мүлікті өткізу   
немесе пайдалану қағидасына    
2-қосымша             

Нысан               

№ ___ комиссиялық тапсырма

201___ жылғы «___» __________

____________________________________________________ негізінде әрекет
(құжаттың атауы)
ететін ________________________________ (бұдан әрі – Тапсырыс беруші)
(Тапсырыс берушінің атауы)
атынан _________________________________________________ бір тараптан
(лауазымы, Т.А.Ә.)
және _______________________________________________ негізінде әрекет
(құжаттың атауы)
ететін ____________________________________ (бұдан әрі – Өнім беруші)
(Өнім берушінің атауы)
атынан ______________________________________________ екінші тараптан
      (лауазымы, Т.А.Ә.)

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 201___ жылғы
«___» ____________ №____ шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес Тапсырыс
беруші Шарт бойынша қызметтер көрсету шеңберінде Өнім берушіге
______________________________ сатуды тапсырады.
    (мүліктің атауы)

      «Мүліктің өлшемдері (түрлері, саны, сәйкестендіру нөмірлері
(бар болса), бірлігінің құны және т.с.с.)»:
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      Мүліктің жалпы құны:_____________(____________________________)
теңге.
      Өнім беруші:
      3 (үш) жұмыс күні ішінде
_________(______________________________) теңге сомасында осы
тапсырманы орындаудың ақшалай қамтамасыз етілуін төлеуге немесе банк
кепілдігін ұсынуға;
      Мүлікті қабылдап алу-беру актісі бойынша қабылдауға;
      Шартта және осы комиссиялық тапсырмада көрсетілген қызметтерді
қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні
ішінде көрсетуге кірісуге;
      Қабылдаған мүлікті өткізу жөнінде барлық қажетті шараларды
қолдануға;
      Қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай
өткен соң Тапсырыс берушімен бірлесіп, өткізілген мүлікті салыстырып
тексеру жүргізуге және салыстырып тексеру актісіне қол қоюға, ал
өткізілмеген мүлік болған жағдайда, қабылдап алу-беру актісіне
мүліктің құнын төмендетуді көздейтін толықтыруға қол қоюға;
      Қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай
өткен соң өткізілген мүліктің құнын аударуға;
      Өткізілмеген мүлік болған жағдайда, қабылдап алу-беру актісіне
толықтыруға қол қойғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қалған мүлікті
нақты өткізілуіне қарамастан, оның құнын аударуға;
      Берілген мүлікті қарап тексеру үшін Тапсырыс берушіге еркін қол
жеткізуді қамтамасыз етуге;
      Өткізілген мүліктің құнын мынадай деректемелер бойынша
аударуға:
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
      Жұмыс нәтижелері бойынша Тапсырыс берушіге есеп (3 данада)
беруге міндеттенеді.
      Тапсырыс беруші:
      Мүлікті қабылдап алу-беру актісі бойынша беруге;
      Қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай
өткен соң Өнім берушімен бірлесіп, өткізілген мүлікті салыстырып
тексеру жүргізуге және салыстырып тексеру актісіне қол қоюға, ал
өткізілмеген мүлік болған жағдайда, қабылдап алу-беру актісіне
мүліктің құнын төмендетуді көздейтін толықтыруға қол қоюға;
      Қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай
өткен соң өткізілмеген мүліктің құнын 50 % (елу пайызға) төмендетуді
қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      Өнім берушінің қызметтеріне ақы төлеу Шартқа сәйкес
жүргізіледі.

Тапсырыс беруші:                     Өнім беруші:
______________________________       ________________________________
______________________________       ________________________________
______________________________       ________________________________