Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С.Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 271 қаулысымен
бекітілген

Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясына тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;

      2) биогаз – ашуы немесе газдануы нәтижесінде биомассадан алынатын метан, көміртегі монооксиді және (немесе) сутегі;

      3) биомасса – биологиялық органикалық қазбалы емес материалдар;

      4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі – сатып алу шарты) – сатып алушы ретіндегі қаржы-есеп айырысу орталығы мен сатушы ретіндегі энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шарты;

      6) қазақстандық кремний (Kaz PV) негізіндегі фотоэлектрлік модульдер – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген кремнийді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында орналасқан кәсіпорындарда дайындалған фотоэлектрлік модульдер;

      7) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;

      9) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) шағын гидроэлектр станциясы – жиынтық қуаты он бес мегаватқа дейінгі (қоса алғанда) бір су торабында орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциясы;

      11) шекті аукциондық баға – электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы;

      12) ірі гидроэлектр станциясы – жиынтық қуаты он мегаваттан асатын бір су торабында орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциясы.

      Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген ұғым қаржы-есеп айырысу орталығының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 644 қаулысымен бекітілген Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін тіркелген тариф бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан сатып алу шарттарына қатысты қолданылады.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Осы Қағидаларда жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алу үшін тіркелген тарифтер мен аукциондық бағаларды қолдану тәртібін реттейтін ережелері 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын бір гидроторапта орналасқан қондырғылары және (немесе) реттеудің тәуліктік мерзімінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектр станцияларына қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Тіркелген тарифтерді уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңартылатын энергия көздерінің мынадай түрлерінің әрқайсысы үшін бекітеді:

      1) күн сәулесінің энергиясы;

      2) жел энергиясы;

      3) судың гидродинамикалық энергиясы (шағын және ірі гидроэлектр станциялары);

      4) биогазды пайдалану кезінде алынған энергия.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi бұрын бекiтiлген тіркелген тарифтердiң деңгейлерiн жыл сайын түзетуге құқылы.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.04.2017 № 207 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтiлген тіркелген тарифтердi түзету туралы актiсi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн екi жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қуаты аз жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөніндегі объектiлерді енгiзудi ынталандыру, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерiн дамыту үшін табиғи, климаттық, техникалық немесе өзге де жағдайлары қолайсыздау жерлердi электрмен қамтамасыз ету үшiн тіркелген тарифтер жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөніндегі объектiлердің белгiленген қуатына байланысты сараланады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.04.2017 № 207 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген тіркелген тарифтерді түзету туралы актісі қолданысқа енгізілген сәтке дейін есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған қолданыстағы сатып алу шарттарына қолданылмайды.

      6-1. Уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерінің мынадай түрлерінің әрқайсысы үшін шекті аукциондық бағаларды бекітеді:

      1) күн сәулесінің энергиясы;

      2) жел энергиясы;

      3) судың гидродинамикалық энергиясы (шағын және ірі гидроэлектр станциялары);

      4) биогазды пайдалану кезінде алынған энергия.

      Шекті аукциондық бағалар теңгемен бекітіледі.

      Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Тіркелген тарифті айқындау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Уәкілетті орган әлемнің басқа мемлекеттерінде қолданылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен өндірілетін электр энергиясына тарифтерді салыстырып талдау жолымен тіркелген тарифтерді бекіту бойынша ұсыныс қалыптастырады.

      Мемлекеттердің тізбесін уәкілетті орган айқындайды және сараптамалық қорытынды алу үшін "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге жібереді.

      Мемлекеттердің тізбесін айқындауды уәкілетті орган мынадай параметрлерді ескере отырып жүзеге асырады:

      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын жеткізуге арналған жеңілдікті тарифтердің Қазақстан Республикасында қолданылатын схемасымен ұқсас немесе мазмұны бойынша сәйкес келетін жаңартылатын энергия көздерін қолдау тетігінің болуы;

      2) 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту индикаторларының болуы;

      3) электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздері үлесінің көрсеткіші (өткен жылдың қорытындысы бойынша) Қазақстан Республикасына қарағанда жоғары;

      4) тиісті елдердегі технологиялар құнының төмендеуі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Уәкілетті орган тіркелген тарифтерді бекіту бойынша ұсыныстарды қалыптастыру кезінде мынадай факторларды да есепке алады:

      1) Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру және оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден сатып алу көрсеткіштері;

      2) Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтыну және оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сату көрсеткіштері;

      3) Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр энергиясын ендіру көрсеткіштері;

      4) парниктік газдардың шығарындыларын төмендету бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері;

      5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштер;

      6) тіркелген тарифтерді жыл сайын кезекті индексациялаудың болуы.

      9. Тіркелген тарифтер теңгемен бекітіледі.

      10. Уәкілетті органның тіркелген тарифті бекіту жөніндегі ұсынысы Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілгенге дейін оны уәкілетті орган "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құрылатын қоғамдық кеңестерге жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Тіркелген тарифтер, күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жиынтық қуаты 37 МВт күн электр станцияларының жобасы үшін тіркелген тарифтерді қоспағанда, инфляцияны ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:

      Тt+1 = Тt * ТБИ, мұндағы:

      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген төмендеу жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектелген индекстелген тіркелген тариф;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, соларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;

      ТБИ — мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11-1. Күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жиынтық қуаты 37 МВт электр станцияларының жобасы үшін тіркелген тарифтер инфляцияны ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:



      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, төмендеу жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген тіркелген тариф;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, соларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;

      ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі.

      Ескерту. Қағидалар 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11-2. Шетелдік валютада кредиттік міндеттемесі бар жобалар үшін егер ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбастау бағамының өзгеруі алдыңғы жылмен салыстырғанда 25 % және одан жоғары болған жағдайда, күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жалпы қуаты 37 МВт күн электр станцияларының жобаларына арналған тіркелген тарифтерді қоспағанда, тіркелген тарифтер инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:


, мұндағы:

      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген азаю жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектелген, индекстелген тіркелген тариф;

      Тt – егер бұрын мұндай индекстеу жүргізілген болса, бұрын жүргізілген индексацияны есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;

      ТБИt – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі;

      USDt-1 – индекстеу жүргізілетін жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған теңгенің АҚШ долларына қатысты ағымдағы бағамы;

      USDt – индексациялау жүргізілген күннің алдындағы он екі ай кезеңге есептелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа бағамы.

      Ескерту. Қағидалар 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.04.2017 № 207 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Тіркелген тарифтерді индекстеу есебін есеп айырысу-қаржы орталығы жыл сайын 10 қазанға дейін жүзеге асырады.

      13. Тіркелген тарифтерді индекстеу есебін және индекстелген тіркелген тарифтерді есеп айырысу-қаржы орталығы өзінің ресми интернет-сайтында тиісті жылғы 15 қазаннан кешіктірмей жариялайды.

      13-1. Тіркелген тарифке индекстеуді алғаш рет қолдану осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығына жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын беру басталғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан кешіктірмей жүргізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13-2. Аукциондық бағаны индекстеу осы Қағидалардың 18-1-тармағында көзделген құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеуді және осы Қағидалардың 18-2-тармағында көзделген жыл сайынғы индекстеуді қамтиды.

      Бұл ретте осы тармаққа сәйкес аукциондық бағаны жыл сайынғы индекстеуді бірінші қолдану құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеу қолданылғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан ерте жүргізілмейді.

      Ескерту. Қағидалар 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.09.2022 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Қаржы-есеп айырысу орталығы индекстелген тіркелген тарифтерді жылына екі рет: электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына қаңтар-маусым аралығындағы кезеңде бере бастаған жаңартылатын энергия көздері объектілері үшін – 1 шілдеден бастап және электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына шілде-желтоқсан аралығындағы кезеңде бере бастаған жаңартылатын энергия көздері объектілері үшін – 1 қаңтардан бастап қолданылуға тиіс.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Шекті аукциондық бағаларды айқындау тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қағида 3-тараумен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      16. Шекті аукциондық баға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген тіркелген тарифтер деңгейінде айқындалады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.09.2022 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Аукциондық бағалар инфляцияны ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:


      Тt+1 = Тt * ТБИ, мұндағы:


      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген азаю жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, солар ескерілген аукциондық баға;

      ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі.

      18. Шетелдік валютада кредиттік міндеттемелері бар жобалар үшін аукциондық бағалар инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға шаққандағы айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:



      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектелген, индекстелген аукциондық баға;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, сол индекстеу ескерілген аукциондық баға;

      ТБИt– мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі;

      USDt+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін жылғы 1 қазанға теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ағымдағы бағамы;

      USDt – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңіне есептелген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.05.2018 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18-1. Аукциондық баға ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі жарияланған күннен бастап және қаржы-есеп айырысу орталығына жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін құрылыс кезеңінде біржолғы индекстеуге жатады:


), мұндағы

– жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектенетін индекстелген аукциондық баға;

– аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық баға;

– электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі тіркеген электр энергиясын Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне жіберу жүзеге асырылған кешенді сынақтар жүргізілген айдан кейінгі айдың бірінші күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша бір АҚШ долларының теңгедегі құны;

– аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының веб-сайтында жарияланған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша бір АҚШ долларының теңгедегі құны.
      Ескерту. Қағидалар 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.09.2022 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18-2. Аукциондық баға жылына бір рет 1 қазанға жыл сайын индекстелуге жатады. Бұл ретте жыл сайынғы индекстеу жыл сайынғы индекстеу жүргізілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын қаржы-есеп айырысу орталығының атына ресми хатпен жіберілген өтініш берушінің шешімі негізінде жүргізіледі. Жыл сайынғы индекстеу екі формуланың бірі қолданыла отырып жүргізіледі: не тұтыну бағасының индексіне, не ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамының өзгеруіне.

      Бұл ретте индекстеу формуласын таңдау сатып алу шартын жасасу кезінде оның бүкіл қолданылу кезеңде бір рет жүзеге асырылады.

      Тұтыну бағасының индексіне индекстеу формуласы:

      Т t+1 = Тt * ТБИ, мұндағы

      Т t+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектенетін индекстелген аукциондық баға;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, сол индекстеу ескерілген аукциондық баға;

      ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі.

      Ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып индекстеу формуласы:


, мұндағы

      Tt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиындарға дейін дөңгелектенетін индекстелген аукциондық баға;

      Tt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, сол индекстеу ескерілген аукциондық баға;

      USDt+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін жылғы 1 қазандағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ағымдағы бағамы;

      USDt – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын өткен жылғы 1 қазандағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы.

      Ескерту. Қағидалар 18-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.09.2022 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Аукциондық бағаға жыл сайынғы индекстеуді есептеу және қолдану осы Қағидалардың 12, 13, 13-2 және 14-тармақтарына сәйкес тіркелген тарифтерге ұқсас жүргізілетін болады.

      Осы Қағидалардың 18-1-тармағында көзделген аукциондық бағаға индекстеуді есептеу және қолдану осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес жүргізілетін болады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.09.2022 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Құрылыс кезеңіне аукциондық бағаны біржолғы индекстеуді есептеу осы Қағидалардың 18-1-тармағына сәйкес электр энергиясын коммерциялық есепке алудың тіркелген автоматтандырылған жүйесінің Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын жіберуі жүзеге асырылған кешенді сынақтар жүргізілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте құрылыс кезеңіне аукциондық бағаны біржолғы индекстеуді қолдану кешенді сынақтар жүргізілген күннен бастап жүргізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 20-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.09.2022 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.