""Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.11.2024 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрі | В. Школьник |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрi
Е. Досаев ______________
2015 жылғы 23 ақпан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен бекітілген |
Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.11.2024 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;
2) басым тұтынушылар –құрамына тікелей тұтынушылар және (немесе) өнеркәсіптік кешендер, электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта өткізетін, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін, оның ішінде алдағы жеті жылдық кезеңге арналған электр энергиясы мен қуатының бекітілген болжамды балансында есепке алынбаған, істен шыққан электр қуаттарын реконструкциялаудан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар;
3) гибридті топ – электр энергиясын өндіру кезінде кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жиынтық үлесі кемінде жиырма бес пайыз болатын, бір энергия торабында орналасқан және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-49) тармақшасында көзделген тәртіппен гибридті топтар тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тобы;
4) гибридті топтың әкімшісі – гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын осы гибридті топ ішінде және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында кейінен тұтынушыларға өткізу (сату) мақсатында сатып алуды (сатып алуды) жүзеге асыратын, гибридті топқа кіретін, сондай-ақ гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар үшін теңгерім провайдері болып табылатын заңды тұлға;
5) гибридті топ тұтынушысы – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын және гибридті топтардың тізбесіне енгізілген тұтынушы;
6) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – уәкілетті орган айқындаған, "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;
7) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – Заңның 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, жасыл энергияны тұтынушыларға тиесілі шығындарды шегергенде, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға арналған бірыңғай сатып алушының шығындары, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын тиісті шығындар, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жұмсалған шығындар (кірістерді шегергенде), резервтік қорды қалыптастыруға арналған шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;
8) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – нетто-тұтынушыларды қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) жасыл тариф – осы Қағидаларға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;
10) жасыл тариф – уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;
11) қайталама энергетикалық ресурстар – электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды пайдалану бөлігінде өнеркәсіптік өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін энергетикалық ресурстар;
12) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін технологиялық жағынан қажетті, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымның жиынтығы;
14) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
15) операциялық шығындар – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;
16) өнеркәсіптік кешен – өздерінің құрамындағы меншік, жалға алу немесе өзге де заттық құқықтағы генерациялайтын көздерден электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;
17) резервтік қор – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнаулы банк шотында сақталады және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері тарапынан төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;
18) тікелей тұтынушылар – жасалған екіжақты шарттарға сәйкес өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;
19) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20) шартты тұтынушы – өзімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көтерме тұтынушы, Заңға сәйкес айқындалатын өнеркәсіптік кешен және басым тұтынушы;
21) бірыңғай сатып алушы – "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
22) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі;
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздері және электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған нақтытарифті тәуліктің нақты сағатына есептеу тәртібі
3. Есептік кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің нақты мәні мынадай формула бойынша айқындалады:
r – тәуліктің тиісті сағатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жалпы саны.
3-тарау. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тәуліктің нақты сағатына электр энергиясын сатуға арналған нақты жасыл тарифін есептеу тәртібі
4. Есептік кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жасыл тарифтің нақты мәні мынадай формула бойынша айқындалады:
i – 1-ден r-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;
r – электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің тиісті сағатында электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жалпы саны.
5. Жаңартылатын энергия көздерін қолдау шығындары мыналарды қамтиды:
1) Заңның 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес жасыл энергияны тұтынушыларға кететін шығындарды шегергендегі электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға арналған шығындары;
2) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған шығындар, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жұмсалған шығындар (кірістерді шегергенде);
3) Резервтік қор Қағидаларда белгіленген тәртіппен айқындалатын резервтік қорды қалыптастыруға арналған шығындар;
4) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының Баға белгілеу қағидаларында белгіленген тәртіппен айқындалатын операциялық шығындары;
5) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында шеккен шығындары (кірістерді шегергенде).
6. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының операциялық шығындары жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары бұйрығына сәйкес есептеледі және бекітіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген).
Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына қосымша |
1-нысан
202__ жылға арналған _____________________________________________________________ электр
(Энергия өндіруші ұйымның және заңды тұлғаның атауы) энергиясын өндірудің, желілерге жіберудің болжамды көлемдері
Р/c | ЭӨҰ атауы | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл |
1 | ||||||||||||||
… | ||||||||||||||
Барлығы: |
Бірінші басшы _________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
2-нысан
202__ жылға арналған ________________________________________________________ электр тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін қоспағанда, электр энергиясын тұтынушының атауы) электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері
Р/с | Тұтынушының атауы | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл |
1 |
Бірінші басшы _________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
3-нысан
202___ жылға арналған
(Тікелей тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы)
электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері
Р/с | Тікелей тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы | Электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | ||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 | ||||||||||||||
ЭӨҰ атауы | Электр энергиясын желілерге жіберудің болжамды көлемдері | |||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
Тұтынушының атауы | ЭӨҰ–нан электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | |||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 | ||||||||||||||
… | ||||||||||||||
Жиыны: |
Электр энергиясын тікелей тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының бірінші басшысы ___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Энергия өндіруші ұйымныңбірінші басшысы ________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
4-нысан
202__ жылға арналған ________________________ (Өндірістік кешен болып табылатын шартты тұтынушының атауы) электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері
Р/с№ | Өндірістік кешен болып табылатын шартты тұтынушының атауы | Электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | ||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 | ||||||||||||||
Электр энергиясын желілерге жіберудің болжамды көлемдері | ||||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 |
Өндірістік кешен болып табылатын шартты тұтынушының бірінші басшысы
_________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
5-нысан
202__ жылға арналған электр _________________________________
(Басым тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы) энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері
Р/н№ | Басым тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы | Электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | ||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
ЭӨҰ атауы | Электр энергиясын өндірудің болжамды көлемдері | |||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 | ||||||||||||||
ЖЭК объектісінің атауы | Электр энергиясын желілерге жіберудің болжамды көлемдері | |||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
| ||||||||||||||
Тұтынушының атауы | ЭӨҰ–дан электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері | |||||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | Жыл | ||
1 | ||||||||||||||
… | ||||||||||||||
Жиыны: |
Басым тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушысының бірінші басшысы
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы
______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)