Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-3) және 10) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
В. Школьник |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрi
Е. Досаев _______________
2015 жылғы 6 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығымен бекітілген |
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату тәртібін, сондай-ақ қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушылармен электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) коммерциялық есепке алу аспабы – электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
2) берілетін ай – тиісті айдың бірінші күні басталатын ЖЭК-ті пайдалану объектілерінен берілетін электр энергиясын іс жүзінде беретін күнтізбелік ай;
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, ЖЭК пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) тіркелген тариф – ЖЭК пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;
5) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;
Қазақстан Республикасынан тыс жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;
2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;
6) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;
7) гидроэлектрстанциясының гидроторабы (бұдан әрі – гидроторап) – гидроэлектрстанциясының гидротехникалық құрылыстарының орналасуына және жұмыс мақсатына қарай біріктірілген, ЖЭК пайдаланудың дербес объектісі ретінде жұмыс істей алатын кешені;
8) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі (бұдан әрі – ЖЭК пайдалану жөніндегі объект) – ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
9) уәкілетті орган – ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – өтініш беруші) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) электр энергиясын тұтыну аймағы – ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің бір бөлігі;
12) басым шартты тұтынушылар – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы аталған тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;
13) сауда-саттық шарты - қаржы-есеп айырысу орталығы мен басым шартты тұтынушы арасында жасалған электр энергиясын сату туралы шарт;
14) аукциондық баға – аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіретін электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған баға;
15) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жаңа объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;
16) аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздарының тізілімі - аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша ұйымдастырушы қалыптастыратын және өткізілген сауда-саттықтың нәтижелерін растайтын құжат.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
4. Осы Қағидалардың ережелері мыналарға қолданылмайды:
1) пайдалану мерзімі ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген өзін-өзі ақтау мерзімінен асып кеткен, ЖЭК пайдалану объектілері бар энергия өндіруші ұйымдар;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға енгізілген гидроэлектрстанцияларды есепке алмағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар және (немесе) реттеудің тәуліктік көлемінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектрстанциялары.
Гидроэлектрстанциясының су қоймасының сыйымдылығы су қоймасына құйылатын өзен ағысының есептік қамтамасыз етілуінің тәуліктік көлемінен асып түсетін болса, ол реттеудің тәуліктік көлемінен астам көлемді қамтамасыз етеді деп есептеледі.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Электр энергиясының ЖЭК пайдалану объектілерінен теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес ЖЭК қолдауға арналған тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы жүзеге асырады.
6. ЖЭК пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдарда өзінің ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болады. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде деректерді өңірлік диспетчерлік орталықтарға қашықтықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс.
Электр энергиясын шоғырландыруға арналған құрылғылармен, дербес қоректендіру көздерімен, сондай-ақ резервтік қоректендіруші электр желілерімен жабдықталған ЖЭК пайдалану объектілерінде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі аталған құрылғылар босататын және (немесе) тұтынатын электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз етеді.
ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар ЖЭК пайдалану объектісінде әртүрлі ЖЭК түрлерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғыларды пайдаланған жағдайда немесе бір ЖЭК түрін пайдаланудан, бірақ қаржы-есеп айырысу орталығы әртүрлі тіркелген тарифтер немесе аукциондық бағалар бойынша сатып алуы тиіс электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғыларды пайдаланған жағдайда, ЖЭК-ті пайдалану объектісін коммерциялық есепке алу аспаптарымен өндірілген электр энергиясының жеке түрде есепке алынуы қамтамасыз етілетіндей жабдықтайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. ЖЭК пайдалану объектілері мынадай түрлерге жіктеледі:
1) жаңадан енгізілетін (жаңа) ЖЭК пайдалану объектілері – 2013 жылғы 21 шілдеге дейін ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекітпеген және онымен келісілмеген, 2013 жылғы 21 шілдеден кейін пайдалануға берілетін ЖЭК пайдалану объектілері;
2) қолданыстағы ЖЭК пайдалану объектілері – 2009 жылдың шілдесінен 2013 жылғы 21 шілдеге дейін пайдалануға берілген, өңірлік электр желісі компанияларымен және (немесе) жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бар, ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген объектілер;
3) техникалық экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектілері – 2013 жылғы 21 шілдеден кейін пайдалануға берілген және ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген ЖЭК пайдалану объектілері;
4) қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектілері – қайта жаңартылатын объектідегі жаңадан енгізілетін жабдық құнының осы объектіні қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар басталған кездегі қайта жаңартылатын объектінің аудиторлық ұйым растаған теңгерімдік құнының кемінде елу пайызын құрауы шартымен жұмыс істеп тұрған негізгі өндіруші жабдықты ауыстыра отырып, 2013 жылғы 21 шілдеден кейін қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектілері;
5) жаңадан енгізілетін (жаңа) ЖЭК пайдалану объектілері аукциондық бағалар бойынша - аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша аукцион жеңімпаздары тізіліміне енгізілген және аукциондық баға бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу туралы шарт жасасқан ЖЭК пайдалану объектілері.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2. Жаңадан енгізілетін ЖЭК пайдалану объектілерінде өндірілген электр энергиясын
қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу тәртібі
8. Қаржы-есеп айырысу орталығы және тиісті ЖЭК пайдалану объектісі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ЖЭК объектілерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) қосылған күнтізбелік 60 күн ішінде және электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу туралы шарт жасасуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасу үшін өтініш беруші өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағына сәйкес құжаттарды: ұсынады.
10. Қаржы-есеп айырысу орталығы Өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде қарастырады. Өтініш беруші Заңның 7-1 бабының 7-тармағында көзделген құжаттардың қайсыбірін ұсынбаған жағдайда немесе құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы аталған құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде себептерін көрсетіп, Өтінімді қайтарады. Өтініш беруші Өтінімді және қоса берілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру мақсатында Өтінім қайтарылған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтырады және/немесе Қаржы-есеп айырысу орталығының ескертулерін жояды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Қаржы-есеп айырысу орталығы мына талаптар орындалған кезде:
1) өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттарды тапсырса;
2) ЖЭК пайдалану объектісі мен Өтініш беруші тізбеге енгізілсе;
3) қаржы-есеп айырысу орталығы мен Өтініш беруші арасында Өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясын сатып алудың қолданыстағы шарты болмаса;
4) өтініш беруші өндірілген электр энергиясын сатуды Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес таңдаса;
5) өтініш беруші Қағидалардың 8, 10 және 14-тармақтарының талаптарын орындаса Өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сатып алу шартының үлгі нысанына сәйкес сатып алу шартын жасасады. Сатып алу шартында, "Тіркелген тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген, шартқа қол қойылған сәтте қолданылатын тіркелген тариф көрсетіледі. Шартқа қол қойылған сәтте көрсетілген тіркелген тариф электр энергиясын ЖЭК пайдалану объектісінен жеткізу басталған сәттен бастап қолданылады және жылдар бойынша кейіннен индекстей отырып, 15 (он бес) жыл бойы қолданылады.
13. Қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасу үшін қажетті, Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шарты жобасының екі данасын өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша өтініш берушіге жібереді немесе өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығы орналасқан жердегі уәкілетті өкіліне қолма-қол береді.
14. Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алу шартының екі данасын алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларға қол қояды және қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш беруші қол қойған сатып алу шартының екі данасын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларға қол қояды және сатып алу шартының қол қойылған бір данасын өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша өтініш берушіге жібереді немесе өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығы орналасқан жердегі уәкілетті өкіліне береді.
16. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:
1) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін салу құрастыру жұмыстары басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген хабарламаның көшірмесі - сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде;
2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актінің көшірмесі - сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде.
Бұл ретте, егер оның мерзімі аяқталуына дейін, ЖЭК объектісінің құрылысы бойынша жалпы жұмыс көлемінен 70% кем емес көлемде ЖЭК объектісі бойынша құрылыс-монтаждау орындау туралы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (тұлғадан) растау ұсынылған жағдайында, көрсетілген мерзімдер күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады.
3) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісінің көшірмесі - тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және ЖЭК пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін;
4) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен Өтініш беруші арасында қол қойылған, ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісінің көшірмесі - электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және ЖЭК пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін;
5) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
16-1. Осы Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім Өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына берген өтінішіне (еркін нысанда) сәйкес, бірақ ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімінен кешіктірілмей, күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартылады.
Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 19.05.2020 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 01.11.2020 дейін қолданылады) бұйрығымен.17. Осы Қағидалардың 16-тармағының 1) - 2) тармақшаларында көзделген мерзімдердің қандай да бірі күнтізбелік 6 (алты) айдан артық мерзімі бұзылған жағдайда, сатып алу шарты өзінің қолданысын тоқтатады.
18. Өтініш берушінің ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күн ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күн болып табылады, бұл жағдайда электр энергиясы энергия беруші ұйымның электр желілеріне беріледі.
Кешенді сынақтар жүргізу кезеңінде жаңадан енгізілген ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясына коммерциялық есепке алу аспаптарының өтініш беруші мен энергия беруші ұйым ұсынған нақты көрсеткіштері бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы ақы төлейді.
19. Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына және желісіне ЖЭК пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйымды тиісті сынақтарды жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау жүргізілетін күн туралы хабардар етеді және ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейінгі кезеңде электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың айларға бөлінген болжамды көлемін ұсынады.
20. Осы Қағидалардың 21-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл өткен соң сатып алу шарты мен тиісті тіркелген тариф өз қолданысын тоқтатады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Осы Қағидалардың 21-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл бойы жаңадан енгізілген ЖЭК пайдалану объектісі өндірген және электр желісіне босатқан электр энергиясының бүкіл көлемі үшін қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушіге ақы төлейді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21-1. Осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген жағдайда сатып алудың он бес жылдық мерзімін есептеу осы Қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды беру мерзімі өткеннен кейін келесі күннен басталады.
Ескерту. 2-тарау 21-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Егер пайдалануға берілген ЖЭК пайдалану объектісінің іс жүзіндегі параметрлері сатып алу шартында көрсетілген параметрлерден өзгеше болса, қаржы-есеп айырысу орталығы мен өтініш беруші ЖЭК пайдалану объектісінің сипаттамасын іс жүзіндегі мән-жайлармен сәйкес келтіру үшін ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау бекітілген актісінің көшірмесі қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде сатып алу шартына тиісті қосымша келісім жасайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау аяқталғаннан кейін сатып алу шартын жасаған өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай ақпаратты:
1) электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың болжамды көлемі, электр энергиясын жеткізудің алдағы жеткізу айына арналған бір айлық тәуліктік сағаттық кестелері - ай сайын, жеткізу айына дейін күнтізбелік он күн қалғанда;
2) электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың алдағы бір жылға арналған, айларға бөлінген болжамды көлемі - жыл сайын, жиырмасыншы желтоқсанға қарай;
3) электр энергиясын жеткізудің алдағы тәулікке арналған тәуліктік болжамды кестелері - күн сайын, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 11 сағат 00 минутқа дейін;
4) электр энергиясын желіге босатудың іс жүзіндегі бір айлық көлемі - жеткізу айынан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей;
5) электр энергиясын желіге босатудың іс жүзіндегі тәулік сайынғы сағаттық көлемі – күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін;
6) қаржы-есеп айырысу орталығымен келісілген нысан бойынша ЖЭК пайдалану объектісі қосылған электр желілеріне ЖЭК пайдалану объектісі мен электр энергиясын беру ұйымы арасында қол қойылған электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсетуін алу актісінің көшірмесін - жеткізу айынан кейінгі айдың жетінші күнінен кешіктірмей үнемі жіберіп тұрады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.24. ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау аяқталғаннан кейін сатып алу шартын жасаған Өтініш беруші өңірлік электр желілік компаниясына және жүйелік операторға электр энергиясын желіге жеткізудің тәуліктік (алдағы тәулікке арнап Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 11 сағат 00 минутқа дейін) және айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын) кестесін үнемі жіберіп тұрады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Желілеріне ЖЭК пайдалану объектілері қосылған энергия беруші ұйымдар ай сайын, жеткізу айынан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығына өздерінің желілеріне ЖЭК пайдалану объектілері жеткізген электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің негізінде айқындалған көлемі туралы мәліметтерді жібереді.
26. Қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартын жасаған өтініш берушіге энергия беруші ұйымның электр желісіне берілген электр энергиясы үшін өтініш берушінің тиісті шотының негізінде жеткізу айы аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң 15 (он) бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейді.
27. Қаржы-есеп айырысу орталығы ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған немесе олар ақаулы болған кезеңде осы объектілер өндірген электр энергиясы үшін ақы төлемейді.
28. Өтініш беруші электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. ЖЭК пайдалану объектілерінен алынатын электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес ЖЭК қолдауға арналған тариф бойынша жүзеге асырады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Егер электр энергиясын жеткізудің тәуліктік кестесінде мәлімделген мөлшер желіге босату жөніндегі іс жүзіндегі деректерге 10 %-дан астам сәйкес келмеген жағдайда, жүйелік оператор өтініш беруші желіге босатқан, коммерциялық есепке алу аспаптарында тіркелген іс жүзіндегі деректерге сәйкес осы өтініш берушінің тәуліктік кестесін қалыптастырады.
30. Қаржы-есеп айырысу орталығы, жүйелік оператор мен энергия беруші ұйымның уәкілетті жұмыскерлері тиісті өтініш берушіде қолданылатын қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарды сақтаған және ЖЭК объектісіне бару уақыты мен күні өтініш берушімен келісілген жағдайда, сатып алу шартын жасаған өтініш беруші олардың ЖЭК пайдалану объектісі қосылған электр желілеріне, ЖЭК пайдалану объектісіне, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Қаржы-есеп айырысу орталығы мен өтініш берушілер өзара есеп айырысуды жылына кемінде бір рет салыстырып тексеруді жүргізеді.
32. Сатып алу шартын жасасқан өтініш берушіге:
1) сатып алу шартында көзделген өндіруші жабдықтың белгіленген жиынтық қуатын ұлғайту жолымен оған қатысты сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісін өзгертуге;
2) қаржы-есеп айырысу орталығына ЖЭК пайдаланудан өндірілмеген электр энергиясын сатуға;
3) қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын басқа сатып алу шарты бойынша сатуды қоспағанда, оған ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілмеген электр энергиясын сатуға жол берілмейді.
33. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3. Қолданыстағы ЖЭК пайдалану объектілерінде
өндірілген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының
орталықтандырылған сатып алу тәртібі
34. Қолданыстағы ЖЭК пайдалану объектісі бар және электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сатып алу схемасын таңдаған өтініш беруші оған өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағына сәйкес құжаттарды: ұсынады.
35. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды қарайды. Өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
36. Мынадай шарттар орындалатын болса:
1) өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынса;
2) өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сату схемасын таңдаса және 2013 жылғы 21 шілдеден кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етсе;
3) қаржы-есеп айырысу орталығында өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса, қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады.
37. Қаржы-есеп айырысу орталығы және өтініш беруші Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сатып алуға арналған шарттың үлгілі нысанына сәйкес осы Қағидалардың 13-15-тармақтарында көзделген тәртіппен шартқа қол қояды. Сатып алу шартында "Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтерді және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 419 қаулысымен бекітілген тариф теникалық-экономикалық негіздемеде көрсетіледі.
38. Қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісіне техникалық-экономикалық негіздемеде белгіленген өзін-өзі ақтаудың қалған мерзімі ішінде өндірілген және желіге жіберілген электр энергиясының барлық көлемі үшін өтініш берушіден сатып алады және төлейді.
39. Сатып алу шарты және техникалық-экономикалық негіздемедегі тиісті тариф техникалық-экономикалық негіздемеде ЖЭК пайдалану объектісі үшін белгіленген өзін өзі ақтаудың қалған мерзімі аяқталған соң өз әрекет етуін тоқтатады.
40. Қолданыстағы ЖЭК пайдалану объектілері бар және электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сату схемасын таңдаған өтініш берушілерге осы Қағидалардың 23-33-тармақтарының ережелері қолданылады.
4. ТЭН бар ЖЭК пайдалану объектілерінде өндірілген электр
энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырып сатып
алуы тәртібі
41. Техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектілері бар немесе техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісін салуды жоспарлайтын, электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сату схемасын таңдаған өтініш беруші сатып алу шартын жасасуға қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сатудың схемасын таңдағаны туралы уәкілетті орган хабардар етілген күннен бұрын емес және электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінім береді.
42. Қаржы-есеп айырысу орталығымен шарт жасасу үшін өтініш беруші өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағына сәйкес құжаттарды: ұсынады.
43. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған күннен кезден бастап оларды 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Өтініш беруші өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
44. Мынадай шарттар орындалатын болса:
1) өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынса;
2) ЖЭК пайдалану объектісі және өтініш беруші тізбеге қосылған болса;
3) қаржы-есеп айырысу орталығында де көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса;
4) өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сату схемасын таңдағаны туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі тіркелген тарифтерді бекіту туралы актісі қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органға хабарласа, қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады.
45. Қаржы-есеп айырысу орталығы және өтініш беруші Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сатып алуға арналған шарттың үлгі нысанына сәйкес осы Қағидалардың 13-15-тармақтарында көзделген тәртіппен шартқа қол қояды. Өтініш беруші таңдап алған электр энергиясын сату схемасына байланысты сатып алу шартында техникалық-экономикалық негіздемедегі немесе "Тіркелген тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген, шартқа қол қойылған кезде қолданылатын тариф көрсетіледі. Қол қойылған кезде шартта көрсетілген тіркелген тариф электр энергиясы объектіден жеткізілген кезден бастап ЖЭК пайдалану объектісіне дейін қолданылады және жылдар бойынша кейін индекстеу жүргізіліп, 15 (он бес) жыл ішінде қолданылады.
46. Техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектілері бар немесе қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сату схемасын таңдап алған техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектілерін салуды жоспарлайтын өтініш берушілерге осы Қағидалардың 16-17 және 23-33-тармақтарының ережелері қолданылады.
47. Егер өтінім беру кезінде өтініш берушінің ТЭН бар ЖЭК пайдалану объектісі пайдалануға енгізілген болса, өтініш беруші өтініммен бірге қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген, сондай-ақ сатып алу шартын жасауға өтініммен бір уақытта айлар бойынша бөлініп, ағымдағы күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі кезеңде электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің болжанатын көлемі;
2) осы Қағидалардың 16-тармағының 5) тармақшасында көзделген - сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде.
48. Қаржы-есеп айырысу орталығының техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алудың басталатын күні егер кешенді сынақ сатып алу шарты жасалғанға дейін жүргізілмесе, энергия беруші ұйымның электр желісіне электр энергиясын шығаратын өтініш берушінің ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларының кешенді сынағы басталатын күн немесе егер кешенді сынақ сатып алу шарты жасалғанға дейін өткізіліген болса, сатып алу шартында көрсетілген күн болып табылады.
Кешенді сынақтарды өткізу кезеңінде техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК объектісі шығарған электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш беруші және энергия беруші ұйым ұсынған коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері бойынша төлейді.
49. Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына және желісіне техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйымға егер тиісті сынақ сатып алу шарты жасалғанға дейін өткізілмесе, оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларына кешенді сынақ өткізу күні туралы хабарлайды.
50. Егер өтініш беруші электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына тіркелген тариф бойынша сату схемасын таңдаса, онда сатып алу шарты мен тиісті тіркелген тариф сатып алу шартына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алу басталатын күннен бастап күнтізбелік он бес жыл өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушіге техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі шығарған және энергия беруші ұйымның электр желісіне өткізген электр энергиясының бүкіл көлімі үшін қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл ішінде төлейді.
Егер өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын техникалық-экономикалық негіздемедегі тариф бойынша сату схемасын таңдаса, онда қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемеде ЖЭК пайдалану объектісі үшін белгіленген қалған тәуліктік мерзім ішінде шығарылған және желіге жіберілген бүкіл электр энергиясын сатып алады және өтініш берушіге төлейді.
51. Сатып алу шарты және техникалық-экономикалық негіздемедегі тиісті тариф техникалық-экономикалық негіздемеде ЖЭК пайдалану объектісі үшін белгіленген қалған тәуліктік мерзім өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
5. Қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектілерінде
өндірілген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының
орталықтандырылған сатып алу тәртібі
52. Қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісі бар өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына сатып алу шартын жасасуға өтінімді ЖЭК пайдалану объектісін қайта жаңарту аяқталғаннан кейін оны және тиісті ЖЭК пайдалану объектісін уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ЖЭК объектілерін пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдар тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) енгізген күнтізбелік 60 күн ішінде және электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағына сәйкес құжаттарды: ұсынады.
53. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды. Өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
54. Мынадай шарттар орындалатын болса:
1) өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынса;
2) ЖЭК пайдалану объектісі және өтініш беруші тізбеге қосылған болса;
3) қаржы-есеп айырысу орталығында өтінімде көрсетілген қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса;
4) қайта жаңартылатын объектіде енгізілетін жаңа жабдықтың құны аудиторлық ұйым растаған осы объектіні үшін қайта жаңарту жұмыстар басталған кездегі қайта жаңарту объектісінің теңгерімдік құнының кемінде елу пайызын құрайтын болса, қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясын сатып алу шартын өтініш берушімен жасасады.
55. Қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектілері бар өтініш берушілерге осы Қағидалардың 12-15 және 23-33-тармақтарының ережелері қолданылады.
56. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін 6 (алты) ай ішінде өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісіне техникалық паспорттың көшірмесін жібереді.
57. Қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алудың күні сатып алу шартында көрсетілген күн болып табылады.
58. Сатып алу шартына сәйкес сатып алу шарты мен тіркелген тариф қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алу басталатын күннен бастап күнтізбелік он бес жыл өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
59. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушіге сатып алу шартына сәйкес электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл ішінде қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісі өндірген және энергия беруші ұйымның желісіне жіберген электр энергиясының бүкіл көлемі үшін төлейді.
6. ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп
айырысу орталығының шартты тұтынушыларға орталықтандырылған
сату тәртібі
60. Шартты тұтынушылар:
1) ай сайын жеткізу айына дейін күнтізбелік 10 (он) күн қалғанда қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға жеткізудің немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден қабылданатын болжамды айлық көлемдері туралы ақпаратты жібереді;
2) жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға дейін қаржы-есеп айырысу орталығына алдағы жылы электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға жеткізудің болжамды көлемдері туралы ақпаратты жібереді;
3) ай сайын, ЖЭК объектілерінен алынатын электр энергиясын жеткізудің есепті айынан кейінгі айдың бесіне дейін қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясының шығарылуының, электр энергиясының Қазақстан Республикасы шегінен тыс желіге босатылуының немесе қабылдануының іс жүзіндегі көлемдері туралы ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.61. 23-тармақтың 1) тармақшасына сәйкес алынған деректердің негізінде қаржы-есеп айырысу орталығы ай сайын жеткізу айына дейін күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде шартты тұтынушылардың әрқайсысына ЖЭК пайдалану объектілерінен электр энергиясын жеткізудің болжамды айлық тәуліктік сағат сайынғы кестесін жібереді.
61-1. ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін, желіге босатылатын электр энергиясы көлемінің нақты мәні және шартты тұтынушылардың желіге босататын электр энергиясының көлемдері (электр энергиясының импортын қоса алғанда) есепті айда жүйелік оператор қалыптастыратын, Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімімен анықталады.
Ескерту. 6-тарау 61-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62. ЖЭК пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында олардың желіге жіберу үлесіне барабар бөледі.
Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға қолдауға жұмсалатын шығындарды осы Қағидалардың 84-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, есеп айырысу және қаржы орталығы басым шартты тұтынушыға бөлмейді.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.63. Қаржы-есеп айырысу орталығы шартты тұтынушылармен Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітілетін сату шартының үлгі нысанына сәйкес сату шартын жасасады.
64. Шартты тұтынушымен сату шартына қаржы-есеп айырысу орталығының бірінші басшысы немесе сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге адам екі данада қол қояды және ол шартты тұтынушыға қол қою үшін күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
65. Шартты тұтынушының бірінші басшысы немесе шартты тұтынушының атынан сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге адам қаржы-есеп айырысу орталығы дайындаған сату шартына екі данада оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қояды.
66. Шартты тұтынушы қол қойылған сату шартының бір данасын оны алған кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.
67. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында қызметін бастауды жоспарлайтын шартты тұтынушы желіге өзінің электр энергиясын жеткізуді бастағанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығымен сату шартын жасасады.
68. Қаржы-есеп айырысу орталығы қол қойған сату шартына шартты тұтынуға қол қоймаған және (немесе) шартты тұтынушы тарапынан қол қойылған сату шартын қаржы-есеп айырысу орталығы жіберген кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығы алмаса, сату шарты жасалған болып есептеледі және Заңға сәйкес орындалуға жатады.
69. Жүйелік оператор жеткізу айынан кейінгі айдың жиырмасына дейін қаржы-есеп айырысу орталығына Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты балансын ұсынады, қаржы-есеп айырысу орталығы оған сәйкес төлемге шотты қалыптастырып, шартты тұтынушыларға жібереді.
70. Шартты тұтынушы жеткізілген электр энергиясы үшін қаржы-есеп айырысу орталығына жеткізу айы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығы жаңартылатын энергия көздерін қолдауға тарифтер бойынша ақы төлейді.
71. Егер осы Заңның 7-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ЖЭК электр энергиясын сатудан қаржы-есеп айырысу орталығы алған ақша сомасы ағымдағы тоқсанда ЖЭК пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды өтеу үшiн қажеттi шамадан кем болса немесе асып кетсе, қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеудi жүргiзедi және келесi тоқсанға электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында шығындарды қайта бөледi.
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.72. Шартты тұтынушының нарықтан шығуы, таратылуы себебі бойынша одан ақша толық алынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы жоғарыда көрсетілген тұтынушыға есептелген электр энергиясының тиісті үлесін барлық шартты тұтынушыларға Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтынудың жалпы көлеміне қатысты олардың тұтыну көлеміне пропорционалды түрде бөледі.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.73. Қаржы-есеп айырысу орталығы мен шартты тұтынушылар өзара есеп айырысуды салыстырып тексеруді жылына кемінде бір рет жүргізеді.
7. Қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыларға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібі
Ескерту. Қағида 7-тараумен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
74. БШТ сату шартын жасасу үшін БШТ ЖЭК-ті пайдалануға енгізгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) БШТ мүдделерін білдіретін уәкілетті заңды тұлғаның құрылтай құжаттары;
2) БШТ мүдделерін білдіру үшін заңды тұлғаның құқығын растайтын құжат;
3) БТШ пайдалануға енгізген ЖЭК пайдалану объектісіне құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері;
4) ағымдағы жыл аяқталғанға дейін БШТ ЖЭК және БШТ ШТ бөлінісінде желіге босатуға жоспарланған электр энергиясының көлемі туралы ақпарат;
5) Заңның 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына БШТ-ның қосылғаны туралы уәкілетті орган хабарламасының көшірмесі.
75. Қаржы-есеп айырысу орталығы БШТ Өкілімен Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сату шартының үлгі нысанына сәйкес ЖЭК пайдаланатын электр энергиясын өндіретін ұйымдармен өндірілген электр энергиясын сату шартын жасасады.
76. Екі данадағы сату шартына қаржы-есеп айырысу орталығының басшысы немесе шартқа қол қоюға өкілетті өзге тұлға қол қойып, оны БШТ-дан құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде БШТ-ға қол қоюға жібереді.
БШТ уәкілетті ұйымының бірінші басшысы немесе өзге тұлғасы екі данадағы сату шартына қол қойып, қол қойылған сату шартының бір данасын оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.
77. Сату шарты ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізілген БШТ ЖЭК электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап күшіне енеді, бұл ретте БШТ шартты тұтынушысымен жасалған қолданыстағы шарттың көрсетілген күннен бастап күші жойылады.
78. Сату шартына қол қойылғаннан кейін БШТ Өкілі қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:
1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасымен анықталған және бекітілген тәртіпте ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актінің көшірмесі – осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) Энергия беруші ұйым мен БШТ қолданысқа енгізген ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісінің көшірмесі - осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
3) Энергия беруші ұйым мен БШТ қолданысқа енгізген ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған, ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісінің көшірмесі – осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
79. БШТ ЖЭК-ті пайдалану басталғанға дейін БШТ өзінің ЖЭК пайдалану объектісінде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі - ЭКЕАЖ) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. ЭКЕАЖ-нің деректерді жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтарына қашықтықтан беру мүмкіндігі болады.
80. БШТ жыл сайын 20 желтоқсанда қаржы есеп-айырысу орталығына алдағы жылға БШТ ЖЭК және БШТ ШТ өндірген, желілерге босатылған, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға берілген электр энергиясының болжамды көлемдері туралы ақпаратты жолдайды.
81. БШТ ЖЭК өндіретін электр энергиясы көлемінің нақты мәндері және БШТ ШТ желіге босататын электр энергиясының көлемдері есепті айда жүйелік оператор қалыптастыратын Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімімен анықталады.
82. БШТ өкілі қаржы-есеп айырысу орталығы есептеген ЖЭК пайдалануға қолдауға жұмсалатын шығындарды шартты тұтынушылар арасында олардың желіге жіберу үлесіне барабар бөледі.
83. БШТ өкілі қаржы-есеп айырысу орталығына ЖЭК қолдау тарифі бойынша жеткізілген электр энергиясы үшін есеп айырысу кезеңі аяқталғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей төлейді. Қаржы-есеп айырысу орталығы және БШТ өкілі жылына кемінде бір рет өзара есеп айырысуды салыстыруды жүргізеді.
84. БШТ пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіріп шығарған электр энергиясының жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын күнтізбелік бір жылдан кем өндіріп шығарған кезде ең аз кезеңдегі көлемінің) шартты тұтынушы желіге жіберу көлеміне арақатынасы төменде санамаланған екі көрсеткіштің әрқайсысынан:
1) электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК пайдалану объектілері өндіріп шығаратын электр энергиясы көлемі үлесінің нақты көрсеткішінен;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштен төмен болған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен электр энергиясын қайта есептейді және оның тиісті үлесін басым шартты тұтынушыға қайта бөледі.
Бұл ретте бір күнтізбелік жыл ішінде электр энергиясын өндіруде қысқа мерзім бір ай болып табылады.
85. Үбшт нақты - БШТ пайдалануға берген ЖЭК пайдалану объектісі өндіріп шығарған электр энергиясының нақты жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын күнтізбелік бір жылдан кем өндіріп шығарған кезде ең аз кезеңдегі көлемінің) шартты тұтынушы желіге жіберу көлеміне арақатынасы мына формула бойынша анықталады:
Үбшт нақты = Vжэк бшт нақты ж/ V шт бшт нақты ж*100%, мұндағы
V жэк бшт нақты ж – БШТ пайдалануға берген ЖЭК пайдалану объектісі өндіріп шығарған электр энергиясының нақты көлемі;
V шт бшт нақты ж – шартты тұтынушы желіге жіберген электр энергиясының нақты жылдық көлемі;
Егер Үбшт нақты тең немесе Днақты ж немесе Қож үлкен болса, онда қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеу және қайта бөлуді жүргізбейді.
86. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергия көлемінің электр энергия өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесінің нақты көрсеткіштері олардың электр энергиясын тұтыну аймақтары есепке алынып, мына формула бойынша анықталады:
Днақты ж = Vжэк нақты ж/ V бшт шт ж *100%, мұндағы
Vжэк нақты ж – ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен өндірілген электр энергиясының нақты жылдық көлемі;
Vбшт шт ж - шартты тұтынушылармен желіге босатылған электр энергиясының нақты жылдық көлемі.
87. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіш (Пцг), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы 478 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14489 болып тіркелген) бекітілген. Бұл ретте уәкілетті орган нысаналы көрсеткіштерді жылдар бойынша олардың электр энергиясын тұтыну аймақтарын есепке ала отырып анықтайды.
88. Қаржы-есеп айырысу орталығы:
1) БШТ жеткізу ай қорытындысы бойынша 84-тармақта көрсетілген көрсеткіштердің кез келгеніне қол жеткізгенге дейін БШТ-ға ЖЭК пайдалануды қолдауға шығындарды келесі формула бойынша бөледі:
VБШТ = (VЖЭК еқо нақты + VЖЭК БШТ нақты)/(Vшт еқо нақты +Vшт БШТ нақты) * Vшт БШТ нақты – VЖЭК БШТ нақты, мұнда
VБШТ – күнтізбелік айда қаржы-есеп айырысу орталығымен БШТ электр энергиясын сату көлемі;
VЖЭК еқо нақты – ЖЭК пайдаланатын, энергия өндіруші ұйымдармен өндірілген және қаржы-есеп айырысулық орталыққа электр энергиясын тұтынудың сәйкес аймағы бойынша сатылатын электр энергиясының нақты айлық көлемі;
Vшт еқо нақты – желіге БШТ шартты тұтынушылармен жіберілген электр энергиясының көлемін есепке алусыз сәйкес тұтыну аймағында шартты тұтынушылармен желіге қойылған электр энергиясының нақты айлық көлемі;
V шт БШТ нақты – электр энергиясын тұтынудың сәйкес аймағы бойынша желіге БШТ шартты тұтынушылармен жіберілген электр энергиясының нақты айлық көлемі;
V ЖЭК БШТ нақты – электр энергиясын тұтынудың сәйкес аймағы бойынша БШТ пайдалануға енгізілген, ЖЭК пайдалану бойынша объектімен өндірілген электр энергиясының нақты айлық көлемі;
2) БШТ жеткізу ай қорытындысы бойынша 84-тармақта көрсетілген көрсеткіштердің кез келгеніне қол жеткізгенге дейін әрбір шартты тұтынушыға ЖЭК пайдалануды қолдауға шығындарды бөледі:
Vшт еқо i = (VЖЭК еқо нақты + VЖЭК БШТ нақты)/(Vшт еқо нақты +Vшт БШТ нақты) * Vшт i, мұнда
V шт еқо i – күнтізбелік айда ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйымдармен өндірілген шартты тұтынушыға электр энергиясын сату көлемі;
Vшт i – күнтізбелік ай үшін берілген шартты тұтынушымен желіге жіберілген электр энергиясының көлемі;
3) БШТ жеткізу ай қорытындысы бойынша 84-тармақта көрсетілген көрсеткіштердің кез келгеніне қол жеткізген соң ЖЭК пайдалануды қолдауға шығындар қаржы-есеп айырысу орталығымен күнтізбелік жыл нәтижелері бойынша БШТ-ға бөлінеді.
89. Қаржы-есеп айырысу орталығы күнтізбелік жыл нәтижелері бойынша күнтізбелік жылдан кейін басталатын айда БШТ үшін электр энергиясын сату көлемін келесі формула бойынша бөледі:
Vшт БШТ ж = (VЖЭК еқо нақты ж + VЖЭК БШТ нақты ж)/(Vшт еқо нақты ж +Vшт БЩТ нақты ж) * Vшт БШТ нақты ж – VЖЭК БШТ нақты ж. -
Vшт БШТ (ай), мұндаVшт БШТ ж – күнтізбелік жыл үшін БШТ-ға қайта бөлінетін электр энергиясын сату көлемі;
Vшт БШТ (ай) – есептік жылда есептік айлар үшін БШТ үшін сатылған электр энергиясының сомалық көлемі.
Vшт БШТ ж – теріс болған жағдайда қайта есептеу жүргізілмейді.
90. БШТ-ға қайта бөлінетін электр энергиясын сату көлемі қаржы-есеп айырысу орталығымен құжаттарды төлеуге беру сәтінде әрекет ететін ЖЭК пайдалануды қолдауға тариф бойынша БШТ Өкілімен төленеді.
Электр энергиясының көлемін БШТ-ға қайта бөлген жағдайда қаржы-есеп айырысу орталығы күнтізбелік жыл нәтижелері бойынша шартты тұтынушыларға жеткізілген электр энергиясының көлемін келесі күнтізбелік жылда қайта есептеуді жыл бойында әрбір шартты тұтынушы үшін ЖЭК пайдалану бойынша объектілермен өндірілген электр энергиясын сатып алу көлемін электр энергиясын тұтыну аймағын есепке алумен күнтізбелік жылда желіге шығару үлесіне пропорционал төмендету жолымен жүргізеді.
91. Осы Ережелердің 89-тармағына сәйкес есептелген сату көлемін БШТ-ға қайта бөлуді есепке алумен әрбір шартты тұтынушы үшін күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын тұтыну сәйкес аймағы бойынша ЖЭК электр энергиясын қайта есептеу көлемі келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
Vесеп. шт i = Vшт БШТ ж * Vшт i ж/ VЖЭК еқо нақты ж, мұнда
V есеп. шт i – шартты тұтынушы үшін күнтізбелік жыл үшін ЖЭК электр энергиясын қайта есептеу көлемі;
Vшт i ж – есептік жылда ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйымдармен өндірілген электр энергиясын шартты тұтынушыға сату көлемі.
92. Шартты тұтынушы үшін электр энергиясын сату көлемін төмендету жыл бойында күнтізбелік жылдан кейінгі келетін айда электр энергиясын қайта есептеу көлемін ағымдық жылда жеткізу айында шартты тұтынушы үшін есептелген ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйымдармен өндірілген электр энергиясын сату көлемінен шығару жолымен жүргізіледі.
Шартты тұтынушы үшін электр энергиясын қайта есептеу көлемі жеткізу айында шартты тұтынушы үшін есептелген ЖЭК пайдаланушы энергия өндіруші ұйымдармен өндірілген электр энергиясын сату көлемінің шамасынан асып түскен жағдайда, көрсетілген көлем жыл бойында толық өзара есеп айырысқанға дейін келесі есептік айда шығарылуға жатады.
ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген, шартты тұтынушы үшін есептелген электр энергиясының сату көлемінің шамасы жеткізу айында нольге тең болса, шартты тұтынушы үшін электр энергияны қайта есептеу көлемі келесі есеп айырысу айында толықтай өзара есеп айырысу аяқталғанға дейін жыл ішінде кемітіліп отыруы тиіс.
8. ЖЭК пайдалану бойынша жаңадан іске қосылған объектілерде өндірілетін электр энергияны қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырып аукциондық бағалар бойынша сатып алу тәртібі
Ескерту. Қағида 8-тараумен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 28.12.2017 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
93. Аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша жеңімпаз болып танылған Өтініш беруші оны және оның ЖЭК пайдалану бойынша сәйкес объектісін салу жобасын уәкілетті органның интернет - ресурсында жарияланған ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне қосқаннан бастап күнтізбелік 60 күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу туралы шарт жасауға Өтінім береді.
94. Өтінім беруші қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу туралы шарт жасау Өтінімімен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) құрылтай құжаттары;
2) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3) шартқа қол қоятын тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат;
4) электр энергиясының жоспарланған жеткізу көлемдері туралы ақпарат;
5) өткен аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы туралы жазбаша куәландыру көшірмесі.
Ескерту. 94-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.95. Сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді Өтінім беруші сатып алу шартына қол қойған соң күнтізбелік 30 күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14915 болып тіркелген) Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген банк кепілдігін немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивті беру арқылы ұсынады.
Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті Өтінім беруші шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor’s бойынша "В" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody’sInvestorsService бойынша "В3"-тен төмен болмайтын немесе бас ұйымның (Қазақстан Республикасының резидент банкі акцияларының 50% астамына ие) рейтингі Standard&Poor’s бойынша "ВВВ" немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody’sInvestorsService бойынша "Ваа2" деңгейінен төмен емес Қазақстан Республикасы резидент банктерінен ұсынуы тиіс.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерден банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті резидент банктер резидент емес банктердің контр-міндеттемелеріне кепілдеме шығару жолымен растауы тиіс.
Standard & Poor's, "BBB" Fitch "Baa2" бойынша Moody's Investorservice бойынша "BBB"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, Қазақстан Республикасының резидент емес-банктері, тиісті қарсы міндеттемелерді шығарусыз банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив шығаруы мүмкін.
Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.96. Сатып алу туралы шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету көлемі ЖЭК объектісінің Аукцион сауда-саттық жеңімпаздары тізілімінде көрсетілген белгіленген қуатына көбейтілген қуаттың 1 (бір) кВт үшін белгіленген 10 000 (он мың) теңгені құрайды.
97. Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарылуға жатпайтын болуы және оларды сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап алушының (бенефициар) нұсқауы бойынша толық немесе бөлшектеп орындау мүмкіндігін көздеуі тиіс:
күн электр станциялары үшін – 25 (жиырма бес) айдан кем емес;
жел және биогаз станциялары үшін –37 (отыз жеті) айдан кем емес;
гидроэлектр станциялары үшін – 49 (қырық тоғыз) айдан кем емес.
Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.98. Банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив қаржы-есеп айырысу орталығы мына төмендегі құжаттарды ұсынған жағдайда банк тарапынан орындалады:
1) қаржы-есеп айырысу орталығының уәкілетті тұлғасы қол қойған және қаржы-есеп айырысу орталығының мөрімен куәландырылған, қағазда орындалған борышкердің міндеттемелерін орындамауы туралы өтініш;
2) сатып алу шартына сәйкес ұстап қалу сомасы көрсетілген төлем жасау туралы талап.
99. Барлық банктік комиссиялар мен қаржылық қамсыздандыруға байланысты, оның ішінде алушы банкінінің (бенефициар) шығындарын да аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы (сатушы) төлейді.
100. Сатып алу туралы шарттың талаптарын немесе оның бір бөлігін орындауды қаржылық қамтамасыз етуді қайтару ЖЭК пайдалану объектісін уақтылы пайдалануға берген жағдайда, жазбаша өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
101. Сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету осы Қағидалардың 98-тармағымен белгіленген тәртіпте мынадай жағдайларда ұсталып қалады:
1) егер сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 12 ай (күн электр станциялары үшін), 18 ай (жел және биогазды электр станциялары үшін), 24 ай (гидро электр станциялары үшін) өткен соң 6 ай ішінде сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген хабарламаның көшірмесі ұсынылмаса – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30% көлемінде;
2) егер Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаса – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100% көлемінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуінің бір бөлігін ұстап қалған жағдайда – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70% көлемінде сатып алу шартына қол қойған күннен бастап мына мерзімдерде:
күн электр станциялары үшін –24 (жиырма төрт) ай ішінде;
жел және биогаз станциялары үшін –36 (отыз алты) ай ішінде;
гидроэлектр станциялары үшін –48 (қырық сегіз) ай ішінде.
Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.101-1. Осы Қағидалардың 106-1-тармағында көзделген жағдайда, осы Қағидалардың 101-тармағында көзделген сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұстап қалу тәртібі көрсетілген мерзімдерді ұзарту ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 101-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 19.05.2020 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 01.11.2020 дейін қолданылады) бұйрығымен.102. Қаржы-есеп айырысу орталығы Өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды. Өтініш беруші осы Қағидалардың 94-тармағында көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
Өтініш беруші Өтінімді қайтарған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Өтінімді жетпейтін құжаттармен толтырады және/немесе қаржы-есеп айырысу орталығының Өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендіру мақсатындағы ескертулерін жояды.
103. Қаржы-есеп айырысу орталығы Өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын мына талаптар орындалған жағдайда жасасады:
1) өтініш беруші осы Қағадалардың 94-тармағында көзделген құжаттарды тапсырса;
2) ЖЭК пайдалану объектісі мен Өтініш беруші аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша тізбеге енгізілсе;
3) қаржы-есеп айырысу орталығы мен Өтініш беруші арасында Өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясын сатып алудың қолданыстағы шарты болмаса;
4) Өтініш беруші өндірілген электр энергиясын сатуды Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес таңдаса;
5) Өтініш беруші осы Қағидалардың 93, 94 және102-тармақтарының талаптарын орындаса;
6) өтініш беруші Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 тіркелген) сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу-сату шартын жасасты және төлем жасады.
6) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 103-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
104. Сатып алу шарты Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген сатып алу шарттың типтік нысанына сәйкес ресімделеді. Сатып алу шартында Өтініш беруші үшін жеңімпаздардың тізіліміне сәйкес аукционда сатылатын бағасы көрсетіледі. Сатып алу шартында көрсетілген аукциондық баға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысымен бекітілген Тіркелген және аукциондық бағаның шекті тарифтерін айқындау қағидасына сәйкес 15 (он бес) жыл бойы, жыл сайын индекстелумен энергияны жіберуші ұйымдардың электр желілеріне берілген электр станцияларының электрлі қондырғыларын кешенді сынақтан өткізу басталған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
104-1. Сатып алу шарты бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Тараптардың даулары төмендегі шарттармен "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығында қаралуы мүмкін:
1) төрелік - "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығы;
2) төрелік регламент – өтініш берушінің таңдауы бойынша;
3) төрелік талқылаудың тілі – өтініш берушінің таңдауы бойынша;
4) қолданылатын құқық – Қазақстан Республикасының материалдық құқығы;
5) төрелік құрамы – 3 (үш төреші);
6) төрелік талқылауды өткізу орны Нұр-Сұлтан қаласы.
Қаржы-есеп айырысу орталығы төрелік келісімді жасасу алдында "Төрелік туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 10-тармағына сәйкес осындай келісімді жасасуға келісім алу үшін саланың уәкілетті органына сұраныспен жүгінеді. Уәкілетті органның оң қорытындысы болған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай нысан бойынша төрелік келісім жасалады.
Ескерту. 8-тарау 104-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.105. Қаржы-есеп айырысу орталығы Өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша Өтініш берушіге немесе қаржы-есеп айырысу орталығының орналасқан орны бойынша Өтініш берушінің уәкілетті өкілінің қолына осы Қағиданың 94-тармағында көзделген қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасу үшін қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сатып алу шартының екі данасын жолдайды.
106. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынандай құжаттарды:
1) күн электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде, жел және биогазды электр станциясы үшін сатып алу шартына қол қойған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде, гидро электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде: оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген хабарламаның көшірмесін;
2) күн электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін шартқа қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, гидро электр станциялары үшін шартқа қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде: Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсынады.
Бұл ретте, егер осы тармақшаның бірінші бөлігімен көзделген мерзімі аяқталуына, ЖЭК объектісінің құрылысы бойынша жалпы жұмыс көлемінен 70% кем емес көлемде ЖЭК объектісі бойынша құрылыс-монтаждау орындау туралы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (тұлғадан) растау ұсынылған жағдайында, көрсетілген мерзімдер күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;
3) тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және ЖЭК пайдалану объектісінде кешенді сынақтар басталғанға дейін – оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен Өтініш беруші арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісінің көшірмесін;
4) электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және ЖЭК пайдалану объектісінде кешенді сынақтар басталғанға дейін – оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен Өтініш беруші арасында қол қойылған, ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісінің көшірмесін;
5) қаржы-есеп айырысу орталығының сұрау салуы бойынша ЖЭК пайдалану объектісін салу барысы туралы ақпаратты жібереді;
6) сатып алу шартына қол қойған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оның талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынады.
Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.106-1. Осы Қағидалардың 106-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мерзімдер сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, 2020 жылғы 31 наурызға дейін жасасқан қолданыстағы сатып алу шарты бар Өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына берген өтінішіне (еркін нысанда) сәйкес, бірақ көрсетілген құжаттарды ұсыну мерзімдерінен кешіктірілмей, күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартылады.
Ескерту. 106-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 19.05.2020 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 01.11.2020 дейін қолданылады) бұйрығымен.107. Сатып алу шарты өз қолданысын мынадай жағдайларда тоқтатады:
1) осы Қағидалардың 106-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдап алу актісінің көшірмесін ұсыну мерзімін бұзған жағдайда;
2) осы Қағидалардың 106-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда.
Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.107-1. Осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген жағдайда сатып алудың он бес жылдық мерзімін санау осы Қағидалардың 106-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды беру мерзімі өткеннен кейін келесі күннен басталады.
Ескерту. 8-тарау 107-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.108. Акциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша сатып алу шартын жасасатын Өтініш берушіге және қаржы-есеп айырысу орталығына осы Қағидалардың 14, 15, 18-19, 21-32-тармақтарындағы талаптар қолданылады.
109. Осы Қағидалардың 107-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап 15 (он бес) жыл өткен соң сатып алу шарты мен тиісті аукциондық баға өз қолданысын тоқтатады.
Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.110. Осы Қағидалардың 106-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мерзімді ұлғайту шарттарын және осы Қағидалардың 107-1-тармағында көзделген он бес жылдық мерзімді есептеу шарты осы шарттарды қамтымайтын аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жасасқан сатып алу шарттарына қолданылады.
Ескерту. 8-тарау 110-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сату туралы шарт жасасуға өтінім
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және мекенжайы)
жаңартылған энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасуды сұрайды.
Заңды тұлғаның (бар болса оның филиалдарының, өкілдіктерінің) орналасқан жері:
Почталық мекенжайы: ___________________________________________
Телефон нөмірлері: ______________________________________________
E-maіl: _________________________________________________________
Факс: __________________________________________________________
ЖЭК пайдалану объектісінің атауы _________________________________
Электр энергиясын өндіру үшін пайдаланатын ЖЭК-тің түрі
(қажеттісінің астын сызу керек):
жел электр станциялары;
күн энергиясын фотоэлектрлі түрлендіргіштер;
гидроэлектрстанциялары, биогаз қондырғылары.
ЖЭК объктісінің орналасқан жері: ______________________________
______ МВт пайдаланылатын ЖЭК-тің түрлері бойынша бөле отырып,
ЖЭК объектісінің түрлендіруші жабдығының белгіленген жиынтық қуаты.
______________ мың кВт/сағ. жылдар бойынша бөліп, сатып алу шарты қолданылатын бүкіл мерзім ішінде объектіде өндіру жоспарланған электр энергиясының болжамды көлемі.
ЖЭК объектісін іске қосу күні (іс жүзіндегі немесе жоспарланған) __________
Қоса берілген құжаттар
(парақтар санын көрсете отырып):
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ____________________________________________________________
5. ____________________________________________________________
6. ____________________________________________________________
Ұйым басшысы (лауазымы)
______________ ___________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларына 2-қосымша |
ТӨРЕЛІК КЕЛІСІМ
Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 19.06.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Астана қ. | 20___ жылғы "__" ______ |
"Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы - есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ______________ негізінде әрекет ететін ______________________ бір жағынан және __________________________, ___________________ негізінде әрекет ететін __________________________ екінші жағынан, бұдан әрі "Тараптар", "Төрелік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 10-тармағына сәйкес уәкілетті органның келісімімен ___________ жылғы № _______ Төрелік келісімді төмендегіше жасасты:
1. Тараптар қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан аукциондық бағалар бойынша электр энергиясын сатып алу шарты бойынша Тараптар арасындағы құқықтық қатынастарға байланысты дауларды шешуді "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығының қарауына төмендегі шарттармен беру туралы уағдаласты:
1) төрелік - "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығы;
2) төрелік регламент – ______________________;
3) төрелік талқылау тілі – ___________________;
4) қолданылатын құқық – Қазақстан Республикасының материалдық құқығы;
5) төрелік құрамы – 3 (үш төреші);
6) төрелік талқылауды өткізу орны Нұр-Сұлтан қаласы.
7) "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығының шешімі, қолданыстағы заңнамада тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, түпкілікті және орындауға міндетті деп танылады.
2. Келісімге екі данада қол қойылды, Тараптардың әрқайсысына біреуден беріледі.
Тараптардың заңды мекенжайлары және қолтаңбалары: