Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 наурызда № 14915 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 55 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5231 тіркелген, 2008 жылғы 4 шілдеде "Заң газеті" газетінде № 101 (1327) жарияланған);

      2) "Екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 55 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 212 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5837 тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашада "Заң газеті" газетінде" № 181 (1777) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 28 қантардағы
№ 21 қаулысымен бекітілген

Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидалары

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін банктер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 30-бабының 2-тармағының 15), 16) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензиясы болған жағдайда береді.

      3. Банктер банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беруді борышкер тұлғаның өтініші бойынша Қағидаларда, Қазақстан Республикасының азаматтық және банктік заңнамасында және банктің директорлар кеңесі не Қазақстан Республикасы бейреидент-банкіңің тиісті басқару органы бекіткен операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидаларда айқындалған талаптарды есепке ала отырып жүзеге асырады.

      Банк кепілдігін немесе кепілгерлігін беруге борышкер тұлғаның өтінішін банк Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларында белгіленген тәртіппен қарастырады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      4. Банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген кезде банк борышкер тұлғаның өзі туралы және оның өтініші бойынша банк кредиттік бюроларға берген кепілдіктер немесе кепілгерлік туралы мәліметтерді банктің ұсынуына борышкер тұлғаның жазбаша келісімін алады.

      5. Банк кепілдігін немесе кепілгерлігін беру, сондай-ақ банк кепілдігі немесе кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау талаптарын ұсыну жазбаша нысанда ресімделеді.

      6. Банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында мыналар болуы тиіс:

      1) банк банк кепілдігін немесе кепілгерлігін тапсырмасы бойынша берген жеке тұлға-борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) тапсырмасы бойынша банк банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген заңды тұлға борышкердің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3) банк банк кепілдігін немесе кепілгерлігін пайдасына берген жеке тұлға-кредитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері туралы ақпарат бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де дербес деректер);

      4) банк банк кепілдігін немесе кепілгерлігін пайдасына берген борышкердің заңды тұлға-кредиторының атауы, сондай-ақ заңды тұлға есебінде мемлекеттік тіркеу күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәлімет (немесе оны заңды тұлға есебінде сәйкестендіретін, бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де дербес деректер);

      5) банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген банктің атауы;

      6) банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартының нөмірі мен күні және банк кепілдігі мен кепілгерлігін беру қажеттілігі көзделген құжаттардың нөмірі мен күні;

      7) егер тараптардың келісімімен банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгелері белгіленбеген болса, банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шарты бойынша төленуге жататын барынша жоғарғы ақша сомасы;

      8) банк кепілдігі берілген немесе кепілгерлік берілген мерзім немесе банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында тараптардың келісімімен өзгелері белгіленбеген болса, банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген банктің міндеттемесі ол басталғанда тоқтатылатын жағдай (оқиға) (банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің қолданылу мерзімі);

      9) банк кепілдігі немесе кепілгерлігінің нөмірі және шығарылған күні;

      10) берілген банк кепілдігі немесе кепілгерлігі бойынша банктің жауапкершілігі (төлемді жүзеге асыру) басталатын талаптар.

      Осы тармақта көзделген мәліметтер тізбесі, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмейтін болса, банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шарты тараптарының келісімі бойынша толықтырылуы мүмкін.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Міндеттемеге қатысатын тараптар құрамына байланысты банк борышкердің тапсырмасы бойынша және оның есебінен кепілгер алдындағы борышкердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін борышкердің кредиторының пайдасына банктік кепілдікті берген басқа кепілгер банктің пайдасына банктік қарсы кепілдікті (бұдан әрі - қарсы кепілдік) береді.

      8. Банктік қарсы кепілдік шартында мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) банк банктік қарсы кепілдікті тапсырмасы бойынша берген жеке тұлға-борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) тапсырмасы бойынша банк банктік қарсы кепілдігін берген заңды тұлға борышкердің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3) кепілгер банктің пайдасына банктік қарсы кепілдікті берген банктің атауы;

      4) банк банктік қарсы кепілдікті борышкердің тапсырмасы бойынша пайдасына берген кепілгер банктің атауы;

      5) кредитор банк банктік кепілдікті пайдасына берген жеке тұлға-кредитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері туралы ақпарат бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де дербес деректер);

      6) банк банктік қарсы кепілдікті пайдасына берген борышкердің заңды тұлға-кредиторының атауы, сондай-ақ заңды тұлға есебінде мемлекеттік тіркеу күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәлімет (немесе оны заңды тұлға есебінде сәйкестендіретін, бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де дербес деректер);

      7) банктік қарсы кепілдік шартының нөмірі мен күні және банктік қарсы кепілдікті беру қажеттілігі көзделген құжаттардың нөмірі мен күні;

      8) егер тараптардың келісімен банктік қарсы кепілдік шартында өзгелері белгіленбеген болса, банктік қарсы кепілдік шарты бойынша төленуге жататын барынша жоғарғы ақша сомасы;

      9) банктік қарсы кепілдік берілген мерзім немесе егер тараптардың келісімімен банктік қарсы кепілдік шартында өзгелері белгіленбеген болса, банктік қарсы кепілдік берген банктің міндеттемесі ол басталғанда тоқтатылатын жағдай (оқиға) (банктік қарсы кепілдіктің қолданылу мерзімі);

      10) банктік қарсы кепілдіктің нөмірі және шығарылған күні;

      11) берілген банктік қарсы кепілдік бойынша банктің жауапкершілігі (төлемді жүзеге асыру) басталатын талаптар.

      Осы тармақта көзделген мәліметтер тізбесі, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмейтін болса, банктік қарсы кепілдік шарты тараптарының келісімі бойынша толықтырылуы мүмкін.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.