Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10662 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-3) және 10) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 31.07.2021 № 252 (01.08.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидалары, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрi

      Е. Досаев _______________

      2015 жылғы 6 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 164 бұйрығымен
бекітілген

Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидалары, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібі

      Ескерту. Қайта бөлу тәртіптің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидалары, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5-3) және 10) тармақшаларына сәйкес әзірленді және қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;

      2) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, осы жаңа объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;

      3) басым шартты тұтынушылар (бұдан әрі – БШТ) – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы аталған тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;

      4) беру айы – тиісті айдың бірінші күнінен басталатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен электр энергиясын іс жүзінде берудің күнтізбелік айы;

      5) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;

      6) жаңартылатын энергия көздерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;

      2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;

      7) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) бекітілген, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау Қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф;

      8) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын осы Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – өтініш беруші) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      10) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi (бұдан әрі – ЖЭК-ті пайдалану объектісі) – ЖЭК-ті пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК-ті пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК-ті пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;

      11) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

      12) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін технологиялық жағынан қажетті, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымның жиынтығы;

      13) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – осы Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      14) тасқындық электр энергиясы – Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясына арналған шекті тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясы;

      15) тіркелген тариф – ЖЭК-ті пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;

      16) уәкілетті орган – ЖЭК-ті пайдалануды қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      17) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      4. Осы Қағидалардың ережелері мыналарға қолданылмайды:

      1) пайдалану мерзімі ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген өзін-өзі ақтау мерзімінен асып кеткен, ЖЭК пайдалану объектілері бар энергия өндіруші ұйымдар;

      2) 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға енгізілген гидроэлектрстанцияларды есепке алмағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар және (немесе) реттеудің тәуліктік көлемінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектрстанциялары.

      Гидроэлектрстанциясының су қоймасының сыйымдылығы су қоймасына құйылатын өзен ағысының есептік қамтамасыз етілуінің тәуліктік көлемінен асып түсетін болса, ол реттеудің тәуліктік көлемінен астам көлемді қамтамасыз етеді деп есептеледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Электр энергиясының ЖЭК пайдалану объектілерінен теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес ЖЭК қолдауға арналған тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы жүзеге асырады.

      6. ЖЭК-ті пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдар, басым шартты тұтынушының құрамына кіретін энергия өндіруші ұйымдарды және тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге босатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарды қоса алғанда, өзінің ЖЭК-ті пайдалану объектісінде, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдаланады. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі арқылы деректер өңірлік диспетчерлік орталықтарға беріледі.

      ЖЭК-ті пайдалану объектілеріндегі, электр энергиясын шоғырландыруға арналған құрылғылармен, дербес қоректендіру көздерімен, сондай-ақ резервтік қоректендіру электр желілерімен жарақтандырылған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілеріндегі электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі осы құрылғылармен босатылатын және (немесе) тұтынылатын электр энергиясының коммерциялық есебін қамтамасыз етеді.

      ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар ЖЭК-тің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғыларды не ЖЭК-тің бір түрін пайдаланудан электр энергиясын өндіруге арналған, бірақ қаржы-есеп айырысу орталығына әртүрлі тіркелген тарифтер бойынша не аукциондық бағалар бойынша сатып алуға жататын техникалық құрылғыларды ЖЭК-ті пайдалану жөніндегі объектіде өндірілген электр энергиясының бөлек есепке алынуын қамтамасыз ететіндей етіп коммерциялық есепке алу аспаптарымен жарақтандырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. ЖЭК пайдалану объектілері мынадай түрлерге жіктеледі:

      1) жаңадан енгізілетін (жаңа) ЖЭК пайдалану объектілері – 2013 жылғы 21 шілдеге дейін ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекітпеген және онымен келісілмеген, 2013 жылғы 21 шілдеден кейін пайдалануға берілетін ЖЭК пайдалану объектілері;

      2) қолданыстағы ЖЭК пайдалану объектілері – 2009 жылдың шілдесінен 2013 жылғы 21 шілдеге дейін пайдалануға берілген, өңірлік электр желісі компанияларымен және (немесе) жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бар, ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген объектілер;

      3) техникалық экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектілері – 2013 жылғы 21 шілдеден кейін пайдалануға берілген және ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген ЖЭК пайдалану объектілері;

      4) қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектілері – қайта жаңартылатын объектідегі жаңадан енгізілетін жабдық құнының осы объектіні қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар басталған кездегі қайта жаңартылатын объектінің аудиторлық ұйым растаған теңгерімдік құнының кемінде елу пайызын құрауы шартымен жұмыс істеп тұрған негізгі өндіруші жабдықты ауыстыра отырып, 2013 жылғы 21 шілдеден кейін қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектілері;

      5) жаңадан енгізілетін (жаңа) ЖЭК пайдалану объектілері аукциондық бағалар бойынша - аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша аукцион жеңімпаздары тізіліміне енгізілген және аукциондық баға бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу туралы шарт жасасқан ЖЭК пайдалану объектілері.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңадан іске қосылатын объектілерде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Қаржы-есеп айырысу орталығы және тиісті ЖЭК пайдалану объектісі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ЖЭК объектілерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) қосылған күнтізбелік 60 күн ішінде және электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу туралы шарт жасасуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасу үшін өтініш беруші өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағына сәйкес құжаттарды: ұсынады.

      10. Қаржы-есеп айырысу орталығы Өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде қарастырады. Өтініш беруші Заңның 7-1 бабының 7-тармағында көзделген құжаттардың қайсыбірін ұсынбаған жағдайда немесе құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы аталған құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде себептерін көрсетіп, Өтінімді қайтарады. Өтініш беруші Өтінімді және қоса берілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру мақсатында Өтінім қайтарылған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтырады және/немесе Қаржы-есеп айырысу орталығының ескертулерін жояды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Қаржы-есеп айырысу орталығы мына талаптар орындалған кезде:

      1) өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттарды тапсырса;

      2) ЖЭК пайдалану объектісі мен Өтініш беруші тізбеге енгізілсе;

      3) қаржы-есеп айырысу орталығы мен Өтініш беруші арасында Өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясын сатып алудың қолданыстағы шарты болмаса;

      4) өтініш беруші өндірілген электр энергиясын сатуды Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес таңдаса;

      5) өтініш беруші Қағидалардың 8, 10 және 14-тармақтарының талаптарын орындаса Өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сатып алу шартының үлгі нысанына сәйкес сатып алу шартын жасасады. Сатып алу шартында, "Тіркелген тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген, шартқа қол қойылған сәтте қолданылатын тіркелген тариф көрсетіледі. Шартқа қол қойылған сәтте көрсетілген тіркелген тариф электр энергиясын ЖЭК пайдалану объектісінен жеткізу басталған сәттен бастап қолданылады және жылдар бойынша кейіннен индекстей отырып, 15 (он бес) жыл бойы қолданылады.

      13. Қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасу үшін қажетті, Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шарты жобасының екі данасын өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша өтініш берушіге жібереді немесе өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығы орналасқан жердегі уәкілетті өкіліне қолма-қол береді.

      14. Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алу шартының екі данасын алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларға қол қояды және қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш беруші қол қойған сатып алу шартының екі данасын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларға қол қояды және сатып алу шартының қол қойылған бір данасын өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша өтініш берушіге жібереді немесе өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығы орналасқан жердегі уәкілетті өкіліне береді.

      16. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:

      1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде;

      2) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы заң) 11-тарауына сәйкес бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде ұсынады.

      Бұл ретте, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім, егер ол өткенге дейін Сәулет қызметі туралы заңға сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (адамнан) ЖЭК-ті пайдалану объектісін салу жөніндегі жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде 70%-ы көлемінде ЖЭК-ті пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалғаны туралы растау ұсынылған жағдайда, күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;

      3) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігін шектеу және пайдалану жауапкершілігі актісінің көшірмесі – ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін тараптардың теңгерімдік тиесілігін шектеу актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) энергия беруші ұйым мен оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісі үшін өтініш беруші арасында қол қойылған ЖЭК-ті пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін – электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап және ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      5) ЖЭК-ті пайдалану объектісіндегі объектінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесін – кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16-1. 01.11.2020 дейін қолданыста болды – ҚР Энергетика министрінің 19.05.2020 № 197 бұйрығымен.

      16-2. Осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын куәландыратын растауды қоса бере отырып, өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына жіберген өтінішіне (еркін нысандағы) сәйкес күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге, бірақ ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімінен кешіктірілмей ұзартылады. Мерзімді ұзарту осы Қағидалардың 21-1-тармағының қолданылуын ескере отырып, шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      Ескерту. 2-тарау 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 31.07.2021 № 252 (01.08.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      17. Осы Қағидалардың 16-тармағының 1) - 2) тармақшаларында көзделген мерзімдердің қандай да бірі күнтізбелік 6 (алты) айдан артық мерзімі бұзылған жағдайда, сатып алу шарты өзінің қолданысын тоқтатады.

      18. Өтініш берушінің ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күн ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күн болып табылады, бұл жағдайда электр энергиясы энергия беруші ұйымның электр желілеріне беріледі.

      Кешенді сынақтар жүргізу кезеңінде жаңадан енгізілген ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясына коммерциялық есепке алу аспаптарының өтініш беруші мен энергия беруші ұйым ұсынған нақты көрсеткіштері бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы ақы төлейді.

      19. Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына және желісіне ЖЭК пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйымды тиісті сынақтарды жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау жүргізілетін күн туралы хабардар етеді және ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейінгі кезеңде электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың айларға бөлінген болжамды көлемін ұсынады.

      20. Осы Қағидалардың 21-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл өткен соң сатып алу шарты мен тиісті тіркелген тариф өз қолданысын тоқтатады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Осы Қағидалардың 21-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл бойы жаңадан енгізілген ЖЭК пайдалану объектісі өндірген және электр желісіне босатқан электр энергиясының бүкіл көлемі үшін қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушіге ақы төлейді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21-1. Осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мерзім ұзартылған жағдайда, сатып алудың он бес жылдық мерзімін есептеу осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне және (немесе) 16-2-тармағына сәйкес ұзартуды есепке алмағанда, осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну мерзімі өткен күннен кейінгі күннен басталады.

      Ескерту. 2-тарау 21-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 31.07.2021 № 252 (01.08.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      22. Егер пайдалануға берілген ЖЭК-ті пайдалану объектісінің нақты параметрлері сатып алу шартында көрсетілген параметрлерден өзгеше болса, қаржы-есеп айырысу орталығы мен өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына ЖЭК-ті пайдалану объектісін пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісінің көшірмесі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ЖЭК-ті пайдалану объектісінің сипаттамасын нақты мән-жайларға сәйкес келтіру және ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне тиісті өзгерістер енгізу үшін сатып алу шартына тиісті қосымша келісім жасайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Сатып алу шартын жасасқан өтініш беруші ЖЭК-ті пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынақтан өткізу аяқталғаннан кейін қаржы-есеп айырысу орталығына тұрақты түрде мынадай ақпаратты жібереді:

      1) айларға бөле отырып, электр энергиясын өндіру, желілерге босатудың алдағы жылға арналған болжамды көлемі – жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай;

      2) алдағы тәуліктерге электр энергиясын жеткізудің болжамды тәуліктік графиктері – күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін;

      3) электр энергиясын желіге босатудың іс жүзіндегі айлық көлемі – берілген айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірілмей;

      4) электр энергиясын өндіру үшін ЖЭК-ті пайдалану объектісінде пайдаланылатын ЖЭК бастапқы ресурсының негізгі сипаттамалары туралы ақпаратпен бірге электр энергиясын желіге босатудың нақты тәуліктік сағат сайынғы көлемі – күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін;

      5) ЖЭК-ті пайдалану объектісі мен электр желілеріне ЖЭК-ті пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйым арасында қол қойылған, қаржы-есеп айырысу орталығымен келісілген нысан бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу актісінің көшірмесі – берілген айдан кейінгі айдың жетінші күнінен кешіктірілмей;

      6) генерациялайтын жабдықты жоспарлы жөндеуге шығарған жағдайда жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен сипаты – жөндеу жұмыстары басталғанға дейін бір апта бұрын;

      7) авариялық бұзылу немесе құрылғылардың дұрыс жұмыс істемеуі, олардың зақымдануы немесе ЖЭК-ті пайдалану объектісінің генерациялау көрсеткішіне әсер ететін нормаланған көрсеткіштерден параметрлердің ауытқуы жағдайында электр энергиясының тәуліктік кестесінен мәжбүрлі ауытқу кезіндегі бұзушылықтар сипаты – тәулік ішінде.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Сатып алу шартын жасасқан өтініш беруші ЖЭК-ті пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынақтан өткізу аяқталғаннан кейін өңірлік электр желілік компанияға және жүйелік операторға тәуліктік (алдағы тәуліктерге Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша күн сайын 10 сағат 00 минутқа дейін) және айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын) электр энергиясын желіге беру графиктерін тұрақты түрде жібереді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-1. Сатып алу шартын жасасқан ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар қаржы-есеп айырысу орталығына кешенді сынақтар жүргізгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің 18-разрядты сәйкестендіру кодтарын ұсынады.

      Ескерту. 2-тарау 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-2. Қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасқан энергия өндіруші ұйымдар күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін жүйелік оператордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне алдағы операциялық тәуліктерге арналған электр энергиясын желіге босатудың болжамды көлемдері туралы ақпаратты енгізеді.

      Ескерту. 2-тарау 24-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Желілеріне ЖЭК пайдалану объектілері қосылған энергия беруші ұйымдар ай сайын, жеткізу айынан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығына өздерінің желілеріне ЖЭК пайдалану объектілері жеткізген электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің негізінде айқындалған көлемі туралы мәліметтерді жібереді.

      26. Қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартын жасаған өтініш берушіге энергия беруші ұйымның электр желісіне берілген электр энергиясы үшін өтініш берушінің тиісті шотының негізінде жеткізу айы аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң 15 (он) бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейді.

      27. Қаржы-есеп айырысу орталығы ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған немесе олар ақаулы болған кезеңде осы объектілер өндірген электр энергиясы үшін ақы төлемейді.

      28. Өтініш беруші электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. ЖЭК пайдалану объектілерінен алынатын электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес ЖЭК қолдауға арналған тариф бойынша жүзеге асырады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Егер электр энергиясын жеткізудің тәуліктік кестесінде мәлімделген мөлшер желіге босату жөніндегі іс жүзіндегі деректерге 10 %-дан астам сәйкес келмеген жағдайда, жүйелік оператор өтініш беруші желіге босатқан, коммерциялық есепке алу аспаптарында тіркелген іс жүзіндегі деректерге сәйкес осы өтініш берушінің тәуліктік кестесін қалыптастырады.

      30. Тиісті қызметкерлер тиісті өтініш берушіде қолданылатын қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарды сақтаған жағдайда және ЖЭК-ті пайдалану объектісіне бару күні мен уақытын өтініш берушімен келіскен кезде сатып алу шартын жасасқан өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығының, жүйелік оператордың және электр желілеріне ЖЭК-ті пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйымның уәкілетті қызметкерлерінің коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу және олардың қосылу схемасын тексеру үшін ЖЭК-ті пайдалану объектісіне және электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына жұмыс уақытында кіруіне кедергі келтірмейді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Қаржы-есеп айырысу орталығы мен өтініш берушілер өзара есеп айырысуды жылына кемінде бір рет салыстырып тексеруді жүргізеді.

      32. Сатып алу шартын жасасқан өтініш берушіге:

      1) сатып алу шартында көзделген өндіруші жабдықтың белгіленген жиынтық қуатын ұлғайту жолымен оған қатысты сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісін өзгертуге;

      2) қаржы-есеп айырысу орталығына ЖЭК пайдаланудан өндірілмеген электр энергиясын сатуға;

      3) қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын басқа сатып алу шарты бойынша сатуды қоспағанда, оған ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілмеген электр энергиясын сатуға жол берілмейді.

      32-1. Сатып алу шартында көзделген жел электр станциясының генерациялайтын жабдығының (электр энергиясын өндіретін құрылғының) нақты жиынтық белгіленген қуаты асып кеткен жағдайда, Өтініш беруші сатып алу шартында көрсетілген жиынтық белгіленген қуаттың сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің дара генерациялайтын қондырғысының (қажет болған кезде бірнеше дара генерациялайтын қондырғылардың) қуатын шектейді.

      Бұл ретте, Өтініш беруші осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес шектеу белгіленген генерациялайтын қондырғылардың электр энергиясын сағаттық өндіру туралы деректерді диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы немесе электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүйелік операторға беруді қамтамасыз етеді.

      Сонымен қатар, жел электр станциясы генерациялайтын жабдығының нақты жиынтық белгіленген қуатын сатып алу шартында көрсетілген белгіленген қуаттан 10%-дан артық ұлғайтуға жол берілмейді.

      Ескерту. 2-тарау 32-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 17.09.2020 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      33. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жұмыс істеп тұрған объектілерде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Қолданыстағы ЖЭК пайдалану объектісі бар және электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сатып алу схемасын таңдаған өтініш беруші оған өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағына сәйкес құжаттарды: ұсынады.

      35. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды қарайды. Өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.

      36. Мынадай шарттар орындалатын болса:

      1) өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынса;

      2) өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сату схемасын таңдаса және 2013 жылғы 21 шілдеден кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етсе;

      3) қаржы-есеп айырысу орталығында өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса, қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады.

      37. Қаржы-есеп айырысу орталығы және өтініш беруші Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сатып алуға арналған шарттың үлгілі нысанына сәйкес осы Қағидалардың 13-15-тармақтарында көзделген тәртіппен шартқа қол қояды. Сатып алу шартында "Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтерді және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 419 қаулысымен бекітілген тариф теникалық-экономикалық негіздемеде көрсетіледі.

      38. Қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісіне техникалық-экономикалық негіздемеде белгіленген өзін-өзі ақтаудың қалған мерзімі ішінде өндірілген және желіге жіберілген электр энергиясының барлық көлемі үшін өтініш берушіден сатып алады және төлейді.

      39. Сатып алу шарты және техникалық-экономикалық негіздемедегі тиісті тариф техникалық-экономикалық негіздемеде ЖЭК пайдалану объектісі үшін белгіленген өзін өзі ақтаудың қалған мерзімі аяқталған соң өз әрекет етуін тоқтатады.

      40. Қолданыстағы ЖЭК пайдалану объектілері бар және электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сату схемасын таңдаған өтініш берушілерге осы Қағидалардың 23-33-тармақтарының ережелері қолданылады.

4-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының техникалық-экономикалық негіздемесі бар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектілері бар немесе техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісін салуды жоспарлайтын, электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сату схемасын таңдаған өтініш беруші сатып алу шартын жасасуға қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сатудың схемасын таңдағаны туралы уәкілетті орган хабардар етілген күннен бұрын емес және электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінім береді.

      42. Қаржы-есеп айырысу орталығымен шарт жасасу үшін өтініш беруші өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағына сәйкес құжаттарды: ұсынады.

      43. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған күннен кезден бастап оларды 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Өтініш беруші өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.

      44. Мынадай шарттар орындалатын болса:

      1) өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынса;

      2) ЖЭК пайдалану объектісі және өтініш беруші тізбеге қосылған болса;

      3) қаржы-есеп айырысу орталығында де көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса;

      4) өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сату схемасын таңдағаны туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі тіркелген тарифтерді бекіту туралы актісі қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органға хабарласа, қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады.

      45. Қаржы-есеп айырысу орталығы және өтініш беруші Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сатып алуға арналған шарттың үлгі нысанына сәйкес осы Қағидалардың 13-15-тармақтарында көзделген тәртіппен шартқа қол қояды. Өтініш беруші таңдап алған электр энергиясын сату схемасына байланысты сатып алу шартында техникалық-экономикалық негіздемедегі немесе "Тіркелген тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген, шартқа қол қойылған кезде қолданылатын тариф көрсетіледі. Қол қойылған кезде шартта көрсетілген тіркелген тариф электр энергиясы объектіден жеткізілген кезден бастап ЖЭК пайдалану объектісіне дейін қолданылады және жылдар бойынша кейін индекстеу жүргізіліп, 15 (он бес) жыл ішінде қолданылады.

      46. Техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектілері бар немесе қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сату схемасын таңдап алған техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектілерін салуды жоспарлайтын өтініш берушілерге осы Қағидалардың 16-17 және 23-33-тармақтарының ережелері қолданылады.

      47. Егер өтінім беру кезінде өтініш берушінің ТЭН бар ЖЭК пайдалану объектісі пайдалануға енгізілген болса, өтініш беруші өтініммен бірге қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:

      1) осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген, сондай-ақ сатып алу шартын жасауға өтініммен бір уақытта айлар бойынша бөлініп, ағымдағы күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі кезеңде электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің болжанатын көлемі;

      2) осы Қағидалардың 16-тармағының 5) тармақшасында көзделген - сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде.

      48. Қаржы-есеп айырысу орталығының техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алудың басталатын күні егер кешенді сынақ сатып алу шарты жасалғанға дейін жүргізілмесе, энергия беруші ұйымның электр желісіне электр энергиясын шығаратын өтініш берушінің ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларының кешенді сынағы басталатын күн немесе егер кешенді сынақ сатып алу шарты жасалғанға дейін өткізіліген болса, сатып алу шартында көрсетілген күн болып табылады.

      Кешенді сынақтарды өткізу кезеңінде техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК объектісі шығарған электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш беруші және энергия беруші ұйым ұсынған коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері бойынша төлейді.

      49. Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына және желісіне техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйымға егер тиісті сынақ сатып алу шарты жасалғанға дейін өткізілмесе, оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларына кешенді сынақ өткізу күні туралы хабарлайды.

      50. Егер өтініш беруші электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына тіркелген тариф бойынша сату схемасын таңдаса, онда сатып алу шарты мен тиісті тіркелген тариф сатып алу шартына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алу басталатын күннен бастап күнтізбелік он бес жыл өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.

      Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушіге техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі шығарған және энергия беруші ұйымның электр желісіне өткізген электр энергиясының бүкіл көлімі үшін қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл ішінде төлейді.

      Егер өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын техникалық-экономикалық негіздемедегі тариф бойынша сату схемасын таңдаса, онда қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемеде ЖЭК пайдалану объектісі үшін белгіленген қалған тәуліктік мерзім ішінде шығарылған және желіге жіберілген бүкіл электр энергиясын сатып алады және өтініш берушіге төлейді.

      51. Сатып алу шарты және техникалық-экономикалық негіздемедегі тиісті тариф техникалық-экономикалық негіздемеде ЖЭК пайдалану объектісі үшін белгіленген қалған тәуліктік мерзім өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.

5-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі реконструкцияланған объектілерде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісі бар өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына сатып алу шартын жасасуға өтінімді ЖЭК пайдалану объектісін қайта жаңарту аяқталғаннан кейін оны және тиісті ЖЭК пайдалану объектісін уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ЖЭК объектілерін пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдар тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) енгізген күнтізбелік 60 күн ішінде және электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағына сәйкес құжаттарды: ұсынады.

      53. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды. Өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.

      54. Мынадай шарттар орындалатын болса:

      1) өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынса;

      2) ЖЭК пайдалану объектісі және өтініш беруші тізбеге қосылған болса;

      3) қаржы-есеп айырысу орталығында өтінімде көрсетілген қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса;

      4) қайта жаңартылатын объектіде енгізілетін жаңа жабдықтың құны аудиторлық ұйым растаған осы объектіні үшін қайта жаңарту жұмыстар басталған кездегі қайта жаңарту объектісінің теңгерімдік құнының кемінде елу пайызын құрайтын болса, қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясын сатып алу шартын өтініш берушімен жасасады.

      55. Қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектілері бар өтініш берушілерге осы Қағидалардың 12-15 және 23-33-тармақтарының ережелері қолданылады.

      56. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін 6 (алты) ай ішінде өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісіне техникалық паспорттың көшірмесін жібереді.

      57. Қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алудың күні сатып алу шартында көрсетілген күн болып табылады.

      58. Сатып алу шартына сәйкес сатып алу шарты мен тіркелген тариф қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алу басталатын күннен бастап күнтізбелік он бес жыл өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.

      59. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушіге сатып алу шартына сәйкес электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл ішінде қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісі өндірген және энергия беруші ұйымның желісіне жіберген электр энергиясының бүкіл көлемі үшін төлейді.

6-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын шартты тұтынушыларға орталықтандырылған сату тәртібі

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Шартты тұтынушылар:

      1) ай сайын беру айына дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға берудің немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден қабылдап алудың болжамды айлық көлемдері туралы ақпарат жібереді;

      2) жыл сайын бірінші қарашаға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға берудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпарат жібереді;

      3) ай сайын ЖЭК-ті пайдалану объектілерінен электр энергиясын берудің есепті айынан кейінгі айдың бесінші күніне дейін қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден электр энергиясын қабылдаудың нақты көлемдері туралы ақпарат береді;

      4) күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін жүйелік оператордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне алдағы операциялық тәуліктерге арналған электр энергиясын желіге босатудың болжамды көлемдері туралы ақпаратты енгізеді.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      61. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61-1. Жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын желіге босату көлемінің нақты мәндері және шартты тұтынушылардың электр энергиясын желіге босату көлемі (электр энергиясының импортын қоса алғанда) жүйелік оператор есепті айда қалыптастыратын Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімімен айқындалады.

      Ескерту. 6-тарау 61-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62. ЖЭК пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында олардың желіге жіберу үлесіне барабар бөледі.

      Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға қолдауға жұмсалатын шығындарды осы Қағидалардың 84-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, есеп айырысу және қаржы орталығы басым шартты тұтынушыға бөлмейді.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62-1. Қаржы-есеп айырысу орталығы осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес шартты тұтынушылар арасында электр энергиясын пропорционалды бөлген кезде қаржы-есеп айырысу орталығына тасқындық электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын шартты тұтынушылардың электр энергиясын желіге босату көлемі Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес тасқындық электр энергиясының тиісті көлеміне азайтылады.

      Ескерту. 6-тарау 62-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Қаржы-есеп айырысу орталығы шартты тұтынушылармен Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітілетін сату шартының үлгі нысанына сәйкес сату шартын жасасады.

      64. Шартты тұтынушымен сату шартына қаржы-есеп айырысу орталығының бірінші басшысы немесе сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге адам екі данада қол қояды және ол шартты тұтынушыға қол қою үшін күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      65. Шартты тұтынушының бірінші басшысы немесе шартты тұтынушының атынан сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге адам қаржы-есеп айырысу орталығы дайындаған сату шартына екі данада оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қояды.

      66. Шартты тұтынушы қол қойылған сату шартының бір данасын оны алған кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.

      67. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында қызметін бастауды жоспарлайтын шартты тұтынушы желіге өзінің электр энергиясын жеткізуді бастағанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығымен сату шартын жасасады.

      68. Қаржы-есеп айырысу орталығы қол қойған сату шартына шартты тұтынуға қол қоймаған және (немесе) шартты тұтынушы тарапынан қол қойылған сату шартын қаржы-есеп айырысу орталығы жіберген кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығы алмаса, сату шарты жасалған болып есептеледі және Заңға сәйкес орындалуға жатады.

      69. Жүйелік оператор жеткізу айынан кейінгі айдың жиырмасына дейін қаржы-есеп айырысу орталығына Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты балансын ұсынады, қаржы-есеп айырысу орталығы оған сәйкес төлемге шотты қалыптастырып, шартты тұтынушыларға жібереді.

      70. Шартты тұтынушы жеткізілген электр энергиясы үшін қаржы-есеп айырысу орталығына жеткізу айы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығы жаңартылатын энергия көздерін қолдауға тарифтер бойынша ақы төлейді.

      71. Егер қаржы-есеп айырысу орталығы Заңның 7-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес электр энергиясын сатудан алған ақша сомасы ағымдағы тоқсанда ЖЭК-ті пайдалануды қолдауға арналған шығындарды өтеу үшін қажетті мөлшерден аз немесе асып кетсе, қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеуді жүргізеді және шығындарды электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында келесі тоқсанға қайта бөледі.

      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      72. Шартты тұтынушының нарықтан шығуы, таратылуы себебі бойынша одан ақша толық алынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы жоғарыда көрсетілген тұтынушыға есептелген электр энергиясының тиісті үлесін барлық шартты тұтынушыларға Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтынудың жалпы көлеміне қатысты олардың тұтыну көлеміне пропорционалды түрде бөледі.

      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      73. Қаржы-есеп айырысу орталығы мен шартты тұтынушылар өзара есеп айырысуды салыстырып тексеруді жылына кемінде бір рет жүргізеді.

7-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясының тиісті үлесін күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша басым шартты тұтынушыларға қайта есептеу және қайта бөлу тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида 7-тараумен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      74. БШТ сату шартын жасасу үшін ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау өткізу басталған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) БШТ мүдделерін білдіретін уәкілетті заңды тұлғаның құрылтай құжаттары (бұдан әрі – БШТ өкілі);

      2) БШТ мүдделерін білдіру үшін заңды тұлғаның құқығын растайтын құжат;

      3) БШТ пайдалануға енгізген ЖЭК пайдалану объектісіне құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері;

      4) ағымдағы жыл аяқталғанға дейін пайдалануға енгізілген БШТ және шартты тұтынушылардың ЖЭК пайдалану объектілері бөлінісінде БШТ желіге босатуға жоспарланған электр энергиясының көлемі туралы ақпарат;

      5) Заңның 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына БШТ-ның қосылғаны туралы уәкілетті орган хабарламасының көшірмесі.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.08.2020 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      75. Қаржы-есеп айырысу орталығы Заңның 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сату шартының үлгілік нысанына сәйкес БШТ өкілімен ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сату шартын жасасады.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      76. Екі данадағы сату шартына қаржы-есеп айырысу орталығының басшысы немесе шартқа қол қоюға өкілетті өзге тұлға қол қойып, оны БШТ-дан құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде БШТ-ға қол қоюға жібереді.

      БШТ уәкілетті ұйымының бірінші басшысы немесе өзге тұлғасы екі данадағы сату шартына қол қойып, қол қойылған сату шартының бір данасын оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.

      77. Сату шарты ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізілген БШТ ЖЭК электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап күшіне енеді, бұл ретте БШТ шартты тұтынушысымен жасалған қолданыстағы шарттың көрсетілген күннен бастап күші жойылады.

      78. Сату шартына қол қойылғаннан кейін БШТ Өкілі қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:

      1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасымен анықталған және бекітілген тәртіпте ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актінің көшірмесі – осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      2) Энергия беруші ұйым мен БШТ қолданысқа енгізген ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісінің көшірмесі - осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      3) Энергия беруші ұйым мен БШТ қолданысқа енгізген ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған, ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісінің көшірмесі – осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

      79. ЖЭК-ті пайдалану объектісін пайдалануға бергенге дейін БШТ өзінің ЖЭК-ті пайдалану объектісінде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі арқылы деректер өңірлік диспетчерлік орталықтарға беріледі.

      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      80. БШТ жыл сайын 20 желтоқсанда қаржы есеп-айырысу орталығына алдағы жылға БШТ ЖЭК және БШТ ШТ өндірген, желілерге босатылған, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға берілген электр энергиясының болжамды көлемдері туралы ақпаратты жолдайды.

      81. БШТ ЖЭК өндіретін электр энергиясы көлемінің нақты мәндері және БШТ ШТ желіге босататын электр энергиясының көлемдері есепті айда жүйелік оператор қалыптастыратын Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімімен анықталады.

      82. БШТ өкілі қаржы-есеп айырысу орталығы есептеген ЖЭК пайдалануға қолдауға жұмсалатын шығындарды шартты тұтынушылар арасында олардың желіге жіберу үлесіне барабар бөледі.

      83. БШТ өкілі қаржы-есеп айырысу орталығына ЖЭК қолдау тарифі бойынша жеткізілген электр энергиясы үшін есеп айырысу кезеңі аяқталғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей төлейді. Қаржы-есеп айырысу орталығы және БШТ өкілі жылына кемінде бір рет өзара есеп айырысуды салыстыруды жүргізеді.

      84. БШТ пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіріп шығарған электр энергиясының жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын күнтізбелік бір жылдан кем өндіріп шығарған кезде ең аз кезеңдегі көлемінің) шартты тұтынушы желіге жіберу көлеміне арақатынасы төменде санамаланған екі көрсеткіштің әрқайсысынан:

      1) электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК пайдалану объектілері өндіріп шығаратын электр энергиясы көлемі үлесінің нақты көрсеткішінен;

      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштен төмен болған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен электр энергиясын қайта есептейді және оның тиісті үлесін басым шартты тұтынушыға қайта бөледі.

      Бұл ретте бір күнтізбелік жыл ішінде электр энергиясын өндіруде қысқа мерзім бір ай болып табылады.

      85. Жбшт нақты – БШТ пайдалануға берген ЖЭК-ті пайдалану объектілерінің электр энергиясын өндірудің нақты жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын өндіру кезінде күнтізбелік бір жылдан аз аз кезеңдегі көлемнің) шартты тұтынушылардың электр энергиясын тұтыну аймағын ескере отырып, желіге жіберу көлеміне арақатынасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Жбшт нақты = Vжэк бшт нақты г / V шт бшт нақты г*100%, мұндағы:

      V жэк бшт нақты г – БШТ пайдалануға берген ЖЭК-ті пайдалану объектісі өндірген электр энергиясының нақты көлемі;

      V шт бшт нақты г - БШТ құрамына кіретін шартты тұтынушылар желіге жіберген электр энергиясының нақты жылдық көлемі.

      Егер Жбшт нақты тең немесе Днақты ж немесе Қож үлкен болса, онда қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеу және қайта бөлуді жүргізбейді.

      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      86. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергия көлемінің электр энергия өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесінің нақты көрсеткіштері олардың электр энергиясын тұтыну аймақтары есепке алынып, мына формула бойынша анықталады:

      Днақты ж = Vжэк нақты ж/ V бшт шт ж *100%, мұндағы

      Vжэк нақты ж – ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен өндірілген электр энергиясының нақты жылдық көлемі;

      Vбшт шт ж - шартты тұтынушылармен желіге босатылған электр энергиясының нақты жылдық көлемі.

      87. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіш (Пцг), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы 478 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14489 болып тіркелген) бекітілген. Бұл ретте уәкілетті орган нысаналы көрсеткіштерді жылдар бойынша олардың электр энергиясын тұтыну аймақтарын есепке ала отырып анықтайды.

      88. Қаржы-есеп айырысу орталығы:

      1) БШТ беру айының қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің кез келгеніне жеткенге дейін ЖЭК-ті пайдалануды қолдауға арналған шығындарды БШТ-ға мынадай формула бойынша бөледі:

      Vбшт = (Vжэк ҚЕО нақты + Vжэк БШТ нақты) / (Vшт ҚЕО нақты +Vшт БШТ нақты) * Vшт БШТ нақты - Vжэк БШТ нақты, мұндағы:

      Vбшт – қаржы-есеп айырысу орталығының БШТ электр энергиясын күнтізбелік айда сату көлемі;

      Vжэк қео нақты – ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату және тасқын электр энергиясын өндіретін және электр энергиясын тұтынудың тиісті аймағы бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізетін электр энергиясының нақты айлық көлемі;

      V шт бшт нақты – БШТ шартты тұтынушылары желіге жіберген электр энергиясының көлемін есепке алмағанда, тиісті тұтыну аймағында шартты тұтынушылар желіге берген электр энергиясының нақты айлық көлемі;

      V ЖБК факт – электр энергиясын тұтынудың тиісті аймағы бойынша ЖБК шартты тұтынушылары желіге жіберген электр энергиясының нақты айлық көлемі;

      V жэк бшт нақты – ЖЭК-ті пайдалану объектісі өндірген, электр энергиясын тұтынудың тиісті аймағы бойынша БШТ пайдалануға берген электр энергиясының нақты айлық көлемі;

      2) осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің кез келгенін беру айының қорытындысы бойынша БШТ-ға қол жеткізгенге дейін ЖЭК-ті пайдалануды қолдауға арналған шығындарды әрбір шартты тұтынушыға мынадай формула бойынша бөледі:

      V шт қео i = (Vжэк қео нақты + Vжэк бшт нақты)/(Vшт қео нақты +Vшт бшт нақты) * Vшт i, мұндағы:

      Vшт қео i – күнтізбелік айда ЖЭК-ті пайдаланатын, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын және тасқын электр энергиясын шартты тұтынушыға сату көлемі;

      Vшт i – күнтізбелік айда осы шартты тұтынушы желіге жіберген электр энергиясының көлемі;

      3) осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің кез келгенін беру айының қорытындысы бойынша ЖЭК-ті пайдалануды қолдауға арналған шығындарды қаржы-есеп айырысу орталығы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша БШТ-ға бөледі.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      89. Қаржы-есеп айырысу орталығы күнтізбелік жыл нәтижелері бойынша күнтізбелік жылдан кейін басталатын айда БШТ үшін электр энергиясын сату көлемін келесі формула бойынша бөледі:

      Vшт БШТ ж = (VЖЭК еқо нақты ж + VЖЭК БШТ нақты ж)/(Vшт еқо нақты ж +Vшт БЩТ нақты ж) * Vшт БШТ нақты ж – VЖЭК БШТ нақты ж. -

Vшт БШТ (ай), мұнда

      Vшт БШТ ж – күнтізбелік жыл үшін БШТ-ға қайта бөлінетін электр энергиясын сату көлемі;

     

Vшт БШТ (ай) – есептік жылда есептік айлар үшін БШТ үшін сатылған электр энергиясының сомалық көлемі.

      Vшт БШТ ж – теріс болған жағдайда қайта есептеу жүргізілмейді.

      90. БШТ-ға қайта бөлінетін электр энергиясын сату көлемін ЖЭК-ті қолдауға арналған тариф бойынша БШТ өкілі төлейді, ол қаржы-есеп айырысу орталығы төлем құжаттарын берген сәтте қолданыста болады.

      БШТ-ға электр энергиясының көлемі қайта бөлінген жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы ЖЭК-ті пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатып алу көлемін жыл ішінде әрбір шартты тұтынушы үшін электр энергиясын тұтыну аймағын ескере отырып, ағымдағы күнтізбелік жылы желіге жіберу үлесіне барабар төмендету арқылы келесі күнтізбелік жылдағы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша шартты тұтынушыларға берілген электр энергиясының көлеміне қайта есептеу жүргізеді.

      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      91. Осы Қағидалардың 89-тармағына сәйкес есептелген БШТ-ға сату көлемдерін қайта бөлуді ескере отырып, әрбір шартты тұтынушы үшін күнтізбелік жыл ішінде электр энергиясын тұтынудың тиісті аймағы бойынша электр энергиясын қайта есептеу көлемі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Vесеп. шт i = Vқе бшт ж * Vшт i ж/ Vжэк еқо нақты ж, мұндағы:

      Vесеп. шт i – шартты тұтынушы үшін күнтізбелік жыл ішінде ЖЭК-ті пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқын электр энергиясын қайта есептеу көлемі;

      V жэк қео нақты ж – ЖЭК-ті, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және тасқын электр энергиясын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген және электр энергиясын тұтынудың тиісті аймағы бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізетін электр энергиясының нақты жылдық көлемі;

      Vшт i ж – шартты тұтынушыға ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және есептік жылда тасқындық электр энергиясын сату көлемі.

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      92. Шартты тұтынушы үшін электр энергиясын сату көлемін төмендету ағымдағы жылы беру айында шартты тұтынушы үшін есептелген ЖЭК-ті, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және тасқындық электр энергиясын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын сату көлемінен электр энергиясын қайта есептеу көлемін шегеру арқылы күнтізбелік жылдан кейінгі келесі айда бір жыл ішінде жүргізіледі.

      Егер шартты тұтынушы үшін электр энергиясын қайта есептеу көлемі ЖЭК-ті, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және тасқындық электр энергиясын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген шартты тұтынушы үшін беру айында есептелген электр энергиясын сату көлемінің шамасынан асып түскен жағдайда, көрсетілген шама жыл ішінде толық өзара есеп айырысқанға дейін келесі есеп айырысу айында шегерілуге тиіс.

      Егер ЖЭК-ті, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және тасқындық электр энергиясын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген, шартты тұтынушы үшін есептелген электр энергиясын сату көлемінің шамасы беру айында нөлге тең болған жағдайда, шартты тұтынушы үшін электр энергиясын қайта есептеу көлемі ағымдағы жыл ішінде толық өзара есеп айырысқанға дейін келесі есеп айырысу айында шегерілуге тиіс.

      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңадан іске қосылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінде өндірілген электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      Ескерту. Қағида 8-тараумен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      93. Аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша жеңімпаз болып танылған Өтініш беруші оны және оның ЖЭК пайдалану бойынша сәйкес объектісін салу жобасын уәкілетті органның интернет - ресурсында жарияланған ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне қосқаннан бастап күнтізбелік 60 күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу туралы шарт жасауға Өтінім береді.

      94. Өтінім беруші қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу туралы шарт жасау Өтінімімен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) құрылтай құжаттары;

      2) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3) шартқа қол қоятын тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат;

      4) электр энергиясының жоспарланған жеткізу көлемдері туралы ақпарат;

      5) өткен аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы туралы жазбаша куәландыру көшірмесі.

      Ескерту. 94-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      95. Сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді Өтінім беруші сатып алу шартына қол қойған соң күнтізбелік 30 күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14915 болып тіркелген) Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген банк кепілдігін немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивті беру арқылы ұсынады.

      Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті Өтінім беруші шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor’s бойынша "В" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody’sInvestorsService бойынша "В3"-тен төмен болмайтын немесе бас ұйымның (Қазақстан Республикасының резидент банкі акцияларының 50% астамына ие) рейтингі Standard&Poor’s бойынша "ВВВ" немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody’sInvestorsService бойынша "Ваа2" деңгейінен төмен емес Қазақстан Республикасы резидент банктерінен ұсынуы тиіс.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерден банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті резидент банктер резидент емес банктердің контр-міндеттемелеріне кепілдеме шығару жолымен растауы тиіс.

      Standard & Poor's, "BBB" Fitch "Baa2" бойынша Moody's Investorservice бойынша "BBB"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, Қазақстан Республикасының резидент емес-банктері, тиісті қарсы міндеттемелерді шығарусыз банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив шығаруы мүмкін.

      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      96. Сатып алу туралы шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету көлемі ЖЭК объектісінің Аукцион сауда-саттық жеңімпаздары тізілімінде көрсетілген белгіленген қуатына көбейтілген қуаттың 1 (бір) кВт үшін белгіленген 10 000 (он мың) теңгені құрайды.

      97. Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарылуға жатпайтын болуы және оларды сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша толық немесе бөлшектеп орындау мүмкіндігін көздеуі тиіс:

      күн электр станциялары үшін – 25 (жиырма бес) айдан кем емес;

      жел және биогаз электр станциялары үшін –37 (отыз жеті) айдан кем емес;

      гидроэлектр станциялары үшін – 61 (алпыс бір) айдан кем емес.

      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.08.2020 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      98. Банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив қаржы-есеп айырысу орталығы мына төмендегі құжаттарды ұсынған жағдайда банк тарапынан орындалады:

      1) қаржы-есеп айырысу орталығының уәкілетті тұлғасы қол қойған және қаржы-есеп айырысу орталығының мөрімен куәландырылған, қағазда орындалған борышкердің міндеттемелерін орындамауы туралы өтініш;

      2) сатып алу шартына сәйкес ұстап қалу сомасы көрсетілген төлем жасау туралы талап.

      99. Барлық банктік комиссиялар мен қаржылық қамсыздандыруға байланысты, оның ішінде алушы банкінінің (бенефициар) шығындарын да аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы (сатушы) төлейді.

      100. Сатып алу туралы шарттың талаптарын немесе оның бір бөлігін орындауды қаржылық қамтамасыз етуді қайтару ЖЭК пайдалану объектісін уақтылы пайдалануға берген жағдайда, жазбаша өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      101. Сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету осы Қағидалардың 98-тармағымен белгіленген тәртіпте мынадай жағдайларда ұсталып қалады:

      1) егер сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 12 ай (күн электр станциялары үшін), 18 ай (жел және биогазды электр станциялары үшін), 24 ай (гидро электр станциялары үшін) өткен соң 6 ай ішінде сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген хабарламаның көшірмесі ұсынылмаса – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30% көлемінде;

      2) егер Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаса – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100% көлемінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуінің бір бөлігін ұстап қалған жағдайда – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70% көлемінде сатып алу шартына қол қойған күннен бастап мына мерзімдерде:

      күн электр станциялары үшін –24 (жиырма төрт) ай ішінде;

      жел және биогаз электр станциялары үшін –36 (отыз алты) ай ішінде;

      гидроэлектр станциялары үшін – 60 (алпыс) ай ішінде.

      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 27.08.2020 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      101-1. 01.11.2020 дейін қолданыста болды – ҚР Энергетика министрінің 19.05.2020 № 197 бұйрығымен.

      101-2. Осы Қағидалардың 106-2-тармағында көзделген жағдайда осы Қағидалардың 101-тармағында көзделген сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұстап қалу тәртібі көрсетілген мерзімдерді ұзартуды ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тарау 101-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 31.07.2021 № 252 (01.08.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      102. Қаржы-есеп айырысу орталығы Өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды. Өтініш беруші осы Қағидалардың 94-тармағында көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.

      Өтініш беруші Өтінімді қайтарған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Өтінімді жетпейтін құжаттармен толтырады және/немесе қаржы-есеп айырысу орталығының Өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендіру мақсатындағы ескертулерін жояды.

      103. Қаржы-есеп айырысу орталығы Өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын мына талаптар орындалған жағдайда жасасады:

      1) өтініш беруші осы Қағадалардың 94-тармағында көзделген құжаттарды тапсырса;

      2) ЖЭК пайдалану объектісі мен Өтініш беруші аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша тізбеге енгізілсе;

      3) қаржы-есеп айырысу орталығы мен Өтініш беруші арасында Өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясын сатып алудың қолданыстағы шарты болмаса;

      4) Өтініш беруші өндірілген электр энергиясын сатуды Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес таңдаса;

      5) Өтініш беруші осы Қағидалардың 93, 94 және102-тармақтарының талаптарын орындаса;

      6) өтініш беруші Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 тіркелген) сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу-сату шартын жасасты және төлем жасады.

      6) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 103-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      104. Сатып алу шарты Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген сатып алу шарттың типтік нысанына сәйкес ресімделеді. Сатып алу шартында Өтініш беруші үшін жеңімпаздардың тізіліміне сәйкес аукционда сатылатын бағасы көрсетіледі. Сатып алу шартында көрсетілген аукциондық баға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысымен бекітілген Тіркелген және аукциондық бағаның шекті тарифтерін айқындау қағидасына сәйкес 15 (он бес) жыл бойы, жыл сайын индекстелумен энергияны жіберуші ұйымдардың электр желілеріне берілген электр станцияларының электрлі қондырғыларын кешенді сынақтан өткізу басталған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      104-1. Сатып алу шарты бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Тараптардың даулары төмендегі шарттармен "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығында қаралуы мүмкін:

      1) төрелік - "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығы;

      2) төрелік регламент – өтініш берушінің таңдауы бойынша;

      3) төрелік талқылаудың тілі – өтініш берушінің таңдауы бойынша;

      4) қолданылатын құқық – Қазақстан Республикасының материалдық құқығы;

      5) төрелік құрамы – 3 (үш төреші);

      6) төрелік талқылауды өткізу орны Нұр-Сұлтан қаласы.

      Қаржы-есеп айырысу орталығы төрелік келісімді жасасу алдында "Төрелік туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 10-тармағына сәйкес осындай келісімді жасасуға келісім алу үшін саланың уәкілетті органына сұраныспен жүгінеді. Уәкілетті органның оң қорытындысы болған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай нысан бойынша төрелік келісім жасалады.

      Ескерту. 8-тарау 104-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      105. Қаржы-есеп айырысу орталығы Өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша Өтініш берушіге немесе қаржы-есеп айырысу орталығының орналасқан орны бойынша Өтініш берушінің уәкілетті өкілінің қолына осы Қағиданың 94-тармағында көзделген қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасу үшін қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сатып алу шартының екі данасын жолдайды.

      106. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі – күн электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай;

      2) Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін – күн электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, сгидроэлектр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай.

      Бұл ретте, көрсетілген мерзімдер, егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін Сәулет қызметі туралы заңға сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (адамнан) ЖЭК-ті пайдалану жөніндегі объектіні салу жөніндегі жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде 70%- ы көлемінде ЖЭК-ті пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалғаны туралы растау ұсынылған жағдайда, күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;

      3) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігін шектеу және пайдалану жауапкершілігі актісінің көшірмесі – ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін тараптардың теңгерімдік тиесілігін шектеу актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) энергия беруші ұйым мен оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК-ті пайдалану объектісі үшін өтініш беруші арасында қол қойылған ЖЭК-ті пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін – электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап және ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      5) сатып алу шартына қол қойған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оның талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынады;

      6) кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖЭК-ті пайдалану объектісінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесі;

      7) ЖЭК-ті пайдалану объектісін салуға алынған шетел валютасындағы кредиттік міндеттемелердің болуы туралы ақпаратты – жыл сайын бірінші қазанға қарай ұсынады.

      Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      106-1. 01.11.2020 дейін қолданыста болды – ҚР Энергетика министрінің 19.05.2020 № 197 бұйрығымен.

      106-2. Осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 13) тармақшасына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын куәландыратын растауды қоса бере отырып, 2021 жылғы 1 тамызға дейін жасалған қолданыстағы сатып алу шарты бар өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына жіберген өтінішіне (еркін нысандағы) сәйкес күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге, бірақ сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімінен кешіктірілмей ұзартылады. Мерзімді ұзарту осы Қағидалардың 107-1-тармағының қолданылуын ескере отырып, сатып алу шартына қосымша келісіммен ресімделеді.

      Ескерту. 8-тарау 106-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 31.07.2021 № 252 (01.08.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      107. Сатып алу шарты өз қолданысын мынадай жағдайларда тоқтатады:

      1) осы Қағидалардың 106-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдап алу актісінің көшірмесін ұсыну мерзімін бұзған жағдайда;

      2) осы Қағидалардың 106-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда.

      Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      107-1. Осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мерзім ұзартылған жағдайда, сатып алудың он бес жылдық мерзімін есептеу осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне және (немесе) 106-2-тармағына сәйкес ұзартуды есепке алмағанда, осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну мерзімі өткен күннен кейінгі күннен басталады.

      Ескерту. 8-тарау 107-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 31.07.2021 № 252 (01.08.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      108. Акциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша сатып алу шартын жасасатын Өтініш берушіге және қаржы-есеп айырысу орталығына осы Қағидалардың 14, 15, 18-19, 21-32-тармақтарындағы талаптар қолданылады.

      109. Осы Қағидалардың 107-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап 15 (он бес) жыл өткен соң сатып алу шарты мен тиісті аукциондық баға өз қолданысын тоқтатады.

      Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      110. Осы Қағидалардың 106-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мерзімді ұлғайту шарттарын және осы Қағидалардың 107-1-тармағында көзделген он бес жылдық мерзімді есептеу шарты осы шарттарды қамтымайтын аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жасасқан сатып алу шарттарына қолданылады.

      Ескерту. 8-тарау 110-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      Ескерту. Қайта бөлу тәртібі 9-тараумен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      111. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасуға өтінімді оны және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні салу жөніндегі тиісті жобаны енгізген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде мынадай құжаттарды қоса бере отырып, аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне береді:

      1) құрылтай құжаттары;

      2) тұлғаның сатып алу шартына қол қою өкілеттігін растайтын құжат;

      3) электр энергиясын берудің жоспарланған көлемі туралы ақпарат;

      4) өткен аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары туралы жазбаша хабарламаның көшірмесі.

      112. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым осы Қағидалардың 111-тармағында көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.

      Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өтінім қайтарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтырады және/немесе қаржы-есеп айырысу орталығының ескертулерін жояды.

      113. Қаржы-есеп айырысу орталығы мынадай талаптарды орындау кезінде электр энергиясын сатып алу қалдықтарын энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйыммен шарт жасасады:

      1) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым осы Қағидалардың 111-тармағында көзделген құжаттарды ұсынса;

      2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізілсе;

      3) қаржы-есеп айырысу орталығы мен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасында өтінімде көрсетілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіде өндірілген электр энергиясын сатып алудың қолданыстағы шарты болмаса.

      114. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінім берушіге өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша жібереді немесе осы Қағидалардың 111-тармағында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сатып алу шарты жобасының екі данасын қаржы-есеп айырысу орталығы орналасқан жер бойынша қолма-қол өтінім берушінің уәкілетті өкіліне береді.

      115. Энергия өндіруші ұйымның сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуы осы Қағидалардың 95, 96, 98, 99, 100-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады

      116. Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап қолданылу мерзімі кемінде 61 (алпыс бір) ай алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша оларды толық немесе бөліп-бөліп орындау мүмкіндігін көздейтін қайтарып алынбайтын болып ұсынылады.

      117. Сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мынадай жағдайларда осы Қағидалардың 98-тармағында белгіленген тәртіппен ұсталады:

      1) сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай өткеннен кейін 6 (алты) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген сатып алу шарты жасалатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсынбаған кезде – сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30% - ы мөлшерінде;

      2) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауына сәйкес айқындалған тәртіппен бекітілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні қабылдау актісінің көшірмесін ұсынбаған кезде-сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100% - ы мөлшерінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігі ұстап қалған жағдайда, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі – Сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70% - ы.

      118. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі;

      2) Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін-қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде ұсынады;

      3) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын, энергия беруші ұйым мен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесі – тараптардың теңгерімдік тиесілігін ажырату актісіне қол қойылған күннен бастап және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесі – кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      5) энергия беруші ұйым мен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі үшін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесі – электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      6) сатып алу шарты талаптарының орындалуын оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қаржылық қамтамасыз ету;

      7) ЖЭК-ті пайдалану объектісінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы актінің көшірмесі – кешенді сынақ жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

      119. Бұрын пайдалануда болған генерациялайтын қондырғылардың қалдықтарын энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жаңадан іске қосылатын объектіде қолданылған жағдайда, тиісті ақпарат Сәулет, қызмет туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінде көрсетіледі.

      120. Сатып алу шарты мынадай жағдайларда өз қолданысын тоқтатады:

      1) осы Қағидалардың 118-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімі бұзылған кезде;

      2) осы Қағидалардың 118-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынбаған кезде.

      121. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға және аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша сатып алу шартын жасайтын қаржы-есеп айырысу орталығына осы Қағидалардың 14, 15, 18, 19, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтарының ережелері қолданылады.

      122. Сатып алу шарты және тиісті аукциондық баға сатып алу шартына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап 15 (он бес) жыл өткен соң өз қолданысын тоқтатады.

10-тарау. Қаржы-есеп айырысу орталығының тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу тәртібі

      Ескерту. Қайта бөлу тәртібі 10-тараумен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 07.04.2021 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      123. Тасқындық электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар сатып алу шартын жасасу үшін жыл сайын 15 қаңтарға дейін қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) құрылтай құжаттары;

      2) тұлғаның сатып алу шартына қол қою өкілеттігін растайтын құжат;

      124. Қаржы-есеп айырысу орталығының тасқындық электр энергиясын сатып алу шартына қаржы-есеп айырысу орталығының бірінші басшысы немесе сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге тұлға екі данада қол қояды және тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымға қол қоюға жіберіледі.

      125. Тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы немесе тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымның атынан сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге тұлға қаржы-есеп айырысу орталығы дайындаған сатып алу шартына екі данада қол қояды және қол қойылған сату шартының бір данасын оны алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.

      126. Тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым қаржы-есеп айырысу орталығы қол қойған сатып алу шартына қол қоймаған және (немесе) қаржы-есеп айырысу орталығы тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге беруді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым тарапынан қол қойылған сатып алу шартын алмаған жағдайда, тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге босатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым оны алған кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде, сатып алу шарты жасалған болып саналады және Заңға сәйкес орындалуға жатады.

      127. Қаржы-есеп айырысу орталығына есеп айырысу кезеңінде берілген тасқындық электр энергиясы көлемінің нақты мәндері Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес айқындалады.

      128. Қаржы-есеп айырысу орталығы тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын, сатып алу шартын жасасқан энергия өндіруші ұйымға энергия беруші ұйымның электр желісіне берілген электр энергиясы үшін беру айы аяқталған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шот негізінде ақы төлейді.

  Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану объектілері өндірген
электр энергиясын қаржы-есеп
айырысу орталығының
орталықтандырылған сатып алу
және сату қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  кімге
__________________________
(заңды тұлғаның атауы)
кімнен
_________________________

Қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сату туралы шарт жасасуға өтінім

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы және мекенжайы)

      жаңартылған энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасуды сұрайды.

      Заңды тұлғаның (бар болса оның филиалдарының, өкілдіктерінің) орналасқан жері:

      Почталық мекенжайы: ___________________________________________

      Телефон нөмірлері: ______________________________________________

      E-maіl: _________________________________________________________

      Факс: __________________________________________________________

      ЖЭК пайдалану объектісінің атауы _________________________________

      Электр энергиясын өндіру үшін пайдаланатын ЖЭК-тің түрі

      (қажеттісінің астын сызу керек):

      жел электр станциялары;

      күн энергиясын фотоэлектрлі түрлендіргіштер;

      гидроэлектрстанциялары, биогаз қондырғылары.

      ЖЭК объктісінің орналасқан жері: ______________________________

      ______ МВт пайдаланылатын ЖЭК-тің түрлері бойынша бөле отырып,

      ЖЭК объектісінің түрлендіруші жабдығының белгіленген жиынтық қуаты.

      ______________ мың кВт/сағ. жылдар бойынша бөліп, сатып алу шарты қолданылатын бүкіл мерзім ішінде объектіде өндіру жоспарланған электр энергиясының болжамды көлемі.

      ЖЭК объектісін іске қосу күні (іс жүзіндегі немесе жоспарланған) __________

      Қоса берілген құжаттар

      (парақтар санын көрсете отырып):

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      4. ____________________________________________________________

      5. ____________________________________________________________

      6. ____________________________________________________________

      Ұйым басшысы (лауазымы)

      ______________ ___________________________________________

                  (қолы)                   (Т.А.Ә.)

  Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану объектілері өндірген
электр энергиясын қаржы-есеп
айырысу орталығының
орталықтандырылған сатып алу
және сату қағидаларына
2-қосымша

ТӨРЕЛІК КЕЛІСІМ

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Астана қ.

20___ жылғы "__" ______

      "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы - есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ______________ негізінде әрекет ететін ______________________ бір жағынан және __________________________, ___________________ негізінде әрекет ететін __________________________ екінші жағынан, бұдан әрі "Тараптар", "Төрелік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 10-тармағына сәйкес уәкілетті органның келісімімен ___________ жылғы № _______ Төрелік келісімді төмендегіше жасасты:

      1. Тараптар қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан аукциондық бағалар бойынша электр энергиясын сатып алу шарты бойынша Тараптар арасындағы құқықтық қатынастарға байланысты дауларды шешуді "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығының қарауына төмендегі шарттармен беру туралы уағдаласты:

      1) төрелік - "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығы;

      2) төрелік регламент – ______________________;

      3) төрелік талқылау тілі – ___________________;

      4) қолданылатын құқық – Қазақстан Республикасының материалдық құқығы;

      5) төрелік құрамы – 3 (үш төреші);

      6) төрелік талқылауды өткізу орны Нұр-Сұлтан қаласы.

      7) "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығының шешімі, қолданыстағы заңнамада тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, түпкілікті және орындауға міндетті деп танылады.

      2. Келісімге екі данада қол қойылды, Тараптардың әрқайсысына біреуден беріледі.

      Тараптардың заңды мекенжайлары және қолтаңбалары: