Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысына Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 43, 475-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2. 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Агенттің 2011 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 55596799 (елу бес миллион бес жүз тоқсан алты мың жеті жүз тоқсан тоғыз) теңге мөлшерінде бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін "2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент қызметіне ақы төлеуді жүзеге асырсын.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов