"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрi Қ. Бишімбаев ______________ 2016 жылғы 7 қараша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 478 бұйрығымен бекітілген |
Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштердің атауы | Көрсеткіштер |
1 | 2020 жылға дейінгі электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясы көлемінің үлесі | 3 % |
2 | 2020 жылға дейінгі жаңартылатын энергия көздерін, оның ішінде түрлері бойынша пайдалану объектілерінің жиынтық белгіленген қуаттылығы, оның ішінде: | 1700 МВт |
1) | Жел электрстанциялары | 933 МВт |
2) | Күн энергиясының фотоэлектр түрлендіргіштерін пайдаланатын күн электрстанциялары | 467 МВт |
3) | Гидроэлектр станциялары | 290 МВт |
4) | Биогаз қондырғылары | 10 МВт |