Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 сәуірде № 10611 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 № 621 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653–бабы 6–тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйырыққа 1-қосымшаға сәйкес Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары бекітілсін;

      2) акциздік таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері осы бұйырыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 01.08.2016 № 418 (01.09.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) есепке алу-бақылау таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері осы бұйырыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 № 621 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.08.2016 № 418 (01.09.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 144 бұйрығына
1–қосымша

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 № 621 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін (бұдан әрі - алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 № 621 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және
темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау тәртібі

      2. Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, нормативтік және техникалық құжаттамаға сәйкес тұтынушы ыдысына құйылған алкоголь өнімі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жатады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 № 621 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тұтыну ыдысына салынған темекі бұйымдары акциздік таңбалармен таңбалауға жатады.

      4. Есепке алу-бақылау таңбасы тұтыну ыдысына төменгі бағытта голограммамен оны қайта пайдалануды болдырмау мақсатында тұтыну ыдысын ашқан кезде есепке алу-бақылау таңбасының тұтастығы бұзылатындай етіп желімделеді.

      Есепке алу-бақылау таңбасы тұтыну ыдысына тығыз желімделеді және сәйкестендіруді және штрих-кодтық ақпаратты оқитын құрылғымен оқуды қамтамасыз етеді.

      5. Акциздік таңба былайша орналастырылады:

      фильтрлі сигареттің жұмсақ қорабындағы қораптың үстіңгі бетін жабатын акциздік таңбадағы мәтін немесе сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы және ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта) орналасуы тиіс;

      фильтрлі сигареттің қайырма қақпақты қорабындағы акциздік марка қораптың артқы бетінде орналасуы, қораптың бұрышын жауып және бүйір бетіне өтуі тиіс;

      фильтрсіз сигарет қорабында акциздік таңба қораптың сол және оң жақ шетінен бірдей аралықта қораптың артқы бетінде тігінен орналасуы әрі қорапты ашар жерді басып өтуі тиіс;

      папирос қорабында қораптың үстіңгі бетін жабатын акциздік таңбадағы мәтін немесе сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы және ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бірдей аралықта) орналасуы тиіс;

      басқа темекі бұйымдарының қорабында акциздік таңба қораптың артқы бетінің ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта) орналасуы тиіс.

      Темекі бұйымдарының қорабын целлофанмен қаптау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциздік таңбаның үстінен жүргізілуі тиіс.

      Темекі бұйымдарын акциздік таңба былайша орналастыру тиіс қорапты ашқан кезде темекі бұйымдарына арналған акциздік таңба бүлінеді.

      Темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды желімдеу кезінде таңбаны тауардан бүлдірмей алуға және акциздік таңбаны қайта пайдалануға мүмкіндік бермейтін желім пайдаланылуы тиіс. Акциздік таңбаларды желімдеуге қолданылатын желім оның кебуі мен тауардан ажыратылып қалуын болдырмау үшін жоғары және төмен температураларға, ылғалдың түрлі деңгейлеріне төзімді болуы және акциз таңбасын қайталап пайдаланудың мүмкін болмауын қамтамасыз етуі тиіс.

      6. Алкоголь өнімі мен темекі бұйымдарын өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге арналған дайын өнімге есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды желімдеуді өндіріс мекен-жайы бойынша жүргізеді.

      7. Конкурстық және оңалту басқарушылары борышкердің мүліктерін (активтерін) өткізу кезінде алкоголь өнімін немесе темекі бұйымдарын есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалауды олар сақталған мекен-жай бойынша жүргізеді.

      8. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін алкоголь өнімін немесе темекі бұйымдарын есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалау осы қағидаларының 9–тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүзеге асырылады.

      9. Салық кодексінің 653-бабы 4-тармағына сәйкес алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен:

      1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге экспортталатын;

      2) бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастыруға арналған Қазақстан Республикасының аумағына бажсыз сауда дүкендерінің иелері әкелетін;

      3) Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттер аумағына уақытша әкелудің (жіберудің) және уақытша әкетудің кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағынан жалғыз данада жарнамалық және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелінетін;

      4) кедендік транзиттің кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одағының аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерден транзитпен өткізілетін;

      5) 3 литрден аспайтын шекте Қазақстан Республикасының аумағына он сегіз жасқа толған жеке тұлға әкелетін (жіберетін) алкоголь өнімдері, сыра мен сыра сусынын есепке алу-бақылау таңбаларымен, сондай-ақ 200 сигарет немесе 50 сигарадан (сигарилладан) аспайтын темекі мен темекі бұйымдары немесе 250 грамнан аспайтын шектегі темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың ассортименті акциздік таңбаларымен міндетті түрде таңбалануға жатпайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 № 621 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалауды көздемейтін кедендік рәсімдерде ресімделген алкоголь өнімі немесе темекі бұйымдары олар Қазақстан Республикасының кеден аумағында сатылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен акциз төлей отырып, есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен міндетті түрде таңбалануға жатады.

3. Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және
темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен қайта таңбалау тәртібі

      11. Темекі бұйымдарын жаңа үлгідегі акциздік таңбалармен қайта таңбалау жаңадан өндірілетін және әкелінетін темекі бұйымдарына осы қағидаларымен белгіленген тәртіппен және Салық кодексінің 653–бабы 5–тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мерзімде жаңа үлгідегі акциздік таңбаларды желімдеуді білдіреді.

      12. Алкоголь өнімдерін жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен қайта таңбалау ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбаланған алкоголь өнімдеріне осы қағидаларымен белгіленген тәртіппен және Салық кодексінің 653–бабы 5–тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мерзімде жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларын желімдеуді білдіреді.

      13. Қайта таңбалау:

      1) ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбалар (бұдан әрі – таңбалар) желімделген алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын (бұдан әрі – акцизделетін тауарлар), сондай-ақ пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбаларды түгендеуді;

      2) акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі таңбалармен таңбалауды;

      3) пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбаларды жоюды қамтиды.

      14. Түгендеу бір реттік сипатта болады және акцизделетін өнімдерді өндіруді және импорттауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде борышкердің мүлікті (активтері) сататын конкурстық және оңалту басқарушылары (бұдан әрі – субъектілер) жүргізеді.

      15. Түгендеу жүргізу үшін әрбір субъектіде құрамында комиссия төрағасы (субъектінің бірінші басшысы, оның міндетін атқарушы тұлға немесе оның орынбасары), субъектінің таңбаларға материалдық-жауапты тұлғасы және субъектінің басқа да қызметкерлері болатын саны үш адамнан кем емес комиссия (бұдан әрі - түгендеу комиссиясы) құрылады.

      16. Түгендеудің уақтылы жүргізілуін және оның тәртібінің сақталуын, тиісті түгендеу тізімдемесіне еркін түрде енгізілетін ескі үлгідегі таңбалар желімделген акцизделетін өнімдердің нақты сандық қалдықтары бойынша түрлері мен атаулары бөлінісінде олар туралы деректердің толықтығын, дәлдігін және дұрыстығын түгендеу комиссиясының төрағасы қамтамасыз етеді.

      17. Түгендеу тізімдемесі әр бетте ескі үлгідегі таңбалар желімделген акцизделетін өнімдер мен пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбалардың жалпы саны (санмен және жазумен) көрсетіле отырып, ескі үлгідегі таңбалар желімделген акцизделетін өнімдер бойынша және пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбалар бойынша бөлек жасалады. Түгендеу тізімдемесінің әр бетіне түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қойған болуы тиіс.

      18. Түгендеу тізімдемесі екі данада жасалады, оның бірі тиісті мемлекеттік кіріс органына жіберіледі, екіншісі субъектінің өзінде қалады.

      19. Мемлекеттік кіріс органдары түгендеу тізімдемесінде көрсетілген кез келген деректердің дұрыстығын тексереді және Салық кодексінің 627–бабы 5–тармағының 2) тармақшасы мен 9–тармағының 2) тармақшасы негізінде қоймада акцизделетін өнімдердің бар-жоғын іріктеп тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ арнайы аспаптар арқылы желімделген ескі үлгідегі таңбалардың түпнұсқалылығын тексереді. Тексеру түгендеу комиссиясы мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі.

      20. Акцизделетін өнімнің нақты қалдықтарының түгендеу тізімдемесінде көрсетілген деректерден алшақтықтар (сәйкессіздіктер) анықталған, шығу тегі күмәнді таңбалар анықталған жағдайда мемлекеттік кіріс органдары тексеру актісін (еркін түрде) жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды. Анықталған алшақтықтар жойылғаннан кейін түгендеу комиссиясы жаңа түгендеу тізімдемесін жасайды.

      21. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбаланған алкоголь өніміне жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларын желімдеу осы қағидаларының 4–тармағына сәйкес жүргізіледі, бұл ретте бір есепке алу-бақылау таңбасының үстіне екіншісін жабыстыруға жол берілмейді.

      22. Пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбаларды ескі үлгідегі таңбалары бар субъектілер және мемлекеттік кіріс органдары жаңа үлгідегі таңбалар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның қатысуымен жоюға тиіс.

      23. Ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның құрамы және ескі үлгідегі таңбаларды жою орны мемлекеттік кіріс органы бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      24. Ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік кіріс органдарының бірінші басшылары, салық органының таңбалар үшін материалдық-жауапты адамдары және субъектінің уәкілетті өкілдері міндетті түрде енгізілуге тиіс.

      25. Ескі үлгідегі таңбалардың іс жүзінде жойылғаны туралы осы қағидаларының 1, 2–қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жойылған есепке алу-бақылау таңбаларының сериясы, нөмірлерін диапазоны, түрі мен саны, ескі үлгідегі акциздік таңбалардың түрі мен саны көрсетілетін ескі үлгідегі таңбаларды жою актісі (бұдан әрі – акт) екі данада жасалады. Жою актісінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен субъектінің уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органының және субъектінің мөрлерімен расталады.

      Актінің бір данасы мемлекеттік кіріс органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі.

  Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын
қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау
таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік
таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары,
сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау
таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау
элементтері қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 № 621 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларын жою актісі

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы "___" № ___ бұйрығына сәйкес біз, мынадай құрамдағы комиссия:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      саны:

      __________________________________________ данадағы ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларын, оның ішінде:

      _____________________________________________________________________

      (сериясы және нөмірінің диапазондары, саны жазумен)

      данада жоюды жүзеге асырдық.

      Комиссия төрағасы:

      1) ____________________________________________________________

      (Тегі аты әкенің аты (оның бар кезде), лауазымы, қолы)

      Комиссия мүшелері:

      2) ____________________________________________________________

      (Тегі аты әкенің аты (оның бар кезде), лауазымы, қолы)

      3) ____________________________________________________________

      (Тегі аты әкенің аты (оның бар кезде), лауазымы, қолы)

      Ұйымның өкілі: ________________________________________________

      (Тегі аты әкенің аты (оның бар кезде), лауазымы, қолы)

      Мөр орны Мөр орны

      (мемлекеттік кіріс (субъекті үшін)

      органдарға үшін)

  Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын
қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау
таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік
таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары,
сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау
таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау
элементтері қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 № 621 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ескі үлгідегі акциздік таңбаларды жою актісі

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы "__" _________ № ___ бұйрығына сәйкес сәйкес біз, мынадай құрамдағы комиссия:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      ескі үлгідегі акциздік таңбаларын мынадай санда:

      _______________________________________________________________

      данада жоюды жүзеге асырдық.

      Комиссия төрағасы:

      1) ____________________________________________________________

      (Тегі аты әкенің аты (оның бар кезде), лауазымы, қолы)

      Комиссия мүшелері:

      2) ____________________________________________________________

      (Тегі аты әкенің аты (оның бар кезде), лауазымы, қолы)

      3) ____________________________________________________________

      (Тегі аты әкенің аты (оның бар кезде), лауазымы, қолы)

      Ұйымның өкілі: ________________________________________________

      (Тегі аты әкенің аты (оның бар кезде), лауазымы, қолы)

      Мөр орны Мөр орны

      (мемлекеттік кіріс (субъекті үшін)

      органдарға үшін)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 144 бұйрығына
2–қосымша

      нысан

Темекі бұйымдарына арналған акциз таңбасының нысаны,
мазмұны және қорғау элементтері

      44*20 мм форматы



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 144 бұйрығына
3–қосымша

      нысан

Алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау табысының
нысаны, мазмұны және қорғау элементтері

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 01.08.2016 № 418 (01.09.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 144 бұйрығына
4-қосымша

      Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 № 621 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау табысының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері

      65x17 форматы

Отандық алкоголь өнімін өндіру үшін есепке-алу бақылау таңбасы



1. Таңбаларды нөмірлеу (тоғыз таңбалық);
2. УК сәулелері байқалатын, көрінбейтін бейне (әріптік нышан);
3. Тангирлік тор (50 мкм);
4. Бәйтерек - оюлау әдісімен орындалған;
5. 110 мкм ден 220 мкм өзгерілетін әріптер биіктігінің шағын мәтіні "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ";
6. Ою арнайы қаптау әдісімен орындалған;
7. Код-сызықша 28х15 мм енгізуге арналған;
8. Сарыгүл сызығы - бір түстен екінші түске құбылмалы нәтижемен бояу көшу;
9. Гильоширлық жиектас (40 мкм);
10. Мәтін. Флексолық баспа;
11. Ықпалды белгіленген температура кезінде түсін
өзгертетін қасиеті бар арнайы бояу;
12. Құралдық оқуға арналған бояумен орындалған бейне;
13. Ыстық өрнектеуімен монометальды голографиялық
фольга;
14. "ҚАЗАҚСТАН" шағын мәтін;
15. Голограмманы еңкейткен кезде "Күн астындағы бүркіт" бейнесінің "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" өзгеруі.

Әкелінетін алкоголь өнімін үшін есептік-бақылау таңбасы



1. Таңбаларды нөмірлеу (тоғыз таңбалық);
2. УК сәулелері байқалатын, көрінбейтін бейне (әріптік нышан);
3. Тангирлік тор (50 мкм);
4. Бәйтерек - оюлау әдісімен орындалған;
5. 110 мкм ден 220 мкм өзгерілетін әріптер биіктігінің шағын мәтіні "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ";
6. Ою арнайы қаптау әдісімен орындалған;
7. Код-сызықша 28х15 мм енгізуге арналған;
8. Сарыгүл сызығы - бір түстен екінші түске құбылмалы нәтижемен бояу көшу;
9. Гильоширлық жиектас (40 мкм);
10. Мәтін. Флексолық баспа;
11. Ықпалды белгіленген температура кезінде түсін өзгертетін қасиеті бар арнайы бояу;
12. Құралдық оқуға арналған бояумен орындалған бейне;
13. Ыстық өрнектеуімен монометальды голографиялық фольга;
14. "ҚАЗАҚСТАН" шағын мәтін;
15. Голограмманы еңкейткен кезде "Күн астындағы бүркіт" бейнесінің "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" өзгеруі.